АҚЖАЙЫҚ ОНОМАСТИКАСЫНЫҢ БҮГІНІ
МЕН ЕРТЕҢІ
ӘЛЖАНОВА Г. Ж.
Батыс Қазақстан облысы
Тілдерді дамыту басқармасының
ономастикалық жұмыстар және
көрнекі ақпараттық бақылау бөлімі
Орал қаласы
113
Аннотация: В статье даны сведения о состоянии
ономастического пространства Западного Казахстана. Автор
акцентируя внимание на изменение онимов и годонимов
региона, выражает предложения, связанные с принятием Закона
о национальной ономастике.
Abstract: The paper provides with the information about
the onomastics of West Kazakhstan. The author concentrates on the
changing of onyms and godonyms in this region. Moreover, the author
offers new suggestions into the Law of national onomastics.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев мемлекет алдына
әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу міндетін
қойды. Ал осы бәсекеге қабілеттіліктің басты рухани көрсеткіші
– мемлекетіміздің тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің іргесін
қалайтын, оның қабырғасын тұрғызатын, күмбезін көтеретін
бірден-бір құрал. Біз 50 озық елдің қатарына мемлекеттік
тіл арқылы жете аламыз. Өйткені әлемдік қауымдастық өз
болмысымен танылған елді ғана мойындайды. Мемлекетіміз
өркениет көшіне бет бұрған тұста өзімізді өзгелерге таныстырудың
басты айқындауышы – елді мекен, жер-су атаулары болса, төл
тарихымыздың тереңнен бастау алатын саласының бірі – жер-су,
елді мекен атауларын зерттейтін ономастика саласы.
Өткенсіз бүгін жоқ демекші, кешегі тоталитарлық
саясат тұсында ел-жұртымыздың рухани тарихы, жер-су
атаулары халықпен санаспай жаппай өзгертілгені баршамызға
аян. Осындай кеңестік кезеңнен қалған атаулар Орал қаласы
аумағында да кездеседі. Сондай-ақ, Зеленов ауданындағы 77
елді мекен мен ауылдық округтердің 62-і, Бөрлі ауданындағы
27 елді мекеннің 8-і, Теректі ауданындағы 61 елді мекеннің
18-і, Шыңғырлау ауданындағы 32 елді мекеннің 6-уы, Тасқала
ауданындағы 31 елді мекеннің 12-нің атаулары уақыт талабына
сай реттеуді қажет етіп отыр.
Алайда, ономастика саласында мораторий жарияланды
деп қарап отырмай, өңірдің сала мамандары мен ғалымдары
Ақжайықтың ономастикалық ажарын кезең-кезеңмен айшықтап
келеді. Өйткені, тарихи атауларды қалпына келтіру – егемендік
114
алған еліміздің ұлттық идеологиясының қалыптасуының негізі
болса, осы саяси маңызды шараны жүзеге асыру мақсатында
біздің облысымызда көптеген игілікті шаралар атқарылуда.
Мұның айғағы облыстық ономастикалық комиссияның
ұйғарымымен биылғы жылдың өзінде облыс бойынша 731
көшенің жаңа келбетке ие болуы. Бұрынғы Светлая, Охранная,
Профсоюзная, Монетная, Верхняя атауларын иемденген, мән-
мағынасыз, топонимикалық жүктемесі жоқ көшелер өңірдің
ономастикалық келбетін бұзып тұрса, бүгінгі таңда бұл көше
атаулары еліміздің тарихын қалыптастыруға ат салысқан тарихи
тұлғалардың есімдерімен алмастырылды. Өйткені, көшелер мен
жер-су атаулары – тәуелсіз мемлекетіміздің бір белгісі, ұлттық
нышаны, яғни тарихымыздың бір бөлшегі болуға тиіс.
Жердің аты – бұл тарих қойнауынан сыр шертетін шежіре.
Ал бұл болашақ ұрпақ үшін аса қажет құндылық. Жердің аты
өшсе, тарихы да бірге өшті деген сөз. Сондықтан, ономастикалық
атаулар – рухани байлығымыз, этникалық мәдениетіміз, салт-
дәстүріміздің бір бөлшегі, олар қоғаммен бірге жасасатын
ескерткіш, ғасырдың бізге тарту еткен сыйы. Қазақтың ұлттық
болмысын, белгілі бір дәуірдің тарихын топонимдердің шығу
тарихына қарап біле аламыз, сондықтан оларды қалпына келтіріп,
келесі ұрпаққа аманат ретінде қалдыру – сала мамандарының
міндеті.
Жалпы облысымыздағы ұлттық ономастикалық саясатты
нық орнықтыру бағытындағы жұмыс өзінің жүйелілігімен
ерекшеленеді. Соңғы 5 жылда Батыс Қазақстан облысы бойынша
бірталай ауыл-аймақтарға егемендігімізге сай атаулар беріліп,
кейбір мағынасы жойылған географиялық объектілер мен
көшелердің, білім ордаларының атаулары тәуелсіздік талабына
сай өзгертілді. Жалпы облыс бойынша 2010-2015 жылдар
аралығында 193 көше атауы өзгертілсе,қала бойынша 2010
жылы 1 көше қайта аталып, 15 көше жаңа атауға ие болса,
2012 жылы 33 көше қайта аталып, 2 көшенің транскрипциясы
өзгертілді, 2014 жылы 11 көше жаңа атауға ие болды.
Бүгінгі таңда Елбасымыздың Тілдің төл заңдылығын бұзып
тұрған атауларды өзгерту қажет деген қағидасын басшылыққа
115
ала отырып, айтылуы, жазылуы бұрмаланған атауларды өз
ана тіліміздің заңдылығына сәйкестендіру жұмыстары жолға
қойылды. Соңғы 5 жыл ішінде Орал қаласының өзінде 150-ден
астам көше, мектеп, ықшам аудандар атаулары жаңартылып,
өзге ұлт өкілдері көп қоныстанған Зеленов ауданында 12 елді
мекен, 4 ауылдық округ, 96 көше атауы өзгертілді.
Кез келген жердің, өлкенің жері мен суының атауынан
терең мағына мен құпия сырды аңғаруға болады. Біздің Ақжайық
өңіріндегі жер-су атауларының басым бөлігі ана тіліміздің
байырғы сөздерінен қойылған. Көптеген елді мекен атаулары қат-
қабат тарихпен тығыз байланысты, яғни біздің өңірдің атаулары
облыстың тарихынан сыр шертіп тұрғандай. Сондықтан біздің
өңіріміздің жер-су атаулары айшықтылығымен ерекшеленеді.
Мысалы, Қаражар, Жаңатаң, Сұлукөл, Бәйтерек, Ақтау, Мерей,
Амангелді, Қосшы және т.б.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық
құрылысы туралы» Заңында атқарушы және өкілеттік биліктің
төменнен жоғарыға дейінгі міндеттері айқын көрсетілген. Алайда,
қай деңгейге болмасын билік өз өкілеттігін сол атауы өзгертілуге
тиісті жерлердегі халықтың пікірімен санасып қана жүзеге
асырады делінген, яғни осы шаралардың бастауында халық тұр
деген сөз. Осы мақсатта биылғы жылдың өзінде Тасқала, Зеленов,
Ақжайық, Теректі, Шыңғырлау, Бөрлі аудандарының барлық
ауылдық округтерінде жергілікті тұрғындардың жиналыстары
өткізіліп, басқарма тарапынан ақпараттық түсіндіру жұмыстары
жүргізілді. Бұл жұмыстар бүгінгі таңда өз нәтижесін беруде.
Байырғы жергілікті ұлт өкілдерінен тұратын аудандарда елді
мекен, жер-су қала берді көше атауларын өзгерту мәселесі
түбегейлі реттеле келді және олардың шешілуіне еш кедергі
болған да емес, өйткені, ономастика мәселесі - қоғамның
толғақты мәселелерінің бірі.
Ономастика – тіл саясатының басым бағыты болса,
ономастиканың ауқымды саласы – көрнекі ақпарат мәселесі.
Көрнекі ақпараттың маңыздылығы сонда қазір жарнама бүгінгі
өміріміздегі басты табыс көзіне айналды. Кез-келген кәсіпкер
өзінің шығарған өнімін жарнамалап, насихаттамай, оны
116
толыққанды өткізу мүмкіндігіне ие бола алмайтынын жақсы
түсінеді. Жарнама аз сөзбен, мәнді де мағыналы ойды білдіргенде
ғана жұртшылық санасына тез сіңеді. Жарнама әр адамның
психологиясына әсер ететіндей, адамды таң қалдыра аларлықтай
болғанда ғана тиімді болары хақ. Сондықтан ұлттық болмысқа
жат, біздің ұлттық келбетімізге келіңкіремейтін дүниелерден
арылу басты міндет.
Осы мәселелерді реттеу «Ұлттық ономастика» және «Жеке
кәсіпкерлік» туралы Заңдарды қабылдауды, ҚР «Тіл туралы»,
«Жарнама туралы» Заңдарына өзгерістер енгізуді қажет етеді.
Өйткені ономастика мәселесі – ел тәуелсіздігінің рухани көзі,
ел еңсесін көтеретін саяси мәні бар мәселе. Осыған орай әлем
мойындаған мына бір қағиданы ұстануымыз қажет, ол тәуелсіз
елдің тәуелсіз тілі болуы тиіс деген қағида.
Жарнама, көрнекі ақпарат мәселесін реттеуді біз бұқаралық
ақпарат құралдары өкілдерін және тіл мәселесіне бей-жай
қарамайтын қоғамдық бірлестіктерді тарта отырып, реттеуді
жолға қойдық. Мысалы, биылғы жылдың өзінде жергілікті
телеарналардың журналистері және облыстық басылымдардың
тілшілері, сондай-ақ, «Алтын тамыр», «Абырой», «Қазақ тілі»,
«Мұхит қоры» қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен
жыл бойы дәстүрлі түрде көрнекі ақпарат мәтіндеріне бақылау
рейді жүргізіліп, рейдтер нәтижесі облыстық телеарнадан
берілетін «Арнайы репортаж», «Замансөз», сондай-ақ, жергілікті
телеарна арқылы жұртшылыққа ұсынылатын «Тіл – абзалдық
әліппесі», «Тіл – парасат көрсеткіші» атты телехабарлар арқылы
халыққа ұсынылды. Сонымен қатар, жүргізілген мониторинг
ономастика бөлімі мамандарының «Жарнама нарыққа емес,
халыққа қызмет етуі тиіс», «Жарнама – тілді қалыптастырушы
құрал» атты мақалаларымен қорытындыланды.
Біздің мақсатымыз – тәуелсіз мемлекетіміздің сипатын
білдіретін, ұлттық тарихымызды айшықтайтын атаулар арқылы
ұлттық ономастикалық кеңістікті қалыптастыру, бір сөзбен
айтқанда ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу жастардың санасында
елдік пен ерлік дәстүрлерін қалыптастыру болып табылады.
Өйткені Батыс Қазақстан жері дәстүрге бай, тарихы өнегеге,
117
сырға, шежіреге толы өңір. Халықтың аялап қойған атауларын,
ғасырлық мұрамызды, ұрпақ санасына ұялата алмасақ бізге сын.
Мән-мағынасы анық, тарихтан сыр шертетін атаулар әр адамның
жүрегіне жылы тиері даусыз. Сондықтан, Ақжайық өңірінің
ономастикалық атауларын ұлттық мүддемізге сәйкестендіру
мақсатындағы жұмыстарымызды одан әрі жалғастыра беретін
боламыз. Ұлттық ономастикамыздың бүгініне тоқмейілсімей, өз
өлкеміздің онмастикалық ажарын айшықтандырып, облыстың
онмастикалық кеңістігін бұдан да кеңейте түсу – біздің алдымызда
тұрған басты міндет.
ПАВЛОДАР ӨҢІРІНДЕГІ ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕСІ
ҚАЙЫР Б.
Павлодар облысының тілдерді
дамыту жөніндегі басқармасы
Павлодар қаласы
Аннотация: В статье рассматривается ономастическое
пространство Павлодарской области в культурно-историческом
аспекте. Проанализированы наименования объектов города и
районов, которые до сегодняшего дня не изменены.
Abstract: The article describes the onomastic space in Pavlodar
region, cultural and historical aspects. The author discusses the names
of cities and regions which have not being changed yet.
Ономастика – тіл білімінің маңызды салаларының бірі
болып саналады. Әрине, ғылыми жағынан саралайтын болсақ,
оның іштей түрлі топтары жетерлік. Солардың ішінде қоғамға
жақын тұсы ұлттық рухтың, егемендік пен елдіктің айнасы елді
мекен, көше атаулары екені даусыз. Себебі елде мекен мен оның
құрамдас бөліктерінің атаулары көрнекі ақпарат ретінде де, қарым
қатынас арқылы ауызша түрде де ең жиі қолданылатын сөздердің
түрі болып табылатыны белгілі. Сондықтан мемлекеттік тіл
саясатын жетілдіру үшін ең алдымен қоғамда жиі қолданылатын
осы атаулардың дұрыстығына мән бергеніміз жөн.
118
Осы мақсатта егемен ел болғаннан бері Кеңестік кезеңнің
кесірінен атауы өзгерген қазақтың жер-су атауларын қайтадан
бұрынғы қазақы қалпына келтіру, тарихи-географиялық
атауымен қайта атау – басты мәселелердің біріне айналды.
Бұл бағыттағы жұмыс аймағымызда, әсіресе, елді-мекен
атауларын қазақыландыруға бағытталып, көптеген қоныстарға
өз тарихи атаулары қайта қайтарылды. Солардың ішінде, әсіресе,
Баянауыл, Ертіс, Май, Ақтоғай аудандары мен Екібастұз, Ақсу
қалаларына қарасты елді мекендердің атауларын ерекше атап
өтуге болады. Нақтырақ тоқталар болсақ, бүгінгі күні Баянауыл
ауданына қарасты 38 ауылдың 36-сы, Май ауданындағы 23
ауылдың барлығы, Лебяжі ауданындағы 27 ауылдың 25-і,
Ертіс ауданындағы 34 ауылдың 29-ы, Ақтоғай ауданындағы 37
ауылдың 30-ы және Екібастұз қаласына қарасты 27 ауылдың
25-і қазақы атаулардан құралған. Жалпы алғанда Павлодар
облысында соңғы 24 жылдың ішінде 81 елді мекеннің атауы
қайта аталды. Бұл, әрине, ауыз толтырып айтатын жетістік емес,
дегенмен, жергілікті ұлт өкілдері көп шоғырланған өңірлерде
осы бағыттағы жұмыстар тұрғындар тарапынан қолдау тауып,
біршама жұмыстар атқарылды және қазіргі уақытта да өз
жалғасын табуда.
Алайда, өзге этнос өкілдері көп қоныс тепкен Павлодар,
Успен, Железин, Качиры, Шарбақты аудандарындағы елді мекен
атауларының басым бөлігі әлі күнге дейін тәуелсіздігімізге
жат, солақай саясаттың салдарынан қойылған атаулармен
аталуда.
Мысалға,
Железин
ауданындағы
Захаровка,
Моисеевка, Пятирыжск, Башмачный, Кузьмино, Славяновка,
Обозное, Крупское, Октябрьское, Михайловка, Благодатное,
Петропавловка, Церковное, Груздевка т.б. атаулар мен Качиры
ауданындағы Юбилейное, Луговое, Осмерыжск, Бобровка,
Воскресенка, Тимофеевка, Львовка, Фрументьевка, Трофимовка,
Покровка, Ивановка, Калиновка, Октябрьск, Федоровка,
Воронцовка сынды тағы басқа атаулар. Осы тәрізді Павлодар
ауданындағы Ефремовка, Даниловка, Розовка, Максимовка,
Сычевка, Ольгинка, Успен ауданындағы Белоусовка, Ольховка,
Ольгина, Дмитриевка, Галицкое, Ковалевка ауылдары мен
119
Шарбақты ауданына қарасты Алексеевка, Николаевка, Назаровка,
Кахновка, Галкино, Софиевка, Татьяновка, Марьяновка сияқты
адам есімдерімен аталған елді мекендер де жетерлік.
Жалпы аймағымыздағы елді мекен атауларын идеологиялық
талаптар үйлесімділігіне талдау жасау нәтижесінде моральдік
тұрғыда ескірген 63 атау және беймәлім тұлғалар мен белгісіз
тарихи оқиғаларға қойылған 80 атау бар екендігі анықталды.
Бұған қоса осы елді мекендердің ішіндегі көше атаулары
әлі күнге дейін Ленин, Энгельс, Карл Маркс, Крупская, Ермак
тәрізді, сондай-ақ осы күні аты да заты да белгісіз есімдер мен
кеңестік кезеңдегі тарихи оқиғалармен аталуда. Мысал келтірер
болсақ, қазіргі уақыттың өзінде Ленин есімімен аталатын
Железин ауданында 12 көше, Шарбақты ауданында 16 көше бар.
Сондықтан санамызға сыймайтын осындай атауларды қазақ
халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан, асыл ойдың
алтын қазығы болған атақты билер мен шешендермен, ұшы-
қиыры жоқ көсіліп жатқан кең даланы қиян-кескі жаугершілік
соғыстарында ерлікпен қорғап қалған батырлардың, қоғамдық,
әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өмірге белсене араласып,
адамгершілік, ағартушылық идеяларды уағыздаған қазақтың ұлы
ақын-жазушылары мен күміс көмей әншілерінің есімдерімен
алмастырсақ нұр үстіне нұр болар еді. Кереку өңірімен шектеліп
қалғанның өзінде есімдерін ұлықтайтын тұлғаларымыз асып
артарлық. Қаныш Сәтбаев, Әбікен Бектұров, Әлкей Марғұлан,
Шапық Шөкин, Ермахан Бекмаханов сынды ғұлама ғалымдар
мен қазақ әдебиетінің жарқын жұлдыздары Сұлтанмахмұт
Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев,
Сәбит Дөнентаев, Естай Беркімбаев, Жаяу Мұса, Иманжүсіп
Құтпанұлы, Жұмат Шанин, Дихан Әбілев, Қалмұқан Исабаев, Иса
Байзақов, Мұзафар Әлімбаев, Қалижан Бекхожин, Қошмұхамед
Кемеңгеров сынды әдебиет, өнер майталмандарынан бастап,
одан әрірек барсақ, Бұхар жырау, Едіге би, Шоң би, Торайғыр би,
Шорман би, Қазанғап би, Мұса Шорманұлы сынды тұлғаларымыз
жетерлік.
Ең бастысы Павлодар аймағындағы елді мекендер мен
көшелерді тізбектей келгенде қазақ тарихындағы батырлардың
120
ішінде Малайсарының есімімен Май ауданындағы бір ауыл
ғана аталса, Кереку топырағынан шыққан Олжабай батырдың
есімі Баянауыл ауылы мен Екібастұз қаласына қарасты Бесқауға
ауылындағы көшелердің біріне ғана берілген. Тіпті туған елін,
өскен жерін ата жаудан азат ету жорығында сан ерлігімен көзге
түсіп, осы игі мақсат жолында Баянауылдың баурайында қаза
тапқан Жасыбай батырдың есімі де облыс орталығы мен Баянауыл
ауданындағы екі елді мекеннің көшесіне ғана бұйырған екен.
Әрине, жеке азаматтар тарапынан елді мекен мен оның
құрамдас бөліктерінің атауын өзгертуге қатысты баспа беттерінде
мақалалар да жарияланып, өтініш хаттар да келіп түсуде. Алайда,
олардың көпшілігі жоғарыда аталған ірі тұлғалардың орнына
бір ғана ауданға немесе ауылға ғана танымал кезінде колхоз
басқарған, мектеп директоры болған немесе басқа да кәсіппен
айналысқан әкесінің есімдерін ұсынып жататындығы жасырын
емес. «Атамның атын - ауылға, көкемнің атын - көшеге»
демекші жоғары лауазымын, дәрежесін немесе ауқаттылығын
пайдаланып, осындай әрекетке барып жататын азаматтар жоқ
емес. Сондықтан осындай өзімшілдіктен аулақ болуымыз керек.
Қандайда бір нысанға кісі есімдерін беру мәселесі тиісті заңдарда
көрсетілген талаптарға сай жүзеге асуы керек. Себебі Заңда
аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым,
мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы
мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген адамдардың
есімдері ғана беріледі делінген.
Сондықтан жоғарыда аталған ұлы жерлестеріміздің
есімдерін кіндік қаны тамған аудан көлемінде ғана қойып
шектелмей, облысымыздың барлық аудандарындағы елді-
мекендердің құрамдас бөліктеріне де қойғанымыз құптарлық
болар еді. Бұл жағынан тиісті Заңдардағы қойылған талаптар
бұзылмайтыны сөзсіз.
Ал елді мекен атауларын адам есімдерімен атағаннан көрі
сол елді-мекен орналасқан жердің табиғи-физикалық ерекшелігіне
байланысты атаған орынды. Бұл рулық қайшылықтар тудыратын
атауларға жол бермей, ауыл тұрғындары арасындағы татулықтың
бұзылмауына септігін тигізеді. Жалпы қазақ атауларының
121
көпшілігі бұрынғы бабаларымыздың сол жердің физикалық
ерекшелігіне лайықтап қойғандығын бәріміз де білеміз. Осы
орайда, «Әдет-ғұрыптың қаймағы бұзылмаған қазақтарда
өмірдің бір саласын қамтитын тарихи оқиғалармен байланысты
елді мекен, жер-су атаулары мен адам аттарының атадан балаға
жалғасып жататын жақсы дәстүр бар» деген Ш.Уәлихановтың
пікірі ойға оралады.
Сондықтан осы бағыттағы қордаланып қалған мәселелерге
нақты ден қойып, іске асыруымыз керек. Әрине, ол үшін ғалымдар
мен тіл жанашырларының, ауыл-аймақтардағы елге сыйлы
адамдар мен ұлағатты ұстаздардың, әсіресе, қазақ тарихына,
мәдениеті мен әдебиетіне жақын, оған жайбырақат қарамайтын
өзге ұлт өкілдері арасындағы абыройлы азаматтардың қолдауы
қажет. Себебі Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық
құрылысы туралы заңында атауларды өзгерту кезінде ең әуелі
тиісті аумақ халқының пікірі ескерілу қажеттігі айтылған.
Сондай-ақ нысандар мен құрамдас бөліктерді ұлы
тұлғалардың есімімен қайта атау үшін Үкімет тарапынан да
жиі ескеріліп, Қазақстан тарихының елеулі мерекелік күндеріне
орай сол тарихи оқиғаларға қатысты тұлғаларымыздың есімін
ұлықтап, көше атауларына беру сияқты тапсырмалар беріліп
отырса, өңірлердегі ономастика бағытындағы жұмыстар
әлдеқайда қарқынды жүргізілер еді. Оған дәлел ретінде
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.
Сапарбаевтың 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 20-56/И-204 хатпен
жолданған Ұлы Жеңістің 70 жылдығының маңыздылығы
мен өзектілігін ескере отырып, Кеңес Одағы Батырларының
және бірқатар ордендермен марапатталған Ұлы Отан соғысы
ардагерлерінің есімдерін көшелерге, объектілерге т.б. беру
мәселесіне қатысты тапсырмасына сәйкес қайта аталған
нысандар мен көше атауларын атап өтуге болады. Берілген
тапсырма негізінде «Павлодар қаласының № 22 жалпы орта
білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі мен «Ақсу қаласы
Пограничный селолық округінің орта мектебі» мемлекеттік
мекемесіне Бауыржан Момышұлының есімін беру мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық
122
ономастика комиссиясы отырысында қолдау тауып, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қаулысы шығарылды. Бүгінгі
таңда аталған оқу орындары «Халық қаһарманы» Бауыржан
Момышұлының есімімен аталуда. Бұған қоса Республикалық
ономастика комиссиясының қарауына Баянауыл ауданы
Бірлік жалпы орта білім беру мектебіне Жылбек Ағаділовтің,
Екібастұз қаласының №4 жалпы орта білім беру мектебіне
Қазбек Нұралиннің, Екібастұз қаласының Северный көшесіне
Болат Шәпеновтің есімін беруге қатысты құжаттар топтамасы
жолданды.
Сондай-ақ облыстық ономастика комиссиясының
қорытындысы негізінде Баянауыл ауылының көшелері Ұлы
Отан соғысының ардагерлері Несіпбек Баязитовтің, Хамза
Абылғазиннің, Рымтай Избастиннің есімдерімен, Качир
ауданы Тереңкөл ауылының Целинная көшесі Кеңес Одағының
батыры Құдайберген Сұрағановтың, Степная көшесі Қазақстан
Республикасы прокуратурасының озат қызметкері Қабдылмажит
Талиповтың, Комсомольская көшесі Кеңес Одағының батыры
Михаил Катаевтың, Зерноградская көшесі Кеңес Одағының
батыры Бауыржан Момышұлының, Лазо көшесі Кеңес Одағының
батыры Мәншүк Мәметованың, 40-годовщина Октября көшесі
Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың, Жаңақұрылыс
ауылдық округіне қарасты Трофимовка ауылының Киров көшесі
Кеңес Одағының екі мәрте батыры Григорий Кравченконың,
Верненка ауылдық округіне қарасты Львовка ауылының көшесі
Кеңес Одағының батыры Василий Степаненконың есімімен қайта
аталып, Шарбақты ауданының Сынтас ауылдық округі Сынтас
ауылындағы Ленин көшесі және Хмельницкий ауылдық округіне
қарасты Маралды станциясының «Казарма» көшесі «Жеңіс» деп
өзгертілді.
Бұған қоса осы тапсырма негізінде жақында өтетін
облыстық ономастика комиссиясының отырысына Баянауыл
ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдары тарапынан
6 көшеге, Успен ауданынан 4 көшеге, Железин ауданынан
7 көшеге, Шарбақты ауданынан 3 көшеге, Май ауданынан 7
көшеге, Павлодар ауданынан 2 көшеге Бауыржан Момышұлы,
123
Әлия Молдағұлова сынды Кеңес Одағының батырлары мен
«Даңқ», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталған Батыр
жерлестеріміздің есімімен қайта атау және Ақтоғай ауданының
бір елді мекенінінің атауын өзгерту жөніндегі келіп түскен
құжаттар жан-жақты пысықталып, комиссияның қарауына
әзірленді.
Сонымен қатар «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің
Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесіне Әмірхан Құдышұлы Шақтаевтың,
«Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебі»
мемлекеттік мекемесіне Әбілқайыр Баймолдиннің, Ертіс ауданы
әкімдігінің, Ертіс ауданы білім бөлімінің «Ынтымақ негізгі
жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Әкімбек Әйтібаевтың, Ертіс ауданындағы «Максим Горький
жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесіне Қабыш
Көктаевтың есімін беру туралы мәселелер де аталған тапсырма
қала, аудан көлемінде іске асырылып, құжаттар топтамасы
тиісті заңнамалық актілерге сәйкес республикалық ономастика
комиссиясына жіберу мақсатында облыстық мәслихаттың
талқылауына ұсынылды.
Бұл мәселе бойынша жергілікті өкілді және атқарушы
органдарының бірлескен шешімі шыққаннан кейін, жоғарыда
аталған құжаттар республикалық ономастика комиссиясының
қарауына жіберілетін болады.
Сондықтан алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының
тарихына қатысты мерекелік күндерге орай ұлыларымыз бен
зиялыларымызды, батырларымыз бен билерімізді, әншілеріміз
бен күйшілеріміздің есімдерін ұлықтау мақсатында жоғарғы
жақтан осындай тапсырмалар түсіп, қайта атау жұмыстары
қарқын алар болса, қай мерекенің болсын мерейі шарықтай
түсетіні сөзсіз.
Қорыта келгенде, кезінде көнеден келе жатқан дәстүрмен
қойылған тарихи атауларымызды қалпына келтіру мәселесіне
енді бүгінгі күннің көзімен қарауымыз қажет. Өйткені төл
тарихымыз бен мәдениетіміз арқылы қазақ өркениетінің көшін
ілгерілете алсақ, келесі ұрпаққа жарқын жүзбен қарай аларымыз
анық.
124
Достарыңызбен бөлісу: |