негізделу ережелерін ескере отырып, тілде сөздердің
тұлғалық, мағыналық өзгеру сипатына тоқталды.
Ономасиологияда және синхронды сөзжасамда уәждеме
ғылыми ұғымдардың негізгісіне айналды. Сөйтіп бұл
құбылыс сөзжасамның негізі ретінде қарала бастады.
Семантикалық тәсіл негізінде жасалған сөздердің
134 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
уәжделу құбылысын зерттеудің өзектілігін мынадан
байқауымызға болады.
1. Ф. де Соссюр айтқандай «сөздер бір-бірінің тууына
негіз болмайынша, тілдің дамуы мүмкін емес».
2.
Тілдік
таңбалардың
бірін-бірі
уәждеуінде
сөзжасамдық процестердің атқаратын қызметі зор.
3. Уәжділіктің ерекше құбылысы саналатын уәжділік
қатынастар синонимдік, антонимдік жүйелермен ортақ
қасиетке ие. Себебі олардың мағыналық қырлары бір-
бірімен байланысты.
4. Семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер
арасында уәжділік қатынас жүргенмен олардың ішкі
мағынасы мен қызметінде айырмашылықпен қоса
ұқсастықтар да болады. Уәждеуші сөз уәжделген сөздің
семантикасына, қолдану жағдайына әсер етеді.
Уәждеме
теориясы
ономасиология
ғылымында
номинация теориясымен тығыз байланысты. Себебі
жаңа атау туғызуда бұл құбылыстың алар орны ерекше.
Номинация – көпқырлы құбылыс. Ол сөзжасамның
аясында
қарастырылатын
уәждеме
теориясымен
астасып жатыр.
Уәждеуші тұлға мен уәжделуші тұлғаның мағыналарын
бір-бірінен ажыратып қарастыра отырып, оларды бір-
бірінен бөлшектеуге болмайды Олар бір-біріне тәуелді
бола отырып, жеке дара мағыналы сөздер жасайды. Осы
тәуелділік пен еркін, азат мағыналардың арасында
жүрген процесті сөжасамдық процесс деп атаймыз да,
осы процестің жүруіне негіз болған мағыналарды
сөзжасамдық мағыналар деп аталады. Семантикалық
тәсіл нәтижесінде жасалған туынды сөз – шындық
болмыстың, белгілі бір тілдік таңбаның нәтижесінде
135
пайда болған ерекше мағыналық құрылымға ие,
уәжделген сөз.
Орыс ғалымы Д.Н.Шмелев уәжділіктің анықтамасын
былай береді: «Мотивированность… полная или
частичная выводимость значения сложного целого из
значений частей этого целого». Ал сөзжасамдағы
уәждеме теориясын арнайы зерттеу нысаны ретінде
қарастырған
ғалым
И.С.Улуханов
сөзжасамдық
уәждемеде, кем дегенде, екі сөздің уәждемелік қарым-
қатынасқа түсетіндігін айта келіп: а) екі сөз де бір
түбірден тарайтындығын, ә) бір сөздің мағынасы
екіншісіне толық немесе жартылай енетіндігін жазады.
Семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің
мағыналық құрылымындағы негізгі ерекшеліктерді
анықтауда оның тілдік талдау барысында ашылған түрлі
семаларының орны ерекше. Туынды сөздің алғашқы
номинативті мағынасы өзге мағыналарға нұсқаушылық
қызмет атқарады. Мұндай белгіден біз екі түрлі нәрсені:
– тілдік талдауға қатысып отырған сөздердің бір түбірге
қатысты екендігін;
– тілдік талдауға қатысып отырған кез келген сөздің
шындық болмысқа қатысты екендігін айқындауымызға
болады.
Сөздерді мағыналық тұрғыдан талдау туынды сөзге
уәждеме заңдылығы арқылы талдау деген сөз.
Сөздің уәжделуі оның құрылымдық-семантикалық
ерекшелігіне, ал сөздің дыбыстық жамылғысы оның
лексикалық және құрылымдық қарым-қатынасына
негізделеді. Орыс ғалымы О.И. Блинова сөздің
негізделуін мынадай сызба бойынша түсіндіреді:
136 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
Дыбыстық жамылғы
Негіздемелік пішін
Негіздемелік мағына
Лексикалық мағына.
Тілдегі сөзге берілген анықтамаларда дыбыс бен
мағынаның бірлігінен тұратындығы айтылып жүр.
О.И.Блинованың сөздердің уәжделуін айқындаудағы
түсіндірмесі осыған жақын. Ең бірінші, сөз дыбыстық
жамылғыдан тұрады, екінші, дыбыстық жамылғы
белгілі
бір
пішінді
қалыптастырады,
пішінге
сөзжасамдық мағына тән болады деп есептейміз, одан
лексикалық мағына туындайды.
Қазақ тіл білімі ғылымында уәждеме жайлы жазылған
еңбектер, зерттеулер көп емес. Терминнің түрліше
аталуы оның зерттеу жағы жетіспей жатқандығын
көрсетеді. Мысалы мотивация, уәждеме, негіздеме,
себептілік деген терминдер жарыса қолданылып жүр.
Соңғы
кезде
ғалымдар
уәждеме
терминіне
тоқталғанмен,
қолдану
барысында
бірізділік
байқалмайды.
Төл тіл білімімізде өсімдік атаулары, олардың зерттелуі,
лексикалық
құрамы,
морфологиялық
құрылысы,
лексика-грамматикалық
және
семантикалық
ерекшеліктері, сондай-ақ түсіндірме сөздіктерде берілу
жолдары толық сипатталып көрсетілген еңбек ғалым
Б.Қалиевтің «Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары» деп
аталатын зерттеуі. Автор атаудың пайда болу мерзіміне,
ерекшелігіне байланысты мынадай ой айтады: «Халық
137
тарихы тым ертеден (көне дәуірден) басталатындығы
мәлім. Ендеше «мына атау бірінші шықты», «ана атау
екінші шықты» деу үшін сол халықпен бірге туып, бірге
жасасып, әр сөздің шығу тарихына жылнама жазу керек.
Сонда ғана біз жоғарғы сұраққа дәл жауап бере алған
болар едік. Бұл, әрине, ешкімнің қолынан келмейтін
нәрсе. Сондықтан біз ең байырғы өсімдік атауы не
ағаш пен бұтаның, не жеміс пен жидектің, болмаса
астық тұқымдастарының біреуінің атауы болуы мүмкін
деп жобалаймыз». Ғалымның пікіріне біз де қосыламыз.
Себебі ғылымда біріншілік, екіншілік атауға қатысты
түрлі болжамдар болғанмен, олардың жүріп өткен
жолдарына тек тарих қана куәлік ете алады. Зерттеуші
еңбекте
өзгелердің
өсімдік
атаулары
туралы
көзқарастарына өзіндік дәлелдерін келтіріп, олардың
жасалу жолдарына, уәжділігіне танымдық, тілдік
тұрғыдан талдап, сипаттама береді. Бір өсімдік атауына
түрлі атаудың берілуін автор өсетін орны, жеріне қарай
Достарыңызбен бөлісу: |