Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім ұстаз шығармашылығЫ



Pdf көрінісі
бет18/30
Дата27.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#2822
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30

В2 дәрумені . В2 дәрумені(рибофлавин,өсу дәрумені) суда еритін ең маңызды дәрумендердің бірі.Рибофлавин 
адам денсаулығын сақтаудағы маңызды рөл атқаратын биологиялық белсенді зат болып 
табылады.Рибофлавиннің биологиялық рөлі оның көптеген маңызды тотығу-тотықсыздану реакцияларына 
қатысумен анықталады. Рибофлавин қышқылдық ортада тез бұзылады.Ол сонымен қатар тері, тырнақ,шаштың 
өсуі саулығы үшін қажет.В2 дәруменін ең алғаш рет сүттен бөлініп алынды,сондықтан лактофлавин деп те 
аталады.Рибофлавинді 1935 жылы Р.Кун химиялық синтездеу жолымен алды.Химиялық тұрғыдан В2 дәрумені 
5атомды спирт рибитолмен байланысқан метилденген гетероциклдік иззолаксозиннен тұратын, 
кристалды,қызғылт-сары түсті,табиғи пигменттер флавиндерге жатады. Рибофлавиннің изоаллоксазин 
сақинасындағы қос байланыстар үзіліп сутек қосылған кезде сары түсті рибофлавин түссіз лейкоқосылысқа ал, 
лейкоқосылыс керекті жағдайда,керісінше,сутегіні бөле отырып сары түсті рибофлавинге айналады.
     Рибофлавин суда,спиртте жақсы ериді,қышқыл ортаға берік,қыздыруға төзімді болса да,ультракүлгін 
сәулесінің әсерінен тез бұзылады.В2 дәруменін кейбір микроорганизмдер мен өсімдіктер синтездейді,ал 
жануарлар мен адамдар организмдерінде синтезделмейді, сондықтан рибофлавин организмге ас арқылы түседі.
Рибофлавин табиғатта өте кең тараған,жануарлар организмінің барлық ұлпаларында және өсімдіктерде 
кездеседі.В2 дәрумені етте,бауырда, жұмыртқада,сүтте,ірімшікте,сары майда,балықтан жасалған тағамдарда, 
ұнда,әсіресе,ірі тартылған ұнда,бидай тұқымдастардың дәндерінде,жас көкөністе көп болады.
    Рибофлавиннің тотығу және тотықсыздану реакцияларына қатысуы,бұл дәруменнің зат алмасуындағы өте 
үлкен маңызын көрсетеді.Рибофлавин жетіспеуінен организмдегі органикалық заттардың тотығуы бұзылады.
В2 дәрумені организмнің,клетканың өсіп-өнуіне,көздің көру процесіне әсер тигізеді.
Рибофлавиннің ас арқылы жеткіліксіз түсуі организмдегі органикалық заттардың тотығуын нашарлатып,зат 
алмасу процесін,әсіресе белоктар мен амин қышқылдарының алмасуын төмендетеді.В2 дәрумені 
авитаминозында адам шаршағыыш келеді,бұлшық еттерден әл кетеді,жүрек еті әлсірейді,балалардың бойының 
өсуі тенжеледі,салмақ қосуы төмендейді, шашы түсіп бас терісі қабыршақтанады. Салқын кезде және ыстықта 
адам ағзасына оның қажеттілігі одан сайын арта түседі.Адам организмінде рибофлавин жетпегенде көздің 
мөлдір қабығы мен бұршағында кератит, катаракта сияқты аурулар пайда болады,көз қызарып,жас ағып,көру 
процесі нашарлайды.Тілдің кілегей қабаты қабынады(глоссит),ауызы уылады,екі езудің терісі 
жарылып,қабынады ауыздық ауруы пайда болады. Бұл дәрумен әр жасушаның өсіп жетілуіне әсер етеді.Оның 
күнделікті мөлшерінің 2,5-3 мг болғаны абзал.Зертханалық жұмыс нәтижесінде мектеп бойынша ешқандай 
адам тіркеуде тұрмайды.
В3 дәрумені-никотин,РР-ниацин-Асқазан,ішек-қарын жұмысын қалыптастыратын,организмдегі холестерин 
мөлшерін реттейтін,көмірсу,май, ақуыз алмасуына қатысатын қышқыл.Тағамда В3 дәрумені немесе 
никотинамид болмаса,адам пеллагра ауруына шалдығады.Бұл кезде адамның  терісі (дерматит) ,ауыз қуысының 
кілегейлі қабаты (стоматит),ал тіл(глоссит) 
сияқты аурулармен ауырады.Бұл ауруларға тән қасиет қолдың терісі мен бетте байқалады.Терінің күн тиетін 
жерлері түгел қызарып,одан кейін қарайып кетеді.Никотин қышқылы клеткалардағы тотығу және қайтадан 
қалпына келу процестеріне қатысады.Қарындағы сөлдің бөлінуін реттеуде ұйқы безінің жұмысына,бауыр 
қызметіне,эритроциттердің түзілуіне және т.б. функцияларға әсерін тигізеді.Пеллагра ауруы,әсіресе, қорегі тек 
жүгері ғана болатын халықтарда кеңінен етек алған.Оның себебі жүгері белоктарында  триптафон амин 
қышқылы өте аз кездесетіндіктен адам организмінде никотинамид немесе РР дәрумені аз түзіледі.РР 
дәруменінің негізгі провитамині никотин қышқылы ашытқыда,бауырда,саңырауқұлақта,түрлі жармаларда көп 
кездеседі.Никотин қышқылының тәуліктік қажеттілігі 15-25 мг.Ауруды болдырмаудың іс-шаралары қажетті 
өнімдерді күнделікті қолдану.Егер қолданбасаңыз ауруға шалдығуыңыз әбден мүмкін.Зертханалық жұмыс 
нәтижесінде мектеп бойынша ешқандай адам тіркеуде тұрмайды.
В5-дәрумені(пантотен)-май қышқылдарын,бүйрек безінің гормондарын түзу үшін қажет.Ол жетіспегенде адам 
әлсізденіп,тез шаршайды,басы айналады,терісі жарылады.Ауыздың шырышты қабықшасы бұзылып,жүйке 
ауруына ұшырайды.Бұл дәруменге өсімдіктер де,жануарлар да жатады.Негізгі 
көздері:бауыр,бүйрек,ет,балық,ашытқы,қара құмық,қара нан, бұршақ,бидай, картоп,жұмыртқа тұқымдастар да 
жатады.В5 дәрумені адам организміне тәулігіне 2-4мг дәруменді қажет етеді.
98

Ауруды болдырмаудың іс-шаралары жоғарыдағы өнімдерді күнделікті қажет мөлшерде 
тұтыну,күтіну.Зертханалық жұмыста мектеп бойынша пантотен қышқылы бойынша ешқандай адам тіркеуде 
тұрмайды.
В6 дәрумені (пиридоксин)-В6 дәрумені міндетті түрде тағам құрамында болу керектігін 1934 жылы 
Дьерди,егеуқұйрықтылардың аяқ жағында болатын акродиния деп аталатын ерекше дерматитті,сол кезде белгілі 
болған В1,В2,В3 дәрумендері жаза алмағаннан кейін ашты.Бұл дәрумен 1938 жылы ашытқы лар мен бауырдан 
бөлініп алынды,1939 жылы синтезделеді. Белоктардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин 
қышқылдарының алмасуына қатысады. В6 дәруменінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, 
қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады,ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады.В6 
дәрумені мал етінде,балықта,сүтте,ірі қара малдың бауырында,ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдерінде 
бар. Әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл дәрумен организмде жеткілікті болады.В6 дәруменін 
молырақ қажетсіну организмнің өсуі, әйелдің екіқабат және бала емізу кезеңдерінде жиірек байқалуы 
мүмкін.Пиридоксин авитаминозында амин қышқылдары мен белоктардың алмасуы бұзылады, қанның түзілуі 
нашарлайды,жалпы мөлшері азайып,анемия ауруы пайда болады. В6 жетіспесе,қан азайып,тамаққа тәбеті 
шаппай,ашуланшақ, ұйқышыл, кейде бет,мойын терісі қабынып ,кейде қояншақ ауруына тап болады Жас 
балалар мен мал төлінің бойларының өсуі баяулап, салмақтарын жоғалтады. Адам организмі В6 дәруменін 
тәулігіне 2-3 мг тұтынуды қажет етеді. Зертханалық жұмыс нәтижесінде мектеп бойынша қан аздық ,яғни 
анемия бойынша 42 адам тіркеуде тұрады. В6 дәрумені дәрі-дәрмек түрінде де кездеседі. 
В9 дәрумені(Фолий қышқылы)-В9 дәрумені ең алғаш рет 1945 жылдары өсімдік жапырақтарынан бөлінген 
(лат.folium-жапырақ).Бұл дәрумен турлы алғашқы деректер 1940 жылы балапандарға жасалған тәжірибе 
нәтижесінде алынып,олардың қалыпты өсуіне қажеттілігі анықталды.Фолий қышқылының табиғи 
көздері:бауыр,нан,саумалдық,қырыққабат, жұмыртқа,салат,ет, қызанақ,сәбіз, сыра,нан ашытқылары және 
т.б.болып табылады.Адамдар мен жануарлар ішек микрофлорасы фолий қышқылын организмге керек мөлшерде 
синтездейді.В9 дәрумені организмге жетпеген жағдайда сөл бөлу функциясы төмендейді,соның әсерінен тәбет 
жоғалады,тері,жүйке жүйесі көбею органдарының жұмысы нашарлайды.
Бұл дәрумен адам организмінде жетпегенде аса қауіпті мегалобластикалық анемия ауруы пайда болады.Егер 
фолий қышқылын шамадан тыс қолданса,онда организм уланады.
Ауруды болдырмаудың іс-шаралары жоғарыда айтылған өнімдерді күнделікті тұтыну.Адам тәулігіне В9 
дәруменін 100 мг қажет етеді. Зертханалық жұмыс нәтижесінде мектеп бойынша қан аздық ,яғни анемия 
бойынша 42 адам тіркеуде тұрады.Фолий қышқылы дәрі-дәрмек түрінде де кездеседі.
В12 дәрумені(цианокобаламин)-қанның түзілуі үшін қажет.Жүйке ұлпасының өсуін реттеуге қатысады. В12 
дәруменінің физикалық рөлі өте зор.Оның зат алмасуына, жүйке жүесіне қанның құрамына үлкен әсері бар.Бұл 
дәрумен екіқабат әйелдерге және жемсау ауруына шалдыққан адамдарға өте пайдалы.Көбінде піскен ет,бауыр, 
бүйрек,жұмыртқа,сүттің құрамында көп болады.Ол жетіспесе қаназдық ауруына пйда болады.Ол 
бауыр,бүйрек,балық тағамдарында және балықтың бауыры мен уылдырығында көбірек кездеседі.Еттің,сүт пен 
ірімшіктің,жұмыртқа сары уызының құрамында В12 дәрумені анағұрлым аз.Тәуліктік қажеттілігі 2-3 мг.Ауруды 
болдырмаудың іс-шаралары жоғарыдағы өнімдерді күнделікті тұтыну.Зертханалық жұмыс бойынша мектепте 
ешқандай адам тіркеуде тұрмайды.
В15 дәрумені(кальций пангаматы)-Химиялық табиғаты мен әсер ету күші әлі жеткілікті зерттелмеген.Емдік 
мақсатта атеросклероз қан айналымының бұзылуы,бауыр ауруларына және басқа да сырқаттарға пайдалы. Адам 
ағзасына пангамат қышқылының жетіспеушілігі зат алмасу процесін бұзатындығы дәлелденбегендіктен,оны біз 
дәрумен деп атай алмаймыз.Ең дұрысы дәрумен типтес қосылыс деп атаған жөн.Пангамат қышқылы тағам 
құрамында өте көп тараған .Асқабақ,күнбағыс,күріш,сыра ашытқысы,қауын және 
қарбыз,миндаль,жаңғақ,бауыр,қан құрамында кездеседі.В15 дәрумені тотығу процестеріне 
қатысады,жасушалардың оттегіні жақсы сіңіруіне ықпал жасайды,жасуша өмірін ұзартады.Бауырдың жұмыс 
қабілетін сақтайды, цирроздан қорғайды.Ағзада пангамат қышқылының жетіспеушілігі жүйке жүйесінің 
шаршауына,ағзаға дұрыс оттегінің бармауы және жүрек қан-тамыр ауруларына шалдықтырады.Ауруды 
болдырмаудың іс-шарасы жоғарыдағы өнімдерді күнделікті тұтыну.
В5 дәруменінің тәуліктік қажетілігі:
   3 жасқа дейінгі балалар үшін -50 мг 
   3-7жастағы балалар -100мг
   7-14жастағы балалар -150 мг
   ересек адамдар үшін 100-300 мг
  Зертханалық жұмыс нәтижесінде мектеп бойынша ешқандай бала тіркеуде тұрмайды.
Н дәрумені (биотин).Биотиннің дәрумендік қасиеті 1920 жылдары белгілі болды,тек1936 жылдары ғана 250 кг 
жұмыртқа сарысынан 1,1 мг биотин кристалды түрде бөлініп алынды.Биотиннің құрылымы 1942 жылы 
ашылып, бір жылдан кейін химиялық синтездік жолмен жасанды түрде алынды.
Н дәруменінің тағамдық көздері:бауыр,бүйрек,тауық жұмыртқалары, сүт,сәбіз, бұршақ,картоп және т.б.Адам 
организмінде биртин аз мөлшерде болса дерматит ауруына шалдығады.Егер денім сау болсын десеңіз 
жоғарыдағы өнімдерді күнделікті тұтыну керек.Биотиннің тәуліктік қажеттілігі 30-60 мг.Зертханалық жұмыс 
нәтижесінде бұл ауру бойынша мектепте ешқандай адам тіркеуде тұрмайды.
99

С дәрумені(аскорбин қышқылы)-1820 жылы Австралия дәрігері Крамер белгісіз аурудың әсерінен адамның 
тістерінің еті қанталап,түбі босап,тіс түсіп және оңай жарақаттанғыш келетінін,тері экземасыпайда болатынын, 
организмнің жұмысқа деген қабілеті кеміп,тез шаршайтынын кезінде жазып сипаттаған еді.Бұл аурумен,әсіресе 
теңізшілер,жауынгерлер, жиһанкездерұзақ сапарға шыққанда жиі ауырады.Ағзаның жұқпалы ауруға қарсы тұру 
әрекетін арттырады.Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді.С дәрумені биологиялық тотығу кезінде зиянды 
заттардың түзілуін тежейді.Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді.Терідегі 
қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды.С дәрумені жетіспеген жағдайда ағза тез 
шаршайды,сілемейлі қабықшалар қабынады,қызылиек қанталайды.Бұл дәрумен ұзақ уақыт жетіспесе,адам 
қауіпті құрқұлақ(цинга)ауруына шалдығады. Қырқұлақ дегеніміз тіс түбінің,қызыл иектің зақымдалуы. Сол 
сияқты қырқұлаққа шалдыққанда жүйке жүйесі нашарлайды.Адам ағзасы С дәруменін 
түзбейтіндіктен,тамақпен бірге қабылдануы керек.С дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. 
Жаңа піскен көкөністер,жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі.Әсіресе 
итмұрынның,қарақаттың құрамында мол болады.Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-70 мг. 
Қорытынды. “Әуелгі байлық-денсаулық”-дейді дана қазақ. Меніңше бұл сөзді әрбір адам қаперіне енгізу керек 
сияқты. Себебі, біз кез-келген жұмысты істеу үшін, тіршілік жасау үшін де денсаулық керек. Деннің сау болуы 
дәрумендердің организмде жеткілікті болуына байланысты. Мен бүгінгі ғылыми жобада мұның барлығын өз 
ойыма   түйдім.Ғылыми   жобада   дәрумендердің   әлі   де   зерттелмеген   тұстары   өте   көп.   Менің   болашақтағы 
арманым   осы   дәрумендердің   зерттелмеген   тұсын   зерттеу   мысалға,біріншіден   дәрумендердің   В15-В30  дейін 
зерттелуі   тиіс,алайда   әлі   зерттелмеген,зерттегім   келеді,екіншіден,адамдарға   дәруменді   күнделікті   қолдануға 
мүмкіндік ашқым келеді,үшіншіден,денсаулыққа зиянды өнімдер:дәмдеуішті қолданбауға,зиянды жағын бұдан 
да   толығырақ   етіп   зерттегім   келеді.Мен   бұл   ғылыми   жобада   суда   еритін   дәрумендердің   жетіспеушілігінен 
туындайтын   ауру   түрлері,болдырмаудың   іс-шаралары,зертханалық   жұмыс,тәуліктік   қажеттілігі   туралы 
мәліметтер   жаздым.Бұл   мәліметтерде   сіздің   денсаулығыңызға   қажет   пайдалы   кеңестер   бар.Дәрумендер 
мұнымен қорғалып біткені жоқ,мен болашақта дәрумендерді бұдан да жақсы етіп зерттегім келеді.Дендеріңіз 
сау болсын!!! 
          
      Пайдаланылған әдебиет тізімдері
1) Ғаламтор  
2) Ғаламтор “Білімділер сайты”
3) Ғаламтор 45minut.kz 
4) Емші газеті №18 2009 жыл
5) CD ұсынылған слайд-презентациялар
6) Биолог анықтамалығы Республикалық ғылыми танымдық педагогикалық журнал
7) Биология және салауаттылық негізі.Ғылыми-педагогикалық журнал топтамасы.
8) Денсаулық журналы
9)  8-сынып Биология “Алматы-Атамұра”
10) Газет,журнал және т.б. 
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ДОСТЫҚ ӨЛКЕСІНІҢ ЗАҢЫ 
Тақырыбы бойынша ана тілі пәнінен өткен ашық сабақ жоспары
ОҚО. Сарыағаш қаласы. №1 М. Әуезов атындағы мектеп-гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі: Қосаева Ұ Сыныбы: 3 «В»
Сабактың тақырыбы: Достық өлкесінің заңы 
Сабақтың мақсаты:
1. Өлеңнін мәтіндік мазмұнын, негізгі идеясын ашу.
2. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорларын байыту, жылдам оқуға дағдыландыру.
3. Өзара жолдастық көмек көрсетуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ   Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, әңгімелеу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Шоқан. М.Шаханов суреттер, плакаттар, сөзжұмбақтар.
Сабақ барысы: Оқушылардың зейінін назарын психологиялық жаттығулар арқылы сабаққа аудару.
«Алақан» жаттығуы. Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер:
Достар бірге жүреміз
Бірге ойнаймыз, күлеміз
Бірге балық аулаймыз
Міне, біздер қандаймыз
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз.
Өткен сабақты қайталау. 1. «Достық» ауылы: Сапарғали Бегалиннің «Мейірім» әңгімесін эңгімелеу.
С.Бегалиннің «Мейірім» әңгімесі кім туралы?  Олар қайда болды? Не көрді?
Жылқышылар қандай озбырлық жасады?  Шоқан не үшін арашаға түсті ? Шыңғыс сүлтан қандай шешім 
100

жасады?
2. «Ынтымақ» ауылы: Сапарғали Бегалиннің өмірбаяны жайлы әңгімелеу.
3. «Бірлік» ауылы. Сөзжұмбақты шешу.
4. «Жақсылық» ауылы: Көк тор көздегі шыққан сөзді оқу. «Шоқан» Ол туралы не білесіндер?
II. Тест тапсырмасын орындау.
1. Сапарғали Бегалиннің «Мейірім» әңгімесі кім туралы?
а) Шоқан
            ә) Абай                           б) Әбіш
2. «Таза бұлак» мәтінінің авторы кім?
а) М. Шаханов  ә) С.Бегалин                  б) Ы.Алтынсарин
3. М. Шахановтың өлеңін тап.
а) Қыс            ә) Жазғытұрым             б)Төрт ана
ІІІ. Алфавитпен жұмыс:  Дд әрпін көркем жазу. 
«Достық» ауылы:   Дд әрпін қорғау және дыбыстық талдау жасау.
«Ынтымақ» ауылы:  Дд әрпінен басталатын сөздер айту. Сөз таптарына талдау. 
«Бірлік» ауылы: Сөйлем құрау және сөйлем мүшелеріне талдау. 
«Жақсылық» ауылы: Сөз құрамына талдау.
Сергіту сәті:
Әрқашан дос біргеміз, 
Ажырамас іргеміз. 
Дос болайық бәріміз, 
Жарасып тұр әніміз.
- Балалар өлеңімізде не туралы айтылған?
- Достық туралы
-Олай болса, бүгін біздің өтетін жаңа тақырыбымыз
IV. Зерттеу жұмысы:
Т: Достық өлкесінің заңы
А: Мұхтар Шаханов
Ж: Өлең
Ө.Ш: 10
Қ:43
Н.О: жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын
V. Оқулықпен жұмыс:
«Достық» ауылы: Мұхтар Шахановтың өмірбаянын айту
«Ынтымақ» ауылы Өлеңді мәнерлеп оқу
«Бірлік» ауылы: Сұрақ-жауап арқылы өлеңнің мазмұнын ашу.
1. Ақын бала кезін қалай есіне түсірді?
2. Ол кезде қандай оқиға болған еді?
3. Балалар әжесінен неліктен қорықты?
4. Әжесі баласын неге жазалаусыз қалдырды?
5. Әжесі кенет неге ашуланды?
6. Нағашы атасы жиенің қалай қорғады?
7. Баланың орнында өзің болсаң не істер едің?
«Жақсылық» ауылы: Достық, жолдастық туралы мақал - мәтелдер айту.
VI. Шығармашылық жумыс:
«Достық» ауылы: постер жасау: Дос қандай болуы керек?
«Ынтымақ» ауылы: 4 жолды өлең     құрау. 
Досым менің тірегім, 
Бақытыңды тіледім. 
Жүрсең ылғи қасымда, 
Көңілді өмір сүремін.
«Бірлік» ауылы: «Дос» сөзіне ребус құрастыру 
«Жақсылық» ауылы: Досыңа хат жазу. 
Досың саған өкпелі, неге екенін білмейсің...
VII. Сабақты қорытындылау: бағалау.
Үйге тапсырма:
«Достық» ауылы: Өлеңнің мазмұнын айту 
«Ынтымақ» ауылы: Соңғы шумағын жаттау. 
«Бірлік» ауылы: Автордың шығармашылығын іздену. 
«Жақсылық» ауылы: Өлеңді мәнерлеп оқу. 
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
* * * * *
101

ТЕЗИС К ДОКЛАДУ ПО ТЕМЕ 
«ЛИЧНОСТНО-ДИФФЕРЕНЦИРОВАННОЕ ОБУЧЕНИЕ РУССКОМУ
 ЯЗЫКУ КАК СРЕДСТВО ПОВЫШЕНИЯ КАЧЕСТВА ЗНАНИЙ»
Ергалиева Гульнар Куанышовна. сш №3. г. Атырау
Учитель русского языка и литературы в казахских классах
                                                         
Личностно-дифференцированный подход в обучении русскому языку как  средство повышения качества 
обучения.
Эффективность же современного урока основывается на широкой реализации связи с жизнью, на применении 
новых форм обучения.       Ребенок в своём развитии индивидуален, поэтому учителю необходимо учитывать  
особенности каждого ученика. Главная задача педагогического учреждения – научить учиться, а это значит 
уметь самостоятельно добывать знания в процессе поисковой деятельности, применять полученные знания на 
практике, решать поставленную задачу творчески, контролировать и оценивать свою деятельность. Эти умения 
поможет   сформировать   такая   форма     организации   учебного   процесса,   как   дифференциация. 
Дифференцированный подход к учащимся на уроках русского языка - это необходимое условие дальнейшего 
успешного обучения. 
  Одна из серьезнейших проблем национальной  школы –  снижение грамотности, неумение правильно, логично 
выразить свою мысль. Диагностика, проводимая мною, показала, что в классах, где я работаю, не все учащиеся  
умели извлекать и перерабатывать учебную информацию, затруднялись выделять главную мысль изучаемого 
материала. Цель моей работы: научить ребёнка учиться, активизировать его деятельность на уроке, развивать 
интерес, следовательно, повысить грамотность. 
   Еще К.Д. Ушинский, рассматривая вопросы организации учебного процесса, рекомендовал делить классы на 
группы, чтобы давать детям задания в соответствии с их подготовкой. Любой  класс можно разделить на три 
группы: ученики с высокими – средними - низкими учебными возможностями. Критериями деления   учащихся 
на   группы   являются:   объем   имеющихся   знаний,   культура   умственного   труда,   способность   к   абстрактному 
мышлению,   умение   анализировать   и   обобщать,   утомляемость   от   интеллектуальной   деятельности,     уровень 
самостоятельности,   уровень   работоспособности,   уровень   познавательной   активности.  Изучая   вопрос 
дифференцированного подхода в методической литературе, опираясь на свой личный опыт, условно разделяю 
учащихся   по   уровню   знаний,   сформированности   умений   и   навыков,   а   также   способам   познавательной 
деятельности на 3 группы: А- углубленный; В-несколько продвинутый; С-базовый. Но эти группы не являются 
постоянными. В процессе работы время от времени делю класс на группы. Это позволяет уделить внимание тем 
ребятам, которые не усвоили  новый материал. Решающую  роль  играет  разграничение   заданий по степени 
сложности,   по   степени   самостоятельности   учащихся   при   выполнении   упражнений.   Технологию   уровневой 
дифференциации стараюсь часто применять   на своих уроках. На примере одного, двух уроков хотелось бы 
изложить применение мною данной технологий в моей педагогической практике.  На мой взгляд, осуществлять 
дифференцированный   подход   необходимо   на   различных   этапах   урока.   Для   осуществления   контроля   за 
усвоением темы «Глаголы 1 спр. и 2 спр.» учащимся  6 класса были предложены разноуровневые задания по 
принципу   «от   простого   к   сложному».     Урок   по   теме   «Глаголы-исключения».   Цель   урока:   познакомить   с 
глаголами – исключениями; развивать умение   распознавать их в тексте и правильно писать их безударные 
личные окончания; умение определять спряжения глаголов. Лучшее запоминание темы - это грамматическое 
стихотворение.  Учащиеся после успешного выполнения практических упражнений проводят самопроверку по 
правилам. На предыдущем уроке учащиеся сами сформулировали алгоритм определения безударного окончания 
глагола.   На   этом   уроке   учащиеся   выполняли   такое   же   задание   повышенной   трудности.   Самостоятельно 
составляли алгоритм по определению спряжений глаголов. Они учатся рассуждать по алгоритму. На этом уроке 
разноуровневые задания  также я использовала на этапе закрепления знаний о глаголах – исключениях. Вместе с 
героями   сказок   А.С.Пушкина   учащиеся   закрепляют   знание   глаголов-исключений.   Предлагаю   учащимся 
отрывки из сказок А.С.Пушкина. Учащимся задаются проблемные вопросы, затем они в группе выполняют 
закрепляющие   упражнения   по   принципу   «от   простого   к   сложному».   Домашнее   задание   учащиеся   тоже 
получают разноуровневые. По применению дифференцированной технологий были проведены открытые уроки 
в 9 «Б» классе по теме «Основные виды сложного предложения»; в 10 классе общественно – гуманитарного 
направления проводила урок – обобщение на тему «Употребление имён числительных в речи», лексическая 
тема   –   «Путешествие   в   Астану»;   в   8   классах   проводила   уроки   нового   формата   по   темам   «Обособленные 
дополнения» и «Обособленные обстоятельства». Особенность этих уроков в том, что лелея старое, постигаю 
новое.   Применяя   на   этих   уроках   дифференцированную   технологию,   попробовала   провести   уроки   нового 
формата:   применила   здоровьесберегающую   технологию,   элементы   критического   мышления,   новые   формы 
оценивания учащихся, метод «Таксономия Блума». 
К   какому   результату   я   пришла   при   проведении   уроков   с   использованием   технологии   уровневой 
дифференциации?
1.Проведенные уроки позволяют вызвать активность всех учащихся на разных этапах работы. Уроки такого 
типа позволяют избежать схематизма, однообразия, создают творческую атмосферу, обеспечивают активную 
102

работу учащихся, осуществляется педагогика сотрудничества.
2.Особенности этих уроков заключаются в том, что они способствуют развитию мышления и памяти учащихся, 
развитию   способности   наблюдать   и   образно   мыслить.   Обогащает   словарный   запас   учащихся,   стимулирует 
творческий поиск.
3.Дифференцированные   задания   позволили   задействовать   на   уроке   каждого   ученика.   Развивается   учебная 
мотивация, личностная сфера, снимается тревожность, робость, развиваются коммуникативные способности.
4.Применяемые формы и методы позволили оценить каждого ученика по его возможностям. Каждый ученик 
смог показать свои знания и умения на различных этапах работы на уроке. На этих уроках дети получают 
огромный заряд положительных эмоций. Это стимулирует дальнейшую работу каждого ученика, даже самого 
слабого.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет