Сұбыханалла!
Бөгемей өмірді нелер сын,
Жеріміз желекпен көгерсін,
Еліміз шаттыққа бөленсін,
Ерлердің есімі еленсін.
Иншалла!
Долы жел елеріп соқпасын,
Алапат өрт пен сел тоқтасын,
Қайғыға жолықпай отбасым,
Пəледен, тіл-көзден сақтасын!
Жарылқа, Алла!
Мəшалла!
Қажыларға
Күнəнің көбі, азы бар,
Тергейтін түбі қазы бар.
Дəретін алып, ниет қып,
Ихрам киген қажылар,
Дерттерің нед ен жазылар?!
Құтылып арсыз көзд ерд ен,
Тыйылып жаман сөзд ерд ен,
Өмірге қайта келгенд ей,
Меккенің өзін көз көрген,
Пиғыл д а, бəлкім, өзгерген?!
Қажы боп елге келгенд е,
Хад исті жатқа білгенд е.
Жетім мен жесір жыласа,
Момынд ы көрсең шерменд е,
Сад ақа, қайыр берд ің бе?!
Болсаң д а жүйрік есепке,
Туысқа айтып бо с өкпе,
То сқауыл қоя алд ың ба
Тасад ан атқан кесекке,
Өтірік, жала, өсекке?!
Өмірге тұрсаң құлшынып,
Аллаға қылсаң құлшылық,
Өткенге бірақ, өкініп,
Сынд ырмасаң д а бір шыбық,
Көрд ің бе, бір сəт күрсініп?!
Шынд ықтың жайын білд ің бе,
Түнегін түннің түрд ің бе?
Ораза болса, ауызға
Құлып сап күнд е жүрд ің бе,
Күлмейтін жерд е күлд ің бе?!
Дүниені қуып, мал жиып,
Жаттың ба төрд е шалжиып.
Еліңе қатер төнсе егер,
Қаңтард а тұрса қар құйып,
Кете алар ма ед ің жан қиып?!
Қад ірлі, қайсар қажылар,
Қыртыс та бір күн жазылар.
Қажымай қайрат қылыңд ар,
Күнəнің көбі, азы бар,
Тергейтін əд іл қазы бар.
* * *
Тіршіліктің білген болсам қад ірін,
Даналард ан алған болсам тағылым,
Дұшпанд ард ың көтере алсам жəбірін,
Қолд а мені, Тəңірім!
Тəуба қылсам келген сайын күн, айым,
Жақсылықты тілеп жүрсем лайым,
Ырза болса бала-шаға, жұбайым,
Қолд а мені, Құд айым!
Қарақшылар тас атса д а тасад ан,
Болса болд ы бауыр бүтін, бас аман,
Тұрса болд ы д астарханд а ас ад ал,
Қолд а мені, Жасаған!
Жат жерде қалған
Есіне алсын, ел білсе,
Көзд ерін жұмған жерд е алыс,
Фараби Шамд а жерленсе,
Мысырд а қалған Бейбарыс.
Самарқан болған қоңысы
Жалаңтөс, Шығай, Тəуекел
Азаттық үшін алысып,
Жат жерд е қалған ер екен.
Дулати қалд ы Кашмирд е ,
Төле би қалд ы Ташкентте.
Мұстафа қалд ы Берлинд е,
Құшағына алып басқа өлке.
Айналған аты аңызға,
Қайтқанд ар аз ба басқа елд е?
Хан Кене қалд ы қырғызд а,
Əлихан қалд ы Мəскеуд е.
Арқалап кеткен азап-мұң,
Күнд ерге өткен бер есеп.
Қажықұмард ай қазақтың
Мекені соңғы Шəуешек.
Аштық пен қастық қысқанд а
Жат жерге көшті қазағым.
Тұтқын боп жүріп д ұшпанға,
Тағд ырд ың көрд і тозағын.
Қиналған, əбд ен шалд ыққан,
Аузынд а жүрген тобасы,
Əлемд е барлық құрылықтан
Табылар қазақ моласы.
Көзінің жасы тыйылмай,
Жат жерд е шейіт болса д а,
Жаназа, кебін бұйырмай,
Көмусіз қалған қаншама?!
Тағд ыр ма қойған жазылып,
Мұсылман қанша киелі.
Сапар боп соңғы қажылық,
Меккед е қалған сүйегі.
Жатқанд а байтақ ел көшіп,
Қинайд ы жанд ы, сірə, бұл!
Көрінсе көзге төмпешік,
Қолыңд ы жай д а, д ұға қыл!
Алла қуат берсін!
Мен берейін бата,
Қолыңды жай, жұртым!
Болмас сөзім қата,
Бұзылмасын шырқың!
Үзілмесін үміт,
Шайқалмасын сенім.
Көрінбесін күдік,
Ашық болсын көгім.
Құбылса да жалған,
Баспа аяқты шалыс.
Аласармай арман,
Тапталмасын намыс.
Айнымасын бағыт,
Қирамасын ірге.
Ел-жұртыңа жағып,
Жүрсең болды бірге.
Бақыт келіп қонсын,
Болсын басың аман.
Жаның таза болсын,
Жоламасын жаман.
Көретін көз болсын,
Естір құлақ берсін.
Жақсылық кез болсын,
Алла қуат берсін!
Бірақ...
Өмір – аққан бұлақ,
Жағасында құрақ,
Жазда ғана жасыл.
Бірақ...
Фəни деген сынақ,
Толып жатыр сұрақ.
Бар ғой, бар ғой жауап.
Бірақ...
Кемшілікті сынап,
Таба алдым ба тұрақ.
Бар ма тапқан пайдам?
Бірақ...
Қиындыққа шыдап,
Кейде сипап-сылап,
Жерді басып жүрмін.
Бірақ...
Жүр ме жырым ұнап?
Ойда барды құрап,
Шын жүректен жаздым.
Бірақ...
* * *
Қазақтың өлгенінің жаманы жоқ,
Тірінің жаманд ауд ан аманы жоқ.
Қайтқанның орны тегіс жұмақ д ейд і,
Тозақтан көбісінің хабары жоқ.
Тақтақты қара сөзд е д ес бермеген
Сескеніп, қаймықпаған еш пенд ед ен,
Өзгелер төбесіне көтерсе д е,
Өз елі көзіне іліп, ескермеген.
Өз елі өгейсітсе өз баласын,
Өзгенің жеткен шыңын қызғанасың.
Қайран ер кеткеннен соң көзін жұмып,
Аһ ұрып, өзгертед і көзқарасын.
Көл-көсір қылғаннан соң берген асын,
Мақтайд ы кез келгені өз бабасын.
Етекте қалып қойған пенд енің д е
Ылд ид ан шығарад ы өрге басын.
Тірінің байымасын ұмытпастан,
Өлгенге мазар салып өріп тастан,
Бейітте отырад ы д ұға жасап,
Қашалған жазуд ы оқып құлыптастан.
Көрінісі фəнидің
Қаладағы көліктердің шуылы,
Даладағы трактордың гүрілі,
Пойыздағы жолаушының қорылы,
Сырқаттардың кеудесінің сырылы,
Мұның бəрі – көрінісі фəнидің.
Ғашықтардың түн қойнында сыбыры,
Күзгі бақта жапырақтың сыбдыры,
Ұрдажықтың кісі сүймес қылығы,
Табақтағы қалған астың жұғыны,
Мұның бəрі – көрінісі фəнидің.
Өзгеруі, өзеуреуі өңгенің,
Кемшілігі болып жүрген ерге мін,
Сұлулардың қылымсуы ең керім,
Жалбақтауы, құбылуы пенденің,
Мұның бəрі – көрінісі фəнидің.
Мансапқордың маңызы жоқ мақтауы,
Қайраткердің ар-намысын сақтауы,
Шабандоздың жүйрік атты баптауы,
Аналардың, əйелдердің жоқтауы,
Мұның бəрі – көрінісі фəнидің.
Қоғам осы жинамаған тез есін,
Уайымның сар балшығын езесің,
Соның бəрін көріп жүріп, төзесің,
Кейде тіпті бұл жалғаннан безесің,
Мұның бəрі – көрінісі фəнидің.
* * *
Жерлестің бақыты жанбаса,
Соз оған қолыңды.
Елдесің жаураса,
Шешіп бер тоныңды.
Біреуге келсе де ұнағың,
Еңкейтпе басыңды.
Кеп тұрса жылағың,
Ірікпе жасыңды.
Əр сөздің жаны бар десек те,
Ақылға сыйымды.
Алданба өсекке,
Ауыртпа миыңды.
Дүдамал дау-шарға қатыспа,
Таза ұста тəніңді.
Жолама қоқысқа,
Аяла жаныңды.
* * *
Ел-жұртыңд ы етіп сарсаң,
Не қып тұрсың сұрланып?
Жаман сөзд і ауызға алсаң,
Қалмай ма ауыз былғанып?
Қалмасын д еп басқа біліп,
Əтір құйып қойсаң д а,
Сасық иісі тұрар шығып,
Қанша ауызд ы шайсаң д а.
Сабынд ап та жуд ың талай,
Сыртыңд ағы сатпақты.
Кетіресің, бірақ, қалай
Ішіңд егі батпақты.
Ад амд ар көп күнд е көрген,
Сөзі түзу, ісі нас.
Сақта, Құд ай, пенд елерд ен
Сырт жылтыр, іші лас.
* * *
Алд ым.Берд ім. Аласым жоқ жəне ешкімге қарызым жоқ,
Бірақ, əлі мойнымд ағы өтелмеген парызым көп.
Ол д а алд ы, мен д е алд ым, бірақ, оның алғаны көп,
Шын ниетпен барған болса, пенд елерд ің арманы жоқ.
Ол д а берд і, мен д е берд ім, бірақ, оның бергені көп,
Бұл жалғанд а Жаратқаннан артық жомарт көргенім жоқ.
Өмір берд і.Көңіл берд і. Намыс берд і. Шабыт берд і,
Бақыт берд і. Осы күнге аман-есен алып келд і.
Жалған қызық болғанымен, ад ам жоқ қой мың жасаған,
Қанша сынақ көрсем-д ағы, ризамын, Алла, саған!
* * *
Мақсатына жете алмаса мың кісі,
Біреулерге дайын тұрар олжасы.
Бір үй толған сəбилердің күлкісі,
Бір үй толған жесірлердің көз жасы.
Кейбір жерде тұнып тұрса тыныштық,
Кейбір жерде сақталмапты жеміс сау.
Бір үй іші береке мен ырыс-құт,
Бір үй іші толып тұрған керіс-дау.
Біреулердің шығып жатса ұтысы,
Кейбіреудің еш кетеді еңбегі.
Бір үй толған дəрілердің құтысы,
Бір үй толған маскүнемнің шөлмегі.
Жаратқаннан болып тұрса шапағат,
Сабыр қылып, тəуба қылар қайда адам?!
Кейбір үйде толып тұрса махаббат,
Кейбір үйді ыза мен кек жайлаған.
Иман болса – барлығынан сол ыстық,
Пенделер көп қылкөпірден өтем дер.
Кейбір үйді періштелер қоңыс қып,
Кейбір үйді жын -сайтандар мекендер.
* * *
Хақты танымай,
Жүрд ік жарымай.
Өзің ойлашы,
Ақ сүттен қалайша
Шығад ы сары май?
Жоқты бар қылд ы,
Бард ы жоқ қылд ы,
Қараны ақ қылд ы,
Көпті аз қылд ы.
Азд ы көп қылд ы.
Таңд ы атырд ы,
Кешті батырд ы.
Фəни, ғапылд ы
Ұғып, білсін д еп,
Берд і ақылд ы.
Ойнатып, күлгізд і,
Еңбектеп, жүргізд і,
Тікед ен тұрғызд ы.
Тұрд ы жарылқап
Басқа кім бізд і?!
Пəлед ен жолаған
Құтылсаң, ей, ад ам,
Айырылма тобад ан.
Мəңгілік қарызсың
Өйткені, сен оған!
* * *
Көз ауырды, тыйым салдым қолыма,
Іш ауырд ы, тыйым салд ым ауызға.
Дəрігерлер кеңес беріп тағы да,
Дəрі-дəрмек сатып алдым қарызға.
Суық тиіп, тұмауратып қалғанда,
Денем ысып, көтерілді қызуым.
Тағдыр басқа тауқіметін салғанда,
Жақындардың сездім жүрек жылуын.
Аяқ созып, бірер сағат демалдым,
Ауыр жүктен кетсе белім қайысып,
Кей кездері ауыр ойға қамалдым,
Бас ауырды, тез жазылдым шай ішіп.
Көріп жүріп неше түрлі сұмдықты,
Жүйке тозды, не істерімді білмедім.
Алла ғана көрсете алды шындықты,
Тəуба, тəуба! Аман-есен жүргенім.
Жүзеге асу үшін барлық тілегім,
Өзімді өзім өрге қарай сүйредім.
Қысылғанда дүрсілдеді жүрегім,
Жүгіргенде бүлкілдеді бүйрегім.
Жүрген жоқпын қиын шақта майысып,
Тіршіліктің көтергенде ауырын.
Қабырғамыз еріксізден қайысып,
Салмақ түсіп, езілді ғой бауырым.
Көп жүрген соң тызылдады табаным,
Əбігерге түсіп жүрдім қанша мен.
Бал жаладым қарлыққанда тамағым,
Тіске ет тұрса, тазаладым аршамен.
Бұл өмірдің жейсің тəтті жемісін,
Денсаулықтың білген болсаң қадірін.
Игі іс жаса туып-өскен ел үшін,
Соғып тұрса алпыс екі тамырың.
Рахмет!
Құд іретті Жаратқаным!
Күнд е көрсем таң атқанын,
Миымызға ақыл ек!
Көзімд і аштым, жарық көрд ім,
Төңіректі танып-білд ім,
Шеше, саған рахмет!
Аттың жалын тартып мінд ім,
Сауық салд ым, сайран құрд ым,
Туысқа д а жақын ек.
Талабымд ы мақұл көрд ің,
Кеңес айттың, ақыл берд ің,
Əке, саған рахмет!
Тіршілікте күліп-ойнап,
Жаз гүлінд ей тұрд ым жайнап,
Жастық шақта батыл ек.
Қиын шақта созд ың қолд ы,
Көрсете алд ың тура жолд ы,
До сым, саған рахмет!
Бойд а жігер, намыс, қайрат,
Жас д əуренім тұрд ы қайрап,
Қателессем,ғафу ет!
Сырын білд ім махаббаттың,
Сыйластықтың д əмін таттым,
Жарым, саған рахмет!
Ғұмыр өтіп бара жатыр,
Көрген түстей қалад ы ақыр,
Алла!
Маған рақым ет!
Көріп жүрген күнім үшін,
Маған берген білім үшін,
Саған шексіз рахмет!
* * *
Білмей жасап жүрген күнəм бар шығар,
Кешір, Алла-тағала!
Біліп жасап қойған күнəм бар шығар,
Онд а мені жазала!
Суға түсір отқа күйд ір, əйтеуір,
Іштің кірін тазала.
Нұрыңд ы құй жүрегіме, қаныма,
Жан нұрланса тоза ма?!
Көкіректі аршымай ма тағы д а
Жанға д ауа таза ауа.
Өкініп те үлгермей ме, білмеймін,
Кез болғанд ар қазаға.
Тек мойында қарыздары қалмасын,
Болған кезде жаназа.
* * *
Жүгірмедім, жүрдім,
Отырмадым, тұрдым.
Ізіне ермей сұмның,
Сөзіне ермей жынның,
Білгенімді қылдым,
Сауық-сайран құрдым.
Ортасында мыңның
Құнын білдім Бірдің.
Шаршы топқа кірдім,
Білегімді түрдім.
Жолыққанда жылдым,
Аттың басын бұрдым.
Соңын күттім жылдың,
Нұрын жұттым Күннің,
Фəни сырын білдім,
Сүйтіп өмір сүрдім.
Өтті бастан дəурен,
Сонда осы мен Кіммін?
Ренжітпе ешкімді
Ұтқаннан көп ұтылған,
Қайтса халық базард ан.
Кімд ер қашып құтылған
Тура келген ажалд ан.
Ер көп болса елд егі,
Тірісінд е сыйлайд ы.
Қазақ қайтқан пенд ені
Жаманд ыққа қимайд ы.
Аллаға айтса тілегін,
Берер түбі жауабын.
Бірақ, жұрт д а білед і
Обалы мен сауабын.
Мақтаншақ па, кесір ме,
Елд ің көңілі толд ы ма?
Жетім менен жесірге
Қайырымы болд ы ма?
Ойға салып көрші өзің,
Кетсе д е от пен су басып,
Сөйлед і ме ел сөзін,
Ойлад ы ма қу басын?
Жүргенд е д е басы аман,
Болар талай ерд е мін.
Біліп, білмей жасаған,
Күнəсі көп пенд енің.
Ажал келсе, айт, кəні,
Кім бар қарсы тұра алар?!
Жасағаны, айтқаны
Қияметте сұралар.
Бұл жалғанд а бес күнд ік
Тірлік қызық, əрине!
Ренжітпе ешкімд і
Сонд ықтан бұл фəнид е.
Аралас
Қысы-жазы көзд ің жасын құрғатпай,
Қолын созып, көмек берер жан таппай,
Өзек жалғар бір тілім д е нан таппай,
Демі үзілсе, «өлд ім»» - д еп те тіл қатпай,
Жүрген д е көп жалаңаяқ, жалаңаш.
Масайраған, ішім-жемге тоймаған,
Мықты келсе жалбаң қағып, тойлаған,
Жанның емес, малд ың қамын ойлаған,
Қонақ келсе, тышқақ лағын соймаған,
Пенд е д е көп бір біріне қарамас.
Күн суықта абыржитын, сасатын,
Жиғаны жоқ қатарынан асатын,
Бірақ, бард ан қайыр, мейір то сатын,
Шамасы жоқ бірд і бірге қо сатын,
Келей д е көп бір тойғанға шала мас.
Торқалы тон, жыртық шапан кигенд ер,
Тұщы етіне ащы таяқ тигенд ер,
Арам қолд ы басын иіп, сүйгенд ер,
Суға түсіп, жанған отқа күйгенд ер,
Бəрі-бəрі бұл фəнид е аралас.
* * *
Өлшедің бе өмір, өлім арасын,
Дəм таусылса, көзді бір күн жабасың.
Кетсе нөсер шөл даланы қылып көл,
Тасқын судың не қылғанын ұғып көр.
Жаурағанды жылындырса жанған от,
Жойқын өрттен ешкім аман қалған жоқ.
Барар жерге жылдам жетсең көлікпен,
Ажал табар кейбіреу сол көліктен.
Мəз боласың ас ішкенге табақтан,
Ажал табар кейбіреу сол тамақтан.
Төсегінде адам қызық көреді,
Төсегінде жатып науқас өледі.
Сөз қадірін кез келген жан ұғады,
Сол сөз кейде пəле болып шығады.
Жалт-жұлт еткен өмір осы қас-қағым,
Олай болса, жаңсақ қадам баспағын!
* * *
Əміріңді жүргізіп,
Қадіріңді білгізіп,
Алтын тақа мінсең де,
Төбең көкке тиіп те,
Шығып алып биікке,
Мұнараның ішінен
Шықпай өмір сүрсең де,
Аллаға зар қылам деп,
Қылуетте болам деп,
Жер астына кірсең де,
Ден сау болып, талтаңдап,
Бағың тасып, алшаңдап,
Жерді басып жүрсең де,
Салып сауық-сайранды,
Жиі көріп мейрамды,
Тоқсан жасқа келсең де,
Ажал сені табады.
* * *
Қала көп пе бүгінд е,
Мола көп пе жерд е о сы,
Терең мұхит түбінд е
Кейбіреуд ің мүрд есі.
Болд ы ма екен бұрын д а
Ад амзаттың қад ірі?
Эверестің шыңынд а
Кейбіреуд ің қабірі.
Еске алмауға бола ма,
Не өтпеген басынан?!
Жусан өскен д алад а
Қанша сүйек шашылған!
Қатқан қара тастың д а
Кеуд есінд е нала жүр.
Əр төбенің астынд а
Жатқан жоқ па мола бір?!
Өтер өмір, бір күні
Топырақ жабар бетіңд і.
Жерд ің өзі, ойласаң,
Алып мола секілд іі.
* * *
Тура жолд ы болмайд ы теріс д еуге,
Қисық жолд ы болад ы тегістеуге.
Жақтырмайтын шынд ықты кісілерге
Бұл сөзіммен болад ы келіспеуге.
Шынд ықты ізд еп көп кісі сабылад ы,
Жəбір көрсе, Аллаға шағынад ы.
Мағынасын жырымның түсінгенд е,
Бұл сөзімд і қолд аушы табылад ы.
Бұл фəнид ің көрсең д е қызықтарын,
Қоя алмайсың көрмеге тізіп бəрін.
Өзгертуге болад ы, шамаң жетсе,
Маңд айд ағы тағд ырд ың сызықтарын.
Қатарынан бағы асып, озғаны жоқ,
Ад амзаттың жалғанд а азғаны көп.
Не түссе д е басына, көніп соған,
Жүре берме Алланың жазғаны д еп.
Кең ғаламның сырларын меңгерер кім?
Балық-сынд ы сең соққан сенд елермін.
Үміт етіп Аллад ан, қайрат қылса,
Өз қолынд а тағд ыры пенд елерд ің.
* * *
Айтса д а ақыл кемеңгер,
Ад асып жүрген көп əлі.
Аллаға ғана құл болған
Исаны Құд ай д егенд ер
Шынд ықтың бетін жабад ы.
Айтса д а білмей над анд ар,
Көтеріп оны жоғары,
Құрсақта жатып, жетілген,
Əйелд ен туған пайғамбар
Қалайша Құд ай болад ы?
Шынд ықты айтар кім бетке,
Оларға жалған ұнайд ы.
Оқыған кім бар Інжілд і?
Жазылған онд а: «Сүнд етке
Отырғызған д еп Құд айд ы».
Өмірд ің өзі шарайна,
Көңілге жиі қарай ма?
Лай мен суд ан жаратқан
Ад амд ы тең д еп Құд айға,
Жатқаның Хаққа ұнай ма?!
Тауысып, сірə, көз майын,
Оқыған жан көп Құранд ы.
Сөзімд і əрі созбайын,
Исаның айтып мəн-жайын,
Серпілткен жоқ па күмəнд і.
Жалғанд а жан жоқ тең келер,
Аллад ан тағы сұраймын.
Шайтанның сөзін жөн көрер,
Тəубаға келсін пенд елер
Танымай жүрген Құд айын.
* * *
Бұл өмір ад амның көзінің қарасы, ағынд ай,
Тым қымбат ат басы алтынд ай,
жақұт пен лағылд ай.
Алайд а, көп жанның ғұмыры қысқа ғой,
Қас пен көз арасы, қамшының сабынд ай.
Жүрсең д е үлд е мен бүлд еге малынбай,
Бо сқа өтсе өмірін көпірген сабынд ай,
Артыңд а өшпейтін бір ізің қалмаса,
Кеуд ед ен уайым қояд ы арылмай.
Жаратқан Алланың еркіне бағынбай
Болмайд ы.
Арманың көлбеңд ер сағымд ай.
Көктемнің күнд ерін қыс түссе сағынбай
Тұрмайсың.
Сонд ықтан таппайд ы жаның жай.
Жастық шақ – бастағы бағыңд ай,
Жастықтың жайнаған отымен жалынд ай,
Өзіңнен мықтыға жағынып, жалынбай,
Жүрсең д е ешкімге бағынбай,
Қамал көп қалатын алынбай.
Білімін жинаған – таусылмас малыңд ай,
Мақсатың – төбесін қар жапқан тауыңд ай.
Жел мүжіп, тозатын үстінд е тоныңд ай,
Ізд еген заттард ың біразы
Бəрібір, кетед і табылмай...
* * *
Оңнан құрған тордан,
Солдан келген сордан,
Арттан атқан оқтан,
Алда қазған ордан,
Сақта мені, Жасаған!
Сінген мінді сүйекке
Сылып таста құр еттей,
Ізгі ойдағы тілекке,
Ықылас пен ниетке,
Баста мені, Жасаған!
Төбеден келген мұз-қардан,
Табаннан өткен ызғардан,
Кемталант, қарау ақыннан
Өзінен ассам, қызғанған,
Сақта мені, Жасаған!
Қалмай елдің көшінен,
Таусылмаса несібем,
Ырыздықты теріп жеп
Туған дала төсінен,
Болса болды бас аман.
* * *
Өмір кейде əуе жолы секілді,
Əуежайың дайын тұр ма қонатын?!
Таза ұста жүректе ізгі ниетіңді,
Орта жолда қырқылмасын қанатың.
Өмір кейде теңіз жолы секілді,
Кез де болар ащы суды ішетін.
Бірақ, балық жем қылмасын етіңді,
Мақсат айқын порт секілді түсетін.
Өмір кейде пойыз жолы секілді,
Рельстен ауытқымай жүретін.
Жол бойында елді мекен не түрлі,
Қай бекетте тоқтайтынын білетін.
Өмір кейде асфальт жолға ұқсайды,
Жүрсең болды басқа жаққа бұрылмай.
Түзу жол да үнемі ойдан шықпайды,
Жүру қиын кедергіге ұрынбай.
Жалғасады ғұмыр бойы осылай
Өмір жолы көкте, жерде, теңізде.
Қиындықтан, тəуекелден шошымай,
Адаспайтын тура жолды сен ізде!
* * *
Саған бұл сөз ұнамай ма, ұнай ма?
Кез келген жол апарад ы Құд айға.
Барасың-ау, барғаннан соң, алайд а,
Қалай, қайтіп ақталасың? Соны ойла!
Жас, кəрі ме, жасамыс па, бала ма,
Бəрін д е Алла əкелед і молаға.
Қияметте жауап берер күн жақын,
Олай болса келгенің жөн тобаға.
Патша, сұлтан, бай-манап па, əмір ме,
Бəрін д е Алла апарад ы қабірге.
Бірақ, қабір емес соңғы мекені,
Олай болса сыйын жалғыз Тəңірге
!
* * *
Жүрген кезд е бұлт ала, жер шола,
Күнд е көрген тауқіметім қаншама?!
Кешегім мен бүгінімд е болса д а,
Кес-кестейд і алд ымызд ан бір шала.
Өткенімнен сабақ алам!
Бүгініме тəуба қылам!
Ертеңіме сенім артам!
Мына жалған күйіп-жанып тұрса д а.
Соның бəрі сенің арқан, Жаратқан!
Астапыралла!
Əлхамд улила!
Иншалла!
* * *
Неге сонша ұйқы қашты,
Емес ед ім түкке д е алаң.
Көтергенд ей қара тасты
Жетімсіреп жұртта қалған,
Қорғасын ой еңсе басты
Түн ішінд е келіп маған.
Кенет біреу есік ашты,
Мысық екен ұйықтамаған.
Бо с жатқаным жарамасты,
Қалай ғана ақтала алам?!
Қалай ғана ашық-шашық
Жатқан елге тұтқа болам?
Тұр, Ақылбек, көтер басты,
Жəрд ем берсін Хақ-Тағалам!
* * *
О,тоба!
Күнд е жүретін көріп жоқ ад ам,
Тіріліп қайта, келмейд і ол қайтып молад ан.
Ағайын, туған жиналып, оның мүсінін
Жерінд е жатқан қойыпты құйып қолад ан.
Естімес мүлд е жақынның д ауысын жылаған,
Жан бітсе кенет, сөйлер ме болып тірі ад ам.
Тас болып қатқан тұғырд а тұрған ескерткіш
Жауын мен қард ың əсері тіпті жоқ оған.
Фəнид е д əйім болмайд ы ісің қалаған,
Жер басып жүрсең, асып та кетпе шамад ан.
Үзілмес өмір тереңд е болса тамырың,
Жапырақ жаяр ұрпағың сенен тараған.
* * *
Қай жерге тоқтад ы Нұхтың кемесі?
Ешкім д е білмейд і бүге-шігесін.
Таусылса тұз-д əмің, бітсе егер көресің,
Қалай келесің – солай кетесің,
Қара жер қойнына жалаңаш енесің.
Шыр етіп келгенд е – орансаң жаялық,
Жыласаң сүт сұрап кеткенд е оянып,
Қаншама мал-мүлік, байлықты жисаң д а,
Ажалд ың сағаты келгенд е таянып,
Кебіннен басқаны алмайд ы көр, анық.
Қыбырлап, қимылд ап өмірд і сүргейсің,
Өйткені, үнемі жер басып жүрмейсің.
Жамбасың қара жер қойнына тигенд е,
«Фəнид і өткінші, Бақид ы шын» – д ейсің,
Жатқан жер жұмсақ па, торқа ма, білмейсің.
Бұл өмір өзгермей қалыпта тұра ма?
Аллаға иланбай, батсаң д а күнəға,
«Ол жақта не бар?» – д еп молд ад ан сұрама.
Барлық ел барған жер, көміліп қалған жер,
Əкең мен шешеңнің мекені – сол ара.
Достарыңызбен бөлісу: |