Примечания:
1.Ж.Алтайбаев «Таңдамалы шығармалары және естеліктер» Алматы
«Алаш» баспасы 2011 ж.
2.В.Сухомлинский .Сочинения 1980г.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАРЫНЫН АРТТЫРУ
ЖОЛДАРЫ
Салиха Камбаровна УТЕПОВА
№8 орта мектебі,
қ
азақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
Түйін
XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI ВЕКЕ
Мақалада қазақ әдебиеті пәнінен оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамытуда мақал- мәтелдерді қолдану әдістері туралы жазылған. Жазба
жұмысын орындауда қандай қағиданы негіз етіп алу қажет екені көрсетілген.
Аннотация
В статье написано метод использования пословиц и поговорок для
повышения творческой способности учащихся по предмету казахская
литература. Показаны основные принципы при выполнений писменных
работ.
Оқушылардың әдеби шығармашылығы олардың рухани тілегі болып
табылады. Мектептегі бүкіл сабақ үдерісі баланың ой-өрісін, ұғым-түсінігін,
қ
иялын дамытып, оны нақты білімдермен қаруландырды.
Балалардың әдеби шығармашылық қабілеттерін дамыту дегеніміз –
оларды келешекте жазушы немесе ақын етіп шығару деген сөз емес. Оның
көздейтін негізгі мақсаты жасөспірімдердің шығармашылық қиялының дамуын
дұрыс арнаға салып, олардың фантазиясы мен іс-әрекетіне өмір бойы
қ
олданатын дұрыс бағыт беру болып табылады. Мұның өзі балалардың ішкі
сезім дүниесінің жаңаруына игі әсер етеді және әдеби тілді меңгеруіне де үлкен
мүмкіндік жасайды.
Баланың ой-қиялы кейде өте ерте оянып, кәсіби бағыт ала
бастайтындығы да белгілі. Егер оқушы өлең немесе шағын әңгіме жазғысы келсе,
оған мейлінше көңіл бөліп, қолдап отыру қажет. Балалардың мұндай талабы
ойлау, әсерлену, сезіну, т.с.с. қабілеттерін дамытып, олардың әдебиетке деген
сүйіспеншілігін арттыра түседі.
Менің шығармашылық тақырыбым «Оқушылардың шығармашылық
дарынын мақал- мәтелдер арқылы арттыру жолдары». Әр сабақ барысында
ө
тілген тақырыптың түйінін немесе қорытынды сөзді сабаққа байланысты
мақал-мәтелдер арқылы айтқызып, оқушылардың сабақты меңгергенін
анықтаймын. Сабақты толық меңгерген оқушыға мақал- мәтелдерді
жүйелеуде қиыншылық тудырмайды. Ал толық меңгермеген оқушы қандай
мақал айтуын білмей дағдарады немесе тақырыпқа қатысы жоқ мақалдарды
айтып өзі де ,өзге де оқушыларды жаңылыстырады.
Мен өз тәжірибемде бірнеше жылдар бойына мектептегі оқушылардың
жазған өлеңдерін, әңгімелерін, ертегілерін жинақтап, зерттеу жұмысымен
айналыстым. Шығармашылық жұмыс сыныпта, яғни сабақ барысында және
сыныптан тыс уақыттарда, әдеби үйірмелерде, сол сияқты баланың өздігінен
орындалған жұмыстары түрінде болды. Осы жұмыстарды талдай келе
байқағаным, балалардың рухани дүниесінің қаншалықты бай әрі таза екеніне,
олардың айналадағы өмір шындығы мен адамдарға деген сенімдерінің
адалдығына, сөйтіп өз ой-қиялдарында қандай бейнелер жасайтындарына көзім
XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI ВЕКЕ
жеттті. Осы орайда шәкірттер шығармашылығынан нақты мысалдар
келтіргім келеді.
9- сыныпта әдебиет пәнінен «Шешендік сөздер» тақырыбын өтеміз.
Халқымыздың дана , ақылгөй , шешен аталарымыздың насихат сөздері кімнің
болса да жүрегіне қонымды, тілге тиек бола алады. Әділ, шешен
аталарымыздың шешендік сөздері жас ұрпақты отансүйгіштікке, алғырлыққа,
данышпандыққа, шеберлікке, қырағылыққа тәрбиелейтін халық ауыз
ә
дебиетінің көркем туындысы.
Шешендік сөздер тақырыбын өткен кезде белгілі Ақтайлақ бидің көңілін
сұрап барған шешендерге би жұмбақ жасырады. Би «Бір,екі,үш,төрт,бес,алты,
жеті, сегіз, тоғыз, он» деп сандарды айтып шыққанын, бірақ ол жұмбақтың
шешуін ешкім таба алмай, бас қатырып отырған кезде, Қазыбек рұқсат сұрап,
жұмбақтың шешуін айтқан болатын. Сабақ өтіп болған соң , оқушыларға
«Сендер осы жұмбақтың жауабын қалай айтар едіңдер? Қазіргі өмірмен
байланыстырып үйде жазып келіңдер »-, деп тапсырма бердім. Сол
тапсырманы оқушылардың барлығы дерлік орындап келген еді. Балалардың
жазған шешендік сөз үлгілерінің бірнешеуінен мысал келтіріп өтсем.
Назыгүл деген оқушым:
Бір дегеніміз- бірікпеген ел жаман,
Екі дегеніміз- ерігіп жүрген ер жаман
Ү
ш дегеніміз- ерте үзілген жас жаман,
Төрт дегеніміз- төрт түлігін ғана ойлаған бай жаман,
Бес дегеніміз – білім алғысы келмеген шәкірт жаман,
Алты дегеніміз- ар – намысты қорлаған адам жаман,
Жеті дегеніміз- жеті атасын білмеген ұл жаман,
Сегіз дегеніміз- сезімін білдіре алмаған ер жаман,
Тоғыз дегеніміз- туған тілін құрметтемеген ел жаман,
Он дегеніміз- Отанына опасыздық еткен сол жаман,- деп жазып келсе,
Ақерке атты оқушым былай деп жазып келіпті:
Бір дегеніміз – бірлігі кеткен үй жаман ,
Екі дегеніміз- есіріп кеткен ел жаман,
Ү
ш дегеніміз- үмітін үзген жас жаман,
Төрт дегеніміз- тосыннан келген жау жаман,
Бес дегеніміз- бесікке жатпайтын бала жаман,
Алты дегеніміз- алтынға қызыққан әйел жаман,
Жеті дегеніміз- жетім қалған ұл жаман,
Сегіз дегеніміз- семіріп кеткен мал жаман,
Тоғыз дегеніміз- тұрмысқа шықпаған қыз жаман,
Он дегеніміз- орынды сөзге тоқтамайтын ер жаман.
XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI ВЕКЕ
Оқушының өз ойын өлең жолдарымен беруге сәтті қадам жасағаны
көрініп тұр. Жоғарыдағы жұмыстарда , бір қарағанда, күрделі еш нәрсе жоқ
сияқты. Бірақ мәселе баланың өз ойын еш бүкпесіз, ашық, қарапайым тілмен
бергені қуантады. Жалпы, қай сыныпта болмасын, балалардың жазатын
шығармалары мен мазмұндамалары, сондай-ақ оларға мәтін және сурет
бойынша шағын әңгімелер жаздыру олардың тілі мен ой-қиялдарын дамытудың
негізгі құралдары болып табылады. Бұл құралдар әдістемелік жағынан тиімді
қ
олданылған жағдайда ғана оқушылардың әдеби талғамның негіздерін дұрыс
меңгеруіне, рухани ой-өрісінің кеңейіп, мәдени дәрежесінің өсуіне әсер етіп,
ү
лкен көмегі болады. Шәкіртті шығармашылыққа баулу жолында мынадай
жұмыс сатыларынан өткіземіз: бала өзі көріп отырғанды суреттеуден бұрын,
көріп жүргенін баяндауға, кейін білетін оқиғаны шығарма тіліне түсіруге, келе-
келе іздену арқылы жазылатын шығармаға т.б. ойысады.
Шығарма – өсіп келе жатқан жас ұрпақтың мәдени дәрежесін
арттырудың, оның дүниетанымы мен эстетикалық, адамгершілік
қ
асиеттерін қалыптастырудың қажетті құралдарының бірі. Шығарма жазу –
еңбексүйгіштікті, терең білімді, үлкен сауаттылықты, көп нәрседен хабардар
болуды қажет ететін жауапты да қиын жұмыс. Сондықтан да бұл жұмыс
ұ
стаздан жан-жақты талап қоюды, жете басшылық жасауды керек етеді.
Оқушыларды шығарма жазуға төселдіру – ұзақ жүретін үдеріс. Шәкірттің
рухани дамуына шығарма жаздырудың тәрбиелік, білімдік маңызы өлшеусіз.
Балалардың жазған шығармаларында олардың ішкі сезімі, мінез-құлық
ерекшеліктері мен жалпы даму деңгейі, тіпті, оқушының өз болмысы айқын
байқалып тұрады. Оқушы шығарма арқылы өз ойын толық, нақтылы да айқын,
сауатты да дербес бере білуге үйренеді. Сөйтіп, шәкірттің жазу мәдениетті
артады. Жазылған шығармаларда, мейлі ол қай сыныпта болмасын, қоршаған
ортаның әр алуан шындық жақтары барынша орын алып отыруы тиіс.
Шығармалар – оқушылардың өз ойларын шығармашылық қиялдау негізінде
баяндап беретін оқу жаттығуларының бір түрі. Шығармаларды оқушылар
ө
здерінің қалаған тақырыптарына, сондай-ақ өтілген материалдың белгілі бір
ә
деби тақырыбы негізінде жазады. Сыныптан тыс кезеңде, яғни, әдеби
ү
йірмелерде үйге берілетін тапсырмалар түрінде жазылатын шығармаларды
былайша жүйелеп беруді жүзеге асыруға болады: көріп отырғаны бойынша жазу
(сурет бойынша), көргені бойынша жазу, алған әсері бойынша жазу, естігенін,
қ
иялын, арманын жазу, шығармашылық сипаттағы және әдеби тақырыпқа
жазылатын шығармалар. Оларға мақала жазу, әңгіме құрастыру, кейіпкерлерге
мінездеме беру, берілген сюжетті толықтыру және т.б. жатады. Шығарманы
шын мәнінде шығармашылық жұмыс деп қараған шәкірттің ғана логикалық
пайымдауы тереңдейді, топшылай білуі жетіледі, сөздік қоры, сөз мәдениеті
артады. Қандай шығарма жазылса да мәнерлей суреттеуі, баяндау шеберлігі,
шығарманы ойға, дерекке құруы, сөйтіп әдеби көркем тілмен жазуы,
сауаттылығы, логикасының орнықтылығы, өз ойын түйіндей білуі талап
XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI ВЕКЕ
етіледі. Шығармашылық тапсырмаларды түрлендіре беріп отыру арқылы
менің оқушылары мені бірқаншама жетістіктерге жеткізді.
Қорыта
айтқанда,
мен
ө
з
оқушыларымның
сабаққа
деген
қ
ызығушылығын артыру үшін көптеген әдіс- тәсілдерді қолданып, оларды өз
ісімде ұтымды пайдаланып жүрмін. Мақал – мәтелдерді оқыту арқылы,
ө
леңдерді мәнерлеп оқыту, кейіпкер бейнесін образды сомдап, өмір сүрген
дәуірімен байланысты шебер бейнелеп көрсету, өлең – жырлардан сөз
маржанын дұрыс табу арқылы автордың айтпақ ойын жеткізе алуы,
шығармашылық дарынын қалыптастыра отырып, өз пәнімді терең ғана
меңгертіп қоймай өз ұлтының өткенін саралай білетін,өз халқының жарқын
болашағына үлкен үлес қосатын жас, ұлтжанды, адамгершілігі мол ұрпақты
тәрбиелеп жатқаныма сенімдімін. Сабақ барысында өлең- жырларды, көркем
шығармаларды оқи отырып, даналық сөздерден ғибрат аларына, оны өмірде
пайдаланатынына , өздерінің істеген істеріне жауапкершілікпен қарайтынына
болжам жасауға болады. Сабақтарымды тартымды өткізу, тек менің ғана
емес, шәкірттерімнің еңбегі деп ойлаймын. Себебі бұл жетістіктерге
оқушылардың ізденісі, қызығушылығы, таланты мен өнерінің арқасында жетіп
отырмын. Қазақта« Бұлақ көрсең, көзін аш»деген сөз тегін айтылмаған. Біз,
ұ
стаздар алдымызда отырған шәкірттеріміздің бойындағы дарын мен
қ
абілетті дер кезінде байқап, оқушылардың рухын көтеріп, жақсылыққа жол
ашып, ізгілікке бастайтын тамаша ойлар мен көрікті сезімдерді себе білсек,
бала да бізге өз жемісін беріп, біздің еңбегіміздің нәтижесін көрсетеді.Ал біз
ү
шін- бұл үлкен жетістік .
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.9 сынып қазақ әдебиеті оқулығы . Алматы «Мектеп» 2014ж.
2.С.Мақпыров Қазақ әдебиетінен шығарма жұмыстары. Алматы «Рауан»
1996ж.
3.Мақалдар мен мәтелдер. Алматы «Білім» 2007 ж.
Педагогикалық ғылымдар
Педагогические науки
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН
АРТТЫРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ
Кульшат Сеилбековна АБИШЕВА
№54 мектеп-лицейі,
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
Түйін
XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI ВЕКЕ
Бұл
мақалада
ағылшын
тілі
сабақтарындағы
ақпараттық-
коммуникациялық технологиялармен жұмыс істеудің рөлі мен тиімділігі
жайында баяндалған.
Аннотация
В данной статье рассматривается роль и эффективное применение
информационно-коммуникативных технологии на уроках английского языка.
Бүгінде еліміз өзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық
индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды
міндеттер қояды. Тәуелсіз Қазақстанның XXI ғасырдың үшінші он
жылдығындағы негізгі мақсаты – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына
кіру үшін сеніммен қадам басу.
Осы жағдайларда аға буынның жасампаздығын жалғастыру, ұлттық
бәсекелестікке қабілеттіліктің деңгейін одан әрі жоғарылату, Қазақстанның
XXI ғасырда гүлденуі мен әлемдік танылуын қамтамасыз ету – білімді, білікті
жастарға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктейді.
Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға
қ
ойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып
сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін
жетілдіру және де коммуникативтік құзіреттілікті арттыру. Мектептерде
жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын
арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу,
сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде мектептерде
ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Оқушылардың ағылшын тілін
біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл
бөлінеді. Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді
ү
йрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты
нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау
мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.
Инновациялық технологияларды, атап айтқанда компьютер, интернет,
мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану
арқылы білім сапасын көрсетудің және білім алушылардың коммуникативтік
құ
зіреттілігін арттырудың бірден-бір жолы болып табылады. Ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды, әсіресе мультимедиялық ресурстардың
шет тілін үйренуде пайдасы өте зор. Өйткені, тіл үйрену арқылы адам бүкіл
бір ұлттың мәдениеті мен әлеуметін қатар үйренеді. Ал оны толықтай
меңгеру үшін оқулықтың аздық етері анық. Адам көру, есту арқылы тіл
қ
олданушылардың мәдениетін тезірек сезінеді. Қазіргі таңда жаңа
ақпараттық технологияларды оқушылардың ағылшын тіліне деген
қ
ызығушылығы мен ішкі уәжін арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді.
Американдық психологтар: Р.Райан мен Э.Деси білім алушыларда «ішкі уәж»
деп аталатын қасиеттер болуына жағдай жасауымыз керек дейді. Ол дегеніміз-
XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI ВЕКЕ
оқушылар өздерін ынталандыра алады және осыған байланысты оларда пәнге
деген қызығушылық пен ұмтылыс пайда болады. Сондықтан, жаңа ақпараттық
технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық
ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалану
ө
те ұтымды болады.Яғни шетел тілін үйрену барысында жаңа
технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау,
түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, білім алушылардың
бойындағы ішкі уәжді дамытуға болады. Сөйте тұра, олардың пәнді үйренудегі
мотивациясын жоғарылата аламыз. Сонымен қатар, психологиялық тұрғыдан
қ
азіргі уақыт ағымындағы оқушылар қоршаған ортаны инновациялық тәсілмен
қ
абылдауға үйренген. Заманауи коммуникациялық құрылғыларды еркін қолдана
алады.
Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық және электрондық
оқулықтарды қолданудағы басымдықтар:
лексиканы оқып үйренеді;
грамматикалық құрылымдарды тез түсінеді;
сөйлеу ырғағын дұрыс жолға қояды;
оқушы өздігінен жұмыс жасауына мүмкіндік алады;
оқушы өз жұмысын қадағалай алады;
уақытты тиімді қолдана алады.
Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технология құралдарын
қ
олданудағы басты мақсаты - оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас
жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым
коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз,
тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана
алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін
тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды
сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін
жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына
мүмкіндік туғызады.
Педагогика ғылымында баланы тәрбиелеудің мақсаты- жан-жақты
дамыған, алған білімін әлеуметтік ортада тиімді қолдана білетін жеке тұлға
қ
алыптастыру болса, осы заманғы оқытудың негізгі мақсаты- өз-өзін реттей
алатын, және өздігінен дамуға ұмтылатын тұлғаны қалыптастыру. Кәсіби
маман- өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен тұлғаның
дамуындағы маңызды рөл атқаратын оқушының өздігінен жұмыс жасауын
ұ
йымдастыра білу, сол арқылы оқу материалын саналы меңгертудің жүйесін
жасауын, оқушының жеке дара тілдік қабілеттерін, өзіндік жұмыс жасауын
арттыра білу қажет. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың
танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен
қ
ызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту.
XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI ВЕКЕ
Оқушылар мультимедиялық ресурстарды дербес және мобильді
компьютерлік құрылғылар арқылы қолдана алады. Мектепте берілетін
ағылшын тілі сабақтары шектеулі болғандықтан, электронды оқулықтар мен
мультимедиялық онлайн ресурстарды сынып пен үйдегі оқуды ұштастырып,
оқушының тілді өз бетінше тиімді оқып-үйренуіне тамаша жағдай жасалады.
Тілді меңгеру қолда бар дидактикалық материалдың сапасына, оқушы
жұмысын ұйымдастырып, оны бағыттап отыратын ұзтаздың біліктілігі мен
шығармашылық әлеуетіне тәуелді. Осы құрамдас бөліктер бір-бірін оңтайлы
толықтырған жағдайда, жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады
Жаңа ақпараттық құралдар мен мультимедиялық онлайн ресурстарды
ағылшын тілі сабағында қолдануда байқағаным:
ү
лгерімі төмен оқушыларға көмектесті;
оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырды;
сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырды;
оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс жасауына мүмкіндік
берді;
оқушыларды жеке жұмыс жасап, өзін-өзі бақылауына, қатесін
түзеуге үйретті;
грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектесті;
оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін
дамытты;
пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырды;
жалпы танымдық қабілеттерді дамуына әсер етті;
Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және
коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады,
сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты
ұ
сынуға болады.
Қ
азіргі заманда ғылымсыз жан - жақты дамыған өркениетті елдердің
қ
атарына қосылу мүмкін емес. Ал мектеп мұғалімдерінің бүгінгі заманға сай
берілген сабақтары осы мәселелерді шешуші күш болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |