келбет-болмысымен,
рухани-имандық өмір
салтымен мүхиттың
арғы
жағындағы Америка мен Жапонияда да,
іргелес
Қытай мен
Ресейде
де ешкімге үқсамай түруы керек. Ал мүндай қауымның түпкілікті
калыптасуына кем дегенде екі үрпақ алмасатын уақыт кетеді деп
шамалаймыз. Сол күн кашан келер екен деп күтіп отыруға да бол
майды. Үрдіе ендігі жүріп жатыр. Оның іргелі нәтижелерін әкелетін
«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында белгіленген үзақ
мерзімді басымдықтардың сәтімен жүзеге асуын тілеп, қолдан келген-
ше септігімізді тигізгеннен басқа жол жоқ. Қазақстанның көсегесін
Қазақстанға адал үл-қыздар, түлғалар ғана көгерте алады. Сонда
дәулеті шалқыған, ынтымағы жарасқан елге айналарымыз хақ.
Үлттық саяси элитаның алашабырлығы мен баяу өсуі, қазақ
мүддссінқорғауғасылбырлығытүсініктіжай.Ж оқтанбаржасауоңайма.
Әрбір жаңа істін, басталуы қиын. Қүрамында кешегі номенклатураның
56
өкілдері жүргенін естен шығармағанымыз жөн. Бизнес элита, әскери
элита, дипломатиялық элита туралы да осыны айтуға болады. Ал
ғасырлар бойы аңсаған күнге қол жеткенде тозақтың қыл-көпіріпдсй
сынақтан бір емес бірнеше рет өткен шығармашылық және ғылыми
элитамыз олқылықтың орнын толтыра алмай жүр. Горбачевтік қайта
қүру түсында Ж.Молдағалиев, О.Сүлейменов, М.Ш аханов, С.Зиманов,
Ә.Қайдаров, С.Сартаев танытқан белсенділік пен бастамалар жалғасын
таппай, ел сыйлаған азаматтардың тас түйіндей түтасудың орнына
бірімен бірі айтысып кеткені, партияшыл болып алғаны ешкімге абы-
рой әпермеді. Шетінен өкпешіл, басынан қүс үшырғысы келмейді,
жазғанын бүлдап, Президенттен шен-шекпенді сүрап алудан тайын-
байтын әдет шығарды, ғылыми атақ-дәрежені ақшаға сатып алушылар
пайда болды. Әлбетте, бүгінгі шығармашылық және ғылыми элитаның
іліп алар жағымды үлгісі жоқ деген ойдан адамыз. Бірақ қаймақ тілеген
көңілге олардың үсынғаны әзірге қаспақ қана болып түр. Заман өткен
сайын адамдардың адамшылығы түзелуі немесе бүзылуы элитаның
үлгі-өнегесіне, ындынына, өмір салтына байлаулы дегіміз келеді.
XX
ғасыр басындағы саяси-азаттық элитаны таптық - идеоло-
гиялық келіспеушілік титықтатқан еді. Бүгінгі элитамыздың басьтн
біріктірмей отырған кесел - өркениеттік тандауының әрқилылығы.
Бірде шығыстық, бірде батыстық, бірдс еуразиялық, бірде америкалық
өркениетті үлгі түтумен келеді. Қазақ өркениетін қүруға шақырған
элита өкілдерінің даусы көп шуылдақтың айғайына көміліп қалуда.
Тандау - ел тағдырын анықтау екенін үқса керек еді.
Азаттык элитасының жаңа буынын қалыптастыруды осы бастан
кешенді жүргізген жөн. Бүл орайда екі міндсттің жауапкершілігі өте
зор. Біріншіден, жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие ісінің сапа-
сын әлемдік стандартқа сай болуын қамтамасыз етумен жүргенде оның
үлттық болмыс-мазмүнынан айрылып қалмау керек. Жеріміздің асты-
үстіндегі байлыққа қызығушылар көп. Олар өз жақтастарын студент
кезінен қолға түсіруден тартынбайды. М әселен, қазіргі Қазақстанда
көптеген ресейлік институттар мен университеттердің филиалдары
ашылды. Осылар кімдерді оқытып жатыр, қалай оқытып, нені оқытып
жүргенін бір сәтке көзден таса қылуға болмайды. Президенттік «Бола-
шақ» бағдарламасымен шет елге оқуға жіберілетін жастардың бойы-
на қазақы менталитет тән болуын қадағалаған жен. Өркениет көшіне
кеш ілескен біз сияқты мемлекеттің тағдырын бір ғана қайраткер түлға
шешіп жіберуі мүмкін. Іштен шыққан жау жаман, деген бабалар сөзі
57
бекер емес. Екіншіден, ұлттық элитаны тек қазақтардан даярлауға
тырысу дүрыс емес, пайдасынан зияны басым түсуі мүмкін. Болашақ
үлттық элитаның қатарында қазақ мүратына қалтқысыз берілген орыс
та, неміс те, кәріс те, үйғыр да - бәрі жүргенін қүптағанымыз жөн. Бір
ғана мысал: алжирлік араб Зидан француз футболын әлемге танытты
ғой. Осыдан сабақ алуымыз керек.
Үлттық элита тарихының ең жауапты кезеңі жүріп жатыр. Соңғы
үш ғасырға жуық уақыт аясында ол еркін де көсіле өсіп-өнуге қажет-
ті мүндай мүмкіншілікті бастан кешпеген еді. Енді осыны барынша
үтымды пайдалану үшін аянып қалмау керек. Бүл - үзаққа созылатын,
тіпті мәңгі аяқталмайтын үрдіс. Өйткені жер бетінде қазақ деген ха-
лық түрғанда оның элитасы үздіксіз жасақталып жатуы тиіс. Қазір-
гідей алмағайып заманда, қоғамның дамуы мейлінше жылдамдаған
түста үлттық элитаның қүрамы мен қүрылымы өзгерістерге үшырап
отыратыны сөзсіз. Ендеше үлттық элитаны даярлаудың мемлекеттік
бағдарламасы түзілетін болса, мүны да ескерген жөн. Түптеп келгенде
сл тағдырына шешуші әсері бар элитаның қалыптасуы көп міндеттің
бірі емес екені күмәнсіз. Ол азаттық элитасы дәрежесіне көтерілуі ке
рек. Осы жолы уақыт үдесінен шыға алса, езінің де, Қазақстанның да
кемел болашағына есік ашады.
Тәуелсіздік жылдарында үлттық элитаны қалыптастыру үшін
атқарылған істердің сүбелі нәтижелері Президентіміз Н.Назарбаевтың
азаттыққа 15 жыл толған күні сөйлеген сөзінде байыпталды. «Біз, -
д ед іЕ л б асы ,- экономикалық дағдарыеты ойдағыдай еңсеріп, мемле-
кеттік басқаруға деген қабілетімізді дәлелдедік, демократияның берік
негіздері мен өз дипломатиямызды қүрып, бүл ретте мәдениетіміздің
төлтумалығын және өз тарихымызға деген қүрметті сақтай білдік».
Үлттық элитаны даярлайтын білім саласындағы өзгерістер де
ауыз толтырып айтарлықтай. Егер дағдарысты 1993 жылы білімге
249
млн доллар инвестиция салынса, 2006 жылы оның көлемі 2,5
млрд доллардан асып түсті. Бүгінгі таңда әлемнің жетекші жоғары
оқу орындарында 20 мыңға жуық қазақстандық білім алуда.
¥лтты қ элитаны алда үлы істер күтіп түр.
¥Л Т ТІРЕГІ - ТІЛ
Тілдін,
пайда
болуы
адамзат
өркениетіндегі
ілгершеудің
мандайалдысы болып табылады. Тіл сөйлеудің ғана қүралы емес, ол
әркімнің және барша қауымның кемелденуіне, озық тәжірибе мен
жетістіктерді үрпақтан үрпаққа жалғастыруға, сөйтіп адамға ғана тән
жасампаздық әлеуетті үстемелей түсуге жол ашатын үлы байлық әрі
әмбебап қүдірет. Халықтың мәнді белгісі ретінде тілді ауызға алаты-
нымыз осыдан.
Тіл қоғамдағы немесе нақты мемлекеттегі саяси-идеологиялық,
экономикалық, демографиялық тағы басқа ахуалмен тығыз байланыста
еседі немесе өшеді. Жалпы, адам баласының үзына тарихына көз жібе-
ретін болсақ, әлеуметтік дамудың екі-ақ моделі бар екенін байқаймыз.
Бірі - әр халықтың табиғи-ырғақты зақдылықтар аясы мен ортасында
өмір кешіп, өзінің мемлекеттігін, шаруашылық-мәдени типін, идео-
логиясын, болмыс-бітімін диалектикалық байланыс және қатынастар
желісінде айқындауы, екіншісі - өзінен күштінің қармағына ілініп,
тәуелді, отар халық ретінде бөтеннің айтқанына коніп, айдағанына
жүруге мәжбүрленуі. Қазақ халқы осы баламаның екеуін де басынан
өткерді.
Табиғи-ырғақты даму халқымыздың тарихында үзаққа созы
ла қойған жоқ. Ол ХҮ ғасыр ортасында Қазақ хандығы шаңырақ
көтергеннен ХҮІІІ ғасыр ортасына қарай Ресей бодандығын
қабылдағанға дейін созылды.Әрине, Қазақ хандығы қүрылғанға деиін
ғі дәуірді есептен шығарып тастайық деп отырған жоқпыз. рісі
сақ,
үйсін, қаңлылардан, берісі байырғы түркілерден тар > ып
казак
этно
генезіне, тілі мен мәдениетіне іргетас қаланғаны бүпнде күмәнс з
ақиқат. Соңғы 3-4 мыңжылдықтардағы Қазақстан аумағында гене
тикалық сабақтастық бүзылмағанын антрополог
О.Ысмағүловтың
зертгеулері айғақтап отыр. Сақтардың шаруашылығы, әдет FYP” b';
өмір салты жайлы көне тарихи деректерді оқығанда салтатты көшп^
өткеніміз, киіз үйіміз бен қымызымыз еске түсетіні қүпия емес.
Орхон мүраларындағы тілдік, дүниетанымдық, сенім-нанымдық
59
мырларымыз еңбектеген баладан еңкейген қартқа да ыстык керінетіні
басы ашық құндылық.
Дегенмен тарих сахнасына «қазак», «Қазақ хандығы» атауымсн
көтерілгенге дейінгі кезеңнің жөні бір басқа да, ХҮ-ХҮІІІ ғасырлар
аясындағы кезеңнің жөні бір басқа. Дербес мемлекегтігін қүрған
халқымыз өткеннің рухани-тілдік мүрасын ксмсңгірлікпсн кәдеге
жарата отырып, өзіне ғана тән тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қа-
лыптастыра алды. Бірнеше мыңжылдықтың қазынасына сүйенгсн үш
ғасыр табиғи-ырғақты даму арқасында тілдік қоры мейлінше бай қазақ
халқына әлемдік өркениеттің бел ортасынан орын тебуге қол жеткізді.
Бүған айғақ-дәлел жеткілікті. Қазақ хандығы түсында дүниеге келген
елең-жырларды, толғауларды, шешендік сездерді былай қойғанда, XIX
ғасырда отар өлкеге келген басқа жүрт өкілдері тіліміздің әсемдігін,
байлығын, әсерлілігін қалтқысыз мойындап, қағазға жазып кетті. Лев-
шин, Янушкевич сынды гірогрессивті көңіл-күйдегі түлғалардың казак
тілі жайлы айтқандары көпшілікке жақсы мәлім. Ал патша заманында
өлкеде лауазымды қызмет атқарып, қазақтарға теріс көзқарасын жасы-
ра алмаған С.Броневскийдің өзі біздің тіл байлығымыз бен шешендік
өнерімізді мойындауы біраз жайды аңғартса керек.
Рессйлік отарлаумен қазақ тілін ығыстырудың, оның
атқара-
тын функцияларын шектеудің бірінші кезеңі басталды. Ол бірнеше
бағытпен жүзеге асырылды. Ең алдымен өлкені басқаруға қүрылған
әкімшілік мекемелерде қазақ тілі қолданыс таппады. Іс қағаздары
орыс тілінде жүргізілді, Қоғамдық-саяси терминдер мсн үғымдардын
Абай өлеңдерінде, қара сөздерінде, тіпті XX ғасыр басындағы Алаш
зиялыларының еңбектерінде орысша мол кездееетіні осыдан. «Воен
ный қызмет іздеме, оқалы киім киюге», «... Губернатордың назначени-
ясымен болады десе, бүл халыққа бек пайдалы болар еді», «Оған доз-
нание-тергеу шығарады», «Балам закон білді деп, қуанар ата-анасы»,
«Кәтелешке көбейді, сөгіс естіп тозды ажар», «Бүзықтық шығарған
адамдар өз болысының приговорымен немесе осы положения бойын-
ша билердің билігімен ақшаға яки тиісті абақтыға жазаланады», деген
жолдар Абай заманындағы кеңселік қазақ тілінің мүшкіл халін сурет-
теп отырған жоқ па.
Өлкенің байлығын солқылдата соруға ашылған өнеркәсіп орында-
рында, фабрик-зауыттарда, теміржолда, шахта-рудниктерде қазақ тілі
түгілі, қазақ баласына менсініп қараған жан болмады. ¥лтты қ кемсіту
экономикалық қанаудың сорақы түрлерін қолданумен толыға түсті.
60
Осылайша, қазақ тілі саяси-экономикалық өмірден ығыстырылған
соң, қазақ тілінде оқытатын оқу орындарының жағдайы ауырлаған
үстіне ауырлай берді. Ол туралы А.Байтүрсынов 1913 жылы былай
жазған еді: «Қазақша оқу бір белгілі тәртіпке келіп жеткен жоқ, кем-
шілігі есепсіз көп. Қазақша оқу әлі кітаптары жаңа ғана көрініп келеді,
тәртіппен оқытарлық мүғалімдері аз, оқу програмы жоқ, белгілі оқу
жылы жоқ, салған мектептер жок, мүғалімдерге арналған айлық ақы
жоқ, қазақша оқуды аймаққа бірдей жеткілікті етерлік жасалған өрнек
жоқ, оқыту ғылымын үйрететін даримүғаллимин (педучилище - Х.Ә.)
жоқ». Мектептер мен медреседе оқығандарға мемлекеттік сүраныс та
жоққа тән деңгейде қалды. Аралас немесе таза орыс тілді оку орнын
бітіргендер ғана ресми қызметке тартыла алды.
Тілдің иесі — халық. Түтас халықты өз тілінен айыру тарихта
болған.
Қазақстанды толық отарлауға Ресей империясы үшін 130
жыл қажет болды, үздіксіз қарсылыққа кездесті, яғни патшалық билік
қазақ тілін аяусыз дискриминацияға үшыратқанмен оның тамырына
балта шабуға қолы босамады. Саны әлденеше миллион этностың тілін
жою мүмкін дс емес шығар. Тіпті казактардың қоныстануы, жерді алу,
қалалардың бой көтеруі, кара шекпенділерді Еуразияның сайын дала-
сына мың-мындап тоғыту дәстүрлі қоғамның іргесін шайқалтып, ме-
шел қалуына әкелгенмен урбанизациядан алшақ түрған әрі рулық-тай-
палық, қауымдық қарым-қатынастардан қол үзбеген қазақ халқьтаың
тілдік түтастығын бүза алмады.
Алайда қазақ тілінің тағдырына төнген қауіп-қатерді тереңінен
үғынғандар Алаш зиялылары еді. Олар мемлекеттік билік қолға ти-
меген заманда-ақ тығырықтан шығудың нақты жолдарын көрсете
алды. Бүл тезистің ақиқатына илану үшін «Алаш» партиясы
бағдарламасының жобасына көз жүгіртсек жетіп жатыр. Ресейдің де-
мократиялық, федеративті республика болуын қалаған алаштықтар
оған кірген әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір, әркайсысы
өз тізгінін алып жүреді деген позицияда түрды. Жергілікті бостан-
Дық мәнін де өз тізгінінің өзінде болуынан көрді. «Реті келсе, — деп
көрсетілген бағдарлама жобасында, - қазақ автономиясы сыбайлас
жүрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына
жеке болу». Өз тізгінін өзі алып жүру үлт тілінің қажетін толық атқару
екенін бағдарлама жобасының «Билік һәм сот», «Ғылым-білім үйрету»
бөлімдері дәйектейді. Мәселен, казақ көп жерде сот тілі қазақ тілі о
латыны қарастырылған. Ал зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен
61
қаралып, присяжныйлар қазақтан алынатын болды. Осынау талаптар
өмірге енгенде демократиялы, құқықты мемлекет күруға септігін тигі-
зері сөзсіз еді.
Алаш зиялыларының білім саласындағы мақсаттары отарлаудың
зорлық-зомбылығын аз көрмеген қазақ тілінің беделін көтеріп қана
қоймай, қоғамдағы жетекші мәдени-рухани ролін аскақтатуды
көздеді. Бастауыш мектептерде алғашқы үш класты ана тілінде оқу
күн тәртібінде қойылды. Егер бастауыш мектепті тәмәмдаған баланың
жасы 10-11-ге толатынын ескерсек, бүл үрпақ ана тілін ешқашан
үмытпайтынын үғыну қиын емес. Кезінде мүны А.Байтүрсынов ке-
шенді дәлелдеп шыққан болатын. 1914 жылы «Қазак» газетінің бетін-
де жарияланған «Бастауыш мектеп» атты мақаласында ол былайша ой
толғады: «Бастауыш мектепте кілең қазақ тілінде үйретілетін нәрселер:
оқу, жазу, дін, үлт тілі, үлт тарихы, есеп, жағрапия, шаруа-кәсіп, жа-
ратылыс жайы. Бастауыш мектептің кілең орысша оқитын екі жылын-
да үйретілетін білім гимназияның яки реальный мектептердің төменгі
кластарына кірерлік болу тиіс. Бастауыш мектептер осындай болса,
бүлардан әрі мүсылманша я орысша оқыту үшін қазақ балаларының
бастауыш мектепте үйренген білімі негіз болуға жарайды».
Орта және кәсіби білім ісінде де қазақ тіліне басымдық беру жоба
авторларының қаперінен шықпады: «қазақ өз тілінде орта мектеп, уни
верситет ашу, оқу жолы өз алды автономия түрінде болу». Өкінішке
орай, Алаш бағдарламасы қилы-қилы себептермен қағаз жүзінде қал-
ды. Тәуелсіздіктің арқасында ғана сол үлы идеяларды бүгінгі талап ка-
жетіне сай қайта көтеруге мүмкіндік туды.
Иә, отарлау саясатының қазақ тіліне әкелген кесапаты аз емес.
Бірақ үлт тіліне нағыз тозақ кеңестік тоталитарлық жүйемен келді.
1921, 1931-1933 жылғы аштықтардан, 1928 жылғы кәмпескелеу және
1929 жылы басталған күштеп үжымдастырудан, 1937-1938 жылдарғы
қуғын-сүргіннен, 1938-1945 жылдарғы қанды қырғын соғыстардан ең
аз дегенде 3 млн қазақ баласыньщ өмірі қиылды, үлт зиялыларының
қаймағы жойылды, қазақтардың өмір салты, дүниетанымы, әлеуметтік
қүрылымы түбегейлі өзгеріске үшырады. Тап осындай демографиялық
апат халқымыздың басынан «Ақтабан шүбырынды, алқакөл сүлама»
жылдары да өтпеген шығар. 1897 жылғы санақ бойынша өлкедегі 3,4
млн. қазақ өсудің орнына кеміп, 1939 жылы 2,3 млн-ға зорға жетті,
жарты ғасырға жетер-жетпес уақыт ішінде республика аумағындағы
үлесі 82 пайыздан 38 пайызға қүлдырады. Шынтуайтында Қазақстан
62
со ц и а л и с т эксперименттер айлағына айналды. Халық шаруашылығын
индустриалаудың алыптары осында салынды, атом қаруын сынау осывда
жүзеге асырылды, тың игеру негізінен қазақ жерінің есебінен шешілді,
экологиялық апаттың кермек дәмін алғаш татқандар да қазақстандық-
тар. Қазақстан қоғамын социалистік принциптер үстанымына сай қайта
қүрған большевиктер жергілікті үлт мүддесімен ешбір санасқан емес. ¥лт
мәселесінің білгірі саналған Сталин 20-жылдардың аяғына қарай шексіз
билікті қолына алған соң аз халықтардың тілін де, өзін де жойып жіберетін
қатыгездіктерге шімірікпестен бара берді. Қиыр Шығыстағы кәрістердің,
Волга бойындағы немістердің, Солтүстік Кавказ халықтарының, азды-
көптітүрік-месхеттердің,
полякгардың,грекгердіңзорлықпен
Қазақстанға
депортациялануы сталиндік жүгенсіздіктің нәтижесі. Бүған кейінде хру
щевтік тың игеру науқаны түсындағы көші-қон үрдісі қосылды. Демог
раф М.Тәтімовтың есептеуі бойынша, кеңестік жылдары Қазақстанга
әкелінген немесе стихиялы миграциямен келгендер 7 млн адамнан кем
емес екен. Осылайша қазақтар Қазақстандағы үлес салмағы басым халық
тан орыстардан кейінгі орынға ығыстырылды.
Сталин түсындағы социалистік модернизациялау казақ даласын
экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, саяси, мәдени жаңа кел
бетке әкелумен қатар осылардың әрқайсында орыс тілінің үстемдігін
орнатуға жеткізді. Бүл объективті мазмүндағы орыстандыру саяеаты
еді. Оның мәні орыстан басқа халықтардың, яғни қазақтардың да,
орыс тілі мен мәдениетін игере отырып, өзінің үлттық
күндылықтарын
сақтай, қастерлей алатын менталитетте қалуына саяды. О ъективті
орыстандыру алысты көз деген жымысқы саясат пен идеол огияны ң
ғана еді. Хрущевтік
«жылымыққа»
қарамастан тын игеру
түсында
демографиялық қысым салмағына шыдамаған казақ қоғамы су
ъ
тивті мазмүндағы орыстану үрдісіне үшырады. Басқаша аитқан ,
төлқүжаттарында қазақ екендігі көрсетілген, бірақ өзін мінез KYJI^ -
мәдени-этикалық үстанымы, сөйлейтін тілі
жағынан
орыстан аж
та алмайтын үрпақ қалыптасты. Қазақ тілін қажетсін еитш, ЬІСТЬІ
күйіп, суғына тоңбайтын, ана тілінде
оқу-жазудан мак^ Ы^
қауымының қатары өсе түсті. Патшалықтың екі ғасырға жуық к
күні туды. А.Байтүрсыновтың XX ғасыр басында көрегендік
тқан: «Россия қол астында түрлі тілді, түрлі дінді, түрлі жа3
3_
түтынып отырған жүртгар бар. Солардың бәрі тшШ’.
ягл пеген
уын орысқа аударса, хүкіметке онан артық унамды іс о
Қаупі ақиқатқа айнала бастады.
с".
Түптеп келгенде, Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізген тіл са-
ясаты көп жағдайда бүрынғы патша үкіметі үстанған үлт саясатының
заңды жалғасы іспетті әрі оның қағидаларына сәйкес келді. Халық
ағарту комиссариатының аз үлттар мектептері туралы 1918 жылғы
қазанның 31-індегі қаулысы, РКП(б)-ның VIII съезінің ана тілінде
°қш'у арқылы біртүтас еңбек мектебін қүру туралы оңды бастамала-
ры’.
•
^ . съезінің (1921 жыл) елдің барлық халықтары үшін ана
тщщ сот, әкімшілік, шаруашылық, мәдениет және т.б. салаларға енгізу
міндетін артқан үлттық саясат туралы резолюциясы өз мағынасында
лық жүзеге аспай, қаказ жүзінде қалды. ¥ лттар істері жөніндегі ха-
^ комисаРы олған И.В.Сталин: Бір ғана үлттық тепе-теңдікпен
ня т і ! МСИ’ ҮЛТТЬІҚ тепе-теңдіктен үлтардьщ нақты теңелу шаралары-
яйнип ^ КС^еК деген т¥жырымынан Бас хатшы лауазымына жеткенде
ә л р у м ^ ЫҒа КеЛД1 де’ кеңсс мемлекетіндегі бір-ақ тілдің - орыс тілінің
юына ж о л аш ы И ЖӘН6 шаРУашылыҚ салаларында кеңінен қанат жа-
ды Pecnvfim311^ қазақ тш' еркін де дербес дамуы қүқығынан айрыл-
- әлем мә
Ка ХЗЛҚЫ ~ МСЙЛІ Қазақ> УкРаин. өзбек, үйғыр және т.б.
болды. Тарихшы ғадым Н Ж бИШТеРІН °РЫС ТІЛІ арқылы ме«геРУге ™ іс
талық Комитетінің 1938 ж ы л ғ ы ^ Г ^ баСЫП аЙТҚаНДаЙ’ ВКП(б) ° Р'
қуру тупагтыи в-а
_ шғы 24 қаңтардағы «Ұл г мектсптерш каита
2 и УГ
ЬШ б¥ЛЖЫТПаЙ
°РындаУ
барысында бір жыл һшн-
б о л ^
"
тә ж ік’ тү р ік ’ ү й ғы р > өзбек>
^
татар’
келген мектептер ж абьш ы Г я
еВреИ’ Күрд тілДсРшДе «Қытып
тері болып қайта ашылды Ап г Г ^ ° РЫС’ ШІнара °Р ы<>қазақ мектеп-
зекте европалық сонын in ■
Қ ӘЛШ мәдениеті ретінде бірінші ке-
төл мәдениет салт-лагпт
° РЫС мәдениеті түсіндірілді. Ұлттык
Де ашық, кейде бүпКе м е З ЛеР’ ШЫҒЬІСТЫҚ желілер мен сарындар кей-
¥лттық намыс пен са т аға^ т а611 ^
^
РеТІВДе ^ а с т ы р ы л д ы .
сияқты біртуап
tvttps
п
мызық болған Ахмет, Әлихан, Міржақып
бетшен ™ ы п , кеңес үкіметініц, про-
жазуға, айтуға тиым сальтнпУЛаРЫ ретшде насихатталды, олар туралы
ұ лы 0 таң
сиіьінды.
рафиялық ахуал орыс**31* Ке™ г! кезевде республикамыздағы демог-
тілінің қүлдырауы б ел е н Т л ^ Ө*Шдершің пайдасына шешіліп, қазак
міндеті қойылғансьщ ол
■
зак ТІЛ*Н орыс тілі деңгейіне көтеру
Ды. Осы саясат бапыг
<<Т1ЛД1К қҮРылыс» деген атпен жүргізілген бол-
64
3 0рта және жоғары мектептер жүйесі түзілді,
ұлттық интеллигенция қалыптасып, мәдени салада айтулы жетістіктер
байқалды, қазақ тіліне саяси әдебиеттер, европалық жазушылар мен
ақындар шығармалары аударылды. Мұның бәрі КСРО халықтарын
орыс ұлтының айналасына шоғырландыру, орыстандыру мақсатында
жүргізілгендіктен астарында басқа үлттарды бүрынғы дәстүрлерінен
айыру, бетке үстар қайраткерлерін қуғын-сүргінге үшырату сияқты
келеңсіздіктер жатты.
Әкімшіл-әміршіл жүйе жетпіс жыл бойы үлттық санамызды жан-
шып, ғылыми-шығармашылық бостандықтың тоңы жібімегендіктен
қоғамтанушы ғалымдар қазақ тілінің ішкі қүрылысын зерттеумен шек-
телді де, оның қоғамдық мәні, өмірде алар орны, жалпы Қазақстандағы
тіл саясатының нақты жағдайы туралы үндемей келді. Бүл мәселеге
ешкім батыл бара алмады. Қалам тарта қалғанның өзінде перденің
бетін сипалап қана өтті, сөйтіп тарихи шындық ашылмады. Социа
л и с т а қүрылыс дәуірінде тіл саясатында жіберілген кемшіліктердің,
оның зардаптарының басты қайнарбүлағы - коммунистік режим, оның
үлт саясатында үстанған үстем идеологиясы, әкімшілік басқару жүйесі
десек, сол жылдардағы үгіт-насихат жүмысы да осы жүйенің талабына
қызмет етті. Қазір айтылған жағдаяттардың бәрі белгілі болғанымен өз
уақытында шындықты ашуға батылымыз жетпей, өзіміз қол астында
тіршілік еткен жүйені қолпаштаумен келдік.
Ресми қүжаттарда сөзсіз мақүлдағанмен қазақ тілі нақты өмірде
қорғансыз қала берді, оны насихатау мен орнықтыру ісі «үлтшылдық»,
«сатқындық», «халықтар достығына қастандық» деген желеулермен
айыпталды. «Кеңес халықтарының үлы көсемі» Сталиннің үлттарды
үлттық тегі мен рухани қазыналарынан айырып, оларды «біртүтас
кеңес халқына» айналдыру саясаты кесірінен Кеңес Одағында 98 тіл
біржолата жер бетінен қүрып, қазақ тілі сияқты үлт тілдері жойылудың
аз-ақ алдында қалды.
Сталиннің Кеңес Одағын мекендеген үлттар мен олардың тілдері
туралы эр жылдары айтқан «аса бағалы ғылыми түжырымдамасы» мен
оны жүзеге асырудағы шүғыл шаралар тіл саясатына орасан нүсқан
келтірді. «Үлттарды жақындастыру мен біріктіру» түжырымдамасы
Сталиннің «үлт тілдері бара-бара біртүтас аймақтық тілге айналады»
деген пікір-сымағына негізделіп, практикалық іс-шаралар осы мақ-
сатқа орай үйымдастырылды. ¥лтты қ қүрылымдар табиғи тегі мен
түп-тамырынан аластатылып, сол «біртүтас кеңес халқы» деген жасан-
ды топқа шоғырландырылды.
5-2144
65
Қазақ тіліне қарсы үлкен саяси науқан Қазақстан КП(б) Орталық
Комитетінің 1947 жылғы қаңтар айының 27-ндегі «Қазақ КСР Ғылым
академиясының тіл және әдебиет институтының жүмысындағы са
яси өрескел қателер туралы» қаулысынан бастау алды. Бүл партия-
лык қүжат қазақ тіліне қарсы жаңа бір «идеологиялық шабуылдың»
өзегіне айналып, қазақ зиялы қауымы екінші буынының қуғын-
сүргінге үшырауына себеп болды. Қаулыда тілге байланысты атап
көрсетілгендей: «шын мәнінде ¥ л ы Октябрь революциясынан
кейін туған және Қазақ ССР өнеркәсібінің, ауылшаруашылығының,
мәдениетінің өсуімен бірге үнемі байытылып келген қазіргі қазақ
әдебиет тілінің мәселелерін талдау женінде де саяси елеулі қателер
аз емес. Кейбір тіл мамандары әлі де болса, іс жүзінде жалпы интер-
националдық терминдерді, оның ішінде орыс терминдерін қазіргі ка
зак тіліне енгізуге қарсы багытталған теріс көзқараста болып келді.
Мүның салдарынан бірсыпыра әлеуметтік-экономикалық терминдер
қазақ тіліне жалпы жүрт таныған мағынасынан өрескел бүрмаланып
аударылған (Сауранбаевтьщ, Кеңесбаевтың, Балақаевтың жалпы ре-
дакциясымен шыққан «Орысша-қазақша сөздік») деп белгілі тіл зерт-
теуші қазақ ғалымдарына «түркішілдік бағытты үстағаны үшін» айып
тағылды.
Осы қаулыны көпшілікке түсіндіру мақсатында Алматыда ғылым,
әдебиет және өнер қызметкерлерінің қалалық жиналысы өткізілді,
онда ВКП(б) Орталық Комитетінің идеология жүмысы жөніндегі қа-
улыларын, Қазақстан КП(б) Орталық Комитетінің жоғарыда аталған
қаулысын жүзеге асыру міндеттері туралы Қазақстан КП(б) Орта-
лық Комитетінің бірініші хатшысы Ж.Шаяхметов баяндама жасады.
Тіл және әдебиет институтының еңбектерін «большевиктік рухқа сай
келмейтін ғылымға жат дүниелер» ретінде сынға алды. Жиналыста
жарыссөзде сөйлеген Қазақстан КП(б) Орталық Комитеті жанындағы
Маркс-Энгельс-Ленин институтының филиалы директорының орын-
басары Қ.Шәріпов қазақ тілін зерттеушілерге жөн-жосықсыз шүйлікті:
«Қазіргі қазақ тілі - әдеби, ғылыми, публицистикалық және мемлекет-
тік тілі тек ¥лы Октябрь революциясынан кейін қүрылды. Институттын
тіл зерттеушілері пантюркизмнің батпағына батып, қазіргі қазақ тілін
жете зерттемеді, сондықтан институт қазіргі қазақ тілін зерттеу жо-
лында бірде -б ір елеулі шығарма бере алмады».
Қаулыда сыналған қазақ тілін зерттеу ісіндегі «елеулі кемшілік-
тер» қысқа мерзім ішінде «дүрыс жолға» қойылды. Тіл және әдебиет
Достарыңызбен бөлісу: |