Иман – жүрек айнасы Ақылбек Шаяхметтің



Pdf көрінісі
бет23/26
Дата26.01.2017
өлшемі2,62 Mb.
#2738
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Парыз

Бозбала д а, көп көрген қария д а

Келтіргенмен тілд ерін кəлимаға,

Қайық-сынд ы толқынд а қалтылд аған

Өмір д еген телегей д арияд а.

Жаратушы қолд аса, д ем берер д еп,

Тіршіліктің қисығы жөнд елер д еп,

Неше мəрте күн сайын құлшылық қып,

Жайнамазға жығылған пенд елер көп.

Өсек-аяң айтқанд ы сөкет көріп,

Нəпсі д еген д ұшпанға төтеп беріп,

Мұсылманд ар аз емес ұмыт қылмай,

Əр жыл сайын тұратын зекет беріп.

Ауыз ашса ұсынып ад ал асын,

Ұстағанд ар аз емес оразасын.

«Қабыл болсын ниетің, иншалла!» – д еп,

Іштің д ертін əуелі тазаласын.

Барғанд ар бар қажыға қажып-талып,

Қатарынан, əрине, озыпты анық.

Кейбіреуі д емеуші қаржысымен

Барғанд ығы жатад ы анықталып.

Өткізсе д е өмірін шүкірлікте,

Əр сөйлемге қойса д а үтір, нүкте,

Парызымд ы түп-түгел орынд ад ым

Деген пенд е ұрынар күпірлікке.

Мұсылманның артқанд а мəртебесі,

Игіліктің болмайд ы ерте-кеші.

Бес парызбен құтылд ым д еп ойлама,

Од ан кейін қалад ы отыз бесі.

Бола бермес үнемі ойыңд ағы,

Еңбек етпей болмайд ы д айын бағы.

Күні-түні құлшылық қылсаң-д ағы,

Таусылмайд ы парызың мойынд ағы.

Ойың болса жұмақты көрем д еген,

Еш қылығың қалмайд ы еленбеген.

Қайыр жаса, білім ал, жақсылық қыл,

Қызмет қыл еліңе төбеңменен.

Сақтай білсең жүректің тазалығын,

Баптай білсең д əстүрін қазағыңның,

Əміріне Алланың мойынсұнсаң,



Өкінбейсің жеткенд е қаза күнің.

* * *


Сөз бастап қад ірлі д еп, құрметті д еп,

Əйтеуір, жаратад ы д үрмекті көп.

Кісіні өлгеннен соң сөз қылад ы

«Өмірге текке келіп, құр кетті» – д еп.

Жалғанға тыр жалаңаш келген кісі –

Өткінші тіршіліктің бір белгісі.

Ешкімнен атақ, құрмет д əметпейд і

Көрге д е жаяу жүріп кірген кісі.

Құрметті д əметед і тасып-толған,

Айнад ан өзін көріп, ғашық болған.

Білмейд і ол бар екенін қияметтің

Алд ынд а ақиретте то сып

тұрған.

Қаншама кенелсе д е ас пен баққа,



Пайд а не қараспаса басқа жоққа.

Енд еше қызмет қыл жан аямай,

Еліңе пайд аң тисін, бо сқа жатпа!

* * *


Төрт саусағым жұмылды,

Бас бармағым қайқайды.

Біреулер бас шұлғиды,

Біреулер бас шайқайды.

Қиналсаң да елеме

Күн қабағын түнерген.

Толғанбай ой келе ме?

Ойды босат шідерден.

Өткен іске өкінген

Тəубаменен тазарған.

Ішті сақта түтіннен,

Сыртты сақта тозаңнан.

Дүние жисаң адалдан,

Аулақ жүрсең арамнан,

Бойды сақта күнəдан,

Көзді сақта харамнан.

Түскен кезде ортаға,

Жанасқанда кіл епті.

Шаң қонбасын қолқаға,

Кір шалмасын жүректі.

* * *

Кетті бəрі...



Батырлар д а өр кеуд е,

Отырған д а өмір-бақи кіл төрд е.

Қайд а барсаң, көрі д айын Қорқыттың,


Өтті бəрі...

Тығылса д а бункерге.

Тақта отырып көрсетсе д е айбынын,

Сайранменен өткізсе д е ай, күнін,

Өзд ерімен алып бірге кеткен жоқ

Бұл фəнид е жинап алған байлығын.

Жақсылард ың ісі қалд ы артынд а,

Ақынд ард ың сөзі қалд ы халқына.

Ісің, сөзің жаққан болса еліңе,

Бəлкім, түбі кешірілер бар күнə.

* * *

Мекен қып биік көкті



Тұрған бұлт иіп кетті.

Алланың жиған нұрын

Алқапқа құйып кетті.

Болғанд ай ел тілегі,

Жүректер елжіред і.

Қонған су жапыраққа

Не д еген мөлд ір ед і?!

Тамшылар жерге сіңген,

Көлд і д е тербетуд е.

Шабақтай асыр салып

Ойнайд ы су бетінд е.

Жұтамын таза ауасын,

Тəнімд і тазаласын.

Жаратқан!

Мұсылманның

Қабыл қыл оразасын!

* * *

Жүргенд ер шөніктей боп талыстай боп,



Жүргенд ер күшіктей боп барыстай боп,

Алса д а тағд ыр желі қатты соқса,

Қалмай ма морт сынатын қамыстай боп.

Қаншама сақтасаң д а мал-жаныңд ы,

Фəнид ен тапқан сонд а олжаң, кəні?!

Жеткізбей, ұстай алмай қор боласың,

Алыстан көріп тұрып арманыңд ы.

Жаятын жапырағын жас шағыңд ай,

Дəуренің кетед і өтіп қас қағымд а-ай.

Өзіңд і өзің байла ой-қазыққа,

Қызығын тіршіліктің бо сқа қумай.

Қарала сырмақ

Қарап тұрсаң, жартысы қара, жартысы ақ,

Қарала сырмақ үй ішінд е жайылд ы.

Бір түсі оның жаңа жауған қарға ұқсап,



Енд і бір түс – қара жерд ей байырғы.

Жатқанымен аяқ асты тапалып,

Қойд ың жүні қытықтайд ы табанд ы.

Бір жартысы – айд ай жарық, ап-анық,

Бір жартысы – қара түнд ей қараңғы.

Шебер қолд ар киіз басып, жүн түтіп,

Жасаған ғой бұл сырмақты талмастан.

Алма-кезек өтіп жатқан сырғытып,

Ақ пен қара күн мен түнд ей жалғасқан.

Өтер жылд ар, орансаң д а бүлд еге,

Сырмақ тозар, жүн д е болар жабағы.

Мүңкір, Нəңкір жауап алар күнге д е

Ақ пен қара жағаласып барад ы...

Жол бойындағы көріністер

Қарғылы төбет көрд ім үй жанынан,

Ішіп жатыр алд ына құйғанынан.

Қайран, қазақ!

Қабаған ит ұстаған,

Өліп-өшіп, өйткені, жиғаны мал.

Жайылымд а жүрсе мал кіл таңд аулы,

Үй маңынд а мал д а көп арқанд аулы.

Көлд ің өзі қаз жүзген қоршалыпты,

Құстарға д а қойыпты тор-қамауд ы.

Маңырайд ы қозылар көгенд елген,

Құлып салған тас-құд ық шегенд елген.

Төрт түлікті шықпаған қыр басына,

Қиын екен жырлау д а өлеңменен.

Бұзылған ба заманның құлқы мына,

Аяғынд а тұсау бар жылқының д а.

Қағазбенен целофан бүркеліпті

Киіз үйд ің жамаусыз жыртығы д а.

Шамасы жоқ арқанын көтеруге,

Көк ешкі тұр теміржол етегінд е.

Еркек кетіп барад ы д орба ұстаған,

Əлем-жəлем əйелд ің жетегінд е.

Баяғыд ай сарқырап аққан су жоқ,

Түйе бозд ап, қой қозд ап жатқан шу жоқ.

Бей-берекет шашылған толған қағаз,

Жол бойынд а кезд ейсоқ жатқан сым жоқ.

Ия, Жаратқан!

Пенд еңе сабыр бергін,

Көз болған соң, əрине, бəрін көрд ім.

Түгел қоршап тастаған шынжырменен

Төрт құлағы қалқиған қабір көрд ім.

Түнгі аспаннан жұлд ыз бен ай қарап ем,



Өткен күнім оралд ы ойға кілең.

Кісен тұрған жоқ па д еп тілімд е д е,

Купед егі үңілд ім айнаға мен...

Құдай жолы

Ауылд а бізд ің бала күнімд е

Құд айд ың жолын жасайтын.

Жалғасып жатыр күні бүгін д е

Алланың жолы басы айқын.

Туыс-туғанның қабағын бағып,

Тілегін елд ің ескеріп,

Құд ай жолы д еп құрбанд ық шалып,

Бата сұрайтын, ас беріп.

Түп-түзу қылған пенд енің жолын,

Аллаға қарсы келмесе.

Таныған кісі оңы мен солын

Бұзбайд ы оны енд еше.

Жүрсе д е жасап жұмысын тынбай,

Жеткенд ер көп пе арманға?!

Құд айд ың жолы – күпірлік қылмай,

Шүкірлік қылса жалғанд а.

Құд айд ың жолы – ойламай пайд а,

Қамқоршы болып кішіге,

Жүректі тыңд ап, жүрсе д е қайд а,

Жақсылық қылса кісіге.

Отырсаң шалқып, жан-жағың толып,

Жарылқар сені бір Алла!

Құд айд ың жолы ап-анық болып

Жазулы тұр ғой Құранд а.

* * *


Таңд а шамд ар өшед і,

Күнд із бұлттар көшед і.

Жұлд ызд ар д а сөнед і

Жайнап тұрған кешегі.

Қайтпай тұрған меселі

Дəннен масақ өсед і.

Қалқам, соның барлығы

Бір Алланың есебі.

Бұл есепті білмеген,

Тура жолмен жүрмеген,

Пенд елерд ің шынынд а

Маңд ай соры бес елі...

* * *

Ешқашан лəм-мим демеген,



Пендені сөйле деп қинама.

Əліпті таяқ деп білмеген



Құдайын таныр деп ойлама.

Барлығын, білетін бір Алла,

Осылай жазылған Құранда.

Жаратқан Раббына сенбесе,

Берілсе күдік пен күмəнға,

Алланың нышанын көрмесе,

Пендені сүйрейді кім алға?!

Барлығын, білетін бір Алла,

Осылай жазылған Құранда.

* * *


Қатар-қатар қаланған тастай берік қорғандар,

Ит тұмсығы өтпейтін қалың жыныс ормандар,

Қирамас деп ойлама,

Өртенбес деп ойлама.

Өткел бермес өзендер толқындары жарды ұрған,

Заңғар биік таулар да басына бұлт қондырған,

Суалмас деп ойлама,

Бүгілмес деп ойлама.

Жел соққанда қурайды өскен шөп те балдырған,

Қаз қалдпыңда тұрмайды сарайың да салдырған,

Жүрген болсаң қайда да,

Ақылға сал жай ғана.

Аласұрған сезім де жүрек отын жандырған,

Төрт мезгілі өмірдің жылытқан, һəм тондырған

Кез келмес деп ойлама,

Өзгермес деп ойлама...



Дүния кезек

Өркендеп, өсіп жатыр өз еліміз,

Ел десе өртенеді өзегіміз.

Əуежай, темір жолда, кеденде де

Тезірек келсе дейміз кезегіміз.

Жүрсек те ажырамай салтымыздан,

Фəнидің уақыт өте нарқы қызған.

Інілер ер жетуге асығулы,

Өкшелеп келе жатыр артымыздан.

Бəріміз кезек күткен орындамыз,

Алдағы ағалардың соңындамыз.

Адамдар алда тұрған түгел кетсе,

Білеміз мағынасын оның да біз.

Қазы жеп, ішсек-тағы таза қымыз,

Беймəлім – келер қайдан ажалымыз?!

Бағасын бұл жалғанның білген шығар

«Дүния кезек» деген қазағымыз.

* * *


Алдына алып ішкен де адал асын,

Ұстаған да бұлжытпай оразасын,

Зекет беріп, қажыға барғандар да,

Қайырым қып, мың алғыс алғандар да,

Бес намазын жүрген де қаза қылмай,

Пенделер же жүретін тазарылмай,

Жеңілейіп қалады ауыр жүктен,

Шығарғанда молдалар жаназасын.

Таусылғанда дəм-тұзы арманы өшіп,

Жиған мүлкі басқа бір қолға көшіп,

Ғазиз тəні қараңғы көрге кіріп,

Көйлек болар кебіні қойған пішіп.

Артта қалып жасаған күнə барлық,

Тарс жабылар ашылып тұрған есік.

«Жақсы ма?» – деп əуелі сұрап алып,

Сауал қояр: «Қарызы бар ма?» – десіп.

Барған болсаң бұл сөздің байыбына,

Қалдырса да мал-мүлкін бай ұлына,

Дұғадан басқа ештеңе қажеті жоқ,

Енгеннен соң қара жер қойынына.

Мүңкір, Нəңкір келгенде асып-сасып,

Жауап берер жасаған айыбына.

Марқұм болған кісінің бар қарызын

Алады екен ұрпағы мойынына.

* * *


Портрет те емеспін алған сатып,

Ескерткіш те емеспін қалған қатып.

Тамырымда қан ойнап, соғар жүрек,

Алдаусырап тұрғанда жалған уақыт.

Құлақ естіп, тұрғанда көзім көріп,

Ауызымнан шығатын сөзім берік.

Кешір, Алла, жастықтың желігімен,

Кеткен болсам кей сəтте сезімге еріп.

Жақсылығы аспаған қара бастан,

Кезім болды жаңылған, жаза басқан.

Шайтан мінез маған да жұққан шығар,

Шайтан болса достарым араласқан.

Көп нəрсені сыйғызған уысына,

Жақпай жүрдім жолдас пен туысыма.

Кешір, Алла!

Жалғанда маған берген

Рахмет несібе мен ырысыңа.

Қалар бəрі – салған үй, жиған бұйым,

Қуат берер бойға да иман – білім.

Нұрландырар жолымды қияметте

Раббым Алла!


Санаға құйған нұрың.

10 + 10 +10 = 30

Бір мұсылман жөн сұрад ы имамнан,

«Кезім болд ы ораза ұстап, қиналған.

Басы, ортасы, аяғынд а бұл айд ың,

Бірнеше күн оразаға шыд аймын.

Отыз күнд і түгелд емей, алайд а,

Дəл о сылай ниет етсем, жарай ма?!»

Имам айтты: «Онд а он күн, расынд а,

Ауыз бекіт оразаның басынд а.

Оразаның көрген кезд е ортасын,

Орта жолд ан қайтуға д а қорқасың.

Қалжырасаң, түнд е сəл-пəл ал тыным,

Он күн тағы ораза ұста, жарқыным!

Соңғы он күннің Қад ір түнін то сатын,

Киесі бар шөліңд і д е басатын.

Ай соңынд а тағы д а он күн шыд айсың,

Сонд а ғана Жаратқанға ұнайсың».

Таптым осы кітаптан

Құран Кəрім – он сегіз мың ғаламның иесі

Алла Тағаланың сөзі.

Қайғырғанд ы жылатқан,

Жылағанд ы жұбатқан,

Мұсылманд ы қысылған

Алып шыққан сынақтан.

Күн шыққанд а гүл атқан,

Жаным сүйіп, ұнатқан,

Ойд ың не бір асылын

Таптым о сы кітаптан.

* * *


Бас та емес, тек биіктен көретін,

Аяқ та емес, төменшіктеп жүретін.

Қабырғад ан жаратыпты əйелд і,

Жүрегіңнің д үрсілін д е білетін.

Əйелд ерд і ард ақ тұтып сонд ықтан,

Қасиетті сезіміне болд ық таң.

Алла олард ы қабырғад ан жаратқан,

Еркектерд і сүйеу үшін қолтықтан.



Қара тас

Алланың ісі, бəрі рас,

Қағбаға барып көріп пе ең?

Жұмақтан түскен нұрлы тас,

Қап-қара болды неліктен?

Қара тас бейне шарайна,

Пенденің бүгін міні көп.


Айтайын десе, алайда,

Көзі жоқ, əттең, тілі жоқ.

Пайғамбар сөзі тағы рас,

Жалғанда босқа алданба.

Куəлік берер қара тас,

Қиямет күні болғанда.

* * *

Сəби болдың, жайраңдадың,



Ес тоқтаттың, қайран қалдың.

Жастық буы желіктіріп,

Думан құрдың, сайрандадың.

Кеттің түсіп от пен суға,

Болған шақта майдан алдың.

Тасқа соқтың басыңды да,

Сырын білмей кей қамалдың.

Тойға бардың, ойға қалдың,

Қағаз бетін шимайладың,

Көрік-сынды күмпілдедің,

Көкірегіңе симай дарын.

Борлғаннан соң қалтаң тесік,

Ағып кетті жиған малың.

Айырылдың талай достан,

Жүрсең-дағы қимай бəрін.

Тізгінді тарт, енді тоқта,

Жоламағын қақ пен соққа,

Жасына жеттің пайғамбардың...

* * *

Іші қара, беті əппақ, сырты таза, жаны кір,



Арамзалар ант атқан күліп-ойнап əлі жүр.

Маңайына жолар кім? Айтатыны олард ың:

«Бізд ен кейін топан су қаптаса д а бəрібір...»

Жетім-жесір арызын алмаса ешбір қаперге,

Сауық-сайран таусылмай, ақша шашса бекерге,

Өз елінд е жер жоқтай, үй салғызса шет елд е,

Онд ай кісі д үниед ен иманд ы боп өтер ме?!

Жауызд ар д а ад амның төккен қанын көл етіп,

Ішіп-құсып жатса д а таусылмаған тəбеті,

Жар басына үй тігіп, қоймай жаман əд етін,

Жер бетінд е жүр д ейд і елд ен құрмет д əметіп.

Тірісінд е есімін берген болса көшеге,

Пысықайд ың тегінд е мəртебесі өсе ме.

Атаққұмар, баққұмар, мансапқұмар пенд енің

Толса болд ы ынд ыны, міне, қайд а мəселе?!

Ашуланса ағайын, тақ пен тəжд і бақ санар,

Алтынд атқан сарайын тастай қашқан патшалар.


Жайнап тұрған бақшасын, миллиард таған ақшасын

О д үнияға өлгенд е алып кеткен жоқ солар.

Қырау тұрып кірпікке, қабағына қар қатқан,

Қара халық қарғысы болғаннан соң зіл-батпан,

Із д е қалмай орынд а төре жатқан, хан жатқан,

Ескерткіштер қираған тірісінд е орнатқан.

Жақсы сөзге, əрине, жан болмайд ы семірмес,

Өмір сүрсең жалғанд а өтпесін д е өмір еш.

Көкейіңнен кетпесін Ахаң айтқан асыл сөз:

«Тəн көмілсе көмілер, еткен ісің көмілмес...»

* * *

Оңнан солға оқысам Алла деймін,



Солдан оңға оқысам Алла деймін,

Араб əрпін сол сөзге қосып алған

Не қылған «оқымысты» молда деймін?!

* * *


Шайтанға билетіп ғаламның жарымын,

Бұзғысы келгендер адамның қалыбын,

Өзгерте алмайды Алланың жарлығын,

Өшіре алмайды Алланың жарығын

* * *

Жаратқан жоқтың өзін бар қылады,



Біреуді зор, біреуді қор қылады.

«Қиқым жеген кісінің сиқын көр!» - деп

Күлгендер түйір дəнге зар болады.

* * *


Көңіл тарда ағайын да жүрежат,

Төсек тарда – əрі жат та, бері жат.

Жолың болмай, жүріс өңбей, қиналсаң,

Бір Аллаға қылғаның жөн мінəжат.

* * *

Жан бар ма ер-тұрманым түгел деген,



Түгел боп о дүниеге кірем деген.

Жаратқан Алла сені Бақиға да

Төрт құбылаңды түгел қып жібермеген.

* * *


Көріп тұрсың күн батып, таң атқанын,

Өтіп жатыр тоқтамай сағаттарың.

Өлшеулі өмір қолынд а Бір Алланың,

Мін болмайд ы ісінд е Жаратқанның.

* * *

Қалып жүрсең тағы д а, сірə, д ауға,



Сүрінсең д а, болад ы құламауға.

Аллаға емес, өзіңе байланысты,



Біреуге ұнап, біреуге ұнамау д а.

* * *


Пенд енің орынд асаң бес парызын,

Ойлама жоқ енд і д еп еш қарызым.

Өлшеулі жұтқан ауаң, алған д емің,

Санаулы жүрген жерің, басқан ізің.

* * *

Бір жерд е сел боп жатса, суы кеппей,



Бір жерд е өрт боп жатыр, суы жетпей.

Алланың кереметін көре тұра,

Талайд ың жүр о сыған көзі жетпей.

* * *


Пенд есін Хақ-тағала сынағанд а,

Көңілі түсер д ейд і шыд ағанға.

Ішінд е бір кеменің жолаушымыз,

Аллаға ұнамаған, ұнаған д а.

* * *

Біреулерге күнкөріс пен жанбағыс,



Біреулерге құр əшейін алд аныш.

Иман ғана нағыз берік қорғаныш,

Бір Аллаға аян болар қылған іс.

* * *


Алла берген, тегін келген д арынд ы

Жұмсай алмай жүргенд ер көп орнымен.

Биік қойып тұрса-д ағы қарынд ы,

Дəметед і солар жұмақ төрінен.

* * *

Аллаға аян істерің,



Жата алмайд ы іште мұң.

Жеңілейіп қаласың,

Сыртқа шықса іштегің...

Кемшілік

Ай мен Күннің бетінде де тыртық бар,

Шапанның да астарында жыртық бар.

Жер бетіне əппақ болып түссе де,

Таза болып қала алмайды күртік қар.

Жетпей жатқан нəрсе де бар сезімде,

Сабыр азда сарқылады төзім де.

Қанша баптап өсірсе де қыз Құртқа,

Кемшілік бар Тайбурылдың өзінде.

Төрт аяғын тең басқан аз өлеңдер,

Елемейді кісімсінген төреңді ел.

Кемшілік бар жерді басқан пендеде,

Кемшілік бар кісіде де кемеңгер.


Кемшілік бар жоқтарда да, барда да,

Кемщілік бар момында да, зорда да.

Кемшілік бар дүниенің бəрінде,

Кемшілік жоқ жалғыз ғана Аллада.

* * *

Ашытқыны салған соң ашымай ма қамыры,



Ағаш ұшы қозғалса, солқылд айд ы тамыры.

Қабақты бұлт басқанд а жас тамбай ма жанард ан,

Байқап тұрсаң, о сы ғой туған жерд ің қад ірі.

Шер толқытса, еңсеңд і қайғы басып тұрад ы,

Су толқытса, тереңнен тасты д а алып шығад ы.

Бір-ақ күнд е өшед і мың күн жанған шырағың,

Таусылмайд ы өмірд е бұл фəнид ің сынағы...

* * *


Жерд і басып жүрд ім,

Жер жылуын сезд ім.

Күн төбеге келд і,

Күн қызуын сезд ім.

Шаршап-талд ым, кезд ім,

Кейін қалд ым, озд ым.

Ад ал д о сқа сенд ім,

Амал д о стан безд ім.

Ыстыққа д а төзд ім,

Суыққа д а төзд ім.

Өзгерген жоқ қалпым,

Құбылса д а мезгіл.

Майын жед ім көзд ің,

Балын жұттым сөзд ің.

Е,Құд айым!

Қолд а!


Жақсылыққа кез қыл!

* * *


Сөз – ад амның құралы,

Сөз – халықтың ұраны.

Ұлы д еген сөзд ің біз

Бір əрібін өзгертсек,

Улы болып шығад ы.

Ұлы д еген сөзд ің біз

Бір əрібін өзгертсек,

Ұры болып шығад ы.

Бір əріпті алд ына

Қо сып қойсаң, Алланың

Құлы болып шығад ы.

Сыры мəлім жалғанның,



Мұны кімд ер ұғад ы?

Айналайын, ад амд ар,

Болыңд аршы қырағы.

* * *


Атақ, мансап керек пе өзі,

Елд ен ерд і ерекшелер.

Əр мезгілд ің өз өткелі

Табылад ы, керексе егер.

Ажал, шіркін, тұрса торып,

Мұратына бар ма жеткен?!

Қорқыт баба құса болып,

Асан-Қайғы зарлап өткен.

Кеткен жанд ар асуд ы асып,

Арт жағына алаңд айд ы.

Жүргенімен жерд і басып,

Жерұйықты таба алмайд ы.

Пенд елерд ің ең жақыны –

Дүние, байлық – қолд ың кірі.

Қап-қараңғы көрге ақыры

Əкелед і жолд ың бірі.

* * *

Егістікте қаулаған арам шөптей,



Жүргендер бар ішіп-жеп, еңбек етпей.

Пайдаланып еңбегін басқалардың,

Егін ормақ ойы бар тұқым сеппей.

Қанша биік болса да дара тұлғаң,

Шырмауықтар бойыңа оратылар.

Соның бəрін түсінер кез болды ғой,

Сəбимісің əлде сен жаңа туған.

«Еңбек ет те, міндет ет» – деген бабам,

Ұрпағының жайына алаңдаған.

Кедейлерге көрсетіп қайырымын,

Замананың əу-жайын бағамдаған.

Үлде менен бүлдеге бөленгендер,

Кеуде керіп құр текке, шіреңбеңдер.

Құтылмайды есептен қияметте,

Назарына Алланың ілінгендер.

* * *


Күнə дейсің надандарды сөз қылсам,

Ақиқатты ішке бүгім төздім сəл.

Көре тұра жаба тоқып жауырды,

Күнə емес пе, шындықты айтпай көз жұмсам?!

Кейбір жерде тістемесем тілімді,

«Не деп кетті?» – дейтіні анық жырынды.



Дүйім елге қылатұғын жария,

Күнə емес пе тұншықтырсам үнімді?!

Көкіректе болса-дағы мың арман,

Бақытты сол – іштің дертін шығарған.

Өсек емес, ғайбат емес, шыңғырған

Шындықты айтсам, сауабым көп күнəмнан.

* * *

Не өтпед і мына менің басымнан,



Көбейіп тұр уайымым шашымнан.

Былай шыға ғайбаттайд ы сыртымнан,

Дəм татқанд ар ад ал, халал асымнан.

Тағд ыр солай жазғаннан соң көнесің,

Білмеген ел түсінбесе не д есін?!

Таныстарым күліп тұрып көзбе-көз,

Сырт айналсаң, туралайд ы жебесін.

Көнбіс болып кеткеннен соң қалың жұрт,

Жалғанд ықтың жалбыр тонын жамылд ық.

Қырық жамау құрақ көрпе секілд і,

Жұлым-жұлым болып кетті əд ілд ік.

Жүрген кезд е екі шұқып, бір қарап,

Түгесілер күннен күнге күнпарақ.

Дəстүріңд і шұлғау еткен кəпірлер

Ұлтыңд ы д а қылуға əзір ұлтарақ.

Қобалжыма, ақиқатқа Алла жақ,

Тəн тозғанд а болар ертең жан д а азат.

Ізгіліктің нұрын құйып жүрекке,

Қайырымд ы, мейірімд і бол, Қазақ!

* * *


Тыңд аған жұрт айтқанд ы құп ала ма,

Ірге тозса, құлайд ы мұнара д а.

Су түбінд е бір кезд е жатқан шынд ық

Үзіп тастап шынжырын шыға ала ма?!

Шыңырауд ың түбінд е жатқан шынд ық

Шыңға шықса, тұрақтап тұра ала ма?!

Өмір д еген өткелд ен өтер тұста

Тұрад ы екен жол то сып сынағы алд а.

Бал жесең д е, байқап же, қаскөй болса,

Уд ы қо сып беред і, сірə, балға.

Ад ал ас іш, таза бол, тура сөйле,

Қоям д есең то сқауыл сұм-ажалға.

* * *

Жұма күні бір күн дұға, бір күн əн,



Айтып жатса, серпілер ме бар күмəн?!

Уақыт кейде атқан оқтай зуласа,



Кейде мүлде жылжымайды орнынан.

Сенбі күні бір күн той да, бір күн ас,

Өмір – теңіз, айдынына жай құлаш.

Бақыт, қайғы түсіп жатқан итжығыс,

Күннің көбі сол қалпынан айнымас.

Бір күн мақтау, бір күн жоқтау естіліп,

Бұл өмірдің қымбаттығын кеш біліп,

Таусылмайтын күнделікті күйбеңмен

Жүрген шақта күн кетеді кешкіріп...

* * *


Жерд егі ад ам көрген Айд ың бір бетін,

Көре алмайд ы артынд ағы суретін.

Соның өзі санасы бар ад амға

Танытпай ма Бір Алланың құд іретін?!

«Түсірші д еп мейірімін Құд айд ың», –

Жаратқаннан күнд із-түні сұраймын.

Фəни менен Бақи д еген, шынынд а,

Екі беті секілд і ғой бір Айд ың.

* * *

Кейде шалқып, тасыдым,



Кейде кейіп, жасыдым.

Сөз бен ісі қабыспай

Жүргендерден шошыдым.

Жазушылық кəсібім –

Алла берген нəсібім.

Тақтақтардай тақпақтап,

Тердім сөздің асылын.

Рабымның рақымы –

Алшы түссе асығым.

Ол біледі жүректе

Болса сырым жасырын,

Орындалар тілек те,

Айтсам сөздің ашығын...

* * *



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет