Тіл комитеті



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата21.01.2017
өлшемі9,9 Mb.
#2409
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

3. Бүгінгі халі
А.Байтүрсынов:  «қазақ  — 
жоқ  іздеген  халық»,  деген  екен. 
Иә,  Ахаңдардың  заманындағы  қазақ  баласы  білімнен,  ғылымнан, 
өнеркәсіптен  ала  алмаған  еншісін  іздеді.  Ж оқ  іздеу  XIX  ғасырда-ақ 
асталған болатын. Уақыт өте келе жоғын таппаған қазақ аңғал, аңқау, 
қорғансыз,  қауқарсыз  күйге  түсті.  Әлі  де  жоқ  іздеп  жүрміз.  Биік  тех- 
нологиялардан  кенже  қалыппыз.  Әлемдік  бәсекеге даяр  емес  екенбіз.
уаның,  судың,  топырақтың  бүлінбеген,  былғанбаған,  таза  күйіндегі 
күндерді  аңсаймыз.  Ең  ауыры  -   бүгінғі  қазақ  өзін-өзі  іздеген,  танып 
олмаған  халық.  Аты  да,  заты  да  бір  қазақ  қаншаға  бөлініп  кеткенін 
көз  ен  көріп,  жүрекпен  сезініп  отырмыз.  Ал  енді  соларды  санап 
көреиікіш.  1.  Бар  болмыс-бітімімен  нағыз  қазақ  қалпындағы  казак- 
тар  ар.  ақтардан  жеткен  мүра,  байырғы  түркілердің  нақыл  сөздері, 
34

Қорқыттың күйлері, Ақан, Біржан, Шәмшінің әндері бүларға  асылдың 
сынығындай.  2. Кешегі өктем үлт орыстардьщ сойылын соғып жүрген 
қазақтар  аз  емес.  Мүндайларды  Шер-ағаң:  «Улы  империяның  улы 
жемісі»  деген  еді.  3.  Тілі,  ділі  орыстанып  кеткенмен  халқына  бүйрегі 
бүратын  қазақтарды  қаперден  шығармағанымыз  жөн.  Бүлардың  бір 
бөлігіне  үлтжандылық  сезім  тән.  Қазақша  сыңар  жол  өлең  жазбаса 
да  О.Сүлейменовты  кім  орыс  ақыны  дей  алады?  4.  Жаһанданудың 
салмағына  жаншылып,  Америкаға,  Батысқа  шыбындап  бас  изейтін, 
өзінікіне мүрынын шүйіретін қазақтар шықты.  5. Басқа діннің ықпалы- 
на түсіп, не ол емес, не бүл емес қазақтар саны өсіп келеді. Білетіндердің 
айтуына қарағанда,  бүлардың қарасы жарты миллионная асып түсіпті.
6.  Тарихи отанына сағынышпен жеткенде бауырларының өзін де, сөзін 
де түсінбей,  айран-асыр  болып түрған  оралмандарды қайда қоясыз.  7. 
Жүзге, жерге беліну сияқты дерттен айықпаған “ортағасырлық” казак- 
тар арамызда жүр.  8. Жекешелендіру мен  нарықтан қарқ болған “жаңа 
қазақтар” да бөтеніміз емес.
«Алтау  ала болса,  ауыздағы  кетеді»,  деген  екен  бабаларымыз.  Ал 
ондайлар алтаудан да көп болғандықтан жеріміздің асты-үстіндегі бай- 
лык шетел асып,  кулығы мен  сүмдығын  асырғандардың қанжығасына 
байланғаны  айтудай-ақ  айтылды.  Бүл  -   бір.  Екіншіден,  этностың  өз 
ішіндегі  ала-қүлалық  үлттың,  мемлекеттіліктің  болашағына  қатер 
туғызбай  қоймайды.  Алғашқыда  үлттық  түтастықтан,  сонсоң  мемле- 
кетінен  айрылудың  әкелер  қасіретін  -   бек  үлдардың  қүл  болатынын, 
пәк қыздардың күң болатынын осыдан  13 ғасыр бүрын Күлтегін тасына 
қашап  жазған  байырғы  түркілердің даналығына  қалайша  бас  имейсіз. 
Кеңестік  жылдары  Күлтегіндей  дананың  айтқаны  басымыздан  өткені 
рас қой. Ендеше Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың:  «Қазақтың сана-сезімі 
өткендегі,  қазіргі  және  болашақтағы  -   тарихтың  толқынында  өзінің 
үлттық  «МЕН»  дегізерлік  қасиетін  түсінуге  түңғыш  рет  енді  ғана 
мүмкіндік  алып  отыр...  Бірақ  бүл  мүмкіндік  қана:  ол  шындыққа,  тек 
қазақтардың  ғана  емес,  барлық  қазақстандықтардың  жаппай  санасы- 
на  орныққан  фактіге  айналуы  қажет»,  деп  жазуында  өмірлік  мәні  бар 
шындық жатыр.
Үлттық «МЕНДІ» қалыптастыратын тетіктер  мен  жағдаяттар  сан 
алуан.  Оған көшедегі  қаптаған жарнамалардан бастап, енді ғана дүние 
есігін  ашқан  сәбидің  қүлағына  естілетін  ән  мен  үнге  дейін  кіреді. 
Солардың бәрінің басын қосатын, бәрін өгіздей өрге сүйрейтін қүдірет 
Ұлттық  Идея  деп  білгеніміз  жөн.  Ойы  онға,  санасы  санға  бөлініп
35

отырған  қазаққа  ортақ ұлттық  идеяны  таба  қою  оңай  міндет  емес.  Ол 
шіркін әлі күнге дейін жоқ та. Ал қажеттігін отансүйгіш рухтағы әрбір 
қазақстандық  азамат  сезініп  отырғаны  айдай  ақикат.  Армансыз  адам
-  қанатсыз  қүспен тең,  дейді халқымыз.  Ендеше үлттық  идеясыз  қала 
берсек қанатсыз үлтқа айналарымыз сөзсіз.  ¥ л тты к идеяны таппайын- 
ша  елде  жүріп  жатқан  реформалар  қарын  тойдырудың  ғана  міндетін 
атқарып  шығатындай  көрінеді.  ¥лтты қ  идеясы  жоқ  Қазақстанда  өмір 
сүру  қазақтан  басқаның  бәріне  майдай  жағатын  шығар,  бірақ  түптің 
түбінде  өкініште  қалатыны  -   қазақтар. 
Өзін-өзі  жарылқамағанды 
басқалар  үшпаққа  шығарады  деудің  еш  қисыны  жоқ.  Көлдей  жайы- 
лып келе жатқан жаһанданудың табанында жаншылып қалмау үшін де 
үлттық идеяның  өзектігі  мен  қажеттігі  күн  санап артып келеді.  Демек 
қарап отыруға болмайды.
Алдымен  бізге  қажет  үлттық  идеяға  қойылатын  талаптарды  пы- 
сықтап алу керек. Біріншіден, ол идея Ата Заңымызға қайшы келмеуге 
тиіс. Яғни нәсілдік, үлттық, діни, жыныстық кемсіту немесе дәріптеуден 
алыс  түрғаны  абзал.  Екіншіден,  үлттық  идея  Қазақстанның  атын 
анықтап  отырған  қазақ  халқының  мүратын  үлықтаумен  қоса,  басқа 
диаспоралардың  тарихи,  дәстүрлі,  этникалық  ар-намысына  тимейтіні 
былай түрсын, қайта соған қуат беретін факторға айналуын қамтамасыз 
ететін  болсын.  Үшіншіден,  үлттық идеяның хронологиялық  бастапқы 
сәті  белгілі  болғанмен,  бүгін  де,  ертең де  шексіз  жүзеге  аса  беретінін 
баса  көрсеткені  жөн.  Елдің  ішіндегі,  жер-жаһандағы  нақты  ахуалға 
байланысты  оның  көздегені  өзгеріп,  нақтыланып  отыратыны  айтиаса 
да  түсінікті  жайт.  Мәселен,  қазірдің  өзінде  тарихи  отанында  отырған 
қазақтар  мен  диаспора  санатында  шетте  жүрген  қазақтардың  үлттык 
мүраты  бірдей  дей  алмаймыз.  Біріншілері  үшін  Қазақстанның  бүгіні 
мен ертеңі басты мәселе болса,  екіншілері жүрген ортасында қазақ бо­
лып  қалу  қамын  көбірек  жейді.  Уақыт  өткен  сайын  ұлт  мүратындағы 
осынау  айырмашылық  үлғаймаса,  қабыспайтыны  ақиқат.  Қытайдағы 
қазақтардың кейінгі толқыны  қытайланып,  Түркиядағылар түріктеніп 
бара  жатқаны  белгілі  ғой.  Мың  өліп,  мың  тірілумен  азаттыққа  жет­
кен  қазақтың  тағдыранықтағыш  үлттық  идеясы  Қазақстанда  ғана  өз 
жемісін бере алады. Табиғи-тарихи даму жолдарын әлдеқашан тапқан, 
ішкені — алдында, ішпегені -  артында жуан ата елдер үшін үлттық идея 
көп  қажеттіліктердің  бірі  болса,  енді  есін  жия  бастаған  қазақтарға, 
Қазақстанға  үлттық  идеяны  үстану  бүлжымас  заңцылық  деп  пайым- 
даймыз.  Тап  осы  завдылықты  сақтамағандықтан  да  елде  тілге,  дінге, 
36

БАҚ-қа  байланысты дау-дамайлардың басы қайтпай тұрғанын мойын- 
дауымыз керек.
4. Билік.  Байлық.  Адам
Идея  алғашқыда  болжам,  ой,  жоспар  түрінде  дүниеге  келеді. 
Уақыт үдесінен шыққаны жойқын күшке айналады.  Бірақ, «әр кәллада 
бір  қиял»  дегендейін,  өмірде  не  кеп  -   идея  көп.  Оның  бәріне  тиісті 
көңіл  бөліп,  жақсы-жаманын  ажыратып  отыруға  жалғыз-жарым  адам 
емес,  түтас  мемлекеттің  мүршасы  келе  бермейді.  Әйтпесе  фашизмге, 
тоталитаризмге, 
нәсілшілдікке 
әкелетін 
идеяларды 
жөргөгінде 
түншықтыруға болар еді ғой. Өскелең идеялардың да жолы бірден бола 
қалмайды.  Араға  ғасырлар  салып  танылатын  идеялар  бар.  Қазақстан- 
дық үлттық идеяның  бүгінгі  әлеуеті де  осы тақылеттес.  Кезінде  Керей 
мен  Жәнібекке,  Тәуке  мен  Абылайға  күш  берген  ол  енді  елес  болып, 
Алтай  мен  Атырауды,  Жетісу  мен  Сарыарқаны,  Түркістан  -   Түранды 
кезіп жүр. Биліктің, байлықтың қолдауынсыз елестің бағы ашылатыны- 
на сену қиын. Ал тап сол елеске лаңкестік пиғылдағы күштер иелік етіп 
кетсе,  қоғамға аз  қасірет әкелмейтінін тарих әлденеше дәлелдеген.
Қазіргі  Қазақстанда  билік  пен  байлық  -   егіз  үғым.  Билік  бай- 
лыққа  жол  ашады,  байлық  билікке  жеткізеді.  Дүрысы  -   әрқайсының 
өз кеңістігі,  өз ойын  алаңы, ережесі болғаны. Келешекте бүлардың ара 
жігі  ашылар.  Әзірге  болары болып,  бояуы сіңген нәтижемен  есептесу- 
ден басқа шара жоқ.  Сонда да айтарымыз мынау:  билік пен байлықтың 
қоян-қолтық астасып  кетуі  ат тебеліндей  қауымның саяси-экономика- 
лық эгоизмін алшаңдатып,  қанаты қатаймаған демократия мен үлттық 
қауіпсіздікке  кесірін  тигізеді.  Түптің  түбінде  монополияны  туғызбай 
қоймайды.  Ал  монополия  іріп-шірудің  басы  екені  бесенеден  белгілі. 
Тіпті  мүның  алғашқы  үрдістері  бой  көрсете  де  бастады.  Мәселен, 
Қазақстандағы билік пен байлық иелері үлттық идеяға бастарын ауыр- 
тып  отырмағаны  былай  түрсын,  фирмаларына,  кәсіпорындарына,  ка- 
зино-клубтарына  қазақша  атау  беруді  қимайды.  Бүл  аздайын  билік 
пен  байлықтың  басы-қасындағы  адам  факторы  үлттық,  дәлірек  ай- 
тсақ,  қазақтық  ділге,  рухқа  суғарылмаған.  Пассионарлық  түлғаларға 
зәрулік үлғайған мына заманда олардың арасында әділ бәсекеде жеңіп 
шыққандар  мейлінше  аз,  көбі  «бармақ  басты,  кәз қыстымен»  байлық- 
ты, билікті еншілегендер. Мүндайлардың үлтжандылығы, үлтшылдығы 
тілінің үшында ғана.  Абайша  айтсақ,  өзі  мал  болған  соң малдан  басқа
37

қызығы  жоқ.  Ал  енді  бүған  нарықтық  қатынасқа  көшу,  әлемдік  эко- 
номикалық  кеңістікке  ену  Қазақстандағы  ірі  буржуаны  байырғы  ұлт 
өкілдерінен емес, басқа этностар есебінен калыптастырғанын қосыңыз. 
Сағымдай ұлттық идеяны былай қойғанда бай әрі  көркем  мемлекеттік 
тілдің  жүмыс  істемей  түрғаны  да  осыдан.  Қазақ  елінде  мемлекеттік 
мәртебесін  толық  иеленген  қазак тілінсіз  ұлттық  идея  сыңар  канаты- 
мен жер  сабалаған дәрменсіз құстай.  ¥лтты қ идеясы бұлыңғыр  елдегі 
билік  оп-оңай  қателесуге,  байлык  орынсыз  шайқалып  төгілуге  бейім 
тұрады.
5. Не істеу керек?
Үлттық  идеяның  бары  мен  жоғын  тиянақтауға  жұрттан  бүрын 
ғалымдар кірісіп кетті.  А.Айталы,  Ә.Нысанбаев,  А.Сейдімбек,  Ә.Ғали, 
А.Шәріп,  І.Ерғали  тәрізді  белгілі  білімпаздардың  қаламынан  туған 
сңбектер  коғамдық  санаға  игі  эсер  еткені  сөзсіз.  Бірақ  бүл  жеткілік- 
сіз болып шықты.  «Тарих -  тым  жауапты  іс,  оны тарихшыларға  сеніп 
тапсыруға  болмайды»,  деген  екен  ағылшын  саясаткері  Иан  Маклеод. 
Үлттьщ идеяның арқалап түрған жүгі ғылыми ойтолғаумен жерден бір 
елі де көтерілмеді,  қайта салмақтана түсті.  Өйткені үлттық идеяға тап 
бүгін керегі толағай сөз ғана емес, нақты іс. Ал істің жүзеге асуы үшін 
саяси-мемлекеттік  шешім  қажет.  Демек,  үлттық  идеяны  анықтауға 
Президент,  Парламент,  Үкімет  ресми  түрде  араласқанда  ғана  оң 
нәтижеден  үміттенуге  болады.  Ашық  та  жария  мемлекеттік  қолдау- 
сыз  үлттық  идеяның  тамырына  қан  жүгірмейді.  Сонда  ғана  бүл  істен 
зиялы  қауым,  саяси  партиялар,  қоғамдық  бірлестікер,  үкімеггік  емес 
үйымдар,  БАҚ  тыс  қалмай,  қоғамдық  санадағы  бүгінгі  самарқаулык 
жойылар  еді.
Кейбір  әріптестестеріміздің  уөжіне  қүлақ  қойсақ,  үлттық  идея 
мәселесін  іс  жүзінде  шешуге  Ата  Заңымыздың  5-бабындағы  идеоло- 
гиялық  плюрализмді  қуаттаған  талап  кесе-көлденең  түратын  тәрізді. 
Шынтуайтында  бүл  баптың  еш  кедергісі  жоқ.  Тек  идея  мен  идеоло­
гия  арасында  жер  мен  көктей  айырмашылық  жатқанын  үғына  білсек 
жарады.  Идеология  дегеніміз  бірін-бірі  толықтыратын,  бірінен  бірі 
туындайтын,  арасынан  қыл  өтпейтін  идеялардың  жиынтық  жүйесі 
ғой. Ондай жүйенің маркстік-лениндік идеология деп аталатын таптық 
түрінен  кеше  ғана  құтылған  жоқпыз  ба?  Ендеше  неге  бүгежектейміз. 
Рас,  бүгінгі  Қазақстанда  мемлекеттік  идеология  жоқ.  Болмай-ақ  қой-
38

сын.  Бірақ мән-мағынасы ұлттық идеядан қылаудай  ажырағысыз иде- 
ялар  -  тілдер туралы  Заң,  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы, 
ауыл жылдары -  жүзеге  асқанын,  асып жатқанын,  аса да беретінін қа- 
перден шығарып алатынымыз ақылға қонбайды.  ¥ л тты қ идея идеоло- 
гиялық  өктемдікті  туғызады  дейтіндер  өзін де,  өзгені  де  шатастырып 
жүр.
Гөп  мынада  болса  керек.  Тоталитаризм түсында  үлт мәселесінен, 
үлтшылдық  науқандарынан  оңбай  таяқ  жеген  жақсыларымыз,  тіпті 
бүгінгі  бәріміз үлт  деген  сөз  естісек,  теріге кептеген  басын  қорғаған 
мәңгүрттей  орнымыздан  түра  қашамыз.  Басымыздан  тоқпақ,  мойын- 
нан қамыт кеткенінде шаруамыз жоқ.
¥лтты қ  идея  Қазақстандағы  барлық  халықтардың  тілінде  орнық- 
тырылуы  керек.  Ж әне  ол  қазақ  мүратын  көздейтінін  жасырудың  еш 
қажеті  жоқ.  Мүндай  қадамға  барудың  негізінде  бірнеше себеп  жатыр. 
Біріншіден,  Қазақстанға  қоныс  аударған  келімсектердің  соңғы  легі 
тың  игеру  жылдары  келді.  Содан  бері  жарты  ғасырдан  астам  уақыт 
етіпті.  Яғни  басқа  этнос  өкілдерінің  ең  кем  дегенде  үшінші  үрпағы 
қазақ топырағын  басып  жүр.  Бұлар  қазақ болып кетпесе де қазақстан- 
дық  екенін  бір  адамдай  біледі.  Тарихымыздан,  салт-дәстүрімізден, 
мәдениетімізден,  ендігі  тілімізден  хабардар.  Қазақстан  халкы,  қа- 
зақстандық үлт дегенді осылар үшін айтамыз. Ал Қазақстан, қазақстан- 
дық  дегеніміз  -   қазақ дегенді  білдіреді.  Екіншіден,  шекарадағы  темір 
перде  ысырылып,  ақпараттық  алмасу үдегендіктен алыс шетелдердегі 
өркениетті  мемлекеттің  өзінде  байырғы  халық  пен  кірме  халықтың 
қалай  өмір сүретіні, қүқықтарында қандай  айырмашылықтар бар екені 
баршамызға мәлім болды. Германия немістер үшін екен, Қытай қытай- 
лар  үшін  екен,  Франция француздар үшін  екен,  Түркия түріктер  үшін 
екен.  Қазақстан  қазақтардың  елі  екенін  біз  неге  жасыруымыз  керек? 
Әрине,  қазақтан  басқаларды шөміштен қағайық, шетке ығыстырайық, 
басқа  да  қысымшылық  жасайық  деген  сез  емес  бүл.  Тағдырдың  жа- 
зуымен  тарихи  отанынан  тыс  жүргенін  олар  да  білсін,  бүған  казак- 
тар  жауапты  емес  екендігін  біз  де  ашығынан  айтайық.  Әдептен  озған 
қонағына да «шаңыраққа қара» деген халық емеспіз  бе.
¥лтты қ идея қүндылықтары мен ұстанымдарын  екі әлеуметтік қа- 
уым  арасында мейлінше дәйекті  бекемдеу  қажет.  Бірі  -  бала бақшада 
тәрбиеленуші  бүлдіршіндерден  бастап,  университет  аудиторияларын- 
да  отырған  жастарға  жеткізуден  ештеңені  аяуға  болмайды.  Екіншісі
-  мамандар  мен  зиялылардың  үлттық  идеяға  қалтқысыз  берілгендігін
39

қалыптастыру.  Осылардың санасына,  өмір салтына сіңген ұлттық идея 
кімді болсын өз иіріміне ала жөнелетініне күмән жоқ.
Сөз  орайы  келіп  түрғанда  БАҚ  беттерінен  көрініп  жүрген:  «Қа- 
зақстанда  қазақтан  басқа  үлт  жоқ,  диаспоралар  ғана  бар»  деген 
тұжырымға  өз  ойымызды  білдіре  кетейік.  Диаспора  -   отанынан  тыс 
өмір  сүріп  жатқан  қауымның демографиялық  сипаттамасы.  Үлт -  та­
рихи-этникалық категория. Библияда Савел бір түнде Павелге  айнала- 
ды. Нақты өмірде үлт әрқашан үлт болып қала береді. Егер демографи- 
ялық  анықтауышты  этникалық  үрдіске  қолданатын  болсақ  диаспора- 
дан  ғана  емес,  қазақтан  да  ештеңе қалмауы  әбден  мүмкін.  Этникалық 
дамудың  бар  белестерінен  өткен,  мемлекеттігі,  жері  сыртта,  қазіргі 
таңда  Қазақстанда  түрып  жатқан  қазақтан  басқа  үлттың  баласы  өз 
үлтының өкілі болудан қалған жоқ. Орыс өзін орыс ретінде, үйғыр өзін 
үйғыр  ретінде,  өзбек  -   өзбек ретінде  сезінетіні  занды  әрі  сол  үлттың 
өкілі  болып  саналуы  қажет.  Ассимиляцияга  үшыраса  -   әңгіме  бөлек. 
Ал тап  бүгінгі Қазақстанда қандай ғана болмасын халықты  ассимиля- 
циялап жіберетіндей үлттық-тіл саясатының нышаны да жоқ.
6. «Қазақ елі. Азаттық.  Бірлік»
Үлттық идея барша халықтың күш-жігерін, іс-әрекетін уақыт алға 
қойып  отырған аса  жауапты тарихи  міндетті  шешуге  жүмылдыратын, 
баурап әкететін күш болуын қалаймыз.  Өткен күндерден айғақ -  дәлел 
келтірер болсақ,  XIX ғасыр аяғындағы Россияда үлттық идея міндетін 
«Самодержавие,  православие,  народность»  деген  үран-терминдер 
атқарса,  кешегі ¥ л ы   Отан  соғысы  жылдарында  большевиктер  үлттық 
идеяның арқалар жүгін  «Бәрі де майдан үшін,  бәрі де жеңіс  үшін» де­
ген үранға сиғызды.
Кез келген мемлекетке үлттық идея қажет, ал оның үғым-түсінігі, 
атау-термині  әр  кезеңде  әрқилы  болып  келуі  объективті  заңдылық. 
Сондықтан  да  бүгінгі  Қазақстанда  үлттық  идея  міндетті  түрде  үзақ 
немесе  қысқа  мерзімді  қамтып  жатуы  керек  деп  шарт  қоюдың  негізі 
жоқ.
Үлттық  идеяның  мән-мағынасын  дәл  қазіргі  таңда  «Қазақ  елі. 
Азаттық. Бірлік» деген үғым-түсініктер аша алады.
Ойымыз  жүртшылыққа  түсінікті  болу  үшін  әрбір  сөзге  тоқтала 
кетейік.  Қазақ -  Қазақстан  республикасына  атауын  берген  этнос,  осы 
мемлекеттің,  жердің иесі  де,  киесі де  қазақтар.  Ел — байырғы түркілер
40

заманында  қалыптасқан  атау-термин,  мемлекеттікті,  халықты  біл- 
діреді.  Орхон  мұраларында  «Түркі  елі»,  «Мәңгі  ел»  деген  сөз  тіркес- 
тері бірнеше рет қайталанған.  ¥лтты қ идеяның «Қазақ елі» ұғымымен 
басталуы  өзекті  екі  міндетті  шешуге  мүмкіндік  береді.  Бірі  -   барша 
қазақстандықтардың  отансүйгіштік  сезімін  тарихи-этникалық  тамыр- 
мен  байланыста қалыптастырып,  түрақтандыруға,  екіншісі -  алыс  ше- 
телдіктерге  Қазақстан  республикасы  мемлекетінің  мәні  қазак  слінс 
саятынын  үғындыруға  шылбыр  үстатады.  Әзірге  Қазақстанды  казақ 
елі  ретінде  қабылдағысы  келмейтіндер  республикамызда  да,  білмсй- 
тіндер  шетелде  де  аз  емес.  Уақытында  дәм-түзымызды  татып,  білім 
алып,  лауазымды  қызметтер  атқарып,  Қазақстаннан  қоныс  аударысы- 
мен  өзі  суын  ішкен қүдыққа тукіргендерді  қаперге  алмағанда,  Мысыр 
еліндегі  әйгілі  Александрия  кітапханасының  мамандары  Қазақстан 
жайлы  үстірт  үғымда  екенін  қалай  түсінуге  болады.  2003  жылы  Ка- 
ирге  барған  сапарында  «Отырар  кітапханасы»  ғылыми  орталығының 
директоры Түрсын Жүртбайдың өтінішімен олар компьютерлерін қан- 
ша  мазалағанымен,  өзгені  былай  қойғанда  Қазақстан  мен  оның  Пре­
зидент!  Н.Э.Назарбаев  туралы  бірде-бір  мәлімет  тауып  бере  алмағаи 
екен. Бүған кінәлі -  өзіміз.  Сылбырмыз. Ширайтын уақыт өтіп барады. 
Елбасының  Қазақстан  халқына  2005  жылғы  Жолдауында  бүл  міндет 
бекер  ауызға  алынбаған.  «Қазақстанның,  деді  Н.Э.Назарбаев,  әлемде 
қуатты  экономикасы  бар  әрі  халықаралық  қоғамдастықтағы  түғыры 
берік өңірлік держава ретінде қабылданатынын естен шығармағанымыз 
абзал.  Бүл мәртебені  қастерлеуіміз және  еліміздің  казіргі  әлемдегі  бе- 
делін нығайту үшін қосымша күш-жігер  жүмсауымыз керек».
Азаттығымыз  да  әлі  жас.  1990  жылы  Қазақстанның  егемендігі 
жарияланды,  1991  жылы  аңсаған  тәуелсіздікке  қол  жетті.  Бірак  біз 
әзірге  толық  азаттықка  ие  бола  қойған  жоқпыз.  Айталық,  озык  тех­
ника мен  биік технологияларға зәруміз.  Олар  сырттан тасымалдануда. 
Жаратқан  иеміз  бізге  мүнай  қорын  таңқаларлықтай  молынан  бсргсн- 
мен  әлемдік  бағасын  анықтап  отырған  басқалар.  Батыстың  демокра- 
тиялық  қүндылықтарын  тездетіп  алуларыц  керек,  адам  қүқығын  сақ- 
тай  бермейсіңдер деп  ақыл үйретіп,  қокандай  беретіндер  де  басқалар. 
Тіпті  патшалық  отарлау  мен  кеңестік  тоталитаризм  санаға  сіңіргсн 
дүниетанымнан  арылмағанымыз,  қазақтың  қазақ  тілін  білмеуі  толык 
азаттыққа жетпегеніміздің көрінісі.  Әрине, тәуелсіздік жылдарындагы 
толағай  табыстарымызды  ешкім  жоққа  шығара  алмайды.  Бірақ  та- 
быстан  бас  айналмасын.  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  2005
41

жылғы  Жолдауында айтылғандай,  біз  бірлесе  отырып,  еркін  экономи­
ка мен  еркін ұлт жасақтау  жолында  алға  жылжуымызға  қажетті  берік 
негіз қаладық.
260  жылға  созылған  бодандық  пен  жалған  үраншылдық  қазақ 
халқының  бірлігіне  орасан  зор  нүқсан  келтірді.  Бірліктің  Үлы  күш 
екенін  халқымыз  қапысыз  үққан.  Бірлік  жоқ  жерде  тірлік  жок,  деген 
ғой  ол.  Сөздің  атасы  -   шындық,  анасы  -   бірлік  деген  үлағатты  сөзді 
Қаздауысты  Қазыбек  би  айтқан  екен,  дейді  даланың  ауызша  тарих- 
намасы.  «Біріңді,  қазақ,  бірің  дос,  көрмесең  -   істің  бәрі  бос»,  -   деп 
үлы Абай жырлаған.  Қазақтың,  барша қазақстандықтардың бірлігі тап 
қазір  ерекше  мағынаға  ие  болып  түр.  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың 
Қазақстан халқына Жолдауларында жан-жақты дәйектелген  экономи- 
калық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару міндеттері,  Қазақстанның 
әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің қатарына  кіру  Страте- 
гиясы  ынтымақ-бірлік барда ғана жүзеге асады.
Бірлігі  күндей  күндіз  бар  да  түнде  жоқ  елдегі  адамдардың  өзара 
сыйластығы  ілініп  зорға  жүрген  бай  мен  кедейдің  қүдалығындай 
түрлаусыз  ғой.  Әйтпесе  түнгі  сағат  1-2  ден  кейін  орыс  тілді  телеар- 
налар қазақ халқының табиғатына, менталитетіне жат, тіпті  мазақтай- 
тын,  қорлайтын  хабарлар  жүргізер  ме  еді.  Ал  осынау  түнгі  хабарлар 
сорақылығын,  зиянын  қазақ баспасөздері  жазған  әлі  де  жазып  келеді. 
Қазақстан  республикасының  Ата  Заңындағы  39-бапта  үлтаралық 
үйлесімділікті  бүзушы  кез-келген  іс-әрекет  заңсыз  деп  танылатыны 
тайға таңба басқандай көрсетілген. Бірақ бап әрқашан жүмыс істей бер- 
мейді.  Әлде түнгі  1-2-ден кейін Конституцияның пәрмені де «үйқыға» 
кете  ме?  Бүл  аздайын  Күнді  алақанымен  жапқысы  келетіндер  әлі  де 
бой  көрсетуде.  Мәселен,  2005  жылдың  22  ақпанында Еңбек және  ха- 
лықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігінің  Жамбыл  облысы  бойынша 
департаменті  директорының  орынбасары,  облыстың  бас  мемлекеттік 
еңбек  инспекторы  В.И.Борода  деген  бишігеш  «Тараз-су»  коммунал- 
дық  мемлекеттік  кәсіпорнындағы  техникалық  қауіпсіздікті  тексеруге 
байланысты  үялмай-қызармай  мынадай  қаулы  шығарыпты:  «Я,  Глав­
ный  государственный  инспектор  труда  по  Жамбылской  области  Бо­
рода  В.И.,  рассматривая  дело  об  административном  правонарушении 
в  отношении  юридического  лица  КГП  «Тараз-су» — директора  Ашир- 
бекова  А.А.,  определяю,  что  делопроизводство  вести  на  языке  меж­
национального  общения  (на  русском)».  «Мүртқа  екпелеп  жүргенде 
сақал  шықты»  деген  осы  болар.  Ақиқатына  келеек,  бүл  қаулының
42

астарында  кешегі  отарлаушының  өктемдігі  мен  менмендігі,  мемле- 
кеттік  чиновниктің  саяси-құқықтық  сауатсыздығы,  мәдени-имандық 
кембағалдығы,  Қазақстандағы  қазақ  тілінің  мүшкіл  халі,  үлттық  идея
-  қазақ мүратының мемлекеттік саясат биігіне көтерілмегені жатыр.
Бірлік  қазақтардың  өзі  үшін  де  қажет.  2004  жылғы  күзде 
өткен  Парламент  сайлауы  үлтымызға  іштей  түтасу  жетпей  жатқа- 
нын  айдай  әлемге  жариялады.  Руға,  жүзге  бөліну  санадан  сылынып 
тасталмағанын көрдік.  «Ауруын жасырған -  өледі».  Әрине,  аштықтан, 
қуғын-сүргіннен,  демографиялық  азшылықтан  жойылып  кетпеген  ка­
зак  траибализмнен  қүри  қоймас.  Бірақ  оның  қазақ  елі  мен  азаттыққа 
тигізер кесапаты аз болмайды.
¥лтты қ идеяны  «Қазақ елі.  Азаттық.  Бірлік» үғым-түсініктерімен 
бейнелеу жалпақшешейлік,  жалтаңкәздік,  баяғы  көнбістік емес,  қайта 
саяси,  танымдық,  рухани  кемелдігіміз  бен  оралымдылықты  паш  етсе 
керек.  Қазақтың  нартүлға  үл-қыздары  идея  үшін,  ал  тоталитаризм 
түсында қасаң идеяның ойранымен жанын аз қиған жоқ, енді  идея казак 
мүраты үшін қүрбан  болғанын тілейік. Қазақ  елінің,  азаттығымыздың, 
ынтымақ-бірліктің  мүддесіне  қызмет  етіп,  діттегеніне  жеткен  күні 
қош-есенге  кете  баратын  кемел  де  кесірсіз  үлттық  идеяны  бекемдеу 
әрқашан жауапты  міндет болып қала  бермек.
43


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет