Әдебиеттер:
1.
Қазақстан
Республикасының
әкімшілік-аумақты
құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8
желтоқсандағы №4200 Заңы.
2.
Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы.
3.
Қазақстан
Республикасының
географиялық
атауларының мемлекеттік каталогы. – Алматы, 2012. ІІІ том.
4.
Сапаров Қ. Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық
бірліктері мен физикалық-географиялық атауларының көрсеткіш
анықтамалығы. – Павлодар, 2007. – 353 б.
5.
Сапаров Қ. Павлодар облысының ономастикалық
атауларының көрсеткіш-анықтамалығы. – Павлодар, 2008. – 256 б.
6.
Мәдиева Г. Ономастика: Зерттеу мәселелері. – 2005. –
240 б.
ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІ ОНОМАСТИКАСЫНЫҢ
ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ӘБЖАЛИЕВА А.
Қызылорда облысы тілдерді дамыту басқармасы
Қызылорда қаласы
Аннотация: В статье автор рассматривает ономастическое
пространство Кызылординской области. Останавливается на
проблемах, связанных с реноминацией объектов, встречающихся
в настоящее время и предлагает пути их решения, дает
рекомендации.
Abstract: This paper analyses the onomastic space in Kyzylorda
region. The author considers the issues of renaming, offers new ways
of renaming, and gives some advice.
Ономастика қазіргі уақытта тіл саясатының жетек¬ші
бағыттарының бірі ретінде ғылы¬ми-тәжірибелік, мәдени-тарихи
ғана емес, үлкен саяси маңызға ие болып отыр.
125
Ел тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен бері ұлт мақтанышына
айналған тұлғаларымыз, мәселен, Әл-Фараби, Қорқыт,
Абылайхан, Абай, Шоқан, Сәкен сынды бабаларымыздың есімі
мен кең-байтақ даламыздың әдемі атаулары Сарыарқа, Көкшетау,
Ертіс, Отырар, Еділ сияқты ежелгі қала, өзен, тау атаулары
адамзат тарихында өз орнын алған мәдени құндылықтарымызға
айналды.
Тәуелсіздік
алған
жылдардан
бері
Қазақстан
Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы көптеген
өзгерістерге ұшырағаны белгілі. Мұның бәрі стратегиялық
мақсатта – бірқатар облыстарды жабу, қосу және қайта атау,
аудандарды құру, қалпына келтіру, тарату мен қайта атау,
әкімшілік орталықтарды ауыстыру ретінде жүзеге асты.
1818 жылы негізі қаланып, Қамысқала, одан кейін Ақмешіт,
Перовск, кейін тағы да Ақмешіт атанып, 1925 жылы Қызылорда
атауын иемденген облысымыз көне дәуір шежіресі, тарихи және
мәдени мұралардың асыл көмбесі.
Кеңес дәуірінде көптеген жер-су аттары, тарихи
топонимдер орысшаланып, бірқатар атаулар бұрмаланып
жазылу арқылы транскрипциясын өзгертті. Еліміз егемендік
алғалы бері ономастика мәселесіне тиісті көңіл бөліне бастады.
Әсіресе, соңғы 15-16 жылда біздің облысымызда нысандарға
ат беру кезінде ұлттық бояуымызға қанық атауларды беру,
бірқатар нысандарға төл аталымдарын қайтару тәжірибеге енді.
Бұл бағытта Қызылорда облысы әкімі жанындағы ономастика
комиссиясы бірқатар жұмыстар атқаруда.
Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша барлығы 3049
көше, 7 даңғыл, 22 шағынаудан, 210 квартал, 87 тұйық көше, 305
мектеп, 44 мәдениет үйі, 210 ауыл, 12 кент, 132 ауылдық округ,
8 стадион, 7 саябақ, 68 теміржол станциялары, 9 автостанция, 5
көпір бар.
Облыс аумағында идеологиялық тұрғыдан ескірген, мән-
мағынасыз қойылған әлеуметтік нысандар мен кейбір көше
атаулары кездеседі.
Олардың ішінен Кеңес үкіметі дәуірінен мұраға қалған
Красноармейская, Пролетар, Советская, Партизан, Октябрьдің
126
40 жылдығы, Труд, Мостовая, Ленин, Октябрь, Кеңес, Колхоз,
К.Маркс, Свобода т.б. орысша атаулары бар көшелер мен
тұйықтарды кездестіруге болады.
Зерделеу нәтижесімен облыс бойынша 191 көше (6%),
2 ауылдық округ (1,5%) және 7 (3,3%) елді-мекен мен 2 (0,6%)
мектептің атаулары қайта атауға жататындығы анықталды.
Сыр өңірі – жалпы еліміз секілді этносаяси ахуалы тұрақты
аймақтың бірі. Облыс халқының басым көпшілігін, яғни 96
пайыздан астамын қазақтар құрағанымен, мұнда түрлі ұлт өкілдері
өмір сүреді. Орыс (2,3%) және кәріс (1,2%) диаспоралары сан
жағынан ең ірі диаспоралар болып саналады. Бұлардан кейінгі
кезекте татар, өзбек, украин, шешен диаспоралары тұр. Сондай -
ақ, неміс, белорус, грек, башқұрт, молдаван, әзірбайжан, марий,
ұйғыр, чуваш, еврей, мордва, қырғыз, армян, тәжік, удмурт,
поляк, қарақалпақ және тағы да басқа ұлт өкілдері кездеседі.
Қызылорда облысының аумағында орысша атауы
бар 3(2,2%) ауылдық округты атап айтуға болады: Арал
ауданындағы Октябрь ауылдық округі, Қармақшы ауданындағы
ІІІ интернационал ауылдық округі, Шиелі ауданындағы Гигант
ауылдық округі.
Орысша атауы бар 7 (3,3%) ауылды айтып кету керек,
олар: Арал ауданы, Октябрь ауылдық округіндегі Водокачка
ауылы, Қазалы ауданындағы Қарашеңгел ауылдық округіндегі
Водокачка елді мекені, Тасарық ауылдық округіндегі Отгон
ауылы, Қармақшы ауданындағы ІІІ Интернационал ауылы, Шиелі
ауданындағы Ақмая ауылдық округіндегі Полуказарма елді
мекені, Алмалы ауылдық округіндегі Лесхоз ауылы, Қызылорда
қаласындағы Геолог ауылы.
Орысша атауы бар 67 көше бар (2,1%).
Облыс бойынша тіркелген 22 шағын аудандардың 15-і
облыстық маңызы бар қаладағы шағын аудандар болса, 7
шағынаудан аудандарда орналасқан. Оның ішінде - Қазалы
ауданында орналасқан «Мелиоратор» шағынауданы орысша
аталған.
2013 жылдың 21 қаңтарында Елбасы «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика
127
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Заңына қол қойып, 24 сәуірден бастап қолданысқа енгені
баршамызға мәлім. Аталған заңды толығымен жүзеге асыру үшін
қосымша заңнамалық актілер қабылданды.
Қазақстан
Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары Б.Сапарбаевтың 2015 жылғы 16 сәуірдегі №20-56/И-
204 ҚБПҮ тапсырмасына сәйкес Ұлы Жеңістің 70 жылдығының
маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, Кеңес Одағы
Батырлары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін
көшелерге, объектілерге т.б. беру жұмысы тоқтамнан тыс жүзеге
асырылуда.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі №360 қаулысына сәйкес, Қызылорда
облысы, Қармақшы ауданындағы №250 мектеп-лицейіне Кеңес
Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевтың есімі берілді.
Қызылорда облыстық ономастика комиссиясы елді-
мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау
мақсатында Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерінің
ұсыныстарына сәйкес 2015 жылғы сәуір, мамыр, тамыз айларында
облыстық ономастика комиссиясының 3 отырысы өткізіліп,
көшелерге атау беру мен қайта атау бойынша 57 ұсыныс қолдау
тапты.
Тиісті заңдылықтар бойынша шешімдер шығарылып,
әділет департаментіне тіркелді.
Қызылорда қаласынан көшеге атау беру туралы 4 ұсыныс
Республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылды.
2013-2015 жылдары облыс бойынша 515 көшеге, 33 білім
ұйымдары мен мәдениет үйлеріне атау беру туралы ұсыныс оң
қорытынды алды.
25 нысан бойынша атау беру мен қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы
жасалынып, тиісті министрліктен келісімдер алынды. Премьер-
Министрдің Кеңсесіне 2015 жылдың 10 ақпанында тапсырылды.
«Қызылорда облысының білім беру ұйымдарына атау
беру туралы» 8 нысан бойынша ҚР Үкіметінің қаулы жобасы
жасалынып, тиісті министрліктердің интранет-порталына
орналастырылып, келісім алынды.
128
«Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға,
порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына,
метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға,
физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да
объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың
атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және
мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды
тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларына»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі
№395 қаулысымен өзгерістер енгізілген болатын.
Қағиданың
7-тармағында:
«комиссияның
оң
қорытындысын алған жағдайда орталық мемлекеттік органдар,
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органдары Комиссия қорытындысын
қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне
объектілерге атау беру, сондай-ақ, оларды қайта атау, олардың
атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және
объектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын
заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру жөніндегі қаулы
жобасын енгізеді» - делінген.
Алайда, осы талаптарға сай нысандарға атау беру жұмысын
үйлестіру барысында бірқатар қиындықтарға кезігудеміз.
1) Атап айтқанда, нысандарға атау беру туралы Үкімет
қаулысының жобасымен қызметкерлеріміз Астана қаласына
іссапармен барып, айлап жүреді. Министрліктерге келісуге
берілетін құжаттар да ұзақ уақытты алады. Одан бөлек көп
мөлшерде іссапар шығыны кетеді. Ал бұл мәселенің жүру
реті бұрын былай болатын: Облыстар тек тиісті құжаттарды
Республикалық ономастика комиссиясына жолдайтын.
Комиссияда қолдау тапқан құжаттарды әрі қарай ресімдеу
жұмыстары Тіл комитеті тарапынан жүргізілетін еді. Сондықтан
осы жайларды ескеріп, құжаттарды ресімдеу жұмыстарының
ұтымды, оңтайлы шешілу жолдарын қайта қарастыру ұсынылады.
2) Ономастика жұмысы критерийлерінің 5-тармағында
аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым,
мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен
129
әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да жеке
адамдар қайтыс болған күннен бастап кемінде бес жыл өткен соң
олардың есімдерін беру туралы көрсетілген.
Бұл қағидат жалпылама түрде айтылған. Осы қағидатты
аса нақтылау қажет деп есептейміз.
3) Ономастика жұмысы критерийлерінің 3-тармағында:
«бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегіндегі елді мекендерге,
елді мекендердің құрамдас бөліктеріне бір атауды бір мәрте ғана
беру»- деп айтылған.
«Қазақстан
Республикасының
әкімшілік-аумақтық
құрылысы туралы» Заңында көрсетілгендей, әкімшілік-аумақтық
бірлікке ауыл, кент, ауылдық қаладағы аудан, қала, аудан, облыс
кіреді. Осы тұста да «бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегі»
аудандық немес облыстық шектегі екені нақты көрсетілмеген.
Сондықтан осы мәселені де қайта қарау қажет секілді.
Басқарма тарапынан ономас¬тика саласындағы мәселелерді
реттеу, көрнекі ақпараттар мен жарнама жұмыстарын жүйелі
түрде жетілдіру мақсатында әдістемелік құралдар дайындалды.
Алдағы уақытта да тарихи атауларымызды сақтап, оның
ұрпақ игілігі, қайталанбас құндылық екенін ескеріп, оны жаңа
мазмұнмен байыта түсуді мемлекеттілікті нығайтудың басым
бағыттарының бірі ретінде қарастыруымыз керек.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ОНОМАСТИКАЛЫҚ
АТАУЛАРДЫҢ АХУАЛЫ
ҚОСПАНОВ Д.Д.
Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасы
ономастикалық жұмыс және көрнекі
ақпаратты бақылау бөлімі
Аннотация: В статье автор останавливается на
исторических и географических особенностях Акмолинской
области, аргументирует примерами современную ономастику
региона. Рассматривает некоторые онимы и их перенаименование.
130
Abstract: This paper describes the historical and geographical
features of Akmola region. The author explains the modern onomastics
by his own examples. Moreover, the author considers some onyms
and their renaming.
«Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы,
мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары
сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай
екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын,
саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар
даласы кең, тілі де бай», - деп талантты ақын, қазақ әдебиетінің
жарқын жұлдызыМ.Жұмабаев айтқандай, ғасырлар қойнауынан
сынын бұзбай, қуатын кемітпей, әрі мен нәрін жоғалтпай таза да
көркем келбетімен жеткен ұлттық құндылықтарымызды болашақ
ұрпаққа жеткізу барлық тіл жанашырларының парызы.
Ақмола облысы өзге ұлт өкілдері тығыз қоныстанған
өңірлер қатарына жатады. Облыста жүргізілген социологиялық
зерттеулерге сәйкесмемлекеттік тілді меңгерген ересек
тұрғындардың үлесі 2011 жылы 51%-ды, 2012 жылы 52%-ды,
2013 жылы 53,1%-ды құрады, 2014 жылы 60%-ға жетті, ал 2015
жылдың аяғына дейін бұл көрсеткіш 62%-ды құрауы тиіс. Ал,
орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі – 86% құрайды.
Кеңес Одағының құрамында болған кезде қазақтың жер-су,
елді мекен атаулары түгелге жуық өзгертіліп, нақтырақ айтқанда,
орыстанып кеткендігі белгілі. Әсіресе, тың аймағы саналатын
еліміздің солтүстік өңірлерінің атаулары жаппай орыстанып,
ежелгі ұлттық бастауымыздан ажырап қалғандай күй кешкеніміз
ақиқат. Бірақ, қазіргі уақытта ұлттық құндылықтарымызды
ақырындап қайтара бастадық. Бұл бағытта Ақмола облысында да
қыруар шаруалар атқарылуда.
Соңғы бес жыл ішінде Ақмола облысында елді мекендер
мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау
жұмыстары жоспарлы түрде атқарылып жатыр. Мораторий
алынғаннан бері жергілікті өкілді және атқарушы органдардан
түскен ұсыныстарға қарай Ақмола облыстық ономастика
комиссиясы 2014 жылы 2 отырыс, 2015 жылы 1 отырыс өткізді.
131
І. 2014 жылдың 18 маусымында ономастика комиссиясы
15 өтінімдіқарастырып, оның 11-ін құптады, 4-еуін зерделеуге
қайтарды. Атап айтсақ:
1) Еңбекшілдер ауданын – Біржан сал ауданына қайта атау
мәселесі құпталып, Республикалық ономастикалық комиссияның
оң шешімін алды.
2) Еңбекшілдер ауданындағы Сәуле орта мектебін –
Шәрәпи Әлжанов атындағы Сәуле орта мектебіне;
3) Ақмола облыстық филармониясын – Үкілі Ыбырай
атындағы Ақмола облыстық филармониясына;
4) Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен
жасөспірімдер спорт мектебін – Балуан Шолақ атындағы Ұлттық
спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт
мектебіне;
5) Көкшетау қаласындағы №18 орта мектебін – Сәкен
Жүнісов атындағы №18 орта мектебіне;
6) Ақкөл қаласындағы №3 Ақкөл орта мектебін – Жайық
Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебіне;
7) Ерейментау ауданындағы Малтабар орта мектебін –
Перуаш Кәрімов атындағы Малтабар орта мектебіне қайта атау
жөніндегі мәселелері Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола
облыстық мәслихатының қарауынан өтіп, Республикалық
ономастика комиссиясының оң шешімін алды. Бұл мәселелер
қайта атауға қойылған мораторий алынғаннан кейін жалғасын
табады деген ойдамыз.
8) Көкшетау қаласының Северная көшесін – Сәкен Жүнісов
көшесіне;
9) Красная көшесін – Әлімжан Баймұқанов көшесіне қайта
атау жөніндегі мәселелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің
жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының оң
шешімін алып, Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола
облыстық мәслихатының бірлескен қаулы-шешімі шығарылып,
әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өтіп өз мәресіне
жетті.
10) Степногорск қаласы Бестөбе кентінің Октябрьская
көшесі – Қапан Ержанов көшесіне қайта атау мәселесі бойынша
132
кент әкімінің шешімі әділет департаментінен мемлекеттік
тіркеуден өтіп, заңды түрде қайта аталды.
11) Целиноград ауданындағы Қоянды ауылының жаңа
көшесіне Ер Жәнібектің есімін беру мәселесі бойынша кент
әкімінің шешімі шығарылды бірақ әділет департаментінен
мемлекеттік тіркеуден әлі өткен жоқ.
12) Целиноград ауданының Воздвиженка селосын –
Нұресіл ауылына;
13) Воздвиженка селолық округін – Нұресіл ауылдық
округіне;
14) Оразақ ауылындағы Бейбітшілік көшесін – Әбдуали
Тоқпайұлы көшесіне;
15) Степногорск қаласы Бестөбе кентінің Покрышкина
көшесін – Құдайберген Сапаров көшесіне қайта атау туралы
мәселелергеоблыстық
ономастика
комиссиясыкелісімін
бермегендіктен қайта зерттелуге жолданды.
ІІ. 2014жылғы 19 желтоқсандағы комиссияға 44 өтінім
келіп түсті, оның39-ы оң шешімін тапса, 5 мәселеге келісім
берілмеді. Атап айтсақ:
1. Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№1 Красный Яр орта
мектебі» мемлекеттік мекемесіне – Бота Құсайыновтың;
2. Аршалы ауданының «№3 Аршалы орта мектебі»
мемлекеттік мекемесіне Жұмабек Тәшеневтің;
3. Қорғалжын ауданының «Қорғалжын мектеп гимназиясы»
мемлекеттік мекемесіне Ермек Біжкеновтің есімін беру туралы
ұсыныстар қабылданды.
Атбасар ауданы әкімдігінің:
4. Новоалександровка ауылдық округін Бастау ауылдық
округіне;
5. Новоалександровка ауылын Бастау ауылына;
Целиноград ауданы әкімдігінің:
6. Воздвиженка ауылдық округін Нұресіл ауылдық
округіне;
7. Воздвиженка ауылын Нұресіл ауылына қайта атау
туралы ұсыныстарына келісім берілді.
Көкшетау қаласы әкімдігінің:
133
8. Локомотивная және МПС көшелерін Бәйімбет батыр
көшесіне;
9. Мир көшесін Бейбітшілік көшесіне;
10. 40 лет октября көшесін Мұса Асайынов көшесіне қайта
атау.
11. Ш. Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық
драма театрының аллеясын Жақып Омаров аллеясы деп атау
туралы ұсыныстарына келісім берілді.
12. Қаланың солтүстік жағына салынған жаңа шағын
ауданды Сарыарқа деп атау туралы ұсыныс қабылданбады.
Ақкөл ауданы әкімдігінің:
13. Октябрьская көшесін Шегебай Ұзақбаев көшесіне;
14. 50 лет Октября көшесін – Балуан Шолақ көшесіне;
15. Цурюпин көшесін Көктал көшесіне;
16. Казарма 385 км көшесін Темір жол көшесіне қайта атау;
17. Жаңа шағын ауданды Астана шағын ауданы деп атау;
Жаңа жеті көшені:
18. Өрлеу көшесі;
19. Жаңа ел көшесі;
20. Жерұйық көшесі;
21. Құрылыс көшесі;
22. Шаңырақ көшесі;
23. Ұлы көш көшесі;
24. Оңтүстік көшесі деп атау туралы ұсыныстарына келісім
берілді.
Атбасар ауданы әкімдігінің:
25. Новомариновка ауылының № 1 көшесін Бейбітшілік
көшесіне;
26. Новомариновка ауылының № 2 көшесін Целинная
көшесіне;
27. Новомариновка ауылының № 3 көшесін Жеңіс
көшесіне;
28. Новомариновка ауылының № 4 көшесін М. Мәметова
көшесіне;
29. Новомариновка ауылының № 7 көшесін Достық
көшесіне;
134
30. Новомариновка ауылының № 8 көшесін Отан көшесіне;
31. Полтавка ауылының № 1 көшесін Семен Петренко
көшесіне;
32. Полтавка ауылының № 2 көшесін Тәуелсіздік көшесіне;
33. Полтавка ауылының № 3 көшесін Абай көшесіне;
34. Полтавка ауылының № 4 көшесін Жастар көшесіне;
35. Полтавка ауылының № 5 көшесін Ілияс Есенберлин
көшесіне;
36. Титовка ауылының Титовка көшесін Достық көшесіне
қайта атау туралы ұсыныстарына келісім берілді.
Есіл ауданы әкімдігінің:
37. Новая көшесін Нүркен Әбдіров көшесіне;
38. СПТУ-6 көшесін Е.Н. Капацинский көшесіне;
39. Промышленный даңғылын Өндіріс даңғылына қайта
атау туралы ұсыныстарына келісім берілді.
Целиноград ауданы әкімдігінің:
40. Бейбітшілік көшесін Әбдуәли Тоқбаев көшесіне қайта
атау туралы ұсынысына келісім берілді.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 25-5-бабына сәйкес аса көрнекті мемлекет
және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің
және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында
еңбек сіңірген басқа да жеке адамдардың есімдерін беру және
тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшеліктерді ескеру
жөніндегі ономастика жұмысының критерийлері негізінде:
Көкшетау қаласы әкімдігінің:
41. Береговая көшесін Науан Хазірет көшесіне;
Атбасар ауданы әкімдігінің:
42. Новомариновка ауылының № 5 көшесін Стадионная
көшесіне;
43. Новомариновка ауылының № 6 көшесін Школьная
көшесіне;
Есіл ауданы әкімдігінің:
44. Мичурин көшесін Амангелді Мұхитбеков көшесіне
қайта атау туралы ұсыныстарына келісім берілмеді.
ІІІ. 2015 жылғы 22 шілдедегі комиссияға 14 өтінім келіп
135
түсті, оның11-і құпталып, 3-еуі қабылданбай кері қайтарылды.
Атап айтсақ:
Қорғалжын ауданы бойынша:
1. Қорғалжын ауылының Дружба орта мектебіне – Ақтан
Төлеубаевтің есімін беру туралы ұсынысы қабылданды.
Атбасар ауданы бойынша:
2. Октябрь ауылдық округін Ақан Құрманов ауылдық
округіне;
3. Октябрь ауылын Ақан Құрманов ауылына қайта атау
туралы ұсыныстарына келісім берілді.
4. Октябрь ауылының №4 көшесін Иван Лихобаба көшесіне;
5. Тельман ауылының №2 көшесін Әлия Молдағұлова
көшесіне қайта атау туралы ұсыныстарына келісім берілді.
Ерейментау ауданы бойынша:
6. Ерейментау қаласының Куйбышев көшесін Әлихан
Барлыбаев көшесіне;
7. Еркіншілік ауылындағы Киров көшесін Сағат Жәкішұлы
көшесіне;
8. Еркіншілік ауылының Ленин көшесін Жүніс Хамзеұлы
көшесіне;
9. Еркіншілік ауылының Больничная көшесін Құлыш
Досмағамбетұлы көшесіне қайта атау туралы ұсыныстарына
келісім берілді.
Целиноград ауданы бойынша:
10. Қосшы ауылының Набережная көшесін Айтмағамбет
Есмағамбетұлы көшесіне;
11. Қосшы ауылының Центральная көшесін Генерал Сабыр
Рақымов көшесіне қайта атау туралы ұсыныстарына келісім
берілді.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 25-5-бабындағы ономастика жұмысының
критерийлері негізінде:
Атбасар ауданы бойынша:
12. Октябрь ауылының №7 көшесін Ақан Құрманов
көшесіне қайта атау;
13. Қосбармақ ауылының №2 көшесін Ақан Құрманов
көшесіне қайта атау;
136
14. «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласының
мектеп жанындағы интернатымен №8 орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесіне Ақан Құрманов есімін беру туралы
ұсыныстарына келісім берілмеді.
Оcы уақыт ішінде облыс бойынша 12 көше атауы
өзгертілді. Оның екеуі – Көкшетау қаласында, ал қалған 10-ы
аудан орталықтары мен ауылдық жерлерге тиесілі. Облыс
орталығының бір көшесіне белгілі жазушы, Ақмола облысының
тумасы Сәкен Жүнісовтың, екінші көшеге Көкшетау және
Ақмола облыстық сотының бірінші төрағасы болған, қажырлы
еңбегімен танылған Әлімжан Баймұқановтың есімі берілді. Ал,
Ұлы Жеңістің 70 жылдығының маңыздылығы мен өзектілігін
ескере отырып, бір елді мекенге Кеңес Одағының батыры Ақан
Құрмановтың есімін беру жұмыстары жүргізіліп жатса, қалған
10 көшеге жоғарыда жазылған Кеңес Одағының батырлары мен
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері берілді. Ал қандай
атаулар өзгертілді деген сұрақ туындаса, олар – Владимир Ленин,
Валериан Куйбышев, Октябрьская, Красная, Киров, Больничная,
Набережная, Центральная, Северная. Бұлардың барлығы кеңестік
идеологияға сәйкес қойылған, сондай-ақ орыс тіліндегі атаулар.
Осы көшелердің атауларын өзгерту туралы шешім жергілікті
жерлердегі ақсақалдар алқасынан, зиялы қауым өкілдерінен
немесе туыстарынан өтініш түскеннен кейін барып қабылданған.
Ақмола өңірінде ономастика саласында атқарылатын
жұмыс әлі де ұшан-теңіз. Қазіргі уақытта облысымыздағы 637 елді
мекеннің 348-інің атауы қазақ тілінде, бұл 54,6 пайызды құрайды,
ал көшелер саны 5876 болса, 2484 атау қазақ тілінде, яғни 42,2
пайызы.Осы жерде айта кеткіміз келгені – тұрғындарының дені
жергілікті ұлт өкілдерінен тұратын Қорғалжын ауданындағы
барлық елді мекен атаулары қазақ тілінде, ал қазақ тіліндегі
көше атауларының үлесі 79,5 пайызды құрайды. Ерейментау
ауданында елді мекендердің 88 пайызының атауы, көшелердің 70
пайызының атауы мемлекеттік тілде. Мемлекеттік тілдегі атаулар
саны облыстық көрсеткіштен төмен аудандар да бар. Өкінішке
орай, Московская, Новомариновка, Борисовка, Белоцерковка
сияқты ауылдардың жиі кездесетіні жасырын емес. Ол
137
аудандардың жергілікті атқарушы органдарына алдағы уақытта
ізденіспен жұмыс істеп, елді мекендер мен олардың құрамдас
бөліктерін тарихи атаулармен немесе табиғи ерекшелігіне сай
қайта атау жөнінде талап қойылып отыр. Атауларды тәуелсіз
еліміздің жаңа сипатына сай өзгерту үрдістері де баршылық.
Мысалы, Воздвиженка ауылын Нұресіл, Новоалександровканы
Бастау, Октябрь ауылын Ақан Құрманов ауылы, орыс тілінде
мәнсіз-мағынасыз қойыла салған Больничная, Казарма т.с.с. көше
атауларын қазақ тіліндегі мағыналы да әуезді Парасат, Ынтымақ,
Ұлы көш, Теректі, Алаш деп атау туралы өтініштер соның дәлелі.
Біздің мақсатымыз – тәуелсіз мемлекетіміздің сипатын
білдіретін, ұлттық тарихымызды айшықтайтын атаулар арқылы
ұлттық ономастикалық кеңістікті қалыптастыру, бір сөзбен
айтқанда, ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу арқылы жастардың
санасына елдік пен ерлік дәстүрлерін қалыптастыру болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |