2 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар


§ 15. Тыныс белгілерін қайта пысықтау



Pdf көрінісі
бет16/20
Дата27.01.2017
өлшемі3,61 Mb.
#2801
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
§ 15. Тыныс белгілерін қайта пысықтау. 
45. Жұмыс. Көшіргенде төл сөзді қаратпа сөзді, лепті, сұраулы құрма-
лас сөйлемдерді байқап, тійісті тыныс белгілерін қойыңдар. 
Кійно.
Алғашқы кезде жанды сүгреттен үркті. Жастар бала-шаға малшы ғана 
келіп үлкендер əйелдерін жібермеп еді. Сүгретті көріп келгендер ауызда-
рын  аңқыйта  көздерін  бажырайта  жұртты  таңырқата  сөйлеген  соң  қыз 
келіншектердің делебесі қозды. 
Ойпырмай бізде көрейікші жеңеше десіп жүрді. 
Барсақ кəйтер екен.
Жібере ме
Жасырынып кетейік
Сүтіңді пісірген соң келе ғой жеңеше 
Қыз  қатындары  кеткен  ійелері  оларды  алып  келүуге  іздеп  шығыс-
ты. Бірақ ұрысұудың орнына сүгрет қарап олар тұрып қалатын болды. Сол 
шұбырғаннан жұрт іңірде кійно ашыларда кійноға қарай шұбыратын бол-
ды. 
46. Жұмыс. Бұл да жоғарғыдай. 
Іңгеннің ботасын сүйүуі.
Жар жағалай қыдырып
Тал бүршігін сыдырып
Жегізер күнім бар ма екен
Кекре біткен қара ойға
Көлбетер күнім бар ма екен
Түйе аунаған шаңдаққа
Аунатар күнім бар ма екен
Ұйықтап жатқан жерінде 
Қабырғадан тістелеп
Қақ төсіннен ійіскелеп
Ойатар күнім бар ма екен.
 
 
 
 
 
 
(Қалық өлеңі)
47. Жұмыс. Бұл да жоғарғыдай. 
Құлақтандырұу. 
Бүгін марттың 15-де кешкі сағат 16-да 4 класта

Бес томдық шығармалар жинағы
211
жалпы жыйылыс болады.
Күн тəртібі:
1. Паріж комүуна күнін өткізүу тұуралы.
2. Ағымдағы мəселелер. 
Оқұушылар мен оқытұушылар тегіс келүуге міндетті. 
48.  Жұмыс.  Тыныс  белгілері  мен  жолдарын  дұрыс  көрсетіп,  өздерің 
құлақтандырұу жазыңдар. 
49. Жұмыс. Оқып тыныс белгілерін түсіндіріңдер, Протакол қалай жа-
зылатын үлгісін байқаңдар. 
Мектеп жыйылысының мəжіліс қаты № 8.
1934-ж. 20-мартта.
Мəжілісте болғандар: 1 бөлімнен 32, 2 бөлімнен 30, 3 бөлімнен 29, 4 
бөлімнен 25 бала, оқытұушылардан: Есеңгелді ұлы, Омар ұлы, Қазаңғап 
келіні жана Айтжан қызы келді. 
Жыйылыс бастығы: 
Қазаңғап келіні.
Қатшы: 
Омар ұлы. 
Күн тəртібі:
1. Мектеп жері тұуралы. 
2. Ағымдағы істер. 
Қаралды: 
1. Мектеп жері тұуралы (байандаушы мектеп бастығы Қазаңғап келіні). 
2. Ағымдағы істер: а) жазғы тұрғы дем алыс тұуралы.
Қаулы қылынды:
1.  Мектеп  жері  екіге  бөлінсін  де,  жартысына  егін,  жартысына  бақша 
салынсын:
а) ертеңнен бастап тұқым тазартұуға үш адам сайлансын, олар Ермек, 
Жібек, Сəлем.
б) түзетілген құралды ұстадан алұуға Айтжан қызы Жаңғабыл, Борам-
бай барсын. Жұмыс кезінде де құралға көз салұу осыларға жүктелсін. 
ш)  көлік  жайын  қалқоз  басқармасы  мен  сөйлесүу  мектеп  бастығына 
тапсырылсын. 
2. Ағартұу кəмесереті көрсеткен кезде дем алыс болсын. 
Жыйылыс бастығы: (Қазаңғап келіні)
Қатшы:  
(Омар ұлы)

Бес томдық шығармалар жинағы
212
50.  Жұмыс.  Өз  жыйылыстарыңның  мəжіліс  қатын  жазып  үйренің-
дер. 
51. Жұмыс. Қол қат ішіндегі тыныс белгілерін түсіндіріңдер. Қол қат-
тың үлгісін байқаңдар. 
Қол қат. 
1934 жылы 22 март. Мектептің пешін қайта салып бергенім үшін пешші 
мен, Есембай ұлы, мектеп бастығынан отыз (30) сом алдым. 
Қол қойдым:   
 
 
 
 
(Есембай ұлы).
52. Жұмыс. Қол қат жазыңдар. Қол қатта жылы, күні, кімнен, не жана 
не үшін алынғаны көрсетілсін, қол қойылсын. 
53. Жұмыс. Төменгі өтініштегі тыныс белгілерін түсіндіріңдер. Өтініш 
арыз қалай жазылатынын байқаңдар. 
«Алға» қалқозының басқармасына
№ 1 ауыл азаматы
Қылышбай ұлы Мақамбеттен
Өтініш.
Мені қалқозға мүше қылып алұуыңызды өтінем. 
Жасым 30-да, қызыл əскерде болдым, өзім кедеймін, үйімде бес жаным 
бар, өзімді қоспағанда үшеуіміз жұмысқа жараймыз. Мынадай дакүумент-
тер қосып бердім 1/… 2/… 3/…
Қол қойдым... 
    (Қылышпай ұлы)
1934 жыл, 5 əпрел.
54. Жұмыс. Мына теменің біріне өтініш жазыңдар.
1. Орта мектепке кірүуге. 
2. Қалқозға мүше болұуға. 
3. Ағартұу бөлімінен оқұуға жіберүуге.
Өтінішті  былай  жазыңдар:  əуелі  ұзын  жолға  кімге  берілгендігі,  оның 
астына  қағаздың  оң  жақ  шетіне  таман  кімнен  берілгендігі,  орталыққа 
«өтініш» деген сөз, мұнан соң ұлы тыныстық қойылсын. Азатты жолдан 
не өтініш екені айтылсын. Онан соң тағы азатты жолдан өз тұураңдағы ай-
тқың келген мағлұмат жазылсын. Өтініш соңына тіркелген дакүументтер 
айы, жылы көрсетіліп, қол қойылсын. 

Бес томдық шығармалар жинағы
213
55. Жұмыс. Қаттағы тыныс белгілерін түсіндіріңдер. Қаттағы қаратпа 
сөзді, қаттың үлгісін байқаңдар. 
Сүйікті ағай, Еспай! 
Мен төртінші бөлімді оқып жүрмін. Оқұуымыз жақсы. Кітап, қағаз, қа-
лам, дəптер, қарындашымыз жеткілікті. Мектебімізде жаратылыс бұрышы, 
мектеп  жері,  жұмыс  бөлмесі  бар.  Жұмыс  бөлмесінде  ағаш,  темір,  қайыс 
ұсталық құралдары бар. МТС жана депоға кейде пəлійтеқнікелік еңбек өт-
кізүуге барып тұрамыз. 
Əжемнің əкемнің дені сау. Ағатай ау, онда, Алматыда, оқұуларың қа-
лай? Жазып жібер. 
Əжемнен, əкемнен сəлем. 
Інің Мергембей
1934 жыл, 15 əпрел.
56.  Жұмыс.  Жолдастарыңа,  басқа  мектеп  балаларына,  басқа  жердегі 
аға йə апаларыңа қат жазыңдар. Қаттың басына кімге арналып жазылған 
қаратпа  сөзі  жазылады.  Онан  соң  қатта  айтайын  деген  ой  жазылады. 
Соңынан сəлем айтылып қол қойылады, айы, жылы көрсетіледі. 
§ 16. Қара сөз бен айтылған сөйлемдегі сөздердің тұратын орын
дары.
Байандауыш қайда тұратынын байқаңдар. 
Бала мектепке келді. 
Қалқоз еңбек күніне қарай табысын бөлді. 
Қысқа қарай мал жүнінің асты түбіттенеді. 
Алматы – Қазағыстан астанасы. 
Қара сөз бен айтылған сөйлемде байандауыш сөйлемнің ең соңында тұра-
ды.
57.  Жұмыс.  Төменгі  əңгімеден  байандауыш  сөйлемнің  қай  жерінде 
тұрғанын табыңдар. Көшіргенде байандауыштың астын сызыңдар. 
Гүудок. 
Жұмысшылар тұрған жерде гүудок шақырады. Гүудок құлдыққа шақы-
рмайды. 
Бұрын  жұпыны  мəстіріскөйде  жұмыс  қылғанда,  біз  жұмысты  бет-
бетіміз бен бастадық. Бұл күнде ертеңгі сағат сегізде неше мың адам үшін 
гүудок айқайлайды. Енді біз жұмысты бытырап бастамаймыз. Біз енді жұ-
мысты бірден бастаймыз.
Неше  мүлійен  адам  бір  мезгілде  қолына  балға  алады.  Балғаның 
алғашқы дүрсілі бірден шығады. Гүудок күйі не күй? Бұл бірлікке шақы-
рған ертеңгі күй. 
(Ə. Гестеп)

Бес томдық шығармалар жинағы
214
58. Жұмыс. Өздерің бес сөйлемнен тауып жазыңдар. Олардың байан-
дауышы айағында тұрсын. 
Төменгі  сөйлемдерді  салыстырыңдар.  Анықтауыш  қайда  тұратынын 
байқаңдар. 
Мен жақсы (қандай?) кітапты оқыдым. 
Мен кітапты жақсы (қалай?) оқыдым. 
Анықтауыш анықталатын сөздердің нақ алдында тұрады. 
Мысал: партыйаның он алтыншы сійезі. (Он алтыншы партыйа сійезі 
емес). 
Партыйаның XVII кəнперенсесі (XVII партыйа кəнперенсесі емес).
Мен қымбат (қандай? анықтауыш) кітапты алдым. Мен кітапты қым-
бат (қалай? толықтауыш) алдым. 
59.  Жұмыс.  Төменгі  сөйлемдерді  көшіргенде  анықтауыш  астын  бір 
сызыңдар,  анықталатын  сөз  астын  екі  сызыңдар.  Анықтауыштың  орнын 
алмастырып қараңдар, мағнасы не қылар екен?
Үлкен қалаларда үлкен үйлер болады. Мен атқа шапшаң міндім. Сен 
жаман кітапты оқыдың. Ағам жылдам от арба мен келді. Белсенді жұмыс-
шылар іске кірісті. 
60.  Жұмыс.  Төменгі  сөйлемдерде  анықтауыштың  орны  алмасқаннан 
сөздің мағнасы қалай өзгергенін түсіндіріңдер. 
Мектеп  ағаш  үйде  тұрады.  Мектеп  үй  ағаш  сатып  алды.  Бұл  темір 
төбе екен. Бұл төбе темір екен. Бұл мал сапқозы. Бұл сапқоз малы. Ол егін 
қалқозы.  Ол  қалқоз  егіні.  Жерде  бойау  өсімдігі  бар.  Кəперетіпте  өсімдік 
бойауы бар. 
61.  Жұмыс.  Өздерің  ішінде  анықтауышы  бар  бес  сөйлем  тауып  жа-
зыңдар. Анықтауышты анықталатын сөздің алдына қойыңдар. 
Кəйтіп?  Нағып?  Қалай?  деген  сұрауларға  жауап  беретін  толықта-
уыштар қандай сөздің тіке алдына тұратынын байқаңдар. 
Ат жүкті мықшыйып (кəйтіп?) тартты. 
Мен бақшадан жайау (қалай?) келдім. 
Құрғақ отын пеште лаулап (нағып) жанды. 
Кəйтіп? Нағып? Қалай? деген сұрауларға жауап беретін толықтауыш 
байандауыштың тіке алдында тұрады. 
62.  Жұмыс.  Көшіргенде  толықтауыштың  астын  бір,  байандауыштың 
астын екі сызыңдар. Соңынан жақша ішіне сұрауын қойыңдар. 
Мен егін арасынан жолды əрең таптым. Байандамашы байандамасын 
түсінікті жасады. Алыста от арба зымрап келеді. Құлын енесінің соңынан 

Бес томдық шығармалар жинағы
215
кісінеп  шапты.  Гүудок  ертеңгісін  қатты  айқайлады.  Бала  кітапты  арзан 
алды. 
63.  Жұмыс.  Өздерің  толықтауышы  бар  бес  сөйлем  тауып  жазыңдар. 
Оларды байандауыштың тіке алдына қойыңдар. 
Төменгі сөйлем ішінен нені? кімді? деген сұрауларға жауап беретін та-
быс жалғаудағы толықтауыш қандай сөздің алдына тұратынын байқаңдар. 
Жазды күні біз құлынды (нені?) жақсы күттік. 
Жазды күні біз құлынды күттік. 
Біз құлыпта газетті (нені?) дауыстап оқыдық. 
Біз құлыпта газетті оқыдық.
Кімді? Нені? деген сұрауларға жауап беретін табыс жалғаудағы то-
лықтауыш байандауыштың алдында тұрады. Қыймыл толықтауыш болма-
са, байандауыштың тіке алдында тұрады. 
64. Жұмыс. Төменгі сөйлемдер ішінен табыс жалғаулы толықтауышты, 
қыймыл толықтауышын байандауышты қатарынан теріп жазыңдар. 
Үлгі: Сабақты ынталы оқыды. 
Үлкендер ересектер мектебінде сабақты ынталы оқыды. Біздің екпін-
ділер орақ кезінде жұмысты құнтты істеді. Біз жазды күні сайдан бүлдір-
ген тердік. Сауыншы сыйырды сауып өргізді. Қалаға барғанда мен айыр-
пылан көрдім. Жазды күні біз торғайдан егінді қорыдық. 
65. Жұмыс. Өздерің табыс жалғаудағы толықтауышы бар бес сөйлем 
тауып жазыңдар. Ол толықтауышты өзінің тұратын орнына жазыңдар. 
Бастауыш  байандауыштан,  қыймыл  толықтауыштан,  табыс  жалғау-
дағы толықтауыштан бұрын келеді. Бірақ басқа толықтауыш пен пысықта-
уыштардың алды артынан тұра береді. 
Мысал: Біз кеше ауылдан қалаға келдік. Кеше біз ауылдан қалаға кел-
дік. Ауылдан кеше біз қалаға келдік. 
66. Жұмыс. Төмендегі сөйлемдерде бастауыштың орнын түрліше өз-
гертіп, көшіріңдер.  
Біз екпінділік жана сатсыйалдық жарыс пен бес жылдықты орындай-
мыз.  Мемлекет  қарызын  таратұуға  біз  жəрдем  береміз.  Бірігаді  қалқозға 
трактыр əкелді. Кеше біз серүуенге барып келдік. 
67. Жұмыс. Өздерің бес сөйлемнен тауып жазыңдар. Бастауышының 
орнын түрліше өзгертіп көріңдер. 
Шығыс  жана  барыс  жалғауда  тұрған  толықтауыштардардың  қайсысы 
бұрын тұртатынын байқаңдар. 
Мен үйден мектепке келдім. 
Бірігаді егістен қырманға бау тасыды. 

Бес томдық шығармалар жинағы
216
Бір сөйлемде қатар келсе, шығыс жалғаудағы толықтауыш барыс жалға-
удағы толықтауыштан бұрын тұрады. 
68.  Жұмыс.  Шығыс  жана  барыс  жалғаудағы  толықтауыштарды  қата-
рынан теріп жаз. 
Үлгі:  Белестен белеске. 
От арбаның түтіні белестен белеске тұтасып келеді. Ереуілшілер көше-
ден көшеге созылды. Түрксіп Ташкеннен Ноуосібірге шейін созылды. Жұ-
мысшылар түстен кейін кійноға барды. Біз сабақтан соң асқанаға барамыз. 
Бала арбадан жерге түсті. 
69. Жұмыс. Ішінде шығыс жана барыс жалғаулы толықтауыштары бар 
бес сөйлемнен тауып жазыңдар. Шығыс жалғауды барыс жалғаудан бұрын 
қойыңдар. 
Тек осы нəрсе ғана болды, басқа нəрсе болмады дегенді көрсететін сөз 
байандауыштың нақ алдына қойылады. 
Мен кеше таудан қалаға келдім. 
1. Басқа күн емес, тек кеше келгенді көрсетүу үшін былай дейміз.
Мен таудан қалаға кеше келдім. 
2.  Басқа  орыннан  емес,  тек  таудан  келгендікті  көрсетүу  үшін  былай 
дейміз:
Мен кеше қалаға таудан келдім. 
3. Басқа кісі емес, тек мен келгенімді көрсетүу үшін былай дейміз:
Кеше таудан қалаға мен келдім. 
70. Жұмыс. Сөйлемдердің ішіндегі сөздерін, жоғарғыдай байандауыш 
алдына түрліше қойып, мағнасын өзгертіп көріңдер. 
Кеше қалқоз даладан қырманға астықты тасып болды. Мана мен жый-
ылыста сөз сөйледім. Мұрат сабақты жақсы білді. Жыйылыста Жамал ба-
стық болды. Сағат сегізді мен үйден сабаққа келдім. 
71. Жұмыс. Өздерің бес сөйлемнен тауып, сөздерін түрліше байанда-
уыштың алдына қойып жазыңдар. 
§ 17. Сөз тұуғызұ. Түбір, жұрнақ, дəнекер, жалғау.
Сұу 
 
Бөл
сұушы 
сұудың 
бөлме 
бөлемін
сұулық 
сұуға 
бөлім 
бөлесің
сұулы 
сұуды 
бөлік 
бөледі
сұусыз 
сұудан 
бөліс 
бөлдім
сұуық 
сұуда 
бөлүу 
бөлдің
сұудыр 
 
бөлек 
бөлді
сұулас 
 
 
бөлшек
сұула 
 
 
бөлгіш
сұуар
сұуат

Бес томдық шығармалар жинағы
217
Сөйлегенде сөз өзгергеніне қарасақ, сөздің екі жігі барын көреміз: өз-
гермейтін жана өзгеретін бөлімдері. 
Өзгермейтін бөлімі сөздің түпкі мағнасын көрсетеді. Сөздің бұл бөлімін 
түбір дейді. 
Сөздің өзгеретін бөлімін жалғау дейді. 
Жалғау екі түрлі: жұрнақ жана дəнекер жалғау. 
Жұрнақ түбірден жаңа мағаналы сөз тұуғызады сұуат, сұулық. 
Дəнекер жалғау сөйлемдегі сөздердің арасын байланыстырады: сұуға, 
сұудың. 
Септеу жана жіктеу жалғаулары дəнекер жалғауға жатады. 
72. Жұмыс. Түбірді, жұрнақты, дəнекер жалғауды бөліп көрсетіңдер. 
Үлгі: қыз-ар-ды, қыс-та-ды, ор-ақ-қа, тар-ақ-тың. 
Қызарды, қыстады, ораққа, тарақтың, малшыға, леніншілге, жұмысшы-
ны, сатсыйалдық, жазұуға, үйүуге, сыйлыққа, базардың, шегеледі, толық, 
тазалыққа, тұтқа, тұтқыш.
Бір сөзде əлде неше жұрнақ болұуға мүмкін. 
Жұс-та-у,  ег-ін-дік,  Ленін-шіл-дер,  бірақ  тек  бір  ғана  дəнекер  жалғау 
болады (балаға). 
Түбірге əуелі жұрнақтар қосылады, сонан соң дəнекер жалғау қосыла-
ды (аң-шы-лық-тың). Дəнекер жалғаудан соң сөзге ештеме қосылмайды. 
Сөздің түбірі, жұрнағы, дəнекер жалғаулары бірге жазылады.
73. Жұмыс. Түбірлес сөздерді бір ыңғай теріп жазыңдар. 
Үлгі:  Іс, істе, ісші, ісмер, іскер, істеуші, іске, іссіз, істің. 
Айт, үй, ұйқы,сөз, жаз, қой, үй, ій, ой, айтыс, үйүу, ұйықта, сөйле, жай-
ла,  қозы,  ұлан,  айтұу,  үймелеу,  ұйқышыл,  сөзшең,  қозғайды,  жайлайды, 
жайлау, жай, айтақ, үйілмеген, ұйқысыз, сөйлем, сөйлеу, қойлы, ұлақ. 
74.  Жұмыс.  Етістікке  бір  ыңғай  жұрнақ  қосып  жаңа  мағналы  сөздер 
тұуғызыңдар. 
1. Төменгі сөздерге ын (ін) жұрнақтарын қосыңдар. 
Шап, жау, кел, ек, жек, тек, ақ, тық, шық, тік.
Үлгі: шап – шабын. 
2. Төменгі сөздерге ұу (үу) у жұрнағын қосып жаңа мағналы сөз тұуғы-
зыңдар. 
Жаз, күл, сұра, тарт, кес, сана. 
Үлгі: жаз – жазұу. 
3. Ұу (үу) у-ға тынған сөздерге шы (ші) жұрнағын қосып, кесіпті, ма-
мандықты көрсететін сөз тұуғызыңдар. 
Оқұу, оқытұу, тігүу, алұу, берүу, сұрау.
Үлгі: Оқұу – оқұушы. 

Бес томдық шығармалар жинағы
218
4.  Төменгі  етістіктерге  ым  (м)  жұрнағын  қосып  жаңа  мағналы  сөз 
тұуғызыңдар. 
Бөл, бер, кел, ал, кет, іш, қайнат, өл, жүр, сөйле, күзе, жайыл, тын. 
Үлгі: Бөл – бөлім.
Төменгі етістіктерге ық (қ), ік (к) жұрнағын қосып жаңа мағналы сөз 
тұуғызыңдар. 
Жар, төз, аш, жап, күй, түкір, бұйр, қый, жыр, қаз, жаз, ой, түс, ұш, құс, 
қасқыр. 
Үлгі: Жар – жарық. 
Етістікке ыс (іс) с жұрнағын қосып жаңа мағналы тұуғызыңдар. 
Айт, бөл, жүр, соқ, шық, ек, отыр, жат, қара, ал, бер, тын, өр. 
Үлгі: айт – айтыс. 
76. Жұмыс. Есімдер түбіріне бір ыңғай жұрнақтар қосып жаңа мағна-
лы сөздер тұуғызыңдар. 
1. Төменгі сөздерге кесіпті, мамандықты көрсететін шы (ші) жұрнағын 
қосыңдар. 
Етік, бөрк, ер, үй, пеш, тас, мəшійне, жылқы, мал, жұмыс, қалқоз, егін, 
сұу, трактыр, аң, балық.
Үлгі: етік – етікші. 
2. Төменгі сөздерге лық (лік), дық (дік), тық (тік) жұрнақтарын қо-
сып жаңа мағналы сөз тұуғызыңдар. 
Бала, орын, бас, жақсы, жаман, көп, аз, екі, үш, ауыз, мұрын, тер, жас, 
күн, түн, ай, əділ. 
Үлгі: бала – балалық. 
3. Шыл (шіл) жұрнағын қосып жаңа мағналы сөз тұуғызыңдар. 
Ленін, Маркс, Дарбійн, төңкеріс, аң, өзім, кір, көп, ұлт, ат, ұйқы, сұу.
Үлгі: Ленін – Леніншіл. 
4. Лы (лі) ды (ді) ты (ті) жұрнағын қосып жаңа мағналы сөз тұуғы-
зыңдар. 
Бала, сұу, құм, тау, қой, жылқы, астық, мал, қарұу, жол, өзен, зауыт. 
Үлгі: бала – балалы. 
5. Сыз (сіз) жұрнағын қосып жаңа мағналы сөздер тұуғызыңдар. 
Сұу,  от,  отын,  жол,  тау,  орман,  дамыл,  жел,  құм,  түтін,  қарұу,  бұлт, 
май.
Үлгі: сұу – сұусыз. 

Бес томдық шығармалар жинағы
219
76. Жұмыс. Көшіргенде сөздердің түбірін, жұрнағын, дəнекер жалға-
уын  сызықша  мен  бөліп  жазыңдар.  Сөз  тек  жалғыз  түбірден  тұрса,  оны 
бөлмей ақ жазыңдар. 
Үлгі: Бұу мəшійне, құрыш шойын, қыздырады дұуман тойын. 
Тоқұу пəбірігінде.
Бұу мəшійне, құрыш шойын, 
Қыздырады дұуман, тойын;
Бұу қайнатат, салып ойнақ.
Бійік, бійік қара мойын
Көкке тіп-тік созған мойын. 
Түтін көкке ұшады өктеп, 
Бұудақ, бұудақ түйіле. 
 
Қатар, қатар ұршықтары, 
 
Зырылдайды тұмсықтары.
 
Бұлтылдап жіп бұлшықтары 
Үзбей қыл жіп қылшықтарын,
Шыйратады жымыпқаны. 
Ерсіл- қарсы шапқан марыш, 
Қызығамын бійіне.
 
 
 
 
 
 
(Сəкен)
77. Жұмыс. Бұл да жоғарыдағыдай. 
Түрксіп. 
Тауды тіліп, тасты бұзып,
Тамшылатып ашшы тер; 
Жан жүрмеген, жан баспаған, 
Жан көрмеген тасты жер; 
Қырдан асып, белді басып, 
Жолды салған қандай ер?
– Ол қайратты, ол қажырлы,
Қайтпас қайсар жұмыскер. 
 
 
 
 
 
        (Асқар)
78. Жұмыс. Тыныс белгілерін орнына қойып көшіріңдер. 
Ой балалар балалар
Жылы жылы жел соқты
Жылғалардан сұу ақты
 
Қаңқыл қаңқыл қаз кепті
 
Жер қарайды жаз кепті

Бес томдық шығармалар жинағы
220
Желкілдейді көк майса 
Желіндейді мал жайса
Сапқоз МТС қалқозшы
Егіндерін айдапты. 
 
Ой балалар балалар 
 
Ойналық та күлелік 
 
Қос басына мінелік 
 
 
 
 
 
 
(Ілійас) 

Бес томдық шығармалар жинағы
221
МАЗМҰНЫ. 
Беті
Үшінші жыл.
§ 1. Сөйлемдегі сөздердің байланысы ...................................................... 3
§ 2. Зат есім ................................................................................................. 5
§ 3. Жалпы есім .......................................................................................... 8
§ 4.  Етістік ................................................................................................ 10
§ 5. Етістіктің болымды, болымсыз түрлері .......................................... 13
§ 6. Жалаң сөйлем. Бастауыш пен байандауыш .................................... 14
§ 7. Жайылма сөйлем. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері ....................... 16
§ 8. Жеке мағналы жаңа жеке мағнасыз – демеу сөздер ....................... 19
§ 9. өздің түбірі мен жалғауы .................................................................. 20
§ 10. Қос сөздер ........................................................................................ 25
§ 11. Дауысты жана дауыссыз дыбыстар ............................................... 27
§ 12. Үндестік заңы .................................................................................. 29
§ 13. Ілгерінді ықпал ................................................................................ 31
§ 14. Екі дауыстының ортасында «п», «к», «қ»-ның «б», «г», «ғ»-ға
айналұуы ................................................................................................... 32
§ 15. «н» дыбысының «ң» жана «м»-ға айналұуы ................................ 33
§ 16. Бір неше сөзден құрылған кісі атының бірге жазылұуы ............. 34
§ 17. Сөз айағында «б», «д», «г», «ғ», дыбыстарының келмеуі ........... 35
§ 18. Ұу, үу, ый, ій емлесі ........................................................................ 35
§ 19. Сан есім ............................................................................................ 37
§ 20. Сын есім ........................................................................................... 38
§ 21. Есімдердің тəуелдеу түрі ................................................................ 40
§ 22. Есімдердің көпше, жекеше түрі ..................................................... 41
§ 23. Есімдердің септелүуі ....................................................................... 42
§ 24. Тəуелдеу түрдің септелүуі .............................................................. 45
§ 25. Есімдіктер ........................................................................................ 46
§ 26. Етістіктің жіктелүуі ......................................................................... 47
§ 27. Көмекші етістік ................................................................................ 51
§ 28. Болымсыз «ма» мен сұрау «ма?» ................................................... 52

Бес томдық шығармалар жинағы
222
Беті
Төртінші жыл.
§ 1. Аңызды, лепті, сұраулы сөйлемдер ................................................. 54
§ 2. Сөйлем мүшелері .............................................................................. 59
§ 3. Қаратпа сөз ......................................................................................... 61
§ 4. Қыстырма сөз ..................................................................................... 63


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет