Пайдаланған әдебиеттер:
1. Аюбаева Т. Ақпараттық технологиялар оқыту үрдісінде. //Қазақстан
мектебі 2008,№ 11,50 б.
2. Доллинер Л. Ақпараттық коммуникациялық оқыту технологияларының
мәселелері және болашағы. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік
журналы, 2008,№1,2-4 б.
3. Мейірманқұлова Т. Білім берудегі инновациялық технологиялар. Алматы,
2000ж
4. ҚР Білім туралы Заңы.
5. Интернет ресурстары.
6. Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің оқу үрдісіне
ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу / Құрманалина Ш.Х. //
Орал.- 2003.
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА РISA
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛҒЫН
ДАМЫТУ
Жұпар Көпбайқызы АРХАБАЕВА
«Екібастұз қаласы білім бөлімінің №11 жалпы орта білім
беретін мектебі» КММ,
жоғары санатты математика пәні мұғалімі,
Екібастұз қаласы, Қазақстан Республикасы
XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI ВЕКЕ
Түйін
Білім жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – білім мазмұнын жаңарту
жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту болып
отыр. Ол үшін білім саласының мамандарына білімді берумен қатар,
оқушылардың ой-өрісін дамытуға, логикалық ойлануға, сыни көзқарас
қ
алыптастыра
отырып,
функционалдық
сауаттылыққа
баулу
құ
зыреттіліктерін қалыптастыруды міндеттейді. Осы орайда
PISA зерттеуінде математика сауаттылығы бойынша жеке ойлау
қ
абілеттеріне бағытталған тест тапсырмаларының мазмұнына ерекше
көңіл бөлінетіні белгілі. Ол математикалық ойлаудан және құбылыстарды
сипаттауға,
түсіндіруге
және
болжау
ү
шін
математикалық
тұжырымдамаларды, рәсімдерді, айғақтарды және құбылысты қолданудан
тұратынына тоқтала келіп мақалада PISA зерттеулерінің әдісімен тест
тапсырмаларын құрудағы қиындықтарды шешу жолдары көрсетілген.
Сонымен
бірге
оқушылардың
функционалдық
математикалық
сауаттылығын арттыру үшін жүргізуілетін жұмыс барысы талданған.
Аннотация
В условиях обновления содержания образования одним из актуальных
вопросов является развитие функциональной грамотности учащихся.
Известно, что при составлении тестовых задании и использовании в своих
исследованиях особое внимание уделяется математической грамотности и
развитию индивидуального мышления учащихся.
В статье показаны методы решения трудности, которые
встречаются при составлении тестовых задании методом PISA для
развития математического мышления и описании, объяснения,
прогнозирования физических явлении и математической концепции их
применения.
Таким
образом,
проанализирована
работа
по
развитию
функциональной грамотности школьников.
Қ
азір дүниежүзілік білім беру жүйесіндегідей Қазақстан мектептері
алдында да жаңа көзқарастарды анықтау, зерттеулер арқылы қол жеткізген
жаңа бағыттарды қабылдау, ойлау жүйесіндегі әдістерді пысықтап қайта
қ
арау тұр. Сондай-ақ, білім жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – Білім
мазмұнын
жаңарту
жағдайында
оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын дамыту болып отыр.
Елбасы бастамасымен өмірге келген «Функционалдық сауаттылық
бойынша
Ұ
лттық
жоспардың»
маңызы
ерекше.
Функционалдық
сауаттылығы дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және
экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану
XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI ВЕКЕ
дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның
мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы
басты
мақсат
жалпы
білім
беретін
мектептерде
Қ
азақстан
Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған
азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып
табылады.
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
белсенділік;
шығармашылық тұрғыда ойлау;
шешім қабылдай алу;
ө
з кәсібін дұрыс таңдай алу;
ө
мір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік
бағдарламасында
«Қазақстан
Республикасында
ел
басшылығының
адами
капиталды
дамытудың
қ
ажеттілігі
мен
маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және
жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді қарқынды
дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр» делінген. Бұл Қазақстанның
білім беру жүйесінің өтпелі кезеңі аяқталып, дамыған елдер моделіне сәйкес
келетіндігін және ТМД елдерінің арасынан мемлекетіміз көшбасшылық
орынға шығып, 2020 жылға дейін жоғары білім сапасы мен халықаралық
деңгейде нәтиже беретінін айқындайды. Cондай-ақ оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
дамыту
жөніндегі
2012-2016 жж. арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру және PISA
халықаралық зерттеулері аясында өкізілетін оқушылардың математикалық
функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері қарастырылуда.
Ұ
лттық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі,
оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
дамыту
жөніндегі
атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету
болып табылады.
РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін,
іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында,
сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда
ө
мірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің
тиімділігін
салыстырмалы
бағалаудың
ә
мбебап
құ
ралы
ретінде
қ
арастырылады. РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық
сауаттылықтың
ү
ш
саласы
бағаланады:
оқудағы
сауаттылық,
математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Зерттеу
айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда
XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI ВЕКЕ
функционалдық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар
аударылады. РІSА бағдарламасының фокусында 2009 жылы оқу сауаттылығы
болды. 2009 жылы Қазақстан РІSА зерттеуіне бірінші рет қатысты. 2015
жылы РISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың математика
бағытында функционалдық сауаттылғы тексерілетіні белгілі, сондықтан
жас ұрпаққа теориялық мәліметтермен қоса әлеуметтік ортада алған
білімдерін өмірмен байланыстыра алатындай деңгейге жеткізу –
педагогтардың басты міндеті деп білеміз.
Ол үшін білім саласының мамандарына жоғары білімді берумен қатар,
оқушылардың ой-өрісін дамытуға, логикалық ойлануға, сыни көзқарас
қ
алыптастыра
отырып,
функционалдық
сауаттылыққа
баулу
құ
зыреттіліктерін қалыптастыруды міндеттейді.
PISA зерттеуінде математика сауаттылығы бойынша жеке ойлау
қ
абілеттеріне бағытталған тест тапсырмаларының мазмұнына ерекше
көңіл бөлінеді. Ол математикалық ойлаудан және құбылыстарды
сипаттауға,
түсіндіруге
және
болжау
ү
шін
математикалық
тұжырымдамаларды, рәсімдерді, айғақтарды және құбылысты қолданудан
тұрады. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар сонымен бірге,
оқушыларға математиканың олардың өмiрiнде қандай рөл атқаратынын
түсінуге көмектеседi. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар
оқушыларға сандық, кеңістік, ықтимал болатын және басқа да
математикалық тұжырымдамалары бар математикалық мәселелерді
талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік туғызады.
PISA зерттеуінде 15-жастағы оқушылардың күнделiктi өмiрде туындайтын
көптеген мәселелердi шешу үшiн алған білім және біліктілік қабілеттерін
анықтау және бұл қабiлеттiлiктiң даму тенденцияларын айқындау басым
сипатта болып табылады.
Математикалық
сауаттылықта
оқушылардың
мына
қ
абілеттіктері ескеріледі:
Қ
оршаған ортада пайда болатын және математика арқылы шешуге
болатын;
мәселелерді тани білу;
Бұл мәселелерді математика тілінде құрастыру
Бұл мәселелерді математикалық айғақтар мен әдістерді қолдана
отырып шешу
Шешімдерде қолданылған әдістерді талдау
Қ
ойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсіндіру
Шешімдердің нәтижелерін құрастырып жаза білу.
PISA зерттеулерiнде оқушыларға қазақстандық мониторинг
зерттеулерiне тән типтік математикалық есептер ұсынылмайды. Бұл
зерттеудегі математикалық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге
жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз
XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI ВЕКЕ
шешiмдерi үшiн математикалық талдауды талап ететiн, мектептiң өмiрi,
қ
оғам, оқушының жеке өмірі, кәсiби қызметi, спорт және т.б. туралы
мәлiметтер ұсынылады.
Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес, әрбір тапсырма математиканың
мазмұнды бөліктерінің біріне сәйкес келеді:
- сандар;
- кеңiстiк және форма;
- өзгерiстер мен қатынастар;
- белгісіздік.
Оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі, осы аталған
мазмұнды бөліктерімен қатар «математикалық құзыреттiлiктiң» даму
деңгейімен сипатталады. Оқушылардың математикалық құзыреттiлiгi
зерттеуде «тұлғаның математикалық бiлiмдерінің, біліктілігінің,
тәжірибесінің және қабілеттерінің үндесуімен» анықталады. Зерттеуде үш
математикалық құзыреттiлiктiң деңгейлерi қарастырылады: елестету
деңгейi, байланыс орнату деңгейі, ойлау деңгейi.
1.«Елестету» - стандартты қабылдаулар мен әдістер, белгілі
алгоритмдерді
қ
олдану, қарапайым математикалық амалдарға берілген тапсырмаларды
орындау және таныс өрнектермен жұмыс
2.«Байланыс орнату» - тапсырманың бір түрінен екіншісіне
ө
ту,математикалық модельдер жасау,есепті шешу кезінде түрлі
тәсілдерді қолдана білуі,тапсырма шешіміне интерпритация жасау
3.«Пікір» - күрделі мәселелерді шешуде ойлау, тұжырымдау, өңдеу,
жалпылау, дәлелдеу, шығармашылық тәсілдер қолдану.
Математикалық сауаттылықтың міндеттерінің шкала бойынша
қ
иындықтарының деңгейі әртүрлі.
Мысалы, бірінші деңгей тапсырмасы:
Ұ
лу құдықтың қабырғаларымен 7 м тереңдіктен жер бетіне қарай
жылжып келеді. Күндіз жоғары қарай 3 м жылжиды, ал түнде 1 м төмен
түседі.Ұлу қанша күнде жер бетіне жылжып жетеді?
Ү
шінші деңгей тапсырмасы:
Олжас мектептен 1км қашықтықта тұрады,
Айгүл 400м қашықтықта. Айгүлдің адымының
ұ
зындығы 60см, Олжастікі 75см. Олжас пен
Айгүл мектепке қандай жылдамдықпен жетеді?
(3-ші деңгей)
Математикалық құзіреттілікке сәйкес тест
тапсырмасы: «сөйлеу, байланыс орнату, ойлау»
Бейбітшілік пен келісім сарайы(
1-сурет
)
Бейбітшілік пен келісім сарайы – Астананың бір ерекшелігі, мемлекетіміздің
мақтанышы және
1-сурет
XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI ВЕКЕ
Қ
азақстанның басқа мемлекеттермен байланысын нығайтудағы негізі болып
табылатын 62 метрлік пирамида. Оның жас Астанамыздың үстінде күннің
шағылуын бейнелейтін айна қырлары, 2006 жылы салынған архитектуралық
құ
рылысқа бұдан әрі айбындылық беріп тұрады.
Сұрақтың мақсаты: пирамиданың периметрін, ауданын, көлемін
табуда нақты өлшемдерін көрсету
Математикалық мазмұны: кеңістік және пішін
Мәнмәтін: жеке
Қ
иындық деңгейі: I деңгей
Пирамиданың негізгі бөлігі квадрат екені белгілі болса және оның ені –
62 м екені белгілі. Бейбітшілік пен келісім сарайының негізгі бөлігінің
периметрін есептеу.
Қ
иындық деңгейі: II деңгей
Пирамида негізінің ауданын есептеу, егер пирамиданың ені – 62 м екені
белгілі болса.
Қ
иындық деңгейі: III деңгей
Пирамида көлемін есептеу, егер пирамида биіктігі 62 м, ал негізінің ені
62 м екені белгілі болса.
Функционалдық сауаттылықты дамыту аясында математика пәні
бойынша төмендегідей біліктілікті қамтамасыз ету қажет:
– математиканың мазмұнын басқа ғылымдармен интеграциялау негізінде
біртұтастық және қоршаған орта құбылыстарының өзара байланысы
туралы дүниетанымын қалыптастыру;
– оқушылардың математиканың әлемдегі орнын анықтау мен түсіну
қ
абілетін қалыптастыру, қоршаған ортадағы мәселелерді аталған ғылым
ә
дістері арқылы шешу;
– статистикалық мәліметтер, шамаларды өлшеу, логикалық құрылған
дәлелдерді көрсету негізінде ұсынысын негіздеу үшін физика-
математикалық білімді қолдану қабілетін дамыту;
– түрлі бағыттағы ғылыми жобаларды орындау барысында және заттың
сандық параметрін анықтауда түрлі математикалық әдістерге сүйене
білудің жүйелі білігін қалыптастыру.
Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруда PISA
есептерін қолданудың тиімділігі:
PISA зерттеуіндегі математикалық тапсырмалар нақты өмірлік
мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты
және өз шешімдері үшін математикалық талдауды талап ететін,
мектептің өмірі, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсіби қызметі, спорт және
тағы басқалар туралы мәлімет ұсынады.
Оқушының PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын
орындаудағы функционалдық сауаттылығы – оның берілген тапсырманы
зейін қойып тыңдауы, берілген сызбаларды салыстыруы, өзінің ойындағы
XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI ВЕКЕ
түсінік, болжам, пікірлерін жүйелі жеткізе білуі мен логикалық ойлана
отырып, сыни көзқарас қалыптастыруына жетелейді.
PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрудағы
қ
иындықтарды шешу жолдары ретінде мына мәселелерді атап өткен жөн:
1. Оқушыларға тапсырмаларды 6 деңгейлі Блум таксономиясы негізінде
құ
рып, ондағы білу, түсіну, қолданудан гөрі синтез, анализ, бағалауға мән
беру.
2. Стандарт талаптарына сай берілген тапсырмаларды орындаумен қатар
оқушының өмірде қолдана алатындай тапсырмалар құрастыруға көңіл бөлу.
3. Оқушының логикалық ойлауын, сыни тұрғыдан ойын жеткізуді жүзеге
асыру үшін, білім беруде сабақтың құрылымын өзгерту, яғни оқытудың
белсенді стратегияларын қолдану, оқушының сабаққа деген ынтасын
арттыру үшін әр10 мин сайын жағдаятты өзгертіп отыру.
4. Оқушыға тапсырма берген кезде оның алгоритмдерін алдын-ала ескерту.
5. Тапсырманы зейін қойып, орындауға және эксперименттік есептер, өзінің
орындаған жұмысының дұрыстығына көз жеткізу, өзін-өзі бағалауға үйрету.
Осы іс-әрекеттерді орындаған жағдайда оқушыға жоғары деңгейде білімін
қ
алыптастыруға жол ашылады. Ол үшін мұғалімдердің жан-жақтылығы,
шығармашылығы, білімі жоғары деңгейде болуы керек.
Математика бағытында берілетін мәнмәтіндік тапсырмалар 12
балдық жүйе бойынша бағаланып, үш блоктан тұруын ұсынуға болады:
Базалық деңгей - ол бір ғана жауапты көрсететін нұсқаудан тұрады.
Бағалауы 7-8 ұпай, «3» деген бағаға сәйкес келеді.
7-8 ұпай қойылады:
- толық жауап берілсе де мағыналы қателіктерінің болуы;
- жауап толық емес, бір-бірімен байланыссыз болған жағдайда;
- тапсырма жартылай орындалса да, логикалық түсінігінде қателердің
болмай, тек есептеуде ғана мағыналы қателіктердің болуы.
Дамытушылық деңгей - математикалық есептерді шығарудан
тұрады.
Бағалауы 9-10 ұпай , «4» деген бағаға сәйкес келеді.
9-10 ұпай қойылады:
- жауаптың толық болуы және оқытылған теориялық мәліметтерге сәйкес
дұрыс тұжырымдалуы;
- материал логикалық тұрғыда көзқарасы берілсе де, аз-кем қателіктер
болған жағдайда;
Шығармашылық деңгей - ашық жауап талап етіледі, логикалық
ойлауға, өзінің жауабын дәлелдеуден тұрады. Бағалауы 11-12 ұпай, «5» деген
бағаға сәйкес келеді.
11-12 ұпай қойылады:
- өтілген тақырыптарға сәйкес жауаптың толық және дұрыс болуы;
XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI ВЕКЕ
- материал арнайы бір жүйелілікпен логикалық тұрғыда қарастырылған
жағдайда;
- жауап әдеби тілде өзіндік ойлауы арқылы берілуі, қарапайым қателіктер
болған жағдайда.
Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі,
біз ұстаздар сол заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз адам
тағдырына, бала тағдырына жауаптымыз. Сондықтан оқушылардың
функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру үшін мынадай
жұмысын жүргізуіміз керек:
1.
Сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың
ә
р тарауы, әр тақырыбы бойынша “білу – түсіну – қолдану –
тұжырымдау” деңгейлік тапсырмаларымен жүйелі жұмыс жасауды
күшейту;
2.
Сабақта практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы
тест тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді
қ
олдануға арналған қызықты есептер шығарту;
3.
Математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында алған
білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға,
логикалық есептер шығаруға үйрету;
4.
Халықаралық зерттеулер мен Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері
бойынша мектепте оқушылармен мақсатты түрде жұмыс істеу;
5.
PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулерді жүргізудің
маңыздылығы мен ерекшелігі туралы ата – аналарды, оқушыларды,
қ
оғамды кеңінен таныстыру;
6.
Мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын дамытуға
бағытталған белсенді оқыту стратегияларын пайдалануды үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: |