Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет5/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

9-сурақ. Коп торшалы организмдердің қурылымдық принципі қандай?
Коп торшалы организмдерде эволюциялық даму процесі барысыңда 
торшалар  терең  жіктеліп,  олардың  көлемінде,  пішінінде,  қүрылы- 
сында,  қызметінде  өзіндік ерекшеліктер  пайда  болады.  Қүрылысы 
мен  қызметі біркелкі, тектес торшалар жиынтығы белгілі бір қызмет 
атқаруға бейімделген бірлестік  - үлпа,  (эпителий, дәнекер,  ет,  нерв) 
қүрайды.  Организм дамуының белгілі бір сатысында әр түрлі үлпа- 
лар жиьштыгынан қүрылысы мен қызмет ерекшелеріне қарай топтас- 
қан үлпалардың анатомиялық бірлестігі -  мүшелер (ағзалар, органдар) 
пайда болады.  Муше - организмнің күрделі қызмет атқаруға мамандан- 
ган жүмыс аппараты.
Организмде белгілі бір тіршілік өрекетін атқаратын мүшелер жиын- 
тығынан қүралған анатомиялық немесе функционалдық бірлестік - 
мушелер жуйесі деп аталады. Олар организмге тән процестерді қамтама- 
сыз етеді.
9


10-  сүрақ.  Tipi организмге қандай қасиеттер тән болады?
Тірі организмге оны өлі табиғаттан ерекшелендіретін бірнеше қасиет 
төн болады.
1.  Зат пен энергия алмасуы^ Барлық тірі организм қоршаған орта- 
мен затпен жөне энергиямен алмасып отырады.  Олар сыртқы орта- 
дан зат пен энергияны қабылдап, оларды түрлендіріп,  пайдаланып, 
биосфераға  ыдырау  өнімдері  мен  жылу түрінде  түрленген  энергия 
боліп отырады. Зат алмасудың нәтижесінде организм қүрылымдары- 
ның  химиялық  қүрамының  түрақтылығы,  қүрылысының  күрделі 
реттілігі сақталып, тіршілік өрекеттері қамтамасыз етіледі.
2.  Өрбіп-көбею. Тірі организмнің маңызды қасиетгерінің бірі өрбіп- 
көбею қабілеті.  Осының нөтижесінде организм өзіне ұқсас, өзіне төн 
үрпақ қалдырады, түр сақталады.
3.  Өсіп-даму.  Организмнің немесе оныңж еке  мүшелерінің толы- 
сып қалыптасуы. Туғаннан бастап өлгенге (тіршілік тоқтағанға) дейін 
жеке  дарақтарда  байқалатын  қайтарымсыз,  белгілі  зандылықпен 
атқарылатын бір-бірімен тыгыз байланысты мөлшерлік (өсу, үлкею, 
торшалар санының көбеюі т.б.) және сапалық (жіктелу, жетілу,  қар- 
таю т.с.с.) өзгерістер.
Тірі материя дамуының екі жолы  болады:  жеке даму (онтогенез) 
жөне тарихи даму (филогенез).
4.  Тітіркенгіштік - өр түрлі өсерлерге қүрылымның өзінің физиоло- 
гиялық күйін өзгертумен жауап беруі.  Осының нөтижесінде тіршілік 
сақталады,  осу, даму, жетілу процестері жүреді.
5.  Өздігінен реттелу (автореттелу) - белгілі бір жүйенің өздігінен 
сапалы  өрекет  етуін  қамтамасыз  ететін  тікелей  жөне  қайтарымды 
байланысқа негізделген басқару процесіндегі жүйелілік.
11-  сүрақ.  Физиологиялық процестер мен функциялар дегеніміз не?
Физиалогиялық процесс дегеніміз тірі организмде жаңа сапалы мазмүнга 
ие болтан физикалық жөне химиялық өзгерістердің күрделі түрлерінің 
жиынтығы (ас қорыту, тыныс алу, бөлу т.б.). Ал физиологиялық функция 
-  түтас  организм  немесе  оның  жеке  торшаларының,  үлпаларының, 
мүшелерінің тіршілік өрекеті, қызметі. Организмнің басты қызметі зат 
алмасу болып табылады.  Зат алмасумен осу, даму,  көбею,  қоректену, 
қимылдау т.с.с. физиологиялық қызметтер тығыз байланысты.
12-  сүрақ.  Организмге қандай биологиялық реакциялар тән?
Организмнің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге қайтаратын 
жауабынреакциям и атайды.  Олардың негізгілерітітіркенгіштік, қоз- 
ғынггық, рефлекс.
ю
Тітіркенгіштік дегеніміз тірі материяның сыртқы ортаның әсеріне 
зат алмасу процесін күшейтумен беретін жауабы. Тітіркенгіштік өсімдік 
торшаларына да, жануарлар торшаларынада төн қасиет. Тітіркенгінгіік 
организмнің сыртқы ортаның қүбылмалы жағдайларына бейімделуінің 
негізінде жатады.
Жануарлар торшаларына тағы да бір ерекше қасиет - қозғыштық 
тән.  Қозгыштық  деп  тірі  жүйенің  (торша,  үлпа,  мүше,  организм) 
сыртқы немесе ішкі орта тітіркендіргінггерінің өсерінен өзінің физиоло- 
гиялық белсенділігін өзгертуін айтады.  Қозғыштық толқын төрізді 
ерекше  процесс  -  қозудың  негізінде  жатады.  Қозудың  нөтижесінде 
жеке қүрылымдарға төн өрекет атқарылады.
Нерв жүйесі жетілген жануарларда физиологиялық реакциялар- 
дың ерекше түрі  - рефлекс болады.  Рефлекс деп организмнің сырт- 
қы,  не  ішкі ортаның тітіркендіргіштеріне нерв жүйесінің қатысуы- 
мен  беретін  жауабын  айтады.  Мысалы,  ауыз  қуысының  рецептор- 
ларын тітіркендіргенде сілекей бөлінеді, көздің қасаң қабағына өсер 
еткенде кірпік қозғалады т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет