ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ
З. ҚҰЛАМАНОВА
766
767
басқа генерал: «Естеріңізде болсын, əскери жолдастар! Біз үшін лекцияның мəні
формасында емес, оның мағынасында», - деп талқылауды тұжырымдайды.
Орда қонған Қазақ даласында кейбір тарихи атаулардың бірнеше рет
қайталанып келе беретіндігі белгілі. Мысалы, «Аңырақай», «Қалмақ қырған»,
«Орда қонған» т. с. с. Осындай тарихи жерлердің бірі Қошқарата жəне Борал-
дай өзендірінің үстіртінде Арқалы таудың етегіндегі бір-бірінен 4-5 шақырымдай
жердегі «Үлкен Орда Қонған». Мұны жұрт қазір тілдің ыңғайлылығына қарай
«Үлкен Ордаған», «Кіші Ордаған» деп атап кеткен.
Бізге тарихтан белгілі Шымкент қаласынан батысқа қарай 35 шақырым жер-
де Бадам бекетінің маңында кішігірім «Ордабасы» атты төбе бар. Бұл атаудың
мағынасы «Бас орда» яғни Əбілхайыр ханның ордасы, қазақ жасақтарының
негізгі күші орналасқан жері болған. Екінші орда Жуалыдағы Қошқарата бойын-
да, үшінші орда Ақыртөбе жəне Подгорное станцияларына қарасты «Сұңқайтты»
жəне «Əбіқайыр» деп аталатын екі сайдың жанында Левшин өзінің «Описания
киргиз-казачих орды и степей» деген еңбегінде: «Соединение трех наступающих
групп, произошло у горки Орда басы, что значить – глава Орды» или «Главная
ставка», «Орда басы расположено так, что командует над всей терассой; стоит
только подняться из низин районов Арыстанды и Чаян (90-100 верст) или Борал-
дайской системы» 50-60 верст как раз бросается в глаза характерная сопка Орда
басы, и наборот, с Орда басы можно дальноозерского степняка», – деп көрсетеді.
Үш орданың бас ханы болып Тəуке ханның ұлы Болат хан саналған жəне ханның
ордасы тұрған жер «Үлкен Орда қонған» аталған. Барлық қазақ жасақтарының
қолбасшысы Кіші жүздің ханы Əбілқайыр болған жəне оның ордасы тұрған жер
Кіші Орда қонған жер деп аталған (Қазақстанның əскери тарихы, Қ. Аманжолов,
А. Тасболатов, Алматы, «Білім» 1999 ж. 134-135б.). Хан ордаларының сол кездегі
бір-біріне жақын орналасуы тек қана соғыс жағдайында болғандығын көрсетеді.
Бұл жөнінде М. Тынышбаев өз еңбегінде «... Нельзя допускать, чтобы в мир-
ное время ставки ханов стояли близко, это было не в обычаях ханов, для большой
самостоятельности кочевавших вдали друг от друга и по привычке, вообще, бога-
тых скотоводов так тесниться при наличности обширных пастбищ» [46].
Орда қонған туралы бірқатар деректер «Рысбек батыр», «Садыбай байтана»
кітапшаларында келтіріледі.
Ордабасының орналасқан жерінде ел басқарған хан, билер соғыс қимылының
тактикасын жəне стратегиялық барысын да ескерген болу керек. Осы
жердің төңірегінде жаумен шешуші айқастардың болатындығы болжанған
сияқты. Ордабасының тұрған жері Қазақстанның Оңтүстік өңірінің Қазақ
мемлекеттілігінің еркіндігінің символы да болған-ды. Батысқа Хиуа, Қоқан
хандықтарына сес көрсетудің бір көрінісі де еді. Ордабасының географиялық
орны елдің тəуелсіздігін сақтап, бейбіт өмір қалыптастырып қазақ этносының та-
рихтан алатын орнын заңдастырып, мəдениетінің дамуына даңғыл жол ашудың
кепілі іспеттес болды. Ордабасыдағы халықтың болашағы туралы толғаныс ар-
мандар араға үш ғасырдай уақыт оздырып барып, Қазақстанның ХХ ғ. шынайы
болашағына ұласқанының куəсі болдық.
Еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін Елбасымыз көршілес мемлекеттердің бас-
шыларын Ордабасыда бас қостыруы Қазақстанның мемелекет ретінде біржола
қалыптасқандығының айғағы болды.
Ойконимдердің атауыштық функциясын нақты атқаратын құбылыстардың
бірі – карта. Карта (нем. Karte; «түп нұсқа»; грек. Chartes – «жазуға пайдаланыла-
тын папирус парағы») – жер бетінің (географиялық карта) жұлдыздың аспанның
немесе олардың жеке бөліктерінің кішірейтіліп, арнаулы деректер толық
көрсетіліп, жазықтық бетінде кескінделуі [23. 281б.].
Бағзы заманнан бері қарай карта арқылы жер бетінің өрнектерін, мемлекеттердің
шекараларын, ойпат-қырларын, тіршілік етуге қажетті өзен-суларын, елді мекен
т.б. бірден бағамдап, мағлұмат алуға болады.
Мұны біз, зерттеу жұмыстарының барысында облыстық архивтен табылған
Жамбыл облысының əр жылдардағы карта сызбаларынан байқадық (табылған
карталар жұмыстың қосымшасында берілді).
Мəселен, Жамбыл облысының физикалық жəне саяси əкімшілік картасынан
оның байтақ жерінің алуан түрлі екендігін байқауға болады. Ол Қазақстанның
оңтүстігі əкімшілік-территориялық бөлік – Шу жəне Талас өзендері алабында,
Қырғыз Алатауының солтүстігінде, Қаратау, Жетісу мен Шу, Іле тауларының
аралығында орналасқан.
1917 ж. дейін оның батыс бөлігіндегі көп жері бұрынғы Сырдария облысына
қарады. Революциядан кейінгі алғашқы жылдарда ол Түркістан Совет Рес пуб-
ликасының құрамында болды. 1924 ж. Орта Азияда Ұлт рес пуб ли ка ла рының
құрылуына байланысты əуелі Сырдария, кейінірек Алматы округының құрамына
кірді. 1939 ж. қазанында өз алдына облыс болды.
Қорыта айтсақ, Жамбыл облысы ойконимдерінің этномəдени сипатын анықтау
мақ сатында талданып, түсінік берілген ойконимдердің материалдық жəне ру-
хани мəдениетіміздің ғасырлар бойы дамып, оның өзгеріп отырғандықтары
байқалады. Кез келген ойокнимдер (елді мекен атаулары) міндетті түрде сол
этностың қоғамдық тұрмыс-тіршілігін, салт-дəстүрі мен психологиясын өз бой-
ында бейнелейтіндігі анық мəселе.
Ойконимдердің кумулятивтік қызметі
Ойконимдердің кумулятивтік қызметі деп адамзаттың басынан кешірген,
жинақтаған тарихи тəжірибесін жəне қоршаған ортаны вербальдік тұрғыда тіл
айналымының шеңберінде көрсету. Себебі ойконим тарих түкпіріндегі құнды
мəліметтерді жинақтап, аккумуляциялап, сабақтастырып келешек ұрпаққа аманат
ретінде табыстайды. Қоғамның, адамдардың даму деңгейін тілдік кумулятивтің
мазмұнымен айқындай беруге болады. Тілдің кумулятивтік қызметіне жете мəн
берген профессор Қ. Жұбанов былай дейді: «Тілдің қалай өсіп, дамитындығын
білу керек. Тілдің тарихын білу деген сөз – оның өніп-өскен жолын білу де-
ген. Демек, тіліміздің сонау ұзақ жолда қандай өзгерістерге ұшырағанын, оған
неге ұшырағанын білу керек. Бұрынғыны білу жай əшейін мақсат емес, тілді
меңгерудің бір амалы. Біз тілді меңгеріп болғанымыз жоқ, толық меңгерсек қана
оны дұрыс бағытта өзгерте аламыз» [18. 119 б.].
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ
З. ҚҰЛАМАНОВА
768
769
Тіл қоғамның əр түрлі сатыдағы даму кезеңдерін сөздік құрам арқылы белгілі
бір уақыт пен кеңістік арқылы өзінде сақтайды. Ал ғалым Ə. Қайдардың пікірімен
айтсақ: «Əрбір дəуірде өмірге қажет болған ұғымдардың аты-жөні, ар-сипаты
т.б. тіл фактілері арқылы ғана бізге жетуі мүмкін», – деп қорытындыланды.
Болмыстағы құбылыстардың қандайы болмасын тілдік таңбалар арқылы
белгілеу номинациялық (атауыштық) акция деп аталынады. Анықтай белгілеудің
өзі номинациялық бірліктермен немесе сөздермен байланысады.
Номинациялық акт – болмыстағы нақты заттар мен құбылыстарды сөздік
таңбалармен белгілейтін тұрақты, əрі даму үрдісіндегі процесс.
Жалқы географиялық атаулар мен географиялық апеллятивтік лекси-
ка жиынтығы қазақ ойконимдерінің лексикалық негізін құрайды десек, одан
ойконимдердің кумулятивтік қызметі арқылы тарих қатпарларында жатқан
мəдени жəне этноəлеуметтік страттарды бөліп алуға болады, өйткені ойко-
нимияда этностың саяси-əлеуметтік, өркениеттік өмірі кристализациялана-
ды. Осы методикамен ойконимиядағы хронологиялық тəртіпті сақтай отырып
тарихи-мəдени (мəдени-генетикалық) жəне этноəлеуметтік қатпарлардың қай
өркениеттікке жататындығын айқындауға болады.
Ономастикалық лексика – жалпы лексиканың бір бөлігі. Қоғамдағы болып
жатқан өзгерістерге апеллятивтерге қарағанда өнімдер көбірек реакция береді.
Сондықтан атауларды қойған адамдардың санасынан тыс оларда қоғамның
мəдениеті мен əлеуметтік өмірі бейнеленеді.
Талданатын ойконимдердің семантикасында орын алған тарихи-мəдени жəне
этноəлеуметтік қағидаларды еске ала отырып, қазақ ойконимдерінің номинативтік
қызметін сипаттау үшін, негізінен «адам – тіл – географиялық орта – мəдениет
(қоғам)» категорияларының арасындағы байланыстарды зерттеу жəне зерделеу
қажет. Бұл ұлттың тілдік санасының кеңістігінің шеңберінің ұлғаюына даңғыл
жол ашпақ.
У. Ержанова ұлттық топонимдердің кумулятивтік қызметі туралы былай дейді:
«Ұлттық топонимия қазақ елінің этникалық шекаралары, халықтың ертдегі
көші-қон бағыттары, жеріміздің отарлануы сияқты маңызды мəселелерден
мəлімет бере алады. Жер-су атауларында кездесетін құнды мəліметтер арқылы
ата-бабаларымыздың материалдық жəне əлеуметтік тұрмыс-тіршілігінің си-
патын анықтаймыз. Топонимдердің тіл тарихы, əсіресе сөздік құрам тарихы
мен сөз тудыру тарихы үшін үлкен маңызы бар, қолданыстан қалып, ұмытыла
бастаған сөздер өз тіршілігін географиялық атаулар құрамында жалғастыра ала-
ды. Осының барлығы топонимдердің кумулятивтік қызметінің тіл тарихында
ерекше роль атқаратындығын көрсетеді. Олай болса, ұлттық топонимдер жүйесі
де халықтың этникалық құрамы, материалдық, рухани мəдениеті, азаматтық та-
рихы жөнінде аса мол деректер беретіні сөзсіз» [12. 115 б.].
Ойконимияның атауыштық қызметі ментальды ойлап түсіну қызметімен, яғни
тілдік сана, тілдік тұлғаның ментальдығымен диалектикалық түрде өзара бай-
ланысты. Жалпы когнитивтік лексикалық даму тұрғысынан қарастырғанда, тіл,
оның ішінде ойконимия да, түпкі нəтижесінде, қоғам мен этнос көзқарастарының
бірыңғай ұлттық жүйесі, тіл сөйлермендеріне ортақ ұжымдық философия түрінде
əлемнің ерекше көрінісін бейнелейді. Ойконимдер осы тіл сөйлермендерінің тілдік
жəне экстралингвистикалық тұжырымдарын қамтып, бір арнаға бағыттайды.
Тарихи-мəдени, этноəлеуметтік мəліметтің қалыптасып, сақталуын ойко ним-
дердің кумулятивтік қызметі арқылы жинақталған ойконимиялық материалдар
молынан қамтамасыз етеді. Олай болса ойконимияны информациялық мəні бар
күрделі семиотикалық жүйедегі мəдениет ретінде қарастырсақ қателеспейміз.
Ұлттық мəдениеттің қалыптасуы мен ерекшеліктері, этникалық мəдениеттің
типі тілде көрініс беруі хақ. Тарихи кескіндегі əрбір мəдениет өзіне лайықты, əрі
тəн жалқы атаулардың белгілі бір типтерін дүниеге келтіреді.
Былайша айтқанда, белгілі бір тарихи этностық қоғамдарға ұшыраспайтын
ерекшеліктерімен сипатталады. Аталмыш ерекшеліктер лексикада өз көріністерін
береді жəне оның аялық мəліметін құрайды. Сайып келгенде, осы мəліметтер ру-
хани, материалдық мəдениет формаларын жəне түрлерін айқындайды.
Мəдениеттің материалдық түрі туралы сөз етсек, оған қатысты қазақ
терминдерін зерттеп жүрген ғалым Ж. Манкеева қазақ халқының ұлттық
ерекшеліктерін, шаруашылық іс-əрекеттері мен салт-дəстүрлерін бейнелейтін
аталмыш терминдердің кумулятивтік қызметін былай сипаттайды: «Заттың
мəдениет лексикасы – ұлттық рух пен талғам негізінде, ұлттық тұрмыс пен
шаруашылық ерекшеліктеріне сай технологиялық процесс нəтижесінде, өз мəні
мен атқаратын қызметіне сай тудырушы модельдер арқылы жасалатын лекси-
ка – семантикалық категория ретінде, кумулятивтік қызметі негізінде сақталған
материалдық өндіріс пен мəдени туындылардың атаулары» [31].
Ғасырлар қойнауынан орын тепкен этнолексика халық өмірінің этно-
мəдени тарихы, тілдік дамуы мен тілдік шығармашылығы болашақ зерт-
теулерге зор дереккөз болып табылады. Өйткені халық берген атауларда
оның ішкі сезімдері, жинақталған тəжірибесі, қарапайым қабылдау түсініктері,
тұжы рым дары бейнеленеді. Аталмыш процестер əр этностың тарихы, алатын
географиялық орыны, қалыптасқан материалдық (өндірістік) қатынасына жəне
рухани дамуының деңгейіне, əлемдік өркениетте алатын орнына байланысты.
Дəлірек айтсақ, атаулар шартты түрде дүниеге келсе де, тілдегі жасалынған сөз
нұсқалары арқылы заттың уəжді белгісіне ғана негізделмейді, белгілі бір затты
тілдік жағынан бейнелеу əр сөйлеуші ортада əртүрлі болуы мүмкін. Олай бол-
са ұлттық материалдық мəдениет-тұрмыстық лексиканың реликті, əрі рухани
байлықтың субстанциясы (түп негізі) деп те айтуға болады. Байқағанымыздай,
аталмыш жүйедегі сөздер тек атауыштық (кумулятивтік) ғана қызмет атқарып
отырған жоқ. Өйткені тілдегі материалдық мəдениетке қатысы бар атаулар не-
месе тұрмыстық лексика халқымыздың материалдық (өндірістік) қатынасының
деңгейін, даму бағытының сипаты мен формаларын жəне шаруашылық пен
тұрмыстық болмыстарын реттеуге қажет мұқтаждықты қамтамасыз етуге
бағытталған заттарды бейнелейді. Сондықтан тіл – материалдық жəне рухани
байлықтарды диалектикалық тұрғыдан байланыстырып халықтың рухани бол-
мысына айналған функцияны атқарып отыр.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ
З. ҚҰЛАМАНОВА
770
771
Түптеп келгенде, ойконимдердің ментальдық мəні олардың кумулятивтік
қызметімен айқындалады. Аталмыш қызметтің басты функциясы – мəліметтерді
кристаллизациялау, жинау (аккумуляциялау) жəне уақыт кеңістігі арқылы
басқаларға жеткізу (трансляциялау).
Бздің пайымдауымызша, ойконимдерді құрайтын тарихи-мəдени, этно-
əлеуметтік мəліметтерді аккумуляциялау мен басқаларға уақыт кеңістігі арқылы
трансляциялау процесін қарастырмай тұрып, жинақтау мен басқаларға жеткізуге
арналған мəліметтердің ішкі құрылымына, ұйымдастыру методикасына назар ау-
даруымыз лəзім. Бұл жөніндегі қазақ тілінің ойконимдік жүйесінің бір ерекшелігі,
ол өзінің ментальдық болмысында, яғни ойконимияға адамның əлем туралы
білімі мен қабылдауының жиынтығы жүйелі түрде берілген. Байқап қарасақ,
аталмыш жүйе тілдік сана деңгейінде қалыптасатын когнитивтік стереотиптер
жинағына сүйенеді, олар атаулар мен тілдік деңгейлерді кластар бірліктеріне өзара
диалектикалық түрде байланыстырып, ойконимикалық жүйенің элементтерін
жинақтап қалыптастырады.
Қазақ ойконимдерінің кумулятивтік қызметі тарихи зор мағыналарға толы.
Бабалар өсиет еткен ұлан-ғайыр далаға тəн жер-су, елді мекенді сырт жаулар-
дан қорғап, келер ұрпаққа аманат ретінде қалдыру – тек қана отаншылдық рухы
жоғары халықтың үлесінде болуы хақ.
Тарихи қазақ дала философиясы мен өркениеттілігін арқау еткен өміршең
дəстүрлердің, салт-саналардың елді мекендерді атауда негіз болғанын байқаймыз.
Бұл далаға кімдер көзін тікпеді, халқымыз талай-талай тағдырлы тарихи
иірімдерді басынан кешірді. Соның бірі жүз жылға созылған аса күрделі қазақ-
жоңғар қатынасы. XVIIІ ғ. бас кезіндегі Аңырақай шайқасы екі халықтыңда та-
рих сахнасында қалу немесе қалмау ісі безбенге түскен тағдырлы шайқас болды.
Бұл жерді Аңырақай деп атаудың халық аузында айтылып жүрген бірнеше ва-
рианттары бар. Бізге керегі осы жердің тағдырының шешілуінің кумулятивтік
философиялық маңызын қарастыруда болып отыр.
Халық даналығына сүйенсек, «бөлінгенді бөрі жейді» дегендей жоң ғар лық-
тар дың қазақ даласын біртіндеп жаулап алуының себептері болды:
1. Əр жүздің өзінше хандық құрып, халықтың басын біріктірмей, быты раң қы-
лық қа ұшыратуы;
2. Қытай мен Ресей империялары жоңғарлардың қолымен қазақ жерін қа зақ-
тардан тазартып, қазақ территориясын бөліске салу дипломатиясын жүргізуі;
3. Екі империя да қарудың соңғы жетістіктерімен жоңғарларды қаруландыруда
болды. Сол кездегі қазақ билері Төле (Ұлы жүз), Қазыбек (Орта жүз), Əйтеке
(Кіші жүз) бұл шайқастың тарихи тағдырлы, əрі соңғы шайқас екендігіне зор мəн
беріп, үш жүздің күшінің басын біріктіруді, сөйтіп, бір жеңнен қол, бір жағадан
бас шығарып, жауға атой салып, қарсы тұруды басты шешуші міндет деп санады.
Бұл тарихтың бұлтартпас философиясы іспеттес еді.
Тарихта параллель бола береді десек, тəуелсіз еліміздің Президенті
Н. Назарбаевтың басты ұстанымы да халықты ескі əдетпен бытыраңқылыққа
ұшы ратпай, жүз-жүзге, ру-руға бөлмей, біртұтастықты сақтай ортырып қана еге-
мендігімізді баянды етуге болатындығын баса айтып, оны негізгі идеяға айнал-
дырып, өзі көшті бастап, бүгінде айтарлықтай табысқа жетіп отырғанымыз сол
сын дарлы саясаттың салдары десек қателеспейміз.
Аңырақай шайқасының ойконимдік кумулятивтік қызметінің философиясы
үш бидің, үш жүздің материалдық жəне рухани күштерін біріктіріп барып, жауға
қарсы шығу еді. Бұл шайқастың маңызы мен мəні сол уақытқа дейін болып кел-
ген жеңілістерге душар еткен қатардағы жай ғана шайқас еместігін халық сана-
сына ұялатуда болды. Халықтың тəуелсіздікке, еркіндікке деген арман тілігін
бір арнаға бағыттап, оның рухына қуатты нəр берді. Ұзақ жүргізілген соғыстың
зардаптарын, жоңғардардың əділетсіздігін, одан көрген халықтың азаптарын
тілге тиек етіп, оның қайрат-жігеріне отансүйгіштік леп беріп, үш би халықтың
рухына ең соңғы серпіліс берді. Еркіндік, əділеттілік идеясын бойына сіңіріп
қуаттанған халық үлкен-кіші, ата-ана, əйел-еркек демей, буырқанған күйде жау-
ды талқандап, қазақ жерін жаудан азат етуді бастап жіберді.
Нəтижесінде, жоңғарлар этнос ретінде тарих сахнасымен біржола қоштасты.
Аталмыш оқиғаның ойконимдік кумулятивтік қызметін зерделесе, мынадай
қорытындыларға саяды:
1. Қазақ этносы бейбіт сүйгіш халық екендігін, ешкімге ұлтарақтай жерін
бермейтіндігін, ешкімнің территориясына ешуақытта көз тікпейтіндігін əлемге
жария етті.
2. Аңырақай шайқасы қазақ халқының отансүйгіштік сезім идеясын жоғарғы
сатыға көтеріп, халық бірлігі мен біртұтастығының алмайтын қамалының жоқ
екендігін асқақ рухтық деңгейге көтерді;
3. Ата-бабалар аруағын сыйлап, олар аманат еткен жерді, суды, тауды, орман-
ды, өзенді көздің қаршығындай сақтап, қасық қаны қалғанша қорғауды басты
міндет етіп қоятындығын дəлелдеді;
4. Көшпенді жəне жартылай отырықшылыққа негізделген өркениеттілік, бі-
лім ділікке бағытталған еңбек құралдары мен қару жарақтың қажет екендігі
жəне соғыс стратегиясы мен тактикасының қалыптасып келе жатқандығын күн
тəртібіне қойған-ды жəне т.б.
Қазақ ойконимдерінің негізінде құралған фольклорлардың кумулятивтік қыз-
ме тін көрсету үшін Айша бибі аңызын келтіруге болады.
Айша бибі туралы екінші аңыз. Шаш Ташкент түбіндегі əскери əзірліктің
бірінде ару Айша Тараздан келген жас батыр Қараханның өнеріне ғашық болған.
Жігіт те қызды ұнатқан. Батыр жорыққа аттанар алдында:
– Ажалдан алыс болсам, соғыстан соң мен мұнда соқпаймын, тіке Таласқа тар-
тамын. Сүйгенің рас болса, мені іздеп Таразға кел, асылым деп күтіп аламын, –
деген екен. Қыз келісіп, екеуі серт байласқан.
Жыл өткен соң Айша əкесінен бата сұрайды, қызды алысқа қимаған əке:
– «Тілімді алмасаң, ажалың тілсізден болсын, көлденең көк дарияның алтау-
ынан өтсең де, соңғысынан өтпе, дегеніңе жетпе», – деп теріс батасын беріпті.
Бірақ Айша дегенін істеп, жанына Баба əжені ертіп, қосағына түйе алып, бей-
таныс жерге бет түзепті. Талай қиындықтан өтіп, Тараздың төбесі көрінгенде,
екі жолаушы көліктен түсіп, мамық төсін керген аққу-қаздай ару қыз мамыр-
лап барып көз жасындай мөлдір суға аппақ тəнін жуыпты. Өзі кестелеген асыл
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ
З. ҚҰЛАМАНОВА
772
773
киімдерді киініп, шарайнадан өзін-өзі қызықтап ұзақ отырған Айшаны жылан
шаққан...
Баба əже атқа қонып, Қараханға хабар салады.
Асығып жеткен сүйіктісіне жанары тайған нəркес көздерін соңғы рет қи мас-
тық пен қадап:
– Сертіме жеттім, – депті Айша. Ғашықтықтың азабын əбден тартқан ару қыз-
дың ажары таң қараңғысында жанған шолпандай жарқырап барып біржолата сө -
ніпті.
Тіршілікте тəңірі қоспаған Айшаның суық денесін құшақтап отырып, Қарахан
өзі мен қыздың некесін қидырады. Сөйтіп:
– Айша, сен енді Бибі болдың! – деп, арудың құлағына үш рет айқайлапты.
Айша бибіні өлген жеріне арулап қойып, Қарахан бүкіл Дешті қыпшақтан өнері
асқан бəдізші-шеберлерді алдырып, Аса өзенінің жағасында топыраққа түйенің
жүнін қостырып, оны аруананың сүтіне илетіп, бұрын бұл өңірде болмаған
зəулім ескерткіш орнатқан.
Баба əже өле-өлгенше Айшаның басында шырақшы болып өтіпті. Кəрі əже
дүние салғанда, Қарахан ол кісінің басына да мавзолей тұрғызған [10. 15б.].
Елді мекенді Айша бибі атынан қоюдың кумулятивтік қызметі:
1. Жігіт пен қыздың арасындағы махаббаттың құдіреттілігі. Махаббат адам-
ның бойын билеген жағдайда дүлей күшке айналып, оның мақсатқа жету жолын-
да аспайтын асуы, алмайтын қамалы болмаса керек;
2. Қарахан батырдың елді, жерді сыртқы жаулардан қорғау мəселесінде, оның
қауіпсіздігі қыл үстінде тұрғанда, ең алдымен отансүйгіштік сезімнің алдыңғы
шепке шығуы;
3. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей қыз бен жігіттің махаббаты
қанша лаулап жанғанмен, өсіріп, баптап, тəрбие берген ата-ананың нара зы лы-
ғынан сақ болуды жəне аруақты сыйлай білуді қажет етеді;
4. Ару қыздың Қарахан батырдың елі – Таразға жақындағанда өзен жа ға-
сында жуынып, шайынып алудағы мақсаты, сүйген жігітіне көріну алдында хал-
қымыздың дəстүріне сай пəктікті, тазалықты сақтау еді;
5. Айша арудың жылан уынан жанталасып жатқанда, Қарахан батырдың:
«Айша, сен енді Бибі болдың», – деп оның құлағына үш рет айқайлауы, батыр
болсын, жай адам болсын берген сертіне берік болуды уағыздайды;
6. Ол дүниеде аруақтары сырласып тұратындай, Аса өзені жағасындағы Би-
бі сіне Қарахан орнатқан ескерткіш мавзолейдің қала ортасында батырдың өзі -
не ортнатқан үлкен ескерткіштен көрініп тұратындығы, екі жастың ма хаб-
баттарының шынайылылығының, имандылығының, моральдік адам гер ші лігінің
аңызға тұрарлық деңгейде екендігін айғақтайды.
Бұл ойконимдердің тарихта кездейсоқ орын теппейтіндігін, оның лиро-эпос-
тық, батырлық жырларда, аңыздарда халықтық этномəдениетінің кумуля тив тік
қыз метін сипаттайды.
Əулиеата. Сатұқ Бұғра Қарахан (Х ғ.) қолбасшы, Қарахан хандығының не гі -
зін қалаушы, Қарахан – Айша бибі хикаясының кейіпкері. Қарахан əкесінен ер те
жетім қалады. Аңыз бойынша Сатұқ жастайынан ерекше қасиетке ие бола ды. Ол
өңінде де, түсінде де əулиелермен сөйлесіп, сұхбаттаса берген. Сатұқ Қараханның
түсіне көктен түскен, тұла бойынан нұр шашқан ақ сақалды, ақ шаш ты кісі еніп,
оның мұсылман дінінің туын ұстау үшін туғанын, о баста алла-та ғала солай деп
ұйғарып қойғанын айтады.
Əулиеата Қарахан өлерінде баласына өсиетін айтады. Қарақасқа тұлпардың
құйрығынан бір тал қыл жұлып алып, баласына береді де: «Мен өлсем, елге
мына жақтан жау келеді. Қиналасың, сонда мына құйрықтың қылын тұтат.
Қарақасқа тұлпардың құйрығының қылы тұтанып, жанғанда, мен де келемін»,
– деп көз жұмады. Қараханның дүниеден өткеніне едəуір уақыт болады.
Оның орнына хан болып қалған баласы қартаяды. Келеді деген жау келмейді.
Əулие Қараханның баласы ойға түседі де, Қарақасқа тұлпардың құйрығынан
қалған бір тал қылды тұтатады. Сонда Əулиеата Қарахан қарақасқа тұлпарын
ойқастатып, қару-жарағын асынып, «жау қайдалап» шыға келеді. Сонда бала-
сы: «Əруағыңнан айналайын, асыл əкем, кешіре гөр! Еліңді жау шапқан жоқ.
Сөзіңнің рас-өтірігін білейін деп тұтатып едім құйрықты», – дейді. Əулиеата
баласына қарап тұрып: «Өй, əттеген-ай, тұрғылықты жұртымнан келімсек
жұрт озып кететін болды-ау», – деп ғайып болып кетеді.
Əулиеата Қараханның тұлғасына байланысты аңыз-əңгімеден алатын та ғы л-
ым – халық өзі ерекше деп əспеттеген, сүйген, жақсы көрген батырларын, ханда-
рын, тұлғаларын т.б. айрықша күш-қуаттың иесі етіп, атқарған істеріне, жүрген
жолына, халыққа деген ілтипатына еріктен тыс қадір-қасиет беріп табынған,
мақтаныш еткен. Оны табиғаттың тылсым күшімен теңестіріп, рухани бір
құдіретті күштің иесі еткен. Тағдырлы оқиғалар екі өкпеден қысып, қиналып
шығар жол таба алмай тұрғанда, сол бір тұлғаның атын аруақтың туы етіп, оған
сиынып, əрекет жасағанда адам бойына ерекше теңдесі жоқ күш-қуат пайда бо-
лып, дегеніне жеткен.
Таразда Əулиеата Қарахан бабаға соғылған үлкен мавзолейге жан-жақтан ел
ағылып келіп, мінəжат етіп, əулие аруағына сиынып, өздері арман еткен мақ-
саттарын тілеп жатады. «Таяқпен келсең, тай мінгізем», - деген киелі Тараз же рі-
не келушілер осындай асқан үмітпен келеді. Ол көбінесе орындалып жатады. Бұл
нақты тұлға Қарханның атына айтылған аңыз-əңгімелер халқымыздың рухани
мəдениетінің одан əрі қарай дамуына зор үлес қосады.
Қазақ жылқы малының қасиеттілігін ескеріп, олардың атынан Алаайғыр (Шу
ауд.), Көкдөнен (Т. Рысқұлов ауд.), Бурылбайтал (Мойынқұм ауд.) жəне т.б. ауыл-
дар аталған. Енді осылардың этномəдени кумулятивтік қызметіне тоқталсақ,
еж елгі заманнан бері қарай көшпенді өмір салтын басынан кешірген қазақ эт-
носы жыл қы малын ерекше құрметтеген. Өйткені, бір жерден екінші жерге
көшкенде кө лік міндетін атқарса, соғыс қимылдарын іс жүзінде асырғанда неме-
се қуғанда мо бильділігімен (қолайлылығымен) ерекшеленетін жылқы малының
қызметіне баға жетпейді. Оның бергі жағында ішсең сусын, жесең тамақ ретінде
қолданылды. Сондықтан да қазақ халқы ат үстінде көп жүргендіктен күнделікті
қажеттіліктен барып үзеңгіні бі рінші қолданысқа енгізген деседі.
Жылқы батырдың немесе жігіттің ақылдасы, жансерігі, қиналғандағы
құтқарушысы рөлдерін атқарды. Жарамды аттар дүбірлі бəйгелерге қосылып
|