2 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар



Pdf көрінісі
бет19/20
Дата27.01.2017
өлшемі3,61 Mb.
#2801
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Əліббе əдісі. Əліббе бүтін сөз əдісінің бір тарауымен жазылды. Салған-
нан біз  йа бүтін сөз, йа қысқа сөйлем бердік.  “а” бір дыбыс  болса да, 
қазақша мағыналы сөз. Сол сыйақты “i”, “у” да мағыналы сөз болсада, ім-
лəміз кеселінен əзір оларды бүтін сөз қатарында көрсетіуге болмады. Бүтін 
сөз  əдісін    балаларға  арнаб  өзгеріткенде  дыйдактыйкеның:  “бір  жолы 
бірақ қыйындық бер” дегені есімізде болды. Бір сабақта тек бір дыбыс 
əріб қосылыб отырды. Онан соң дыбыс əріб, бұуын, сөз жағына мынадай 
əдіс ұсталды: 
1) Əліббеның алдыңғы жағына тілімізде ең жійі кездесетін дыбыстар 
қойылды.  Сонда  сөз,  сөйлем  құрау  оңай  болады.  Оның  ішінен  таңбасы 
оңайрағы ілгерірек қойылды: сонда балаға жазыу жеңілірек болады. 
2) Қыйындығына қарай əуелі екі дыбысты ашық бұуын (дауысты ды-
быс бұуын соңында а-на), сонан соң екі дыбысты бітеу бұуын (ат), онан 
соң ортасы дауысты бұуын (нан, мал), соңынан төрт дыбысты бұуын көр-
сетілді (қарт, төрт).
3) Сөзге келсек, əуелі бір бұуынды сөз (а), онан соң екі бұуынды сөз (а-
на), соңынан үш бұуынды сөз (а-на-ма), ең артынан көб бұуынды  сөздер 
көрсетіледі.  Сөз  алдында  əліббені  өткенше  балаға  өзін,  йа  сүуретін  көр-
сетерлік деректі сөздер алыуға тырыстық. Бір балаға салғаннан араз, зор 
сыйақты дерексіз сөз беріуге қарсымыз. Үйіткені баланың ойы – деректі 
ой. Онан соң біз қыймылды көрсететін (ал, бел) йа түсті – сынды, санды 
көрсететін сөздерді (ақ, қара, қысқа, ұзын) алдық.
4) Сөз бен сөйлем алғанда, жоғарғы дыйдактыйке əдісінен басқа, білім 
ордасының проғрамы жəне реплексологиенің мынадай заңы есімізде бол-
ды: адам қайталаған нəрсеге тез жаттығады. Сөзді алсақ мысалы мынадай: 
маң, маң, маң басқан, шұудаларын шаң басқан.
дыбыс, сөз, бұуын, сөйлем жағынан жоғарғыларды ескеріу – оқыты-
ушылардың міндеті. 
Оқытыушылардың міндеттері. Біздің  əліббемізді қолданған оқыты-
ушылар мынаны ескерсін:
1) Əліббе матерыйалы білім ордасының  комплекс проғрамына қарай 
тізілген. бірақ қай əріб-дыбыс тұсында қандай комплекс, қандай тақырыб 
оқылыуын ғана əліббе көрсетеді. Ал комплексті толық түсіндіріу – оқы-
тыушының міндеті. Мысал: əліббе басында ана, мама,
 ата 
деген сый-
ақты сөздер бар. Бұларды оқытарда оқытыушы баланың үй іші жайынан 
сұраб, əңгіме ішіне ата, ана деген сөздерді келтіріуге болады. 
2)  Сол  сыйақты  к  дыбысына  келгенде  мектеб  жайы  əңгіме  болыу-
ға  орынды.  осы  сыйақты  қысқа  сұрау,  қысқа  əңгіме  мен  оқытыушы
жаратылыс  жайынан  да,  қоғам  тұрмысы  тұуралы  да  толығырақ  бі-
лім беріб отырыуы керек. Бірақ білім баланың түсінігіне шағын, оңай бол-
сын. 
3)  Бірте-бірте    балаға  салыстырыб  айырмашылығын  табарлық  мате-
рыйал беріле барсын. Мысал: ұзын, қысқа, ұзынырақ, қысқарақ, бійік, ала-

Бес томдық шығармалар жинағы
273
са, бійігірек, аласарақ, аз, көб, азырақ, көбірек, алыс, жақын, алысырақ, 
жақынырақ сыйақты. 
4) Əр сабақта  оқытыушы əдісін, жұмыс тұтын құбылтыб отырсын. 
Жаңа  дыбысты  анықтаб  өзің  айыт – бала  естісін.  Оны  тағы  балаға  ай-
ытқыз – тілі жатықсын. Жазыб көрсет – көзі шалсын. балаға жаздыр – қолы 
дағдылансын.  Ол  əрібті  қағаздан  ойдыр.  Шырпыдан  жасат,  саздан  ійлет, 
плакатқа жаздыр – бала құрал ұстауға, іс істеуге жаттықсын.
5) Əліббеміздің əр жерінде есеб де бар. Ол есеб оқытыушыға тек жөн 
сілтейді.  Бір  əріб  тұсындағы  есеб  бітпеді  деп,  келесі  дыбысты  оқытбай 
отырма. Санды да өз ауанымен оқыта бер. Сан ілгері кетсе, есеб үйретбей 
тағы қараб отырма. 
6) Оқытыушы əліббенің құлы болмасын. Əліббедегі сөз өзгермейтін өлі сөз. 
сондықтан оқытыушы əліббені тек үлгіге  алыб, кезінде балаға қызғылықты, 
тұрмысқа жақынырақ сөз алыб отырсын.  Оқытыушы əліббенің арқандаулы 
бұзауы болмасын, істің жаратыушы ұстасы болсын.
7)  Біз  əрібтің  жазба  түрін 12 сабақтан  соң  көрсеттік.  Бірақ  жазба
əрібті    онан  ерте  йа  кеш  көрсетіу  оқытыушының  еркінде.  Əйтсе  де  тым
ерте көрсетіудің пайдасы болмас. Үйіткені жазбаның  балаға  жазыуы қый-
ын болады. Жазба түрі  көрсетілгенше бала əрібті басба түрімен жазады.
Баланың  қолын  жазыуға  жаттықтырыу.  Мектебке    бастаб  кірген-
нен  оқыу  мен  қатар  балаға  жазыу  керек.  Жазыуға  дағдыландырғанда  ең 
алды  мен  əріб,  йа  əрібтің  бөлшек  сызықтары  үйретілмесін,  бала  өз  еркі 
мен  сүгірет  салсын.  Сүйтіб  жазыуға  баланың  қолы  бірте-бірте  жаттық-
сын. Бала текемет айналасындағы ійректі, орамал жійегіндегі дөңгелекті, 
бау,  айақ  қаб,  шій,  сандық  тыс  сыйақтылардағы  оңай  ойыуларды  салыб 
дағдылансын. Жапырақ сыйақтыларды  айнала сызсын, сүгіретін салсын. 
Сүгірет салдырғанда  балаға тік сызықтан гөрі дөңгелек, ійрек сызықтар 
оңайлығы  есте болсын. 
Осылай  сүгіреттен  бастағанда: 1) баланың  қолы    қарындаш-қалам 
ұстауға  жаттығады, 2) бала  өзінше  сүгірет  салдым  деб  көңілденеді,  іске 
ынтасын салады, іске ынталандыру істің жемісті болыуына кепіл, 3) бала-
лар мағынасыз, қызықсыз, тайақты жол толтырыб жаза беріуден құтыла-
ды.
Үлгіге  біз  əліббе  басында  осындай  өрнектер  көрсеттік.  Оқытыушы  
онан  басқа,  баланың    көз  алдындағы  нəрседегі  өрнектерді  салдырыуға 
ерікті.
Баланың  қолы  жаттығыб  тез  жеңіл  қозғалғанда  барыб  əрібтің  жазба 
түріне түсіріу жөн. 
Ійрек  сызықты  ойыулардан  соң  көлбеу,  қыйғаш,  тік  сызықты  нəрсе-
лердің, үшкүл, төрткүл сыйақты нəрселерді сыздырыуға болады. 
Нені салса, оны салсын, баланы тыйма, қайта қостаб қой. Сонда бала 
табқырлыққа дағдыланады, жұмысқа ынталы болады. 
Осындай  сүгіреттер  екі  жол  арасына  салынсын:  соңыра  бала  жолға 
түзіу жазыуға жаттығады.  
Алғаш кезде, екі-үш айға шейін, бала сүгіретті де, басқа жазыуды да 
қарындашпен қана тындырсын: сыйа ылас, қаламұш түртіншек  болады. 
табылса сүгіретті бойаулы қарындашбен салған да дұрыс. 
Салған ійректерден құраб бір нəрседегі өрнек шығартыу есте болсын. 
Мысал:  ійрек,  қошқар  мүйіз,  дөңгелектен  құраб  текемет  түрін  шығарыу 
сыйақты. 

Бес томдық шығармалар жинағы
274
Балаға сызығы көб, йа жолының арасы тар тетрат берме: баланың көзі-
не  зыйан,  жазыуға  қолайсыз.  Балаға  арасы  бір  сантиметрден  сызылған, 
қыйғаш  сызығы  жоқ  тетрат  бер.  Əрібті  о  жол  мен  бұ  жолға  жеткізіб  ірі 
жазғыз. Жаңа əліббеге осындай тетрат қолайлы. Мысал: 
 ана, аға, ата, апа, жеңге.
Бала алғашқы кезде басбаша, соңынан қолы жаттыға келе жазбаша жа-
зады.
Сабақ іреті. Сабақ неден басталыб, немен тыныу іреті мынадай бола-
ды: 
1) Əліббедегі сүгірет қаралады, йа сабаққа ылайықтаб оқытыушының 
өзі салыб əкелген сүгіреті қаралады.  
2) Сүгірет жайында қысқа əңгіме болады: бұл баланың тілін ұстартыб, 
сабаққа əзірлеуге керек, мысалы сүгерет
 ата 
болсын.
3) Оқытыушы тақтаға сүгіреттің атын жазады (ата).
4) Ол сөз оқылады.
5)  Оқылған сөзді балалар дəбтеріне көшіреді.
6)  Көшірген сөзін балалар əліббе кітабынан  тауыб оқыйды, тағы басқа 
таныс сөздерін тауыб оқыйды. 
7)  Сүгірет  жайынан  балалар  əңгіме  айтады,  ішіне  əліббеде  басылған 
сөзді қыстырады.
8) Жазылған сөзді бір бала тақтаға кесбе əліббеден құрайды.
9) Оны қалған балалар өз əліббесі айағындағы кесбе əліббесінен кесіб 
алыб құрайды. 
10)  Ол  сөз  бұуынға  бөлінеді,  балалар  алдарындағы  кесбе  əліббеден  
құралған сөзінде бұуындайды.
11) Балалар əр бұуынды бөлек оқыйды. 
12) Сөз ішіндегі таныс əрібтер-дыбыстар айрылады, таныс емес жаңа 
дыбыс-əріб бөлініб шыға келеді. 
13) Жаңа дыбыс балалардың атының басынан (мысал: “а”-ны “а-дай” де-
ген бала атының басынан табтырыб атау сыйақты), басқа таныс сөзден таб-
тырыб, сол табқан сөздің сүгіретін салғызыб, астына бас əрібін жазғызады.
Жаңа əріб көрсетілген сайын кімнің өз аты, кімнің əкесінің аты жаңа 
əріб-дыбыстан  басталғаны  ізделіб    отырады,  жаңа  атының  бас  əрібі  жа-
зылыб  отырады.  Атының  бас  əрібі  шықбаған  балалар  күнбе  күн  атымыз 
қашан шығады деб  асығыб ынталаныб отырады. Баланың үйренген əрібі 
көбейген сайын атының таныс əрібтері жазыла береді (бұуын, бұуыннан 
да  артық  болыб).  Таныс  емес  дыбыс  келген  жерге  сызық  қойса  болады 
(мысалы: “адай” орнына  “ада”  деб жазған сыйақты).
14.  Жаңа  дыбысы  бар  бұуын  бөлінеді,  ол  бұуын  əліббе  айағындағы 
бөлек көрсетілген бұуындардан кесіб алынады. 
15. Жаңа бұуын жардағы қағазға  жабсырылады.
16.  Кесбе  əліббеден  сөз  құралыб  жазылады:  оны  балалар  кесбе  əліб-
бесінен құраб тетратына көшіреді. 
Імлаға үйретіу. Балаға  імлə үйретіу жайы былай болады:  балаға таныс 
емес сөзді жаздырыу керек емес. Баланың тетратына жазылатын сөздер йа 
тақтаға, йа кесбе əліббе мен дұрыс жазылған болсын. балаға қата жазылған  
сөз көрсетілмесін. Анық айтылған, анық жазылған, анық оқылған сөздер 
ғана тетратқа, плақатқа, сүгірет астына жазылсын. Імлə үйреніу үшін кітаб-
тан көшірткен де теріс емес. 

Бес томдық шығармалар жинағы
275
Бұуын  ойыны.  Əліббе  айағында  кесбе  бұуын  берілген.  Оқылған 
бұуын  кесіб  алыныб,  бұуыннан  балалар  сөз  құрастырыб  ойнайды.  Онан 
соң оқылған бұуын ірі жазылыб керегеге үлкен ақ қағазға бірінің астына 
бірі  жабсырылыб  отырады.  Сабақ  арасындағы  дем  алыста  балалар  жар-
дағы  бұуынды  табысыб  ойнайды.  Ойнау  іреті  былай:  бала  деген  сөздің 
алдыңғы  бұуынын  таб.  Табқан  бала  айтқан  балаға  жұмбақ  айтады:  қала 
деген  сөздің  алдыңғы  бұуынын  таб.   Қаланы  қола  қылыб  шығар.  Онан 
əрі де осы ірет бен ойнала береді. Бірақ бұуын ойынына салыныб, басқа 
жұмысқа кесел болмасын.
Кесбе əліббе. Адам баласы əлі күнге шейін кесбе əліббеден артық  ба-
лаға қат танытатын  құрал табқан жоқ. Кесбе əліббе тұрған жерде жақсы 
оқытыушыға кітабша əліббенің керегі жоқ. Кесбе əліббе мектебте төрден 
орын алыб, көб ұсталыу керек. Біздің қазақтың надан мұғалімдəрі  кесбе 
əліббені кесбестен табағымен йа жарға іліб қойады, йа жасырыб қойады!
Кесбе  əліббеден  бала  бұуынмен  сөз  құрайды – мұның  өзі  жазыу,  тек 
əзір əріббен жазыу. Бала күнде кесбе əрібтен сөз, бұуын құраб отырыу ке-
рек. 
Сонда бала əрі жазыуға үйренеді, əрі оқыуға дағдыланады, əрі табқыр-
лыққа жаттығады, əрі бұуын мен дыбысты айрыб құнығады. 
Жаңа  əліббе  мен  екі  кесбе  басылыб:  бірі  қатты  қарта  басатын  қа-
ғазға  алыстан  көрінерлік  ірі  əріббен  өз  алдына  бөлек  басылыб  отыр;
мұның  нарқы 12 тыйын.  Мұны  əлі  келсе  əр  бала  сатыб  алсын,  қолын-
да ұстасын. Бала қолында болса да, болмаса да бұл кесбе əліббені мектеб 
3-4-ден  ұстасын.  Бөтен  бір  нəрсесін  қойа  тұрса  да,  мектеб  кесбе  əліббе 
алсын.  Енді  бір  кесбе  əліббе  “жаңалықтың”  айағында.  Керегінше    кесіб 
алыб балалар мұнан сөз, бұуын құраб отырыу керек. Бұл əліббе жұқарақ 
қағазға басылған, жаңа əрібі де ұуағырақ. Кітаб соңындағы кесбе əліббе-
мен балалар парталарының үстінде отырыб сөз құрайды: қатты қағазға қа-
тырыб алыб, қарташа үлесіб алысыб, əркім шыққан əрібінен сөз құраб та 
ойнасады. 
Үлкен  кесбе  əліббені  ұстай  біліу  керек.  Əліббе  балаға  тегіс  көрі-
нетін  жерде  тұрсын.  Оның  ұшын  бір  неше  газетті  біріктіріб  желімдейді. 
Ол  желімделген  газеттердің  жійегіне  қатты  қағаз  тығылады.  Осы  қатты 
қағазға тағы қатты қағаздан  20 шақты тайыз қалталар тігіледі. Сол қалта-
ларға көріндіріб əрібтер қойылады. Əр қалтаға əр əріб салынады. Бұл қал-
талар йа жарға ілінеді, йа тақта қасына ілінеді. Демалыс кезінде балалар 
мұнан сөз, бұуын құраб ойнайды. 
Мұндай қалтаға салыудың орнына кесбе əрібтерді жəшікке салса тіб-
ті  жақсы.  Онда  жəшік  бұлай  істеледі:  бір  жəшік  ішінде  əріб  басына  бір 
ұйа істеледі. Ұйаның табаны бірінен бірі бійік  басқыштаныб тұрады.Ұйа 
арасындағы тақтайлар əрібтен аласарақ болады: ішіне салған əріб көрініб 
тұрады. 
Ауа  календері.  Əліббенің  əр  жерінде  ауа  календері  бар.  Бірақ  ауаны 
бақылатыу  бала мектебке кірген күннен басталыу керек.  Алғаш кезден 
баланы ауаның шартты таңбаларын дұрыс салыуға үйретіу керек. Шарт-
ты таңбалар  “жаңалықта” көрсетілген. бірақ  алдыңғы кезде балалар тек 
жауынды, бұлтты, ыстық-сұуықты, желді ғана таңбалаб байқаб отырса бо-
лады.  Мектебтен шыққанша бала ауаны бақылауын қоймасын. Қысқа қа-
рай, əрійне, айаз, қар, мұздақ сыйақтыларды да бақылау керек. Бара-бара 
10 декебыр, 15 дек., деген сыйақты жазыулар араласады. Рим сыйпырын 

Бес томдық шығармалар жинағы
276
үйренген  соң  айды 20/і, 2/іі  сыйақты  жазыуға  үйретіу  керек.  Ауа  кален-
дерін жасаб отырыуға тетраттың жоғарғы бұрышында арнаулы орын бол-
сын. 
Тетраттан басқа, керегеге іліулі жалпы календер болсын. бұған да бала-
лар кезектесіб ауа жайын таңбалаб отырсын. 
Əліббедегі лото ойыны. Əліббенің əр жерінде лото ойыны дегендер 
бар. Лотодағы сүгіретті екі түрлі ойнауға болады: 
1)  Балалар  кітабтан  сүгіреттен  кесіб  алыб  қарташа  үлестіреді.  Кімге 
қай  сүгірет  шықса,  сол  сүгіреттің  атын  жазады,  сүгірет  жайында  əңгіме 
айтады, жана сол сүгіретті тетратына салады.
2) Йа пəлен сүгірет шыққан бала пəлен істейді деб, ұпай салысыб ой-
найды. Сүгірет жоқ лотоны ойнағанда да солай болады. 
  
а
Үлгі сабақтар.
 а 
дыбысымен таныстырыу үшін оқытыушы мынадай 
əңгіме айтады: 
 – Адай  деген  кішкене  бала  оқыуға  келібті.  Оқытыушы  адайдан
атың кім? деб сұрабты. Адай сасыб қалыбты, атын айтыу орнына
 
 а 
де-
бті. оқытыушы атың кім? деб тағы сұрабты. адай тағы
 а 
дебті. Осы əңгі-
мені  əр  балаға  қайтарыб  айытқызады.
 
а
-ға  зейін  салыб,  а-ны  анық  ай-
ытқызады. 
– Балалар, мен адайша
 а 
дейін, сендер менің ауызым қалай ашылға-
нын қараңдар? Оқытыушы
 а 
деб, ауызын
 а 
айытқанда ашыб тұрады. 

 а 
дегенде ауызымды қалай аштым, тілімді не қылдым? Енді өздерің 
менің  ауызымдай қылыб ауыздарыңды ашыб
 а 
деңдер. 
Балалар а-ны дұрыс айтыб, ауызын дұрыс ашыб болған соң, оқытыушы 
“жаңалықты” ашыб, кітаб басында
 а 
деб ауызын ашыб тұрған баланың 
сүгіретін көрсетеді де сұрайды: 
– Мына адай ауызын не деб ашыб тұр? 

 а 
деб ашыб тұр.  оқытыушы теріс қараб
 а 
дейді де сұрайды:
–  Не есіттіңдер?

 а 
есіттік?
–  Немен
 а 
есіттіңдер?
– Құлағымызбен
 
 а 
есіттік.
Сол жерде оқытыушы  құлақ бен есіткенді дыбыс деб айтады деб түсін-
діреді. енді оқытыушы балаларға қараб
 а 
дейді. Сонан соң
 
 а 
дегенде 
ауызымды не қылдым  деб сұрайды. Балалар ауызыңды аштың деб жауаб 
береді. 
Оны қайдан білдің? – көрдік. Балалардың да
 а 
деб ауызын ашқызады 
да,
 а 
ны естіуге де, айтыуға да болады деб түсіндіреді. Сонан соң кіта-
бтағы сүгіретті ашыб, не көресіңдер деб сұрайды. Балалар
 а 
деб тұрған 
адайды көреміз дейді. Оны қайдан білдіңдер? – сүгіреттен көреміз.
Оқытыушы: 
– А-ны естіуге де болады, айтыуға да болады,
 а 
ны айытқан баланың 
сүгіретін көріуге де болады. А-ны жазыуға да болады. Мен мына қара тақтаға
 
а 
деб  жазайын.  Оқытыушы  балаларға  қолының  қалай  жүргенін  көрсетіб 
тұрыб,
 а 
ның тасқа басқан таңбасын салады. Балаларға тақтадан
 
 а 
деб 
оқытады.

Бес томдық шығармалар жинағы
277

 а 
деб тетраттарыңа жазыңдар.

 а 
деб екі жол арасына жеткізіб, үлкен қылыб жазады.
– Не жаздыңдар. оқыңдар! 

 а 
а
 а 
а 
– Мынау не? (оқытыушы кесілген
 а 
ны көрсетеді).

 а 
– Мұнда келіб, мына жəшік ішінен 
а
-ны кім табады? 
– Балалар шығып жəшіктегі кеспе əліббеден 
а
-ны тауыб, көрсетіб жана 
оқыйды.
– Балалар, кітабтарың соңындағы бетті ашыб 
а-
ны табыңдар (балалар 
“жаңалық” соңындағы кесбе əліббеден а-ны табады, оқыйды.)
– Балалар, сол а-ны кесіб алыб шырпының қабына салыб қойыңдар (ба-
лалар істейді).
– Балалар, кітабтарыңды ашыб, адайдың астына қараңдар, не деген жа-
зыу бар?
– 
а.
– Адай (оқытыушы алдыңғы 
а
-ны созыб айтады).
– Адай алдында не естійсіңдер?

 а 
естійміз.
– Балалар, өз аттарыңды атаңдар, кімнің атының басында
 а 
бар?
–  Ағаш  аты 
а
-ға  басталады. (
а
-ға  аты  басталған  балалар  менің  атым 
а-
ға басталады деб табысады).
– 
а-
ға аты басталған балалар аттарың басын жазыңдар.  балалар
 а 
деб 
жазады. Енді əкелерінің аты 
а
-ға бастала ма, соны табтырыб жаздырады 
(өзі, йа əкесі аты 
а-
ға басталған балалар құуаныб қалады.
 а 
шықбаған 
балалар, біздің бас əрібіміз қашан шығады деб күтіб ынталаныб отырады). 
Манағы кесбе əліббеде көрсетілген
 а 
жарға іліб қойылады. Осымен бір 
күнгі сабақ бітеді.
а н а
.
Келер күні оқытыушы 
а
-ны балаларға көрсетіб, оқытыб болыб, бұлай 
сабақ бастайды: 
Балаларға “жаңалықтағы” баласын ұстаб отырған анасының сүгіретін 
көрсетеді. Сүгірет жайынан қысқа əңгіме қылыб, баласын ұстаб отырған 
ана екенін түсіндіреді. Сонан соң ана кім екені түсіндіріледі. Енді балалар-
дың қайсысының анасы барлығы сұралады; аналарының аттары аталады 
(бұл баланың үй ішімен танысыуға керек. Сабақты бала, мектеб, үй іші де-
ген комплекске келтіріу үшін керек). Сонан соң оқытыушы ана деген сөзге 
тоқтайды. Ана деген сөзді ашыб созыб айтады, сүгіретін көріуге болаты-
нын да айтады. Қара тақтаға басба əріббен ірі қылыб, балаларға көрсетіб 
тұрыб,  ана  деб  жазады.  Балалар  ана  деб  оқыйды.  Оқығанын  тетратына 
көшіреді. Көшіргенін балалар оқыйды. 
Енді  оқытыушы  созыб,  бұуын  ашыб, 
а-на
    дейді  де  балалардан 
сұрайды:
– 
а-на,
 алдында не естіледі?

 а 
 естіледі.
– 
ана
  (соңғы а-ны созыб) ең соңында не естіледі?
– Соңында да
 а 
естіледі.

Бес томдық шығармалар жинағы
278
– Мына тақтадағы ана деген жазыу басындағы 
а
-ны көрсетіңдер! (ба-
лалар көрсетеді). 
– Айағындағы 
а
-ны көрсетіңдер!  (балалар көрсетеді).
– Ана дегенде неше
 а 
бар? – (екі
 а 
бар).
– Қай жерінде? (басында, айағында).
– 
ана
 екі
 а 
ортасында не естіледі?

 н 
естіледі (балалар 
ын, ны, не 
естійміз деуге де мүмкін. Онда 
оқытыушы  таза
  н 
айтқызам  деб  əуреленбесін:  бəрібір
  н 
дауысты  да-
уыс  қосылмай  таза  айтылмайды.  Қысқасы  қай  дауыссыз  дыбыс  болса  да 
йа  алдына,  йа  артына  дауысты  дыбыс  қойылмай  таза  айтыуға  келмейді. 
Сондықтан  əңгіме  баланың  дауыссыз  дыбысты  таза  айтуында  емес,  сөз
йа  бұуын  ішінде  басқа  дыбыс  арасында  тұрғанда  есіте  ғана  біліуінде.
Солай болғансын, қазақ дыбысының ыңғайына қарағанда  
ны, не
 ден, 
ын
 
дегені көбірек айтқызыу жөнірек болар. Бірақ бұл шарт емес. Дұрысы да-
уыссыз дыбысты дауысты дыбысбен бұуын ішінде тұрғанда естірте біліу).
Онан  соң  оқытыушы  тақтадағы  ана  ішіндегі
  н 
жазыуын  көрсетеді. 
Мұнан соң балалар жəшіктегі кесбе əліббеден
 н 
табады;  артынын ба-
лалар  “жаңалықтағы” кесбе əліббеден
 н 
тауыб ойыб алады. Енді кесбе 
əліббеден тақтаға ана деген сөз құралады да оқылады.  “Жаңалық” айағын-
дағы  кесбе  əліббеден  де  балалар  ана  құрастырыб  оқыйды.  Мұнымен  са-
бақтың алдыңғы бөлімі бітіб, енді бұуын айыртыб басталады. 
Оқытыушы
 
 а - на
  деб бөліб, ашық созыб айтады да, балалардан 
неше бөлдің деб сұрайды. Балалар екі бөлдік дейді.
– Əуелгі бөлім не?
– 
а
.
– Соңғы бөлім не?
– 
на.
 
–  Əуелгі  бөлімді  сен  айт!  Соңғы  бөлімді  сен  айт! (балалар  айтады). 
мұнан соң оқытыушы бөлім орнына бұуын деу де болатынын түсіндіреді. 

 а 
неше дыбыс? – бір дыбыс.
– на неше дыбыс? – екі дыбыс.
– Қандай, қандай? – на.
Енді на бұуыны кешегі
 а 
қасына жарға ілінеді.
  Мұнан  соң  кімнің  аты  на-мен  басталатыны  ізделеді  (на–ғыйма,  на- 
зым,  на – рымбет  сыйақты).  Аты  на-мен  басталған  балалар  атының  бас 
бұуынын жазады, кесбе əрібтен құрайды.
  енді “жаңалық” ашылыб, онан:
ана, а-на.
ана,  а, ана!
 
а!
 деген сөздер оқылады. Мұнда а-на бұуынға бөлінгенде, бұуын ара-
сына  сызық  қойылатыны  түсіндіріледі.  ана,  а,  ана!–  дауыстаб  шақырыу 
екені.
 а!
  жауаб беріу екені айтылады. 

Бес томдық шығармалар жинағы
279
Осымен бүгінгі сабақ бітеді. Əрі тағы оқытам десе, ана-да 3 əріб еке-
нін  санатыб  білдіріб, 3 сыйпырын  жаздырыуға  болады.  Үш  ноқат,  мөсі 
сыйақты  нəрселердің  сүгіретін  салғызыб,  астына 3 деб  жазғызыуға  бо-
лады.
мама.
Кеше  жарға  ілінген
 
а
 
на    аңғартылған  соң,  əуелі  балаларға  “жаңа-
лықтағы”  баласын  емізіб  отырған  əйелдің  сүгіреті  көрсетіледі.  Сүгірет 
жайынан  қысқаша мынадай əңгіме болады:
– Сүгіретте не салынған? – анасы баласын емізіб отыр. 
– Сендердің аналарың бар ма? – бар.
– Кішкене бөпелерің бар ма? – бар.
–  Бөпелерің  емшек  емгісі  келгенде  не  деб  сұрайды? – 
мама
  деб 
сұрайды. сүгіреттегі ананың 
мама
сын көрсетіңдер! – балалар көрсетеді.
Мама-
ның сүгіретін көрмек түгел жазылады (оқытыушы басба əріб-
бен тақтаға 
мама
 деб жазады).
Оқытыушы  өзі  бұуындарын  басыб  оқыб  береді.  Мұнан  соң  балалар 
оқыб (басыб оқыйды), 
мама
-ны тақтадан тетратына көшіреді. көшіріб 
болыб тетратынан оқыйды. Енді мама бұуынға бөлінеді:

 Ма-ма
 (ашыб, бөліб айтылады) неше бұуын? – екі бұуын?
– Əуелгі бұуын қандай? –
 ма.
– Соңғы бұуын қандай? – 
ма.
– 
Ма
 таныс дыбыстарың қандай? – 
а.

 Ма
 
таныс емес дыбыстарың қандай? – 
м.
  Сүйтіб екінші бұуын-
дағы дыбыстар да айрылады. 
– Тақтадағы мама-дан таныс əрібтеріңді көрсетіңдер? – балалар
 а 
көр-
сетеді.
– Таныс емес əрібтеріңді көрсетіңдер! – балалар м көрсетеді.
– Ол не деген əріб! – 
м.
–  
М
 -ды мына жəшіктегі кесбе əрібтен кім табады? – балалар табады.
енді  кесбе  əрібтен  балалар  тақтаға  мама  құрайды,  оқыйды, “жаңа-
лықтағы” кесбе бұуын мен əрібтен парталарында отырыб мама құрайды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет