Тіл комитеті



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата21.01.2017
өлшемі9,9 Mb.
#2409
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

ҰЛТТЫҚ ЭЛИТА
1. Халық пен  мемлекет -  элита  қайнары
Бар нәрсенің бастауы тарихта жатыр. Ғылымның да ең алғашқысы
-   тарих.  Тарих  тәжірибесі  адамдарды  ізденуге,  кешегіден  -   бүгін, 
бүгінгіден -  ертең ілгері басуға итермелейді. Тіпті ғылымдардың негізі 
саналатын  философияның  өзі  тарих  тағылымынан  нәр  алады.  Ал  сол 
тарих  қашан  ,  неден  басталып  еді  деген  сүраққа  келсек,  оның  жауабы 
біреу-ақ -  адам  пайда  болған  сәттен  нағыз тарих  басталады,  тарихтан 
тағлым алумен адамдар  өзін де, өзгені де таниды.  Әзірге адамның пай­
да  болуы  жайлы  ғылым  сөзі  соңғы  нүктесін  қоя  алмай  отыр.  Кезінде 
бүл  мәселеге  Шәкәрім  қажы  да  арнайы  тоқталған  еді.  Ол  1912  жылы 
«Айқап»  журналы  арқылы  білімділерге -  жауап  беруші  қазақ  болсын, 
басқа  жүрт  болсын -  бәрібір -  бес  сауал  қойған  болатын:  1.  Алланың 
адамды  жаратқандағы  мақсүды  не?  2.  Адамға  тіршіліктің  ең  керегі 
не  үшін?  3.  Адамға  өлген  соң  мейлі  не  жөнмен  болсын  рахат-бейнет 
(сауап-азап)  бар  ма?  4.  Ең  жақсы  адам  не  қылған  кісі?  5.3аман  еткен 
сайын  адамдардың  адамшылығы  түзеліп  бара  ма,  бүзылып  бара  жа­
тыр ма? «Бүл сүраған сөздерімді халық пайдасы деп ойлаймын», деген 
түжырымға келіпті  қазак ойшылы.
Бес сауалға жауап беру міндетін мойнымызға ала алмаймыз. Әйтсе 
де  «ең  жақсы  адам  не  қылған  кісі?»  сүрақтың  шешімі  төңірегінде  өз 
ойымызды  білдіргенді  жөн  көрдік.  «Ең  жаксы  адам»  үғым-түсінігініц 
орнына элита терминін алып отырмыз.
Адам  баласы  пайда  болғаннан  бері  тарих  сахнасындағы  ойын 
үздіксіз  жалғасып  келеді.  Оның  әртістері  де,  қоюшысы  да,  драматур- 
гі  де,  көрушісі  де -  адамдар.  Осынау  адамзат тарихын  этногенез  ілімі 
түрғысынан коктей шолып зерделер болсақ, домбыраның кос шегіндей 
жарысқан  екі үрдісті  байқайды  екенбіз.  Біріншісі — адамдардың  аймақ 
пен  кеңестікте  тобыр,  қауым,  ру,  тайпа,  этнос  ретінде  түтасуы,  екін- 
шісі  -   нақты  тарихи-объективті  факторлар  әсерімен  үлкенді-кішілі, 
алыс-жақын  этностарға  жіктеліп,  тілдік,  нәсілдік,  әлеуметтік-саяси,
44

мәдени-рухани  ерекшеліктеріне  қарай  олардың  әрқайсының  өзіндік 
тұтас әлемге  айналуы.
Алғашқы кауымдық құрылыс тұсында басталған түтасу мен жік- 
телу  үрдісі  әлі  күнге  дейін  жүріп  жатыр.  Айталык,  шапқыншылық 
замандарында  қазақтар  ортасында  қалған  қалмақ,  қырғыз  этносының 
өкілдері  бүгінде  біржолата  қазақ  болып  кеткенін  тарихшы  мамандар 
жақсы  біледі.  Тағдырдың  жазуымен  Мажарстан,  Мысыр  елінде табан 
тіреген  қыпшақтардың  венгр,  араб халықтары қүрамына  сіңіп  кеткені 
де тарихи  ақиқат.  Кеңестік-тоталитарлық жүйе  билеген  70 жыл  бары- 
сында орыстың кең жүтқыншағына жүтылып, тілінен, ділінен, дінінен 
жүрдай болған халықтар да аз емес.  Қытайлардьщ саны токтаусыз өсіп 
келе жатқандықтан Шыңжаңды мекендеуші аз халықтардың болашағы 
қалай болатыны  бір күдайға  аян.
Ендеше  тарих  толқынында  кеміліп  қалмай,  моңғол,  қытай,  орыс 
жүтқыншағына  жүтылмай,  қазақ  қалпымызда осы  күнге жеткенімізге 
мың тәубе.  Адам және  адамдардан  қүралатын халық  кез келген уақыт 
пен  кеңістіктегі  қоғамдық  сананың,  соның  ішінде  тарихи  сананың  да 
басты қүндыльіғы  болып табылады.
Адамзат баласының санасында ежелден орныққан екінші құндылық
-   мсмлскет  мәселесі.  Аңыз-әпсаналарды  былай  койғанда,  біздің 
эрамызға дейін  өмір  сүрген үлы ойшылдар  Платон мен  Аристотельдің 
мемлскет,  саясат  тақырыптарына  арнайы  еңбек  жазуы  кездейсоқтық 
емес.  Платонньщ пікірінше,  ел басқарушының жасы  елу мен жетпістің 
арасы болуы ксрек, әрі ол 20 жылдан артық билік басында отырмағаны 
жөн.
Халық  псн  мемлекет  жайлы  кешенді  түжырымдама  байырғы 
түркі  жазуында  да  ой-толғақтың  басы  болып  табылады.  Күлтегін  ес- 
керткішіндегі  үлкен жазудың:
Жоғарыда көк тәңірі
Теменде қара жер жаралғанда
Екеуінің арасында адам баласы
Адам баласын басқаруға ата-бабам жаралды.
Бумын қаған, Істемі қаған отырған.
Отырып, түркі халқы елін, заңын 
¥стай берген, иелік еткен, -
деген  бірінші  жолдарынан  халық  пен  мемлекеттік  билікке  айрықша 
мән  берілгенін  үғуға  болады.  Мемлекеттілікті  қастерлеген  қоғамдық
45

сана  жыраулық  әдебиетте  де  сақталып  қала  берді.  Қазак  хандығын 
аңсаған  шығармалар  зар-заман  әдебиетінде  мейлінше мол. 
Кеңестік 
идеология үстемдік қүрған дәуірде мемлекеттік қүрылымның пайда бо- 
луы мен қызметі сыңаржақ түсіндіріліп келді.  Оны мүлік теңсіздігі мен 
таптық  қайшылықтың  нәтижесі,  езіп-жаншу  аппараты,  коммунизмнің 
орнауымен  озінен  өзі  жоғалатын  орган  ретінде  қабылдаушы  едік. 
Баршамыздың  санамызга  осынау  тезисті  орнықтырган  коммунистік 
билеуші топ  мемлекеттік машина роліне  ешкімді жуытпады.  Тілі  май- 
да,  діні  қатты  коммунистер  Американы  ашпапты.  Қайта  мемлекеттік 
билікті  халықтан  мейлінше  алыстатып  жіберген  көрінеді.
Әр  халық  өз  мемлекетінің  болуын  аңсағанда  оған  артатын  нақты 
мақсат-міндеттерін  бірінші  кезекке  қояды.  Ол  бөтеннің  айтқанымен 
жүретін мемлекетін місе түтпайтынын, көңілінен шықпаған мемлекет- 
тік  қүрылысты  лақтырып  тастайтынын  тарих  оқулығынан  сан  мәрте 
оқыганбыз,  бүгін де  аз көріп  отырған жоқпыз.
Қосқүндылық—халықпенмемлекеттіңжарасымдыүйлесімділікпен 
ілгерілеуіне  қажетті  алғышарттар,  әрине,  көп.  Солардың  бір  де  болса 
бірегейі -  үйымдастыра  басқару.  Мемлекетті  басқару  бүкіл халықтың 
және  кез  келген  аспаздың  қолынан  келе  бермейді.  Кеше  де,  бүгін  де, 
ертең де осылай болған, бола береді.  Бүл -  бір.  Екіншіден, мемлекеттік 
басқару жүйесі әрқашан азшылықтьщ қолында.  Олар халықтың қалың 
ортасынан  шыққан  лайықты  үл-қыздары  болуы  керек.  Азшылықтың 
кешкен  күні  жол  айрығында  түрған  жолаушының  қиналысын  елесте- 
теді.  Қабылдаған  шешімі  қате  шығып,  діттеген  жеріне  апарар  жолдан 
адасса,  қол  астындағыларды  соқпаққа  үрындырады,  өзі  де  тарихтың 
қоқыр-соқырынан  орын  тебуте  мәжбүр  болады.  Немесе  керісінше. 
Ел  билеуді  міндетіне  алған  азшылықтың  шын  мағынасындағы  ке- 
мелдігі,  ғасырлар  тезінен  өткен  салт-дәстүрдің  озығын  сақтай  алуы, 
осыларды әділ зандармен  бекемдеп,  бүлжымай орындалуын  білгірлік- 
пен  үштастыра  алуы  қалың көпшіліктің  бағын  ашып  қана  қоймайды, 
нагыз таланттар мен  түлғалардың қанат жаюына іргетас қалайды екен. 
Үрпақ  жалғастыгы  дегеніміз  — осы.  Сабақтастықсыз  ілгерілеу  жоқ. 
«Мемлекетті  басқара  отырып,  адамдарды  өлтірудің қажеті  не, — деген 
екен ежелгі Қытай ойшылы Конфуций. -  Егер сіз ізгілікке үмтылсаңыз, 
халық та  ізгілікке бой үсынады.  Текті  ердің моралі желмен тең, жаман 
адамның  моралін  шөп  дерсің.  Жел  қайда  еоқса,  шөп  сонда  қисаяды». 
Ел  билеушінің  бойынан  қандай  қасиеттердің  табылуы  керектігін  ай- 
тқан  басқа  да  ойшылдар  аз  емес.  Кезінде  үлы  жерлесіміз  әл-Фараби 
46

да бұл мәселеге арнайы токталған.  Билік иелеріне қойылатын талапты 
отарланған  қазақ  коғамына  үйлестіре  жүйелеуге  терең  толғанғандар 
Шоқан мен Абай болатын.
Сонымен,  ел  тағдырын  шешер  биліктің  екі  тізгін,  бір  шылбыры 
кемелдің  кемелінің,  үздіктің  үздігінің  қолында  болуы  қажет.  Топты 
жарып  шыққан осындай кемелдерді,  осындай үздіктерді  ғана үлттық 
элита  деген  айдармен  айшықтауға  негіз  бар.  Бірақ  мемлекеттік  билік 
айналасындағылардың бәрі бірдей ұлттык элитаға кіре бермейді. Оған 
тек  мемлекет  деңгейінде  немесе  өз  саласы  бойынша  баршаға  мін- 
детті  шешім  қабылдауға  өкілеттігі  барлар  ғана  жатады.  Бүгінгі  күн 
жағдаятымен түсіндірсек,  бүлар — Президент, Парламент, Үкімет және 
үкімет  мүшелері,  Президентке  немесе  үкіметке  тікелей  бағынышты 
Жоғарғы  Сот,  үлттық  Банк,  қаржы  полициясы  сияқты  күрылым  бас- 
шылары.  ¥ л тты қ  элитаның  осынау  тобын  саяси  элита  десек  кате 
леспейміз.
Ұлттық  саяси  элита  елдегі  барша  әлеуметтік  қауым  есеОінен 
жасақталады.  Тап  қазір  бүлардың  қүрамында  кешеті  металлург  те, 
мүғалім  де,  дәрігер  де,  қүрылысшы  да,  заңгер  де,  басқалар  да  ар. 
Ортағасырлардағы,  жаңа  замандағы  Қазақстанда  да  солаи 
олған. 
Әу  бастағы  тарихи  бастауларын  зерделер  болсақ,  үйымдьіқ  түрғыдан 
түтасуы, қызметінің пәрменділігі тәрізді көрсеткіштері бойынша саяси 
элитадан  бүрын  бой  көтере  қалғанымен  одан  биік  сатыда түрған  эли 
та тобын  ауызға  ала  алмаймыз.  Қазақ  даласында  ежелден  сазгерлер, 
сәулетшілер,  ойшылдар  ғүмыр  кешкені  мәлім.  Біршамасынын  аты, 
еңбектері тарих зердесінде сақталып,  бүгінге  жетіп отыр.  «  лпамыс», 
«Қозы Көрпеш-Баян сүлу» жырлары, Қорқыттың күйлері, Қожа Ахмет 
Яссауи шығармалары, «Кодекс команикус» қазақ этносы қалыптаспаған 
уақытта  пайда  болған.  Дегенмен  осылардың  ешқайсына  қазақта 
басқалардыңталасы болмауы керек деп шорт кесуге негіз жок-  үлар исі 
түркілердің ортақ қазынасы.  Біреулерін қазақ топырағында жаРа™ ь  
үшін, екіншілерін даланың ауызша тарихнамасында сақталып қал 
үшін,  үшіншілерін  өз  жерімізде түрғаны  үшін  басқадан жакын  т  р 
мыз.  Ара-кідік сыртта қалған  асылдарымызбен қайта та  ЬІС^ТЬ1Н 
бар.  Өткен  ғасырдың  70-жылдарына дейін  әл-Фарабидщ өз  ек  ® 
лы  саналып  келгені  осыған  дәлел.  Демек,  мемлекеттщ  шаңы 
көтерген  саяси элита сол мемлекеттегі  баска элита топтарының 
әкесі саналуы  керек.  Өйткені  соңғылары,  әсіресе  мүрагерлері  V 
мемлекеттің  шаңырағы  көтеріліп,  ресми-заңды  билік  жүиесі  о
47

соң ғана ұлттық бояуы қанық, ұлт мұраты биігінен табылған туындыла- 
рын дүниеге әкеле алды.  Бүдан шығатын қорытынды  біреу:  халықтың, 
қоғамның  кемелденуі  негізінде  мемлекеттің  пайда  болуы  мен  үлттық 
саяси  элитаның  қальштасуы  бір  мезгілде  жүреді  екен  де,  олар  ілгері- 
ден  жсткен  элитаның  басқа  топтарының  шын  мағынасындағы  үлттық 
негізде  өсіп-өнуіне,  саясаттың,  идеологияның,  материалдық  өндіріс 
салаларының,  руханияттың  ізашарына  айналуға  серпін  береді  екен. 
Ойымыз  түсінікті  болуы  үшін  айғақ-дәлелге  жүгінейік.  ХУ  ғасырда 
этникалық дамуы  әбден  пісіп-жетілген қазақ халқының мемлекеттігін 
қүрған  Керей,  Ж әнібек  сүлтандар  өз  заманының  ойшылдары  Асан 
қайғы мен Қазтуған жырауды ғана емес олардан ілгерідегі даналардың 
мүрасын  жетік  білгені  күмән  туғызбайды.  Әйткенмен  осы  екі  түлға 
қазақ  хандығының  шаңырағын  тіктегеннен  кейін  ғана  үлттық  элита 
топтарының  шүғыл  да  жеделдей  өскені  ақиқат.  Бүлар  содан  кейін- 
де  тілімізге,  үлттық  болмысымызға,  табиғатымызға  тән  жырау,  сал- 
сері,  ақын,  бақсы-балгер,  би,  батыр,  күйші,  жүлдызшы,  есепші,  т.б. 
әлеуметтік-кәсіби  топтарға  жүйеленіп,  үлттық  элитаның  шоғырлы  да 
жүлдызды  тобын  бере  алды,  бастары  қосылды,  үлт  игілігіне  айнал- 
ды.  Бодандықтың  қамытын  кигенге  дейінгі  кезеңдегі  осынау  элитаны 
үлттық дәстүрлі  элита деп  атаған жен болар.
2. Үлттық элита:  тарих толқынындағы белестері
Қазақ хандығы түсында қазақ элитасының мәртебесі,  оған  кіретін 
топтардын міндет-қүқығы, пәрмені, үйымдастырушылық,  басқарушы- 
лық,  атқарушылық  өкілеттігі  тәп-тәуір  қалыптасты.  Саяси  элита  не- 
гізінен  Шыңгыс  хан түқымынан  шыққандармен  жасақталды.  Бір  ғана 
әулеттің  мемлекеттік  билікті  қолда  үстауы  ортағасырлық  Батыста  да, 
Шығыста  да  орныққан  үрдіс  екені  белгілі.  Самодержавиелік  Ресейді 
романовтар  отбасы  үш  ғасыр  бойы  билеп-төстеп  отырған  еді  ғой.  Ал 
Қазақстанда  Шыңғыс  әулеті  қалың  қол  болатын.  Е.Бекмахановтьщ 
мәліметі  бойынша,  Жошының  өзінде  ғана  40-қа  жуық  бала  болған 
екен.  XIII  ғасырдың  ортасында  Шыңғыс  хан  түқымынан  тарағандар 
он  мың  жанға  жетіпті.  Мемлекеттік  басшьшықты  үстаған  бүлар 
«ақсүйек» атанды.  Ғылыми әдебиетте қожаларды да ақсүйекке жатқы- 
зады.  Бірақ  қожалар  мемлекеттік  билікке  жанама  түрде  араласқан- 
дықтан  «ақсүйек»  аталуға  еш  негіз  жоқ.  ХУ-ХУІІІ  ғасырлардағы  са­
яси  элитаның  қатарынан  төре-сүлтандар,  билер,  қиын-қыстау  кезеңде 
48

батырлар  орын  тепкенін  көреміз.  Элитаның  осынау  тобын  дәстүрлі 
элита  өкілдері  де  «жақсылар»,  «хан  ием,  сүлтан  ием»,  «ел  иесі»  де­
ген  атау-түсініктермен  айшықтаған.  Және  олардың  ел  тағдырындағы 
орнын  да  мейлінше  жоғары  бағалаған.  Асан  қайғы:  «Жақсыларға 
айтпаған//Асыл  шырын  сөз  ғаріп»,  десе,  Доспамбет  жырау:  «Кет- 
бүғыдай  билерден  кеңес  сүрар  күн  қайда»  деп  кешегі  мен  бүгіннің 
арасын  жалгастырғысы  келеді.  Шалкиіз  жырау  көкейіндегі  өтінішін 
«султан  ием,  хан  ием,  жүрт  иесі  өзіңсің»  деумен  жеткізсе,  Жиембет 
жырау  еңсегей  бойлы  Ер  Есімнің  қолына сүйесін,  қолтыгына демесін 
болғанын  ауызға  алған  екен.  Ақтамберді  жыраудың:  «Білімді  туған 
жақсылар аз да болса көппен тең... Білімді туған жақсыга залал қылмас 
мың қарға»  деген  байлам-түжырымының астарында терең сыр жатыр. 
Осы  келтірілген  байламдардың түйінін Бүқар  жыраудың мына жолда- 
рымен тарқатуға  болады:
Жетінші тілек тілеңіз,
Желкілдеген ту келіп,
Сосын сасып тұрмасқа 
Сегізінші тілек тілеңіз,
Сегіз қиыр шар тарап 
Жер түлданып түрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз,
Төреңіз тақтан таймасқа.
Жаулаған ханын қара оңбас,
Хан қисайса бәрі оңбас,
Ханын қалмақ жаулаған 
Сөйткен қалмақ оңбаған 
Сол қалмақтың жұрты  еді-ау,
Үш Қарқара, Көк төбе 
Ит те үлып қалмаған.
ХУ-ХУІІІ  ғасыр  басында  үлттық  элитаның  қалыптасуы,  өсуі  мен 
қызметі  табиғи-тарихи  негізде  жүрді.  Хан  сайлау  рәсімі  байырғы 
түркілер,  кейінде  Ш ыңғыс  хан  қолданған  ретпен  жүзеге  асырыла- 
тын.  Мәселен,  Абылай  хан  Ресей  патшасы  II  Екатеринаға  1778  жылы 
жолдаған  хатында  қазақтың  үш  жүзі  хандары  мен  сүлтандары,  Таш­
кент  пен  Түркістан  аймағының  үлкен-кішісі  тілек  қосып,  1771  жылы 
4-2144 
49

Түркістан  қаласында,  мүсылман  жүртының  әулиесі  Қожа  Ахмет 
зиратының  басында  ежелгі  дәстүр  бойынша  Қүран  үстап,  қол  жайып, 
қазақтың үш Алашының ханы етіп, ақ кигізге өзін көтергенін жазыпты. 
Сүлтан-төрелер  мен  би-батырларға,  жырауларға тиесілі қүқыктар  мен 
өкілетті міндеттер «Қасым ханның қасқа жолымен», «Есім ханның ескі 
жолымен»,  «Жеті  Жарғымен»  реттеліп  отырды.  Терең  ақыл  мен  ерен 
қайрат  иелері  ғана  элита  қатарына  қосыла  алды.  Өкініштісі  -   ғадыл 
төре  ел  басқарған,  аға  жігіт  қол  басқарған,  шешен  адам  сөз  бастаған 
дәуірдің тынысы империялардың әлемді бөлісуімен тарылды.
Патшалық отарлаудың бастапқы кезеңін басынан өткерген, хандық 
биліктің  әлсірей  бастағанын  көзімен  көрген  Бүқар  жыраудың  ханын 
жаулаған  қалмақтарға  байланыстыра  айтқан  қаупі  көп  үзамай  шын- 
дыққа айналайын деді.  Алдымен Кіші жүз,  кейінде Орта жүз  Ресейдің 
бодандығын қабылдады, ел қамын жеген жақсының сөйлетпей үртынан 
үрған,  тексізді  төрге  шығарған,  өзі  сары,  кәзі  көк  отарлаушының  легі 
жетгі. XIX ғасырда хандық билік институты жойылды, билердің, төре- 
сүлтандардың мәртебесі пысықай тілмаштардікінен тәмен қүлдырады. 
Табиғи-тарихи  даму  динамикасын  бүзумен  ел  ішіне  іріткі  салған 
отаршылдықтың  сойқанынан  үлттық  элитаның  өз  арасында,  халық- 
ты  басқару  ісінде  бітіспес  қарама-қайшылықтар  бас  көтерді.  Әрине, 
түсініспестіктер  дәстүрлі  қазақ  қоғамында  да  болып  түратын.  Айта- 
лық,  Есім  хан  мен  Түрсын  хан  арасындағы  дау-талас  ХУІІ  ғасырда 
Марғасқа жырауға әйгілі:
Ей, Қатағанның хан Түрсын,
Кім арамды ант үрсын,
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың,
Еңсегей бойлы Ер Есім 
Есігінде келіп түр,
Алғалы түр жаныңды,
Шашқалы тұр қаныңды! -
деген өлең жолдарын жаздырса, ХУІІІ ғасырдың 40-шы жылдарындағы 
Әбілхайыр  хан  мен  Барақ  сүлтанның  теке  тіресі  алғашқысының  ажа- 
лына  себеп  болды.  Дегенмен  мүндай  кереғарлықтар  қоғамның,  саяси 
элита  мен  қара  халықтың  ішкі  үйлесімін  бүза  алмаушы  еді.  Жағдай 
50

асқынып  бара жатса,  ұлттық дәстүрлі  элита өкілдері, ханның сенімді 
ақылгөйлері  халық  атынан  сөз  сөйлеп,  ел  билеушілерін,  телі  мен 
тентектерін  жөнге  салып  отыратын.  М әселен,  1748  жылы  Барақ 
сүлтанның  қолынан  Әбілхайыр  хан  мерт  болғанда  өрттей  лаулап 
келе жатқан жанжалдың жолын кесуге Төле би,  Қазыбек би, Ж әнібек 
тархан, Қабанбай батыр сынды түлғалардың қайрат қылғаны осының 
айғағы.
XIX 
ғасырда үлттың түғырдан тая бастаған саяси элитасының мін- 
детін жаңа буын -  патшалықтың ресми қызметіндегі басқарушы элита 
ішінара  атқара  алды.  Ішінара  дейтініміз  -   бәрі  болмаса  да  біразының 
қолынан келгені қалыптасу үстіндегі әрі бүрынғыдан өзгеше қоғамдық 
қатынастарға  дүрыс  бейімделе  алып,  империялық  заң-закондардың 
аясында  халқына  дәстүрлі  білімімен,  беделімен,  ресми  өкілеттігімен 
қызмет  көрсеткені  еді.  Бірақ  үлттық  саяси  элитаға  артылатын  негізгі 
міндетті  -   елдің  азаттығы  мен  түтастығын  сақтап  қалуға  мүршалары 
келмеді.  Өйткені  бүлар  қазақ  хандығы  түсындағыдай  елді,  заңды,  ата 
салтын  үстаған  үйымдастырушылар  емес,  жоғарыдан  тағайындалған 
жергілікгі  басқарушылар  ғана,  империяның  орталығынан  түскен 
пәрменді  жүзеге  асырушылар  ғана  еді.  Патшалықтан  хан  деген  лау- 
азымды  алған  Жәңгірдің де  бітіргені  шамалы.  Саяси  қүрылымы  ыды- 
рагі,  территориялық,  экономикалық  әлеуеті  бөліске  түскен  Қазақстан 
жағдайында  ең  соңғы  шеп  -   үлттың  рухани  түтастығын  сақтап  қалу 
өмір  мен  өлімнің  бетпе  бет  келгенімен  бірдей  сәтке  айналды.  Ақиқа- 
тына  жүгінсек,  тап  сол  қилы  заманда  ел  тағдырын  шешкен  күш  -  ру, 
тайпа, өңір басындағы жақсылар мен ерлер, аға сүлтандар, сүлтан-пра- 
вительдер,  патшадан  шен-шекпен  алған  болыстар,  қазақтан  шыққан 
полковниктер,  генералдар десек,  теориялық,  методологиялық қателік- 
ке жол береміз. Өз билігі өзінен кеткен қауым  мансап тағында отырып 
қанша  күпінгенмен  үлттың  үйытқысы,  қоғамның  жетекші  күші  бола 
алмайды.  Ендігі  жерде  бар  ауыртпашылық  дәстүрлі,  бірінші  кезекте 
шығармашылық элитаға түсті. Ал шығармашылық элита қүрамындағы 
ең  белсенділері  суреткерлер  мен  сазгерлер  болатын.  Қүрманғазы, 
Тәттімбет,  Ақан,  Біржан,  Абай,  Сүйінбай  шығармалары  ата-бабадан 
жеткен рухани мүраны сәулелендіріп, одан да зорайтып, қазақтың ішкі 
әлемін  қазақ қалпында сақтап  қалды.  Бір  ғажабы,  бүлардың  жанқияр- 
лық еңбегін бір арнаға саятын  саяси қүрылым түгілі  біртүтас ақпарат- 
тық  кеңістік те  болмағанына  қарамастан  әрқайсының  көздегені  туған 
халқының рухын асқақтатуға келіп тірелгені.
51

артықшылығы — Бас хатшының ішіндегісін айтқызбай ұғатыны.  Бүлар 
—Мәскеудің қолбалалары еді. Қарға қарғаның көзін шұкымайды. Бүлар 
Қазақстанда бірін бірі көтерді.  Бүларды үлт серкесі дейтіндей  қызмет- 
ке  қойған  да,  сол  қызметтен  қуған  да  Мәскеу  еді.  Қоғамнын  өзегін 
жарып  шықпаған  жасанды  номенклатура  өкілдерін  қазақ  қогамы  есте 
сақтай  бермеді.  Қызметтен тайдырылған күні зердесінен сылып таста- 
ды.  Олар да қожайыннан  қорыққанынан,  алдағы  күннен  есекдәмемен 
аузын ашпаған күйі тастай батып, судай сіңіп жогалатын.
Бірақ ел  ерсіз  болмайды  екен.  Тарих тағы  да  қайталанды.  Қуғын- 
сүргінмен жойылған саяси элитаның миссиясын енді социалистік идея 
аясына  үлттың  эвфемистік  рухани  әлемін  сиғызған  шығармашылық 
және  ғылыми  элита  атқарды.  Кеңестік  оқу  орындарының  тәлім- 
тәрбиесінен  әткен  бүларды дүрыс жолдан  адастырмаған  қүдірет -  қа- 
зақы  отбасында  көрген  үлгі-өнегесі,  бабаларымыздың  рухани-мәдени 
мүрасы.  Эвфемистік тілмен жазылған рухы биік шығармаларымен,  ла- 
уазымды  қызмет  атқармай-ақ,  қазақ  баласын  Ата  тарихы  мсн  салтын 
үмытпауға тәрбиеледі, ділі мен қасиетін сақтап қалды, мәңгүрттендіру 
саясатының  жолындағы  қамал-қорғанға  айналды. 
Ел 
ішіндегі 
танымалдығы  мен  беделі  делегаттық  мандаты,  депутаттық  кітапша- 
сы  бар  номенклатураның  түсіне  де  кірмейтін.  Қазақ  ауылы  «Қазақс- 
тан  коммунисі»  журналынан гері  «Жүлдыз»  бен «Жалынды» тағатсыз 
күтіп отыратын.
Ілуде-шалуда  коммунистік-комформистік  номенклатура  қатары- 
на  үлт  мүратына  берілген  түлғалар  ілігіп  қалушы  еді.  М әселен,  ке- 
шегі  Ілияс  Омаров,  Жүмабек  Тәшенов,  Дінмүхамед  Қонаев,  Өзбекәлі 
Жәнібеков  сынды  біртуарлар.  Халық  қашанда  сергек  әрі  әділ  ғой. 
Сондықтан  да  күні  бүгінге  дейін  үлт  мұратын  жалған  саяси  комфор- 
мизмнен  жоғары  үстаған  адал  үлдарына  өз  жүрегінен  мол  орын  беріп 
келеді.  Бүл қүпияның мәнісі неде?
Біздің  ойымызша,  қалың  бүқара  өзінің  барша  тағдыры,  қасіреті 
мен куанышы саяси билік басындағы азшылықтың қолында екенін есте 
жоқ ескі замандардан қапысыз үққан. Кемеңгерлерін үрпақтан үрпаққа 
үлгі  етуден  жаңылмаған.  Әйтпесе,  мың  өліп,  мың  тіріліп  жүргенде 
Абылайдын, Кенесарының, Әлекеңнің, Ахаң мен Жақаңның, үзеңгілес 
серіктерінің есімдері  мүлде  үмьіт қалуы  керек  еді  ғой.  Яғни  нағыз  са­
яси  элита  мәртебесіне  көтерілген  жақсының  аты  өлмейді  деген  осы. 
Бүгін де осынау үрдіс сақталып отыр.  Тәуелсіздіктің алғашқы жылда- 
рында  жаңбырдан  кейінгі  саңырауқүлақтай қаптаған  саяси  партиялар 
54

пайда  бола  қалғаны  белгілі.  Солардың  аты  да,  ұйымдастырушылары 
да,  ұрандары  да  ендігі  естен  шыққаны,  ескен  желдей  жоғалғаны  дау 
туғызбаса  керек.  Алдағы  уақытта  да  осылай  бола  береді.  Халықты 
алдап,  көңілін  таппай,  ұшпаққа  шығам  дегендер  қалайша  мұрттай 
ұшқанын білмей қалатыны аксиоманың аксиомасы.
Кеңестік  Қазақстандағы  ұлттық элита тағылымы  мен тарихының 
келесі  ерекшелігі  оның  құрылымы  мен  қатарының  бұрынғыдан 
әлденеше  күрделіленгенінде,  ескенінде  жатыр.  Социалистік  қүрылыс 
нәтижесінде, жақсы болсын, жаман болсын, экономиканың, әлеуметтік 
инфрақүрылымның білім, ғылым, мәдениет, өнердің,  спорттың бүрып- 
соңды белгісіз сан алуан саласы  қалыптасқаны рас қой. Ендеше осының 
әрқайсының үлттық  өз  элитасы  өсіп  шықты.  Әрине,  біреуі  ерте,  біре- 
уі  кеш  деген  тәрізді.  Бірақ  бұлар  бірін-бірі  қайталамайтын,  әрқайсы 
айрықша  қүбылыс.  Қайталанбас  айрықша  түлғалар  элитаны  қүрайды. 
Ал  сол  элита  түлғалар  замандас,  сыйлас,  пікірлес  бола  қалса,  үлттың 
несібесінің  артқаны.  Заманы  бір  болғанмен,  істері  қиғаш  келіп жатса, 
ауыздағының кеткені екен.  ¥ л т  элитасының осынау тағдыранықтағыш 
жауапкершілігі  халық  философиясымен  бекемделгені  бекер  емес.  Қа- 
зақта:  «Бір адам таққа отырса,  мың адам атқа отырады», «Бір адам жүз 
адамға  олжа  салады»  деген  нақыл  сөздер  бар.  Бүл жерде  мың  адамды 
атқа отырғызатын, жүз адамға олжа салатын бір адам -  элита өкілі. Ай- 
талық,  Қ.Сәтбаевтың  Жезқазған  кен  орнын  ашуы,  Ғылым  Академия- 
сын үйымдастырудағы кемеңгерлігі жүздеген мьщ адамға олжа салған 
жоқ  па.  М.Әуезов  «Абай жолымен»  миллиондардың  санасын  ашып, 
эстетикалық  талғамын  қалыптастырды  ғой.  Ғ.Мүсірепов,  Ш.Есенов, 
Н.Тілендиев,  А.Жүбанов,  Ә.Марғүлан,  І.Есенберлин,  Е.Бөкетов, 
Ш.Айманов,  Ә.Қастеев,  М.Мақатаев,  К.Бәйсейітова,  Ш.Қалдаяқов, 
Б.Саттарханов,  міне,  осындай  мәңгі жарық жүлдыздар.
Ж инақтай  айтар  болсақ,  үлттық  элита  дегеніміз  зерек  ақыл- 
ойымен, тегеурінді  іс-әрекетімен,  интеллектуалдық ізашарлығымен 
халқының 
ілгерілей 
дамуына 
ш арапатын 
тигізген, 
адамзат 
өркениетіне  лайықты  үлес  қосқан,  үлтқа  үлгі  қабілет-қасиетке  ие 
түлғалардың  шоғыры.  Ол  қоғамдағы  ой  еңбегі  адамдарының  ғана 
емес,  басқа  да  әлеуметтік-кәсіби  қауым  қүрамына  тән.  М әселен, 
күріш ш і  Ы .Ж ақаев,  тарышы  Ш .Берсиев,  қойшы  Ж.Қуанышбаев, 
шахтер  Т.Күзембаевтар  өз  ортасының  элитасы.  Ш әкәрім   қажының 
сауалына  оралсақ,  жанкешті  еңбегімен  үлтын  өрге  сүйреген  кісі
-  «ең жақсы  адам».
55

Қазіргі Қазакстанда саяси элитаға зәрулік басым.  Бүған таң калуға 
болмайды.  Үш  ғасырға  жуық  тарихи-табиғи  дамуға  қажетсінуіміз 
бүрмаланумен  келді.  Қуыршақ  мемлексттік  басшылық  ксмел  саяси 
элита  үрпақтарын  туьшдата  алған  жоқ.  Демократия  күндылықтары 
мен  заң  күші  сақталмаған  отар  елде  элита  кауымының  бір  бөлігі  іш- 
тей  шерменділікпен  тағдыр  кешсе,  екіншісі  ертеңгі  күнінс  де,  езіне 
де  сенуден  қалып,  әр  істің  басын  шалумен  талант-қабілстін  рәсуа 
қылды.  Элитаға  лайық  орында  отырғандардан  ішкенге  -   мае,  жеген- 
ге  -   тоқ  тоғышарлар  бой  көтеретін  көрінеді.  Элитаға  зәруліктің  бір 
себебі  ғасырларға  созылған  кыспақтан  халкымыздың  мәдени-рухани 
тамырына  балта  шабылып,  ол  басқа  өркениеттің  үстанымдары  мен 
қүндылықтарын  қастерлеуге  бет  бүра  бастағанында  жатыр.  XIX,  XX 
ғасырларда Абай, Ахмет, Мағжан, Міржакып күйіне, күйзеле  сынаған 
бүл  дерттен  ілезде  сауығып  кету  оңайға  соқпайды.  Ауру  батпандап 
кіреді,  мысқалдап  шығады.  Ендеше,  елге түтқа  болады  деген  әкімдер, 
министрлер қылмыстық істері үшін жауапқа тартылып жатса, жемқор- 
лык  әлемдегі  биік  деңгейде  сақталып  отырса,  Мәжіліс  денутаттары 
мемлекеттік тіл  мүқтажын біле түра елемесе,  елде  огіпозициялық пар­
тия  басшыларын тападай талтүсте сабауға жол  берілсе,  Президентіміз 
лентасын қиған мектептің төбесі бір жыл өтпей қүлап жатса, бәрін ескі 
мен  жаңаның,  жақсылық  пен  жамандықтың  арпалысын  бастан  ксшу- 
деміз деп қабылдайық.
Бізге жаңа буын  саяси  элита қажет.  Ол әлемдік бәсекеге тотеи  бе- 
ретін  биікте  түруы  шарт.  Ең  бастысы  -   қазақ  елінің  элитасы  үлттық 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет