Иман – жүрек айнасы Ақылбек Шаяхметтің



Pdf көрінісі
бет24/26
Дата26.01.2017
өлшемі2,62 Mb.
#2738
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Тіліммен күнім көріп,

Біліммен нəсіп теріп,

Тапқанд ы бөліп беріп,

От басын аш қылмасам,

Дымбілмес над анд ард ың,

Қомағай сараңд ард ың,

Ақылы аз ад амд ард ың

Ауызын аштырмасам,

Күшеніп, тасқанд арға,

Шіреніп, асқанд арға,


Намыстан бо с қалғанға

Кеуд емд і бастырмасам,

Несіне уайым жеймін?

Құд ая, тəуба д еймін!

* * *

Алланың атын еске алмай күнде жүрмеймін,



Тірлікте, бірақ, шаң басып, жиі кірлеймін.

Абыржып жүріп, сабырым кейде қашқанда,

Аузыма неге ойбай келеді, білмеймін...

Ойбайды жұртым ойланып барып айта ма,

Айтқызған оны ішіне кірген шайтан ба?!

Ауыздан шыққан əр сөзге абай болмасаң,

Айтылған сөзің қайтадан кері қайтар ма?!

Ұмытпай жүрсе күндерін шаршап-шалдыққан,

Құтылар пенде жалғанда талай қорлықтан.

Қамығып жүрсең, шайтанның жүзі жадырар,

Ойбайды қой да, Аллаға сый ын сондықтан.

* * *


Ақынмын д еп жүргенд е сөзге жетік,

Көктем өтіп, қалыпты күз д е жетіп.

Зағиптар д а қимайд ы тіршілікті,

Көрінбейтін болса д а көзге д е түк.

Желд ей ұйтқып кірген сөз саңылауға,

Естілуі мүмкін бе саңырауға?!

Өз ойымен əлек жан мəн бермейд і

Қаңғыр-күңгір соғылған қоңырауға.

Кеткеніңше ад ам боп санатқа еніп,

Өмір – ұстаз, тұратын сабақ беріп.

Сыбырлаған сөзд і д е естид і Алла,

Айқайлама сонд ықтан тамақ керіп.

* * *

Кернеп тұрған кеудені жыр-толғамым,



Жұртқа жетсе кітап боп – мүлкі Алланың.

Көрген кім бар, білмеймін, қансонарда

Жетекектегі тазының түлкі алғанын.

Тамыры терең секілді алып шынар,

Ақиқат жыр тасты да жарып шығар.

Асыранды ит қожаға құрақ ұшса,

Байлаудағы ит қабаған болып шығар.

Тартып жатса кандендер балағынан,

Жабықпай ма онсыз да жаралы жан.

Нала мен мұң кетпейді саналыдан,

Үзілген гүл қурайды сабағынан.

Бірде кедей, бірде орта, бірде баймын,



Ел-жұртыммен бірге өскен ортақ қайғым.

Мылжың сөзін естісем, жүйкем тозып,

Жанымды да қоятын жер таппаймын...

* * *


Жер басқан соң күнəм таудай, кінəм көп,

Сенім-отқа су құяды күмəн кеп.

Бетке бассам жамандардың қылығын,

Тілді тістеп, сабыр қылар шыдам жоқ.

Ел отырса тағдырына алаң боп,

Қысылғанда үміт артса маған көп.

Қара бұлтты аспан астын торлаған

Серпілтетін, серги алар шамам жоқ.

Маңайымда адалдан да арам көп,

Аяқ бассам, тигендейін табанға от.

Шер-шеменді көкірегімді толтырған

Түсінетін, түсіретін адам жоқ.

* * *

Арад а жоқ біраз кісі сүйінд ірген, сүйгізген,



Демеу болған, тіреу болған, көкке төбе тигізген.

Алғысым көп айтатұғын, Алла орнын толтырсын,

Алқын-жұлқын тіршілікте кемд еу болса сый бізд ен.

Арад а жоқ біраз кісі сүрінд ірген, құлатқан,

Көзбен атқан, жанға батқан сөзбен атқан, жылатқан.

Қызғаныштың қызыл итін асыраған жанд арға

Кеш д есе егер, кешірім қыл, кеңшілік қыл, Жаратқан!

Күні бітіп кеуд е керген, астамсынған, лепірген,

Бұл фəнид ен аттанард а кезі болса өкінген,

Бəлкім, жүгі жеңілд енер, келер болса тəубаға,

Өтер кезд е қалт-құлт етіп Сират д еген көпірд ен.

Періштелер қақты қолын тас атқанның тасад ан,

Шүкір, шүкір!!!

Есен-саумын, бауыр бүтін, бас аман.

Тек жақсылық ойлап жүрген ад амд арға ақкөңіл

Екі д үния жақсылығын бере көрші, Жасаған!



Шүкірлік

Ұшыраған ем қонбас кеселіне,

Сырқат кісі таңылған төсегіне,

Қанша таңд ы қарсы алд ы, санап соны,

Ырза болд ы өзінің есебіне.

Бəлкім, сана сонд айд а сілкінед і,

Мұнд ай күнд і басына кім тілед і?!

Дерті жанға батса д а шүкір қылд ы:

«Бұд ан жаман болуы мүмкін ед і...»

Мал қырылып, қалғанд а егін шықпай,

Аш ад амд ар мойыны қылд ырықтай


Масақ теріп алқаптан, аман қалд ы,

Тірлік етіп жұмылған жұд ырықтай.

Бəлкім, сана сонд айд а сілкінед і,

Мұнд ай күнд і басына кім тілед і?!

Еті ілініп тұрған жан шүкір қылд ы:

«Бұд ан жаман болуы мүмкін ед і...»

Қыстың күні қаңтард а, тайғанақта

Соқтығысты көліктер ойд а жоқта.

Жолаушы боп көлікте келе жатқан,

Сол бір сəтте түсіпті ой қонаққа.

Бəлкім, сана сонд айд а сілкінед і,

Мұнд ай күнд і басына кім тілед і?!

Аяқ-қолы сынған жан шүкір қылд ы:

«Бұд ан жаман болуы мүмкін ед і...»

Сүрінгенге күлмесін құлағаның,

Рақатты көресің шыд ағаның.

Қиналсаң д а шүкір қыл бұл жалғанд а,

Бар өмірің қолыңд а Бір Алланың...

* * *

Ия, Алла!



Жүргенд ер бар құрмет ізд еп, аңсап төр,

Жұмаққа д а байлығымен барсақ д ер.

Сұр қоғамға ақыл айтар имам бер,

Уағыз айтып, бұл істерін жаңсақ д ер.

Малы барға мейірім мен ынсап бер,

Аналарға сəби жатар құрсақ бер.

Қаптап кеткен қасіреттің жолын кес,

Зұлымд ы д а бір ізгі іске жұмсап көр!

Шешенд ерге алмас қылыш тіл-жақ бер,

Арулард ың жүрегіне гүл сап бер,

Малсақтарға төрт түліктен төл сап бер,

Жетпегенге жаға менен жең сап бер.

Шаруақорға кетпен менен күрек бер,

Əйеліне келі менен келсап бер.

Шабанд озға қисаймайтын ер сап бер,

Арғымақтың астауына жем сап бер.

Санасынд а саңылауы бар болса,

Қанша сабыр қылса-д ағы, қор болса,

Пенд елерге ад аспайтын жол сап бер!

Сырқаттарға мойынд аған Алланы,

Бұл фəнид ен кетер сəтте, д ем сап бер.

Ад амд арға нəпақасын жеп жүрген,

Тілек тілеп, мешіттерге кеп жүрген,

Арманд арын орынд ауға мұрсат бер!

* * *


Кемед егі жолаушы жаны бірге,

Қорыққанд а түсед і əбігерге.

Теңізд егі балыққа жем болмасса,

Аман қалса, кетед і кеңіп ірге.

Құзғынд ар д а аңд ыған өлексені,

Талап жемей бір бірін, семірер ме?!

Биікте ұшқан құсың д а өлгеннен соң,

Ит пен құсқа егер д е жем болмаса,

Көмілед і түбінд е тəні жерге.

Аспанға ұшып, ғарышқа кете алмайсың,

Суға сүңгіп, түбіне жете алмайсың,

Əліңд і біл, ад амзат, соны көр д е...

* * *

Көріп жүрген өмірд е күнд е менің,



Жақсы ед і ғой көп жайд ы білмегенім.

Көрмегенім жөн ед і көзім жетіп,

Көре алмастың қызғанып, күнд егенін.

Жалған, сөйлеп, өтірік күліп тұрған,

Пенд елер бар өмірд і былықтырған.

Бəлкім, солар сенімд і жұқартса д а,

Азып-тозған жүйкемд і шынықтырған.

Жала жауып, тиісіп, тынышымд ы алған,

Солар шығар өмірге құлшынд ырған.

Кұйінд іріп, сод ан соң сүйінд ірген,

Сонымен д е сүйікті тылсым жалған.

* * *


Ақша болса ад амд ард ың жақыны,

Бұл өмірд е қызмет көп ақылы.

Сатылмайтын нəрсе бар ма, тегінд е,

Жетпей қойд ы көпшіліктің ақылы.

Жан жад ырар білгенен соң жұрт емін,

Аманд асу – қасиет қой сутегін.

Сенім бард а ұзақ уақыт сөнбейд і

Үміт оты ұшынд ағы білтенің.

Құбылмалы, айнымалы өмірд е

Бес парыз д а соқпайд ы əсте жеңілге.

Намаз, Зекет, Ораза мен Қажылық,

Ойлап тұрсаң, соның бəрі тегін бе?!

Сауд агерд ің қабақтары қатулы,

Базард ағы сатып тұрған заты улы.

Көрген қызық, алған құрмет, ішкен ас,

Қызмет те – бəрі-бəрі сатулы.

Салт-д əстүр д еп есептелген əр ұлтта,

Пенд елер көп басын сұққан қамытқа.

Күліп-ойнап, өсек айтып, елд і алд ап,


Сатып алар жолд аманы тамұққа.

Жайнап тұрса тіршіліктің бақшасы,

Жесе жесін, ішіне оның жақса асы,

Аярлард ы шаян болып шақпай ма,

Жалғанд ағы жұмсап жүрген ақшасы.

Жəннатқа ад ам кіред і екен тегін д еп,

Бұл фəнид е кеуд е керіп, елірме.

Құмарланба əр нəрсеге арзан д еп,

Алға қойған мақсатыңнан шегінбе!

«Теңін тапса – тегін бер!» – д еп қазағым

Тауып айтқан көріп тірлік азабын.

Тегін емес көрер қызық – жұмағың,

Тегін емес көрер құқай – тозағың.

Татымайд ы жілігі д еп арзанның,

Кейд е, ағайын, арзан сөзд і малд анд ың.

Мұсылманның жұмақта өткен бір күні

Болад ы екен мың күнінд ей жалғанның.

Тегін, арзан, қымбаттың д а бағасы,

Байқап тұрсаң – қас пен көзд ің арасы.

Алыс емес екі арасы білгенге,

Тамұқ пенен жұмағың д а, шамасы.

* * *


Жерд е, мұзд а, қард а,

Көкте, суд а, тауд а

Құламад ым орға,

Соқтықпад ым торға,

Түскен жоқпын ауға.

Тəуба!


Сенім арттым д о сқа,

Басымд ы ұрд ым тасқа,

Жол ізд емей басқа,

Сұрамад ым сауға,

Берілмед ім жауға.

Тəуба!


Күткен бақ па, сор ма?!

Күн көрмед ім зорға.

Қаймықпад ым қастан,

Сөз асырмай бастан,

Жеңіп шықтым д ауд а.

Тəуба!


Болғанд а д а алд а,

Қалғанд а д а соңд а,

Қад ірімд і білд ім,

Ад ал өмір сүрд ім,

Бел ортад а жүрмін.


Тəуба!

* * *


Тілім келд і кəлимаға,

Сөз таралд ы жарияға.

Балаларым қанат қақты

Балапанд ай əр ұяд а.

Күн төксе д е көктен нұрын,

Сыйласа д а көктем гүлін,

Қарыз болып мойнымд а тұр

Оразасыз өткен жылым.

Айтылып та, жазылып та,

Жетіп жатты сөзім жұртқа.

Тапқан табыс бола тұра,

Барған жоқпын қажылыққа.

Алла!

Мені елегенің,



Талантыммен ерек ед ім.

Дүние қуд ым, кітап жид ым,

Бірақ, зекет төлемед ім.

Шын көңілд ен жазар жырым,

Тура сөйлеп, таза жүрмін.

Кешір,Алла!

Бірақ, қанша

Намазымд ы қаза қылд ым.

Елд ен болд ым көш ілгері,

Есті жид ым, есірмед ім.

Күнəм тауд ай, тастан ауыр,

Кешір,Алла!

Кешір мені!

.

* * *



Күнің д е санаулы,

Түнің д е санаулы.

Қойсаңшы, ей, пенд ем,

Уақытты тонауд ы.

Болсаң д а қапалы,

Шықса д а атағың,

Болмасын д еп тіле

Шайтанның шатағы.

Болсаң д а жаралы,

Ой түйгін шамалы.

Жүзеге асад ы

Алланың амалы.

Көл-көсір пейілің

Тірегі үйіңнің.



Ешқашан ұмытпа

Алланың мейірін.

Көтер д еп еңсені,

Жұбатам мен сені.

Алланы еске алсаң,

Есіркер ол сені.

* * *

Түн ортасы.



Шам жанып тұр көп үйд е,

Ораза ұстап жүргенд ер ғой, əрине!

Əлд е ана ма түн ұйқысын төрт бөліп,

Ана сүтін беріп жатқан сəбиге?!

Ақын ба əлд е толқытқанд а ой-арман,

Түн ішінд е шырт ұйқыд ан оянған.

Ұйқы келмей, төсегінд е д өңбекшіп,

Қария ма таяғына таянған?!

Төңірегім тас қараңғы.

Түн іші...

Жыпырлаған жұлд ыз – көктің ыд ысы.

Шүкір қылып алд ымд ағы асыма,

Ауызымд ы бекіттім.

Бұл д а ад амның ырысы.

* * *

Ата-бабам Əлімсақтан мұсылман,



Қағып-сілкіп, күнге жайып киімін,

Қызмет қылып аяғының ұшынан,

Дəрет алып, таза ұстаған өз үйін.

Жүргенд ер бар қымыз ішіп, масайрап,

Бəлкім, ол д а албырт шақтың желігі.

Жатса-д ағы сең қозғалып, тас аунап,

Шайқалмаған қазағымның сенімі.

Мəз болушы ем тиіп басым төбеге,

Үлкенд ерд ің қолд арына су құйып.

Олар айтқан сөзд ің бəрі өнеге,

Олар шыққан асқар шыңд ар тым биік.

Азғырынд ы Əзəзілд ен қорғаған

Əйелд ерд ің басынд ағы жаулығы.

Ақсақалд ар көрсететін жол маған,

Бата беріп, тілеп д еннің саулығын.

Берген бата – Фатиқаның сүресі,

Жастайынан оқып өскен Құранд ы.

Ад амд ар мен шайтанд ард ың күресі

Өткен жерд е бола білгін шыд амд ы.

Киіз үй д е – күмбезінд ей мешіттің,

Еңкейіп кір тағзым етіп Аллаға.


Таң атард а азан үнін есіттің,

Ерте тұр д а, жүзіңд і бұр құбылаға.



Рахмет

Əр күн сайын айтылатын аты көп,

Айтқан кезд е сұрамайтын ақы көп,

Ақы алмайтын қанша қымбат болса д а,

Ең арзан сөз, ең қымбат сөз – Рахмет.

Оны естіген елд ің жүзі нұрланар,

Сол бір сөзбен биіктеген тұлғалар.

Жақсылығын көре тұра сол сөзд і

Айта алмасаң, онд а өзіңе сын болар.

Осы сөзбен жайнап тұрар жан-жағың,

Өлшеу қиын асыл сөзд ің салмағын.

Рахмет – шын пейілі пенд енің,

Рахмет – рахым нұры Алланың.

Жас алпыстан асқан соң...

Жас алпыстан асқан соң,

Жетпіске қадам басқан соң,

Алды-артыңды абайлап,

Жан-жағыңа қарайлап,

Жас күніңдей тұрмайды

Тамырыңда қан ойнап.

Жасты көрсең, қуанып,

Сəлем берсе, құп алып,

Күндер қалар шығатын

Жанжал болса, сұранып.

Істің жойып қатасын,

Астың беріп батасын,

Үйге келіп дем алып,

Тымырайып жатасың.

Кешу сұрап Алладан,

Жалынбаған бар ма адам?!

Сусып кеткен көп күндер,

Түскен алтын тиындай

Түбі тесік дорбадан.

Денсаулықтың қадірін,

Адамдықтың қалыбын

Түсінген күн келгенде,

Соғып тұрса болғаны

Алпыс екі тамырың.

* * *


Ой түйе алсаң, назар салып, бақылап,

Адам тəні толған су мен топырақ.

Жылы судың мұз болуы оп-оңай,

Топырақтың сыз болуы оп-оңай.



Бірақ, бойда тұрған кезде қан ойнап,

Не тындырдың, не бүлдірдің, қой ойлап.

Жаратылған пендесің ғой лайдан,

Қалай ғана қорықпайсың Құдайдан?!

* * *

Тұтқиылд а торықса,



Көзі жетпей аныққа.

Күн көзінен қорықса,

Ұмтыла ма жарыққа?!

Қолы жетпей мақсатқа,

Шабарман боп д анққа,

Ілінбек пе жақсы атқа,

Қызмет қылмай халыққа.

Жауын жаумай су болса,

Үлгере алмас жанып та,

Жүрген жері шу болса,

Күйері анық тамұқта.

* * *


Жас баланың ешқашан

Таусылмайд ы сауалы.

Ата-ананың əрқашан

Дайын оған жауабы.

Пенд елер д е фəнид е

Көп қояд ы сауалын.

Сауалд ард ың, əрине,

Білед і Алла жауабын.

Жеткізед і қашан д еп,

Шырқайд ы ад ам көңілі.

Фəни сырын ашам д еп,

Өтед і оның өмірі.

Сұрақтард ың мыңд аған

Білем д есе жауабын,

Өтем д есе сынд ард ан,

Аңд ап басар қад амын.

Сенім болса көңілд е,

Иман толса жүрекке,

Гүлд ей жайнап өмір д е,

Орынд алар тілек те.

Жұлд ыз-сынд ы көп д ейд і

Жұмбақтары ғаламның.

Шешуге оны жетпейд і

Бар ғұмыры ад амның.

* * *

Желбуазд ай тырсиған



Аспанд а – шар, жерд е – д оп.

Соған қатты ұқсайтын

Жер бетінд е пенд е көп.

Мына жалған бес күнд е

Түсінетін жан қайд а?

Желі шықса, ешкімге

Керексіз боп қалмай ма?!

* * *


Көп пенд енің басынд а шыр айналып,

«Кірейін бе?»

д еп Шайтан жүр ойланып.



Ақырет күні болғанд а Мүңкір-Нəңкір

«Шайтан жоқ па іште?»

д еп сұрайд ы анық.



Шайтан миың, нəпсің мен қаныңд а жүр,

Қір-қоқыс, лай басқан орынд а жүр.

Қайд а барсаң, өкшелеп, ізд і бағып,

Ажырамай екі елі, жаныңд а жүр.

Бірін бірі аңқау ел жиі алд айд ы,

Қисық жолға түскен соң шыға алмайд ы.

Дəрет алып, таза жүр, тура сөйле,

Сонд а Шайтан тəніңе ене алмайд ы.

* * *

Жетілмей жатса пенд енің көбі,



Жоқ д ейд і жалғыз Алланың міні.

Көктеген жерд е өмірд ің гүлі,

Қалад ы түбі жалғанның күлі.

Сырыңд ы бүгіп, тұрсаң д а күліп,

Кете ме оңай көңілд ің кірі.

Алланың құлы болам д еп жүріп,

Болғанд ар көп қой д үниенің құлы.

Байлықты қума, қызықпа малға,

Жығылып қалма, таңд асаң жолд ы.

Қанағат қылғын қолд ағы барға,

Он екі мүшең сау болса болд ы...

Мұқтажбын

Мұқтажбын:

Рақымына Алланың,

Қайырымына Адамның,

Үлгісіне жақсының,

Ғибратына заманның.

Мұқтажбын:

Күлкісіне баланың,

Мейіріміне ананың,

Өнеріне шебердің,

Кеңесіне дананың.

Мұқтажбын:



Жарығына Күн, Айдың,

Шуағына мың айдың,

Қорғауына халқымның,

Қолдауына Құдайдың.

* * *

Ад амд ы ад ам алд амай, жүріп, тұрса,



Ішкі сырын айтқызбай біліп тұрса,

Қараңғыны алтын ай жарық қылып,

Түн түнегін шыққан күн түріп тұрса.

Бір біріне тұрғынд ар күліп тұрса,

Қызғаныш пен көре алмау ұмыт болса.

Қара тастан шеберлер май ағызып,

Жүннің өзін іскерлер түбіт қылса.

Жігіт болса намысын жани алар,

Қалжырамай жүре алса қариялар,

Бала-шаға көрмесе қасіретті,

Сарқылмаса телегей д ариялар.

Келешекте бұд ыр жол тегістелер,

Қылық қалмас пенд ед е теріс көрер.

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап,

«Əумин!»

д есін қол жайып періштелер .



* * *

Жаратушы он сегіз мың ғаламды,

Қара жерді мекен қылған Адамды

Жаратыпты белгілі бір тəртіппен.

Пенделерге бəрінен де ең ыстық,

Жер мен Аспан, Теңіз жəне Кеңістік,

Жасауында жоқ ешқандай артық, кем.

Көкіректе тұрса жүрек дүрсілдеп,

Ол «Алла!» – деп қуанбақ, Һəм күрсінбек.

Егер Жерге тиіп тұрса табаның,

Бұл – Аллаға жасаған бір қадамың.

Отыз тісің қорғап тұрған тілің де

Алла берген сөйлейді ана тілінде.

Қол-аяғың, құлағың мен көзің де,

Алла берген бойсұнады сезімге.

Бойыңдағы алпыс екі тамырың

Орындайды Жаратқанның əмірін.

Жан берді Алла.

Жансыз едің сен кеше,

Жаратқанға құлшылық қыл ендеше.

* * *

Шаңырағы аталы,



Дастарханы баталы

Ад амд ар д а кей-кейд е болад ы екен қапалы.



Жеті атасы жетелі,

Негізд і д е некелі

Ад амд ард ы кей-кейд е қайғы басып кетед і.

Қасиетті, киелі,

Айтқан сөзі жүйелі

Ад амд арға кей-кейд е жұрттың тілі тиед і.

Жүзі жарқын, қолы ашық,

Тұрған елге жаны ашып,

Ад амд ар д а кей-кейд е кетед і екен ад асып.

Шыд а, жаным!

Не д ейін?

Уайымға салынба!

Бақытың ба, сорың ба?!

Соның бəрі БІР АЛЛАНЫҢ қолынд а.

* * *

Керек емес тақ,



Қонса болд ы бақ,

Ақиқатты білсем,

Тура жолмен жүрсем,

Аққа Құд ай жақ.

Өсек айтса мыстан,

Қастық қылса д ұшпан,

Алла, өзің тап!

* * *


Мал бағу, қи ою, су тасу,

Шөп шабу, жер қазу, лай басу

Қолымнан келед і.

Талап бар, қуат бар, мақсат бар,

Ад аммын, себебі!

Сөз оқу, хат жазу, д о с таңд ау,

Қиялд ау, толғану, ас қамд ау

Қолымнан келед і.

Миым бар, жүрек бар, тілім бар,

Ад аммын, себебі!

Болад ы қанд ай ой түюге,

Қуану, ренжу, сүю мен күю д е

Қолымнан келед і.

Құд айым артық қып жаратқан

Ад аммын, себебі!

* * *


Қысқа өмірдің басы менен ұшы не,

Қандай тағдыр тап болады кісіге?

Қош айтысып мына фəни жалғанмен,

Кетіп жатыр үлкендер де, кіші де.



Қарама сен беріп жатқан асына,

Қара одан да назар салып ісіне.

Ол дүниеде бұйыра ма, кім білсін,

Бұл дүниеде теріп жеген несібе.

Зəмзам суын іше ала ма жұмақтан,

Түсе ме əлде жанған тамұқ пешіне?

Біле алмасаң, имамдардан сұрап қал,

Оның бəрін айта берем несіне?!

* * *

Ойға батсақ бұл жалған, тылсым жайлы,



Тамақ ішпей жүруге кім шыдайды?

Жүгірген аң, ұшқан құс, жүзген балық,

Алла берсе, ырзығы таусылмайды.

Тамақ сұрап мысық та мияулайды,

Тамақ сұрап күшік те қыңсылайды.

«Жем берші!» – деп балапан шиқылдайды,

Ауқаттанбай ешқайсы тыншымайды.

Кім аш болса – меңдейді соны қайғы,

Тоқ болса егер, тағдырға налымайды.

Шөп салмасаң, бұзау да мөңірейді,

Сүт ембесе қозы да маңырайды.

Адал кісі аққкөңіл арымайды,

Сараң кісі асқа да жарымайды.

Қонақ болып, сый жасап, дəм татпаса,

Адамдар да бір бірін танымайды.

Ия, Алла!

Кеш кірсе есім егер,

Ренжімей, пендеңді кешіре көр!

Өзіңді мадақтауға қолым тимей,

Жұмсалды бей-берекет есіл өнер.

Жол көрсет, тура баста жақсылыққа,

Тоқтаса жол-жөнекей көшім егер.

Елімді ұшыратпа тапшылыққа,

Жұртыма таусылмайтын несібе бер!

* * *

Жылтыр тастар жағадағы су шайған,



Кейбіреуі толқын соғып қисайған,

Таң қалмас ем сол тастардың біреуін

Ойда жоқта тауып алсам бір сайдан.

Жан-сырымды айтар болсам жасырмай,

Жақсыларды дейді сайдың тасындай.

Сол тастарың жылтыр болмас еді ғой,

Жатса толқын мойынына асылмай.

Жақсы, жаман не екенін айырып,

Ауыр ойдан келем мен де айығып.


Дəреті бар пенделерге ұқсайды

Сайдың тасы жатқан күнде шайынып.

* * *

Күдіктің де қара бұлты сөтіліп,



Шіркеуіне кірген кезде патшалар

Бəлкім, қылған күнəсіне өкініп,

Пейілдері жақсарар.

Бұл жалғанда күндері көп қысылған,

Қылығына өкінбейтін бар ма адам?!

Мешітке егер кірген болса мұсылман,

Кешу тілер Алладан.

Əділ сөзді бетке айтатын шешендер,

Қылыш-сынды қынабынан суырылған.

Қас батыр да, ел басқарған көсем де

Жайнамазға жығылған.

Билеп тұрған он сегіз мың ғаламды,

Құдіретті Жаратқанда бар ма мін?!

Жəбірлеуі мүмкін емес адамды

Сүйген құлы Алланың.

* * *


Əлі де көп шолақ ақыл, көр-кеуде,

Ауырады байғұс-жүрек шерменде.

Қара жерге кіріп кете жаздаймын.

Қариялар тұрып бата бергенде.

Кейбіреуі бата орнына тос айтып,

Мəнсіз, дəнсіз əңгімені қоса айтып,

Əлдекімді ту сыртынан өсектеп,

Отырады сұқ саусағын шошайтып.

Бастық келсе басын шұлғып, жалбақтап,

Алды-артына көпшік қойып, жан бақпақ.

«Келер заман – көк тұман» – деп күрсінген,

Абай сөзін жатқан кім бар салмақтап.

Біздің қазақ дəмін берген қасқа да,

Бісімілласыз отырмаған асқа да,

Бүгінгінің өнегесіз жастары

Ас қайырмай тұрып кетсе – масқара.

Бар болғанмен жанашыры, жақыны,

Тура айтуға жетпей жатса батылы,

Жастан қандай қайыр, үміт күтесің,

Үлкендердің аз болса егер ақылы?!



Жарылқа, Алла!

Бар қылдың, тоқ қылдың,

Қайғымды жоқ қылдың,

Көзімнің жасын да кептірдің,

Несібе, ырзықты көп қылдың!


Əлхамдулилла!

Ай көрдім, аман көрдім,

Əртүрлі заман көрдім!

Талап пен талантты да

Аямай маған бердің!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет