түрлік және биосфералық - биогеоценоздық құрылым деңгейлері
болады. Физиология алғашқы аталған бес деңгейге тән тіршілік заң-
дылықтарын зерггейді.
Молекулалық деңгейде биологиялық маңызы зор химиялык қосы-
лыстардың (белоктардың, нуклеин қышқылдарының, липидтердің,
көмірсулардың т.б.) организмнің өсіп-дамуындағы, нөсілдік ақпарат-
тарды сақтап-қалдыруындағы рөлі мен тірі торшалардагы зат алмасу,
энергияның түрлену жөне басқа құбылыстардағы маңызы зерттеледі.
Торшальіқ деңгей торшаның құрылым принципін зерттеп, әр түрлі
мүшелер мен ағзалардағы торшааралық физиологиялық-биохимиялық
жоне қүрылымдық-функционалдық байланыстарды анықтайды.
Үлпалық жөне
агзалық деңгей ұлпалар мен мүшелердің қүрылы-
сын, қызметін, әрекет механизмін, табиғатын, эволюциясы мен жеке
даму зандылықтарын зертгеумен айналысады.
Организм деңгейінде жеке д^рақтарда (индивидуумда) байқалатын
процестер мен қүбылыстар, олардың түрлі мүшелері қызметіңцегі
үйлесімдіктің сыры, өртүрлі экологиялы қ жайдайға бейімделу
механизмдері зерттеледі.
Лопуляциялық - турлік деңгей организмдік деңгейден өзінің
мерзімдік жөне ауқы м ды қ сипатымен ерекшеленеді. Кез келген
организм тірш ілігінің үзақты ғы генетикалы қ бағдарламамен
шектеледі. Өзінің осіп-даму мүмкіндігін тауысқан соң организм
өледі. П опуляция тіршілігі қолайлы жайдайда мерзіммен шектел-
мей, үзаққа созылады.
8-сурақ. Организм дегеніміз не, оның қандай турлері болады?
Организм дегеніміз сыртқы ортаның әсеріне өз бетімен жауап
қайтаратын, өзін-өзі реттейтін тірі материяның біртүтас бөлшегі. Ол
күрделі аш ық жүйе, сыртқы ортамен үздіксіз затпен жөне энергия-
мен алмасып отырады. Организмнің озін-өзі реттеуі нөтижесінде оның
ішкі ортасының салыстырмалы түрақтылығы сақталып, қүбылмалы
сыртқы орта жағдайларына бейімделу реакциялары қалыптасады.
Қүрылым ерекшеліктерімен байланысты организм
бір торшалы
және
көп торшалы болып бөлінеді. Бір торшалы организмдерде ядро,
цитоплазма, вакуольдер жөне торша қабығы пайда болады да, бүл
қүрылымдардың әрқайсысы оздеріне тән функция атқарады. Көп
торшалы организмдер денесі қүрылысы мен қызметі жағынан жақсы
жіктелген торшалар жиынтығынан қүралады.
Коректену ерекшеліктеріне қарай организм
автотрофты және
гетеротрофты болып бөлінеді. Автотрофты организмдер (бактерия-
лар) қоректік заттардың көзі ретінде негізінен бейорганикалық зат-
тарды пайдаланып, тіршілік орекеттеріне қажетті энергияны күн
сәулесінен алады. Гетеротрофты организмдер (адам мен жануарлар)
8
органикалы қ қосы лы старм ен (белоктар, майлар, көмірсулар)
қоректеніп, тіршілік өрекеттеріне қажет энергияны органикалық зат-
тардың биологиялық тотығуынан алады.
Дене температурасының түрақтылығын сақтау қабілетіне байла
нысты организмдер
салқьін қанды (пойкилотермиялы), жылы қан-
ды (гомойотермиялы) жөне
ауытқымалы температуралы жануарлар
болып бөлінеді. Пойкилотермиялы жануарлар денесінің температу-
расы сыртқы орта температурасына байланысты өзгеріп отырады.
Оларға қүстар мен сүт қоректілерден басқа жануарлардың барлығы
жатады. Гомойотермиялы жануарларға дене темгіературасының түрақ-
тылыгын сақтау қабылеті тән болады (мыс., жоғары сатыдағы омырт-
қалы жануарлар). Ауытқымалы температуралы жануарлар жылдың
жылы маусымында жылы қанды жануарлар, ал суық кезеңдерде
салқын қанды жануарлар төрізді тіршілік етеді. Оларға қысқы үйқыға
кететін жануарлар жатады.
Орта температурасының ауытқуларына бейімдік қабылетіне қарай
организм
стенотермиялық жоне
эвритермиялық болып жіктеледі.
Стенотермиялық жануарлар сыртқы орта температурасының ауытқу-
ларына төзімсіз келеді де, түрақты температура жағдайында тіршілік
етеді. Оларды оз кезегінде жылу сүйгіштер (тропикалық мүхит
жәндіктері, амфибиялар, бауырымен жорғалаушылар т.б.) жөне суық
сүйгіштер (лосос тұқымды балықтар, май балықтар (тюлендер), ақ
аю т.б.) деп жіктейді Сыртқы орта температурасының зор аутқула-
рына тотеп беретін жануарларды эвритермиялық жануарлар дейді.
Оларға құрлықта тіршілік ететін жануарлар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: