ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ
З. ҚҰЛАМАНОВА
774
775
ауылдың, рудың жəне жеке тұлғаның мақтанышына айналдырды. Сондықтан да
қазақ оны ерекше, жанындай жақсы көрді.
Жаңа заманда жылқы малына табиғаты өте қолайлы Т. Рысқұлов (Луговой),
Жамбыл аудандарында жылқы зауыттары құрылды. Бұл 1935 ж. азамат со ғы-
сы ның батыры, маршал С. М. Буденныйдың басшылығымен іс жүзіне асыры-
лып, жылқы қоралары, малшылар үшін тұрғын жайлар көптеп салына бастады.
Шар уашылықтың атына байланысты ауылдар Конезавод деп аталып кеткен.
Жылқы малын сұрыптап өсірудің біздің елдің үлесіне тиюі кездейсоқ оқиға ем ес
еді. Өйткені, екінші дүниежүзілік соғыстың хабары шығып келе жатқан кез еді.
Жылқы малын да соғыс қимылдарына қолдану күн тəртібінде тұрды. Сон дықтан
да бұл істі Кеңес Одағының басшылары қолдаған. Бұл аталмыш ауылдардың
даңқы, атақты сəйгүліктерімен, жүйрік тұлпарларымен бүкіл Қазақстанға,
бұрынғы Кеңес Одағына, тіпті дүниежүзіне танылды. Нəтижесінде бұл елді ме-
кендерде 50 жылдай уақыт Кеңес Одағында ең іргелі, озат тəжірибелі жылқы
өсіруші шаруашылық болған. 1945 ж. Жеңіс күніне арналған əскери парадты
маршал К.Г. Жуков Т. Рысқұлов (Луговой) Конезаводынан шыққан ақ боз атқа
мініп қабылдаған.
Рим, Токио олимпиадаларына қатысып алтыннан алқа таққан атақты сəйгүлік
жылқы – Абсент осы Т. Рысқұлов (бұрынғы Луговой) Конезаводында 1952 ж.
дүниеге келіп, осында сүйегі жерленген. Отанында оған арналған үлкен ескерткіш
бар.
Халық елді мекендерге ат бергенде оның эстетикалық, сұлулық, əдемілік
жағына да үлкен мəн берген. Өйткені шындық дүниені эстетикалық жағынан
бейнелеу халықты табиғаттың, қоғамның сырын біліп тануды жəне оны өзінің
керегіне жаратуды басты мақсат деп есептеді. Кез келген елді мекен аты сол
жердің ерекшелігін айқын бейнелеп ұрпақ болмысына қызмет ету үшін ұзағынан
ойланып қойылды. Керек болса, ол мекеннің аты мен затына сай болатын-
дай ұрпақ мақтанышына айналып, сол атқа сай іс-əрекет жасауды, сол жерді
көздің қарашығындай қорғауды, рухани өзек ететін отансүйгіштік асқақ сезімге
тəрбиелейді. Мысалы, Сұлутөр, Аққия, Далақайнар, Ботамойнақ, Кəріқорған,
Береке, Тасбастау, Мамыртөбе, Мыңбұлақ, Ұланбел, Қызылсай, Жайлаукөл,
Белбасар, Көктөбе, Берікқара, Ақермен, Ақсүйек, Мыңарал, Қараой, Тойқұдық,
Майтөбе, Тəтті, Көгершін, Өрнек жəне т.б.
Қордай ауданына қарасты Сұлутөр елді мекені төр лексемасымен кездейсоқ
ат алмаса керек. Халық дəстүрінде төрді «ең сыйлы орын» деп өзінің құрметті қо-
нағын жайғастырған. Төрдегі қабырғаға қол өнерінің озық үлгілерімен жасалған
бұ йымдар, атадан балаға мұрагерлікпен қалып отырған қару-жарақ, жағалы өр-
нек телген киімдер ілініп қойылған.
Дастарқан мəзірі де төрге арналып жасалынып қойылған. Тағамның таң дау лы-
лары да төрге қарай жылжытылады. Мұның да кумулятивтік функциясын ат қа-
ра тынын аңғару қиын емес.
Адамдардың Абай айтқандай: «Атаның баласы болмай, адамның ел сыйлаған,
құр меттеген тұлғасы болуды» бойына сіңіруге, соған талпынуға тəрбиелейді.
Абай идеясын жаңа заманның талабына сай трансформацияласақ, оның «Түбін-
де баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып білім алған. Би болған, бо лыс
болған өнер емес, Еңбектің одан өзге бəрі жалған» деген философиялық тұ-
жырымы білім мен ғылымның құдіретімен ұштасып жатқан тəрізді.
Екінші жағынан төр əсем, əрі эстетикалық жағынан адамның талғамын тəр-
бие лейтін жай ретінде санаға сіңген.
Аталмыш елді мекеннің орналасқан жері тақтайдай жазық, жері шүйгін,
көзге тартымды. Ондағы тұрғындар тұрған жеріне қарап сүйсініп, мақтан етуге
тұрарлық жер. Егін егіп, мал өсіруге қолайлы, еңбек етсең, салауатты өмір сал-
тын қалыптастыруға лайықты деген пікірге тіреледі.
Мамыртөбе, Бектөбе, Майтөбе, Ақтөбе, Тастөбе т.б. төбеге қатысты атаулардың
кумулятивтік қызметі туралы айтсақ, ұлан ғайыр территорияны қорғап қалу
мақсатында, жартылай көшіп-қону салтында бар халқымыздың болмысында
төбе сөзінің айрықша маңызы болған. Егер отырықшы елдерде жиналып шешім
қабылдайтын, ойын-сауықтар құратын жылжымайтын ғимараттар басым болса,
халқымыздың тарихында осы функцияларды төбе мен төмпешіктер, таудың бау-
райлары атқаратын болған.
«Күлтөбенің басында күнде жиын», - деп халық бекер айтпаған. Біріншіден,
төбе басында дайыны жоқ, салмағы айтарлықтай емес, мəселені түбегейлі шеш-
пей тін, жиналуды мақсат ететін, əйтеуір, бір жиын деген аты бар адамдардың
то бырын айтса, екіншіден, халық тағдырына тікелей қатысы бар, мемлекеттік
мə селелерді шешеуге бағытталған саяси-шаруашылық мəні бар түйінді про бле-
ма лардың басын ашу үшін хан, би, болыс, шешен, бектердің, батырлардың т.б.
халық алдында немесе халықсыз жиналатынын байқауға болады.
Төбе басында адамдардың еңсесі тіктеліп, тереңнен сыр тартып, жан-жағына
қарағанда, ата-бабадан мұра болып қалған алып даланы сақтап қалу үшін, «не
істеу керек» екендігін шешетін жердің символикасы сияқты болып көрінсе
керек. Төбе – көтерілген адамдардың асқан жауапкершілік пен патриоттық
сезімі ұшталып, алдағы болар оқиғаларды болжау жəне оларды əділетті шешу
жауапкершігі жүктелетін орын екендігін пайымдау қиын емес.
Ел мен елдің, ру мен рудың, болыстық пен болыстықтың жəне т.б. ара ларын-
дағы жер, жесір, қыз, мал, кек, т.б. дауларды жақсылардың жиналып, керек болса
ап талап қона жатып шешетін орындары осы төбе болған.
Жаудың ел шетіне кенеттен жақындап келмеуін сақшы арқылы қамтамасыз
ететін де биік төбенің үсті болған. Ел басқарған хандар мен батырлар жауының
бетін қайтарып, жеңісті қуанышты хабарлау үшін де елді жинап, төбе басына
көтерілген.
Бұл дəстүр бүгінгі таңда да өз жалғасын тауып, тəуелсіз халқымыздың
патриоттық сезімін асқақтатуда. Тəуелсіздігімізді əлемге паш ету үшін де Ел-
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ
З. ҚҰЛАМАНОВА
776
777
басы Н. Назарбаев көрші Өзбекстан мен Кырғызыстанның игі жақсылары –
президентері: Акаев пен Каримовты тарихи мəні бар Шымкенттегі Ордабасына
шақырып, үш елдің достығының мəңгі екенін жария етті. Бұл Кіндік Азиядағы
саяси тұрақтылыққа өз оң ықпалын тигізді деп айтуға болады.
Бұдан былай да төбе рухы халық рухындай көтеріліп шыңдала бермек.
Ортағасырлық қалалар қатарына жататын Наурызбас қалашығы туралы
айтсақ, наурыз парсының «жаңа» деген ұғымды беретін сөзі екені мəлім... Ал
ұлы ақын Абайдың араб басқыншыларының жергілікті тілде қалыптасқан атаме-
кен топонимдерін жаппай өзгерту саясатын, тіпті «Ұлыстың ұлы күні» атанған
Наурыз мерекесін Наршаһидің «Бұқара тарихы» атты еңбегі арқылы танысқанын
баян еткен.
Жергілікті түркі халықтарын ислам дініне күшпен біржола табындыру жо-
лында олардың ата-бабадан қалған тарихын, жазуын, салт-сана, əдет-ғұрпын,
тіпті, елді мекен атауларын арабшамен өзгертуді, жергілікті халықтың рухын
сындырып, өткенін ізсіз жоғалтудың бірден-бір тəсілі ретінде қараған. Өйткені,
бұл жергілікті халықты ислам дініне сіңдіріп, жұтып жіберудің пəрменді жолы
болатын-ды.
Араб халифатының біржола үстемдігін қалтқысыз жүргізу үшін Түркістан
өлкесін жаулап алып елді мекен, жер-су, көше, төбе т.б. халық атауларының бəрін
өзгертуге кірісуі исламизмнің құдіретін жергілікті халыққа мойындату болды.
«Жергілікті халықты неғұрлым тарихи жадынан, ата-салты, əдет-ғұрпынан, көз
жаздырсақ, соғұрлым тарихи есін сөндіріп, рухани құлдыққа əкелеміз» деп есеп-
теген.
Аталмыш əрекет сан ғасырлар бойы қорланып қалыптасқан, сол арқылы
халықтың тарихи көне шежіресінен белгі беріп отыратын атамекен, жер атаула-
ры мəңгілік тұрғанда, халықтың тарихы, жады бұлжымай сақталу қалпынан се-
скенген басқыншылардың қай-қайсысы да, ең алдымен қанды шеңгелін жер ата-
уларына салды. Басқыншылар мұнымен тынбай халық тарихының ғасырларға
созылған рухани өзегінің құралы болып есептелетін, яғни өткен ұрпақ пен жаңа
жас буын ұрпақты рухани қазына көзімен ұштастырып, сабақтастық дəстүрін
бекітіп, өміршеңдігін арттыратын басты құралы – жазуды істен шығару мақсатын
алға қойды. Жергілікті этнос тіліндегі кітаптарды өртке беріп, мəдени мұраларды
қиратып, сауаты барларды түгел қырып, араб жазуы мен ислам идеологиясын
күшпен орнықтырды. Бұл түркі тектес халықтардың тарихына, өміріне, болмы-
сына жасалған ең зор қиянаттың бірегейі еді.
Сонымен Жамбыл облысы ойконимдерінің кумулятивтік қызметі қазақ
этносының əлеуметтік – тарихи өмір сүру жағдайы, рухани өмірі, географиялық
орта мен шаруашылығына, салт-дəстүріне байланысты ерекшеліктері мен ба-
сты қасиеттерін атауда нақты жəне соған қатысты болуымен сипатталатынын
аңғардық.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, ойконимдер адамдардың жəне қоғамның тарихы
іспеттес, олар түрлі себептермен дүниеге келіп, өмірде кеңінен қолданыс таба-
тынын, былайша айтқанда, өзіне тəн тарихы болатынын пайымдадық. Кейбір
атаулар мыңдаған жылдар, кейбіреулері тек жүздеген, баз біреулері санаулы
жылдарға ғана тəн келеді. Олардың бұлай ғұмыр кешуі тарихи-қоғамдық, саяси-
экономикалық факторларға байланысты болатындығын аңғардық.
Сонымен тұжырымдай айтсақ, əрбір ойконим өз дəуірінің жемісі, тарихи
жағдайларға байланысты дүниеге келген. Кейбір жағдайларда ойконимнің пай-
да болуының уақыты дəл көрсетілмегенмен, сол кезеңнің нышандары байқалып
тұрады. Оны атаудың мазмұны мен құрылымынан байқау қиын емес екендігіне
көз жеткіздік.
Еңбегіміздің нəтижелеріне зер салсақ, облыс тарихында, бұл жерде, ескі за-
мандарда сақтар мен сарматтардың, одан соң Б.д.д. III-IІ ғғ. қаңлылардың б.д.
ІІ ғ. бастап үйсіндердің, VI-VIII ғғ. Батыс Түркі Қағанатының болғаны, Шу
өзені сағасында оның Суяб деген астанасының тұрғаны, одан кейін Х-ХІІ ғғ.
Қарлұқ, Оғыз, Қараханид хандықтарының билігі, ХІІІ ғ. Монғол үстемдігі,
ал ХVIІ ғ. жоңғар қалмақтарының үздіксіз шабуылының нəтижесінде, кейбір
жерлерді мекендеуі, XVIII ғ. ІІ жартысынан патшалық Ресейдің отарлауы жер-су
аттарының өзгертіліп, жаңаша аталуына сөзсіз ықпал еткендігін байқадық.
Тарихи деректерге сүйене отырып, ойконимдердің пайда болуының тарихи
кезеңдерге тікелей байланысты екендігін байқауға болады. Бірақ атаулардың
нақты хронологиясы (атаулардың уақыт кезіне байланыстылығы) көбіне жаз-
ба деректердің қолда барлығына, нақтылығына да байланысты екендігі басты
мəселе боп саналды. Алайда, түркі əлемінде ойконимдерді зерттеп білудің ең ба-
сты қиындығы жазба ескерткіштердің тапшылығы болса, бұл аз мұралардың өзі
тəуелсіздік алғаннан кейін ғана ғылыми айналымға енуге мүмкіндік алды.
Жамбыл облысының ортағасырлық ойконимдері туралы сөз еткенімізде,
міндетті түрде, ғалымдар экспедицияларының нəтижелері, жасаған архео-
логиялық қазба жұмыстары, тарихи өлкетану мұрағаттарын жинау бойын-
ша жазған ғылыми еңбектерін басшылыққа алып отырдық. Сол зерттеулер
негізіндегі атауларды жұмысымыздың нысаны, нысанасы етіп, талдау жасадық.
Сонымен қорыта айтсақ, аймақ ойконимдерінің пайда болу, даму, қалыптасу
жайы сонау б.д. б. ежелгі замандардан басталғанын тарих беттерін зерделей оты-
ра көз жеткіздік. Жамбыл аймағындағы ежелгі заман жəне ерте ортағасырлық
ойконимдер қатарына мына төмендегі атауларды жатқызамыз: Қаңлы мемлекеті,
Үйсін мемлекеті, оның астанасы – Шығу (Чечук, Чичучень – «қызыл алқа»), Та-
лас, Тараз, Суяб, Долос, Құлан, Меркі, Аққұм, Ақтөбе, Жуантөбе жəне т.б.
Облысымыздағы ортағасырлық ойконимдерді зерттеу нəтижелеріндегі
тұжырымдармызды қорыта айтқанда, қалалардың сауда жолының бойын-
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ
З. ҚҰЛАМАНОВА
778
779
да жатуы, оның аймағындағы қалалардың да дамуына үлкен əсерін тигізген.
Х-ХІІ ғғ. қалада болған саяхатшылардың деректеріне қарағанда, 200-ден астам
қыстақ-кенттер мен қалашықтар Тараздың төңірегінен қоныс теуіп орталығына
айналған. Мұнан көрінетін жағдай, өндіргіш күштің дамуы тек орталық Таразда
ғана өсіп қоймай оған көрші жатқан серіктес Атлах, Барсхан, Төменгі Барсхан,
Ақтөбе, Түймекент, Төрткөл, Жувикат, Жикил, Төрткүл т.б. аттары белгісіз қала
мен қалашықтар да дамығаны анықталды.
Жаңа дəуірлік ойконимдер, сайып келгенде, қазақ даласы алапат иірімдерді ба-
сынан кешірді.
Біріншісі, жоңғар қалмақтарының ғасырға жуық көрсеткен азапты соғысы
кезінде олардың билеушілері халықтың жадынан адастыру үшін біраз атауларды
өзгертуге күш салған.
Екіншісі, Ресей империясының отарлау саясаты аярлықпен жүргізіліп, қаз-
ақ даласын өз меншігіне түбегейлі айналдыруды тарихи қалыптасқан ой ко ни-
ми калық атауларды барынша ауыстырып, ал жаңа елді мекендердің аттарын
Орталық Ресейден келген келімсектердің атынан қойып, қазақтарды эт нос ре-
тін де тарих сахнасынан біржола ығыстыруды түпкі мақсат ретінде ұс тан ға нын
нақты мысалдармен дəлелдедік.
Жамбыл облысының осы кезеңге дейінгі басынан кешкен тарихи оқиғалары
ой конимиядағы лингвистикадан тыс экстралингвистикалық факторлар, яғни
қор шаған ортаның көрінісі арқылы ғана емес, сонымен қатар адамның санасы,
оның түсініктері, рухани байлығы арқылы іске асып отырылатындығының куə-
сі екені дəлелденді. Осы тұрғыдан қарастырғанда, əрбір ойконимиялық жүйе
əлемдік дамудың тілдік фрагменті түріндегі ойконимиялық əлем бейнесі ретінде
сол жердің, халықтың болмысын көрсететіндігін дəлелдеуге тырыстық.
Атамекен, жер, елді мекен атауларының жиі өзгеріске түсуіне əкеліп соқтыратын
елеулі себептер, көбінесе ел тарихындағы жаугершілік, отаршылдық, жаулап
алушылық əрекеттерімен тікелей байланыстылығы бар екенін, оның себебін
осы Жамбыл облысындағы ойконимдердің сан алуан өзгерістерінен байқадық.
Нақтылай айтсақ, Б.д.д. І ғ. бастап-ақ халқымыздың басынан кешкен тари-
хи оқиғаларын, қа зіргі кезде жүргізіліп жатқан археологиялық қазбалар жəне
ғылыми зерттеу жұ мыс тарының нəтижелерінен білеміз.
Сонымен облыс ойконимдерінің шығу, даму, қалыптасу тарихын төмендегіше
бөліп қарастырдық:
1. Ежелгі заман жəне ерте ортағасырлық ойконимдер (Б.д.д. VIIІ ғ.);
2. Ортағасырлық ойконимдер (VIIІ – XVI ғғ.);
3. Жаңадəуірлік ойконимдер (XVI – XIХ ғғ.);
4. ХХ ғ. жəне Тəуелсіз мемлекет кезеңіндегі ойконимдер (1900 ж. бастап).
Бұған Жамбыл облысы аймағындағы ойконимдер материалдары толық дəлел
болады.
Елді мекен атауларының өзгеріске ұшырап, ауысып отыру құбылысы тарихи
жағ дайларға тікелей байланысты болып келеді. Ойконимдердің тілдік сипатта-
ры жөніндегі тұжырымдарымыз бойынша, Жамбыл об лыс ы ойконимдерінің үш
лек си калық қабаттан тұратынын нақты материалдарға негізделе отырып ан ық-
талды:
1) субстратты (ежелгі) қабат;
2) түркі (қазақ) тілдік қабат: а) көне түркілік қабат; ə) қазақ тілдік қабат;
3) кірме қабат. Бұл ішінара: а) араб, иран лексикалық қабат, ə) орыс тілдік
қабатқа бөлінеді.
Кірме қабаттар: орыс тілінен енген ойконимдердің басқа араб, парсы тілде-
рі нен енген ойконимдерден айырмашылықтары бар екендігі байқалады. Жұ-
мысымыздың орыс тілді лексикалық қабатында Кеңес дəуіріне дейінгі жəне ке-
йінгі ойконимдерді тұтас қарастырдық.
Қорыта айтсақ, Жамбыл облысының ойконимиясы өзіне ғана тəн стратигра-
фия лық ерекшеліктерге ие. Əрбір лексикалық қабаттар бірден қалыптаспай, осы
ай мақтың саяси-əлеуметтік қарым-қатынасы, тарихи кезеңдері мен иірімдерін
ба сынан кешкендігінің дəлелі болып табылады.
Жамбыл облысы ойконимдерінің семантикасы аталып отырған белгілі бір объ-
ект жайында тиісті мағлұмат беретіндігі жəне сол жер-суға адамның қа тыс ты-
ғын да көрсетіп, білдіріп отыратындығын анықтадық. Сонымен Жамбыл облы сы
ойконимдерін 15 түрлі семантикалық топқа бөліп сараладық.
Зерттеу жұмыстарының нəтижесінде Жамбыл облысы ойконимия сы ның өзіне
тəн құрылымдық ерекшеліктері бар екендігі анықталды. Об лыс ойко нимдер
жүйесінің құрылымдық сипаты – ойконимдерді қалыптастыратын қосымшалар,
олардың құрылымдық түрлері, жасалу (сөзжасамдық) тəсілдері, детерминатив-
тер мен олардың ойконимиядағы рөлі, топоформанттар мен олардың ойконимді
пайда етудегі маңызы мəселердің басын құрайтындығын мысалдар арқылы
дəлелдеп бердік.
Қорыта айтқанда, ойконимдік материалдарды жинап, оны тарихи-лин гвис ти-
калық жақтан талдаудың тіл тарихы мен қоғам тарихы əрі этнография, география
ғылымдары үшін мəн-маңызы аса зор екендігін, ойконимдік ма териалдардың
халқымыздың мол қазынасы, мəдени байлығы, тілі мен та рихының қайнар
бұлағы, ата мұрасы екендігін, шығу тегіне, тарихына қарай лингвистикалық
тұрғыдан ғалымдар еңбектеріне, ғылыми сөздіктерге сүйене отырып талдадық.
Қазақ даласын мекен еткен ежелгi ру мен тайпалардың сонау ықылым заман-
нан басталатын ұзақ тарихы болғанымен, сол халықтар туралы, олар қоныстанған
жер, қала туралы жазба деректер тым аз. Сондықтан да біз, мүмкіндігімізше,
еңбегіміздің бұл тарауында ойконимдерге халықтық этимология жəне ғылыми
этимология негізіндегі шығу төркініне түсінік беріп, тарихи-лингвистикалық
талдау жасалып салыстырыла отырып зерттелді.
КІРІСПЕ
780
Аймақ ойконимдерінің этномəдени сипаты мен кумулятивтік қызметін анық-
тау дағы түйіндеріміз бен тұжырымдармыз төмендегіше:
– əр кезде де халық өзі туып өскен елді мекен, жер, су, өзен атын қоюдың бір-
ден-бір заңды авторы деген ұғымды білдіретіндігін;
– қандай бір елді мекен, жер атаулары болсын, олардың алдымен халық тара-
пынан қой ылатынын;
– ойконимдер халықтың тарихи жадының көрінісі ретінде өз ішінде əуелі
тіл ді, рухани ұғым-наным мен дүниетанымды, тіпті əдет-ғұрыпты да, яғни эт-
но мəдениетін қоса қамти отырып, кешенді түрде ақпарат берудің көзіне ай нал-
ғандығын талдап, дəлелдедік.
Бұл еңбегімізді жазу барысында пайымдағанымыз, Жамбыл облысы ойко ним-
дерінің тілдік, этномəдени жəне кумулятивтік қызметіннің біртұтас қазақ же-
ріндегі онимдерге (ойконимдерге) сай екендігі анықталды.
Жамбыл облысы ойконимдерінің ментальдік саласы олардың куму ляти втік
қызметімен анықталады. Бұл қызмет түрінің басты ерекшелігі қоғамның жəне
қоғамда өмір сүретін адамдардың өмірлік тəжірибесін, ментальдік ұғымдарын
жинау, сақтау жəне басқаларға (транcляциялау) жеткізіп отыру. Əрбір ойконимнің
кумулятивтік қызметі – жас ұрпақ, сондай-ақ қоғам иесі адам бойындағы тəлім-
тəрбиелік интелектіні, сананы, білімділікті, мəдениеттілікті, т.б. жетілдіруге
септігін тигізеді. Біз оны жоғарыдағы Жамбыл облысында кездесетін кейбір ой-
конимдер қатарына талдау жасау арқылы дəлелдедік.
Сайып келгенде, Жамбыл облысы ойконимдерінің тілдік, тарихи маңыз ды-
лығын зерттеудің – тарихымыздың бұрынғысын талдап, бүгінгісін зерделеп,
болашағын болжауға септігін тигізіп жатқандығын байқау қиын емес. Бү гінгі
таңдағы ойконимдердің халық тарихы мен оның игілігіне қызмет етіп, өр-
кениеттілікке қол созуға өз үлесін қосып жатқанынының куəсіміз.
МҰРАҒАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАР
МҰРАҒАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАР
782
783
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ
1939 ЖЫЛЫ ЖƏНЕ ОДАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕРДЕ
ƏКІМШІЛІК-АУМАҚТАРҒА БӨЛІНУІ*
Жамбыл ауданы
1928 жылы 17 қаңтарда Аулие-Ата Сырдария округінің құрамына енгізілді.
1932 жылы 20 мамырда Аулие-Ата Оңтүстік Қазақстан құрамына енеді.
1936 жылы 10 қаңтарда Əулие-Ата қаласы Мирзоянға өзгереді.
1938 жылы 1 шілдеде Мирзоян қаласы Джамбул болып өзгертіледі.
1939 жылы 14 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы құрамынан Джамбул
облысы бөлініп шықты.
1939 жылы 14 қазанда Джамбул аданы 15 сельсоветке бөлінді: Ақбұлақ,
Ақжар, Ақкөл, Ақтөбе, Аса, Берікқара, Бесағаш, Билікөл, Головачевка, Гродиков,
Есентөбе, Қаратөбе, Қараөзек, Қостөбе, Полатқосшы.
1939 жылы 28 желтоқсанда Джамбул ауданының колхоз орталығы Куйбышев
болды.
1940 жылы 24 сəуірде Жоғарғы Совет кеңесі шешімімен Көлқайнар селолық
советі Свердлов ауданына ауыстырылады.
1954 жылы 12 шілдеде Жоғары Совет Президиуымының Қаулысы бойынша
Ақкөл жəне Головачевка біріктіріліп, орталығы Головачевка болды. Ақжар жəне
Гродиков сельсоветінің орталығы Гродиков, Ақбұлақ пен Қостөбе бір орталыққа
біріктіріліп, орталығы «Красная звезда» селосы болады.
1961 жылы 16 маусымда Берікқара сельсоветі Талас ауданына бағындырылды.
1962 жылы 17 қаңтарда аудан орталығы Асаға ауыстырылады.
1962 жылы 24 желтоқсанда Ақтөбе селсоветі Бесжылдық сельсоветке
өзгертіледі.
1963 жылы 2 қаңтарда ҚазССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығы
бойынша біраз аудандар қысқартылады. Аса, Бесжылдық, Билікөл, Головачевка,
Ерназар, Есентөбе, Каратөбе, Көлқайнар сельсоветтері Жуалы ауданына,
Бесжылдық, Гродиков, Қостөбе жəне Полатқосшы сельсоветі Свердлов ауданына
қаратылды.
1966 жылы 31 қаңтарда Джамбул ауданының орталығы қайта құрылып, Аса,
Головачевка, Ерназар, Қаракемер, Қаратөбе сельсоветтері Жуалы ауданына жəне
Бесағаш, Гродиков, Джамбул, Көлқайнар, Пионер жəне Полатқосшы сельсоветтері
Джамбул ауданына қаратылды.
1973 жылы 17 сəуірде аудан орталығы Джамбул қаласынан өзгеріп, Асаға
ауыстырылды.
1975 жылы 5 тамызда Джамбул облисполкомы құрылды.
*
Аталмыш жазбалар – зерттеулер нəтижесінде толығынан архивтерден табылған матери-
алдар. Материалдарда берілген топонимикалық атауларға архивтік құжаттағы нұсқасы дəл жа-
зылды. Мысалы, Əулиеата – «Аулие-Ата». (З. Қ.).
1975 жылы 30 желтоқсанда Президиумының Жоғарғы Совет Кеңесімен Ильич,
Өрнек сельсоветі құрылды.
1976 жылы 1 желтоқсанда 15 аудан мынадай сельсоветтерге бөлінді: Аса,
Бесағаш, Головачевка, Джамбул, Ерназар, Ильич, Қаракемер, Қаратөбе, Қарасай,
Көлқайнар, Қызылқайнар, Пионер, Полатқосшы, Өрнек.
1981 жылы 22 тамыз – 9 сəуір аралығында Жоғарғы Совет Президиумының
Қаулысы, облисполкомның шешімімен Құмшағал, Красная Звезда, Бесжылдық
сельсоветтері құрылды.
1991 ж. 5 шілде ҚР Жоғарғы Кеңесі төралқасының №751 қаулысымен Головачев
атауы Айша Бибі болып өзгертіліп, орталығы Айша – Бибі болды.
1994 жылы 1 қаңтарда аудан 18 сельсоветке: Аса, Айша Бибі, Ақбұлым,
Бесағаш, Гродиков, Жамбыл, Ерназар, Қаракемер, Қаратөбе, Қараой, Көлқайнар,
Краснозвезда, Құмшағал, Қызылқайнар, Полатқосшы, Түркісіб, Өрнек болып
бөлінді.
Достарыңызбен бөлісу: |