Ма деген бұуынды керегеге іледі ( мама деген сөзді тұтас ілсе де болады).
Енді балалар атының басынан ма ізделеді ( ма-нар, ма-нас, ма-қат сый-
ақты). Аты ма-ға басталған балалар, атының бас бұуынын жазады. Ба-
лалар аты ма-мен басталмаса үй ішінің атынан, йа нəрсе атынан ізделеді
( ма-са, ма-л). Аты ма-мен басталған нəрсенің сүгіретін үйде салыб, астына
атының бас бұуынын жазыу табсырылады.
енді оқытыушы тақтаға
мана, анама, нан
деген сөздер жаза-
ды, өзі оқыб береді, балалар оқыйды, тетраттарына көшіріб жазады, тағы
оқыйды. Мұнан соң балалар бұл сөздерді тақтаға кесбе əрібтен құрайды,
құрағанын оқыйды: оқыб болыб өз партасында отырыб “жаңалық” ай-
ағындағы кесбе бұуын мен əрібтерді кесіб алыб əлгі сөздерді құрайды.
Бес томдық шығармалар жинағы
280
Мұнан соң “жаңалықтағы”:
мама, мама, мана, мама, а
мама! а ! анама нан
деген сөздер оқылады. Бұл сөздер алдында
жазылды, оқылды, құралды. сондықтан балалар ежіктемей, бірден кітаб-
ты жүгіртіб оқыйды. Қашанда болса баланы əр əрібті жеке ежіктетбей,
бұуын-бұуынды тұтас оқытыб үйретіу керек.
əлгі сөздерді оқытқанда,
ма ма, а. мама! а ! анама нан
де-
генде анасы мен баласы арасындағы нан сұраған сөз екені көрініб тұрсын.
осымен бүгінгі сабақ бітеді. Тағы оқытқысы келсе мама-дағы əрібті
санатыб, 4 сыйпырын жазыуға үйретеді. Онан соң ат, арба сыйақты нəр-
сенің сүгіретін салғызыб, ат айағының, тегермешінің астына 4 жазғызыб
үйретеді.
ата ат.
Өткен сабақтар еске түсіріледі. жарға іліулі таныс бұуындар көр-
сетіледі. мұнан соң жаңа сабақ бұлай басталады:
Балаларға “жаңалықтағы” шал мен аттың сүгіреттері көрсетіледі. Сү-
гірет жайында мынадай қысқа əңгіме болады:
– Сүгіретте кімді көресіңдер? – шалды.
– Шал адамды не дейсіңдер? – ата.
– Кімнің атасы бар? – менің атам бар.
– Үйіңде тағы кім бар? – əкем, ағам, əжем, апам, қарындасым, жеңе-
шем.
– Сен үй адамдарыңды ата? – балалар атайды.
– Атаның сүгіретін көресіңдер. Енді мен
ата
жазыб көрсетейін.
– Не деген сөз жаздым, оқыңдар! – ата.
–
ата
ны тетраттарыңа көшіріңдер. – балалар көшіреді.
– Не жазғандарыңды оқыңдар! – балалар оқыйды.
– а-та басында не естіледі? –
а.
– а-ны мына тақтадағы
ата
дан көрсетіңдер! – балалар көрсетеді.
– а-та айағында не естіледі? –
а.
– соңғы а-ны тақтадағы ата-дан көрсетіңдер! – балалар көрсетеді.
–
а- ата -а
таныс емес дыбыстарың бар ма? – бар.
– Қандай? –
т.
– Т-ны тақтадан көрсетіңдер! – балалар көрсетеді.
– Т-ны мына жəшіктегі кесбе əріб ішінен кім табады? – балалар шығыб
табады.
– Ата-ны кесбе əрібтен кім құрайды? – балалар шығыб құрайды; оқыйды.
– Енді
ата
дегенді əліббе айағындағы кесбе əріб-бұуыннан кесіб алыб
жасаңдар! – балалар жасайды; жасағанын оқыйды.
– А-та неше бұуын? – екі бұуын.
– Əуелгі бұуын қандай? –
а.
– Соңғы бұуын қандай? – та.
– Сен əуелгі бұуынды айт? Сен соңғы бұуынды айт!
– Кім ата-ны бұуынға бөліб жазады? – біреуі шығыб жазады.
– Кімнің аты та-мен басталады? ( та-ңат, та-ғай, та-бай).
– Аты та-мен басталғандарың, атының бас бұуынын жазсын! – жазады.
– Қандай нəрсенің аты та-мен басталады? – та-рақ, та-ры, та-ға, та-ба.
– Осы нəрселердің сүгіретін салыңдар, астына атының бас бұуынын
(та) жазыңдар. – балалар істейді. Енді т-ды сөз айағынан табтырады:
Бес томдық шығармалар жинағы
281
– Мына сүгіретте не көресіңдер? – ат.
– Ат дегенде басында не естіледі? –
а.
– Айағында не естіледі? –
т.
– Кім ат деген сөзді тақтаға жаза алады? – біреу шығыб жазады, бала-
лар оқыйды, тетраттарына көшіреді, тағы оқыйды, кесбе əліббеден құрай-
ды, оны да оқыйды.
Енді балалар атының, сөздердің айағынан т іздеб табады (қа-т, о-т,
со-т сыйақты).
Енді оқытыушы тақтаға кесбе əрібтен ат, атама, мата, анама деген сөз-
дерді құраб оқытады. Ол сөздердің орынын алмастырыб (атама, ат) оқы-
тады, қағаздарына жазғызады.
Мұның бəрін істеб болған соң та деген бұуынды жарға қадайды. ең
соңынан кітабты ашыб, ішіндегі сөздер оқылады.
ала ат, тал.
Өткен сабақтардағы дыбыстар мен олардың таңбаларын балалар қан-
дай есте тұтқанын байқаған соң, жаңа сабақ басталады. Сабақ жүріу іреті
Алдыңғы сабақтардай болады.
Алдымен “жаңалықтағы” ала аттың сүгіреті көрсетіледі. Балалар бұл
ала аттың сүгіреті дейді. Онан соң балалар жылқының түсін айрысады (көк,
сұр, боз, торы, қара...). Балалар үйлеріндегі жылқыларының түсін айтыса-
ды, қатасын оқытыушы түзеб отырады. Онан соң кійімдерінің, кіластағы
нəрселердің түсін айырады. Оның ішінен ала шапан, ала көйлек, ала бөрік
шығады. Мал түсін айытқанда ала сыйыр, ала өгіз, ала тай, ала ат табылады.
Енді оқытыушы ала ат деб тақтаға басба əріббен жазады.
– Балалар, мен ала ат деб жаздым, осында таныйтын сөздерің бар ма?
– Бар.
– Ат деген сөзді көрсет? – көрсетеді.
– Ала деген сөз қайсы болар? – мынау.
– А-ла, басында не естіледі? – а.
–
а
ны көрсет! – балалар көрсетеді.
– Ала айағында не естіледі?
– А.
– Айағындағы а-ны көрсет! – көрсетеді.
– Ала екі
а
арасында не естіледі? – л.
– Ала ат, тақтадан көшіріб жазыңдар! – балалар жазады.
– Ала ат, кесбе əрібтен құрастырыңдар! – бір бала тақтаға, өзгелері оқыб
парталарында “жаңалықтағы” кесбе əріб бұуындардан ойыб алыб құрайды.
– А-ла, неше бұуын? – екі бұуын.
– Алдыңғысы қандай бұуын? – а.
– Соңғысы қандай бұуын? – ла.
– Кесбе əрібтен екі бөліб қараңдар! Балалар бұуындаб құрайды да,
бұуындаб оқыйды.
– Ла деген бұуын кімнің атында бар? – балалар іздеб табысады.
(қа- ла –бай, ма-ла –бай...). ла-ны нəрсе атынан іздеб табысады.
Тал, мал деген сөздер де осы сыйақты көрсетіледі, жаздырылады, оқы-
лады, кесбе əрібтен құралады ла бұуыны жарға жабсырылады. Демалыс
кезінде балалар жардағы бұуындарды табысыб, жаңа сөз құрасыб ойнайды
(а-ла, ма-на, ма-ма...).
Бес томдық шығармалар жинағы
282
Сонан соң балалар “жаңалықтағы” оқыуға кіріседі. Оқығанда ежіктет-
бей, бұуындаб оқытыу керек.
***
Мұнан əрі де жаңа дыбыс бен əріб танытыу жоғарғыша болады. Бірақ
жаңа сүгірет, жаңа əріб, жаңа дыбыс жайында əңгіме болғанда екі нəрсе
есте болсын: 1) əңгіме 5 мійнеттен артық созылмасын. 2) əңгіме проғра-
мыдағы комплекске жанассын. Мəселен соқа жайында əңгіме қылғанда
егіншілік жайынан, ел не астық салыб, қанша біткені, қашан сеуіб, қашан
пісіб орғаны əңгіме болады.
Мектеб жайынан сөз болғанда, мектебке балалар не үшін келді, мектеб
тəртібі, сыйақты проғрамға жататын нəрселер əңгіме болады. Балалар он
шақты əріб таныған соң-ақ, бір-біріне шолақ қат жаза берсін. Мысалы:
асан, қалам ал. мұнда тек 6 əріб бар. Сонда да қат болды.
Күнбе күн балалар өз аттарын, əке-шеше, тұуғандарының аттарын жа-
зыб үйрене берсін. Сүгіреті салынатын нəрсенің сүгіретінің астына атын
жазсын. Аттары тегіс жазылмаса бас əрібімен, йа бас бұуынымен, болмаса
орта əріб, орта бұуынымен жазсын. Білген жерін əріббен жазыб, білмеген
жеріне сызық қойсын. Мысал: абай-ды аба-деб, тары-ны та –, құнанды –
нан деб жазыу сыйақты. Əріб бен дыбысты молырақ үйренген сайын бала-
лар нəрсе атын түгел жаза бастасын.
Дыбысты əуелі көбке шейін ауызбен айыртыу бар. Бұрынғы Ақаңның
“əліббе астарында” солай еді. Біз дыбысты айрытқанда ауыз екі айырыу
ұзақ болмасын дейміз. Дыбыс айрыу, жазыу оқыумен қабат жүрсін, жазғы-
збай, оқытбай, əрібті көрсетбей ұзақ мезгіл ауызбен дыбыс айрытыу бала-
ларға дерексіз болыб кетіу қаупі бар. Бұуын-дыбыс айыртыу (əрійне оқы-
тыб, жаздырыб) қыс бойы созылады.
Үйренген əріб-дыбыстарынан балалар плақат жазыб отырсын. Мысал:
таза жүр сыйақты.
***
Əліббе соңында балаларға ұуақ əңгімелер берілген. Бұл əңгімелер ай-
ағында балаларға жеңіл жұмыстар берілген. Сол жұмыстарды орындаб
отырыу керек. Əңгіме оқытқанда:
1) Əуелі дұрыстаб оқытыушының өзі оқыб шығады.
2) Мұнан соң балалар оқыйды.
3) Бала басы бір сөзден оқыб, əңгімені бұтарламасын; ұзағырақ оқы-
сын, сонда бала дұрыс оқыуға төселеді.
4) Балаларға таныс емес сөздер мақала оқылмастан бұрын түсіндірілсін.
5) Оқылған əңгімедегі ана тілінің заңдарына зейін салынсын.
Мысал:
– Сал, сал білек, сал, білек.
– Балдан тəтті бал, білек – деген оқылса айағының ұқсас бұуында-
рының асты сыздырылсын.
тағы бір өлең оқылғанда əр жолы неше бұуын екені санатылсын.
тағы бір мақала оқылғанда қара сөз бен өлең сөздің айырмашығы та-
бтырылсын.
онан əрі қазақ өлеңдері жолында неше бұуыннан болатыны байқатылсын.
6) Əңгіме оқылыб болған соң айағындағы жұмыстар істелсін.
Бес томдық шығармалар жинағы
283
МАЗМЫНЫ:
беті
Əліббе мазмұны ..........................................................................................3
Əліббе əдісі .................................................................................................-
Оқытыушылардың міндеті ........................................................................5
Баланың қолын жазыуға жаттықтырыу. ...................................................7
Сабақ іреті ...................................................................................................9
Імлəға үйретіу ........................................................................................... 12
Бұуын ойыны ............................................................................................ -
Кесбе əліббе .............................................................................................. 13
Ауа календері ............................................................................................ 15
Əліббедегі лото ойыны ............................................................................ -
Үлгі сабақтар ............................................................................................ 16
Бес томдық шығармалар жинағы
284
ТҮСІНІК
Телжан Шонанұлының бес томдық шығармалар жинағына еніп оты-
рған «Үлкендер үшін қазақ тілінің оқұулығы» 1934 жылы Қызылор-
дада 50000 тиражбен басылып шыққан. Өндіріске сол жылдың 17 қараша-
сында тапсырылып, 29 қарашада қол қойылған. Қазақстан қалық ағартұу
комиссариатынан қолдау тапқан кітаптың жауапты редакторлары – Сейіл
Жиенбаев пен Сəйділ Талжанов.
Шонан ұлы мен Голəқабыскайа А. «Емла мен оқұу» атты еңбегі 1934
жылы Қызылорданың «Қазағыстан» баспасында жарық көрген. Еңбек 1934
жылдың 1 тамызында баспаға ұсынылып, 17 қыркүйегінде 3000 данамен ба-
сылып шыққан. Кітапта Қазағыстан педагогикалық институты 1933 жылғы
сəуірінде ұйымдастырған тексеру (экспедиция) нəтижесі сипатталған. Тек-
серу (экспедиция) Жаңа Семейдің № 16 мектебі, Затон мектебі, Ақжал мек-
тебі, Жарма мектебі, Шəуілді мектебі, Түркістан мектебі, Абат мектептерін-
де болып, қазақ тілінің оқытылу деңгейін зерттеген, ондағы оқудың жалпы
сипатын, жазу, жылдам жазу, көшіру, дауыстап оқу, іштен түсініп оқу си-
патын тексерген, оқу барысында орын алған кемшіліктерді көрсеткен. 1929
жылғы 2-4 июнь аралығында Қызылордада өткен ғылыми-орфографиялық
конференцияда қабылданған емле қаулысын негізге ала отырып, оқушылар-
дың сауаттылық деңгейін тексерген. Халық ағарту комиссариатының 1933
жылғы бағдарламасын басшылыққа ала отырып, үш түрлі тест дайындап,
соның негізінде жалпы сипат алған кемшіліктерді көрсетіп, оларды жою
жолдарын көрсеткен. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты қабылдаған
еңбектің жауапты редакторы – Баймақанұлы. Еңбек екі тараудан құралған:
«Қазақ мектептерінде емла жайы» атты бірінші тарауды Т.Шонанов жазса,
«1-басқыш қазақ мектептерінде оқып төселүу жағдайы» атты екінші тарау-
ды А.Голяковская жазып, Сəйділ Талжанов қазақ тіліне аударған.
Телжан Шонанұлының «Қазақ тілі. Грамматика мен емле» деп ата-
латын Қазақстан Халық ағарту комиссариаты қабылдаған оқулығы 1936
жылы Қызылордада, «Қазағыстан» баспасында жарық көрген. Қолда-
рыңызға кітаптың 3-басылымы ұсынылып отыр. Кітап бастауыш мектептің
3-4-сыныптарына арналған. Үшінші жылында Сөйлемдегі сөздердің бай-
ланысы, зат есім, жалпы жəне жалқы зат есім, сын есім, сан есім, есімдік,
етістік, оның түрлері, сөйлем түрлері, түбір мен қосымша, демеу сөздер,
үндестік заңы т.с.с. түсінік берілсе, 4-жылында сөйлем түрлері, сөйлем
мүшелері, тұрлаулы жəне тұрлаусыз мүшелер, қаратпа сөз, қыстырма сөз,
төл сөз бен автор сөзі, салалас жəне сабақтас құрмалас сөйлемдер, тыныс
белгілер қамтылған. Еңбек А.Байтұрсынұлы еңбектеріне тыйым салынған
кезде шығуына байланысты сол кездегі саясаттың ықпалымен терминдерді
өзгертуге деген талпыныстар жасалғаны байқалады (бір дүкес сөз, дəнекер
жалғау, аңызды сөйлем т.с.с.). Алайда А.Байтұрсынұлы оқулықтарында
қолданылған негізгі терминдер сол күйінде қолданылған.
Қазағыстан білім кеңесінің І басқыш мектепте қолдануға рұқсат еткен
Телжан Шонанұлының «Жаңалық» атты əліппе кітабы 1931 жылы «Қазағы-
стан» баспасында жарық көрді. Кітап 1928, 1929, 1930 жылдары бірнеше рет
басылып шыққан. Қолдарыңызға кітаптың VI басылымы ұсынылып отыр.
1929 жылы қазақ жазуы латын графикасына көшіріліп (бұл мəселе алғаш рет
1924 жылғы білімпаздар съезінде сөз болады), жаңа жазуға көз жаттықтыру,
қол үйрету, жаңа жазуға дағдыландыру, төселдіру қажет болғандықтан əрі 1929
Бес томдық шығармалар жинағы
285
жылғы емле конференциясының қаулысына сəйкес емледе көптеген өзгеріс бо-
луына байланысты əліппе қоғам сұранысы бойынша жазылған.
Əліппе ХХ ғасырдың басында жиі қолданылған əдістің бірі – тұтас
сөз əдісімен жазылған. Дидактиканың «жеңілден – қиынға, түсініктіден –
түсініксізге» принципі басшылыққа алынып, балалардың жазуына, оқуына
жеңіл болуына ерекше мəн берілген. Қиындығына қарай бастапқыда бір
буынды сөз (а), онан соң екі буынды сөз (а-на), соңынан үш буынды сөз
(а-на-ма), кейін көп буынды сөздер оқытылған. Соған сəйкес əуелі екі ды-
бысты ашық буын (дауысты дыбыс буын соңында а-на), сонан соң екі ды-
бысты бітеу буын (ат), онан соң ортасы дауысты буын (нан, мал), соңынан
төрт дыбысты буын (қарт, төрт) оқытылған. Əліппеге енген материалдар
(лексикалық минимум) да сол ұстанымды негізге алған: үй іші, мектеп,
мектеп тəртібі, күзгі жұмыс пен жаратылыс, қысқа қамдану, қыс басы.
Кітап соңында кеспе əліппе берілген.
Əліппе кітабы атына заты сай қазақ мектебі үшін, оқытушылар үшін
жаңа, тың дүние болғандықтан, оның əдіс-тəсілдерін мұғалімдерге де үй-
рету қажет болғандықтан, «Жаңалыққа жетекші» атты нұсқаулық жа-
зылған. Кітапты қазақ жаңа əліббе кіндік комитеті бастырып, 1929 жылы
Қызылорда қаласындағы «Қазағыстан» баспасынан жарық көрген.
Латын əліпбиіне көшкеннен кейін туындаған күрделі мəселенің бірі –
бас əріп мəселесі еді. Ондай мақалалардың қатарына: «Бас əріпті былай
алайық» (1929, 26 қараша); «Бас əріп туралы айтыс» (1929, 2 желтоқсан);
Ш.Тоқжігітов «Бас əріптің керегі жоқ» (1929, 2 желтоқсан); «Бас əріп
керек» (1930, 4 ақпан); «Бас əріп керек пе, жоқ па?» т.б. жатқызуға бо-
лады. Бұл мəселеге əсіресе оқытушылар белсене үн қосқаны байқалады.
Олар негізінен əдістемелік жағын жақсылап тексеруді, яғни «бас əріп, кіші
əріпті жеке-жеке оқыту керек пе, жоқ əлде бас жəне кіші əріптерді бірге
оқыту керек пе?» деген сауалдарға қатысты өз пікірлерін ортаға салды.
Кітапта сол кездегі емледегі өзгерістер айқын көрініс тапқан. Жу-
ан-жіңішке дыбыстардың біркелкі таңбаланып, дəйекші арқылы ажыра-
тылуы, бас əріптің болмауы, у, и дыбыстарының таңбалануындағы ерек-
шеліктер т.с.с. қазіргі кезде емле, орфография мəселелерімен айна-
лысушы зерттеушілер үшін, ХХ ғасырдың басындағы терминдердің игерілуі,
жалпы сол кезеңдегі тіл біліміндегі дау-таластарды, жазу алмастыруға бай-
ланысты туындаған қиыншылықтармен танысқысы келген ғалымдар үшін,
жалпы көпшілік үшін бірден-бір дереккөз бола алады. Сондықтан сол кезде-
гі ұстанымдарды өзгертпестен, түпнұсқа күйінде беруге тырыстық.
Араб жазуында бас əріп, кіші əріп, əріптің баспа түрі, жазба түрі дегендер
жоқ, əріптердің сөз соңындағы таңбалануына қарап, сөздің бас-аяғы көрініп
тұратын. Бастапқыда латын жазуын қолайлы етіп көрсету үшін əріптердің
баспа түрі мен жазба түрі, бас əріп пен кіші əріптер көрсетілмеді. Оқуда да,
жазуда да, жазуға төселіп, дағдылануда да көп қиындық келтіретіндіктен,
сөз басында да, жалқы зат есімдерді таңбалауда да бас əріп қолданылмады.
Бұл тіл үйретуде көп қиындық тудырды. Соған байланысты бас əріп мəселе-
сі көп дау-таластарға негіз болды. Зерттеушілердің бір тобы «бас əріп керек»
десе, енді бірі «бас əріп керек емес» деген пікірде болды. С.Əміржан «Бас
əріп не үшін керек?» деген мақаласында: «Бас əріп – оқудың кілті жеке кісі
əріптер болса, адамның көзін жетектейтін тізгін, жазғанды тез аңғаруына
бастайтын ірі таңба – үлкен əріптер. Бетпақтың шөліндей тірі жансыз құм
далада адасқан адам тəрізді – бас əріпсіз жазуда да адам көзін алып жүре
Бес томдық шығармалар жинағы
286
алмақ емес. Екіншіден, оқу-жазудың, психологиялық негізі бойынша қа-
лыпты оқу, безендіріп оқу, сөздің мəнісіне лайық дауысты өзгертіп оқу, тына-
тын жерде тыну үшін бас əріп керек. Əріп неғұрлым ұсақ болса (газет əрпі)
– жай тыныс белгілері байқалмай – көбінесе үлкен əріптерге еріп оқыймыз.
Бас əріп іле-сала танылатын ірі тыныс белгілері есебінде. Үшіншіден, қазақ
тілі, əдебиеті енді ғана көркейтуге, баюға, мəдени керектің барлығын өтеуге
бет алып отыр. Мəдени керегіміз ішінде мемлекеттік маңызы бар «кеңес
тілі, заң тілі, телеграп маңдай жазуы, пылакат, ұран барлығы бар. Бұларды
мəдени түрде жазғымыз келсе, бас əріп керек. Əліппенің интернационалдық
мəні жай түрінен де – бас түрінде № жер жүзінде бірдей алынған. Мысалы,
орыстағы СНК ВКП (б) деген орында біздер де SNK, BKP (в) десек, бұл көп
жеңіл. Басқа жай сөздерден айырылмай оңаша көрінбей қалады». Автор
сауаттану ісіне бас əріптің ешқандай зияны болмайтынын айта кетіп, жер-су
атауларын, адам аттарын бас əріппен жазуды ұсынады.
Ал Қ.Басымов «Бас əріп – қол бөгеу» («Еңбекші қазақ. 1930 ж. 4 фев-
раль. №28) деген мақаласында бас əріпті алсақ, оның араб əліпбиіне айы-
рмашылығы болмай қалатынын, қайта оқыту мүлде қиындайтынын айта
келіп, былай дейді: «Бас əріптің баспа түрі мен жазба түрі бір-біріне ұқсас
келмейді. Жазуда бір төселдірсек, баспада қайтадан төселдіруге тура ке-
леді. Оқу-жазу да, қай жағынан болса да аяқты орап салады да отырады.
Жұмыстан жұмыс туғызып, еңбекті еш келіп адымыңды аттатпайды. Қо-
сар əріптің бұл қылығы сау басқа сақина тілеп алған емей не?».
Бүкілодақтық Орталық жаңа түркі əліпбиі комитетінің І пленумын-
да бас əріпті жою не сақтау туралы мəселе қойылып, онда бас əріпті ал-
мау туралы шешім қабылданады. Ал 1930 жылдың 11 сəуірінде Қазақстан
Орталық атқару комитетінің «Бас əріпті алу туралы» қаулысы шығады.
Онда: «1931/32 оқу жылына арналған оқу құралдары бас əріппен басыл-
сын, барлық мерзімді əдебиет 1931 жылдың бірінші қаңтарына шейін
барлық оқушыларын бас əріптің түрі мен ережесімен таныстырып болсын
да, сол күннен бастап бас əріпке көшсін, 1931 жылдың қаңтарынан бастап
оқу құралдары бас əріппен басылсын» деген т.с.с. қаулыларды қабылдайды.
Қолдарыңыздағы жинақта «Жаңалыққа жетекші» кітабының 1929
жылғы нұсқасы еніп отырғандықтан, сол кездегі емле нормалары сақтал-
ды, соған сəйкес бас əріппен берілмеді.
Кітапта «Жаңалықта» берілген оқу материалын балаларға оқытуда
мұғалімдердің білуі тиіс, ескеруі қажет дүниелер берілген, оқытушылардың
міндеті көрсетілген. Балалардың қолын жазуға қалай жаттықтыру керекті-
гі, онда қолданылатын əдіс-тəсілдер көрсетілген. Емлеге үйрету жолдары
беріліп, буын ойыны, лото ойыны, кеспе əліппені қолдану жолдары сипат-
талған. Сабақтың реті көрсетіліп, сабақ жоспарлары, үлгі сабақтар берілген.
Сабақта ауа календарін қолдану жолдары көрсетіліп, пəнаралық байланысқа
да ерекше мəн берілген. Сонымен қатар берілген тақырыптың күнделікті
өмірмен байланысты болуы да ескеріліп отырған. Дыбыс, сандармен ғана
таныстырып қоймай, балалардың тілін дамыту, тілін ұстарту жағына да
баса назар аударылған. Санамақ, бесік жыры т.с.с. сияқты тəлімдік мəтіндер
беріліп, сол арқылы ана тілін үйрету, тіл заңдылықтарын үйрету жағы ерек-
ше ескерілген.
Орынай Жұбаева
филология ғылымдарының докторы
Бес томдық шығармалар жинағы
287
Мазмұны
Үлкендер үшін қазақ тілінің оқұулығы ....................................................... 3
Т.Шонан ұлы мен Голəқабыскайа А. Емла мен оқұу ................................ 113
Қазақ тілі. Грамматика мен емле ................................................................ 151
Жаңалық (əліппе) ......................................................................................... 223
«Жаңалыққа» жетекші ................................................................................. 269
Түсінік ........................................................................................................... 284
Бес томдық шығармалар жинағы
288
2
Бес томдық шығармалар жинағы
Телжан Шонанұлы
Оқу құралдары, оқулықтар
Теруге 02. 12. 2015 берiлдi.
Басуға 11. 12. 2015 қол қойылды.
Пiшiмi 60х90 1/16. Офсеттiк басылым.
Қарiп түрi «Times New Roman»
Шартты баспа табағы 18.
Таралымы 2000
Беттеуші:
Б. Қосдәулетов
Достарыңызбен бөлісу: |