Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім ұстаз шығармашылығЫ


ІІ.2.   Логикалық   тапсырмалардың   тиімділігі



Pdf көрінісі
бет3/30
Дата27.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#2822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

  ІІ.2.   Логикалық   тапсырмалардың   тиімділігі.  Шығармашылық   іс-әрекет   шығармашылық   ойлаудан 
басталады.     Ал шығармашылық ойлау деген не? Ол кез-келген жағдаятты шешу үшін барлық варианттарды 
ойдан өткізу арқылы жаңа нәтижеге   қол     жеткізу     болып табылады.     Шығармашылық барлық адамдарда 
болуға тиісті қасиет.  Барлық сыныптарда  әрбір  баланың   ерекшелігіне  дұрыс  бағыттап,   арнайы жаттықтыра 
отырып   мақсатты   түрде   дамыту   –   талантты,   шығармашыл   адамдар   санын   көбейтіп,ұлттың   ұлыларын, 
халқымыздың асыл перзенттерін еселеуге үлес қосады.
 Ал сыныптан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері:
1.
Орталық мұражайға апару.
2.
Әр түрлі кездесулер өткізу.
3.
Әр түрлі тақырыпта сайыс, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жаздыру.
4.
Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалану.
5.
Әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинау, реферат жаздыру.
Осындай   жұмыстарды   үнемі   жүргізу   оқушыларды   шығармашылыққа   баулуға,   шәкірт   бойындағы   қабілет 
көзін ашып, тілін байытуға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу- оқушының 
шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.
 Қазақ тілі сабағында сөзбен жүргізілетін жұмыс, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтып, шығарма 
жазуға   көмектеседі.   Сөздік   жұмысы   оқушыны   бір   жағынан   ойлануға   жетелесе,   екінші   жағынан 
қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін дамытуға, арттыруға, белсенділікке ынталандырады.  
ІІ.3 Пәнге деген қызығушылықты арттыруда инновациялық технологияларды пайдалану.    «Тегінде 
адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деп Абай айтқан озық ойлы,  
білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық-әлеуметтік, 
мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту үдерісіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде 
адамды   дамытады.   Оқитын   пән   қаншалықты   жаңа,   бағалы,   мұғалімнің   шеберлігі   қандай   жоғары   болсын, 
мұғалім оқушының белседілігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде 
қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологиялардың басты мақсаттарының бірі – баланың 
оқыта   отырып   ой   еркіндігін,   белсендідігін,   ізденімпаздығын   қалыптастыру,   өз   бетінше   шешім   қабылдауға 
дағдыландыру. Осы орайда мен өз сабақтарымда мына технологияларды пайдаланамын.
5-сыныпта С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін өткен кезде сын тұрғысынан ойлауды дамыту мақсатында 
мынадай тапсырмалар бердім.
1.
Ойшақыру. «Киік» деген қандай аң? Сендер ол туралы не білесіңдер?
2.
Мағынаны ажырату. Тақтаға сурет ілінеді. Суретте дала, адам, киік, 
мылтық бейнеленген. Сурет бойынша болжау жасалады.Өлеңде не туралы әңгіме болады? Болжау кестесін 
толтырады.   (Оқушылар   бірінші,   екінші   бағанды   суретке   қарап   болжап   толтырады,үшінші   бағанды   өлең 
мазмұнымен танысқаннан кейін толтырады.)
Не болады деп ойлайсың?
Оған қандай дәлел бар?
Не болды?
Адамдар   киікті   атады   деп 
ойлаймын
Мылтық, адам, киік
Адамдар Бетпақдалада жүрген киікті 
атады.
Шыбын   жанымен   алысып   келе 
жатқан бөкенге ақын аяушылық сезімін 
білдіреді.
 «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бойынша  
алуға  тәрбиелейді. Проблемалық сабақтарды бөліп алу, әзірлеу, соны талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз 
беттерімен   анализ,   синтезге,   бағаға   жету,   өзін-өзі   бақылау   жұмыстары   балаларды   шығармашылыққа 
жетелейді.Оқушылардың   шығармашылық   деңгейін   «Эссе»   стратегиясы   бойынша   да   көтеруге   болады.   7- 
сыныпта   Қ.Аманжоловтың   «Өзім   туралы»   атты   өлеңін   өткен   кезде   «Сырласу   хатын»   жазуды   тапсырдым. 
Бағытжанова Ұлжан есімді оқушының жұмысы сынып оқушылары тарапынан жоғары бағаланды.
«Қасым  ата!  Мен  сіздің   «Өзім  туралы»  атты  шығармаңызды  оқыдым.  Оқи  отырып  ойыма  түйгенім  көп. 
«Қазақ» деп соққан жүрегіңіздің соғысын естігендей боддым. Мен де сіз секілді өлеңдер шығарғым келеді. Сіз 
секілді биік тұлға өлгенімен артында қалған өшпес мұра қалды.Сіз өмір сүрген кезең  біраз қиыншылықтарға 
толы болғанына қарамастан, қиыншылықтарды жеңе білдіңіз. Өмір жолыңыздың қысқа болғаны жанға батады, 
дегенмен қазақтың сіз секілді нар тұлғалы ұлы бар болғанына мақтанамын.»
Пәнаралық байланысқа негізделген интеграциялық сабақтар   ізденісті, өнімді технологияларды тәжірибеде 
пайдалануды қажет етеді. Қазақ тілі пәнімен бірлікте орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін сабаққа қызықтыру 
16

мақсатында   пайдаланудың   өзіндік   тиімділігі  мол.   Оқушыларды   сабаққа   ынталандыру   мақсатында   әр   пән 
мұғалімі түрлендіріп, шеберлікпен жұмыс жүргізуге әрекеттенеді. Баланың үш тілде сөйлей алу шеберлігін 
арттыру,   логикалық   ойлау   қабілеттерін   дамыту,   белсенділігін   арттыру   мақсатында   интеграциялық   сабақты 
ақпараттық технологияны қолдану негізінде өткізу тиімді болады. Ақпараттандыру ісі білім беру жүйесінің 
дамуына   зор   ықпалын   тигізуде.Оқушыларға   білім   беруде   ақпараттық   технологияны   қолдану,   инновациялық 
бағытта жұмыс заман ағымына сай талап етілуде. Соңғы кезде оқу үрдісіндеинтербелсенді тақтаны қолдану 
тиімділігінің   мол   екенін   тәжірибе   көрсетуде.   Ол   мектеп   оқушыларының   өз   бетімен   жұмыс   істей   білуіне   ,  
ізденуіне, пәнге деген қызығуын арттырып, шығармашылығын арттыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға 
ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Интербелсенді тақта арқылы түрлі суреттер , видеокөріністер, дыбыс 
және музыка тыңдатып  көрсетуге болады. Бұл, әрине, мұғалімнің  тақтаға жазып  түсіндіргенінен әлдеқайда 
тиімді де әсерлі.
Оқушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға 
ретінде қарау – жобалау (Проект) технологиясының негізі. Жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, 
есте сақтай отырып оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру 
арқылы   түрлі   мәселелерді   шеше   білуге,   тапқырлыққа,   жаңа   ғылыми   ізденіске   жетелеу.   Жобалау 
технологиясының   негізінде   оқушылардың   жұппен   немесе   топпен   бірігіп   дайындайтын   шығармашылық 
жұмыстары   жатыр.   Жобалау   технологиясы   бойынша   курстан   өтуім     оқушылардың   шығармашылығының 
дамуына, сабаққа деген қызығушылықтарының артуына септігін тигізіп келеді десем артық айтқандық болмас. 
Проект   әдісі   педагогикалық   тәжірибеде   жаңа   әдіс   емес,   бірақ   ХХІ   ғасырда   педагогикалық   технологиялар 
қатарында жоғары қарқынмен өзгеріп жатқан ортаға бейімделу іскерлігін қалыптастыратын әдіс ретінде оқыту 
үрдісіне қайта қосылып отыр.
Проектік сабақтардың дәстүрлі сабақтардан біршама өзгешеліктері бар. Оны дайындау, өткізу оқытушыдан 
да, оқушыдан да ізденісті, көп күш-жігер және уақыт талап етеді. Дегенмен, жеке көзқарасы бар, өз бетінше  
ойлай алатын тұлға тәрбиелейміз десек, не ойлау емес, қалай ойлау керектігін меңгертеміз десек, проектілік 
сабақтың берері мол.
   Бұл сабақ – алдын ала жоспарланған, алдына қойған мақсаты бар ерекше сабақ түрі. «Проект» сөзі латын 
тілінде «алға тасталған ой, алға шығып сөйлеуші» дегенді білдіреді.
Проектілік сабақтар әр түрлі кезеңдерден, қадамдардан тұрады:
1. Дайындық кезеңі:
 а) негізгі тақырыпты түсіндіру, талдау, өз ойларын айту; 
ә) сабаққа қажетті жаңа сөздермен жұмыс істеу; 
б) қосымша материалдар енгізу.
2. Тақырыпты бөлу: 
а) оқушыларды кіші топтарға топтастырып, әр топқа кіші тақырыптар табу; ә) тақырыптарды талқылау.
3. Тақырыптарды нақтылау: сұрақтар құрастыру; жоспар құрастыру, рөлдерді, тапсырмаларды талқылау.
Проектілік сабақтарды барлық тақырыптар бойынша және әр түрлі етіп өткізуге болады. Өз іс-тәжірибемде  
жүргізілген проекті сабақ туралы айта кетсем, С. Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесінің екінші сағаты «Әңгімедегі  
адамгершілік   қасиеттердің   көрініс   табуы»   атты   тақырыппен   берілген.   Алдын   ала   әңгіме   мазмұнымен 
танысқандықтан,   сабақ   жақсы   деңгейде   өтті.   Оқушылар   түс   таңдау   арқылы   үш   топқа   бөлініп,   әр   топ   өз 
жұмыстарын   қызығушылықпен,   белсенділікпен   қорғап   шықты.   Үнемі   мазмұндаумен   шектелетін,   сабаққа 
қатысуда белсенділік танытпайтын оқушылардан алға ілгерілеушілік байқадым. І топ оқушылары әңгімедегі 
кейіпкерлер әлемін жан-жақты зеттеп, өз жобаларын  постер бетіне түсіріп қорғады.

Кейіпкер
Мінездеме
Шығармада
1
Шоқан
Мейірімді, уәдеге берік.
Мысықты   үйіне   әкеліп   тамақ,   киім 
бергізді.   Әкесінен   сұранып   Мысыққа 
кездесуге барады.
2
Мысық
Өнерлі, жасқаншақ.
Әртүрлі мүсіндер жасайды. Шоқан үйіне 
баруға қорқады.
3
Жақып
Сотқар, ерке.
Үйіне келген балаға ұрынды.
Анасына еркелейді.
ІІ топ   «Шоқан кім?» деген сұраққа жан-жақты ізденіп, түрлі әдістер бойынша топтағы барлық оқушылар 
қатыса отырып, жобаларын қорғап шықты.
ІІІ топ оқушылары мәтінге жан-жақты талдау жүргізді. 
 Шығармадан 
үзінді     
                        
         Кейіпкерлер
Шыңғыс
Шоқа
н
Жақы
п
Мыс
ық
Анас
ы
Теңе
у
Эпит
ет
1.Сен   істей   ғой,   шебер 
боласың
+
2.
Ә, жарайды, бара ғой, 
екі айтпаған жақсы 
+
17

3.Кездемеден көйлектік шыт 
жыртып берші
+
4.Құйрығын   қара,   тап   иттің 
құйрығы
+
5.Бауырсақ   бересің   бе,   қант 
бересің бе?
+
6.Жолбарыстай, балалардай
+
7. Кесек денелі
+
Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды 
дамытады.   Барлық   табиғат   құбылыстары   сияқты   бала   психикасы   да   үнемі   диалектикалық   жолмен   дамып, 
өзгеріп,   бір   деңгейден   екінші   деңгейге   өтіп   отырады.   Л.В.Занков   ақыл-ой   қызметінің   төмендегідей 
көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық 
іс-   әрекеттер   атқара   білу.Мектеп   оқушыларының   танымдық   қызығушылығын   дамытудың   негізгі   факторы 
олардың   білімі   мен   дағдыларының   дәрежесі   ғана   емес,   сонымен   бірге,   баланың   маңызды   психикалық 
қызметтерін,   ақыл-ой   жұмысының   тәсілдерін   қалыптастыруға   мүмкіндік   беретін   оқу   процесін   жолға   қою 
керектігі   саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы 
ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Дамыта оқыту технологиясын 
өз сабақтарымда үнемі пайдаланып отырамын. 8- сыныпта М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын 
өткен кезде поэмадан алған әсерлерін оқушылардың біразы сурет салу арқылы көрсетті. Сондай-ақ аққу туралы 
қосымша   мәліметтер   жинап,   белсенділігі   төмен   оқушылар   жақсы   бағаланды.   5-   сыныпта   Ғ.   Мүсіреповтің 
«Қазақ солдаты» романынан алынған «Жаңа достар» әңгімесін қорытындылау сабағын «Кім? Қайда? Қашан?» 
ойыны арқылы бекіттім. 
Кім? 
Қайда? 
Қашан? 
Не істеді? 

Қайрош 
Ауылда 
Сиыр бағып жүргенде 
Қалаға қашып кетті 

Қайрош 
Өзеннің 
жағасында 
Таңертең 
Балалармен танысты 

Шеген 
Қалаға 
Молдадан оқып жүріп 
Қашып кеткен 

Бораш 
Қалаға 
Соқаның үстіне құлағаннан 
кейін 
Қашып келген 

Бораш 
Үңгір үйде 
Әңгімеден соң 
Шай дайындады 

Қайрош 
Үңгір үйде 
Үйдің ішін көріп жүріп 
Кітаптарды көрді 

Қайрош,   Шеген, 
Бораш үшеуі 
“Үңгір”   үйдің 
ішінде 
Шай ішіп отырып 
уәделесті 
Мектепте оқытылатын әрбір пәннің өзіндік ерекшелігі мен заңдылығы бар. Әдебиет пәнін оқытуда Әуелбек 
Қоңыратбаевтың мына пікірлері ескерілуі тиіс:
1.
Мәтінді оқу, мазмұнын игеру, тақырыбын тапқызу;
2.
Шығарманың формасын таныту;
3.
Шығарманың идеясын жинақтау арқылы білімі мен әсерін өз бетінше байытады;
4.
Үш сатының үшеуі де жүйелі түрде жаттығу арқылы іске асады. Ғалым 
бұдан әрі «Осы 4 түрлі машықтанудан өтпеген білім – нәрсіз нәрсе »деп қорытындылайды.  
 ІІ. 4 Әр мұғалім- өз сабағының көшбасшысы. Ұстаздар оқушысына жүрек сырын шерте білетін шығарма 
жаздырғысы   келсе,   үлкен   туындыдағы   негізгі   мәселе   –   көп   ойдың   кішкене   түйінін   аңғартатын   портреттік 
сипаттаманы, монолог – диалог , деталь,штрихтарды, психологиялық жәйттерді көріп- білуге, одан ой түйінін 
жасатуға, үйретуге жол салмақ. Осы арада Л.Толстойдың «Көркем шығармадағы басты нәрсе – автордың жан 
дүниесі» деген сөзі еске түседі.   Тапсырмаларды түрлендіре отырып, оқушының бойындағы қабілетті басты 
назарда   ұстау   қажет.   Сын   тұрғысынан   ойлау   мен   дамыта   оқыту   технологияларына   негізделген   сабақтар 
оқушының   қабілетін   жан-жақты   ашуға,   оқушы   көзқарасын   қалыптастыруға   септігін   тигізеді.   Мұндай 
шығармышылық сипаттағы сабақтар арқылы оқушылар дербес ізденіп, жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу 
әрекетін   ұйымдастырады,   озара   ой   алмасады.   Сабақ   үдерісіндегі   шығармашылық   бағыттағы   тіл   дамыту 
жұмыстары,   оқылған   көркем   шығарма   бойынша   ашық   хат,   сырласу   хатын   жазу,   тақырып   бойынша   мәтін 
құрастыру, ойтолғау жазу, мақала жазу, рефераттар қорғау, пікірлер айту сияқты өзіндік көзқарасын білдіріп 
ұсыныс,   пікірлер   айту   сияқты   ойлау   мен   жазу   әрекеті   арқылы   оқушы   шығармашылық   жұмысқа   төселеді. 
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық жұмысқа баулу, ізденушілік қабілеттерін жетілдіруде 
сыныптан   тыс   жұмыстарды   жүргізудің   маңызы   зор..   Кейбір   зерттеушілер   (А.Матюшкин,   О.Нильсон, 
Б.Айтмәмбетов, т.б) сыныптан тыс жұмыстар оқу жоспарына сай оқушыларды білім дәрежесін толықтырушы 
және белгілі дәрежеде оқыту үрдісін оңтайлы ұйымдастырушы, оқушылардың дербестік қасиеттерін дамытушы 
құрал ретінде қарастырады. Оқушылардың пәнге қызығуын  оқу бағдарламасы шеңберінде   қанағаттандыру 
мүмкін   емес.,   сондықтан   да   сыныптан   тыс   әр   түрлі   жұмыстар   жүргізіледі.   Сыныптан   тыс   жұмыстардың 
18

маңызды   ерекшелігі   –   оқушылардың   шығармашылық   мүмкіндіктерін   жетілдіру.   Осы   бағытта   8   сыныптар 
аралығында   «Әдебиет   білгірлері»   атты   танымдық   білім   сайысы   өткізіліп,   оқушылардың   қоғамдық, 
шығармашылық     белсенділігі  аррты.  Сонымен   бірге  оқушылардың   іс-әрекетке,  нәтижеге  жетуге   сенімділігі 
қалыптасады, дербес жұмыс істеу дағдысы жетіледі. 
Қорытынды.  ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - 
білім» деген екен. Олай  болса, ұлттық төл мәдениетті қастерлей  білетін, рухани  жан дүниесі  бай, ой-өрісі 
дамыған   ұрпақ  тәрбиелеудегі   ұстаз   еңбегінің   қаншалықты   болу   керектігін   айтқан   Ж.Аймауытовтың   пікірін 
бүгінгі   күні жаңашыл ұстаз Қанипа Бітібаеваның мына пікірі толықтыра түседі: «Таптаурын болған сабақ 
түрлері  оқушының ынтасын, пәнге деген қызығушылығын төмендетеді. Ойлау белсенділігін тежейді.Танымын 
сұйылтады...» 
Әлемдік білім кеңістігін еркін ашып кіретін ұрпақ тәрбиелеуде жаңашыл ұстаздар қатары көбейе түссін  дей 
келе   менің   ұстаздық   ұстанымым   шығармашылық   тапсырмалар   беру   арқылы   оқушылардың     сабаққа 
қызығушылығын арттыру болып табылады.   Осы бағытта оқытудың маңыздылығы сол: оқушы сабаққа қызығу 
арқылы білімді өздігінен меңгереді,ойлау қабілеттері артады, түрлі жағдаятта өзін таныта  алады, меңгерілген 
білім қоғамдағы өмірмен логикалық сабақтастықта, күнделікті өмірде практикалық қолданыста болады. Зерттеу 
проблемасына   қатысты   шығармашылық   тапсырмалар   бере   отырып,   дәстүрлі   оқу   мен   жаңа   технологиялар 
арқылы оқытуды салыстыра отырып мынадай қорытынды жасауға болады.
                                   Дәстүрлі оқыту үрдістерінде
Мұғалімнің іс-әрекеті 
 Оқушының іс-әрекеті 
1.
Тақырыпты түсіндіреді
2.
Кейіпкерлер   туралы   немесе   қазақ   тілі 
бойынша ережелерді түсіндіру
3.
Шығарманың   идеясын   анықтайды, 
талдайды. 
4.
Шығарма жазу тапсырылады
1.
«Мазмұнын айтып береді
2.
Кейіпкерлерге   мінездеме   береді,   қазақ   тілі 
бойынша ереже айтады
3.
Мұғалімнің   түсіндіргенімен   байланыстырып 
айтады
4.
Тақырып бойынша шығарма жазады
                                    Жаңа технологиялармен оқыту негізінде
Мұғалімнің  іс-әрекеті 
 Оқушының іс-әрекеті 
1.
Топқа бөліп ой қозғайды. 
2.
Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды.
3.
Шығармадағы ең құнды мәселелерді анықтау 
ұсынылады.
4.
Образдылық ерекшелігін тануға бағыттайды.
5.
Ойларын жазуды ұсынады.
6.
Қорытынды жазуға бағыттайды.
1.
Топтарда жұмыс жасайды.
2.
Мәтінмен өздері танысады
3.
Әртүрлі әдістер арқылы шығарманы саралайды.
4.
Жеке   кейіпкерлерді   талдайды,   олардың   іс-
әрекетін зерттейді.
5.
Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді.
6.
Тұжырымдама жасайды.
Нәтиже көрсеткіштері:  Оқушылардың сабаққа қызығушылығын, көркем шығармаларды қабылдау деңгейін 
мәтін талдау, шығармашылық жұмыстар беру арқылы анықтадым.
Пәнге қызығушылық деңгейлерінің көрсеткіші.  8 «Б» сыныбы бойынша:
Мәнерлеп 
оқуға бейімділігі 
Мазмұндап 
айтуға бейімділігі 
Әңгіме, 
өлең   жазуға 
бейімділігі 
Мазмұн 
бойынша   сурет 
салуға бейім 
Жатқа 
айтуға бейім 
Мәтінге   талдау 
жасауға бейім 






Мектеп психологінің зерттеуі бойынша
5 “Б” сыныбы.            Қатысқан оқушы 
саны: 22 
   Қазақ тілі 
Әдебиет 
Көңілді 
20
18
Бірқалыпты 
2
3
 Көңілсіз 
1
%
91
89
Нәтиже: Жоғары, жағымды, эмоционалды жағдай. 
Ұсыныс:  Жаңа технологияларға бағыттап  оқыту  оқушылардың  білім сапасын  көтеріп,  шығармашылық  
қабілеттерін     дамытуда   маңызы   зор   екенін   өз   тәжірибемде     зерттеп,           қазақ   тілі   мен   әдебиетке     деген  
қызығушылықты   оятуда     шығармашылық   жұмыстарды     жаңа   технологияларға   бағыттап     оқытуды     жүйелі 
пайдалануды  ұсынамын.
19

Пайдаланылған әдебиеттер
1.
www.kazakh.ru Амандық Қорғанұлы. Қазақтар және қазақ тілі туралы
2.
Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2011 ж. 3.12жылдық білім. №3, 2009 ж.
3.
Бекетова А. Қазақ тілін оқытуда білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың танымдық 
үрдістерін ойын элементтері арқылы дамыту жолдары. // Педагогика және оқушы психологиясы. №3, 
2011. - 25Б. 
4.
Петров А.В. Активизация познавательной деятельности через игру. – М., 2001.
5.
Калмыкова Е.В . Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту. – Алматы, 2007.
6.
Көккөзова М., Дәрменқұлова Р. Қызықты қазақ тілі.- Алматы, 2004.
7.
Қарапаев С. Музыка сабағын шығармашылық тапсырмалар арқылы оқытуда ойын элементтерін 
пайдалану //Бастауыш мектеп. - №1. - 2010. – 9Б.
8.
Қордабаева А. Ұлттық ойындардың тиімділігі // Ұлағат. - №7. - 2005. –3 Б.
9.
Қашқынбекова Г. Бастауыш сыныпта қолданылатын ұлттық ойындар //Ұлағат. - №3, 2008. - 118Б
10.
Оңғарова А. Ойын технологиясының элементтерін қолдану тиімділігі //Қазақстан мектебі. - №12, 2009. 
- 11Б.
11.
www.oouk.vko.gov.kz - Ауелейсена Р.З. Ақпаратты-қатынастық технологияларын енгізу арқылы орыс 
мектептеріндегі педагогикалық басқаруды жетілдіру
12.
www.goroo-korda.kz - Мухаметқалиева Б. Ақпараттық - коммуникациялық технология
13.
Төтенаев Б. Қазақ халқының ұлттық ойындары. – А., 1994.
14.
Тайжанов С.Т. Қазақ халқының ұлттық ойындары. – А., 2010.
15.
Хамзин М.Х. Қазақ романдарын қазіргі кезеңде оқыту мәселелері /оқу-әдістемелік құралы/ Жезқазған, 
1993ж.
16.
Т. Қ. Жұмажанова «Әдебиетті оқыту әдістемесі»
17.
Роза Дәулетбекова “Тұлға құзыреттілігін қалыптастыру”, “Қазақ тілі мен әдебиеті” журналы, №3, 2007 
жыл.
18.
Әлия Абдулла “Жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастырудағы халық педагогикасының маңызы”, 
“Қазақ тілі мен әдебиеті” журналы, №5, 2009 жыл. 
19.
Сманов Бақтияр Өрісбайұлы. Мектепте көркем шығарманы  талдаудың ғылыми-әдістемелік негіздері 
20.
Қ. Тасболатов «әдебиет сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары» А, 1974
21.
Әдебиет оқыту әдістемесі   6 сынып А. «Атамұра» 2011
22.
З. Ахметов  «Сөз өнері» - А.2006
23.
С. Тілешова «Әдебиет сабақтарында жүргізілетін жазу жұмыстары»- А.1971
24.
Қ. Қабдықайырұлы « Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы»-              А. РБК. 1999
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:   «КІТАП»  БОЛАТ ДӘУЛЕТОВ
Атырау облысы, Мақат ауданы, Х. Санбаев атындағы орта 
мектептің бастауыш сынып мұғалімі 
Қаржауова Нұргүл Шайзадаевна. Санаты: І 
Пәні:   Әдебиеттік оқу                     Сыныбы: 2 «Б»
Сабақтың тақырыбы:    «Кітап »     Болат Дәулетов
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, білімнің  кітап арқылы берілетінін 
ұғындыру.
2. Оқушылар шығармашылығын, тілін дамыту,  кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
 3. Оқушыларды  оқуға, кітапқұмарлыққа,ұқыптылыққа  тәрбиелеу.
Сабақтың   көрнекілігі:  интертақта,   суреттер.   А   форматтағы   қағаздар,   маркер,стикер,   күлегештер,жұмыс 
дәптерлері,әдебиеттік оқу,постер
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың  әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, шығармашылық,  мәнерлеп оқу, бес жолды өлең.
   Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты  сары,жасыл, қызыл түсті жапырақтар бойынша 3 топқа бөлу.
Психологиялық дайындық. 
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер Ана!
Амансың ба, Достарым!
Сендерді көрсем қуанам. 
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
 «Оқуға құмарлық » мәтінен 3 топтан бір-бір оқушыдан сұрау. Әңгіменің авторы С.Бегалин туралы сұрап өту.
20

ІІІ.Жаңа сабақ.
  1.Сөзжұмбақ шешу.
 -  Азанда шығып,кешке батады.
 -  Құлыптың досы.
 - «Көп » сөзінің басқаша мағынасының атауы
 - Кітапты көп оқыған адам неге жетеді?
 - Арманға жетудегі асыл жол.
  (Күн, кілт, артық,арман, талап)
 -Балалар,ерекше торкөзден қандай сөзді оқи аламыз?
 - Кітап сөзі
 - Ендеше, кітап туралы не білетініміз туралы әр топ бірлесіп өз ойларыңды  мына ақ қағаз бетіне  түсіріп 
жазыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет