2 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар



Pdf көрінісі
бет15/20
Дата27.01.2017
өлшемі3,61 Mb.
#2801
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
§ 2. Сөйлем мүшелері
11.  Жұмыс.  Жалаң  сөйлемді  бір  бөлек,  жайылма  сөйлемді  бір  бөлек 
көшіріңдер. 
Күн  қысқарды.  Түн  ұзарды.  Күн  сұуытты.  Шөп  сарғайды.  Құс  жылы 
жаққа кетті. Кейде қар да жауады. Адамдар қысқа дайарланды.
12.  Жұмыс.  Көшіргенде  сөйлемнің  тұрлаулы  мүшелерінің  астын  бір, 
тұрлаусыз мүшелерінің астын екі сыз. 
Қысқа қарай жаз еске түседі. Жазды күні бір қыдырғаным еске түседі. 
Шөп үстінде шық мөлтілдейді. Қоңыр салқын жел бетке тійеді. Дөң сыр-
тынан күлімсіреген күн көтеріліп келеді. Көкпеңбек аспан көк жиек пен  
ұштасады. Айнала қалқоз, жалтыраған көл,  көл бетінде қалқыған қайық  
– бəрі алақандағыдай көрінеді. Төбеде бозторғай шырылдайды. 
13.  Жұмыс.  Ірі  басылған  сөздер  мен  оларға  байланысты  сөздерді
теріп жазыңдар. Ірі басылған сөз қандай сұрауға  жауап беретінін байқаң-
дар. 
 К ө к  көйлекті жеңешем көлбең, көлбең етеді (түтін). Жол үстінде  і й 
л і  қайыс (жылан).  Қ а р а ш а  үйге қар жұқпас (сыйырдың мүйізі).  К ө к  
ылағым көгенде жатып семірді (қауын). Екі тері, екеуіде  к е ң  тері (жер, 
аспан). Б і р і н ш і сабақ ана тілі.  Е к і  үйге бір көсеу (сыйырдың тілі).
Сөйлем басқа мүшелерінің белгісін, санын , сан ретін анықтайтын сөзді 
анықтауыш дейді.
Анықтауыш  Қандай?  Қалай?  Қайтып?  Не  қылған?  Неще? (қанша?) 
ненің?  Кімнің?  Несінші?  Қай? (Қайсы?)  деген  сұрауларға  жауап  береді. 
Көбінесе сын есім анықтауыш болады.
14.   Жұмыс. Көшіргенде анықтауыштың астын бір сызыңдар да жаны-
на жақша іщіне сұрауын қойыңдар.  
Үлгі: Бірінші (несінші?) бірігаді.

Бес томдық шығармалар жинағы
196
Біз екінші бірігадіге сұусын əкелдік. Төрт мəшійне кең табанды шауып 
келеді. Алда жаңа мəшійне зырылдап келеді. Көк шөп жыйылып құлап жа-
тыр. Орылған шөп арасынан тағандар құрттарды теріп жүр. Сол шабын-
дық арасында қызыл гүлдер, сары жоңышқалар, көк бійдайық, боз батта-
уық көрінеді. Əр жерде қошқыл жалбыз ербійеді.
Екінші бірігаді бірінші бірігаді мен жарыста. Кеше бірінші бірігаді бəй-
гі алған. Бүгін екінші бірігаді намыстанып қызұу жұмыс қылып жатыр. 
15.  Жұмыс.  Көшіргенде  септеу  сұрауларына  жауап  беретін  байанда-
уышты  толықтыратын  тұрлаусыз  мүшелердің  астын  сызыңдар,  ірі  ба-
сылған сөздер қандай сұрауға жауап беретінін байқаңдар. 
Үлгі:  Арыстандай толғанып, жалын көкке бойлайды. 
Зауытта.
Арыстандай толғанып жалын көкке бойлайды. Толғатқандай темір пеш 
салады бебеу- ойбайды. Жарқ-жұрқ еткен, шойын шоқ  қ а з а н д а  қайнап 
бітеді. Бөренедей темір от тербеліп  т е с к т і  өтеді. Бəріне де  ж а н - ж а 
қ т ы ң  осындай оттар болады. Тегістік деген ұлы  ү й г е  осылар  ш е г е 
н і  соғады. 
Байандауышты толықтыратын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дейді. 
Толықтауыш септеу сұрауларына (неге? кімге? қайда? неден? кімнен? 
қайдан? кіммен? қашан? нені? кімді? кімде? неде? қай кезде?) жауап бе-
реді. 
Толықтауыш сөйлемде байандауыш пен байланысады. 
16.  Жұмыс.  Төменгі  сөйлемдер  мүшелерінің  байланысын  көрсетіп 
төрткіл ішіне жазыңдар. Толықтауыштың үстіне сұрауын қойыңдар. 
Үлгі:  
Мен
Біз
болдым
қайттық
мектептен
Сабақта
Үйге
Қайдан?
Қайда?
Қайда?
Мен сабақта болдым. 
Біз мектептен қайттық. 
Біз мектептен үйге келдік. 
Біз мектептен үйге бойау əкелдік. 
Қалқозда аптамабіл бар. 
Қалқоз аптамабіл алды. 
Қалқоз зауыттан аптамабіл алды. 
Оқытушы бізге дүкеннен кітап əкелді. 

Бес томдық шығармалар жинағы
197
17. Жұмыс. Байланыстарын көрсетіп, сөйлем мүшелерін төрткіл ішіне 
таратып жазыңдар. 
  
Біз
Құтқарады
Кедейліктен
Жоқшылықтан
Қайыршылықтан
Шарұуаларды
Қара
Неден?
Неден?
Неден?
Не?
Не істейді?
Кімді?
Қандай
Қалқоз не үшін керек. 
Қалқоз  жеке  шарұуаларды  біріктіреді.  Қалқоз  қара  шарұуалар-
ды  жоқтықтан,  кедейліктен,  қайыршылықтан  құтқарады.  Қалқоз  ке-
дейлердің,  орташалардың  күшін  біріктіреді.  Қалқоз  кедей  шарұуаларды 
байлардың  қанауынан  құтқарады.  Қалқоздың  шарұуасы  тəртіп  пен  жү-
реді. Қалқоз мəшійнеге жол ашады. Мəшійне жұмысты өнімді, жемісті қы-
лады. 
§ 3. Қаратпа сөз.
Жолдастар, Ленін тұуын жоғары ұстаңдар! 
Ленін тұуын, жолдастар, жоғары ұстаңдар! 
Ленін тұуын жоғары ұстандар, жолдастар!
Жер жүзінің пролетарійаты, бірігіңдер! 
Əңгіме кімге қаратып айтылғанын көрсететін сөзді сөйлем ішінде қа-
ратпа сөз дейді. 
Қаратпа сөз бір сөзден де көп сөзден де құралады. 
Қаратпа  сөз  сөйлемнің  басқа  мүшелері  мен  байланыспайды.  Сон-
дықтан: 
1) қаратпа сөз сөйлем басында тұрса, соңынан тыныстық қойады.  
Балалар, серуенге жүрейік! 
2) сөйлем ортасында тұрған қаратпа сөздің екі жағы кіші тыныстық пен 
қоршалады.
Енді, балалар, серүуенге жүрейік! 
3) сөйлем соңындағы қаратпа сөздің алдынан кіші тыныстық қойылады 
да сөйлем соңынан ұлы тыныстық леп йə сұрау белгісі қойылады. 
Серуенге жүрейік, балалар! 
Мен, сен, ол, біз, сіз, олар сыйақты есімдіктер еш қашанда қаратпа сөз 
болмайды. 
Қаратпа сөз атау түрінде тұрады. 

Бес томдық шығармалар жинағы
198
18. Жұмыс. Қаратпа сөзді сөйлемнің ортасына қойып көшіріңдер.
Пійəнер,  пролетарійатқа  қызмет  қылұу  міндетіңді  қашанда  ұмытпа! 
Бажақ, құлып тұжырнайының міндеті қандай? Апа, ертең біз серүуенге ба-
рамыз. Нұрқан, енді саған сөз беріледі. Ағай, міні сізге қат бар. Балалар, 
Ленін бұрышын жасайық! 
19. Жұмыс. Көшіргенде тыныс белгілерін қойыңдар. 
 
 
Сен неге жүйрік атым кісінейсің
 
 
Таңға қарсы алға бас қарысып жолдастар
 
Ойан қарғыс таңба басылған
 
Жалаңаш, аш, құл қайрат қыл
Əйт шүу ала атым
 
Кім сендерді балалар сүйетұғын
 
Жолдастар сабақ басталды
 
Қалқозшы жолдастар егіске күз қар тоқтатыңдар.
20. Жұмыс. Мыналар жайында қаратпа сөзі бар сөйлемдер тауып жа-
зыңдар: 
1.  Жолдасыңнан  оқұуға  кітап  сұра. 2. Жолдастарыңа  тазалық  сақта 
деп  үгіт  айт. 3. МОПР  мүшелеріне  жарна  төле  деп  өтін. 4. Оқытұушыға 
класта  неге  болмағаныңды  айт. 5. Жыйылыс  бастығынан  сөз  сұра. 6. 
Шығарұушыға қабырға газетіне сөз жазғаныңды айт. 
§ 4. Қыстырма сөз. 
Жаңылмасам, былтыр Алматыда алғашқы қар 12-нөйəбірде жауып еріп 
кетті. 
Сөйлемде төтеннен кійліккен ойды көрсететін йə ойды көзеп жіберүу 
үшін ұсталатын сөзді қыстырма сөз дейді. 
Қыстырма сөз бір сөзден де көп сөзден де құралады. 
Қыстырма  сөз  сөйлем  мүшелері  мен  байланыспайды,  сөйлем  мүшесі 
болмайды; алып тастаса сөйлемдегі орны ойсырамайды. Сондықтан: 
1) Сөйлем басындағы қыстырма сөзден соң кіші тыныстық қойылады.
Жаңылмасам, сені мен былтыр Алматыда көрдім білем. 
2) Сөйлем ортасындағы қыстырма сөздің екі жағы кіші тыныстық бел-
гісі мен қоршалады.
Сені мен былтыр, жаңылмасам, Алматыда көрдім білем. 
Мағанасы  тым  алыс  йə  көп  сөзден  құралған  қаратпа  сөздің  екі  жағы 
жақша мен қоршалады:
Қарақай (жер аты) мал бағұуға қолайлы жер. 
21. Жұмыс. Көшіргенде қыстырма сөзді тауып кіші тыныстық пен йə 
жақша мен қоршаңдар. 
Мұнан төрт жыл бұрын 1931-жылы мен алғаш мектепке келдім. Мен 
əрійне мектепке кіргеніме құуандым. Қараймын құрбыларым пійəнер бо-
лып  жатыр.  Есембійке  пійəнер  бажағы  қыз  мені  пійəнерге  тартты.  Сол 
жылы мектепке алғаш кірген жылы мен де пійəнерге жазылдым. 

Бес томдық шығармалар жинағы
199
§ 5. Төл сөз.
Бұлжытпай айтылған біреудің сөздерін төл сөз дейміз. 
Айтқанда төл сөз өзгеше дауыс пен айтылады да, жазғанда екі жағынан 
тырнақша мен қоршалады.
Төл сөз бір сөзден де, көп сөзден де, сөйлемнен де құралады. 
1. Сөйлемде төл сөздің алдында тұрған бөгде сөзден соң екі нүкте қой-
ылады. 
Ленін айтқаны: «еңбек етпеген адам тамақ жемесін». 
2. Төл сөзден соң тұрған бөгде сөздің алдынан кіші тыныстық қойыла-
ды. 
«Еңбек етпеген адам тамақ жемесін», деген Ленін. 
3. Төл сөздің екі жағында тұрған бөгде сөздің алдыңғысынан соң екі нүк-
те, соңғысының алдынан кіші тыныстық қойылады. 
Ленін: «еңбек етпеген адам тамақ жемесін», деген.
22.  Жұмыс.  Көшіргенде  бөгде  сөздерді  төл  сөзден  соң  келтіріңдер  де 
соған лайықтап тыныс белгілерін қойыңдар. 
Қандоқтыр: «багөнде  бос  орын  жоқ»,  деді.Мілійсенер  жұртқа: «ретке 
тұрыңдар», деді. Біреу ышқынып: «Өрт Өрт» деп айқайлады. Əжем – «Тамақ 
ішелік», деді. Бажақ бізден: «Кім екпінді?» деп сұрады. 
23.  Жұмыс.  Төл  сөздері  бар  сөйлемдердің  тыныс  белгілерін  қойып 
көшіріңдер. 
Ленін оқы, оқы, оқы деген. Оқы, оқы, оқы деген Ленін. Ленін айтқаны 
оқы, оқы, оқы. Оны қой қасқыр айтты ол жасырмас жеп едім бір ылағын 
өткен  күзде.  Қаптесер  келіп  айтты  көр  тышқанға  бір  қабар  жайылып  тұр 
жер жаһанға. Күн болып біздерге де көз ашатын, қор болыпты мысық залым 
арыстанға. Есіркегіш екенсің дейді шілік онша сорлы емеспін, тартпа күйік. 
Қанденге бір ійт кездей боп дейді əддіңді білсеңші. Піл мен ұрысар сыйқың 
жоқ, мазақ болмай қой, көрші! 
Бір сөйлеушінің сөзінен соң екінші сөйлеушінің сөзі келіп отырса, тыр-
нақша орнына əр сөйлеуші сөзінің алдынан сызықша қойылады. 
– Мұрат неге ернің томпайды? 
– Шекпенімді күйдіріп алдым. 
– Неге тігіп алмайсың?
– Ійнем жоқ. 
– Тесігі үлкен бе? 
– Жалғыз жағасы қалды. 
24. Жұмыс. Тыныс белгісін өздерің қойыңдар. 
Аман ба
Аман ақ
Не əкелесің
Отын əкелемін
Мұның пішен көрінеді ғой
Көріп тұрсаң несіне сұрайсың

Бес томдық шығармалар жинағы
200
25. Жұмыс. Көшіргенде төл сөздің тыныс белгілерін тауып жазыңдар. 
Əртел атын не қойамыз? деді жыйылыс ағасы Ыбыраш. 
«Төңкеріс» қойсақ қайтеді. 
Дұрыс ақ! 
Пəлі, міне жаңа табылды! деп көп шұу етті. 
Жыйылыс бастығы
Бұған қарсы бар ма? деп сұрады. 
Қарсы жоқ! деген айқай естілді. 
§ 6. Бір дүкес сөздер.
Қазағыстан өзендері: Есіл, Нұра, Ертіс, Іле, Тобыл, т.т. (тағысын тағы-
лар).
Есіл, Нұра, Ертіс, Іле, Тобыл – Қазағыстан өзендері. 
Сөз  таптарының  бір  келкі  түрі  мен  айтылған  бір  топ  сөзді  бір  дүкес 
сөздер дейді.
Бір дүкес сөздер арасына кіші тыныс қойылады. 
Жалпылауыш сөздер бір дүкес сөзден бұрын тұрса, жалпылауыш сөз-
ден соң екі нүкте қойылады. Бір дүкес сөзден соң тұрған жалпылауыш сөз-
дер алдынан сызықша қойылады. Жалпылауыш сөздер екпінді, шұбыртпа 
сөздер бəсең дауыс пен үзіліп-үзіліп айтылады. 
26. Жұмыс. Бір дүкес сөздердегі тыныс белгілерін қойып көшіріңдер. 
Қазағыстан ірі таулары мыналар Алтай Сауыр Тарбағатай Ала тау Қара 
тау  Мұғалжар  т.т.  Алтай  Сауыр  Тарбағатай  Алатау  Қаратау  Қазағыстан 
таулары. Ауыл шарұуашылық құралдары трактыр көмбайн егін мəшійне 
шөп  мəшійне  т.т.  трактыр  көмбайін  егін  мəшійне  шөп  мəшійне  т.т.  ауыл 
шарұуашылық құралдары. 
§ 7. Көп нүкте.
Айтып келе жатқанда сасқаннан, қысылғаннан, біреу кес-кестегеннен 
ой кілт үзіледі. Бір йə бір неше сөз айтылмай қалады. 
Ой кілт үзілген жерде үш нүкте (...) қойылады. 
Сөйлем кілт үзілген жерде дауысы көтеріңкі шығады. 
27.  Жұмыс.  Сөйлем  кілт  үзілген  жерді  дауыс  ырғағына  келтіріп 
оқыңдар. 
– Келген жұмысыңды айта отыр, шырағым! – деді Қазаңғап.
– Неге шақырғанын...
– Мен білемін. 
– Білсеңіз айта...
– Айтсам сені оқұуға жібереді. 
– Мені қайда... 
– Алматыға жібереді. 
– Ағатай, барұуға қаржым...
– Жоқ болса, қазна береді.

Бес томдық шығармалар жинағы
201
28. Жұмыс. Төменгі əңгімені дауыс ырғағына келтіріп оқыңдар. Сонан 
соң сөйлем үзілген жеріне үш нүкте қойып көшіріңдер. 
– Отағасы, сізге айтарлық
– Сөзің болса соңра кел
– Тағы келүуге қолым
– Қазір менің де қолым тіймейді. 
– Тіймесе де бір ауыз
– Жарты ауыз тыңдауға да уақытым жоқ. 
§ 8. Көп бастауышты сөйлем. 
Өрісте бетеге, шағыр, бозғонақ, балауса, ійзен жайқалып тұр. 
Жайылымда жылқы, сыйыр, қой, түйе жайылып жүр. Есембай, Борам-
бай, Күмбійке жəне Тұрсымбек көбелек жыйнады.
Сөйлемде  бір  неше  бастауыш  бола  береді.  Оқығанда  ондай  баста-
уыштардың арасына дауыс сəл кідіріп өтеді де, жазғанда араларына кіші 
тыныстық қойылады. 
Соңғы бастауыштан бұрын келген жəне, тағы деген сөздер алдынан 
кіші тыныстық қойылмайды.
29. Жұмыс. Төрткілдегі сөздерді жолға тізіп, сөйлем қылып жазыңдар, 
керек жеріне кіші тыныстық қойыңдар. 
Қараша
дұуадақ
мен
жəне
ұшып кетті
ұшып кетті
Қараша
дұуадақ
үйрек
 
да
те
де
Адам
көлік
мəшійне
жүр
жұмыста
Мұрат
оқыйды
Асан
Жамал
тағы
30. Жұмыс. Көшіргенде сөйлемдегі бастауыштардың астын сызыңдар 
керек жеріне кіші тыныстық қойыңдар. 
Бала шал кемпір қалқозда ауыр жұмыс қылмайды. Құлыпта сауық кеші 
байандама кійно болады. 
Жалпы  көкне  жалпы  асқана  жəне  балалар  бесігі  қалқозшы  əйелдерді 
ошақ басынан құтқарады. Кеңес зауыттарында аптамабіл де трактірде ай-
ырпылан да танкі де парауыз да жасалады. Жем Жайық Еділ Терек жəне 
Құура  өзендері  Каспійге  құйады.  Қарағай  шырша  арша  ақ  қарағай  тағы 

Бес томдық шығармалар жинағы
202
қара  қарағай  қашан  да  жасыл  болады.  Қалқоз  бен  сапқоздың  жоспарын 
толтырды. 
§ 9. Көп байандауышты сөйлем.
Комбайын егінді орады, баулайды, басады, сұуырады, қаптайды. Сағат 
жүреді, шықылдайды жəне мезгілді көрсетеді. 
Бала оқыйды да жазады. 
Бір сөйлемде бір неше байандауыш бола береді. Оқығанда ондай бай-
андауыштардың  арасына  дауыс  сəл  кідіріп  өтеді  де  жазғанда  араларына 
кіші тыныстық қойылады. 
Соңғы  байандауыштан  бұрын  келген  «жəне»  деген  сөз  алдынан  кіші 
тыныстық қойылмайды. 
Екі байандауыш арасындағы да (де, та, те) соңынан кіші тыныстық 
қойылмайды. Бірақ да (де, та, те) қайталаса, қайталаған сайын соңынан 
кіші тыныстық қойылады. 
Құлын секіреді де шабады.
Бөктергі ұшады, қалықтайды, қонады жəне жүреді.
 
 
31. Жұмыс. Төрткілдегі сөздергі жолға тізіп, сөйлем қылып жазыңдар 
да керек жеріне кіші тыныстық қойыңдар. 
 
   
 
 
 
 
 
 
 
 

Бес томдық шығармалар жинағы
203
32. Жұмыс. Оқып, тыныс белгілерін орнына қойып көшіріңдер. 
Өзен  ағады  сарқырайды.  Мектеп  те  кəперетіп  те  пошта  да  біздің  кө-
шеде тұрады. Кенеттен бір нəрсе шұулады гүуледі сыртылдады. Мектепте 
біз жазамыз оқыймыз санаймыз сүурет саламыз. Кійөскіде газет те оқұу 
құралы да кəлендер де кітап та сатылады. 
§ 10. Тұурлаусыз бір келкі мүшелі сөйлем.
1. Сөйлемде бір сұрауға жауап беретін бір неше тұрлаусыз мүшелер 
де болады. Оқығанда бұлар арасына дауыс сəл кідіреді де жазғанда кіші 
тыныстық белгісін қойылады. 
Көрініске біз дійаграм, плакат, сүгрет, қарта, мөдел əзірледік. 
2. Мұндай сөздердің соңғысынан бұрын жəне, тағы деген сөз тұрса, 
жəне, тағы алдынан кіші тыныстық қойылмайды. 
Көрініске біз дійагрім, плакат, сүгрет қарта жана мөдел əзірледік. 
3.  Бір  келкі  екі  мүше  ортасында  тұрған  мен  (пен,  бен)  демеуінің  ал-
дынан кіші тыныстық қойылмайды. 
Қалқозға біз трактыр мен тырма əкелдік (71-бетті қара).
33. Жұмыс. Көшіргенде бір сұрауға жауап беретін сөйлемнің бір келкі 
мүшелерінің астын сызыңдар. 
Балалар кітабын, қарындашын, қаламын, дəптерін алып мектепке келді.
Қалқоз  бійдайын,  тарысын,  сұлысын  жəне  арпасын  септі.  Қалқозшы 
қаладан жұмыстан келді. Бала мектепке сабаққа кетті. 
34. Жұмыс. Керек тыныс белгісін қойып көшіріңдер. 
Қалқозшылар базарға қауын қарбыз картоп жəне қыйар əкелді. Екпін-
ділер жұмысты тез жақсы дұрыс орындады. Тауды тасты төбені жазықты 
қар басты. 

Бес томдық шығармалар жинағы
204
Бір сұрауға жауап беретін сөйлемнің бір неше мүшелерін бір келкі мү-
шелер дейді. 
35. Жұмыс. а) көшіргенде тыныс белгілерін қойыңдар, б) жаратылыс 
бұрыштарың тұуралы жазыңдар. 
Жаратылыс  бұрышымызда  торғай  шыбшық  ақ  тыйын  кірпі  кесіртке 
қарлығаш  көкек  үш  табан  екі  шортан  екі  шабақ  жəне  қоңыздар  мен  кө-
белектер. Бізде бұршақ арш сұлы күмбағыс бійдай да бар. Жандықтарды 
торда шыныда шетенде ұстаймыз. Өсімдіктер жашікке күршекке қалайыға 
отырғызылған. Біз бұларды ынта мен күтеміз, бақылаймыз, асыраймыз. 
Қалқозға біз трактыр мен тырма əкелдік.
Ақ, қызыл жəне көк гүлдер көрдік

Бес томдық шығармалар жинағы
205
§ 11. Құрмалас сөйлемдер.
Жай сөйлемдер: 
1. Күн шықты. Жарытылыс тербенді. 
2. Мен ерте тұрдым. Мен салқын сұу мен жұуындым. 
3. Ол айтты. Мен тыңдамадым. 
Құрмалас сөйлемдер:
1. Күн шықты да жаратылыс тербенді. 
2. Ерте тұрып, мен салқын сұу мен жұуындым. 
3. Ол айтса да мен тыңдамадым. 
4. Ол айтты, бірақ мен тыңдамадым. 
Бір  неше  жай  сөйлемнен  құралған  сөйлемді  құрмалас  сөйлем  дейді. 
Құрмалас сөйлем ішіне кірген жай сөйлемдердің мағналары бір-бірі мен 
байланысты болады. 
Құрмалас сөйлем арасында да, жəне тұрса, мұның алды-артынан кіші 
тыныстық  қойылмайды.  Құрмалас  сөйлем  арасында  бірақ  тұрса,  мұның 
алдынан кіші тыныстық қойылады. 
36. Жұмыс. Соңғы жай сөйлемдерді жұптап қосып, құрмалас сөйлем 
жасаңдар. Құрмалас сөйлем арасын ыңғайына қарай да (де, та, те), жəне 
бірақ деген сөздер мен қосыңдар. 
Найзағай  жарқ  етті.  Күн  күркіреді.  Əпрел  бітті.  Ағаштар  əлі  жапы-
рақтанған жоқ. Балалар үйі жақсы жерде тұр. Жанында өзен жоқ. Əскерге 
бұйрық берілді. Қосым жорыққа шықты. Жаңа тұрмыс жайнап келеді. Ескі 
тұрмыс қыйрап жатыр. Мен мектепке бардым. Онан қайтып келдім. Мен 
кеткім келді. Күн кеш болды. 
§ 12. Салалас (құрмалас) сөйлем. 
Жай сөйлемдер: 
1. Сен келдің. Сен мені кійноға əкеттің. 
2. Мен сабақ оқыдым. Мен қат жаздым. 
3. Бұлттан жаңбыр да жауады. 
  Бұлттан қар да жауады. 
  Бұлттан бұршақ та жауады. 
Салалас сөйлемдер: 
1. Сен келдің де ол мені кійноға апармады. 
2. Мен сабақ оқыдым да сен қат жаздың. 
3. Бұлттан не қар жауады, не жаңбыр жауады, не бұршақ жауады. 
  Бұлттан йə қар жауады, йə жаңбыр жауады, йə бұршақ жауады. 
Бір біріне тең сөйлемдер қосылұуын салалас сөйлемдер дейді. 
Салалас сөйлемдер арасы да (де, та, те), жəне, бірақ, не, əлде, йə деген 
сыйақты сөздер мен қосылады. 

Бес томдық шығармалар жинағы
206
Салалас  құрмалас  сөйлемдер  арасын  қосатын  да,  жəне,  не,  əлде,  йə 
алды артынан бір айтылса, əр қайтарылғанда алдынан кіші тыныстық қой-
ылады. 
Құрмалас сөйлемді қосып тұрған бірақ алдынан ылғый кіші тыныстық 
қойылады. 
37. Жұмыс. Төменгі жай сөйлемдерді қосып салалас сөйлем жасаңдар. 
Салалас сөйлемдер арасына ретіне қарай да, (де, та, те), не, əлде, жəне, 
бірақ деген сөздердің біреуін қойып отырыңдар. 
Қоңрау соғылды. Балалар шұулап асқанаға жөнелді. 
Алыстан Қызыл əскер көрінді. Мүзіке марш күйін тартты. 
Аңшылар қасқыр көрді. Қасқыр өлтіртпей кетті. 
Күндіз жолдасым байандама жасады. Кешке ол сақынада əн салады. 
Бүгін күн жауады. Күн жаумайды. 
Біз соғыс тілемейміз. Жауға қарсы тұрұуға əзірміз. 
38.  Жұмыс.  Салалас  сөйлемдердің  қалған  жерін  толтырып  көшірің-
дер.
Жазғытұр сезіледі, бірақ ұзақ... Шақырұу алып едік... біз... Біз кеше са-
бақ оқыдық жəне бəріміз мəшійне трактыр стансасына... Кешке не жый-
ылыс болар, не сауық кеші... Бүгін сыйыр əлде бұзаулар, əлде...
§ 13. Сабақтас сөйлемдер.
Жай сөйлем:
1. Мен бүгін ерте тұрдым. Мен салқын сұу мен жұуындым.
2. Сен кешке маған кел. Сонда екеуміз сабақ оқыймыз.
3. Ертеңгісін мен бардым. Сол кезде сен үйде болмадың. 
4. Мен бүгін ерте тұрдым. Мен салқын сұу мен жұуындым. Мен шəй 
іштім. Мен мектепке келдім. 
Сабақтас сөйлемдер: 
1. Бүгін ерте тұрып, мен салқын сұу мен жұуындым. 
2. Сен кешке маған келсең, екеуміз сабақ оқыймыз. 
3. Ертеңгісін мен барғанда сен үйде болмадың. 
4. Бүгін ерте тұрып, салқын сұу мен жұуынып, шай ішіп, мен мектепке 
келдім. 
Құрмалас сөйлемнің ішіне кірген жай сөйлемдер тең болмай, біріне бірі 
бағынып тұрса, мұны сабақтас дейді. 
Сабақтас  сөйлемдердің  соңғысы  басыңқы  болады.  Басыңқы  сөйлем 
жеке ұсталса да толық сөйлем болып шығады.
Сабақтастың  басқа  сөйлемдері  бағыныңқы  болады.  Бағыныңқы  сөй-
лем өз алдына жеке сөйлем бола алмайды, тек басыңқы сөйлемге қосылып 
тұрады. 
Бір сабақтас сөйлем ішінде басыңқысы тек біреу болады, бағыныңқы-
сы елде нешеу бола береді. 
Басыңқы сөйлем артында, бағыңқы сөйлемдер алдында тұрады. 

Бес томдық шығармалар жинағы
207
39. Жұмыс. Көшіргенде басыңқы сөйлемнің астын сызыңдар. 
Ауқатты болам десе, қалқозшылар адал еңбек етүуі керек. Егінді көп 
салұу  мен  іс  бітпейді.  Оны  бағып,  арам  шөбін  құртұу  шарт.  Ауыспалы 
егістің теқнійкесін білмей, егін шығымы оңбайды. Ауылда өтірік белсен-
ділер құрымай дұрыс еңбек бөлүу болмайды. Шарұуаның тілін біліп, адал 
еңбек істеп, өтірік белсенді мен бай-құлақ қалдығын мүлде құртқан күнде 
ғана қалқозшылар шын бақытты бола алады.
§ 14. Бағыныңқы сөйлемдер түрі.
Бағыныңқы жағы: 
1. Күн ыстық болғандықтан (Бұл өз алды тыйанақты сөйлем бола алмай 
тұр. Барлығы жыйналып «түстік» деген байандауышты анықтайды). 
2. Жаңбыр көп болып, (мұнда да солай). 
3. Бізге сабақ беретін (мұнда барлығы жыйналып мұғалым деген баста-
уышты анықтайды). 
4.  Біз  қызыл  бұрышқа  барғанда  (бəрі  жыйналып  түгел  басыңқының 
байандауышын толықтырып анықтап тұр).
Басыңқы жағы: 
Біз сұуға түстік. (Мұнда: неліктен деген толықтауыш сұрауына жауап 
беріп отыр).
Егін бітік шықты. (Мұнда да солай).
Мұғалым келді. (Мұнда анықтауыштың «қандай» «не қылатын» деген 
сұрауына жауап беріп тұр).
Газет  оқыдық. (Қашан  деген  бағыныңқының  сұрауына  жауап  беріп
тұр).
Бір сөйлем түгелі мен анықтауыш бола береді. Мұндай анықтауыш сөй-
лемді  анықтауыш  бағыныңқы  сөйлем  дейді.  Мұны  бағындырып  тұрған 
сөйлемді басыңқы сөйлем дейді. Толықтауыш бағыныңқы сөйлем де бо-
лады. 
Анықтауыш  бағыныңқы  сөйлем  жай  анықтауыш  сөздің  сұрауларына 
жауап береді. 
Бағыныңқы анықтауыш сөйлем əлде нешеу болса, жапсарларына кіші 
тыныстық  қойылады.  Жалғыз  бағыныңқы  анықтауыш  пен  басыңқы  сөй-
лемнің жапсарына кіші тыныстық еш қашанда қойылмайды. 
Жаз лагірде ойнап жатқан, соғыс тетігін жақсы үйренген. Кеңес елін 
жаудан қорғайтын Қызыл əскер қалаға қайтты. 
40. Жұмыс. Көшіргенде бағыныңқы анықтауыштың астын сызып тій-
істі тыныстықтарын қойыңдар. 
Қалқоз егісіне жəрдем берген жұмысшылардың бірігадісі мектепке кел-
ді.  Ең  алғаш  ауылға  кійно  көрсеткен  сол  жұмысшылар  болды.  Кійноны 
жұрт тамашалап көрүуден жалығатын емес. Кеше кійно болғанда құлыпқа 
адам сыймай кетті. Кійноның ең жақсы сауық екенін Ленін бабай айтқан 
болатын. 

Бес томдық шығармалар жинағы
208
41. Жұмыс. Бағыныңқы басыңқының қай мүшесін анықтап тұрғанын 
көрсетіп, əр қайсысын төмендегідейкестеге таратып жазыңдар. 
Үлгі: Қалаға барып қайтқан менің əкем. 
Жазғы тұры балалар отырғызған терек өсті. Жыйылысты ашып, бай-
андаушыға сөз беріп, төр аға отыра кетті. Қалада оқып ауылға қызмет 
етеміз. Мен барғанда, ол үйде жоқ болды. 
42. Жұмыс. Төрткіл ішіндегі сөйлемдерді таратып жолға жазыңдар. 

Бес томдық шығармалар жинағы
209
43. Жұмыс. Төрткіл ішіндегі сөйлемдерді реттеп жолға жазыңдар, ке-
рек жеріне кіші тыныстық қойыңдар. 
44. Жұмыс. Көшіргенде бағыныңқы анықтаушы сөйлемдер жапсарына 
кіші тыныстық қойыңдар. 
Күн ұзарып 
қар еріп
Сұу сайларға толады
Бұл қай кезде болады?
Шөптер пісіп
Күн ысып 
Қалқоз пішен орады
Бұл қай кезде болады?

Бес томдық шығармалар жинағы
210
Жауып жаңбыр 
Жер сабыр 
Шөп жапырақ солады. 
Бұл қай кезде болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет