М. Х. Дулати атындағы Тарму-дің Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған



Pdf көрінісі
бет108/110
Дата18.01.2017
өлшемі15,4 Mb.
#2185
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110

Жуалы ауданы

Аудан 1928 жылы қаңтарда құрылған. Əулие-Ата уезінің Бурный – Октябрь, 

Жуалы,  Ванновка,  Қошқарата  болыстары  Шымкенттің  құрамында  болды. 

17 желтоқсан 1930 жылдан бастап аудан орталығы Ванновка селосы болады. 

1932 жылы аудан 20 ақпаннан бастап Оңтүстік Қазақстан облысына құрамына 

енеді. 1951 жылы 15 наурызда Жоғарғы Совет Приезидиумның Қаулысы бойынша 

аудан  Жамбыл  облысының  құрамына 20 ауылсовет  енді:  Алексеев,  Ақтөбе, 

Амансай, Бахатея, Братск, Боралдай, Бурный-Октябрь, Евгеньев, Кантемировка, 

Қазан,  Кременев,  Көлбастау,  Қоңыртөбе,  Күркіреу,  Қошқарата,  Күреңбел, 

Некрасов, Петров, Самсонов, Мыңбұлақ. 

1954  жылы 12 маусымда  Жоғарғы  Совет  Президиумының  Қаулысы  бойын-

ша  Бахатей  сельсовет;  Бұралдай  Луначар  атауын  өзгертіп,  орталығы  Луначарка 

болады. Қантемировка Некрасовпен бірігеді. 

1966  жылы 31 қаңтарда  Жоғарғы  Кеңес  Президиумының  бойынша  Аса, 

Головачевка,  Ерназар,  Қаракемер,  Қаратөбе  сельсоветтері  Жамбыл  ауданына 

қарады. 


1967 жылы 2 қаңтарда Берікқара сельсоветі Талас ауданына қарады. 

1976 жылы 1 қаңтарда аудан 12 сельсоветтен құралды: Ақтөбе, Билікөл, Боль-

шевик, Бурный, Бурно-Октябрь, Евгеньев, Қазан, Кременевка, Луначарка, Петров, 

Самсонов, Талдыбұлақ. 



Көктерек ауданы 

1939  жылы  қараша  айынан  бастап  Шу  ауданынан  бөлініп,  құрамына. 

Қызылорда,  Көктерек,  Куйбышев,  Сарыкемер  жəне  Фурмановка  сельсоветтері 

енді. 


1943  жылы 17 қарашада  Қызылорда  сельсоветі  Жамбыл  сельсоветіне  ауыс-

тырылады. Оның құрамына Көкей, Кантемир сельсоветі енді. 



МҰРАҒАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАР

МҰРАҒАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАР

784

785

1954 жылы 12 маусымда Көкей сельсоветі Кеңеске ауыстырылады. Көктерек 

жəне  Коминтерн  сельсоветі  Кантемирмен  біріктіріліп  аудан  орталығы  Бірлік 

болды. 


1959  жылы 27 маусымда  Қараөзен  мен  Фурманов  бірігіп,  Фурмановка 

сельсоветі, Кеңес, Коминтерн сельсоветі бірігіп, орталығы Коминтерн сельсоветі 

болды. 

1960 жылы 6 маусымда Куйбышев сельсоветі ретке келтіріледі. 



1961 жылы 16 маусымда əкімшілікке бағынған аудан Ұланбел сельсовет Шу 

ауданына беріледі. 

1962 жылы 20 наурызда Құмөзек сельсоветі құрылады. 

1963  жылы 2 қаңтарда  Шу  ауданы  құрылып,  Джамбул,  Көктал,  Коминтерн, 

Құмөзек, Сарыкемер, Ұланбел, Фурманов сельсоветтері беріледі. 

Красногор ауданы

1935 жылы 9 қаңтарда Алматы облысының ауданы болды. 

1939 жылы 14 қазанда Жоғарғы Кеңес Президиумының Қаулысымен Жамбыл 

облысына  берілді.  Оған:  Ақтерек,  Алға,  Беріксай,  Ворошилов,  Джамантинск, 

Красногор, Красно-Октябрь, Отар, Ұмтылсай сельсоветтері қарады. 

1954  жылы 12 маусымда  Джамантин  жəне  Ақтерек  селолық  советі  бірігіп 

Ақтерек сельсоветі болады. 

1957  жылы 26 қыркүйекте  Красногор  мен  Қордай  ауданы  бірігіп,  Қордай 

ауданы болып, орталығы Георгиевка болды. 

1973  жылы 24 желтоқсанда  Красногор  ауданы  қайтадан  құрылды.  Орталы-

ғы – Отар.  Құрамындағы  ауылдық  əкімшіліктер:  Алға,  Красногор,  Сарыбұлақ, 

Жамбыл, поселкілер: Отар, Гвардейский жəне Қордай. 

1975 жылы 30 желтоқсанда Жаңтұрмыс пен Малоархангельск ауыл əкімшілігі 

құрылды. 

1976  жылы 1 қаңтарда  Алға,  Жаңатұрмыс,  Красногорск,  Малоархангельск, 

Ұмтыл ауыл əкімшіліктері құрылды. 

1988  жылы 19 шілдеде  Красногор  ауданының

 

Гвардейский,  Қордай,  Отар, 



Алға,  Жаңатұрмыс,  Кенен,  Красногор,  Малоархангел,  Сарыбұлақ  ауылдық 

əкімшіліктері Қордай ауданына қарасты болып бекітіледі. 



Қордай ауданы

Алматы округі 1928 жылы 7 қаңтарда Қастек, Нариманов жəне Шайтөбе, Шу 

округтері құрамында құрылды. 

1939  жылы 14 қазанда  Жамбыл  облысы  Қордай  ауданына  мынадай  ауыл 

əкімшіліктері қарады: Ауқатты, Благовещин, Георгиевка, Қарақоңыз, Михайлов, 

Нововоскресенск, Успеновка, Черная речка, Сортөбе, Еңбек. 

1943 жылы 27 қазанда Красногор, Алға ауыл əкімшілігі Қордайға берілді. 

1954 жылы 12 шілдеде Новоалександровка мен Қорақоңыз ауылдары бірігіп, 

Лубзавод ауыл əкімшілігін құрды. 

1957 жылы 26 қыркүйекте Қордай Красногорск ауданымен біріктіріліп, Қордай 

ауданы құрылды. Орталығы – Георгиевка. Ауыл əкімшіліктері: Ақтерек, Бірлік, 

Ворошилов, Красногор, Красно-Октябрь, Ұмтыл. 

1958 жылы 15 қыркүйекте Ворошилов жəне Красно-Октябрь ауыл əкімшіліктері 

құрылып,  орталығы  Красно-Октябрь  болды.  Георгиевка  мен  Бірлік  бірігіп, 

Георгиевка ауыл əкімшілігі болады. 

1960 жылы 27 мамырда Красногор мен Красно-Октябрь ауыл əкімшілігі бірігіп, 

Красногор ауыл əкімшілігін құрады. 

Лубзавод поселкісі мен Еңбекші ауыл əкімшілігі бірігіп, Лубзовод поселкісін 

құрады. 

1964 жылы 22 маусымда Ақтерек ауыл əкімшілігі Алматы облысына беріледі. 

1965 жылы 30 шілдеде Қарақоңыз ауылы Масанчи болып өзгереді. 

1967 жылы 1 қазанда Сарыбұлақ ауыл əкімшілігі құрылады. Орталығы Қордай. 

1973  жылы 24 желтоқсанда  Алға,  Красногор,  Сарыбұлақ,  Ұмтыл  ауыл 

əкімшіліктері Красногор ауданына беріледі. 

1975 жылы 10 маусымда Қасық ауыл əкімшілігі құрылады. 

1975  жылы 17 қыркүйекте  Жамбыл  облысы  əкімшілігінің  шешімімен  Завод 

ауыл  əкімшілігі, 1975 жылы 30 желтоқсанда  Қаракемер  жəне  Рисороб  ауыл 

əкімшілігі құрылды. 1976 жылы 1 қаңтарда Қордай ауданына 7 ауыл əкімшілігі: 

Ауқатты, Благовещин, Георгиевка, Рисороб, Успеновкка, Черная речка, Сортөбе 

қарасты болады. 

1983 жылы 26 мамырда Ұмтыл ауыл əкімшілігі Кенен ауыл əкімшілігі болып 

өзгеріп, орталығы Кенен ауылы болады. 



Мойынқұм ауданы 

1964 жылы 31 желтоқсанда құрылған ауданның құрамынан Жамбыл, Қызылтал, 

Коминтерн,  Құмөзек,  Сарыкемер,  Ұланбел,  Фурманов  ауылдары  Шу  ауданына; 

Жайлаукөл ауылы Талас ауданына кірді. 

1967 жылы 2 қаңтарда Жайлаукөл ауылы Сарысу ауданына берілді. 

1967 жылы 1 қазанда Қарабөгет ауылы құрылды. 

1976  жылы 1 қаңтарда  Айдарлы,  Жамбыл,  Қарабөгет,  Коминтерн,  Құмөзек, 

Қызылтал,  Сарыкемер,  Талдыөзек,  Ұланбел,  Фурманов  Мойынқұм  ауданының 

құрамына кірді. 

1986  жылы 27 наурызда  Сарыөзек  ауылының  орталығы  Сарыөзек  болып 

белгіленді. 

Луговой ауданы 

1938 жылы 9 ақпанда ауданынан бөлініп шықты. 

1939 жылы 14 қазанда Жамбыл облысына қарасты Луговой ауданында: Ақтоған, 

Ақыртөбе, Жаңатұрмыс, Калинин, Каменск, Қаракемер, Корағаты, Қызылшаруа, 

Луговой,  Мойынқұм,  Новосел,  Сазарық,  Сұлутөр,  Тельман,  Еңбекші  ауылдары 

болды. 


1953 жылы 26 қыркүйекте аудан орталығы Луговой ауылы болды. 

1954  жылы 12 шілдеде  Ақыртөбе  ауыл  əкімшілігі  Тереңөзекке  бағындыры-

лады. Калинин Тельман ауыл əкімшілігі бірігіп, Калинин ауыл əкімшілігі болды. 

Мойынқұм Ақыртөбе болып өзгертіледі. Орталығы Ақыртөбе. 



МҰРАҒАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАР

МҰРАҒАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАР

786

787

1958 жылы 15 қыркүйекте Абай ауыл əкімшілігі құрылды. 

1960 жылы 6 маусымда селсовет қаулысы бойынша Ленин поссоветі (поселкелік 

кеңес) құрылды. 

1963 жылы 2 қаңтарда таратылған аудандағы мынадай ауылдар: Абай, Ақтоған, 

Жаңатұрмыс,  Калинин,  Каменск,  Қызылшар,  Құрағаты,  Ленин,  Луговой  жəне 

Подгорный  Меркі  ауданына,  Ақыртөбе,  Новосель,  Сугетин  (Сөгеті),  Тереңөзек 

ауылдары Свердлов ауданына берілді. 

1964  жылы 31 желтоқсанда  Луговой  ауданы  қайта  құрылып,  орталығы 

Луговой болды. Оның құрамына Абай, Ақтоған, Жаңатұрмыс, Калинин, Каменск, 

Қызылшаруа, Құрағаты, Ленин, Луговой, Подгорный ауылдары Меркі ауданынан, 

Ақыртөбе, Новосел, Сугетин (Сөгеті), Тереңөзек ауылдары Свердлов ауданынан 

кері қайтарылды. 

1973 жылы 21 желтоқсанда орталығы Ақтоған ауылына Көгершін аты берілді, 

Юбилейный ауылының орталығы Новосел ауылы болды. 

1975 жылы 25 тамызда Орден ауылы құрылды. 

1976  жылы 1 қаңтарда  ауданға 11 ауыл  қарады.  Абай,  Ақтоған,  Ақыртөбе, 

Қызылшаруа,  Ленин,  Луговой,  Новосел,  Орден,  Подгорный,  Сөгеті,  Тереңөзек 

қарады. 

1991  жылы 9 қазанда  ауыл  ауыл  əкімшіліктерінің  орталықтары  өзгертілді 

Каменка  мен  Қарақыстақтың  орталығы – Каменка.  Сөгеті,  мен  Қайындының 

орталығы – Қайыңды, Луговой, Құлан ауылдарының орталығы – Құлан болды. 

1993 жылы 4 мамырда Калинин ауылы Көкдөнен болып өзгертіліп, орталығы 

Көкдөнен;  Подгорный,  Құмарық  ауылдарының  орталығы – Құмарық  болып 

белгіленді. 

1994 жылы 1 қаңтарда ауданда 15 ауылдық əкімшілік болды: Абай, Ақтоған, 

Ақыртөбе, Жаңатұрмыс, Көкдөнен, Қарақыстақ, Құрағаты, Қызылшаруа, Құлан, 

Құмарық, Қайыңды, Ленин, Новосел, Тереңөзек, Өрнек. 



Меркі ауданы 

1926 жылы 17 қаңтарда Аспара, Меркі, Құмарық болысы Əулие-атаға қарады. 

1932 жылы 20 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысының құрамына кірді. 

1939  жылы 14 қазанда  Жамбыл  облысы  құрамына  кірген  ауылдар: 

Ақтоған,  Жаңатұрмыс,  Жаңатоған,  Кеңес,  Красногор,  Красный  Интер-

ноционал, Ленин жолы, Тəтті. 

1954 жылы 12 маусымда Красногор жəне Меркі ауылы Меркі ауылына бірікті, 

Мыңқазан, Нововоскресенск бірігіп, Нововоскресенск, Ойтал ауылы Кузьминге 

өзгертіліп, орталығы – Кузьмин болды. 

1958 жылы 15 қыркүйекте Ленин жолы, Тəтті ауылдары Тəтті ауылына бірікті. 

1960 жылы 27 мамырда Аспара ауылы құрылды. 

1962 жылы 24 желтоқсанда Ақтоған ауылы Большевик ауылына өзгертілді. 

1963  жылы 2 қаңтарда  Луговой  ауданының:  Абай,  Ақтоған,  Жаңатұрмыс, 

Калинин, Қызылшаруа, Курагаттин, Ленин, Луговой, Подгорный ауылдары қайта 

Меркі ауданына берілді. 

1967 жылы 1 қазанда Новоаспара ауылы құрылды, орталығы – Новоаспара. 

1972 жылы 16 маусымда Жамбыл ауылы құрылды. 

1973  жылы 21 желтоқсанда  Аспара  орталығы  Ақермен  орталығы  болып 

өзгерді. 

1976  жылы 1 қаңтарда  ауданға  мына  ауылдар:  Аспара,  Большевик,  Жамбыл, 

Жаңатоған,  Кеңес,  Красно-Октябрь,  Кузьмин,  Меркі,  Жаңааспара,  Ново-

воскресенск, Тəтті енді. 

1979 жылы 18 шілдеде Жамбыл ауылы Красно-Октябрьге ауысты, орталығы – 

Красно-Октябрь. 

1979  жылы 11шілдеде  атауы  өзгерді:  Аспара  ауылы  орталығы – Ақермен 

ауылы; Красно-Октябрь ауылы – орталығы Сұрат. 

 

Талас ауданы 

1928 жылы 17 қаңтарда Сырдария округының құрамына Төменгі Талас, Аса 

жəне Талас болыстары кіріп, Оңтүстік Қазақстан облысына енді. 

1939  жылы 14 қазанда  Жамбыл  облысы  құрылды.  Талас  ауданына:  Ақөзек, 

Бостандық, Ерназар, Қараой, Карл Маркс, Қызылту, Қызыл Октябрь, Қызылтаң, 

Ленин, Сталин, Тамды, Үшарал сельсоветтері кірді. 

1943 жылы 27 қазанда Сталин сельсоветінің орталығы Ойық болып өзгертілді. 

1954  жылы  Ақөзек  пен  Карл  Маркс  сельсоветі  бірігіп,  орталығы – Алғабас; 

Бостандық,  Қызылтаң  сельсоветтері  бірігіп,  орталығы – Бостандық;  Қызыл 

Октябрь ауылы Ақкөлге өзгереді. Орталығы – Ақкөл. 

1957  жылы 30 маусымда  Ақөзек  Бостандық  ауылының  құрамына  енгізілді. 

Қараой ауылы Қаратау поссоветіне, Сталин сельсоветі Ойық болып өзгерді. 

1961 жылы 25 сəуірде орталығы Шолақтау болды. 

1961  жылы 16 маусымда  Жамбыл  ауданындағы  Берікқара  ауылы  Талас 

ауданына, Ерназар ауылы Жамбыл ауданына беріледі. 

1962 жылы 24 желтоқсанда Ленин ауылы Кеңес ауылы болып өзгереді. 

1963  жылы 2 қаңтарда  Сарысу  ауданы  таратылып,  Байқадам,  Жайылма, 

Жайлаукөл, Коммунар, Комсомол, Түркістан ауылдары Талас ауданына берілді. 

1964 жылы 31 желтоқсанда Жайлаукөл ауылы Мойынқұм ауданына берілді. 

1965  жылы 24 сəуірде  Жайылма,  Кеңес  ауылы  Жамбыл  ауылдық  советіне 

бірікті. Жданов ауылының орталығы – Жданов. 

1967  жылы 2 қаңтарда  Берікқара  ауылы  Жамбыл  атына  өзгертіліп,  Талас 

ауданына кірді. Байқадам, Жайылма, Коммунар, Комсомол, Түркістан ауылдары 

Сарысу ауданына кірді. 

1976  жылы 1 қаңтарда  ауданда 10 ауыл  болды.  Олар – Ақкөл,  Берікқара, 

Бостандық, Жданов, Қаратау, Кеңес, Қызылту, Тамды, Үшарал, Ойық. 

1989 жылы 6 қаңтарда Жданов ауылы С. Шəкіровке өзгерді, орталығы – Сəду 

Шəкіров ауылы болды. 

1984 жылы 9 тамызда Бостандық ауылдық кеңесі Аққұммен бірікті. Орталы-

ғы – Аққұм ауылы. 

1994  жылы 1 қаңтарда  аудан  құрамына 11 ауыл  кірді,  яғни – Ақкөл,  Аққұм, 

Берікқара,  Бостандық,  Қаратау,  Кеңес,  Қызылəуіт,  Тамды,  Үшарал,  Ойық, 

С. Шəкіров. 


МҰРАҒАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАР

МҰРАҒАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАР

788

789

Сарысу ауданы

1928 жылы құрылды. 

1930 жыл 17 желтоқсанда Кентарал салынады. 

1933 жылдың 22 ақпанына дейін Қарағанды облысы құрамына кіреді. 

1939 жылы 20 ақпаннан Оңтүстік Қазақстан облысына кірді. 

1939 жылы 14 қазанда Жамбыл облысы құрамына кіреді. Ауылдық кеңестер: 

Жайылма, Жайлаукөл, Жонсай, Калинин, Коммунар, Комсомол, Ленин, Сталин, 

Талдыбұлақ, Төрткөл, Үшбас болды. 

1940 жылы 13 тамызда Төрткөл ауылы Кагановичпен ауыстырылды. 

1945  жылы 12 шілдеде  Жайылма,  Калинин  жəне  Ленин  ауылдық  кеңестері 

қосылған. Бұлардың бəрінің орталығы – Ленин ауылдық кеңесі болып табылды. 

Байқадамның орталығы – Байқадам болды. 

1952 жылы 31 желтоқсанда ауданда Ұланбел поселкелік кеңесі құрылды. 

1956 жылы 6 наурызда Ұланбел поселкесі Шу ауданына қаратылды. 

1957  жылы 30 тамызда  Жонсай  жəне  Талдыбұлақ  ауылы  Жайлаукөлмен 

қосылып, Жонсайға қосылды. Ленин жəне Сталин ауылдық кеңестері: Түркістан 

жəне Үшбас ауылымен қосылып, Түркістан болды. 

1957 жылы 27 желтоқсанда Каганович ауылы Коммунар ауылына ауыстырылды. 

1960  жылы 18 қазанда  Жонсай  ауылы  Жайлаукөлге  қосылды.  Орталығы  

Жайлаукөл болды. 

1962 жылы 12 ақпанда Сталин ауылдық кеңесі Жайылма ауылдық кеңесі болып 

өзгерді. 

1963  жылы 2 қаңтарда  Байқадам,  Жайылма,  Коммунар,  Комсомол  жəне 

Түркістан ауылдары Талас ауданына жəне Жайлаукөл Мойынқұм ауданына кірді. 

1967 жылы 2 қаңтарда Сарысу ауданы қайта құрылып, оның құрамына Талас 

ауданынан  Жайлаукөл  ауылдық  кеңесі  енгізілді.  Оның  құрамында  Шығанақ, 

Қамқалы, Жайлаукөл ауылдары бар. 

1967 жылы 1 қазанда Қамқалы ауылдық кеңесі құрылды. Орталығы – Шығанақ. 

1974  жылы 1 қаңтарда  аудан  құрамында:  Байқадам,  Жайылма,  Жайлаукөл, 

Комсомол, Қамқалы, Коммунар, Түркістан, Жаңарық ауылдары болды. 



Свердлов ауданы

Ауылдар:  Буденовка,  Бурылсай,  Жалғызтөбе,  Джиембет,  Қарабекер,  Қарасу, 

Кеңес, Көкөзек, Көлқайнар, Комсомол, Көктерек, Ленин, Михайловка, Политотдел, 

Ровное, Сазтерек, Тегістік. 

1940 жылы 26 қаңтарда Көлқайнар ауылы Жамбыл ауданына беріледі. 

1943 жылы 27 қаңтарда Джаңа тұрмыс Көкөзек ауылына беріледі, Қызылқұм-

ның орталығы – Қызылқұм. 

1954  жылы 12 шілдеде  Буденовка  жəне  Қызылқұм  бірігіп,  Бурыл  болды. 

Жиембет, Жалғызтөбе, Политотдел, Тегістік ауылы құрылды. 

1958 жылы 25 ақпанда Буденновка мен Ақжардың орталығы Ақжар болды. 

1963 жылы 2 қаңтарда Бесағаш ауданы болады. Гродиков, Қостөбе, Полатқосшы 

Жамбыл  ауданына  кіреді.  Ақыртөбе,  Новосельск,  Сөгеті  Луговойға  қарасты 

болды. 

1964  жылы 31 желтоқсанда  Ақыртөбе,  Новосель,  Сөгеті  жəне  Тереңөзек 



Луговойға енді. 1976 жылы 1 қаңтарда 14 ауыл кірді: Ақжар, Жалғызтөбе, Жаңа-

тұрмыс, Ынтымақ, Қарасу, Кеңес, Киров, Көктерек, Комсомол, Қостөбе, Ленин, 

Михайловка, Ровный, Сазтерек. 

1988 жылы 19 сəуірде Буденовканың орталығы Түймекент болды. 

1980 жылы 9 маусымда Политотдел орталығы – Политотдел, осыған Мырзатай 

да кірді. 

1994 жылы 1 қаңтарда ауданда: Буденовка, Жалғызтөбе, Жаңатұрмыс, Ынтымақ, 

Қарасу, Ботамойнақ, Ленин, Михайловка, Политотдел, Ровный, Сазтерек ауылы 

болды. 

Шу ауданы 

1925 жылы 3 маусымда Жетісу губерниясы Алматы облысының үш болысынан 

тұрды. 

1930 жылы аудан орталығы Шу болды. 1932 жылы 20 ақпанда аудан Алматы 



облысының құрамына кірді. 

1939 жылы 14 қазанда Жамбыл облысының құрамына кіреді. 

1939  жылы  аудан  құрамына:  Алға,  Ворошилов,  Жаңақорған,  Дулат,  Қорағат, 

Кеңес, Киров, Новотроицк, Жаңа Шу, Ескі Шу, Өндіріс ауылдары болды. 

1943  жылы 27 қарашада  Панфилов  ауылы  құрылып,  орталығы  Сарыбұлақ 

болды. 


1954  жылы 12 маусымда  Дулат,  Кеңес  ауылдық  кеңестері  біріктіріліп,  орта-

лығы Ақтөбе болды. 

1956  жылы 5 мамырда  Ұланбел  ауылы  Сарысу  ауданының  құрамынан  Шу 

ауданына берілді. 

1958  жылы 15 қыркүйекте  Далақайнар  ауылы  құрылды.  Орталығы  Өндіріс 

ауылы болды. 

1960 жылы 27 мамырда Панфилов, Ескі Шу ауылдық кеңестері біріктірілді. 

1961 жылы 16 маусымда Ұланбел ауылы Көктерек ауданына беріледі. 

1962 жылы 24 желтоқсанда Ворошилов ауылы Ленин ауылына өзгертілді. 

1964  жылы 31 желтоқсанда  Жамбыл,  Қызылтал,  Коминтерн,  Құмөзек, 

Сарқырама,  Ұланбел,  Фурмановка  ауылы  жаңадан  құрылған  Мойынқұм 

ауданының құрамына енгізіледі. 

1967 жылы 1 қазанда Тасөткел ауылының орталығы Тасөткөл болып белгіленді. 

1976  жылы 1 қаңтарда  аудан  құрамында  мына  ауылдар  болды:  Абай,  Ақтөбе, 

Андреев, Бірлікүстем, Далақайнар, Жаңақоғам, Жаңа Шу, Қаратоған, Кеңес, Киров, 

Көкқайнар, Ленин, Новотроицк, Тасөткел. 

1977 жылы 17 наурызда Тасөткел ауылы Жайсаңға өзгеріп, орталығы Жайсаң 

болады. 


1979 жылы 18 шілдеде Новопуть ауылы орталығы Жаңажол болып аталынды. 

1992  жылы 6 шілдеде  ауыл  атаулары  өзгертілді:  Кеңес,  Дулат  ауылдарының 

орталығы Балуан Шолақ болды. 

1993 жылы 27 мамырда Тасөткел ауылы құрылды. Орталығы Тасөткел. 



МҰРАҒАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАР

МҰРАҒАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАР

790

791

1994 жылы 2 қаңтарда ауданда төмендегі ауылдар болды: Абай, Ақтөбе, Алға, 

Андреев, Бірлік, Далақайнар, Ескі Шу, Жайсаң, Жаңақоғам, Жаңа Шу, Дулат. 

Жамбыл қаласы

1864 жылы бұрынғы тұрғылықты халық Əулие-Ата деп атаған. 

1936 жылы 10 қаңтарда қаланың атауы Мирзоян болып өзгертілді. 

1938 жылы 6 маусымда Мирзоян қаласы Жамбыл болып өзгереді. 

1939 жылы 14 қазанда қала Жамбыл облысының орталығы болды. 

1959 жылы 14 тамызда Жамбыл қаласының құрамына жұмысшы поселкелер 

Жамбыл мен Сахзавод кіреді. 

1962  жылы 3 мамырда  Жамбыл  облысының  Оңтүстік  Қазақстан  өлкесіне 

енуіне байланысты, Жамбыл қаласы облысқа бағынысты болады. 

1964  жылы 1 желтоқсанда  өлкенің  таралуына  байланысты  қала  қайта 

республикаға бағынысты қалаға айналып, облыс орталығы болды. 

1973  жылы 25 желтоқсанда  Жамбыл  қаласында  Завод  жəне  Орталық 

(Центральный) аудандары құрылды. 

Жаңатас қаласы

Оңтүстік  Қазақстан  өлкелік  комитетінің  шешімімен 1964 жылы 26 наурызда 

Жаңатас  поселкесі  Қаратау  қалалық  советіне  бағындырылды,  қалалық  посел-

кілер құрылды. 

1969  жылы 25 маусымда  Жаңатас  поселкесіне  қала  мəртебесі  берілді.  Сөй-

тіп аудандық бағыныстағы қала мəртебесіне ие болды. 

1971 жыл 12 тамызда Жаңатасқа облысқа бағынатын қала мəртебесі берілді. 

Қаратау қаласы

1945 жылы 30 тамызда Шолақтау жұмысшы поселкелік советі құрылды. 

1963  жылы 14 қаңтарда  Шолақтау  Жамбыл  қалалық  советінің  əкімшілігіне 

бағындырылды. 

1963  жылы 29 қарашада  Шолақтау  қаласының  атауы  Қаратау  қаласы  болып 

өзгертілді. 



Шу қаласы

1960  жылы 24 желтоқсанда  Шу  қаласы  Шу  ауданына  бағындырылды.  Сол 

кезде Қосқұдық құрамына енді. 

1964 жылы 31 желтоқсанда Шу қаласы Жамбыл облысының Шу ауданының 

құрамына кіріп, аудандық бағыныстағы қала мəртебесі берілді. 

1965 жылы Шу қаласы облысқа бағынатын қалаға айналдырылды. 



Қалалық поселкілер

1. Ақсүйек 1959 жылы 16 желтоқсанда Шу қалалық советінің құрамына енді. 

2. Ақбақай 1977 жылы 22 ақпанда Мойынқұм ауданының құрамына енді. 

3.  Бірлік 1949 жылы 25 қарашада  Бірлік  жұмысшы-поселкесі  категориясына 

өтті. 1963 жылы 14 қаңтарда Шу қаласының əкімшілігіне беріледі. 1964 жылы 31 

жылы Шу ауданына беріледі. 1965 жылы 26 желтоқсанда Шу қалалық советіне 

беріледі. 



4. 1970 жылы 16 қыркүйекте Қордай ауданының Отар поссоветі Гвардейский 

болып  өзгертілді. 1973 жылы 9 сəуірде  Жамбыл  облисполкомының  шешімімен 

қалалық  поселкілер  категориясына  өтті. 1973 жылы 24 желтоқсанда  Красногор 

ауданына берілді. 1988 жылы 9 шілдеде Красногор ауданы Қордай ауданынының 

құрамына енді. 

5.  Гранитогор 1954 жылы 25 тамызда  Меркі  ауданына  жұмысшы  поселкесі 

болып кірді. 1963 жылы 14 қаңтарда Шу горсоветінің əкімшілігіне берілді. 1963 

жыл 29 наурызда Гранитогор Меркі ауданының қарамағына өтті. 

6. 1964 жылы 17 қаңтарда  Көктал  елді  мекені  Қаратау  горсоветінің  қалалық 

поселке  категориясына  өтті. 1971 жылы 26 тамызда  Көктал  поссоветіне  жат-

қызылды. 

7.  Қордай 1957 жылы  Оңтүстік  Қазақстан  өлкелік  комитетінің  шешімімен 

құрылды. 1963 жылы 14 қаңтарда Қордай Шу горсоветінің əкімшілігіне беріледі. 

1964 жылы 28 қаңтарда Қордайдың құрамына кіреді. 1973 жылы 24 желтоқсанда 

Красногор ауданының құрамына берілді. 



8. Луговой 1938 жыл құрылды. 1963 жылы 2 қаңтарда Шу қалалық советінің 

əкімшілігіне берілді. 1964 жылы 31 желтоқсанда Луговой аудан құрамына енгізілді. 



9.  Мыңарал 1951 жылы 21 мамырда  Қарағанды  облысының  Шет  ауданынан 

Жамбыл облысының Көктерек ауданына қосылды. 1963 жылы 2 қаңтарда Мыңарал 

Шу горсоветінің əкімшілігіне беріледі. 1965 жылы 9 сəуірде Мойынқұм ауданына 

қарасты  Балқаш  ауылы  Алматы  облысына  беріледі. 1967 жылы 27 маусымда 

Алматы облысы Балқаш ауданына қарасты Мыңарал қалалық поселкесі Жамбыл 

облысының Мойынқұм ауданына берілді. 



10. 1964 жылы 31 желтоқсанда  Мирный  елді  мекені  Мойынқұм  ауданының 

əкімшілігіне өтіп, жұмысшы поселкесі аталды. 



11. Ойтал 1937 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Меркі ауданының құрамында 

болды. 1939 жылы 14 қарашада Жамбыл облысына қарады. 1963 жылы 14 қаңтарда 

Шу горсоветінің əкімшілігіне берілді. 

12. Отар 1941 жылы 23 маусымда Отар елді мекені Жамбыл облысы Красногор 

ауданының  жұмысшы  поселкісі  категориясына  өтті. 1957 жылы 26 қыркүйекте 

Қордай  ауданына  өтті. 1963 жылы 14 қаңтарда  Шу  горсоветінің  құрамына 

беріледі. 1964 жылы 31 желтоқсанда  Қордай  ауданына  қаратылды. 1973 жылы 

24  желтоқсанда  Красногор  ауданының  орталығы  болды. 1988 жылы 9 шілдеде 

Қордай ауданына беріледі. 1994 жылы 28 қазанда Отар поссоветі Отар сельсоветі 

болып құрылып, орталығы Отар болды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет