Әдебиеттер:
1.
Марғұлан Ә.Х. Ежелгі жыр, аңыздар: ғылыми-зерттеу
мақалалар. – Алматы, 1985.
2.
Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы,
1986.
3. Көпейұлы М.Ж. Шығармалары. 9 т. – Павлодар, 2006.
4. Қашқари М. Түрік тілінің сөздігі (Диуани лұғат-ат түрк). 1 т.
– Алматы, 1997.
5. Древнетюркский словарь. – Ленинград, 1972.
6. Бартольд В.В. Извлечения из сочинения Гардизи Зайн-ал-
Ахбар. Приложения к «Отчету о поездке в Среднюю Азия с научной
целью. 1893-1894 гг.» // Соч., - Т.ҮІІІ. – М., 1973. – С. 23-62
7. Рашид-ад-дин. Сборник летописей. Т.І-ІІ. – Москва, 1952-1960.
8. Русско-китайские отношения в ХҮІІ веке. –Т. І. Материалы и
документы. –Т.І., 1608-1683. – Москва, 1969.
9. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 2013-2014 жылдардағы
этноархеологиялық экспедициясының материалдары
10. Рерих Н. Алтай-Гималай. Предисл. Б.Г. Гафурова. Послесл.
А.П. Окладникова. – Москва, 1974.
11. Сапожников В.В. По Алтаю. – Москва, 1949.
12.
Материалы
по
киргизскому
землепользованию.
Семипалатинская область Павлодарский уезд. Т. ІҮ. Воронеж, 1903.
13. Коншин Н. О памятниках старины в Семипалатинской
области //Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского
отдела ИРГО. – Вып. І. – Семипалатинск, 1903.
14. Миллер Г.Ф. Описание городов, крепостей, острогов,
слобод, сел, деревень, островов, рек, речек, озер и других
достопримечательностей на реке Иртыше и возле него вверх от города
79
Тобольска //Сибирь ХУІІІ века в путевых описаниях Г.Ф.Миллера //
История Сибири. Первоисточники. Новосибирск, 1996
15. Мечников Л.И. Цивилизация и великие исторические реки. –
Москва, 1995.
ТАРИХИ АТАУЛАРДЫ ҚАЙТАРУ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ
БЕЛГІСІ
ПАНГЕРЕЕВ А.Ш.
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту
басқармасы ономастикалық жұмыстар
және талдау бөлімі
Ақтөбе қаласы
Аннотация: Статья посвящена изучению общего
ономастического пространства Актюбинской области в
историческом аспекте. В ней говорится об основных принципах
номинации объектов районов области.
Abstract: This article presents the total study of onomastic
space in Aktobe region from the historical point. The author describes
the main pronciples of objects’ nominations in this region.
Еліміздің тәуелсіздік алғалы тілдік ахуалымыз жақсарып,
мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесі мен сапасы артқанын көріп
отырмыз. Ақтөбе облысында да ономастикалық атауларды
қалпына келтіру, байырғы тарихи атауларын қайтару ісі қолға
алынып, бүгінде біршама жұмыстар атқарылды. Облыс халқының
тілдік құрамына келетін болсақ, тұрғындардың тілдік әлеуеті жыл
сайын жақсарып келеді. Мемлекеттік тілді жетік меңгергендер
91% құрайды. Орыс тілді меңгергендер – 93%. Үш тілді 12%
тұрғындар меңгерген. Осының ішінде қазақ тілін меңгерген өзге
ұлт өкілдері 24,5% құрап отыр. Демек, тілмен тығыз байланысты
ұлттық болмысымыз да оң қырына ойысты. Соның бірі – ұлттық
ономастика. Ұзақ жыл ұршығы иірілмей, жібі шырмалып, өңі
өзгерген, өзегі ащы запыранға толы ономастика заманауи бағыт
алды. Қоламтасы бықсыған от лаулап, ошақтың жылуы тарала
80
бастады. Өшкен жанды деп қазақ осындайда айтқан. Өйткені
ата-бабадан қалған жер, су, елді мекендердің тарихи атаулары
табылып, кейін қайтарыла бастауы исі қазақтың төбесін көкке
көтерді. Лайым от сөнбесін!
2010 жылы 1 ауылдық округтің, 6 ауылдың, 2011 жылы 8
ауылдың тарихи атаулары қайтарылды. 2012-2013 ж.ж. атаулар
беруге, қайта атауға тоқтам салынғандықтан ұсыныстар болған
жоқ. 2014 жылы 1 ауылдық округ пен 2 ауылдың атауы өзгертілді.
2015 жылы жарияланған мораторийге байланысты ұсыныстар
қабылданбады.
Патшалық дәуір мен одақ кезінде Ақтөбе облысында 167
елді мекен өздерінің тарихи атауларынан айырылып қалған
еді. Тәуелсіздік жылдарынан бері қарай 143 елді мекен тарихи
атауларын қайтарып алып отыр. Енді жиырманың үстінде атау
қалды. Айта кету керек, тек қана 2005 жылдан бері қарай 69 елді
мекендердің, ауылдық округтердің атаулары тарихи мәніне ие
болды. Бұл шаруа оңайлықпен келген жоқ. Оның үстіне дүркін-
дүркін жарияланған мораторийлер онсыз да қысқа адымға тұсау
сала бергені аян.
Алайда әліптің артын күтіп отырғанымыз жоқ, тоқтамның
арасынан жік тауып, 32 елді мекеннің байырғы атауын қайтарып
алдық. Ол үшін сынға да түстік. Бірақ заң талабы бұзылмаған еді.
Тоқтам салынған кездері басқарманың ономастика бөлімі
тұңғыш рет байырғы атауларды іздеп табу мақсатында ғылыми
тұрғыда зерттеу жұмысын қолға алды. Сөйтіп республика, облыс
ғалымдарын тарта отырып, 2007 жылы «Ақтөбе облысының
топонимиялық кеңістігі» деп аталатын кітап тұрғындар назарына
ұсынылды. 2008 жылы «Ақтөбе облысының топонимиялық
жүйесіндегі атаулардың өзгертілуі» және 2009 жылы «Ақтөбе
облысының ұлттық топонимиясы мен байырғы тарихи-
географиялық атауларды қалпына келтіру» деп аталатын екі
томдық екі тілде зерттеу жарық көрді. Осы кітаптарда облыстағы
барлық елді мекен атаулары жүйеленіп, іздестіріліп табылып,
архивтік материалдармен, байырғы карталармен толықтырылып
көрсетілді. Зерттеу кітаптарындағы атаулар тұрғындарға
түсіндірілді. Тарихи атауларды қайтаруда осы еңбектер негіз
81
болды. 2009 және 2012 жылдары «Ақтөбе облысының жер-су
атауларының атласын» шығардық. Атласта қайта аталған атаулар
көк жалаушалармен белгіленді. Облыстың, аудандардың қазақ
тіліндегі географиялық картасын шығарып тараттық.
Зерттеу жұмысына екі жылдан бері мектеп оқушыларын,
студенттер мен жастарды тарттық. «Туған өлкемнің атауы» атты
жоба байқауын өткіздік. Бірінші байқауға 60 бала қатысып,
олардың зерттеу еңбектері арнайы кітапқа жинақ болып енгізілді.
Биыл «Атаулар сыр шертеді» деген атпен өткізілген жобаға 180
жастар қатысып, 80 еңбек іріктеліп алынды. Облыстың жер-су,
елді мекен атауларын зерттеген оқушылар жинақ болып басылып
шықты. Жобада үздік шыққан мектеп оқушысына және студентке
облыс әкімінің екі Бас жүлдесі мен 100 000 теңге көлемінде
сыйлығы берілді. Бұл жобаның мақсат міндеті төмендегідей:
«АТАУЛАР СЫР ШЕРТЕДІ» байқау жобасының
сипаттамасы
Мақсаты:
• өскелең ұрпақтың туған өлкесінің тарихын тануына,
облыстың топонимия кеңістігіне ғылыми негіз жасауына
қатыстыру;
• жастардың тарихи топонимдердің пайда болуы, жойылуы,
өзгеруі туралы өлкетанулық, географиялық, тарихи танымдық
білімдерін арттырудың негізін жасау;
Міндеті:
• жастар зерттеген өлкетану тарихы туралы жинақ әзірлеп
шығару және оларды аудан кітапханаларына, мектептерге тарату;
• тарихи мәніне ие бола алмай отырған географиялық
атауларды байырғы атауларымен атау үшін алғышарттар жасау;
• кітапханалар мен мектептердің оқыту-әдістемелік
базасын топонимия кеңістігіндегі өлкетану материалдарының
жаңа деректер базасымен толықтыру.
Жобаны дайындауға қатысушылар:
• жалпы білім беретін мектеп оқушылары;
• жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері.
Жобаның өту тәртібі:
1-кезең
уақыты:
оқушылар
мен
студенттердің
82
материалдарды жинап тапсыруы;
2-кезең уақыты: арнайы сайтта жиналған материалдарды
сараптамадан өткізу, қорытынды жасау.
Жобаны дайындау оқыту семинарын өткізу;
• тарих ғылымдарының докторы, кандидаттар құрамы бар
қазылар алқасын құру;
• байқау жобасына түскен еңбектерді саралау;
• жүлдегерлерді, Бас жүлдегерлерін анықтау;
• жоба қатысушыларының еңбектерін арнайы сайтта
жариялау;
• жобаға берілген еңбектер қамтылған 300 дана жинақ
шығару.
Жобаға қатысушыларды марапаттау:
• жобаға қатысушылар арнайы сертификаттар, алғыс
хаттар, дипломдар, сыйлықтармен марапатталады;
• арнайы жекелеген номинациялар бойынша сыйлықтар
тапсырылады;
• облыс әкімінің Бас жүлдесімен (100 000 теңге)
марапатталады.
Жобадан күтілетін нәтижелер:
• облыс топонимиясының кеңістігі туралы жергілікті
материалдар қорын толықтыру;
• 180 жастың ономастика саласындағы ғылыми
жұмыстарға тартылуы арқылы олардың өз елін, жерін сүюге
тәрбиелеу;
• тұңғыш рет жастарға арналған ономастикалық
жұмыстар жөнінде ақпарат беретін сайт арқылы жастардың
облыс топонимиясын жетілдірулеріне мүмкіндік ашу, жобаның
ықпалымен облыс әкімінің Бас жүлдесін тапсыру дәрежесінде
мемлекеттік тіл саясатының ажырамас бөлігі ономастика
саласының маңыздылығын көрсету болып табылады.
Облыстық басқарманың тағы бір келелі ісі ретінде
«Туған өлке» деп аталатын кітаптар сериясын атауға болады.
Бұл серия әр ауданға арналып отыр. Ақтөбе облысы бойынша
топонимдердің қалыптасуы, атаулардың шығу тарихы, пайда
болуы, ерекшеліктері мен құндылықтары, жер-су, елді мекен,
83
тау, тас, өсімдіктер, аң, құс, жануарлар, ру тайпалық, қазақ
жәдігерлерінен пайда болған атаулар, анатомиялық терминдер,
тарихи-географиялық деректер, т.б атауы туралы ақпараттық,
танымдық, ғылыми зерттеу. Облыс аймағына жататын
топонимдер (жер-су, тау-тас), ландшафтық топонимдер (құм,
шоқы, қырқа, үңгірлер, қыстау, жайлау, күздік үйлер, т.б).
онимдердің пайда болу тарихы, анатомиялық лексика түріндегі
топонимика, анемоним салдарынан бертін келе жойылып кетуі,
антропоним (адам есімдерімен аталатын) негізінде берілген
атаулар, гелонимдер (батпақтар, шалшықтар, лайлар атауы),
генонимдік атаулар (сол жердің рулық-тайпалық атауларынан
пайда болған), дримонимдер (орман, тоғайлар), гидронимдердегі
лимнонимдер (өзен, көл, су, тоған, бөгет, су қоймалары, т.б
атаулары), тағы басқа атаулар зерттеудің негізгі объектісі
болып табылады. Флора мен фауна атауларына дейін енгізілген
кітаптың 4 ауданды қамтыған сериясы жарық көрді. Алдағы екі
жылға 3 аудан дайындалуда. Сериялық кітаптар қазақ, орыс және
ағылшын тілдерінде басылып шығып отыр.
84
1 Сурет – Ақтөбе облысының Ойыл және Байғанин аудандарының
топонимдерін зерттеу еңбектері
1 Кесте – Ақтөбе облысы бойынша атулардың тілдік құрамы
№
Қала, аудан атауы
Елді
мекендер
саны
Тілдік ахуалы
қазақша
орысша
1
Ақтөбе қаласы
30
24
6
2
Алға ауданы
45
44
1
3
Байғанин
44
4
Әйтеке би
47
46
1
5
Қарғалы
34
31
7
6
Қобда
50
49
1
7
Мәртөк
51
43
9
8
Мұғалжар
60
60
9
Ойыл
31
31
10
Темір
40
40
11
Хромтау
51
51
85
12
Шалқар
55
55
13
Ырғыз
28
28
Барлығы
566
541
25
2 Сурет – Ақтөбе облысы ономастикалық кеңістігі мәселелеріне
арналған байқау материалдары және Ақтөбе облысы жер-су
атауларының атласы
Атау беру принциптері. Атауларды өзгерту олардың
тарихи негізіне байланысты орындалады. Байырғы тарихи
атаулар туралы жүргізілген зерттеулер бойынша түскен
ұсыныстар сараланып, облыстық ономастика комиссиясында
қаралады. Барлық құжаттар ашықтық қағидаттарына сүйене
отырып жасалады. Жергілікті қоғамдастық жиыны бір ай бұрын
шақырылып, БАҚ, сайтқа хабарландырулар салынады. Жиын
өткеннен кейін оның хаттамалары БАҚ-да жарияланады.
Тұрғындар арасында атаулар беру, өзгерту, қайта атау
бойынша нақты түсінік жұмыстарын ұйымдастырудың нәтиже
алып келері сөзсіз. Осы мақсатта «Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнама талаптары
жергілікті жерлерде түсіндірілді. БАҚ-на материалдар берілді
86
және нормативтік-құқықтық актілер жинағы мен арнайы буклет
шығарылып үлестірілді.
Туындап отырған кейбір кедергілерден өту қиындық
тудырады. Сондай проблемалардың бір-екеуіне тоқталайық. Атау
берудің жергілікті жерлерде қоғамдастық жиындары арқылы
жүргізілуі жұмысты едәуір жеңілдетті. Облыстық маңызы бар
қалалардың құрамдас бөліктеріне депутаттар тыңдауымен
олардың тұрақты комиссиялары арқылы шешу де оңтайлы тәсіл.
Рас, объектілерге атау беруде РОК-тың араласуы орынды-
ақ болсын, алайда, облыс орталығының құрамдас бөліктеріне
атау беру үшін Республикалық ономастика комиссиясының
қорытындысын алу қисынға келмейді деп білеміз.
ҚР «Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңында
әкімшілік-аумақтық құрылыс жүйесіне кіретін бірліктерді
былай деп тұжырымдаған: ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы
аудан, қала, аудан, облыс. Демек, бір атау облыстың бір аудан
орталығында немесе қалада, т.б жерлерінде қайталануына жол
берілмеуі керек деп түсінуге болады және мұны ашып көрсету
қажет-ақ. Сондай-ақ, атау беру, қайта атаудың критерийлерін
нақтылау қажеттігін өмір көрсетіп отыр. Яғни, әлі де болса
ономастика саласының уығын қатайтып, керегесін бекіте түсу
қажет.
ЭРГОНИМДЕР ЖҮЙЕСІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ
СИПАТТАМАСЫ
(ҚР орта білім беру мекемелерінің (мектеп)
атаулары бойынша)
ҚОҢЫРАТБАЕВА Ж.М.
Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Астана қаласы
Аннотация: Статья посвящена анализу сравнительного
описания системы эргонимов регионов Республики Казахстан.
87
Рассматриваются
наименования
учреждений
среднего
образования, среди них наименования школ как фундаментальный
слой эргонимов с общественно-лингвистической позиции.
Abstract: The paper concentrates on the comparative analysis
of ergonyms in the regions of Kazakhstan. The author studies the
names of educational institutions from the social and linguistic aspect.
ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысында елімізге дендеп еніп жатқан
әлеуметтік өзгерістер мен мәдениетаралық қатынастардың
дамуы түрлі сала (адамдардың іскерлік бірлесуі, коммерциялық
ұйымдар, мәдениет, білім ошақтары) кәсіпорындарының жаңа
атау алуын талап етуде. Ономастикалық кеңістіктегі атау
берудің бұлай жаңғыруы оның орталық өзегі (ядросы) болсын,
шеткері өзегі (перифериясы) болсын, күн санап өзектене түсуде.
Әсіресе, бұндай «ономастикалық жарылыс» жалқы есімдердің
перифериялық разрядтарының бойында аса белсенділік танытып
отырғаны белгілі. Себебі онимдер құрылымының шеткері қабаты
өзгерісті бойына тез, жиі қабылдайтын, құбылмалы болып келеді.
Жалпы, ономастика ғылымында жалқы есімдердің шеткері өзегіне
(перифериялық) эргонимдер, фитонимдер, хрематонимдер,
поэтонимдер, ойкодомоним, т.б. разрядтар жатқызылады.
Ал Г.Б. Мәдиева мен С.Қ. Иманбердиева ономастикалық
кеңістіктің перифериялық шекте тұрған барлық түрін шартты
түрде, ең алдымен, идеонимдер және прагматонимдер деп екі ірі
разрядқа бөліп қарастырады. Оның ішінде идеонимдер қатарына
артионим, библионим, гемероним, документоним, хрононим,
поэтоним, теоним, т.б. алады да, прагматонимдерге эргоним,
хрематоним, порейоним, фалеронимдерді жатқызады [1, 81-93].
Біз ономастардың осы жіктеуін басшылыққа ала отырып, еліміз
өңірлеріндегі эргонимдер жүйесін салыстырмалы сипаттама
тұрғысынан қарастырамыз.
Тіл ғылымында эргоним терминіне мынадай анықтама
беріледі: «Эргоним – оним түрі. Ол іскери адамдардың бірігуі,
оның ішінде одақтар, ұйымдар, мекемелер, корпорациялар,
кәсіпорындар, қоғамдастықтар мен үйірмелердің атауы. Мысалы,
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Халықаралық Астрономиялық
88
Одақ (ХАО), Ғылым Академиясы (ҒА) және т.б.» [2, 151]. Яғни,
іскер адамдардың бірігуі (ғылым, білім, оқу, өндіріс орындары),
коммерциялық мекемелер (агенттік, банк, дүкен, фирмалар),
мәдени нысандар (кинотеатр, клуб, театр, ойын-сауық
орындары), спорт орындары (кешендер, стадиондар) сынды
түрлі қызмет салалары эргонимдік қатардың бірліктері болып
табылады. Бұл сипаттарымен қоса, эргонимдер өзі тектес өзге
онимдер табиғатынан құрылымдық-семантикалық түрлілігімен
ерекшеленеді: оның атауы ретінде жекелеген графикалық
таңбадан бастап күрделі синтаксистік құрылымдарға дейін
белгілене алады; құрылымы әлсіз, басқаша айтқанда, өзгерімпаз,
уақыт таңдағыш болып келеді; эргонимдер болып кез келген сөз
табы қолданыла алады.
Эргонимдер қоғамдық қажеттіліктерді шешу мақсатында
анықтауыштық-бөлшектеуші, ақпараттық, адрестік, меморативті,
эстетикалық, танымдық, жарнамалық т.б. қызметтерін атқарады.
Қоғамның бөлінбес бір бөлшегіне айналған эргонимдердің
ерекше бір түрі – орта білім беру мекемелері, оның ішінде
мектеп атаулары. Мектеп атаулары эргонимдердің жалпы
функционалдық сипатының барлығына дерлік жауап бере алады,
яғни оның қызметі сан-салалы. Қазақстан аумағындағы мектеп
атаулары да тарихи-мәдени, әлеуметтік-қоғамдық өзгерістер
қатпарларында өзінің көп функционалдығымен дараланады,
сондықтан оларды тілдік-мәдени, тілдік-әлеуметтік тұрғыдан
қарастыру қазақ ономастика ғылымы үшін маңызды мәселелердің
бірі болмақ.
Қазақстанда шамамен 7576 орта білім беру мекемесі болса,
соның 7028-і – мектеп екен (2014 жылы жүргізілген мәлімет
бойынша) (1-сурет).
1 сурет – ҚР бойынша орта білім беру мекемелерінің (мектеп) саны
89
Қазіргі Қазақстан өңірлеріндегі мектеп атауларын
номинациялық, лексика-семантикалық, лингвокогнитивтік,
прагматикалық тұрғыдан қарастыруда олардың уәжділік
сипаттамасының кең сипатты екендігін тануға болады. Себебі
олар еліміздің ономастикалық, коммуникативтік-ақпараттық
кеңістіктігінде белсенді рөл атқаруда. Ел аймақтарындағы мектеп
атаулары эргонимнің ерекше түрі ретінде өз бойына нақты
белгілерімен танылатын ұжымдық мекен туралы ақпарларды
жинаған, атап айтқанда этникалық тиістілік, әлеуметтік жағдаят,
мәдени-тарихи құндылық сынды сипаттардан хабардар етеді.
Ел өңірлеріндегі мектеп атауларының бойынан антропоним-
эргоним, топоним-эргоним, астроним-эргоним, урбаноним-
эргоним және т.б. сипаттарды табуға болады. Осыған орай біз
ҚР орта білім беру мекемелері (мектеп) атауларының негізгі
категорияларын құрылымдық-семантикалық жағынан шартты
түрде үлкен төрт топқа бөліп қарадық (1-кесте).
1 кесте – ҚР орта білім беру мекемелері (мектеп) атауларының
негізгі категориялары және олардың пайыздық көрсеткіші:
Кестеден көріп отырғанымыздай, Қазақстан Республикасы
орта білім беру мекемелері (мектеп) атауларының негізгі
категорияларын жер-су атаулары мен кісі есімдері құрайды екен,
сондай-ақ, тіркеу ретіне және арнайы мақсатқа қызмет ететін
типтері де кездеседі. Аталмыш эргонимдер жүйесінің республика
аймағында көрініс табуы, әрине, әртүрлі сипатта (2-кесте).
№ Мектеп атауларының категориялары
Пайыздық
көрсеткіші
1 Нөмірлі эргонимдер (мектептер)
22%
2 Меморативті эргонимдер (мектептер)
29.35%
3 Арнаулы эргонимдер (мектептер)
1.42%
4 Топонимикалық эргонимдер (мектептер)
47.33%
Барлығы:
100%
90
2 Кесте – ҚР өңірлері бойынша орта білім беру мекемелері (мектеп)
атауларының негізгі категорияларының пайыздық салмағы:
Нөмірлі эргонимдер (мектептер) – еліміздің орта білім беру
мекемелері (мектеп) атауларының негізгі категорияларының
бірі болып келеді, пайыздық үлесі шамамен – 22%. Бұл санатқа
біз кісі есімдері берілмеген, тек нөмірленген мектеп атауларын
жатқыздық. Еліміздің ономастикалық кеңістігіне салыстырмалы
сипаттама жасау барысында мектептердің нөмірленіп берілуі,
әсіресе, урбанонимдік жүйеге тән екендігі аңғарылды. Ол
түсінікті де, себебі қалалық жерлерде қоғамның кең тынысты
(мегаполистік) өміріне орай білім беру мекемелері бірден
нөмірленіп тіркеледі. Және бұл құбылыстың қала тұрғындары
№
Өңірлер
Өңірлер бойынша мектеп атауларының
негізгі категориялары (%)
Нөмірлі
эргонимд
ер
(мектепт
ер) - %
Мемора
тивті
эргонимде
р
(мектепте
р) - %
Арнаулы
эргонимд
ер
(мектепт
ер)- %
Топони
микалық
эргонимде
р
(мектептер
)- %
1
Астана қаласы
82
12.5
5.55
-
2
Алматы қаласы
75.72
23
1.28
-
3
Ақмола облысы
15.46
15
1.72
67.86
4
Алматы облысы
16
39.16
2.14
42.34
5
Ақтөбе облысы
29
15
-
56.37
6
Атырау облысы
17.7
53
1.9
27.7
7
Батыс Қазақстан
облысы
13.8
28
1.3
57.06
8
Жамбыл облысы
17
47.23
0.21
36
9
Қарағанды облысы
39.14
14.34
0.19
46.33
10 Қостанай облысы
17
36
0.23
53.23
11 Қызылорда облысы
60.37
33
0.20
6.43
12 Маңғыстау облысы
48.45
13.40
-
57
13 Оңтүстік Қазақстан
облысы
9.5
57
2
31.5
14 Павлодар облысы
19
13.37
0.27
33
15 Солтүстік Қазақстан
облысы
7.36
7
2.5
83.14
16 Шығыс Қазақстан
облысы
19
24
3.5
53.5
91
мен қонақтарының жүріп-тұруына оң ықпал ететіндігі байқалады.
Өзге қалалық жерлерге қарағанда нөмірлі мектептердің дені
Астана мен Алматы сынды ірі орталықтарға тән. Мәселен, Астана
қаласында мектептердің 82%-ы нөмірленген болса, ал Алматы
қаласында 77%-ды құрайды екен (2-кесте). Яғни, Елордада 78
мектеп болса, оның ішінде 65-і тек нөмірлі болып келген. Сол
секілді Алматы қаласында барлығы 213 мектеп болса, соның 163-
і нөмірленген. Ал қалған мектеп атаулары нөмірленіп келгенімен,
белгілі бір қайраткер есімін (меморативті) иеленген. Бұндай
білім беру мекемелерінің күнделікті қоғам өміріндегі атқарар
қызметтерінің өзгешелеу екендігін тануға болады. Жалпы,
нөмірленген орта білім беру мекемелерінің атауларында өзіндік
ерекшелік бар, олардың бойында өзара ортақ бірізділік сипат
көрініс табады. Эргонимдердің бұл сипатты түрі мектептерді
нөмірлеп тіркеу функциясымен ғана шектеліп қоймайды. Жеке
бір нысанның атауы бола тұра, ол қоғамдық қажеттіліктерге орай,
негізінен алғанда, ақпараттық (информативтік), бөлшектеуші
(дифференциациялаушы), мекендік (адрестік) қызметтерімен
танылады. Қала әлеуметінің қарбаласқа толы күнделікті өмірдің
кез келген сәтінде осы қызметтерге жүгінулері заңдылық. Себебі,
«37-мектептің жанында тұрамын», «4-мектепке қарай жүресіз»,
«22-мектептің алдынан өтесіз», кейде тіпті ықшамдап «1-ден
келдім», 5-тің алдында кездесеміз», «48-ге қарай бұрыласыз»,
т.с.с. деген жұмсалымдар ауызекі сөйлеу тілінде әрі ықшам, әрі
жеңіл айтылып, тез әрі нақты бағыт-бағдар беруге көмектеседі.
Демек, нөмірленген білім беру орындарын ірі урбанонимдік
кеңістіктерде өзіндік түрлі қызметімен танылатын эргонимнің
ерекше түрі деуге болады.
Кейінгі орындарды Қызылорда (60.37%) және Маңғыстау
(48.45%) облыстары алады. Мұндағы бір ерекшелік – бұл
өңірлерде нөмірленген мектептер облыс орталықтарына қоса
аудан, ауылдарында да көрініс тапқан. Яғни, аталмыш өңірлердің
аудан округтерінде тек нөмірленген, кісі есімдері де берілмеген,
тіпті жергілікті мекен аттарымен де аталмайтын мектептер жиі
кездеседі. Және олардың дені нумерологиялық қызмет қана
атқарады деуге болады.
92
Меморативті эргонимдер (мектептер). «Меморатив» -
алғашқыда көне үндіеуропа тілінің «ойлау» мағынасындағы
men- /mon- түбірінен қалыптасып, кейінірек латын тілінде
memor – «есте сақтау, жадынан шығармау, ойда ұстау, ойында
сақтау, ұмытпау» мағыналарында жұмсалыс тапқан ұғым. Яғни,
меморативті эргонимдердің берілу мақсаты – белгілі бір нысан
атауын (мектептерді) сол өлке, аймаққа қатысы бар (еңбегі
сіңген, қызметі өткен) тұлға есімдерімен атау деп ұғынылады.
Еліміздің орталықтары мен аймақтарында кісі есімдерімен
келетін мектеп атаулары - 29.35% болса, оның шамамен 18%-ын
туған елге, жерге қызмет еткен, тарихта өз орны бар тұлғалардың
есімінде екен. Олардың қатарынан бүгінгі таңда М. Қашқари,
Ж. Баласағұн, Ұлықбек, Әл-Фараби, Ер Қабанбай, Ақтамберді,
Ә. Марғұлан, Ә. Бөкейханұлы, Т. Рысқұлов, М. Шоқай, А.
Байтұрсынұлы, Шәкәрім, Ж. Аймауытұлы, М. Дулатов, М.
Жұмабаев, М. Өзтүрік, Д. Қонаев, т.б. түркі жұрты арыстарының
есімдері орын алып отырғаны, әрине, көңіл қуантады. Бұл тұста
бір ескеретіні, аталмыш санатқа жалпы ұлттық меморативтердің
күллісін жатқыздық. Себебі олардың ішінде есімі жалпақ жұртқа
белгісіздеу болғанымен, өз аймақ, аудан топырағын нәрлендіруде
қызметкерлігінен гөрі қайраткерлігі басым түсіп жататын кісі
есімдері де болуы мүмкін. Ал егер «атамның аты ауылға, көкемнің
аты көшеге» сипатымен атау тапқандары болса, ол мәселенің
қарастырылуы құзырлы органдардың міндетінде деп танимыз.
Меморативтердің 2%-дайын әлемдік өркениетке, мәдениетке,
әдебиетке үлес қосқан тұлғалардың есімдері (Ататүрік, М.
Ганди, Пушкин, Лермонтов, М. Горький, Гагарин, т.б.) құраса, ал
қалған бөлігін (9.35%-ын) Кеңестік кезеңде саяси-идеологиялық
ұстаным шарттары бойынша аталып кеткен атаулар сірісін
жазбай көрініс тауып отыр деуге болады (Киров, Буденный,
Рыбалко, Рыков, Романовка, Антоновка, Кутузов, Корнеевка,
Соколовка, Гуденко, Михайловка, Моисеев, Дмитриев, т.т.).
Меморативтердің аталмыш категорияларына салыстырмалы
сипаттама берер болсақ, әрине, ұлтымыздың тарихи тұлғаларын
ұлықтауда Астана және Алматы сынды ірі мәдени-саяси
орталықтар мен оңтүстік өңірлердің үлес салмағының басым
93
түсетіндігі түсінікті. Дегенмен, меморативті білім ошақтарының
ішінде, қай өңір болмасын, күні бүгінге дейін Кеңес үкіметінің
басшылары мен большевиктер партиясы көсемдерінің есімдері
«тақтадан» түспей келеді. Мәселен, Ленин, Крупская, Маркс
атындағы мектептерді Қазақ елінің қай жұртынан болса да
табуға болады. Салыстыра жіктесек, Ленин атындағы мектеп
Ақмола, Алматы (Ленинка), Атырау, БҚО (Ленинская), Жамбыл
(Ленин мектебі екеу, Ильич), Қарағанды (Ленин, Путь Ленина),
Қостанай (үшеу), Оңтүстік Қазақстан, Павлодар (үшеу), Солтүстік
Қазақстан (Ленинское, Ленин (екеу), Ильичевка, Ильич), Шығыс
Қазақстан (екеу), Н. Крупская атындағы мектеп Ақмола, Ақтөбе,
Алматы облысы (екеу), Атырау (екеу), Жамбыл, Қарағанды
(екеу), Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан,
Шығыс Қазақстан (екеу), К. Маркс атындағы мектеп Жамбыл,
Қызылорда облыстарында, яғни өңірлердің түгелге жуығында
халыққа «әлі қызмет етіп келеді екен». Бұл көрініс қазақы
қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірлердің өзінде белсенді қызмет
етіп отырғаны, әрине, көңілге кірбің ұялатады. Жалпы, тарихи-
мәдени нысандарға берілген атауларда сол аймаққа, өңірге не
болмаса тұтас этносқа қатысты ақпараттық нышан, мағыналық
сипат болуы тиіс. Әлемдік ономастикалық кеңістікте солай.
Өкінішке орай, эргонимдердің (мектеп атауларының) бүгінгі
жайынан ол сипат толық көрініс таппай отыр.
Ал меморативті мектептердің қоғам тіршілігіндегі
атқаратын қызметіне келер болсақ, олар күнделікті ауызекі сөйлеу
үдерісінде, негізінен, бағыт-бағдар беру, жөн сілтеу, таныстыру,
т.б. секілді ақпар беруге қатысады. Мысалы, «Алтынсариннен»
келдім, «Рысқұлов» мектебінің жанында, «Абай» мектебінен
түсесіз, т.с.с. қолданыстардың қалалық жерлерде информативтік
функциясы басым көрініс тауып жататындығы анық.
Арнаулы эргонимдер (мектептер) деп атаулары мен білім
беру сипаты жағынан өзге нысандардан ерекшелетін онимдерді
бөліп алып қарадық. Республика көлемінде ондай мектептердің
саны көп емес, шамамен – 1.42%. Дегенмен қоғамдық өмірде
өзіндік қалыптастырған ерекше функциясымен дараланады.
Арнаулы мектептерді қарастырылатын жағдайына байланысты
іштей үш микротопқа жіктеуге болады:
94
1) Дарынды балаларға арналған арнаулы мектептер
– «Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-
интернаты» мемлекеттік мекемесі (Астана қ.), «Дарынды қыз
балаларға арналған қ
азақ-түрік лицей-интернаты» мемлекеттік
мекемесі (Астана қ.), Дарынды балаларға арналған облыстық
мамандандырылған қазақ-түрік лицейі мектеп-интернаты
(Ақмола, БҚО, Қарағанды, СҚО, ШҚО обл.), «Дарынды
балаларға арналған үш тілде оқытатын арнаулы гимназия»
мемлекеттік мекемесі (Алматы обл.), Дарынды балаларға
арналған мамандандырылған гимназиясы (П
авлодар обл.),
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-
интернаты (БҚО обл.), Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын
техникалық гимназиясы (Атырау обл.), т.б.
2) Атау таққан арнаулы мектептер – «Зерде» дарынды
балаларға арналған мектебі, «Мирас» көпбейінді мектеп-
гимназиясы (Астана қ.), «Таңдау» салалы гимназиясы»
мемлекеттік мекемесі, «Болашақ» облыстық мамандандырылған
дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты (Ақмола
обл.), «Жанұя» кешені коммуналдық мемлекеттiк мекемесі,
«Даму» интеллектуалдық қабілеті төмен балаларға арналған
арнайы (түзету) мектеп-интернаты» (Алматы қаласы),
«Мұрагер» мамандандырылған мектеп интернаты, «Дарын»
мамандандырылған мектеп интернаты (Қарағанды обл.),
«Мұрагер» мектебі (Қызылорда обл.), Мамандандырылған
«Дарын» мектеп-интернаты (ОҚО обл.), «Ақниет» гимназиясы
(БҚО обл.), «Лингва» лицей мекемесі, «Мамандандырылған
кадет мектебі», «Дарын» мектеп-лицейі, «ЛОРД» дарынды
балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицейі
(СҚО обл.), «Карнавал» хореографиялық мектебі» (Қостанай
обл.), «Даму» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы
(түзету) мектеп-интернаты (СҚО обл.), «Асыл мұра» балалар
өнер мектебі, «Балбұлақ» балалар өнер мектебі, «Шабыт»
балалар өнер мектебі, «Гармония» дарынды балалар орталығы,
«Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-
кешен орталығы (ШҚО обл.), т.б.
3) Өзге де бағытта қызмет ететін арнаулы мектептер –
«Ақыл-ой бұзушылықтары мен психикалық дамуы кеш балаларға
95
арналған арнайы түзету мектеп-интернаты» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, «Есту кемістігі бар балаларға арналған
арнайы түзету мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі (Ақмола обл.), Көркем өнер мектебі, Педагогикалық
психологиялық түзету мектебі (Жамбыл обл.), Балалар
шығармашылық өнер мектебі, Балалар шығармашылық үйі
(Қостанай обл.), Балалар көркем сурет мектебі (ОҚО обл.), т.б.
Арнаулы мектептердің өзге білім беру мекемелерінен
ерекшеленетін бір тұсы – олардың бойынан жалпы эргоним
табиғатына тән жарнамалық сипаттың көрініс табуында.
Бұл санаттағы эргонимдердің мазмұны болсын (мәселен,
Қазақ-түрік лицей-интернаты, Дарынды балаларға арналған
мамандандырылған гимназиясы, Балалар шығармашылық
өнер мектебі), атаулары болсын («Зерде», «Дарын», «Мирас»,
«Мұрагер», «Таңдау», т.б.) белгілі бір дәрежеде қоғамның
назарын өзіне аударып, жарнамалық қызмет етуге талпыныс
жасайды. Бұл құбылысты қазіргі экономикалық-технологиялық
бәсекелестік заманының талаптарына жауап беру, үн қосу, т.б.
секілді жаңашылдықпен сәйкес туындап отыр деуге болады.
Топонимикалық эргонимдер (мектептер). Ел аймағындағы
білім ошақтарының тең жартысын аталмыш топ құрайды екен
(47.33%). Мектеп атауларын шартты түрде бұлай жіктеуде мына
жайтқа назар аудардық. Егер салыстырмалы сипаттама жасасақ,
мектеп санының ҚР өңірлерінің қалалық жерлеріне қарағанда
далалық (аудан, ауыл, аймақ) мекендерінде басым екендігі
белгілі. Сәйкесінше ел аумағындағы білім ошақтарының дені
сол елді мекен атауымен аталады. Ал кей өңірлерде символдық
атау таққандары да бар. Орта білім беру мекемелері атауларының
ішіндегі ең бір шиеленісті де күрделі қабаты – осы елді мекен
атауларымен аталып отырған түрі. Себебі қазақ топонимикалық
кеңістігінде өздерінің тарихи атауларынан алыстап, кеңестік
жүйенің ұстанымдары бойынша таңбаланып кеткен онимдер
қатары жетерлік. Ал бұл жайттың білім беру жүйесіне өз таңбасын
салып отырғандығы айтпаса да түсінікті.
Елді мекен аттарымен аталатын мектеп атауларын мынадай
ішкі топтарға бөліп қарастыруға болады:
96
1) Тарихи топонимикалық атаулармен аталатындары –
Ақмешіт, Қоянды, Жалғызқұдық, Қызылсуат (Ақмола обл.),
Тассай, Тасөткел, Құмтоғай (Ақтөбе обл.), Кіші Ақсу, Қызылсай,
Қарғалы (Алматы обл.), Тасқұдық, Соркөл, Алмалы, Талдыкөл,
Сарайшық (Атырау обл.), Қырқопа, Борық, Ұзынкөл (БҚО),
Көкарық, Ақкөл, Талапты (Жамбыл обл.), Ақтүбек, Айнабұлақ,
Түгіскен (Қарағанды обл.), Бестөбе, Адай, Бөрлі, Есенкөл,
Сарыкөл (Қостанай обл.), Қызылөзек (Қызылорда обл.), Бейнеу,
Боранқұл (Маңғыстау обл.), Тасқұдық, Ащыбұлақ, Шарбұлақ,
Ақбастау, Талдыбұлақ, Қызылсеңгір (ОҚО), Ақкөл, Атығай,
Бозшакөл, Қарасу, Шідерті (Павлодар обл.), Балуан, Астаған,
Ақсу, Жаңасу, Қаратал, Көктерек, Бидайық, Елтай (СҚО),
Бөкенші, Абыралы, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Аршалы, Қызылағаш,
Суықбұлақ, Тасбастау, Шілікті, (ШҚО), т.б. мектептері.
2) Тарихи топонимдердегі мектеп атауларының
демонстративті таңбалармен келетіндері – Бұлақты ауылының
мектебі Красногвардейка (Ақмола обл.), Қурайлы мекенінің
мектебі Россовхоз, Жыңғылдытоғай ауылының мектебі
Қызыләскер (Ақтөбе обл.), Таусамалы мекенінің мектебі ГЭС,
Бекболат ауылының мектебі 1 Май (Алматы обл.), Ақсоғым
ауылының мектебі Восход, Шыңғырлау мектебі Правда (БҚО),
Жібек жолы ауылы мектебі Королевка, Андас батыр ауылының
мектебі Победа (Жамбыл обл.), Қаражар мектебі Березняк,
Тоғызқұдық мектебі Кузнецк, Үштөбе ауылының мектебі
Заречный (Қарағанды обл.), Үштоғай мектебі Рассвет, Арқа
мектебі Краснооктябрь (Қостанай обл.), Жыланды мектебі
Комсомол, Тұрбат ауылының мектебі Қазанның ХХХ жылдығы
(ОҚО), Төсағаш мектебі Зорь-октябрь (Павлодар обл.), Ағынтай
мектебі Златогор, Құмтөккен мектебі Қызыләскер, Тоқшын
мектебі Совхоз (СҚО), Ерназар ауылының мектебі Сосновка,
Көкбастау мектебі Юбилейная, Алтынбел мектебі Новоберезовка,
Құлынжон мектебі Казнаковка (ШҚО), т.б. деп аталады.
3)
Саяси-идеологиялық
топонимдер
атауларымен
аталатындары – Первомайка, Новый колутон, Новочеркасское,
Садовое, Отрадное (Ақмола обл.), Новый, Комсомольская
(Ақтөбе обл.), Коловертный, Красноармейск (БҚО), Кеңес
97
(Жамбыл обл.), Дубовка, Новоузенка, Звездное, Красная поляна
(Қарағанды обл.), Краснокордон, Степная, Краснопреснен
(Қостанай обл.), Пограничник, Луговой, Веселая Роща, Богатырь
(Павлодар обл.), Заря, Рублевка, Советское, Новокаменка,
Плоское, Боголюбово, Глубокое, Белое, Образец, Пулеметовка,
Любимовка (СҚО), Глуховка, Мостик, Вторая Пятилетка,
Пролетарка, Прапорщиково, Быструха, Опытное поле,
Первороссийское (ШҚО), т.б. мектептері.
4) Жергілікті топонимдерден өзгеше аталатындары –
Макаров ауылының мектебі Подхоз, Богдановка ауылының
мектебі Госплемстанция (БҚО), Каменка ауылының мектебі
Тубсанаторий, Юбилейное ауылының мектебі Подгорный
(Жамбыл обл.), Корнеевка ауылының мектебі Керней (Қарағанды
обл), Научный ауылының мектебі Новостройка, Харковское
мекенінің мектебі Сосна, Златоуст ауылының мектебі Краснодон
(Қостанай обл.), Церковное ауылының мектебі Новомир,
Береговое ауылының мектебі Зеленая роща (Павлодар обл.),
Новоукраинка мекенінің мектебі Рудный, Светлое ауылының
мектебі Целинный (СҚО), Зенковка мекенінің мектебі Краснопол,
Белое мекенінің мектебі Октябрь (ШҚО), т.б. атауларымен келеді.
5) Ал енді кейбір елді мекендердің мектеп атауларында
тіпті түсініксіз, екі тілді онимдердің көрінісі орын алған –
Светлый Жаркөл (Қостанай обл.), Октябрь-Жеміс, Октябрь
шаруа (Жамбыл обл.) мектептері деген сықылды.
Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Бірақ мұндағы
мақсатымыз – мектеп атауларында әлі де орын алып отырған
келеңсіздіктерді ашып көрсетіп, қоғамдық ой қозғау. Әрине,
Белое, Образец, Пулеметовка, Любимовка, Глуховка, Мостик,
Быструха, т.с.с. толып жатқан атаулар көрінісі «қазаншының
өз еркі, қайдан құлақ шығарсаның» кері болып келгендігі
рас. Ал Тәуелсіз ел атанған бүгінгі күнімізге не айтамыз?
Қоғамның кең тынысты мәдени-тәрбие ошақтарында оқитын
әр оқушы күнделікті дәптер толтырады, түрлі деңгейдегі білім,
спорт сайыстарына қатысады. Сонда жас жеткіншектердің
«Пулеметовка орта мектебінің оқушысы» не болмаса «Мостик
орта мектебіненмін», т.т. деген сөз бірліктерін әлі күнге
98
қолдануға мәжбүр болып отырғаны өте өкінішті, елдігімізге сын.
Ал Светлый Жаркөл, Октябрь-Жеміс, Октябрь шаруа деген екі
тілді аралас «туындыдан» не түсінуге болады?! Мектеп мұғалімі
алдына келіп отырған балаларға не лексика-семантикалық
мазмұны, не әдеби-эстетикалық пішіні дұрыс құрылмаған бұл
атауларды қалай түсіндіреді?! Бұл секілді сұрақтардың түрі көп,
ол мәселелер қозғалып та келеді. Топонимикалық эргонимдердің
ел өңірлеріндегі бүгінгі тынысын, проблемалық жайттарын
қарастыруда шағын мақаланың көлемі көтермейді. Тек
«эргонимдік атаулардың идентификациялық нысан ретінде ғана
қолданылып қоймай, жеке тұлға санасында белгілі бір әлеуметтік-
бекітілген ақпаратты қалыптастыратындығын» [3, 7] ескере
отырып, білім ошақтарының бойын жасанды «туындылардан»
арылтсақ, ұлттық болмыс сыйлай алсақ, абзал болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |