Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия


сы орайда, бүгінде еліміздің басқа



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата19.01.2017
өлшемі17,75 Mb.
#2200
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

сы орайда, бүгінде еліміздің басқа 
да жерлеріндегідей, Қаратөбе 
ауданының ауыл шаруашылығы 
саласында да қолға алынып, қозғау 
салынған іс аз емес. Мұның ішінде аудан бойынша 
алғандағы 212 шаруа қожалығында жасалынып 
жатқан жұмыстардың осынау елдік мақсаттағы 
іске қосар өзіндік үлесі де жоқ емес. Ауданның 
Жусандыой селолық округіне қарасты ағайынды 
Құбашевтардың «Думан» шаруа қожалығының да 
діттеген межесі осы десек оғаштығы жоқ.
ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК
Біз сөз еткелі отырған «Думан» шаруа қожалығы 
ең алғаш 1998 жылы алғашқылардың бірі болып 
құрылған. Серік Құбашев бастаған ағайынды бес 
жігіттен құралған қожалық жер алып, ерінбей 
еңбек ете жүріп мал басын өсірумен айналысқан. 
Сәкең сол алғашқы кезден-ақ жоқтан бар 
жасауға талпынды, өзінің адал еңбегіне сүйенді, 
балаларын да, бауырларын да осыған үйретіп 
КҮНІ КЕШЕГІ Ж АҺАНДЫ Ж АЙЛАҒАН Қ АРЖЫ Д АҒД АРЫСЫ «МЕН МЫҚТЫМЫН» ДЕГЕН ТА ЛАЙДЫ 
ТА ЛҚЫСЫНА А ЛҒАНЫ БЕЛГІЛІ. СОЛ Т ҰСТА ЕГЕМЕНДІК А ЛҒА ЛЫ БЕРГІ УАҚЫТ ТА ЕҢСЕСІН ЕНДІ 
ТІКТЕЙ  БАСТАҒАН  ЕЛІМІЗДІҢ  АГРОӨНЕРКӘСІП  КЕШЕНІНІҢ  Т ҰРАҚТЫЛЫҒЫН  Қ АМТАМАСЫЗ 
ЕТ УДІ ҚОЛҒА А ЛУЫ, СӨЙТІП АЗЫҚ-Т ҮЛІК Қ АУІПСІЗДІГІНЕ А ЛДЫМЕН ДЕН ҚОЮҒА ҰМТЫЛЫСЫ 
Қ АЗІРГІ КӨП ІСКЕ БАСТАУ БОЛҒАНЫ РАС.
«АЛТАУ АЛА БОЛСА, АУЫЗДАҒЫ КЕТЕДІ, 
ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА, ТӨБЕДЕГІ КЕЛЕДІ»
АҒАЙЫН
бақты. Сол еңбектің нәтижесі болар, қаладағы бауыры 
Ершат Құбашев та осы қожалықтың мүшесі болып, 
шаруашылықты одан әрі ірілендіріп, өз қаражаттарына 
жаңадан  үйлер, қора-жайлар салып, техника сатып 
алып, енді алты ағайынды жігіттен құралған үлкен 
шаруашылыққа айналды. Ерінбей еңбек ете жүріп мал 
басын құрады, қажетті техникаларын түгендеуге де 
тырысты, шабындығынан жем-шөп дайындап, артылғанын 
ауылдастарына сатып, тынымсыз тірлік етулі.
Ж АСЫЛ ЖЕЛЕК – Ж АНҒА САЯ
Анау тұста көрініп тұрған қоныс – біздің ат басын 
тірер ауылымыз болады, - деді жолбасшымыз қолын 
ілгері сілтеп. Жаңбырлы көктемнің септігі болар, 
айналамызға  жіті көз тастаған біздің алдымен 
байқағанымыз жайылымның шұрайлылығы еді. Шаруа 
қонысында алдымен аңғарғанымыз шабындықтан 
жеткізіліп, бес қатарға созыла үйіліп жатқан орама 
пішен қоры болды. Біз барғанда су жаңа көліктен жаңа 
ғана түсіп, шаруа жайын ақылдасып жүрген еңгезердей 
ақсары жігіт, осы қожалықтың ұйымдастырушыларының 

153
Батыс Қазақстан облысы
бірі Ершат Құбашев болып шықты. Жолымыздың болғаны 
болар біз барсақ алты ағайынды жігіттердің бәрі де 
қыстақ басында болып шықты.   
 – Шүкір, қатардан қалмауға жұмыстанып келеміз. 
Негізгі бағытымыз – мал басын өсіру, оның өнімін 
молайту, асылдандыру, жем-шөп дайындау. Жалпы 
елімізде ауыл шаруашылығын дамытуға жасалып 
жатқан қамқорлық пен қолдауды біз жете сезінеміз. 
Соңғы уақытта ауданымызда мал шаруашылығын 
өркендетуге оң жағдайлар жасалуы қуантады,-дейді 
Серік Құбашев. - Шаруа қожалығының басшысы өзім. 
Інім Ершат Құбашев, отбасылы, қалада тұрады. Біздің 
қожалықтың есеп жұмысын жүргізеді. Берік, Ерсайын, 
Жұмагелді, Амантай деген інілерім бар. Әрқайсысының 
өзіндік атқаратын қызметтері әртүрлі. 
ҚҰБАШЕВ 
АЙТҚА ЛИ ДЕГЕН ӘКЕМІЗ ӨМІР БОЙЫ ҰСТА БОЛҒАН 
А ДАМ. Өзімнің мамандығым негізі мұғалім. Орал 
педагогикалық училищесін бітіріп, екі-үш жыл жасадым 
да, шаруашылыққа араласып кеттім. Техникалық базамыз 
жеткілікті. 4 трактор, шөп шабатын құрылғы, шөп 
тайлағыш, шөп үйетін стагомет жұмыс жасап тұр. Мал 
болғасын шығын болмай тұрмайды. Биыл 38 бұзау алдық. 
Қозыны орындадық. Үкіметтің «Бизнестің жол картасы – 
2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 1,2 км. 
электр желісін тартып алдық.    
Еңселі үй, үлкен сарай мен гаражы, жылжымалы вагон 
үй, электр жүйесі де келіп тұрған, сәл әріреректе қора 
– қопсылары бар, бір қарағанда шағын қалашық секілді 
көрінетін қоныста бізді назарымызды аударғаны үйдің 
айналысының бәрі қоршалып, тазалыққа да үлкен мән 
беретінін аңғардық. Сәл кейінге шегініс жасасақ, ауданда 
ең алғаш жасыл экономиканы енгізіп, күн көзінен қуат 
алатын батареяны да орнатып, электр желісі тартылмаған 
кезде жарықпен қамтамасыз етуді бастаған да осы 
қожалық болатын. 
ШҰРАЙЛЫ ШАБЫНДЫҚ
Қожалықтың пайдалануындағы шабындық алқабы 
да қыстақ маңынан онша қашық емес. Бітік шыққан 
шабындыққа биыл шалғы ерте салынып, негізінен 
шабылып, тайланып та үлгеріпті. Қысқы керек мал азығы 
қыстақ басына жеткізіліп алынғанымен, шабындықтағы 
орамалардың қарасы әлі молдау көрінеді.Қожалықтағы 
төрт трактордың екеуі «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 
алынған.   
- Негізінен осы үш трактордан да ауыспайды. 
Биыл шөптің шығымы жақсы, оны өздеріңіз де байқап 
тұрған боларсыздар. Жеткілікті шөп қорын жинадық
артылғанын жылдағыша ауылдастарға сатуды 
ұйымдастырамыз , - дейді шаруагердің өзі.
Иә, шару адамына қолдау – көмек болса, тірлігін 
түзей түсуге кәсібінен нәсібін молайтуға, сол үшін 
ерінбей еңбек етуге деген талпыныс бары шынымен де 
құптарлық жайт емес пе? Сонымен қатар, «Алтау ала 
болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі 
келеді», деген аталы сөзді берік ұстанған ағайынды 
Құбашевтарға, бірліктеріңіз берекелі, тірліктеріңіз 
мерекелі болсын деген тілекпен ауылға қайттық.
 Шаруа ауылында болған аз уақытта көңілге 
түйгеніміздің бірі де осы еді.    

154
СЫРЫМ 
АУДАНЫ

155

156
«ӘРКІМНІҢ 
ТУҒАН ЖЕРІ
МЫСЫР ШАҺАР»
ҰЛЫ  ДА ЛАНЫ  ЕМІН  –  ЕРКІН    МЕКЕН  ЕТКЕН    АТА  –  БАБАМЫЗДЫҢ, 
БҮГІНГІ  ТАҢДА  ТӘУЕЛСІЗ  ЕЛ  ДӘУІРІНІҢ  ЖАҢА  ДАМУ  КЕЗЕҢІНЕ  АЯҚ 
БАСЫП  ОТЫР.  ЕЛБАСЫМЫЗ    «Қ АЗАҚСТАН  ЖОЛЫ  –  2050:  БІР  МАҚСАТ, 
БІР  МҮДДЕ,  БІР  БОЛАШАҚ»  АТТЫ    ЖОЛДАУЫНДА,  «МӘҢГІЛІК  ЕЛ»  
ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН ҰСЫНДЫ. БҰЛ БАБА ЛАРЫМЫЗДЫҢ АҢСАҒАН ЖОЛЫ. 
А Л, «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ -  ТАРИХИ ҚҰЖАТ. ОСЫ МАҚСАТТА ҚАЗАҚ 
Ж АСТАРЫН ӨЗ ОТАНЫНЫҢ ПАТРИОТЫ  ЕТІП ТӘБИЕЛЕУ МІНДЕТІ ТҰР. 
БҰЛ ЖОЛДА, ӘРІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДЕ НЕГІЗІН ҚА ЛАУ ҮШІН 
КЕЗ  –  КЕЛГЕН  Ж АС  ҰРПАҚ  ӨЗІНІҢ  КІШКЕНЕ  ОТАНЫН,  ЯҒНИ  ТУҒАН 
ЖЕРІН ТАНЫП – БІЛУДЕН БАСТАЙТЫН БОЛАДЫ.  
Өткен тарихымызға тағызым да, бүгінгі бақытымызға 
мақтаныш та, кемел келешекке деген  сенім де – Отан-
ды сүюден басталмақ.  Ол ата – бабамыздан мирас бо-
лып келе жатырған ұлы мұрамызды қастерлеп, оны 
көздің қарашығындай сақтап, өз үлесіңді қосып, дамы-
тып, кейінгі ұрпаққа насихаттау біздің басты борышымыз. 
Қазақ халқының ұлан ғайыр жерінің ертеңі үшін алаңдап, 
келешекке олардың атауларын да аманаттап отырғаны 
белгілі.   
Сырым бабамыздың тері сіңген, өз халқын ұлы 
күреске бастаған қонысындағы жер – су атауларының 
да, өзіндік тәрбиелік мәні барын,  ұрпағы есінде сақтауға 
тиіс екенін естен шығармауымыз керек.
Сырым елі – көпті көрген, ғасырлар бойы тарихи 
оқиғалардың куәсі болған көне өңір. Сырым ауданындағы 
тарих пен мәдениет ескерткіштер жиынтығы бо-
лып табылатын  600 - дей оба, 50 – ден астам мазар, 
ғибадатханалар бар.  
ТУҒАН  ЖЕРГЕ САЯХАТ!
«Әркімнің туған жері мысыр шаһар», - десек 
қателеспейміз. Сол туған жеріміздің өткені мен кемел 
келешегінің даму жолында әркім – ақ, шама шарқынша 
еңбектенеді. Біздің Сырым ауданы тоғыз жолдың 
торабында ораналасқан тарихи мекен. 
Талай тарихты басынан өткеріп, небір асылдың 
Т ҰЛҒА
сынықтары жерімізді мекен еткен киелі аймақ. 
Тәуелсіздіктің туын алғаш көтеріп атқа қонған Сырымдай 
батырдың жерінде, кешегі Күнбатыс Алашорданың да 
жасыл туы желбірегені тегіннен – тегін емес. Сол киелі 
ата қонысқа ие болып, тәуелсіздіктің тәтті шағын көру 
бақыты бұйырған, бүгінгі өскелең ұрпақтың бағы бар 
екен.  

157
Батыс Қазақстан облысы
Жетікөл  ауылдық округі. Бұл округтің аумағы Даттың 
ұлы Сырымның өмірбаянына өзек болғандықтан, тари-
хи маңызы мейлінше зор. Осы округте Сырым батырдың 
баласы, ру билеушісі, әскери старшын, полковник, тар-
хан Қазы бидің және Сырым батырдың немересі Омар би 
Қазыұлының бейіттері бар. Бұдан бөлек, Даттың немересі 
Сәттің жартылай құлаған кесенесі мен қыл араласқан 
шикі кірпіштен салынған Шошақмола да осында. Округтің 
Ағоба мал шаруашылығы мекенінен шақырым ұзамай Ор-
мантай әулиенің де бейіті бар. 
• 
СЫРЫМ 
– Батыс Қазақстан облысы Сырым 
ауданының 1992 жылы берілген атауы. Сырым елі –  ел 
егемендігі жолында  қол бастаған жолбарыс жүректі ба-
тыр, ел басқарудың қыры мен сырын терең ұғынған 
кемеңгер Сырым Датұлының кіндік қаны тамған жері.
Толғауы тоқсан тарихы мол тұлғаларымен ерекшеленетін 
киелі мекен. Қазақ елінің бостандығын аңсаған Сырым 
Датұлы бастаған орыс отаршылдарына қарсы 14 жылға 
созылған ұлт – азаттық көтерілісі осы өңірде болып 
өтті. Халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев 
айтқандай, біздің Сырым бабамызды қазақ халқы екі 
жарым ғасыр толғатқан екен. Сырым Аттилладан бері 
жалғасатын, Балқан мен Алтайдан бірақ шығатын, ара-
сы алшақ Тайбурыл шаппаса басқамен жете алмайтын 
қашық тұрған қадау – қадау үлкен тұлғаның біреуі! Сы-
рыммен қазақ тарихында ұлт – азаттық қозғалыс, қазақ 
бұрын шұғылданып көрмеген жаңа күрес басталған.
• СЫРЫМ ШЫҚҚАН ТӨБЕ
 Сырым ауданы, 
Шолақаңқаты ауылдық округі аумағындағы Тоғанас 
ауылының шығыс жағында 12 км қашықтықта орналасқан 
дөң атауы. 1790 жылы Сырым батыр осы дөңнің төңірегін 
қаздырып, топырақ үйген. Биіктіктің үстіне бекет орна-
тып, төңірекке шолу жасап, жаудың қимылын алыстан 
бақылауға алған. 
Қазір төбе мемлекет қамқорлығына алынып, 2007 
жылы Сырым Датұлының туғанына 265 жыл толуына орай 
Сырым шыққан төбе биіктігінде төрт тұғырлы тарихи 
ескерткіш ашылды.

158
«АЛАШ АРЫСТАРЫ»  
«Алаш арыстарына» арналған 
саябақ 2008 жылдың  қазан айының 
2 - сі «Алашорда қозғалысының – 90 
жылдығына» орай Сырым ауданы 
Жымпиты ауылының орталығында   
ашылды. Бұнда Алаш қайраткерлеріне 
арналған ескерткіш пен Алаш 
арыстарының тас мүсіндері орналасқан.  
Алашорда қайраткерлері – бостандық 
пен еркіндіктің алғашқы сара жолын 
салған қанатты сұңқарлар, олар – ел мен 
жер үшін ары мен рухын ту еткен тұяқты 
тұлпарлар, олар – қараңғы қазақ көгінде 
жарық күн болған алыптар, қазақтың 
тәуелсіз мемлекетін құру жолында жанын 
пида еткен айбарлы арыстар!
Батыс және Шығыс Алашорда 
үкіметінің басшылары мен белді 
мүшелерінің мүсіндері:
Ж АҺАНША 
ДОСМҰХАМЕДОВ – 1887 
жылы қазіргі Сырым ауданы 
Бұлдырты өзенінің сағасы 
Тамды бойы Қарақұдық елді 
– мекенінде дүниеге келген. 
Мәскеу университетінің 
заң факультетінің түлегі. 
Алғашқы білім алған жері – 
Жымпитыдағы «Приходская 
школасы», онан кейін 
Оралдағы әскер реалдық училищесі. 
Еңбек жолын Томск қаласында прокурор 
орынбасары болып бастап, 1917 жылы 
Ақпан революциясы тұсында туған 
топыраққа оралып Алаш қозғалысының 
қайраткерлерінің бірі ретінде тарихи 
аренаға шықты. 1917 жылдың сәуірінен 
бастап 1920 жылдың ақпан айына 
шейін қазақ елінің батыс бөлігіне билік 
жүргізген Күнбатыс Алашорданың лидері 
– бірінші басшысы болып қазақ халқының 
егемендігі мен тәуелсіздігі жолында аса 
көрнекті қайраткер ретінде тарихтан 
орын алды. 1938 жылы 3 тамызда саяси 
қуғынға ұшырап, өлім жазасына кесілді.  
1958 жылы 28 ақпанда ақталды.
ХА ЛЕЛ 
ДОСМҰХАМЕДОВ 
– 1883 жылы 24 
сәуірде Атырау 
алқабы Қызылқоға 
ауылында 
дүниеге келген. 
Алашорданың 
күнбатыс бөліміне 
Жаһаншамен бірге 
басшылық етті. 1894 
– 1902 жылдары 
Орал әскери реалды 
училищесінде 
оқып, кейін 1903 – 1909 жылдары Санкт 
– Петербургтегі әскери медициналық 
академиясында оқып, оны үздік аяқтайды. 
Елге оралып әскери құрамдарда, 
кейіннен халық арасында дәрігерлік 
іспен айналысады. 1917 – 1920 жылдары 
Алашорда қозғалысының көрнекті 
қайраткері, оның батыс бөлігінің 
басшыларының бірі ретінде ұлттық 
мүдделерді жүзеге асыруға белсене 
жұмыстанды. Сонымен қатар балаларға 
арнап «Табиғаттану», «Жануарлар», 
«Адамның тән тірлігі» т.б. оқулықтар 
жазған. 1939 жылы 19 тамызда Алматы 
қаласында ату жазасына кесілді. 1958 
жылы 11 ақпанда ақталды.
А ЛАШ

159
Батыс Қазақстан облысы
БЕРКІНҒА ЛИ АТШЫБАЕВ 
– 1897 жылы бұрынғы 
Гурьев уезі Қазыбек болысы 
Миялы ауылында дүниеге 
келген Батыс Алашорда 
қайраткері, қазақтың 
тұңғыш мұнай барлаушы 
геологы. Тегі – Байұлына 
жататын шеркеш руының 
жауғашты бөлімі. Алдымен 
Гурьев уезі Есбол болысына 
қарасты Қаракөл бір 
кластық орыс – қазақ мектебін, кейін 
Гурьевтегі екі кластық Романов орыс 
– қазақ училищесін оқыды. 1918 жылы 
жазда Жымпитыда ашылған офицерлер 
даярлайтын алты айлық юнкерлер 
мектебіне түседі. Мектепті бітіріп, 
прапорщик шенінде Алашорданың батыс 
бөлігін басқару жөніндегі бөлімшесінің 
Бас интенданты болып тағайындалады. 
1937 жылы тұтқындалып, «алашордашыл, 
контрреволюциялық ұйымға қатысы бар» 
деген айыппен тұтқындалып, сол жылдың 
аяқ шенінде этаппен Орал қаласына 
айдалып, хабарсыз кетті.
УӘЛИХАН ТАНАШЕВ 
– 1887 жылы Бөкей 
ордасында дүниеге 
келген. 1909 жылы  Қазан 
университетінің заң 
факультетін бітірген. 
Астрахан қаласында 
адвокат болып қызмет 
еткен. Ол Алашорда 
үкіметінің екі съезін 
ұйымдастырып, 
желтоқсан съезінде Ұлт 
кеңесіне мүше болып сайланған. Сонымен 
қатар Ж.Досмұхамедов, Ж.Ақбаевтармен 
бірге Петроградтағы «Шуро – и - 
исламдағы» Алашорда үкіметінің өкілі 
болды. 1930 жылдары құғынға ұшырап, 
айдауда болады. Босап шыққаннан кейін 
Қазан қаласында тұрып, сонда 1968 жылы 
қайтыс болған.
ҒАЙСА 
ҚАШҚЫНБАЕВ 
– 1891 жылы 15 
қыркүйекте Орал 
облысы Ілбішін 
уезі Құрайлы 
болысы №3 
ауылда дүниеге 
келген Күнбатыс 
Алашорда 
үкіметінің мүшесі, 
алғашқы қазақ 
дәрігерлерінің 
бірі. Тегі – Байұлына жататын тана руы. 
1903 жылы Қарасу – Шалқар болыстық 
орыс – қазақ мектебін үздік бітірген. 1903 
– 1910 жылдары Орал әскери реалды 
училищесінде оқыды. 1912 жылы Қазан 
университетінің медицина факультетіне 
түседі. 1918 жылы мамырда Жымпитыда 
өткен 4 – Орал облыстық қазақ съезінің 
делегаты, «Ойыл уәләятының Уақытша 
үкіметіне» мүше болып сайланды. 
Облыстық земство жанындағы үкімет 
мүшесі ретінде әскери құрам жасақтау, 
халыққа дәрігерлік, тұрмыстық қызмет 
көрсету мәселелерімен шұғылданды. 
1918 жылы желтоқсандағы Жымпитыдағы 
Алаш гарнизонының бас көтеруі кезінде 
өткізілген Батыс Алашорда үкіметі мен 
облыстық земство басқармасының 
төтенше мәжілісіне қатысты. 1938 жылы 
тұтқындалып, 1939 жылы 1 желтоқсанда 
қылмысы дәлелденбеуі себепті қамаудан 
босатылады. Бұдан кейінгі тағдыры 
белгісіз.  
ӘЛИХАН 
БӨКЕЙХАНОВ - 1866 
жылы 25 наурызда 
бұрынғы Семей 
облысы Қарқаралы 
уезі Тоқырауын 
болысының 7 
ауылында дүниеге 
келген қоғам, 
мемлекет қайраткері, 

160
ұлт – азаттық және Алаш қозғалысының 
жетекшісі, Алашорда автономиялы 
үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, 
аудармашы. Бөкейханов Орта жүз 
ханы Бөкейдің ұрпағы. Жергілікті 
молдадан білім алған, кейін 1879 – 1886 
жылдары Қарқаралы қаласындағы 
қазақ балаларына арналған  мектепте 
оқыды. 1886 – 1890 жылдары Омбыдағы 
техникалық училищеде оқып, оны 
«техник» мамандығы бойынша 
бітірген. 1890 – 1894 жылдары Санкт 
– Петербургтегі Орман институтының 
экономика факультетінде оқиды. 1917 
жылы 5 – 13 желтоқсанда «Алашорда» 
деп аталатын ұлт кеңесі құрылып, 25 
орыннан тұратын бұл үкіметтің төрағасы 
Ә.Бөкейханов болады. Азамат соғысы 
басталып кеткеннен кейінгі кезеңде 
Ә.Бөкейханов бастаған Алашорда 
өкіметі кеңес билігіне қарсы күресіп, ақ 
казактар мен патша генералдарының 
жағында болады. Большевиктер 
партиясы ұсынған бағдарламаны қазақ 
қоғамны үлкен опатқа ұшыратуы мүмкін 
эксперимент есебінде қарап, ал қазақ 
коммунисттерін орталық биліктің қол 
шоқпары ретінде айыптады. 1937 жылы 
27 қыркүйекте ату жазасына кесілді. 
Ақтық сөзінде Әлихан Бөкейханов: 
«Кеңестік билікті сүйген емеспін, 
бірақ мойындауға мәжбүрмін» - деп 
мәлімдеді.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ 
– 1873 жылы 17 қаңтарда 
қазіргі Қостанай облысы 
Жангелдин ауданы 
Сарытүбек ауылында 
дүниеге келген қазақ 
халқының ХХ ғасырдың 
басындағы ұлт – азаттық 
қозғалысы жетекшілерінің 
бірі, мемлекет қайраткері, 
ақын, публицист, қазақ тіл 
білімі мен әдебиеттану 
ғылымының негізін салушы 
ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, 
ағартушы. Торғайдағы 2 сыныптық 
орыс – қазақ мектебі, Орынбордағы 4 
жылдық мектептерде оқыды. 1895 – 1909 
жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы 
уездеріндегі мектептер мен орыс – қазақ 
училищелерінде мұғалімдік қызмет 
атқарды. 1913 жылы Орынборда «Қазақ» 
газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың 
аяғына дейін оның редакторы болды. 
Қазақ елінің тәуелсіз мемлекеттілігін 
армандап, сол жолда күрескен Алаш 
қозғалысы мен Алашорда үкіметі 
көсемдерінің бірі болған ол кеңес үкіметі 
бел алған кезде халқына қызмет ету үшін 
большевиктер жағына шығады. Алада, 
1929 жылы сталиндік түрмеге жабылып, 
1936 жылы одан шыққанымен, 1938 жылы 
атылды. 1989 жылы ақталды.
МАҒЖ АН 
ЖҰМАБАЕВ 
– 1893 жылы 
25 маусымда 
Солтүстік 
Қазақстан 
облысы қазіргі 
М.Жұмабаев 
атындағы 
аудан Сасықкөл 
жағасында 
дүниеге 
келген Алаш 
қозғалысының 
қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің 
көрнекті өкілі. Ауыл молдасынан кейін
М.Бегишевтің медресесінде оқиды. 
1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер 
семинариясында оқиды. «Қазақ» 
газетіне өлең жазады. Ә.Бөкейханов, 
А.Байтұрсынов, М.Дулатов секілді алаш 
қайраткерлерімен байланыс орнатып, 
1917 жылы Ақмола облыстық қазақ 
съезін өткізуді ұйымдастырушылардың 
бірі болды. Алаш партиясының Ақмола 
облыстық комиссиясының мүшесі болды. 
2 – ші жалпықазақ съезіне делегат 
А ЛАШ

161
Батыс Қазақстан облысы
ретінде қатысып, онда оқу мәселесі 
бойынша құрылған комиссияға 
төрағалық етті. 1919 – 1923 жылдары 
«Батыр Баян» поэмасын жазып, түркі 
тақырыбын көп қозғады: «Орал тауы», 
«Алыстағы бауырыма», «Қазақ тілі», 
«Түркістан» т.б.
1938 жылы 19 наурызда Алматы 
қаласында ату жазасына кесілді. 1960 
жылы ақталды.
МІРЖ АҚЫП 
ДУЛАТОВ – 
1885 жылы 
24 қарашада 
Қостанай 
облысы 
Жанкелдин 
ауданы 
Қызбел 
ауылында 
дүниеге келген. Жастайынан әке – 
шешесінен қалған Міржақыпты ағасы 
Асқар бағады. 1987 жылы Торғайдағы 
екі кластық орыс – қазақ мектебіне 
түсіп, 5 жыл оқып, ауыл мұғалімі 
деген куәлік алып шығады. 1904 жылы 
болашақ ұзтазы А.Байтұрсыновпен 
кездесіп, Қарқаралыдағы ұлттық – 
демократиялық қоқғалысқа белсене 
қатысты. Тұңғыш өлеңдер жинағы 
1909 жылы Қазан қаласында «Оян, 
қазақ!» деген атпен шығады. Дулатов 
Алаш қозғалысының жетекшісінің бірі 
ретінде 1917 жылы Орынборда өткен 1,2 
жалпықазақ съезіне белсене қатысып, 
Алаш партиясының бағдарламасын 
жазған. 1928 жылы қамауға алынып, 
1930 жылы ату жазасына кесіліп, кейін 
оны он жыл абақтыға ауыстырады, 
Беломор – Балтық каналдарының 
құрылысы бойында Сосновск 
станциясындағы лагерьде « жазасын» 
өтейді. 1935 жылы 5 қазанда ауыр 
науқастан сол лагерьдің лазаретінде 
қайтыс болды. 1988 жылы 4 қарашада 
ақталды.
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ – 
1893 жылы 28 қазанда қазіргі Солтүстік 
Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында 
дүниеге келген ақын, ағартушы. 
Ауыл молдасынан дәріс алған. 1912 
жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли 
медресесіне түсіп, ауруына байланысты 
оқудан шығады. 1912 – 1913 жылдары 
«Оқып жүрген жастарға», «Шәкірттерге», 
«Оқудағы мақсат не?», «Шығамын тірі 
болсам адам болып» т.б. өлеңдерін 
жазады. 1916 – 1917 жылдары Томскіде 
орысша оқиды. 1917 жыл Семейде жаңа 
құрылған Алаш партиясы мен Алашорда 
үкіметінің жұмыстарына қатысып, «Алаш» 
ұранын жариялайды. «Қамар сұлу», «Кім 
жазықты» романдарын, «Таныстыру», 
«Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс» 
поэмаларын жазды. 1920 жыы 21 мамырда 
өкпе ауруынан 27 жасында көз жұмады.
Алашорда арыстарына арналған 
ескерткіште қараңғылықтан жарық та 
жарқын болашаққа ұмтылған Әлихан 
Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, 
Жаһанша Досмұхамедовтар бейнеленген. 
Күн нұрынан алыстап, қалықтап ұшқан 
қыран бейнесі -  елінің еркіндігін аңсаған 
алаш қайраткерлерінің асыл армандарына 
қол жеткізе алмай орта жолда құғын – 
сүргін құрбандарына айналғандығын 
көрсетеді. Еліміз тәуелсіздік алғалы 
өшкеніміз жанды, өлгеніміз тірілді. 
Арыстар арманы бүгінгі таңда орындалды. 
Алаш арыстарына арналып ашылған 
ескеркіш пен саябақ – ұлт перзенттеріне 
көрсетілген тағзым деп білеміз. 

162
ТАСҚАЛА 
АУДАНЫ

163

164
 - ЛЮЦИЯ ӘСЕТҚЫЗЫ БІРНЕШЕ ЖЫЛДАН БЕРІ 
АУДАН ӘКІМДІГІ Ж АНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ 
ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚСАЯСАТ 
ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫ БАСҚАРЫП КЕЛЕСІЗ. 
НЕГІЗІНЕН КОМИССИЯ ҚАНДАЙ ЖҰМЫСТАРМЕН 
АЙНА ЛЫСАДЫ?

Әйелдер ісі жөніндегі комиссияның негізгі 
міндеттері аналар мен балаларды әлеуметтік, 
экономикалық заңдық және психологиялық тұрғыдан 
қолдау. Әйел ананың қоғамдағы рөлін арттыру, оларды 
шағын және орта бизнеске тарту мен әйелдерге деген 
Аудан әкімінің орынбасары Люция Жұбанышқалиева

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет