Қазақстан Республикасындағы индустриалды - инновациялық даму стратегиясының негізгі
басымдылықтары
Андатпа. Мақалада Қазақстан Республикасындағы шағын жəне орта бизнес инфрақұрылымының
дамуының қажеттілігі қарастырылған
Түйін сөздер. Инновациялық кəсіпкерлік, шағын, орта бизнес, идустриалды - инновациялық даму,
инфрақұрылым, бизнес-инкубатор, технопарк, кластер, франчайзинг, қаржы саясаты
Tursynbaeva A.A.
The main priorities of strategy industrially – innovative development in the Republic of Kazakhstan
Abstract. In article the necessity of development infrastructure of small and medium business in Republic of
Kazakhstan is considered
Key words. Innovative business, small, medium business, industrially – innovative development, infrastructure,
business – an incubator, science and technology park, a cluster, franchizing, financial policy
ƏОЖ 378.147
Тұрсынова Г.Т., Ускенбаева Р.М.
Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Алматы қ., Қазақстан Республикасы
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
ҚҰРАЛДАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ
Аңдатпа. Мақалада оқу үрдісінде модульдік технологияны пайдаланудың тиімділгі сөз болады.
Сонымен қатар студенттерге пəнді меңгерту барысында ақпараттық-технологиялық құрылғылардың тигізер
əсері мол. Ақпараттық технологияларға негізделген техникалық құралдар оқытудың өзгеріп отыратын
жағдайы, мақсат жəне міндеттеріне байланысты, модульден модульге сабақтаса өз рөлі мен қызметін
түрлендіре отырып жоспарлы қолданыла келе, студенттердің тілді үйренуге ынта-ықыласын арттыра түседі.
Бір модульден екінші модульге өту барысында студенттердің тілді меңгеруге деген қызығушылықтары арта
береді. Осыдан біз модульдік технологияның тиімділігін көруімізге болады.
Түйін сөздер: модуль, аудиожазба, ақпараттық технология, техникалық құралдар, лексика-
грамматикалық материал.
Қазіргі кезде ақпараттық технологияларға негізделген оқытудың техникалық құралдарын тілді
оқытып үйретуде қолдану кең өріс тапты. Тілді оқытып үйретудегі оның тиімділігі жоғары
бағалануда. Ақпараттық технологияларға негізделген құралдар оқытудың жағымды уəжін тудырады,
студенттің белсенділігін арттырады, қабылданған материалға деген өзінің көзқарасын анықтауға
əрекет жасайды, тəрбиелік əсер етеді.
Ақпараттық технологияларға негізделген техникалық құралдардың ерекшелігі өз көрінісін
олардың қызметтерінде табады. Əдістемелік əдебиеттерде оның əр түрлі қызметі атап көрсетілген. Біз
оның қызметін тілді оқытып үйретуде қолдану қырынан қарастырамыз. Мысалы, тілдік білімді
меңгеру жəне бекітумен қатар, оқытудың негізгі мақсаты- осы білімді тілдік қатынаста қолдану
іскерлігін өңдеу болып табылады. Сондықтан оқу материалы мен процестік əрекетті нығайтатын
қызметтердің ролі артады. Осы тұрғыда мыналар белгіленеді:
-Уəждеушілік қызмет. Ол лексика-грамматикалық материалды семантизациялау үшін немесе
өзіндік сөйлеу əрекетін ұйымдастыру үшін, сөйтіп, студент назарын айтылғаннан оның мазмұнына
аудару үшін стимул береді;
- Бейнелеушілік қызмет, қатынас объекті мен жағдайларын ақиқат шындық бейнесінде
көрсетеді. Жəне сөйлеу əрекеті үшін мағыналық тірек жасайды.
-Бекітушілік қызмет, сөйлеу əрекетінің бірнеше рет қайталанылуын жəне осының негізінде
оның бекітілуін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық технологияларға негізделген техникалық құралдарды тілді үйретуде қолдану
мақсаттардың нақты анықталуын талап етеді. Олардың қолданылу орны, мөлшері жəне уақыты дəл
анықталуы керек.
Жоғарыда айтылғандардан шығатыны, ақпараттық технологияларға негізделген техникалық
құралдардың қолданысы ойластырылған жүйелі сипатқа ие болуы тиіс жəне өзгеріп отыратын кезең,
жағдай, қажеттілік жəне міндеттерді ескере отырып, ол барлық оқу жұмысы кешеніне қисынды жəне
бірізді енгізілуі керек.
107
Əдістемелік əдебиетте ақпараттық технологияларға негізделген техникалық құралдарды
оқудың алғашқы сатысында қолдану тиімді жəне мақсатқа сай болып саналады, себебі затты
бейнелеу арқылы лексикалық-грамматикалық материалды тиімдірек жəне жылдамырақ
семантизациялауға, көру тіректерін дидактикалық тəсіл ретінде пайдалана отырып, естілетін сөзді
тыңдап түсінуге үйретуге болады.
Осыларды ескере отырып, ақпараттық технологияларға негізделген техникалық құралдардың
əр модульде тиімді қолданылу мүмкіншіліктерін қарастырайық.
Сонымен нольдік модульде ақпараттық технологияларға негізделген техникалық құралдар
тілдік білімдегі грамматикалық кемшіліктерді жою, грамматикалық материалдың нашар меңгерілген
ауқымын қайталау жəне бекіту, студенттердің орта мектептен əкелетін əдетті қателерін жою сияқты
мəселелерді шешу барысында үлкен көмек көрсетеді. Көптеген жағдайда мұндай мəселелерге жеке
сипат тəн жəне олар студенттердің өзіндік жұмысы ретінде шешіледі. Бұл істің негізі болып
жаттығулардың толық құрамы бар аудиожазбалар жүйесімен жабдықталған жеке жұмысқа арналған
ақпараттық технологияларға негізделген лингофондық-компьютерлік зертхана қызмет етуі керек.
Жаттығулар модуль материалымен жəне осы мақсатта арнайы жасалған грамматикалық жаттығулар
жинағымен тығыз байланысқан.
Мұндай жүйедегі жұмыс əдістемесі төмендегідей:
- тілдік материалды меңгеруде байқалған кемшіліктерге сүйене отырып, студентке нақты
міндет қойылады - берілген грамматикалық құбылысты өңдеу жəне бекіту, үнемі қайталанатын тілдік
қатеге көңілін аудару жəне оны жою тəсілдері жəне т.б.;
- нақтылы түсініктер мен нұсқаулар беріледі - берілген құбылыстың мəні неде, ол орыс тілінде
неге сəйкес келеді, айырмашылықтары неде, оқулықтың грамматикалық анықтағышынан осыған
байланысты алдын-ала нені оқып, ұғынуы керек, лингофондық-компьютерлік зертханада кейін өз
бетімен қандай жаттығулар орындауы керек, жаттығулар жинағында олардың номерлері көрсетіледі;
- студент жаттығулары көрсетілген таспаларды зертханада лаборанттан алады, ол қажет болған
жағдайда студентке техникалық көмек көрсете алады; жаттығулар үш блоктан құралатын жүйе
бойынша оралады: тапсырма - жауап - кілт. Қиын болған жағдайда студент жаттығулар жинағынан
берілген жаттығудың нұсқаулары мен сілтемелерін мұқият оқып, оқулықың грамматикалық
анықтағышында берілген нақты түсініктер мен мысалдар негізінде осы құбылысты ұғынуға тағы бір
рет тырысуы керек;
- студенттің лингофондық-компьютерлік зертханада осылай орындалған өздік жұмысы
оқытушымен формалды тұрғыда да - лаборанттың қолында бар зертханада жұмыс жасаған
студенттер тізімі бойынша, мазмұндық тұрғыда да - сабақта оқу жұмысы барысында қадағаланады.
Осы мақсаттағы жаттығулардың кейінгі типтік топтары ұсынылады:
- “Тыңдаңыздар жəне қайталаңыздар” негізінен, дыбыстауды өңдеу үшін жəне осы тұрғыда
жиі кездесетін қате дағдыларды жою үшін қолданылады.
- “Табыңыздар, іріктеңіздер, көрсетіңіздер” - грамматикалық формалар мен құбылыстарды
айыра білу іскерлігін өңдеу үшін арналған.
- ”Есте сақтаңыздар, орнына қойыңыздар жəне ауыстырыңыздар”- белгілі грамматикалық
форма, модель жəне конструкцияларды дұрыс қолдану іскерлігін өңдеуге бағытталған.
- ”Аударыңыздар, эквиваленттерін беріңіздер” - оқылып жатқан жəне орыс тілдеріндегі
құрылымдық өзгешеліктерді көрсететін, осының негізінде жіберілетін қателерді жоятын қарама-
қайшы сипаттағы түрлі грамматикалық формалар мен конструкцияларды салыстыруға жəне бекітуге
бағытталған.
- ”Өзгертіңіз, қайта құрыңыз, басқаша айтыңыз” - түрлі грамматикалық формалар жəне
конструкциялармен ауыстыру, өзгерту. Амалдың жасай білу іскерлігін өңдеу үшін қолданылады.
- ”Ойлап табыңыз, құрастырыңыз, қолданыңыз” - меңгерілген грамматикалық қалып жəне
конструкцияларды тəжірибеде қолдану іскерлігін өңдеуге арналған.
- ”Сұрақтарға жауап беріңіз” - көлем мен мөлшерді, нақты жəне шамадағы санды, мақұлдау
жəне терістеу жəне т.б. білдіретін қазақ тіліне тəн конструкцияларды қолдана отырып, бір мағыналы
жауап беруге бағытталған.
Нөльдік модульмен жұмыста ақпараттық технологияларға негізделген техникалық құралдарды
қолданудың екінші саласын тыңдалым бойынша жаттығулардың аудиожазбалары құрайды. Олардың
қолданылу тиімділігі, оқушыларға қазақ тілін осы тілде нақты сөйлейтін түрлі дикторлардың (еркек
жəне əйел) дұрыс қарқынмен жəне өзіне сай ерекшеліктерімен оқуы арқылы қабылдау мүмкіндігін
беруімен байланысты. Мұнда негізінен аудиожазбалардың екі түрі қолданылады:
- оқулық мəтіндеріне берілетін қыстырма сөздер;
108
- тыңдалымға арналған көркем-публицистикалық əңгімелер.
Аудиожазбалардың бірінші түріне келетін болсақ, олар уақыт сайын оқытушының ауызша
кіріспе əңгімелерінен мəтінге ауысып отырады. Мұнда жазылғандар жаңадан таныстыратын мəтінде
берілген негізгі жаңа сөздер мен сөз тіркестері қолданылған қысқа жай сөйлемдерден құралған 3-5
минуттық əңгімелер.
Аудиожазбаның осы түрімен жасалатын жұмыс кейінгі əрекеттерден тұрады: жаңа лексиканы
алдымен оқытушы қысқа кіріспе сөйлемдерде ұсынып, түсіндіреді; кіріспе сөз фонограммамен
дыбысталады; оқытушы тыңдалған жазба бойынша сұрақтар қояды.
Аудиожазбаның екінші түрін тыңдалым іскерлігін қалыптастыру үшін арналған
хрестоматиялық мəтін құрайды. Тіл жəне тақырып стилі бойынша олар оқулық мəтіндеріне жақын.
Осы типтегі аудиожазбамен жасалатын жұмыс кейінгі тəсілдерден құралады:
- Студенттерді фонограмманы тыңдауға дайындау. Мұнда əңгіме тақырыбы, оның өтілген
мəтін материалымен байланысы көрсетіледі, таныс емес сөздер мен сөз тіркестері, қажетіне қарай
елтанушылық реалияларда түсіндіріледі;
- Фонограмма мəтінінің презентациялануы. Əдетте оның бір рет тыңдалуы ұсынылады, себебі
мұндай тəсіл оқушыларды сөзді қатынастың табиғи жағдайында қабылдауға дайындайды;
- Тыңдалған мəтінді түсіну деңгейін бақылау.
- Қабылданған материалды жаттығулар арқылы өңдеу.
Тыңдалған мəтінді түсіну деңгейін бақылау жəне қабылданған материалды өңдеу келесі
жаттығулар бойынша жүргізіледі: əңгіменің негізгі идеясының анықталуы; əңгімені құрайтын
бөлшектерінің бөлінуі; тыңдалған мəтін бойынша сұрақтарға жауап беру; мəтіннің бір эпизодын
мазмұндау; тыңдалған мəтін бойынша есте қалған сөз тіркестерін атау; тыңдалған мəтіннің мазмұнын
айту; мəтін оқиғасына, оның кейіпкерлеріне, олардың қылықтарына жəне т.б. өз көзқарасының
анықталуы.
Модульдің келесі күнделікті қатынас модулінде ақпараттық технологияларға негізделген
техникалық құралдардың қолданылу жағдайы, мақсат жəне міндеттері біршама өзгереді. Мұнда олар
студенттерге сөйлеу əрекеттерін жүзеге асыру үшін сүйеніш болуы керек, өз ойларын айтуға стимул
беріп, оларды əңгіме, диспут, сұхбаттасуға сөйлеудің өз бағдарламасын жүзеге асыруына тарту керек.
Осы тұрғыда диафильм жəне, ең бастысы, видеофильм, кинофильммен жүргізілетін жұмыс үлкен
мүмкіндік береді. Мысалы, видеофрагментпен жұмысты мынадай бағытта жүргізуге болады:
Фрагмент нені суреттейді? Оның кейіпкерлері немен ерекшеленеді? Берілген жағдайдың соңы қалай
аяқталады деп ойлайсыздар? Кейіпкерлердің мінез-құлқы мен қылықтарын қалай бағалайсыздар?
Берілген жағдайдың алдында не болуы мүмкін еді? Бұл жағдайды Сіз қалай бағалайсыз? Фрагмент
бойынша сұрақтар қойыңыз; Кейіпкерлердің бірінің атынан фрагментті басқаша құрастырыңыз;
Фрагментте берілген жағдайды аяқтаңыз; Фрагмент бойынша диалог құраңыз; Берілген фрагментті
түсіндіріңіз;
Əр түрлі видеофрагменттер қатынастың түрлі жағдайында студентті əңгімеге тартатын əсерлі
көру стимулы ретіндегі мүмкіншіліктері, оны күнделікті қатынас жағдайы модулінің негізгі элементі
ретінде қабылдау жəне қажетті жағдайда сабақта үнемі қолдану керек. Олар: студенттердің оқу
материалына деген қызығушылығын өсуіне ықпал етеді; олардың айтқандарына дем беріп,
ұйымдастырады; құнды елтанушылық ақпарат атына ие; бейнені ақпаратпен үйлестіре отырып, оқу
материалының бекітілуіне ықпал етеді; студенттерді біртіндеп кинофильммен жұмыс жасауға
дайындайды, мұнда көру жəне есту бейнелері динамикада бір уақытта үйлеседі.
Оқу тəжірибесі мен оқу уақыты есебінің көрсетуінше, фильмдерді кез келген тақырыптық
материал аяқталғаннан кейін 3-4 сабақ аралықта қолданған тиімді.
Осы жағдайда жұмыстың келесі əдістемесі қолданылады:
- Оқытушының кіріспе сөзі, студенттердің видеофильмді ұйымдаса қабылдауы, мұнда фильм
тақырыбы, оның алдында өңделген материалмен байланысы көрсетіледі, лексикалық жəне
елтанушылық түсініктер беріледі.
- Фильмнің көрсетілуі. Ол екі қайтара орындалады. Бірінші қаралымда көру образы
тыңдалыммен қатар көрсетіледі. Екінші қаралымда кейбір кадрлар қосымша түсіндіру жəне жақсы
есте сақтау үшін сəл тоқтатылады.
- Қабылданған материал бойынша жалпы анықтау үшін бақылау əңгіме жүргізу, не түсінікті,
нелер үлкен əсер туғызды, оқушылардың назарына не ілікпеді.
- Қабылданған материалды өңдеуге арналған жаттығулар. Мұнда ұсынылатындар: жеке
кадрлар немесе жеке жағдайлар мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру; қабылданған ақпарат
негізінде оқиғаға қатысушылар немесе олардың қылықтарын суреттеу; бір немесе бірнеше кадр
109
мазмұнын айту; жеке жағдайлар мен оқиғаларды түсіндіру; фильмнің жеке бөліктері немесе толық
мазмұны негізінде баяндау; фильм стимулдарының негізінде қысқа диалогтар, полилогтар құру,
іскерлік ойын ұйымдастыру жəне т.б.
Күнделікті тұрмыстық қатынас модулінде видеофильмнің қолдану тиімділігі мен қажеттілігі
мынамен түсіндіріледі: кинофильм біршама шын тілдік ортаны, сондай-ақ, қатынастың тек тілдік
қана емес, мимика, қимыл, интонация жəне т.б. түрдегі тілден тыс коды бар шынайы жағдайларын
қамтиды.
Сөйтіп, ол ауызша қабылдау жəне ойды жеткізу кезінде паралингвистикалық құралдарды
пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сөйлеу іскерлігін дамытуға үлкен мүмкіндік
туғызады.
Ал видеофильм қандай болу керек деген мəселеге келетін болсақ, біз өз бақылау,
тəжірибеміздің негізінде ауызша сөйлеуді дамытуға сюжетті фильмдер сай келеді дейміз. Себебі
сюжет бойынша ұйымдастырылған материалды қабылдаудың айрықша ерекшелігі қабылдаушының
оқиғаға еніп, оның қатысушыларының біріне айналуында. Əдістемелік көзқарастан, бұл жақсы есте
сақтау үшін де, сондай-ақ қатысымдық жаттығулар үшін де үлкен мүмкіндік береді: сюжетпен
біріккен кадрлар оқушылардың ролін стимулдайды (мазмұндау , монолог, сахналанған диалогтар,
пікірсайыс жəне т.б.). Олармен жұмыс жасау əдістемесі мынадай:
- Модульдің белгілі блогы аяқталар сабақта оқытушы келесі сабақ видеокабинетте фильм
көруден басталатыны жайында мəлімдейді.
- Сосын фильмге баға береді, яғни фильм не жайында, оның кейіпкерлері кімдер, фильмдегі
оқиға қай жерде өтеді, қандай қарастырылған материалмен фильм сəйкес келеді, ол неге назар аудару
керек екенін айтады. Одан əрі оқытушы фильм бойынша қандай жаттығулар, көбіне жазбаша түрде,
орындалатынын хабарлап, ең соңында қажетті лексикалық, керек болса, елтанушылық түсінік береді.
Түсіндіру барысында берілген лексиканы студенттер дəптерге жазады.
- Алдында берілген бағытқа сəйкес, келесі сабақ фильмді көрсетуден басталады. Оны көріп
болғаннан кейін, сабақтың қалған бөлігінде жаттығудың келесі түрлері орындалады: фильмнен алған
өз əсерлерін жеткізу; есінде жақсы сақталған эпизодты айту; оқытушы сұраған эпизодты айтып беру;
фильмде қолданылған есте қалған сөз тіркестері мен оралымдарды айту; фильмнің жеке эпизодтарын
атау; фильм кейіпкерлеріне сипаттама беру; олардың мінез-құлқы мен қылықтарына сипат беру;
фильм кейіпкерлері мен олардың қылықтарына өзінің жеке көзқарасын айту; фильмге
қатынасушылардың бірінің атынан фильм мазмұнын баяндау; фильм бойынша сұрақ қою жəне т.б.
Жазбаша үй тапсырмасы ретінде мыналарды беруге болады: фильм жоспарын құру; оның
мазмұнын қысқаша айту; көргендерін басқа жағдаймен салыстыру; фильм артықшылығы мен
кемшіліктерін белгілеу; фильм кейіпкерлеріне хат жазу; фильм кейіпкерлерінен интервью алу жəне т.б.
Келесі сабақтың бір бөлігі фильм бойынша үйге берілген тапсырманы тексеру жəне бағалауға,
содан кейін фильмді кейінгі жаттығулармен қайта көруге арналады.
Видеофильммен осы тұрғыда жұмыс жасау, бір жағынан, оқу үрдісін түрлендіреді,
студенттерге эмоционалды əсер етіп, осының негізінде өткен оқу материалын бекітеді, сөйтіп, оқу
жұмысында одан ары күш салуға ынталандырады.
Ресми қатынас модулінде ақпараттық технологияларға негізделген техникалық құралдар
шамалы қолданылады.
Кəсіби қатынас модулінде аудиовизуальды құралдардың құрамына тыңдалымға арналған
экономикалық мəтіндер жазылған хрестоматиялық типтегі таспаларды енгізген жөн. Оқудың осы
сатысында оқу жұмысына мұндай құралдардың енгізілуі тиімді. Студенттер маман дикторлармен
оқылған əр түрлі экономикалық мəтінді тыңдағаны жөн. Ол оған кəсіби қатысымның түрлі үлгісімен
танысуға мүмкіндік береді.
Сонымен ақпараттық технологияларға негізделген техникалық құралдар оқытудың өзгеріп
отыратын жағдайы, мақсат жəне міндеттеріне байланысты, модульден модульге сабақтаса өз рөлі мен
қызметін түрлендіре отырып жоспарлы қолданыла келе, студенттердің тілді үйренуге ынта-
ықыласын арттыра түседі.
ƏДЕБИЕТТЕР
1.
М.М.Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде / Аударған
Д.А.Қайшыбекова / - Алматы 2006 ж.
2.
Педагогтің кəсіби деңгейін өсіруде əдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары // Ғылыми-
практикалық жинақ. Алматы, 2008 ж.
110
REFERENCES
1 M.M.Zhanpeysova. DA Nelly on means of developing technology of modular training student / Translated
Kayshybekova / - Almaty 2006
2 Educators line methodical work on the association to increase the professional level // Scientific and practical
collection. Almaty, 2008 w.
Г.Т.Турсынова, Р.М.Ускенбаева
В изучении государственного языка оптимальное использование информационных технологии
Резюме. В данной статье рассматриваются вопросы оптимальности использование модульной системы в
учебном процессе. А также при изучении предмета студентам играет важный роль использование
информационно-технологических оборудовании. Технические средства, особенные на информационные
технологии связаны с изменчивым состояние цель и задачами обучение. Переходя из модуля в модуль у
студентов повышается интерес в изучении языка. Исходя из изложенного мы видим эффективность модульной
технологии.
Ключевые слова: модуль, аудиозапись, информационная технология, техническое средства, лексико-
грамматический материал.
G.T.Tursynova, R.M.Uskenbayeva
In studying of a state language optimum use information technologies
Summary. In this article optimality questions use of modular system in educational process are considered. And
also when studying subject to students use information and technological the equipment plays an important role.
Technical means, special on information technologies are connected with changeable a state the purpose and tasks
training. Passing from the module into the module at students interest in language studying increases. Coming from the
stated we see efficiency of module technology.
Key words: module, audio recording, information technology, technical means, lexical and grammatical
material.
ƏОЖ. 378
Умирбекова А.А.
Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Алматы қ., Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ТИІМДІЛІГІ
Аңдатпа. Мақалада жоғарғы оқу орындарындағы оқыту технологияларының тенденциялары туралы
айтылады.Сонымен қатар білім саласындағы маңызды болып есептелетін жоғарғы оқу орындарындағы шетел
тілдерін оқытудағы инновациялық-ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді жақтары айтылады.
Мақалада өзекті мəселелерді шешетін төмендегі сұрақтар қарастырылады: шетел тілін оқытуда студенттердің
коммуникативтік біліктілігін арттыру теориялық негіздерін дамыту; электронды ортада жəне Интернет
желісінде мəдени аралық коммуникациялық ақпараттар іздеу.
Түйін сөздер:интернет желісі, ақпараттық технологиялар, компьютер, интерактивті оқыту.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру саласында шетел тілдерін оқып үйренуге
деген ықылас арта түсуде. Осыған байланысты қазіргі қоғам шетел тілдерін меңгеру дəрежесіне
күннен-күнге үлкен талаптар қоюда. Ел басымыздың жолдауында көрсеткендей қазіргі шəкірт ертеңгі
күні əлем кеңістігіне ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі тиіс. Сондықтан да
шет тілін үйрететін жоғары оқу орындарында қойылатын талаптар көп.
Ол үшін:
- Студенттерге шет тілін үйретіп- мəдениетіне, өнеріне деген көзқарастарын қалыптастыру.
- Өздерінің қабілеттеріне қарай шет тілі арқылы қарым- қатынасты ары қарай жалғастырып,
дұрыс жауап беруге үйрету.
- Студенттердің рухани жан-дүниесін байыту, ой-өрісін кеңейту, халықаралық қарым-
қатынасқа, мəдениетке тəрбиелеу.
- Студенттің зиялы, сезімтал жан болып өсуіне көмектесу.
Компьютер арқылы əлемдік ақпараттар кеңістігіне шығу, əлемдегі озық технологияларды
жаңалықтарды меңгеру, өмір ағымына ілесу. Студенттерге ана тілінің негізінде шет тілін үйрету,
олардың өз ойын ауызша жəне жазбаша дұрыс, еркін, келістіре баяндай білуге дағдыландыру.
111
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап,
сабақтың əр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мəселе технологияларды кеңінен пайдалану емес,
мəселе - тұлғаны нəтижеге бағыттай білім беруде.
Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау жəне өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте
біріктірілген əдістер мен өндірістік жəне бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы.
Интерактивтік оқыту – бұл ең алдымен студент пен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге
асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады. Интерактивтік оқыту – бұл танымдық əрекеттің арнайы
ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған жəне мақсатын алдын ала болжауға болатын оқыту
түрі. Сабақтағы интерактивтік əрекет өзара түсіністікке, өзара əрекетке, қатысушылардың
əрқайсысына қажет міндетті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру жəне қарым-қатынас
жасауды дамытуды ұсынады. Интерактивтік оқыту технологиясы деп нəтижесінде оқу əрекеті
барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоцианалдық жəне басқа да
жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, студентке педагогикалық əсерлі
танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен студенттің іс-əрекетін оқу ойындары
түрінде ұйымдастыру тəсілдерін айтамыз.
Оқытудың интерактивті əдістерінің артықшылығы
● тұлғаның қызығушылығын туғызады;
● əрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
● əрбір тұлғаның сезіміне назар аударады;
● оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
● тұлғаға көпжоспарлы əрекет етуге əсер етеді;
● тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
● мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Интерактивті əдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:
1) олар мол мағлұмат алып, өздері айт-қан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады;
2) өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады;
3) мəселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тəжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана
алады;
4) бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады;
5) шындыққа көз жетуі үшін дəлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады;
Интерактивті əдісте таным қабілеттерінің мынадай түрлері қолданылады:
1) фактілерді еске алу;
2) ойлану;
3) алған білімін жаңа жағдайға пайдалану;
4) талдап, синтездеп үйрену (бір ортақ шешімге жету үшін, барлық идеяларды біріктіру);
5) баға беру (сапасын анықтау).
Интерактивті əдіс кезінде мыналар ескерілуі керек:
-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек;
-оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек;
-педагогикалық қолдау көрсету.
Бұл мақсатқа жетудің тиімді жолының бірі – сабақта оқытудың интерактивті əдісін қолдану
болып табылады.
Сонымен, интерактивті оқыту технологиясы- бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық
қатысушылардың өзара əрекетіне негізделген процесс
Интерактивтікоқытутехнологиясы:
1.жұптасып жұмысістеу;
2.ротациялық (ауыспалы) үштік;
3.карусель;
4.шағын топтарменжұмыс;
5.рөльдік (іскерлік) ойын;
6.дискуссия;
7.дебатжəнет.б.
Интерактивті əдіс кезінде:
-сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды;
-ондай қарым-қатынас білім алушылар əлдебір мəселені талқылап, соның шешімін табуға
тырысқан кезде қалыптасады;
112
-онда білім алушылардың жауабынан гөрі мəселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды
болады. Себебі интернет оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім алушыларды өз бетінше ой
қорытып, жауап табуға уйрету. Интернет оқыту əдістемесі өзара қарым-қатынастың мол ауқымын
қамтиды. Мұнда студенттердің бұған дейін алған өмірлік тəжірибелері білім берудің негізгі көзі
болып табылады. Бұл əдісте білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа түседі:
1) оқытушымен (сұраққа жауап берген кезде);
2) өзгестуденттермен (қосақталып жұмыс істеген кезде);
3) шағынтоптармен (топпенжұмысістегенкезде);
4) белгілібіртоппен, аудиториямен (сауалнамаалғанда)
5) кейбір техника түрлерімен (компьютерменинтернеткешыққандат.б.).
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақтажан-
жақтықолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктіңұс танымды
жаңа тəсілдерінің пайда болуына мүмкіндіктуғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық
оқыту жүйесіндегі интернет жүйесіндегі бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға
болады.
Студенттердің сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудіңең негізгі
түрі болыпсаналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынасаманда судан басталады. Мұғалім сабаққа
кіргеннен оқушылармен диалог таболады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру
арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де
пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауыз екі сөйлесуге үйрету –
оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сəйкес
келеді.
Коммуникативтіліктің жауапалынған жағдайдағана жүзеге асуыоның ұстанымы болып
есептеледі. Ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық
кезеңдерін былайша сараланады:
І кезең: диалогпен танысу;
ІІ кезең: диалогті жаттау;
ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-əркетін қойылым іс-əрекетімен
ұштастыру;
Коммуникативтік сөйлеу əрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық дайындық
деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу əрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мəтін бойынша
жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-
визуалды құралдар) бойынша да студенттер белсенді коммуникацияға түсе алады
Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар
төмендегідей саралайды:
1. Интернет шексіз ақпарат əлемінде енуге жəне ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға
мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мəдениетінің үнемі
өсуіне жағдай жасайды.
2. Компьютер адамның зерттеу-танымдық əрекетінің əмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.
3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни,
білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мəтіндерді оқу, сұхбат
жасау, жазу, тыңдау əрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.
4. Құрал білімгерлерге өз əрекеттерінің нəтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс
шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тəсілін, стратегиясын қалыптастырады.
5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі
туындайды.
Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар
төмендегідей саралайды:
1. Компьютер шексіз ақпарат əлемінде енуге жəне ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға
мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мəдениетінің үнемі
өсуіне жағдай жасайды.
2. Компьютер адамның зерттеу-танымдық əрекетінің əмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.
3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни,
білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мəтіндерді оқу, сұхбат
жасау, жазу, тыңдау əрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.
4. Құрал білімгерлерге өз əрекеттерінің нəтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс
шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тəсілін, стратегиясын қалыптастырады.
113
5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі
туындайды Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мəтіндер мен ақпаратты білуге жол
ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір
жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |