түзеді. Бір торш аның плазмалық мембранасының коннексонына
іргелес торшаньщ коннексоны жанаса қарама-қарсы орналасады да,
екі торшаның түтікшілері тұтасып кетеді. Коннексондар торшаара-
л ы қ арналар құрады да, олар арқылы өр түрлі иондар мен майда
молекулалы заттар бір торшадан екінші торшаға өтіп отырады. Кон
нексондар тарылып-кеңейе алады, сондықтан олар торшалар арасын-
дағы молекулалардың тасымалдануын ретгеуге қатысады.
18-
сүрақ. Әр түрлі т ірі организмдер торшалары арасында айыр-
маиіылық бола м а?
Құрылым принципі мен химиялық қүрамындағы ұқсастыққа қара-
мастан, тірі табиғат өлемінде кездесетін өр түрлі организмдер тор
шалары бір-бірінен едөуір ерекшеленеді. Оларда тек қүрылымдық
қана емес, түрлі физиологиялық жөне биохимиялық ерекшеліктер
пайда болады.
Көптеген протистер, сондай-ақ саңырауқүлақтар мен өсімдіктер
торшалары плазмалық мембранамен қатар берік торша қабығымен
қапталады. Өсімдіктерде бүл қабық целлюлозадан, ал саңырауқүлақ-
тар мен протистерде - хитиннен құралады. Өсімдік торшаларында ірі
орталық вакуоль жөне фотосинтез процесін қамтамасыз ететін пиг-
менттер-хлорофилдер жинақталған көптеген пластидтер болады.
Өсімдіктер торшаларында центриол болмайды жөне куат қоры крах
мал түрінде жинақталады.
Саңырауқұлақтар торшасыңда ірі вакуоль болады, бірақ пластидтер
мен фотосинтез процесін қамтамасыз ететін пигментгер болмайды.
Олар-
дьщ торша қабығы мен плазмалық мембранасы арасында қызметі өлі
толық зертгелмеген ерекше көпіршіктер -
ломасомалар орналасады. Са-
ңырауқұлақтар денесінде қор көзі ретінде гликоген жинақталады.
Жануарлар мен кейбір протист (инфузориялар, амебалар) торша
ларында торша қабығы, орталық вакуоль жөне пластидтер болмай
ды. Торша орталығында центриолдар болады, ал қор ретінде глико
ген жинақталады.
19- сүрақ. Биологиялық мембрана деген не, оның маңызы қандай?
Биологиялық мембрана - торшалардың, торша түтікшілерінің, тор
ша ішіндегі қүрылымдардың (ядро, митохондрия) беткейлерінде
орналасқан молекулалық деңгейдегі белокты-липидті құрылым. Оган
талғамды өтімділік қасиеті төн болады. Осының нәтижесінде биоло-
гиялық мембрана торша мен оның құрылымдарьщцағы тұздың, амин
қы ш қылдарының т.б. заттардың мөлшерін, тасымалдануын, алма-
суын реттейді.
14
20-сүрақ. Торша мембраналарының қурылысы мен қызметі қандай?
Мембранамен тек торшаның өзі ғана емес, оны ң ядросы мен ми-
тохондриясы да қоршалады. Эндоплазмалық тор (ретикулум), Гольд
жи кешенін, лизосома мен вакуольдер сыртында да мембрана бола
ды. Цитоплазмадағы аталған мембраналы құрылымдар зат алмасу
процестері мен циклдерін (айналымдарын) қамтамасыз етеді. Мыса-
лы, тыныс алу кезінде митохондриядағы тотыға фосфорлану процесі
тікелей мембрананьщ өзінде жүреді. Торшаға сыртган келетін затгар-
ды (гормондар, химиялық заттар т.б.) ажыратуға (тануға) мүмкіндік
беретін рецепторлар да мембранада орналасады. Торша құрамы мен
қоршаған орта арасындағы айырмашылықты сақтауға торшаны қор-
шап түрған плазмалық мембрана мүмкіндік береді.
Плазмалық мембрана, немесе плазмолемма, барлық торшаларда
кездесетін беткейлік құрылым. Ол қалыңдығы 6-10 нм шамасын-
дағы жұқа, тьпыз қабыршақ (пленка). Бүл мембрана фосфолигоздгер
мен белоктардан тұрады. Олардың молекулалары ковалентсіз әсерлестік
арқылы байланысады. М ембрананьщ ішкі қабаты екі қатар липид-
терден қүралады. Бұл липидтердің өріссіз (зарядсыз) гидрофобты
ұштары мембрананьщ терең қабатында, ал өрісті (зарядты) гидрофильді
үиггары мембрананьщ ішкі жөне сыртқы сулы беткейлерінде орнала
сады. Липидті қабат тұтасып жатпайды. Кейбір жерлерде мембрана-
ны белок молекулалары тесіп өтіп, суда еритін затгар өтіп отыратын
гидрофильді
жасушалар (поры) түзеді. Басқа молекулалар мембрана
ньщ сыртқы не ішкі беткейінде орын тебеді (1-сурет).
Мембрана беткейінде көмірсулар болады. Олар мембрана белокта-
рымен ковалентті байланыс (гликопротеиндер) түзеді. Көмірсулар аз
мөлшерде липидтермен де ковалентті байланыста болады (гликоли-
пидтер). Жалпы алғанда плазмалық мембранадағы көмірсулар мас-
1-сурет.
Торша мембранасының
Достарыңызбен бөлісу: