Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия


БОЙЫМА ҚАЗАҚИ ҚАСИЕТ ҚА ЛЫПТАСҚАН



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата19.01.2017
өлшемі17,75 Mb.
#2200
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

БОЙЫМА ҚАЗАҚИ ҚАСИЕТ ҚА ЛЫПТАСҚАН
Халқымыздың ежелден қалыптасқан дархандығы, 
бауырмалдығы – басқа халықтарды да туғаныңдай 
бауырына баса білді. Бұл кешегі соғыс уақыты және 
тыңайған жерлерді игерген кезеңде елімізге келген басқа 
ұлт өкілдерінің тұрақтап, ата қонысқа айналдырғанынан 
көрінуде. 
Олар қазақ жерін өздерінің ата мекеніне санап, бұл 
күнде олардың ұрпақтары қазақтармен етене жақындасып 
кетті. Сондай жандардың бірі Көктерек ауылында тұратын 
Надежда Запорожченконы айтуға болады. Ол бұл күнде 
ауылдағы мектептің 11 сыныбын қазақ сыныбын  бітіргелі 
отыр. Жақында жолымыз түсіп, Көктерек ауылына 
барғанда Надеждаға жолықтық.
Надежда айтады: - Менің әкем Анатолийдың  ұлты 
- украин.(өмірден өтті)  Ал, анам қазақ қызы. Есімі 
Күләш. Отбасында 4 бала тәрбиеленіп өстік. Енді жақын 
күнде мектеппен де қоштасқалы отырмын. Алдымда 
үлкен мақсаттар тұр. Мен осы кезге дейін айналамдағы 
адамдардан басқа ұлттың өкілісің деген сөзді естіп көрген 
емеспін. Анам қазақ қызы болғандықтан болар бойымда 
бүкіл қазақи қасиет қалыптасқан. Сондықтан елімізде 
достықтың туы биік болсын деймін, - деді.
 
 
Ж АҢАШЫЛ АУДАН   
Қараобалықтар әркезде де жаңалыққа құштар. Қандай 
да бастамашыл істер болсын, алғашқылар болып бастап 
кетеді. Шамасы шекараның шетінде тұрғасын, жаңалықты 
бірінші еститін болар...  
Міне олар «Жасыл экономикаға» да үлестерін қосуда. 
«Ибатов», «Сатай», «Бірлес», «Ихсан» шаруа қожалықтары 
ІС ШАРА

139
Батыс Қазақстан облысы
Волгоград облысынан күн және желден энергия қуатын алатын қоңдырғыларды 
сатып алып, пайдасын көруде. Енді олар тұрмыстарында электр қуатын 
пайдаланатын болады. 
  Мереке Қайбушев жетекшілік ететін «Ақбота» шаруа қожалығында Ресейден 
сатып алып келген қалмақ тұқымды ірі қаралары алғашқы төлдерін бере 
бастады. 
Осы жұмыстарды көзімен көрген аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр шаруа 
адамдарына риза болып, еңбектеріне табыстар тіледі.
 
КӘСІБІН ДАМЫТҚАН
 Қазталов ауданында өз кәсібін дамытып, несібесін молайтып жатқан 
еңбек адамдары көптеп саналады. Олардың қатарында шаруасын дөңгелетіп 
қана қоймай, үкімет қойып отырған міндеттерге сай ауқымды бағдарламалар 
бойынша жұмыстарға да мойын бұрушылар бар. Мемлекет еңбек етемін 
дегендерге барлық жағдайды жасауда. Ал «Алма піс...» - дейтіндерге біз айтқалы 
отырған мына еңбек адамдары үлгі болады деп санаймыз. 
Солардың бірі «Мүслім» шаруа қожалығының жетекшісі Махамбет Тайгарин. 
Өткен жылы оның жасап жатқан шаруасымен өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың 
өзі танысып, риза болған еді. Ол «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке алынған 
64 млн.қаржыға Теректі ауданының «Айсұлу» шаруа қожалығынан 120 бас ақбас 
тұқымды қашар сатып алған болатын. 
 Сонымен қатар алынған қаржыға ауыл шаруашылығы техникалары және күн 
сәулесінен қуат алатын электр қондырғысын алуға да қол жеткізді. Бүгінгі күнде 

140
бұл асыл тұқымды ірі қара малдарының бағым – күтімі 
талапқа сай жүргізілуде. Дәулетін еселеп жатқан осындай 
еңбек адамдары кімге болса да үлгі боларлықтай.
 
ЖҮН ТҮТІП, КӨРПЕ Ж АСАЙДЫ
Бұрыннан да іс тігуге бейімі бар Ғалия Шалақашова 
жүн түтетін цех ашып, көрпе жасауды жоспарлаған еді. 
Бұл жоспарды құп көрген Ғалия апамыздың жолдасы 
Насиболла Азаматов «Жұмыспен қамту жол картасы — 
2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттен бір миллион 
теңге көлемінде қаржылай несие алып, «Арай» жеке 
кәсіпткерлігін ашып, жұмыстарын бастап та кетті. Орал 
қаласынан 600 мың теңгеге жүн түтетін станок сатып 
алды.  Жүнді жуып, оны түтумен айналысуға бір адамды 
жұмысқа қабылдады.
- Негізі көрпе жасаумен айналысқаныма 3 жылдай 
уақыт болды. Станок сатып алғаннан кейін жұмыс көлемі 
де артты. Тапсырыс берушілердің дені өз  ауданымыздан. 
Көршілес Александров-Гай, Новоузенск аудандарынан 
да тапсырыстар қабылдадық. Соңғы кездері көрпемізге 
Атырау қаласынан да қызығушылық танытушылар бар.  
Қысты күндері шұлықтар тоқып сатамыз.  Жіп иіретін 
машинаны жолдасым өз қолынан жасап алған. Цехымыз 
үлкейсе, тағы да жұмысшылар алмақпыз. «Жұмыспен 
қамту жол картасы – 2020» бағдарламасын қабылдаған 
Үкіметке алғысымыз шексіз. Соның нәтижесінде кәсібіміз 
кеңейіп, табысымыз да молайып жатыр- дейді Ғалия 
Шалақашова.
Иә, «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» 
демекші, ерінбей еңбек етсе, кім кімнің де жемісін көрері 
шексіз.
 
ОТБАСЫ БЕРІКТІГІН САҚТАЙЫҚ
Елімізде Отбасы күні міне екінші жыл аталып 
өткелі отыр. Қазақстан Республикасы Президентінің 
Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі 
«Отбасы күні» болып белгіленген болатын. Осы мереке 
қарсаңында өз жанұяң мен туыс-бауырларыңа мейлінше 
көбірек жан жылуын төгу қажет болса, демек отбасы 
беріктігін сақтап қалу, оның мәртебесін жоғарылату жағын 
қарастыруда да ұмытпағанымыз жөн. Елбасымыз  «Отан 
отбасынан басталады» деп әркезде де отбасы мәселесін 
бірінші кезекке қойып, «Қазақстан-2050» стратегиясында  
әлеуметтік саясаттың ең құрамдас бөлігін ана мен баланы 
қорғауға арнаған болатын.
Отбасы күнін мерекелеу - ол отбасын құндылықтарын 
насихаттау, оның мәртебесін көтеруге бағытталуға тиіс , 
өйткені әрбір елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуі 
отбасының беріктігіне байланысты екені белгілі.
Еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатқан Отбасын 
күнін мерекелеуге бағытталған шараларды өткізуді 
Казталов ауданының Әділет басқармасы да назардан 
тыс қалдырған емес. Ағымдағы жылдың 10 қыркүйек 
күні Казталов ауданының Әділет басқармасының 
қызметкерлерінің отбасылары арасында спорттық 
эстафета ұйымдастырылды.
Отбасын құруға ниет білдірген жас жұбайлардың 
отбасылық құжатын , дүниеге келген перзенттердің 

141
Батыс Қазақстан облысы
алғашқы құжатын рәсімдеумен қатар, оны салтанатты жағдайда табыс ету бағытында 
басқармамызда  игі шаралар өткізілді. Шара барысында Казталов ауданының әділет 
басқарманың жетекші маманы А.Ерболат  Батырхановтар жанұясын  Отбасы күнімен 
құттықтап, аталған мереке қарсаңында дүниеге келген перзенттері Зинет Заур 
Тағалламұлына ең алғашқы құжаты-туу туралы куәлікті салтанатты жағдайда табыс 
етілсе, басқарма ұжымы атынан ескерткіш сыйлық тарту етілді.
Отбасы күнін мерекелеуге байланысты ұйымдастырылған шара Жалпақтал 
ауылында өз жалғасын тапты. Дәл Отбасы күні  14 қыркүйекте Рамазанов Батырбек 
пен Сабырғалиева Динараның ақ некелері  қиылып, неке қию туралы куәліктері 
салтанатты жағдайда табыс етілді. Отбасы құндылығын сақтауға, аталған мерекені 
мейлінше насихаттауға бағытталған шаралар  Казталов ауданының әділет 
басқармасында әркез де өз жалғасын тауып отырады.
Отбасы – ол еліміздің алтын діңгегі , ең басты құндылығы болып табылады. 
Сондықтан да әрбір жанұя мүшесі өз отбасы алдындағы жауапкершілігін жеке-
дара түсініп, ынтымақ-берекесін сақтаса ғана отбасы беріктігі орнықты болады деп 
есептеймін. 

142
Елдің даңқын асқақтатқан 
Данияр
Р
ио олимпиадасында жасындай жарқылдаған 
жас жігіт Данияр Елеусіновтің есімі күллі 
әлемге таныс. Боксшының финалдағы айқасын 
тағатсыздана күткен Қазақстан халқы түгелімен 
арда ұлға тілеулес болды. Былғары қолғап шебері 
қарсыласын қапыда қалдырды. Өзбек боксшысы  Шахрам 
Гиясовтың жұдырығы көбіне ауа қармап қап жатты. Ұлы 
тілекті Алла қабыл қылды. Айқас алаңында арланның 
маңдайы жарқырап сала берді. Даниярдың даңқы әлем 
шарлап кетті.
Бұл кезде Астана қаласымен бірге Орал шаһары да 
думандатып жатыр еді. Ал қайсар жігіттің кіндік қаны 
тамған  Қазталов ауданындағы Қайыңды ауылының 
тұрғындары бөркін аспанға атып жатты. Олимпиададан 
соң елге оралған Данияр Елеусінов аз-кем тыныққан соң 
туған жеріне тартып отырды. Келе сала, құшағы гүлге 
толды. Жерлестері айбынды ұлдың кекілін тарап, мауқын 
баса алмады. Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай 
Көлгіновтің қабылдауында болғанда Даниярдың жасаған 
мәрттігі қалың жұртты таң қалдырды. Қарапайым 
жандардың үш ұйықтаса түсіне кірмейтін 10 миллион 
теңге қаражат сертификатын сал ауруына ұшыраған 
балалардың «Бәйтерек» қорына бірден табыстады. 
Жүрегіне әзіз иман ұялаған жомарт жігіттің бойындағы 
асыл қасиеті мен ұшқан ұядан алған тәрбиесі мығым 
екенін көпшілік біледі. Себебі ұлдарына бокс әлемін 

143
Батыс Қазақстан облысы
айқара ашқан әкесі Марат Елеусінов оларды темірдей 
тәртіпке салып, намысын шарқайрақтай өткірлеп, өжет 
қылып өсірді. Олимп шыңына ортекедей  ойнақтап 
шығып, бұлшық еті сом болып, бұла күшін ұтқыр 
техникамен сабақтастыра білуіне әкесінің айтқан әрбір 
кеңесі айнымас темірқазық, айқын бағыт, сенімді серпін 
болғаны рас. Бала күннен назағайдай шаншылып санаға 
сіңген қарапайым қағидалар рухты сілкілеп, бойдағы көк 
бұлшықетпен білемденіп, өзін тың да  ширақ ұстауына 
себеп болды. 
Данияр бала күннен зейінді, сабаққа алғыр боп өсті. 
Өзі айтқандайын, әкесі бокс үйірмесін ашып, ауылдың 
балаларын жаттықтырғанда, бірге ілесе баратын. Сол 
кезде-ақ үйірмеге қатысушылардың арасында белсенді 
жаттығып жүрген ағасы Дәуреннің сойынан соққысы 
сойқан серке болатыны анық аңғарылатын. Расында 
он екі жасынан бастап тынымсыз жаттыққан Дәурен 
Елеусінов 2000 жылы Тараз қаласында жасөспірімдер 
арасында өткен Қазақстан чемпионатында жүлдегер 
атанды. Кейін Қазақстан біріншіліктерінде топ жарып, 
2006 жылы студенттер арасында әлем чемпионы атанды.  
Қазіргі кезде әуесқой бокста бағын сынауда.
Бокс сабағына бірден араласпаса да, сырттан 
бақылап, жаттығу залында емін-еркін ойнап, еркелеп, 
арасында қапты ұрып жүретін Данияр бір күні өзінен 
екі жас үлкен, дене тұрқы шамалас баламен рингте 
қолғап түйістіргісі келетінін айтады. Қатал бапкер 
әкесі алғашында келіскен рай танытқысы келмесе де,  
айтқанынан танбай тұрып алған кенже ұлын сынап көргісі 
кеп, айқасқа рұқсат етеді. Данияр сонда өзіне соққы 
дарытпай, қайсарлықпен қарымта жауап қайтарып, 
шымыр да ширақ қозғалып, ұпай санымен басым түсті. 
Сөйтіп, әке сынынан өткен жеті жасар ұл бокс өнерінің 
қыр-сырын үйрене бастайды. Тынымсыз төгілген тер 
мен спорт саласына құлай берілуі нәтижесінде оның 
да жеңісті жолдары басталады. 2006 жылы Кадеттер 
арасындағы Әлем чемпионы, 2010 жылы Гуанчжоудағы 
Азия ойындарының чемпионы, 2012 жылы Құрлықтық 
олимпиадалық біліктілік турнирінің және Қазақстан 
Республикасы Кубогының жеңімпазы атанды.
Марат Елеусінов ұлдарына әркез сүйеу болып, ақыл-
кеңесін айтып отырды. Отбасында болаттай берік тәртіпті 
бұлжытпай ұстады. Бос жүріске, арзан күлкіге, ойын-
сауық іздеп, салғырттыққа бой алдырмауларын  ескертті. 
Жастық жалынын пайдалы іске, жаттығуға жұмсауға 
үгіттеді. Сыныптастары арасында белсенді болған 
Данияр мектептегі спорттық шаралардан қалмады. Ол 
басқа спорт түрлеріне де қабілетті еді. Әсіресе, футболды 
жақсы ойнады. Бірақ әкесі таңдау еркін жасау қажеттігін 
айтқан соң, біржолата боксқа ауысты. Дәурен Елеусінов 
жаттығу залында денесін шынықтырып, қарым-қабілетін 
жетілдіріп отыруды жаны сүйді. Ерінбеді. Оған әркез 
ағасы да сүйеу болды. «Дәурен де олимпиада жеңімпазы 
болуды армандады. Соған жету үшін бар күш-жігерін 
жұмсады. Талай қиындықты бастан кешірді. Талай 
мәрте әділетсіздіктен де жапа шекті. Бірақ, тағдырдың 
жазуымен,  ол армандаған бақ маған қонды. Ағам – мен 
үшін зор үлгі. Оны өте мықты боксшы деп есептеймін әрі 
ерекше сыйлаймын. Ол осы даңққа лайық еді. Ағамнан 
үйренгенім көп. Олимпиада алдында Америкаға барып, 
кәсіпқой боксшылармен былғары қолғап түйістірдім. 
Сонда Дәурен бірқатар техникалардың сырын ашты. 
Кейін Рио олимпиадасына  қатысқан кезімде, Америкадан 
хабарласып, ақыл-кеңесін беріп тұрды», – дейді Данияр 
Елеусінов. Міне, бауырмалдық деген осындай болса 
керек-ті. Аға мен іні арасындағы сыйластық тіні, біріне-
бірі жанашыр тілегі түпкі арманға жұдырықтай жұмылып 
жетуге зор әсерін тигізді. 
Айта кету керек, қос арланның анасы Ғалия 
Елеусінова – жүрегі ізгі, жан сарайы мейірімге толы 
жан.  Марат ағамен отасқандарына отыз жылдан асып 
отыр. Тоқсаныншы жылдары аумалы-төкпелі кезеңде 
жұбайлар біріне-бірі сүйеу болды. Тату-тәтті, береке 
ұйыған шаңырақта алдымен дүние есігін ашқан қыздары 
Динара тал шыбықтай солқылдап, әсем бойжеткен боп 
өсті. М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың хореграфия 
факультетін бітірді. Кейін Астана қаласындағы 
мемлекеттік «Наз» би ансамблінде қызмет етті. 
Негізі Марат Елеусінов – он екі ата Байұлының 
Алаша қауымынан тараған, ХVІІІ ғасырда өмір сүрген 
Құдайқұлұлы Байбарақ  батырдың ұрпағы. Даниярлардың 
атасы Тәліп ауыл-аймаққа танымал күйші әрі бастауыш 
сынып мұғалімі болған. Марат ағамыздың домбыра, 
гитара тартып, ән салатын өнері, даңқты боксшы-бапкер 
болып танылуы тегін емес.
Даниярды кезінде анасы боксқа жібергісі келмейді. 
Отағасыға Дәуренді ғана жаттықтыруын өтінеді. Бірақ 
кенже ұл қиылып сұрап, мектептегі оқу үлгерімін 
төмендетпеуге уәде береді. Мейірім шуағы мен аялы 
алақан жылуын аямай төгетін отанасы әке ізіне ерген 
балалардың бар жағдайын жасады. 
 Ғалия Елеусінова ұлдары шаршы алаңға шыққанда, 
қатты қобалжиды екен. Бразилияда өткен Олимпиадада 
қабағы жырылған ұлының айқасын көруге дәті бармады. 

144

145
Батыс Қазақстан облысы
Әрине, лүп-лүп етіп, нәзік сәуле шашып тұратың ана 
жүрегінің қандай хал кешкенін баршасы жете түсінген 
болар. Дегенмен Ғалия апа ұлдарының жорықты 
жолдарына әрдайым тілеулес болып, спорт саласындағы 
жаңалықтарды назарынан қағыс қалдырмайды.  
Марат Елеусінов – қос құлынының тағдыр-
талайына зор әсер еткен әке. Оларды табандылыққа, 
орнықтылыққа, әділетті болуға баулыды. Жеңілістің 
ащы дәмін татқан  кезде ұлдарына қабақ шытып, еш 
зекімейтін. Керісінше, қателіктен сабақ алып, ұдайы 
талқылап отыруға баулитын. Оның пайымдауынша, 
Дәурен – бокста бетпе-бет қарсыласып, жойқын соққы 
жасағанды жақсы көретін қара күш иесі. Ал Данияр бала 
күндегі әдетіндей, ылғи да ылдым-жылдым қалпында  
денесіне соққы дарытпайды. Қорғанысқа мән бере 
жүріп, ұрымтал сәтті күтеді. Сондықтан бапкер ұлдарын 
болмысына сай баулуды жөн көріпті. Соның нәтижесінде 
Данияр дарабоздай жұлқынып, жасындай жарқылдап, 
ұршықша үйіріліп, шаршы алаңда қарсыластарын 
шақ келтірмеді. Қазақтың бағына біткен аймаңдай ұл 
бокстан 69 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз даңқ 
сабақтастығының үзілмеуін қамтамасыз етті. Оның бокс 
алаңында өзіндік өрнегінің қалыптасуына әке тәлімі мен 
аға тілеулестігі зор себеп болғаны мәлім. Тіпті Дәурен 
інісіне жол ашып кетті десе де болады. Себебі үлкен 
ұлын жаттықтырған кезінде ескерілмеген жайттарды 
жадына түйген Марат Тәліпұлы Даниярдың бойына 
бокс өнеріндегі бай тәжірибесінің бар сәулесін сіңіруге 
тырысты. «Бапкер шәкірттеріне дем беріп, жігерін жанып 
отыруы тиіс.  Оның жан-дүниесіне бойлап, қандай күй 
кешіп жүргенін сезіне білуі керек. Барлық жағдайда 
жанашырлық  танытып, қолдау білдіргені жөн. Ал менің 
әкем – дәл осындай жан», – деп бағалады Данияр 
Елеусінов. Марат Тәліпұлы – Елеусіновтер әулетінің 
асқақ бәйтерегі, бүгінде қамқор ата. Сом білекті, арыстан 
жүректі Дәуреннен бір ұл, бір қыз, Динарадан жиен 
сүйіп отыр. Ал Даниярдың Даниэл атты ұлы бар. Рио-де-
Жанейрода 17 тамызда даңқты финал өткеннен кейін 
тура он күннен соң бір жасқа толған ұлына алтын медалін 
сыйға тартты. Алина есімді асыл жары қосағына әрдайым 
қолдау білдіреді. Данияр жартылай финалдағы жеңісін 
жарына арнағаны белгілі. Бұл отбасының тамылжыған 
мейірім-махаббат  нұрына бөлінгенін дәлелдейді.
«Егер ұлдарымның жанарындағы  отты 
немерелерімнен көрсем, бокс өнеріне баулимын»,  – 
деді Марат Тәліпұлы. Елеусіновтер әулетінен әлі талай 
дарабоз шығарына біз де кәміл сенеміз.
Рио-де-Жанейродағы XXXI Жазғы Олимпиада 
ойынында Тәуелсіздіктің төл перзенті Қазақстанның 
көк Туын биік тұғырда желбіретіп, еліміздің даңқын 
күллі әлемге паш етті. Қазақтың марқасқа ұлы Данияр 
Елеусіновтің әл талай шыңды бағындыратыны анық.
Нұркен ӘБДІҒАППАР,
Орал қаласы

146
МҰХИТ 
ЕЛІ

147

148
Мұхит Мерәліұлы   
1841 жылы 
Орал губерниясы, Жымпиты уезі, 
Жақсыбай болысының Ақбақай елді 
мекенінде дүниеге келген. Бұл қазіргі 
Қаратөбе ауданының (бұрын Саралжын 
деп аталды) Мұхит ауылы. Мұхит 
бабамыз атақты әнші, композитор, 
ақын. Төре тұқымынан шыққан Мұхит 
кішкентайынан домбыра ұстайды. 
Бір естіген әнін өзі салып алатын 
болады. Ауылға келген жыршы, әнші 
домбырашының қастарынан қалмайды. 
Әкесі оның серілік мінезін ұнатпай, 
билік құруға баулып, ауылнай қылады. 
Бірақ Мұхит қоржыны мен мөрін бір 
ауылдасына беріп кетіп, өнер жолына 
бет бұрады. Ауқатты отбасынан шыққан  
Мұхиттың туған ағалары Паңгерей, 
Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, 
МҰХИТ МЕРӘЛІҰЛЫ
(шын есімі Мұханбеткерей)
Жүсіптер –домбырашы, әнші әрі скрипкада ойнау 
өнерін де меңгерген.
Мұхиттың ерекше ұстаз тұтқан адамы - 
Құрманғазының шәкірті, асқан әнші, әрі күйші 
Кетеден шыққан атақты Ешнияз сал. Ешнияз 
арқылы Мұхит Құрманғазы мен Даулеткерейдің 
алдын көрген. Сейтек, Қазанғап, Түркеш, Соқыр 
Есжан, Мәмендермен де араласқан. Мұхит ауылға 
келген әнші-күйші, ақын-жыраулардың қасында 
болып, өнер үйренеді. Ел аралап жәрмеңкелерге 
қатысып, той-думанның сәні  атанады. Ол 
Ақжайық, Атырау өңірін түгел аралап, Орынбор, 
Қостанай, Орск, Қазалыға дейін барып, халық 
мұрасы - әндерін  дәріптеп, ел арасына 
насихаттайды. Сөйтіп Мұхиттың атағы елге тегіс 
тарап, «Әнші  Мұхит, Сал Мұхит», «Үш жүзге ән 
оздырған Мұхит» атануы да содан.
Мұхит әндерінің бітім-болмысынан сахараның 
мол пішімі, ондағы өмір сүрген елдің арман-
Т ҰЛҒА

149
Батыс Қазақстан облысы
мұңы, тағдыр талайы, отаршылдықтан 
рухы түспеген қазақтың өршіл 
қасиеті көз алдыңа келеді. Өмірді 
терең болжай білген Мұхит тіршілікте 
өнерді бәрінен жоғары қояды. 
Сондықтан да өзі ақсүйек, атақты 
Қаратай сұлтанның шөбересі, дәулетті 
Мерәлінің ұлы бола тұра өмірдің 
парқын байлықтан іздемей, барша 
саналы өмірін өнерге бағыштайды. Ол 
біраз уақыт өзгенің шығармаларын, 
халық әндерін орындаушы болып 
жүреді. Кейіннен өзі ән шығаруды 
бастайды. Мұхиттың «Айнамкөз», 
«Алуаш», «Зәуреш», «Ақиіс», «Қилым» 
«Бала Ораз», «Жылқышы», «Кіші 
Айдай», «Үлкен Айдай», «Паңкөйлек», 
«Кербез», т.б. әндері халыққа кеңінен 
тараған. Мұхит артына 30-дан аса ән 
мен күй қалдырды. Мұхит әндерінің 
қазақтың музыкалық мәдениетінде 
алар орны ерекше. А.В.Затаевич 
Мұхитты «Қазақтың Баяны», 
«Қазақстанның Батысында Мұхиттың 
творчествосын белгілі  «ән мектебі» 
деп қарау керек» - деп айтқан. 
Мұхиттың әншілік, ақындық мұрасын 
біздің заманға жеткізген балалары – 
Шоң, Нәу, немерелері Шайқы, Лұқпан, 
Ғұбайдолла. Қазақ радиосындағы 
алғашқы дикторлардың бірі, ұлты 
татар, Қаратөбе ауданының тумасы 
Тәмті Ибрагимова апамыз Мұхит 
әндерін орындап, таратушылардың 
бірі. Ал Ғарифолла –Мұхит 
салған  әншілік мектептің алтын 
діңгегі. Кең тыныстылықты, асқақ 
та шырқау үнділікті талап ететін 
Мұхит әншілік дәстүрі негізінде 
әншілердің Батыс Қазақстан 
өңіріне тән ерекше бағыты – «Мұхит 
мектебі» қалыптасқан. Мұхиттың 
бізге жеткен  «Алшаң боз» деген күйі 
бар. Өнер зерттеуші Затаевичтің 
«Қазақтың 100 әні»  кітабына Ғанбар 
Медетовтың тартуымен жазылған 
екен. Күйді ауданымыздағы белгілі 
музыка маманы Әлеумет Мәмбетов 
өңдеп, партитурасын жазып, оркестрдің 
орындауында Мұхиттың 140, 150 
жылдық мерейтойларында орындалған. 
Мұхит бабамыз 1918 жылы 15 наурызда 
77 жасында дүниеден өтті. Ақбақай 
қорымында жерленген. Оның  зиратын 
1958 жылы  академик Қажым Жұмалиев 
тауып, белгі қойылған. Қаратөбе 
ауданы орталығындағы орта мектебіне 
Мұхиттың есімі берілген. Мұхиттың 
туғанына 140, 150 жыл толуына 
орай  1981, 1991 жылдары  Саралжын 
жерінде республикалық дәрежеде 
тойланса, 2006 жылы Мұхиттың 165 
жылдығына орай Ақбақай қорымында 
бұрын қойылған  ескерткіштің орнына 
биіктігі 8 метр Ақтаудың ақ мәрмәр 
тасынан шығыс үлгісіндегі кесене 
орнатылып, баба рухына арналып 
ас берілді. Алдағы жылы Мұхит 
Мерәліұлына 175 жыл толады. Соған 
байланысты ауданымызда бабамызды 
құрметтеуге арналған игі іс-шаралар 
өтетіні заңдылық. Мұхит әндерін 
орындап жүрген танымал эстрада 
әншілері бар. Мұхит әндерін халық 
арасында кең насихаттауда осындай іс-
шаралар республика көлемінде де атап 
өтілсе құба-құп болар еді.

150
Т
арихтан белгілі, Қаратөбе съезі        
1918 жылдың ақпан айының соңғы 
күндерінде болған. «Үшінші 
Орал облыстық қазақ съезі» 
Жаһанша Досмұханбетов: «Халқым, бауырларым, 
ғасырлар бойы ата- бабамыздың, ел қамы үшін 
етегімен су кешкен асылдарымыздың аңсаған 
азаттығы, көксеген еркіндігі үшін шешуші 
аттанысқа шыққылы тұрмыз...» деп сөзден бастап 
түсіндіріп, күн тәртібіндегі негізгі қаралатын 
мәселелерді атайды. Онда үкімет құру, әскер 
жасақтау, құрылымды ұстау үшін қаржы жинау 
өзекті мәселе екендігі айтылады.  
Алашорда қозғалысы-тарихтың, егемендік 
алудың бастамасы екені хақ. С.Сейфуллиннің 
«Тар жол тайғақ кешу» романы, Ж.Ақбайдың 
«Жанша» А. Боранқұловтың «Күнбатыс 
Алашордасы», «Алашорда-тәуелсіздік 
бастауы», М. Тәжімұраттың «Шәңгерей» 
атты еңбектерінде дәлелденәп, көп жыл 
бойы жариялануға рұқсат етілмеген 
тақырып өз мәресіне жетті. Міне, сол қазақ 
зиялыларының ойшылдығы, түп мақсатты 
мегзеуі, күндердің күнінде халқымызға 
оралды, оның куәсі-Жаңарған қазақ елі деп 
білеміз.  
ЖАҢАРҒАН ҚАЗАҚ ЕЛІ 
Қаратөбедегі тарихи оқиғалар 
Қаратөбе съезі
Қаратөбе съезі деп тарихтан өзіндік орын алған 
үшінші Орал облыстық қазақ съезі тәуелсіздікке 
бір табан қадам жасады. 
Осы съезге өз ниеттерімен қатысып, келелі 
пікірлерімен көзге түскен Қасаболатов, 
Ипмағамбетов, Жолдыбаев, ағайынды 
Әлібековтер, Мырзағалиевтердің де құнды 
ұсыныстары көпшілік тарапынан қолдау тауып 
жатты. Болған айтыс-тартыста екі жақты 
мәмілеге келтіруге елге танымал қазірет Қуанай 
Қосдәулетовтің сіңірген еңбегін атап көрсетуге 
болады. Қаратөбе съезіндегі алынған шешімдер 
кейін «Ойыл уәлаятында» біршама жүзеге асқанын 
тарихтан білеміз. Уәлаят орталығы Жымпиты 
мен Қызыл қозыда әскери жасақтар құрылып, 
олардың білімдерін көтеру үшін Ойылда юнкерлер 
мектебі ашылды. Банк, телеграф жұмыс жасап, 
Алашорданың орталық басшылығымен тығыз 
қарым-қатынас орнады. Осы съездің шешіміне 
сай Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Кеңес 
үкіметінің басшылары В.Ленин және И.Сталинмен 
келіссөздер жүргізеді. Осы кеіссөздердің 
нәтижесінде жас қазақ үкіметінің Самара, 
Саратовтағы басшылығының арандату 
әрекеттерінің кесірінен Күнбатыс Алашорда 
үкіметінің кеңес үкіметіне деген сенімі 
жойылады. 
Кейін тарихтан блгілі болғандай, жаңа 
құрылған жас Алаш үкіметі кеңес үкіметінің 
озбырлық сасатының құрбаны болып 
құлатылып, оның басшылығы қуғындалып, көзі 
жойылады. 
Қаратөбе съезі деп тарихтан өзіндік орнын 
алған үшінші Орал облыстық қазақ съезі 
тәуелсіздікке бір табан қадам жасады. 
Мемлекеттіліктің іргетасын қалауға талпыныс 
жасап, көптеген жоспарлармен съезге шықты. 
Кейін мәлім болғандай, олардың бірқатары 
жүзеге де асты. 
Қаратөбе ауылында Алашорданың батыс 
бөлігінің басшысы Жаһанша Досмұхамедовтің 
басшылығымен болған съез өткен үй көненің 
көзіндей болып тұр. Жаз айында «Қазақфильм» 
киностудиясынан арнайы мамандар келіп, 
«Айбынды Жаһанша» деректі филъмі 
түсірілді.
А ЛАШ

151
Батыс Қазақстан облысы
А
уылға көшіп келгенімізге екі жыл 
жарым болды,-дейді, Шалғындағы құс 
өсірумен айналысатын «Жәрдем» шаруа 
қожалығының жетекшісі Қадірбек 
Жәрдемов. - Қалада он сегіз жыл тұрдым, әр салада еңбек 
еттім. Жолдасым – Самал, мұғалім. Анам және төрт қызым 
бар. Өзім осы Шалғын ауылында туып-өстім. 2013 жылы өз 
туған ауылыма келдім. Қалада да құс өсірумен айналысып, 
біраз тәжірибе жинадық. Ауылға келгендегі мақсатым да 
осы Шилі өзенінің бойында құс шаруашылығын дамыту. 
«Жұмыспен қамту 2020  жол картасы» бағдарламасымен  
3 млн. теңге несие алып, екі мыңдай құс сатып алдық. 
Қаздың линда, үйректің белогорская тұқымдарын Оралдан 
сатып алдым. Негізі бұл тұқымдар Ресейлік. Біздің жерді 
жатырқамай өсіп-өніп кетті, - дейді Қадекең. Аудандағы 
бірден-бір құс өсіруді кәсіп қылған бұл қожалық облыстық 
грантты жеңіп алу үшін конкурсқа қатысып, облыстан 47 
жобаның ішінен жеңімпаз деп танылып, 1880000 теңге 
ұтып алған. Сол кездің өзінде тұқымға алып қалған 100-
дің үстінде құс болса, былтыр осы гранттың арқасында  
1000 қаз, 1000 үйрек, 1000 тауық т.б. құс түрлерін , 
сонымен қатар балапан бастыратын арнайы инкубатор 
сатып алыпты. 1056 дана тауық жұмыртқасын, 756 қаз 
жұмыртқасын бастырып шығаруға болады.  Биылғы жылы 
сол инкубаторға жұмыртқаны Ресейден сатып әкеліп, 
1000 тауық жұмыртқасын, 756 үйрек бастырып шығарған. 
Өнімдері көбіне балапан күйінде жақсы өтеді. Осы 
істі бастаған кезде балапанды сатып әкелсе, қазір осы 
инкубатордың арқасында өздері балапандарды саттыққа 
шығаруда. Инкубатордың 5000 балапан шығаратын үлкен 
түрін алсақ деген ойларын да жасырмады.  Жұмыртқа 
қызы-жазы үзілмейді, сатуда болады. Құс етін де саттыққа 
шығарады. Құс сойылған соң әрине, мамығы болады, оны 
да өңдеп, құс көпшік жасап сатуда.  Тауарлары сұранысқа 
ие. Шаруашылықты  бұдан әрі үлкейту бағытында 
жұмыстанып жатырғандығын, алла қаласа, 5-6 мың құсқа 
жеткізсек деген ойлары да бар екендігін жасырмады.  Ол 
бірақ болашақтың еншісінде. Шаруашылықта  негізінен 
өзі, анасы  Сәлима апай, жан жары Самал, Самат  есімді 
көмекші жігіт бар. - Демалыс кезінде қыздарым да үлкен 
қолғабысын тигізеді. Құс бағуда оңай емес, ауру-сырқауы 
болады, ол кезде Ресейлік  дәрігерлермен сөйлесіп, кеңес 
алып, қандай дәрі-дәрмек қолдану керектігін сұрап алып 
жатамыз. Енді ауылға интернет қосылса жақсы болар 
еді деп армандаймыз. Байланыс көкжиегіміз кеңейер 
еді, көптеген сұрақтарды сол интернет арқылы шешіп 
алар едім деп ойлаймын. Осылай деген ол инкубатордан 
шыққан балапандарға бастады. Жаңадан шыққан 
балапандарды түр-түсіне қарай топтап қойыпты. Тура 
құс базарындай.  Инкубаторға салған жұмыртқадан 60-
70 пайызға дейін дені сау балапан шығады екен. Әрине 
ауылда тұрған соң тек құспен емес, мал шаруашылығын да 
дамытып жатқанының куәсі болдық. Еңбегің жана берсін, 
Қадірбек!
Қадірбектің ісі кейінгі жастарға үлгі болса, адал еңбектің 
жемісін көрер азаматтар көп болары сөзсіз.
ҚҰСТАР ҮНІ СӘН БЕРІП ТҰР, ШАЛҒЫНҒА

152
О

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет