Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата19.01.2017
өлшемі17,75 Mb.
#2200
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ӘЙЕЛ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ
СҰХБАТ
зорлық-зомбылықты жою, аналар мен балалар трафигіне 
қарсы күрес жүргізуге көмектесу. Сондай-ақ түрлі шаралар 
әзірлеп, оны жүзеге асыру.
-  ЖА ЛПЫ АУДАН БОЙЫНША ҚАНША ӘЙЕЛ 
ТІРКЕЛГЕН?
  - 2015 жылдың 1 қаңтарына аудандағы халық саны 
17671 болса, оның ішінде  әйелдер саны 8671-ді (49,6 
пайыз) құрап отыр. Оның 400-ден астамы көп балалы 
аналар. Күні бүгінге Батыр ана, яғни, «Алтын алқа» 
иегері 177 болса, 185-і «Күміс алқаның» ал, 53-і  I-II 

165
Батыс Қазақстан облысы
ӘЙЕЛ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ
дәрежелі «Ана даңқы» медальдарының иегерлері.
- СІЗ ҰЗАҚ ЖЫЛДАРДАН БЕРІ  ЖАУАПТЫ 
ҚЫЗМЕТТЕР АТҚ АРЫП КЕЛЕСІЗ. Ж А ЛПЫ ӘЙЕЛ-
АНА ЛАРДЫҢ БАСШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДЕ ЖҰМЫС 
АТҚ АРҒАНЫНА Қ А ЛАЙ Қ АРАЙСЫЗ?
 
 - Елбасы өзінің бір сөзінде «Қоғамның даму барысын 
өмірде-нәзік, көңілде –биік, ал істе-мығым әйелдер 
қауымынсыз  көзге елестету мүмкін емес» деген болатын. 
Шындығында қоғамда нәзік жандардың орны ерекше.  
Біздің ауданда да әйелдер қауымы ерлер мен бірдей 
еселі еңбек етіп, әртүрлі салада басшылық қызмет 
атқарып келеді. Мәселен:33 мемлекеттік органның 
9-ы әйелдер болса, 53 мекеменің 26-сы, ал, 9 ауылдық 
округ әкімдерінің 2-і және 12 мәслихат депутатының 3-і 
әйелдер. Сондай-ақ ауданымызда 6 үкіметтік емес ұйым 
болса, олардың 2-і отбасының, әйелдер мен балалардың 
құқықтары  мен заңды мүдделерін қорғау саласында 
жұмыс істейтін «Тасқала әйелдері» қоғамдық бірлестігі 
мен Мерей ауылдық округіндегі «Мейірім» отбасын 
әлеуметтік қолдау орталығы қоғамдық бірлестігі. Олар 
дербес бөлімдер мен жеке кәсіпкерлікті басқарып, 
ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты 
үлестерін қосуда.  
- ӘЙЕЛДЕР МЕН ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯНЫ   
ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНДА ҚАНДАЙ ЖҰМЫСТАР 
АТҚАРЫЛУДА?
  -2014 жылы ішкі саясат бөлімінің қолдауымен 
және «Тасқала әйелдері» қоғамдық бірлестігінің 
ұйымдастыруымен  Халықаралық отбасылар күніне 
орай өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және от-
басы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы 
мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» 
аудандық байқауының марапаттау рәсімі өткізілді. 
Бұл үлгілі отбасыларды халыққа таныстырып,  солар 
арқылы басқа жанұяларды да осындай игі істерге тарту 
бағытында атқарылған іс болатын.Сонымен қатар 1 ма-
усым балаларды қорғау күніне орай «Мейірім» отбасын 
әлеуметтік қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің 
ұйымдастыруымен «Барлық жақсылық балаларға!» атты 
мерекелік шара өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде әйелдер 
мерекесіне орай аудан әкімінің ауданның әлеуметтік-
экономикалық дамуына өз үлестерін қосып, қоғамдық 
өмірге белсене араласып жүрген әйелдер қауымын 
салтанатты қабылдау рәсімі өткізіледі. Биылғы жылы да 
осы үрдіс өз жалғасын табатын болады. Сонымен қатар 
осындай кездесулер мен қайырымдылық іс-шаралары 
әйелдердің әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған топтары-
мен де яғни, мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты, көп ба-
лалы аналармен де ұйымдастырылады. Қыздар үйірмесі 
мен «Жас отау» және аналар клубтары жұмыс істейді.
- ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕ НЕ АЙТАР ЕДІҢІЗ?
-  Қазіргі жаһандану дәуірінде өркениетті қоғамға 
ілесе алатын ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты 
талабы. «Ұрпақ қамын ойлаған ата-бабаларымыз ұл-
қыздарын дәстүр сыйлауға, үлкендерге ілтипат жасауға, 
именуге, өнегелі ортадан тәрбие алуға үйреткен. Ұлды 
дала тіршілігіне, қызды үй ұстауға, ел бірлігін, ошақ 
бүтіндігін сақтауға баулыған. Бұл дұрыс. Бірақ өкінішке 
орай қазіргі кезде «Немересіне ертегі айтатын әжелер 
мен сәбиін бесікке бөлейтін келіндер азайып барады. 
Біз әрине, аналардың барлығына бірдей күйе жағудан 
аулақпыз.  Тек ұлттық тәрбиеден алыстамай, оны келер 
ұрпақтың бойына сіңіре білсек деймін. Сонымен қатар 
отбасында әкенің рөлі жоғары екенін де ұрпағымызға на-
сихаттап отыруға тиіспіз. Осы орайда  аудан көлемінде 
«Әкелер слеті» деген керемет шара өткізіліп келеді. Ол 
әлі де жалғасын табатын болады. 
- АУДАН БОЙЫНША НӘЗІК ЖАНДАРДЫҢ 
КӘСІПКЕРЛІКПЕН АЙНА ЛЫСУЫ ҚА ЛАЙ?
 - Қазір көп мәселе экономикаға байланысты 
болғандықтан әйелдердің қоғамдық өмірдегі белсенділігі 
артып келеді. Мысалы аудан бойынша шағын және орта 
бизнес саласындағы 882 кәсіпкердің 216-сы әйелдер. 
Былтырғы жылдың өзінде 14 қыз-келіншектер «Жұмыспен 
қамту-2020 жол картасы арқылы»  несие алып өз 
қызметтерін бастаған болатын. Бұл үлкен жетістік деп 
білемін.  
- ХАЛҚЫҢЫЗҒА АЙТАР ТІЛЕГІҢІЗ
- Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Өйткені қазақ 
хандығының 550 жылдығымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығын 
атап өттік. Сонымен қоса Конституциямыздың 20 
жылдығымен Қазақстан халқы  Ассамблеясының 
20  жылдығы. Осындай игі істерге қандай іс болма-
сын  қанжығасына байлап жүре беретін,  алғыр да 
қажырлы қыздарымыздың  қосар үлесі мол. Әруақытта 
да аналарымыздың жүзі жарқын, өмірлері нұрлы болып, 
келіндеріміз ибалы, қыздарымыз иманжүзді болса екен 
деп тілеймін.Өсейік, өркендейік. Еліміз тыныш болып, 
шеті жаусыз, іші даусыз болып, өмір сүруге Алла 
нәсіп етсін.

166
Қ
азақстанның батыс қақпасында жатқан 
өңірдің солтүстік-батысын Жалпы Сырт, ал 
солтүстік-шығыс бөлігін Орал маңы үстірті 
алып жатыр. Жергілікті халық бұларды тау 
деп атап, ол жөнінде талай әдемі хикая құрастырады. 
Ғылым көзімен қарағанда бұл төбелі-қырқалы алқаптар 
негізінен бор дәуірі жыныстарынан қалыптасқан. 
Олардың теңіз деңгейінен биіктігі 150 метрден 250 
метрге дейін барады. Жеке биігі 15-30 метрге дейін 
жететін бор жынысты тау жұрнақтары да кездеседі. Батыс 
Қазақстан облысының осындай қырат-биіктерінің бірі – 
Ешкітау Жалпы Сырттың оңтүстігіндегі Деркөл өзенінің 
жоғарғы ағысы алқабын алып жатыр. Үлкен және Кіші 
Ешкі тауы болып бөлінеді. Тасқала кентінен солтүстік-
батысқа қарай 12 километр жерде орналасқан.
Үлкен Ешкі таудың абсолюттік биіктігі 259 м. Таудың 
оңтүстік және батыс баурайы жарқабақты болып келеді, 
ал солтүстік және шығыс баурайы неғұрлым жайпақ. 
Ешкітаудың төменгі жағында орналасқан көктерек тоғайы 
– осы аймақтағы қайталанбас табиғи кешен. Бұл таудың 
басынан ашық күндері 80 шақырым қашықтықтағы  Орал 
қаласы, 45 шақырым жердегі Саратов облысының Озинки 
ауылы көрініп тұрады. Таудың шығыс баурайында 
тұщы су бұлағы ағып тұрады, орман - қалақай алқабы 
сақталған, сирек кездесетін өсімдіктер, суыр, безгелдек 
тағы да басқа жануарлар кездеседі. Бұдан басқа Тасқала 
ауылы айналасында Глазистая, Сундук гора, Синегорье 
таулары бар.
Ауылға жақын Глазистая тауының солтүстік бетіне 
аспалы сым арқан жолын салып, қыс айларында шаңғы 
сырғанағын ұйымдастыруға болады.
ЕШКІ ТАУЫ –
 
ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШІ
БАЙТАҚ ДА ЛА ЛЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА БАСЫН БҰЛТ ША ЛҒАН БИІК ТАУДЫ 
ЕМГЕ ТАППАЙСЫЗ. А ЛАЙДА, АҚЫН ТАБЫЛДЫ ДОСЫМОВ АЙТПАҚШЫ: «ОБАНЫ 
– АДЫР, АДЫРЛАРДЫ – ТӨБЕ ДЕП, ТӨБЕЛЕРДІ ТАУ ДЕСЕДІ БІЗДІҢ ЕЛ»
АТАМЕКЕН
АУДАННЫҢ БҰЛ ЕРЕКШЕЛІГІ, ҚАЙ Ж АСТАҒЫ 
БОЛСЫН, САЯХАТШЫЛАРДЫҢ (ТУРИСТЕРДІҢ) 
БАРЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫН, ЕЛІМІЗДІҢ ӨЛКЕ 
ТАНУШЫЛАРЫН ЕЛІКТІРЕДІ. СОНДЫҚТАН, 
АУДАННЫҢ ТУРИСТІК, СПОРТТЫҚ  ДАМУ 
ПОТЕНЦИА ЛЫ МОЛ.
Ешкітаудың шығыс баурайында бұлақ көзі бар, аққан 
су төменгі жағында бөгеліп, айналасына құрақ пен қоға 
өскен. Таудың пішіні конус тәріздес, палеоген кезеңінің 
құмтастарымен көмкерілген. Таудың табаны саздақ және 
бор мен опокалы жыныстардан тұрады. Оңтүстік және 
батыс баурайлары неғұрлым жарқабақты болып келіп, 
қазіргі кезеңдегі эрозиялық процестердің нәтижесінде 
жас жыралардың пайда болғандығы байқалады. 
Сондай-ақ бұл тұстарда өсімдік жамылғысы жоқтың 
қасында. Солтүстік және шығыс баурайлары неғұрлым 
жайпақ. Мұнда негізгі жыныстар үстінен делювиалды 
шөгінділермен жабылған. Геологиялық тұрғыдан алғанда, 
таудың негізі бордан, үщтік кезеңдегі саздармен, 
опокадан тұрады, демек мезозой және палеозой 
дәуірлерінің теңіз шөгінділерімен мықтап шайылған.
ҮЛКЕН ЕШКІ ТАУЫ –
 Батыс Қазақстан облысындағы 
Жайық өзенінің оң бетіндегі ең биік нүкте. Аумағы ықшам 
болса да мұнда өсімдіктің 117 түрі тіркелген. Оның ішінде 
сирек кездесетін және жойылып бара жатқан 41 өсімдік 
түрі түрлі дәрежедегі Қызыл кітаптарға енгізілген. 
Ал жануарлар әлемі кедейлеу: мұнда боз суыр, түлкі, 
бозторғай, қараторғай, сасық көкек, сұр жылан, сонымен 
қатар ішінара ақ бас тырна, дала қыраны, безгелдек, 
кейде дуадақ кездеседі. Сонымен бірге, Батыс Қазақстан 
облысында екі-ақ жерде кездесетін боз суыр бар.

167
Батыс Қазақстан облысы
ЕШКІ ТАУЫ –
 
ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШІ
Бұл аумақтың тағы бір ерекшелігі – мұнда 
ежелгі адам қоныстары болған. 1986 жылы археолог 
Б.Райымқұлов Үлкен Ешкі тауының басынан таспен, 
топырақпен жабылған 8 қорғаннан тұратын зиратты 
тапқан екен. Обалар оңтүстік-шығыстан солтүстік-
батысқа қарай тау жотасы басын бойлай тізбектеліп 
жатыр. Бұл обалар ерте темір дәуірімен шамалас келеді. 
Сонымен қатар, осы жерде жүргізілен археологиялық 
экспедициялық жұмыстардың барысында 2002 жылы 
палеолит дәуіріне жататын ежелгі адамдарының 
тұрақтары да табылған.
ҚАЗІРГІ  УАҚЫТТА  ҮЛКЕН  ЕШКІ  ТАУЫ  («БОЛЬШАЯ  ИЧКА»)  ОБЛЫСТЫҚ 
МАҢЫЗЫ  БАР  ТАБИҒАТ  ЕСКЕРТКІШІ  БОЛЫП  ТАБЫЛАДЫ,  ОЛ  1996  ЖЫЛЫ 
РЕТІНДЕ    ТАБИҒИ  ЛАНДШАФТТЫ  САҚТАУ  МАҚСАТЫНДА  БАТЫС  ҚАЗАҚСТАН 
ОБЛЫСЫ  ӘКІМШІЛІГІНІҢ  ШЕШІМІМЕН  ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН.  ЕСКЕРТКІШТІҢ 
АУМАҒЫ  БАР  БОЛҒАНЫ  175  ГЕКТАР.  ҚОРҒА ЛАТЫН  АУМАҚҚА  ОСЫ  ТАУДЫҢ 
АЙНА ЛАСЫНДАҒЫ 250 МЕТР КЕҢІСТІК КІРЕДІ.

168
      
Әжелер ансамблі
30 жылға жуық уақыт тарихы бар «Ақ тілеу» халықтық әжелер ансамблі 1987 
жылы Айсұлу Молдашқызының жетекшілігімен құрылды. Қазіргі таңда жетекшісі 
Нұрмақова Майра Әбуқызы.  Ұжым құрамында  15 ақ жаулықты аналар бар. Ансамбль 
тек аудан облысқа ғана емес, елімізге танымал. Көршілес Ресей жерінде де бірнеше 
концерт берді. Дәстүр бойынша жиырма бес жылдан астам   тарихы бар әжелердің 
бөлмесіндегі  үлкен альбомға қонақтар ауданымызға деген игі тілегін білдіріп, 
алғыстарын жазып, қолтаңба қалдырады. Құрылған уақыт ішінде СССР Халық әртісі 
Р.Бағланова, ақын Қ.Мырзалиев, Р.Рымбаева, А.Қоразбаев, Б.Жұманиязов сынды ұлы 
тұлғаларға ақ тілеулі әжелер ақ жол тілеп баталарын берген.Әжелер құрылғаннан 
бастап қазақтың салт-дәстүрін насихаттап іс жүзінде жүзеге асырып келеді. Атап айтар 
болсақ,шілдехана,бесікке салу,тұсау кесер, неке қию рәсімін жасап, жас жұбайларға 
ақ баталарын беріп, ақтан ауыз тигізеді. Жаңа келген басшылара ерулік жасап қош 
келдің айтып қарсы алады. Сондай ақ кейінгі жылдары дәстүрге айналған тағы бір 
үрдіс жастарды кезекті әскер қатарына шығарып салу.Басында айтқанымыздай әжелер 
көрші облыстарға барып,әндерін шырқап,қазақтың халық әндерін,қара өлеңін кеңінен 
дәріптеп келеді.
  
***
Облыс көлемінде көптеген талантты жастарды киелі сахнаның саңлағына 
айналдырған бірнеше халық театрлары бар болса солардың бірі –Тасқала аудандық 
МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ
АУД АНДЫҚ  МӘДЕНИЕТ  ҮЙІНДЕ  6  Х А ЛЫҚТЫҚ  Ұ ЖЫМ-  «АҚ  ТІЛЕУ»  Х А ЛЫҚТЫҚ  ӘЖЕЛЕР 
АНС АМБЛІ, «Ж АС ДӘУРЕН» Х А ЛЫҚТЫҚ ФОЛЬК ЛОРЫҚ АНС АМБЛІ,  Х А ЛЫҚ ТЕАТРЫ, Х А ЛЫҚТЫҚ 
ҰЛТ-АСПАПТАР  ОРКЕСТРІ,  С ЛАВЯН  Х А ЛЫҚТАРЫНЫҢ  ІНДЕРІН  ОРЫНД АУШЫЛАРДЫҢ 
«НА ДЕЖ ДА»  ХА ЛЫҚТЫҚ  ВОКА ЛДЫҚ  ТОБЫ,  «ТАСҚ А ЛА»  ХА ЛЫҚТЫҚ  ВОКА ЛДЫҚ  ТОБЫ,  
Х А ЛЫҚТЫҚ,  1 ҮЛГІЛІ-«ҚИЯЛД АН» БИ АНС АМБЛІ Х А ЛЫҚҚ А ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ.
МӘДЕНИЕТ

169
Батыс Қазақстан облысы
халық театры. Режиссері Ботагөз Сәрсенова. 2004 
жылы аудандық мәдениет үйі жанынан үйірме болып 
құрылып, Жалпақталда өткен халық театрларының  
1- облыстық байқауында 3-орынды жеңіп алды. 
Тасқала аудандық халық театры облыстық қазақ драма 
театрында Шыңғыс Айтматовтың «Ана, Жер-Ана»  
драмасын  жоғары  деңгейде  сахналады. Облыстық 
мәдениет басқармасы мұрағаттар және құжаттама 
басқармасы басшысының м.а Д.Құсайынов халық 
театрының режиссері  Ботагөз Сәрсеноваға  және халық 
театрына алғыс хат табыс етті. 
***
«Жас дәурен» халықтық ұлт-аспаптар  ансамблі  
Таушанбай Рахимовтың жетекшілігімен 1988 жылы 
құрылды.  2013 жылы «халықтық» атағын абыроймен 
қорғап қалды.  Н.Тілендиевтің « Әлқисса», «Ата 
толғауы», Қ.Сағырбаевтың «Балбырауын», «Адай»,  
И.Жақановтың « Есіл ағады», Шотайбай « Шыңырау», 
Қ.Аманжоловтың «Туған жер», халық әні  «Сәулем-
ай», «Дедімай-ау», М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» 
операсынан Біржанның ариясынан үзінді орындаумен 
қатар басқа да күйшілердің  шығармаларын ұлықтап 
жүр.    
«Тасқала» халықтық вокалды аспапты-ансамблі  
жетекшісі Сергей Бигазиев. 1970 жылдары  құрылды.  
Ансамбль  аудан халқының  көзайымына айналғалы    
30 жылдан астам уақыт өтті.   Ансамбль ел көлемінде 
ғана емес, халықаралық байқауларда да топ жарып жүр.
 Славян халық әндерін орындаушылардың  
«Надежда» вокалдық тобы 2009 жылы  сәуір айында 
құрылды. Топ жетекшісі Жаңылсын Шукирова. Құрылған 
уақыттан бастап, көптеген мәдени-шараларға қатысып, 
белсенділік  танытып келеді. Құрамына орыс, татар, 
қазақ, украин ұлттарының өкілдерін біріктіріп отырған 
ұжым. Ұлтаралық татулық пен достықтың беріктігін 
сақтаушысы болып  отырған ұжым «Қазақстан Халқы 
достығының ХІ облыстық фестиваліне» қатысып 
лауреат атанды.  
«Қиялдан» үлгілі би ансамблі 2005 жылы 
аудандық мәдениет үйі жанынан қүрылды. Рысқаным 
Масалимованың бастамасымен құрылған ұжымға 
бүгінгі таңда Наиля Қадырқұлова жетекшілік етуде. 
Топ құрамында 6-16 жасқа дейінгі оқушлар бар. Ұжым 
сахна киімдерімен толық қамтамасыз етілген.

170
Е
лімізде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 
үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы 
деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп 
тұрған әлемде табысты бейімделуге 
қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін 
барлық жағдай жасалуда. 
Осы орайда бүлдіршіндер үшін де, ата-ана үшін де 
балабақшаның маңызы ерекше екені – айтпаса да 
анық жайт. Қазақстан Республикасы Президентінің 
2010 жылғы 30 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – 
Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа 
мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы 
тапсырмаларды орындау мақсатында мектепке 
дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ету жөніндегі 
«Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі бала 
тәрбиесімен айналысатын мекемелер елімізде көптеп 
ашылып, бүгінде өз жұмыстарын талапқа сай жүргізуде. 
Осы «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданында да бірнеше 
бірнеше балабақша іске қосылған болатын. Солардың бірі 
- Тасқала аудандық білім бөлімінің «Бөбек» балабақшасы 
БАЛАБАҚША - 
 
БАЗАРЛЫ ҮЙ!
БОЛАШАҚ
мемлекеттік коммуналдық қазыналық 
кәсіпорны.
«Бөбек» балабақшасы  2011 жылы 9 
қыркүйекте құрылған. Балабақша мекемесінде 
екі ғимарат берілген. Балабақша 107 балаға 
арналған.
Ұжым меңгерушісі  Шукурова Гульнара 
Калиевна және ұжым қызметкерлері 
мекемедегі бүлдіршіндердің заман талабына 
сай білім мен тәрбие алуы үшін тынбай 
еңбектенуде. 
Тәрбиелеу мен оқыту үдерісін  
ұйымдастыру үшін жас ерекшеліктеріне сәйкес 
7 топ қызмет етеді. І кіші топтар саны  – 2, 

171
Батыс Қазақстан облысы
ІІ кіші топтар саны  – 3, ортаңғы топтар саны  – 2. ІІ кіші, 
ортаңғы топтарда  оқу- тәрбие ісі үш тілде жүргізілсе, 
қалған топтарда мемлекеттік тілде жүргізіледі.   
Балабақшада бірнеше ұлт өкілдері тәрбиеленуде. 
Балабақшада заманауи үлгіде жабдықталған 
компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнінің 
кабинеттері және дене шынықтыру залы, музыка залы 
бүлдіршіндердің игілігіне пайдаланылуда.     
Балабақшаның негізгі мақсаты болашақта жас ұрпақты 
халқына қалаулы, ата – ананың мақтанышы, дені сау, 
сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп, 
өсіріп тәрбиелеу. Сол себептен де балабақшада түрлі 
спорттық шаралар жиі өткізіледі. Сонымен қатар 
салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата – ана мен бала 
арасында спорт мәдениетін насихаттау, спортқа деген 
сүйіспеншілігін арттыру мақсатында балабақшада ата – 
аналармен бірлесе отырып, әртүрлі спорттық жарыстар 
ұйымдастырылып тұрады. 
2013 жылдың қантар айынан бастап «Бөбек» 
балабақшасында түзету және инклюзивті білім беру 
кабинеті жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта түзету және 
инклюзивті білім беру кабинетіне 8 бала қабылданған. 
Мұнда әдіскер, невропатолог, дефектолог, логопед, 
психолог мамандар тиісті бағдарлама бойынша  жұмыс 
жасауда.   Бұл кабинетте  мүмкіншілігі шектеулі 
балаларды қоршаған ортада өзін-өзі ұстауға және 
бейімделуіне медициналық-педагогикалық және 
әлеуметтік-психологиялық көмек  көрсетіледі. 
Түзету және инклюзивті білім беру кабинетінде 
пәндік- дамытушылық  орталар бар. Дамуы бұзылған 
балаларда әртүрлі дене сапаларын тиімді қалыптастыру 
мақсатында бөлменің кеңістігінде ұйымдастыру жолымен  
өзгертулерді жүзеге асыруға бағытталған қозғалыс  
белсенділік зонасы, психологиялық зона деп аталатын 
бірнеше  пайдалы зоналар бар. Олардың  барлығы 
баланы дамыту үшін талапқа сай жабдықталған. 
«Балабақшам базарлы үй, 
Қаладағы ажарлы үй!
Күлкісі бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты» деп, әр 
баланың балабақшада өз үйіндей 
еркін тәрбиеленуі үшін, балабақша 
есігін әр күні қуанышпен ашуы үшін 
«Бөбекте» барлық жағдай жасалған. 

172
С
оңғы жылдары шет мемлекеттерге 
жыл сайын 6-7 миллион тонна 
астық шығаратын қазақ елі  
әлемдегі астық экспорттаушы 
алдыңғы 6 елдің санатынан табылады. Ал ұн 
өндіру жөнінен  еліміз әлем нарығында үшінші 
орынға тұрақтап отыр. Экспортпен қатар, 
Қазақстан өз тұрғындарын астықпен толықтай 
қамтамасыз етіп отырған мемлекет. Бұл 
еліміздегі  азық-түлік  қауіпсіздігін 
сақтаудағы маңызды фактор болып 
табылады.  Өнім өндіруді мұндай 
жоғары деңгейде сақтап тұру үшін 
егінді ұқыптап салып, бітік шыққан 
егінді жинаумен бірге астықтың 
сақталуы мен өңделу үдерісі де өте 
маңызды. Әлібек Нәубетұлы басшылық 
жасап отырған аудан орталығындағы 
ең  ірі кәсіпорын «Тасқала-Дән» жауапкершілігі 
шектеулі серіктестік 15 жыл бойына дәл осы 
кәсіпті өздеріне  нәсіп етіп келеді.  
«Тасқала-Дән» ЖШС ауыл шаруашылығы 
өнімдерін өндірушілерден астықты жинап, 
оны өлшеу, кептіру, тазалау, сапалы сақтау 
және жөнелту шараларын іске асырады.  
Бұл қызметтерді өз деңгейінде атқару үшін 
аталмыш серіктестікте дәнді дақылдарды 
дайындау мен өңдеуде, сондай-ақ,  
кәсіпорын технологиясында көптеген 
іс-шаралар жүзеге асырылған.  Астық 
сақтау қоймасы  арнайы жабдықталған, 
дақылдардың сапасын тексеретін 
өндірістік-технологиялық лаборатория 
жұмыс жасайды. Өз ісіне жаңашылдықпен 
қарау нәтижесінде «Тасқала-Дән» ЖШС 
«Халықаралық қайта құру және дамыту 
АЗАМАТТЫҢ АЙТАРЫ
«Тасқала-Дән» – нан мен әннің ордасы!

173
Батыс Қазақстан облысы
банкімен» жүзеге асырылған «Жекеменшік 
сынақ лабораторияларын / орталықтарын 
жетілдіру» жобасы аясында бақтарын сынап, 
байқауға қатысып, ««Тасқала-Дән» ЖШС 
элеваторының өндірістік-технологиялық 
лабораториясын жетілдіру» тақырыбы бойынша 
грантқа ие болды. «Тасқала-Дән» ЖШС астықты 
қабылдау, сақтау және жөнелту шараларының 
сапасын арттырудың маңызды стратегиялық 
бағытын анықтады. Осы міндетті жүзеге 
асыру барысында серіктестік 2008 жылы сапа 
менеджменті жүйесі сертификатына ие болды.
ӘЛІБЕК НӘУБЕТ ҰЛЫ ӨЗ ІСІНДЕ 
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕНІ ДЕ ҮНЕМІ НАЗАРДА 
ҰСТАЙДЫ. Қ АЗАҚТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ 
ҚҰРАМЫНДА АҚШ-ТЫҢ ФАРГО 
Қ А ЛАСЫНДА «БИГ АЙРОН ФАРМ» КӨРМЕСІ 
А ЯСЫНДА ӨТКЕН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН 
«ШЕТ ЕЛ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ 
БАҒДАРЛАМАСЫНА» АТСА ЛЫСЫП, АУЫЛ-
ШАРУАШЫЛЫҚ Ж АБДЫҚТАР КӨРМЕСІНЕ 
Қ АТЫСЫП Қ АЙТТЫ. 
«Тасқала-Дән» ЖШС-ның бүгінгі күні ауыз 
толтырып айтар жетістіктері мол. Әрине, бұл 
жетістіктер оңайлықпен келген жоқ. Өз ісіңді 
жүргізу асқан қажырлылықты, табандылықты, 
ұйымдастыра білу қабілетін қажет етері сөзсіз. 
Әлібек Нәубетұлының бойынан табылатын осы 
қасиеттер оған әкесі Нәубет Серікбайұлынан 
дарыған болу керек. Нәубет Серікбайұлы өз 
заманында 25 жыл бойы «Степной» совхозында 
ірі қой шаруашылығын басқарған,  ауылдың 
гүлденуіне өзіндік үлес қосқан талантты басшы 
болған екен. Әке балаға үлкен тәлімгер бола 
білді. Әлібек аға қайта құру жылдары облыста 
алғашқылардың бірі болып «Алтын дән» астық 
өндіруші шаруа қожалығын ашқан сәтте де әке 
ақылына жүгініп, ақылдасып пішкен тонның 
келте болмасына тағы бір дәлел тартты. 
Еңбексүйгіштік, өзіне әрі өзгеге де талап 
қоя білу қасиеттерінің нәтижесінде  Әлібек 
Нәубетұлы 1996 жылы «Шипов элеваторы» АҚ 
президенті болып сайланып, кейін бұл ұжым 
қазіргі  «Тасқала-Дән» атауына ауыстырылды. 
Содан бері тынбай еңбек етіп келе жатқан 
серіктестік талап пен қайраттың арқасында 
көпке танымал болып, еңбегі елге еленді. 
«Тасқала-Дән» ЖСШ менеджментінің басым 
саласының бірі - әлеуметтік саясат мәселесі. 
Жергілікті тұрғындарды қолдау бағдарламасы 
шеңберінде серіктестік қарттар үйіне, жазғы 
сауықтыру лагеріне, мешіт құрылысына, Ұлы 
Отан соғысы ардагерлеріне, мүгедектер мен аз 
қамтылған жанұяларға қайырымдылық көмегін 
аяған емес.
Серіктестік ұжымының мүшелеріне де 
әлеуметтік қолдау көрсету басшы назарынан 
тыс қалмайды. Олардың өз білімдері мен 
тәжірибелерін толықтай жүзеге асырып, 
өндіріс үдерісінде жұмысқа қабілеттілікті 
жоғары деңгейде ұстап тұру үшін мұндағы 
еңбек шарты өте жақсы ұйымдастырылған 
және ол үнемі жетілдіріліп отырады. «Тасқала-
Дән» ЖСШ мүшелеріне материалдық көмек 
көрсетіліп, емдеу-сауықтыру демалысының 
бір бөлігі кәсіподақ есебінен төленеді. Ұжым 
еңбеккерлеріне төленетін әлеуметтік төлем жыл 
сайын ұлғайып отырады. Әлеуметтік саясаты үшін 
аталмыш серіктестік 2010 жылы республикалық 
«Парыз» байқауының «Ең үздік ұжымдық шарт» 
атауы бойынша жеңімпаз атанды. Басшының 
қамқор алақанын сезінген ұжым мүшелері де 
өз жұмыстарын өзара сыйластықта, адал әрі 
қалтқысыз атқарады. Осындай табысты ұжымға 
жыл сайын елімізде егіннің бітік шығып, нан 
мен әннің толастамауы үшін жемісті еңбек ете 
берулеріне тілектестік білдіреміз! 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет