ТАҒЫ ƏРІП ТУРАЛЫ
Осы күні баспасөз латын, араб қарпы турасында сөз көтіріліп,
талай айтыс-тартыс та болып жатыр. Қарасақ, екі жағы да ше-
шен, бəрі де майталман. Сөйлеп кетсе, бірінен-бірі асып түседі.
Анауы айтса, ананікі, мынауы айтса, мынанікі дұрыс сияқты.
Бірақ бірі көкке, екіншісі жерге тартқандықтан, жүк ор-
нынан қозғалмай тұрған көрінеді. Біз, оқушылар бұл күнге
шейін шеттен қарап, тың тыңдауын тыңдап қана келдік.
«Киіз кімдікі болса, білек сонікі».
«Іс ұстасынан қорқады» деген мəтелге қарағанда, қарып
туралы айтыс оқушылардың аузынан шығу керек еді. Бұл
күнге шейін бір оқушының дыбысы шықпайды.
Əліпті таяқ деп балаға оқытып көрмеген, əріптің қолайлы-
қолайсыздығын тəжірибемен өлшемеген көп жолдастар ат
үстінен аттан салып, жау қаштылап жүргенін көріп жүрміз.
Түбінде осы əріп айнарлып оқушылардың қолына келетін
болса, ештен кеш қайырлы деп, біз де ойды білдіргіміз келеді.
«Қашқан да алды дейді, қуған да алды дейді» деген сияқ-
ты, анауы ананы пайдалы, мынауы мынаны пайдалы деп
айғайлағанын көреміз.
Қашан да болса, бір нəрсенің пайдалы жағын сөйлеген
уақытта, сол пайдалы нəрсеміз іске аса ма, жоқ па? Ең алғаш
соның өзін біраз ашып алу керек. Мысалы: жаяудан өгіз
жүрісі, өгізден түйе мен ат жүрісі өнімді. Бұлардан автобус,
автомобиль, аэроплан жүрісі тіпті ұтымды. Жұмыс қылуға
келгенде, трактор деген бір пəле бар. Жиырма-отыз аттың
істейтін жұмысын өзі істейді.
Енді біз пайдалыны іздейтін болсақ, пайдалыны алмақ болсақ,
жоғарғы жүрісі, күші өнімділерді неге алмаймыз? Америкадағы
сияқты екі кісіге бір автомобиль келерлік көп алмасақ та, үй басы
біреу алсақ болмай ма? Бейнеті көп, өнімі аз төрт аяқты малды
қыс суатқа, жаз ыстыққа күйіп несін бағамыз?
Қазақтың жаман шым үйінен күйдірген тас үй пайдалы
емес пе? Оларға үйлеріңді тас болаттан сал деп бұйрық неге
шығармаймыз? Жазды күні ыстыққа қалың бөрік, үлкен
тымақ кигеннен жұқа ішлапа пайдалы болмас па? Біз де
түріктер сияқты «бас киімдеріңді өзгерт» деп жарлық неге
шығармаймыз?
Жолдастар, қарап отырсақ, қазақтың бір-екі ғана ісі емес,
жүздеп, мыңдап істері мəдениетке жанаспайды. Соларды бір
күнде жоқ қылып Америка орната қоюға бола ма?
Бəрін теріп келгенде менің айтатыным: бір нəрсенің пай-
далы болуы өзіне басқа да, сол пайдалы нəрсені пайдаға асы-
ра алу тағы бір басқа.
Ал енді латын əрпіне келейік. Латын əрпіне келсек, «сенің
мұсылмандығыңда шегім бар» деген сияқты, латын қарпының
пайдалы болуында шегіміз бар. Пайдалы деп сенген күнде сол
латын қарпын қуаттаушылардың өзі-ақ айтып отыр: «Бұ күн
таңда оны қолдан демейміз. Сол қолмен ана қарыпты жұмып
тастап, оң қолмен мынаны орната қою мүмкін емес. Осы бас-
тан бірте-бірте көзді үйір қылып асырамыз», – деп.
Бұлардың бұл беи алысы: эсерлердің социалдық дəуірге
ілгеріде бірте-бірте жетеміз дегені сияқты құрғақ бір сөз деу-
ге болады.
Ілгеріде қазақ жастары осы бетімен оқи берсе, орта, жоға-
ры оқуларды бқтірмесіне көзі жете ме? Орта, жоғарыны
бқтірген жастар латынды ал, оқы демей-ақ, өзінен латынның
жазуын үйренбесіне көзі жете ме? Ілгеріде қазақ жастары
өздері оқып білетін болса, осы бастап латынды алдырамыз
деп айғайлап қара тер болудың мəнісі не? Бұл – бір.
Екінші: латын əрпінің қолданып жүрген араб қарпінен
пайдалы бола алмайтынына түрлі себеп бар:
Қазақтың осы күнгі қолданып жүрген əрпі – 24. Мұның
қол жазбасы мен баспасында айырма жоқ. Баспасын білсе,
қолжазбасын сондай қылып жаза береді. Латын əрпіне кел-
сек, оның баспасы мен қолдазбасы екі бөлек. Латын əрпі
баспасында 24 болса, қолжазбасымен қосылып, 48 болмақ.
Олай болғанда, көптен азды үйретуге жеңіл шығар.
Айтушылар болар: «біздің əріптің бір түрі үшке
бөлінеді: бас, орта, аяқ болып, онда біздікі 72 болмай ма?»
деп. Оны айтса, манағы ат үстінен «аттан» салып жүрген
жолдастар айтады. Егер олар жерге түсіп, балаларға
оқытып көрсе, 24 əріптің 72 болмайтынын көреді. Мы-
290
291
салы ﺏ əрпін алайық. Балаға деп көрсеттік. Сандықтың
шалқасынан тұрған тұтқасы сияқты, астында бір түрткені
бар деп, балалар тапты. Енді ﺏ баста тұтасып келетін бо-
лады. Онда қайттік?
Қайтуші едік? Біз тағы басқа бір таңба əкелмейміз.
Баяғы ﺏ -ны балаға көрсетіп, мына баяғы ﺏ таңбасы, осы
ﺏ таңбасын қақ ортасынан бөлеміз де, ноқатты бас жағына
жібереміз. Кейінгі жартысын мүлде алып тастаймыз. Міне
кесіп алған ﺏ -ның басын (ﺑ) кейінгі мына таңбаға мына
түрде жалғаймыз деп, жалғап көрсетеміз.
Егер « ﺑ» ортада жалғасатын болса, тағы манағы кесіп
алған « ﺑ»-ның басын ортаға қоямыз. Оң жағына алдыңғы
əріптің құйрығы келіп, жалғанғасын, мына басы орта бо-
лады да тұрады. Басқа жалғасатын қаріптерді осы ретпен
жалғастыра береміз.
Бір-екеуін көрсеткесін, өзгесін балалардың өздері-ақ ба-
сын кесіп жалғастырады. Балалар қызық көреді.
ﺏ ортасынан кесілді, бұл ﺏліктен шықты деп бір бала
ойламайды.
Дүниеде кесілген жалғыз ﺏ емес, бауыр да, өкпе де,
құйрық та, нан да кесіледі. Оларды балалардың өздері де
кесіп көрген.
Одан соң тағы айтушылар болар: «бір əріптің басы
кесілгесін, тұлғасы өзгеріп, бұрынғы əріп деп айтуға болмай
қалады, балалар шатасады» деп. Жоқ, жолдастар, олай емес.
Бір нəрсе кесілумен басқа түрге айналып кетпейді. Бəрінің
басы мен пышақ басын сындырып, балаларға көрсетсек, мы-
нау пышақ басы, мынау бəкі басы деп таниды.
Сол сияқты « ﺏ»-ның басын «не»-нің басы демейді.
Торғайдың басын қарғаның басы демегені сияқты. ﺏ ٻ ﺖ
лердің тұлғалары ұқсас болғанмен, ноқаттары айырады.
Жалғыз-ақ бөлген уақытта өзгеріп кететін ﺝ -ның орта түрі
мен ﻉ ﯽ ک ڭ -лердің бас түрі. Бұл бір қаріптің өзгергенін
тəсілдеп үйретсе, балалар ілезде түсінеді. Ондай-ондай хан
қызында да болады.
Біздің осы күнгі қарпіміз жазуға оңай. ﺁ -ға бір таяқ қоя
саласың. ﺯ ﺮ -дарды қолды бір сілтеумен қайқита саласың. ﺶ
пен ﺱ болмаса, қолдың бір-екі сілтеуінен қалатыны жоқ. ﺶ
пен ﺱ -тарды да қол жазбада бір сызық қылып бір-ақ тартуға
болады.
Телжан жолдас біздің əріпті бүкір деп кемқтсе, латын
қаріптерінің ішінде бөксесі де, желкесі де бүкір болғаны
бар. Біздің əріптің бүкір болса, жалғыз белі ғана бүкір. Бір
бүкірді жазу екі бүкірді жазудан оңай болса керек.
Қысқасын айтқанда, латын əрпінде бір сілтеумен жазы-
латын əріп жоқ.
Біздің əріп оңынан солға қарай жазылады. Адам баласы
көбінесе жазуды оң қолымен жазады. Оң қол сыртқа қарай
бейім емес, солға бейім. Бейім жаққа қарай жазған жазу да
тез, оңай жазылмақ.
Топсаны кейін қайыру мен алдына жабудың қайсысы
оңай? Олай болса, «қазақша жазғанда неге тез жаза алмай-
ды? Орысша жазғанда жұлдыздай ағады: дейтіндер де болар.
Ол дағдыланудан. Егер қазақша көп жазып үйренсе, бұлар
екі есе жұлдыздай ағар еді.
Үнемшілдік жағынан да біздің қолданып жүрген əріп
пайдалы деп бізден 25 жыл бұрын бұл əріпті баспа жүзінде
қолданып келе жатқан ноғай ағайындар айтып отыр. Мы-
салы: ұзындығы бірдей екі жол алып, көлемі қаралас екі
əріптен екі жолға тізсек, біздің əріп жолға көп сияды, латын
əрпі аз сияды деп отыр.
Қазіргі əріпті мінеушілер қол машинаға келмейді деп
айғайлап еді. Ол олай болмай шығып отыр.
Ешбір əріптің түрін, тұрпатын өзгертпестен-ақ машинаға ор-
натып, қазақ əйелдері орыс əйелдерімен қатар сартылдатып ба-
сып, жазып отыр. Жазуы кəдімгі газет, кітаптағыдай анық түсе-
ді. Нанбаған кісі Қызылжардың оқу бөліміне келіп көрсін.
Біздің əріптің пəлені келмейді, түглені келмейді деп қанша
қақсасаңа да, ол келмеу кінə əріптен емес. Оны пайдалы
түрге асыра алмай отырған өзімізден. Оған мəдениетіміздің
кемдігі кінəлі.
Əріптердің тариқын сөйлеп тарихмен артылдырып,
кемітіп баға баратіндер бар. Ол тарихпен баға беру бізге
тіпті керегі жоқ.
292
293
Бұрынғы молдаларша: мынау гəуірден шыққан, мынау
мұсылманнан шыққан деп жүрмейміз. Қайдан шықса, одан
шықсын, – шаруамызға қолайлысын аламыз. Ұжмақтан
шықса да, қолайлы болмаса, бізге керегі жоқ.
Қазыбек айтқандай:
Достарыңызбен бөлісу: |