Полиязычное техническое образование - как фактор формирования поликультурного инженера
Резюме. В статье рассматривается проблема развития системы полиязычного образования как фактора
формирования поликультурной личности, которая в настоящее время приобретает особую актуальность. Так
как переход системы образования республики на новые Государственные стандарты требует от высшей школы
совершенствования подготовки специалиста, компетентного не только в профессиональном, но и в
коммуникативно-культурном отношении. Следовательно, стратегической целью подготовки специалистов
технического профиля является формирование активной творчески мыслящей личности, владеющей на
высоком уровне минимум тремя языками и культурой. Эти качества будущего специалиста в конечном итоге
определяет уровень его квалификации и является важным факторов успешной профессиональной и социальной
карьеры. Таким образом в век общемировых глобализации и интеграции от будущих выпускников технических
вузов требуется владение как минимум тремя языками, выступающими средством межкультурной
профессиональной коммуникации для получения и продолжения образования в полиязычной среде, реализации
межкультурного взаимодействия в ситуациях повседневного общения при непосредственном контакте с
носителем языка, обмена научно-техническим опытом с коллегой, составления и ведения деловой
корреспонденции на одном из этих трех языков, функционирования в международной полиязычной команде,
выступая при этом как гармонично развитые полиязычные и поликультурные личности.
Ключевые слова: поликультурный, полиязычный, модернизация, инженерные кадры, межкультурное
взаимодействие, квалификация, компетентность.
52
Berdibaev R.Sh., Zhaxylykova K.B.
Multilingual education as a factor in the formation of a multicultural identity
Summary. The transition of the education system to new state standards requires higher school improvement
specialist training, competent not only professionally, but also communicative and culturally. In this regard, of
particular relevance in the present time is the problem of development of multilingual education as a factor in the
formation of a multicultural identity. Consequently, the strategic goal of training future technical specialists is the
formation of an active creative thinking person that owns a high level for at least three languages and culture, which
ultimately determines the level of his or her qualifications and is a factor in becoming a successful professional career
and social future specialist. Thus the age of globalization and informatization of education of future graduates of
technical colleges requires possession of at least three languages, is a means of intercultural communication for
professional and continuing education of multilingual environment, the implementation of cross-cultural interaction in
everyday communication by direct contact with native speakers, exchange of scientific and technical expertise with a
colleague, the establishment and maintenance of business correspondence in one of these three languages, functioning
in an international team of multilingual, speaking at the same time as the harmonious development of multilingual and
multicultural identity.
Key words: multicultural, polylingual, modernization, engineering skills, intercultural communication,
qualification and competence.
ƏОЖ. 340 1
Əбуханов Ш.А.
Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Алматы қ., Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Түйіндеме. Дүние жүзіндегі ақпарат, əлеміндегі ірі өзгерістер бұқаралық ақпарат құралыдарынан тыс
қалмайды.Қоғамдық саяси құрылымда «Ақпарат қоғамның маңызды əлеуметтік құралы немесе биліктің
құралы» деуге болады. Ақпараттық ресурстардың саны, сапасы жəне оған қол жеткізу мүмкіндігі көп жағдайда
мемлекеттің даму деңгейін, оның дүниежүзілік қауымдастықтағы мəртебесін айқындайды, əрі мемлекеттің
саясатына ықпал етеді. Ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы
ақпараттық төңкеріске əкеп, қоғамның барлық салаларына ықпал етуде. Еліміз тəуелсіздік алып, дербес ел
болған кезден бастап мемлекет алдында алуан түрлі міндеттер тұр.Соның бірі мемлекеттегі жүргізіліп жатқан
реформаларды ақпараттық қамтамасыз ету. Соған байланысты ақпараттық саясатқа құқықтық негіз қажет. Осы
мəселелердің барлығы мақалада қарастырылып, сонымен қатар қазіргі таңдағы еліміздің ақпараттық
саясатының құқықтық негізі мен əлемдегі ақпараттық соғыс мəселелері аталып өтеді.
Түйін сөздер: Ақпарат, бұқараның интеллектуалдық азығы, ақпараттық соғыстар, элита мен контрэлита,
олигархтар, ноу-хау.
Қазіргі таңда дүниежүзілік ақпарат əлеміндегі ірі өзгерістерден, белең алып келе жатқан
жаһандану үдерістерінен ешбір елдің саяси өмірі мен бұқаралық ақпарат құралдары тыс тұра
алмайтын күрделі кезеңмен бетпе-бет жүздесіп отырмыз. Академик Ғарифолла Есім айтқандай: «...
біздің өмір сүріп жатқан қоғамымыздың мазмұнын анықтайтын фактор – ақпарат. Оны біз
ақпараттық қоғам деп те жүрміз. Бүкіл əлем бір сəтте үйіңізге сыйып кетеді. Интернет, электрондық
пошта жүйесі, жетілген коммуникация əлемді тұтастырып барады. Бұрынғыдай əр елдің «сырын»
жасыру мүмкін емес. Ел ішіндегі оқиға күні ертең əлем тілдеріндегі басылым беттерінде жария
етілмек. Мұның бəрі қазақстандықтардың ой-өрісіне, сезім-санасына, мінезіне, тұрмысына сапалы
өзгерістер енгізуде» [1].
Осылайша, қоғамдық-саяси құрылымда «ақпарат қоғамның маңызды əлеуметтік құралы,
биліктің негізгі құралы. Ақпарат – бұл бұқаралық қоғамның өнімі мен нəтижесі. Ақпарат – бұқараның
интеллектуалдық азығы» [2]. Бұл ретте Джордж Сорос ақпараттың мəні туралы: «демократия үшін
күресте ең мықты күш – бұл мемлекет тарапынан адамдарды ақпараттандыруға қиындық келтіретін
ақпараттың еркін түрде ағылуы болып табылады, Алайда ақпараттың еркіндігін асыра бағалауға
болмайды... Қалай болғанда да ақпараттың еркін түрде ағылуы адамдарды демократияға
ұмтылдыруға міндетті емес, əсіресе, демократиялық қоғамда өмір кешіп жатқан адамдар
демократияға əмбебап принцип ретінде сенім білдірмейді», - деген ұйғарым жасайды [3].
Ал, «мемлекеттің ақпараттық ресурстары – бұл оның ұлттық байлығы. Ақпараттық
ресурстардың саны, сапасы жəне оған қол жеткізу қазірдің өзінде-ақ көп жағдайда мемлекеттің даму
53
деңгейін, оның дүниежүзілік қауымдастықта мəртебесін айқындауда, мемлекеттің жағдайы мен
саясатына ықпал етуде, бұл сөзсіз, ХХІ ғасырда саяси дамудың айқындаушы факторына айналады»
[4]. Ақпараттық процестер – бұл адамға жəне табиғатқа ғана тəн нəрсе емес, ол жалпы бізді қоршаған
орта мен барлық құбылыстарға тəн.
Сонымен, ақпарат дегеніміз – қоғамдық мəніне сай жаңа мағлұмат, білім. Өйткені қазіргі таңда
əрбір елдің ең негізгі ұлттық құндылығы – ол білім, оған ешкім күмəн келтіре алмасы анық. Осыдан-
ақ, елде демократиялық, құқықтық, зайырлы, əлеуметтік мемлекет орнату – ол рухани ой мен ондағы
ақпараттың мөлшері мен сапасы арқылы бағаланатын үдеріс екенін байқаймыз. Сондықтан да,
«ақпарат» деген ұғымның мазмұны мен маңызы ерекше өсіп, материя, энергия секілді ғылымның
іргелі ұғымдарымен тең дəрежеге жетті. Орыс ғалымы, техника ғылымдарының докторыВ.
Плыкиннің:«Ғаламның санасы, ақыл-ойы алғашқы, ақпарат екінші, энергия үшінші кезекте пайда
болса, материя мен таным осы үшеуінен бастау алады» деген тұжырымдарының жаны бар сөз
екендігіне көз жеткіземіз. Яғни, ақпарат философиялық тұрғыдан қарағанда ежелгі əрі іргелі
ұғымдардың бірі дегенмен əбден келісуге болады. Сондықтан да ақпарат арнайы белгілер мен
дыбыстар (сигналдар) жəне басқа да əртүрлі өзгерістерді тасымалдаушылар арқылы көрініс табады.
Бұл жерде бір айта кететін мəселе, қандай да белгі жəне дыбыс тек оның мəнін ұғатын, түсінуге
қабілеті жететін қабылдаушыға ғана ақпарат жеткізе алады.
Еліміздің тəуелсіздік алып, дербес ел болу барысында жаңа мемлекет алдында алуан түрлі
міндеттер мен мəселелер тұрды. Бұл ретте өз ақпараттық кеңістігімізде жеке БАҚ-тарды құру, соған
байланысты дербес мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру, мемлекеттегі жүргізіліп жатқан
реформаларды ақпаратпен қамтамасыз ету сияқты өзекті проблемаларды шешу өте қажетті істердің
қатарында болды. Бұрынғы Одақ құрамындағы Қазақ ССР- дағы БАҚ одақтың бірыңғай байланыс
жүйесіне қосылды. Бұл БАҚ басшыларын даму барысындағы əртүрлі қиыншылықтардан босатты.
Ал, тəуелсіз мемлекетті орнату барысындағы ақпаратпен қамтамасыз ету міндеттерінің көлемі
бұрынғы уақытпен салыстырғаннан да артып, күрделене түсті. Сонымен қатар БАҚ аумағының
көлемінде мемлекеттік саясатты жасау, бұрынғы ескірген техникалық құралдарды жаңалау жəне бұл
мəселелер жайында ТМД жəне шет елдердің тəжірибесін ескере отырып, ақпараттық қоғам құру
сияқты мақсаттар тұрды. Мұндай жағдайды жүзеге асыру бюджет тапшылығы, инфляция, одақ
құрамындағы кейбір республикалармен байланыстың үзілген кезеңдерімен қат-қабат келді. Қазақстан
өзінің дербес мемлекет ретінде құру барысында үкіметтің БАҚ-қа деген қатынасын өзгертті. Аздаған
уақыт өткеннен кейін жекешелендіру жүзеге асып, оның нəтижесінде кооперативтік, коммерциялық
жеке баспалар мен басылымдар пайда болды.
Қазақстан Республикасының қоғамның өркениетті дамуындағы талпынысы еңбек пен
капиталды өндірістің ең маңызды факторы – еркін, əлеуметтік жəне саяси ақпараттан бастау алады.
Экономикалық құрылым экономикада басты рөл атқарады, ал ондағы ақпараттық индустриялдық
қоғамның қалыптасуының негізі тараптардың ақпаратты тұтынуында жатыр. Республиканың қоғам
өмірінің барлық салаларындағы радикалды əр түрлі өзгерістер əлеуметтік-саяси жəне ғылыми-
теориялық процестердің тұтастығын ойластыруды талап етеді, осындай қоғам өмірінің ең маңызды
салаларының бірі бұл – ақпараттық кеңістік. Ғалым Ғ.Ж.Ибраева ұйғарым жасағандай: «Ақпараттық
кеңістік - бұл субъектілерден субъектілерге келіп түсетін барлық хабарларды тарату мен алудың
саласы» [5]. Саяси, экономикалық, ғылыми, техникалық, құқықтық жəне т.б. түрлі ақпараттар
жасалып, тартылатын ақпараттық кеңістік адамзат тіршілік етіп, дамитын əлеуметтік кеңістіктің
құрамдас бөлігі болып табылады. Осыған орай академик Г.В.Осипов пен профессор Э.М.Андреев кез
келген елдің ақпараттық қоғам кезеңіне өтуінің өлшемдері ретінде төмендегілерді атап көрсетеді:
кез келген азамат қажетті ақпаратты алуға құқылы;
елде жоғары деңгейдегі ақпараттық технологиялардың болуы;
ұлттық ақпараттық қорларды қамтамасыз ететін қажетті инфрақұрылымды құру;
өндірісті жəне мемлекеттік басқарудың негізгі субъектілерін ақпаратттандыру мен
компъютерлендіру;
ақпараттық іс-əрекет пен қызмет көрсету саласында тұрғындардың жартысы жұмыс істейтін
əлеуметтік құрылымды құру [6].
Осылайша, бүгінгі таңда ақпараттық кеңістік қанатын кеңге жаюмен қатар, өмір шындығының
ауқым-аясын тұтастай жаулап алғаны баршаға мəлім. Демек, бұл - əлем тарихындағы сапалық
тұрғыдағы жаңа бетбұрысты кезең.
Шынымен де ХХІ ғасыр табалдырығын аттағанда əлемдік ақпараттық қоғам деп бекітілген
феноменді терең ой електен өткізу мен қазіргі адам өмірі мен қоғамдық келісімді күшейтудегі ақпараттың
маңызын ұғынуда, сонымен қатар БАҚ мен коммуникациялық транзиттік қоғамның тұрақтануындағы
54
жəне өмірлік дамуды қамтамасыз етудегі ақпараттың рөлінің маңызы зор [7]. Қазақстандық қоғамды
саяси модернизациялау мен трансформациялау жағдайындағы ерекше өзектілігімен танылатын мəселе:
демократиялық ақпараттық қатынастардағы тең құқылы қатынасушыларының ақпарат алмасуының
қалыптасуы, ондағы қоғамның əрбір мүшесінің ақпаратты тұтынушы, таратушы, өндіруші əрі сақтаушы
ретінде əрекет етуі болып табылады. Бұл ретте посттоталитарлық қазақстандық қоғамды
трансформациялауда өткен татолитарлық кезеңнің сарқыншақтарын жою мен ондағы субьектілерді төмен
демократиялық мəдениеттен арылту, қазіргі ашық шекара жағдайындағы бүгінгі əлемдегі мəдени-
ақпараттық революцияның сұранысына сəйкес ақпаратты экономикалық-өндіріс санатына айналдыру
басты міндеттердің қатарында. Демек, Қазақстан қоғамының барлық салаларын демократияландыру мен
саяси модернизациялауда БАҚ-тың рөлі өте зор.
Демократиялық қоғамда билік жүйесінің жаңа үлгісі бұл – ақпараттық билік екендігі бəрімізге
мəлім жайт. Оның мəні, ақпаратқа кім ие болса, сол жағдайды жете біледі əрі оны басқарады деген
қағидатта. Ал, егер кім толық жəне əлеуметтік-саяси өмірдің ақпараттық бейнесін дұрыс əрі толық
білсе, онда ол билік пен бақылауға ие болады. Осылайша, «ақпаратпен кім қаруланса, əлемді сол
басқарады» деген тұжырымның мағынасы мен терең философиялық мəні осыдан-ақ байқалып тұр.
Сондықтан əрбір тəуелсіз мемлекеттің өзінің ақпараттық саясатын жасауы оның тең құқылы
қатысушыларының (мемлекет, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, жеке адам жəне т.б.)
демократиялық ақпараттық қатынастарын қалыптастыру мəселесіне келіп тіреледі. Ақпараттық
қызметтің ең маңызды субьектісі – бұл бұқаралық ақпарат құралдары жəне коммуникация болып
табылады. Ақпараттық саясаттың мəні бірінші кезекте БАҚ-тың өзара қатынастардағы қызметін жəне
оның принциптерін, саяси құқықтары мен мəдени-этникалық негізін жəне оның күнделікті
қатынастағы конституциялық құқықтарын, халықаралық шарт пен актілер ережелерін, сонымен қатар
қағамның рухани, мəдени, саяси жəне экономикалық дəстүрін білдіреді.
Тəуелсіз мемлекеттің ақпараттық саясаты қоғамның тұрақтылығы мен өміршеңдігіне қажетті
жағдайларды негіздеуге, еркін ақпарат алмасу мен оны қамтамасыз етуге, бірыңғай демократиялық
ақпарат кеңістігін қалыптастыруға бағытталады. Ал, оның ішіндегі біздің Қазақстан
Республикасының ақпараттық саясатының басты мақсатының бірі – əлемдік ақпараттық кеңістікке
толық құқықты ел ретінде ену мен ақпараттың ағынында өзара ақпарат алмасу, ұлттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ете отырып, халықтардың интернационалды ақпараттық əрекеттестігі жағдайын
қамтамасыз ететін ел ретінде өзін əлемге таныту.
Ұзақ уақыт республикаларға билік жүргізген Кеңестік империяның мистикалық тоталитарлы
идеологияға негізделген коммунистік идеологиясы сөз бостандығына ерік бермеді. Нəтижесінде,
Кеңес қоғамында асыра идеологияланған сана бекіп, біріңғай ой мен өзара келісім тотолитарлық
жолдың тоқырауы мен іріп-шіруіне алып келді. Сондықтан да Кеңестік империя Батыспен болған
ақпараттық соғыста жеңіліс тапты.
Кеңестер Одағының ыдырауы посткеңестік республикалардағы жария саясатқа өз əсерін тигізді.
Посткеңестік мемлекеттерде жаңа саяси жүйенің қалыптасуы, оның элементтерінің белгілі бір іріктелуден
жəне өмірлік тəжірибеден өтуі қоғамдағы ақпараттарды алмасуға тəуелді болды. Саяси шешім
қабылдауға əсер етуші субъектілердің көбеюі жəне оның қабылдануындағы біршама жариялылықтың
қалыптаса бастауы ақпараттық құралдардың рөлін ерекше арттырды. Осындай жағдайда ақпарат
қоғамдағы демократиялық үдерістерді орнатудың басты құралына айнала бастады. Өткен тоталитарлық
қоғамның тəжірибесі көрсеткендей, əлеуметтік-саяси ақпараттың обьективтік жəне толыққанды
жеткізілуінің рөлі қандай-да болмасын мемлекеттің тұрақты демократиялық дамуында ерікті
демократиялық жүйедегі қоғамның нарықтық қатынастарға сай трансформациялануына, Қазақстанда
ақпараттық қоғамды орнатуда рөлі жоғары екендігін уақыт көрсетіп отыр.
«Жаңа ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы мен
таралуы бүгінгі таңда жаһандық ақпараттық төңкеріс мазмұнына ие бола отырып, ұлттық шекаралар
жəне жалпы əлемдік деңгейде саясат, экономика, басқару, қаржы, ғылым, мəдениет жəне де қоғам
өмірінің басқа да салаларына ықпал ете бастады» [8]. Посткеңестік кеңістіктегі саяси үдерістердің
күрделенуіне жəне жаңа қоғамдық қатынастардың біртіндеп қалыптасуына, үстемдік етуіне ақпарат
алмасудың жаңа түрі – ақпараттық күрес, яғни, «ақпараттық соғыстар» ерекше əсер етті. Себебі
«ақпараттық соғыстар» қоғамдық құрылымдағы даулы мəселелерге байланысты қарсылас жақтардың
өзара пікір таластыруы ғана емес, сонымен қатар осы пікірлер қайшылығына куəгер болып отырған
əрбір қоғам мүшесінің саяси бағыт-бағдарлары мен ұстанымдар жүйесінің негізделуіне де өзіндік
ықпалын тигізері сөзсіз жайт. Нəтижесінде əрбір индивидтің саяси көзқарастарының жиынтығы
қоғамдық пікірге айналатыны анық. Ең бастысы, посткеңестік қоғамдардағы жаңа саяси күштердің
пайда болып, топтасуына əсер ететіні белгілі.
55
«Ақпараттық соғыстар» - бұл бір ел көлеміндегі саяси күштер арасындағы немесе халықаралық
деңгейдегі ақпараттық қоғамға тəн жанжалдың бір түрі жəне ол əлеуметтік топтардың үлкен бір
бөлігін қамтып, əрбір азаматтың қоғамда болып жатқан оқиғаларға байланысты бағыт-
бағдарларының қалыптасуына əсер етеді. «Ақпараттық соғыстардың» «электронды» немесе
«киберсоғыстардан» («кибертерроризм») айырмашылығы бар. «Киберсоғыстардың» нəтижесінде
тікелей материалдық шығын келтіріліп, ақпараттық жүйелер, қаржы жүйесі істен шығарылады. Егер
«ақпараттық соғыстар» əскери іс-қимылдардың алдын алу немесе қысым жасаудың түрі болса, ал
«киберсоғыстар» əскери іс-қимылдардың бірінші сатысы болып есептеледі [9].
Айта кетерлік маңызды жайт, ақпараттық соғыстардың заңды түрде рұқсат етілген саяси
бəсекелестіктен едəуір өзіндік ерекшелігі бар болып келеді. Осымен байланысты ресейлік
зерттеушілер – В.Петров пен И.Рабинович «ақпараттық соғыстың» саяси бəсекелестіктен
айырмашылығын атап көрсетеді: «біріншіден, институционалды-құқықтық, яғни, ресми саяси
бəсекелестік қалыптасқан саяси ортада барлық субъектілердің құқығы мен жауапкершілігі жəне
ақпарат құралдарын пайдалану мүмкіндігі бірдей болуы қажет. Бірақ белгілі бір топтың не топтардың
БАҚ-ты қолдану мүмкіндігінің күшеюі жəне олардың қарсыластарының мүмкіндікті шектеуі
ақпараттық соғыстың бір белгісі болып саналады.
Екіншіден, ақпараттық соғысты процессуалдық белгілеріне қарай анықтау, яғни, шындыққа
жанаспайтын ақпаратты тексермей тарату, қарсыластарының ақпаратын жоққа шығару сияқты
шаралар» болып табылады [92].
Бұл ретте «ақпараттық соғыстардың» пайда болып, өрістеуіне мемлекеттік органдардың
жұмысында ашықтықтың болмауы жəне шенеуніктердің саяси мəдениетінің төмендігі əсер етеді.
Сондай-ақ, қоғамдық құрылымдағы бизнес топтарының «барлығын ақшаға сатып алуға болады»
деген ұстанымының да кері əсерін тигізетіні анық.
Осыған орай ресейлік зерттеуші А.Мухин өз зерттеуінде: «ақпараттық соғыстың стратегиялары
бұл жобаны жүзеге асырудың ең тиімді тəсілі, себебі ол ақпараттық қоғамға тəн тұрақты ақпараттық
күреске негізделген. Жоба өзінің мақсатты аудиториясына өздерінің амбициясын жүзеге асыруға
күш-қайрат алуға жағдай жасайды. Ал, аудитория осы күштерді өз пайдасына жарата отырып,
қоғамдық дəрежеге ие болады да, жобаны жүзеге асырушы маңызды факторға айналады», - деп
тұжырым жасайды [10]. С.П.Расторгуев ақпараттық соғыстың қару-жарақтары ретінде:
«компъютерлік вирустарды, логикалық бомбаларды, мемлекеттік жəне əскери басқару саласына
жалған ақпараттар беруді, тестілік бағдарламалар құралдарын құртуды, бағдарламалық белгілерді», -
атап көрсетеді. Яғни, ақпараттық соғыстың барысында қоғамдық құрылымдағы саяси күштер мен
сайлаушылар өздерінің ұстанған бағыт-бағдарларына қарай жік-жікке бөлінеді.
Ақпараттық соғыстардың жүргізілу деңгейі де əр түрлі болып келеді. Олар ішкі жəне
халықаралық деңгейдегі екі ірі топқа бөлінеді. Ішкі «ақпараттық соғыстарды» оған тартылған
күштердің арасалмағына байланысты
элитааралық (кланаралық);
элита мен контрэлита арасындағы;
қаржы-өнеркəсіптік топтар арасындағы;
орталық пен сеператистік күштер арасындағы деп бөлуге болады.
Ал, халықаралық деңгейдегі «ақпараттық соғыстар» болса,
өркениетаралық;
саяси;
экономикалық деген түрлерден тұрады.
Назар аударарлығы, мемлекеттегі «ақпараттық соғыстардың» жиілігі қоғамдағы сайлау
өткізудің жиілігіне, үкіметтегі басшылық орындарға қызметкерлерді тағайындау механизмдеріне,
бюджеттен қомақты қаржы бөліну жəне жекешелендіру мəселелеріне тəуелді болып келетіні белгілі.
Қаржы-өнеркəсіптік топтар арасындағы «олигархтардың» ақпараттық соғысы, əдетте,
жекешелендіруге жəне бюджеттік қаржының бөлінуіне байланысты пайда болып отырады [11].
Ішкі «ақпараттық соғыстардың» пайда болуының да бірқатар себеп-салдары болады. Яғни,
біріншіден, «ақпараттық соғыстардың негізгі себебі транзиттік қоғамдағы идеялық жіктелістердің
төмендігі жəне билікке ұмтылған топтардың бір-бірінен айырмашылығының аздығы ақпараттық
соғыстарға мемлекеттік биліктің əлсіздігі жəне азаматтық қоғам институттарының даму деңгейінің
төмендігі əсер етеді.
Екіншіден, ақпараттық технологиялардың даму деңгейі жəне баспасөз еркіндігі БАҚ-тың саяси
институт ретінде қалыптасуына əсер етті. Сондықтан да БАҚ-ты белгілі бір қоғамда жəне
халықаралық деңгейде саяси басымдық үшін пайдалану тұжырымдамасы пайда болды. Осылайша,
56
бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар əлемдік экономиканың бір саласына айналып, жыл сайын
олардың үлесі 15%-ға өсуде [12].
Қазіргі кезде БАҚ-қа бақылау орнатуға немесе оны пайдаланудағы теңдікке ұмтылу
посткеңестік кеңістіктегі саяси идеялардың біріне айналып отыр. Сондай-ақ, ақпараттық
соғыстардың нəтижесінде ірі бұқаралық ақпарат құралдары тек саяси ұпайға ие болып ғана қоймай,
сонымен бірге қомақты пайда тауып отырғаны да белгілі.
Сонымен, посткеңестік мемлекеттердігі ақпараттық соғыстардың пайда болу салдарына келетін
болсақ, олардың барлық кемшіліктеріне қарамастан, қоғамдағы демократияландыру үдерісінің
нəтижесі екендігін мойындау қажет. Себебі авторитарлық билік үстемдік ететін қоғамда ішкі
ақпараттық соғыстардың етек алмайтыны анық. Демек, ақпараттық соғыс елдегі саяси күштердің
топтасуына да зор əсерін тигізетіні сөзсіз. Өйткені кейбір қоғам өміріне ерекше əсері бар маңызды
мəселелерге байланысты өзінің ұстанған бағыт-бағдарларын білдірмеу саяси күштер үшін үлкен
қателік болып саналады. Сондықтан да ақпараттық соғыстардың барысында мемлекеттік
құрылымдағы саяси күштердің басым көпшілігі өз ұстанымдар жүйесін білдіріп отыруы зор
қажеттілік.
Қазіргі ақпараттар ағымы заманында бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік құрылымда
маңызды рөл атқарады. Баспасөз жəне электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен
əрбір адамның санасында əлеуметтік шындыққа сəйкес келетін немесе одан айырмашылығы бар
əлемнің əлеуметтік ақпараттық бейнесін қалыптастыруға болады. Ал, оның сапалылығы –
баспасөздің ең маңызды əлеуметтік институт жəне билік құралы ретінде əрбір адамның санасына
жететін, белгілі бір мөлшерде өзіне бақылау орнататын, өмірлік құндылықтар мен маңызды əлемдік
көзқарастарды қалыптастыратын адамдарға бағыт сілтеуші ретінде көрініс табады.
ХІХ – ХХ ғғ. ғылыми-техникалық революцияның даму ғасыры болды. Бұл кезеңдегі
техникалық революцияның нəтижесінде телеграф, телефон, радио жəне теледидар өмірге келді.
Қоғамның дамуына байланысты енді ақпаратты тарататын арнайы құралдар дамып, өмірге өзгеріс
əкелді. БАҚ-тың мұндай дамуы еліміздің экономикалық жəне əлеуметтік дамуына зор өзгерістер
əкелді. Яғни, қоғамдағы болып жатқан əртүрлі саяси өзгерістер мен ондағы елдің, қоғамның дамуы
енді БАҚ-тың беттерінде көрініс тапты.
ХХІ ғ. идеялар мен ақпараттық технологиялардың бəсекелесу ғасырына айналды. Болашақ ел
экономикасы ақпаратқа арқа сүйеді, ақпарат ресурс ретінде танылды, дамудағы ең негізгі күш -
шикізат пен энергия екінші дəрежеге жылжыды. Жалпы əлем мемлекеттері əлемдік рынокта өзіндік
технологиялық дамуға көше бастады. Мысалы, жапон үкіметі əлемдік рыноктағы ең интелектуалды
өнімі «ноу-хауды» қазіргі технологияның байланыс құралы ретінде дамытуды қолға алды [13].
ƏДЕБИЕТТЕР
1.
Есім Ғ. Бүгінгі қоғам – бүгінгі сана // Ақиқат. - 1996. - №7. - 50-59 бб.
2.
Надыров М. Роль информации в современном обществе // Саясат, 2006. - №1. – С.9-12.
3.
Сорос Дж. Кризис мирового капитализма. Открытое общество в опасности. – М.: Изд. Дом ИНФРА-
М, 1999. – С.116.
4.
Əбсаттаров Р.Б. Саясаттану жəне оныңпроблемалары. - А.: Тоғанай Т, 2007. – 421-б.
5.
Ибраева Г. Демократизация информационного пространства // Саясат. - 2001. - №5. - С. 28.
6.
Осипов Г.В., Андреев Э.М. Современные российские реформы: опыт социологической экспертизы //
Социально-политический журнал, 1995. - №1. – С.4-5.
7.
Байгузин Р.Н., Илларионов С.И., Рукосуев Г.Н. Информационная война. – М.: 2000. – С.15.
8.
Қаратаева Л. Желілік қауым жəне террористердің жаңа мүмкіндіктері // Қоғам жəне дəуір.– 2010. -
№2. – 8-б.
9.
Сыченков В.В. Малые информационные войны как новая модель коммуникации // Интернет-
маркетинг, 2008. - №1. – С.46-50.
10.
Мухин А. Новые правила игры для большого бизнеса. – М.: Изд-во Эксмо, 2004. – 336с.
11.
Россия в условиях информационной войны // Интегрум. Информационно-аналитический обзор, 2008.
– 25 сентября.
12.
Долгов С.И. Глобализацтя экономики. Новое слово или новое явление. – М.: Экономика, 1998. – С.18.
13.
Сморгунов Л., Семенов В. Политология. Учебное пособие. - Спб: 1996. - 206 с.
REFERENCES
1. Yesim G. Segodnyaschney society - segodnyaschney sosnanie // Akikat. - 1996. - №7. - 50-59 p.
2. Nadyrov M. The role of media in modern society // Sayasat, 2006. - №1. - S.9-12.
3. Soros G. Crisis of world capitalism. Open society at risk. - M .:. House INFRA-M, 1999 - P.116.
4. Absattarov R.B. Political science and its problems. - A .: Toganay T, 2007 - 421 p.
57
5. Ibraeva G. Democratizing information space // Sayasat. - 2001. - №5. - S. 28.
6. G.V. Osipov, Andreev E.M. Modern Russian reforms: the experience of sociological examination // Socio-
political magazine, 1995. - №1. - P.4-5.
7. Baiguzin R.N., Illarionov S.I. G.N. Rukosuev. Information warfare. - M .: 2000 - P.15.
8. Karataeva L. Setevoya community and new opportunities terrorists .// Society and epoha.- 2010. - №2. - 8-a.
9. Sichenko V.V. Small information warfare as a new model of communication // Internet Marketing, 2008. -
№1. - S.46-50.
10. Mukhin A. New rules for big business. - M .: of Penguin Books, 2004 - 336s.
11. Russia in the information war // Integrum. Information-analytical review, 2008 - 25 September.
12. Dolgov S.I. Globalizatstya economy. A new word or a new phenomenon. - M .: Economics, 1998 - P.18.
13. Smorgunov L., Semenov Political Science. Textbook. - S: 1996 - 206.
Достарыңызбен бөлісу: |