Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы


Түркі тілдеріндегі сөзжасамдық үдерістер мен



Pdf көрінісі
бет29/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ТҮРКІ-ТІЛДЕРІНДЕГІ-СӨЗЖАСАМДЫҚ-ҮДЕРІСТЕР

Түркі тілдеріндегі сөзжасамдық үдерістер мен 
уәждеме теориясының арақатынасы 
Тілді, оның уәжділік сипатын қарастырумен қатар 
әлемнің тілдік бейнесін диахронды түрде зерделеуге 
тура келеді. Себебі тілдің тарихи сипаты адамның 
болмысымен, танымымен, санасымен, ойлауымен, 
практикалық тәжірибелерімен тығыз байланысты. 
Адамның қалыптасу тарихы әлемді практикалық игеру, 
танып-білу болып табылады. Ал танып-білу абстрактілі 
ойлауды 
туғызады. 
Абстрактілі 
ойлау 
түрлі 
ерекшеліктер мен қасиеттерге бай заттар мен 
құбылыстардың жинақталған образы болып саналады. 
Онда әлемді қабылдаудың ұғымдық сипаттары жатыр. 
Әлемнің шындық болмысы тілмен осылай байланысқа 
түседі. Әлемнің тілдік бейнесі деген атауға ие болған 
санадағы шындық болмыс белгілі бір табиғи 
заңдылыққа негізделіп қалыптасады. Шындық болмыс 
пен субъективті ойлау осы даму заңдылықтарына 
сүйенеді. Адам әлем бейнесін сөзге айналдырғанда екі 
түрлі нәрсенің басын қосады: бірінші, адамзат баласына 
ортақ шындық болмыс, екінші өз ұлтына тән ұлттық 
болмыс. Бұл екеуі сөз тудыруға әсер етеді. Адам 
баласымен қарым-қатынасқа түспей тұрған әлем бейнесі 
ол нағыз әлемнің шындық болмысы, ал ол қарым-
қатынасқа түскеннен кейін адамзат миымен, санасымен, 
танымымен байланысып, екіншілік сипатқа ие болады. 
Сөйтіп әлемнің тілдік бейнесін құрайды. Демек, әлем 
бейнесі, әлемнің тілдік бейнесі, әлемнің ұлттық тілдік 
бейнесі 
деген 
ұғымдардың 
барлығы 
осымен 
айқындалады. Әлемнің тілдік бейнесі – сөз тудырудағы 
ең алғашқы, сонымен бірге, феномендік құбылыс. 


132 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
Әлемнің тілдік бейнесі – кез келген атаудың 
уәжделуіндегі тілдік заңдылық.
Тілдегі туынды сөздер, әсіресе, семантикалық тәсіл 
арқылы дамыған туынды сөздер әлемнің тілдік 
бейнесімен тығыз байланыста деп қараймыз. Туынды 
сөздердің мағынасын зерттеу проблемасы осы күнге 
дейін маңызын жойған жоқ. Мұны, біріншіден, туынды 
сөздер тілдік жүйенің мазмұндық жағынан байып, 
толыға түскенінен және мазмұндық жақтан баю 
мәселелері 
сөзжасамдық 
тұрғыдан 
зерттелу 
қажеттігінен 
байқауға 
болады. 
Сол 
себепті 
семантикалық 
тәсіл 
арқылы 
жасалған 
туынды 
атаулардың сөзжасамдық тұрғыдан қарастырылуы 
бүгінгі тіл біліміміздің негізгі мәселелеріне айналып 
отыр. Туынды сөздерді семантикалық талдау ғана тіл 
жүйесіндегі 
ерекше 
бірлік 
екенін 
анықтауға 
көмектеседі. Семантика сөздің өмір сүру фазаларын: 
мағынасының 
кеңеюін, 
тарылуын, 
себептерін, 
ерекшеліктерін, атаудың туындауындағы маңызын т.б. 
анықтайды. Осыны ескере отырып, осы тарауда түрлі 
сөздіктерді пайдаланып, сөз мағынасын, уәжділігін 
ашуға ұмтыламыз. Семантикалық тәсіл арқылы 
жасалған туынды сөздің мағынасын сөз еткенде 
олардың бір-бірін уәждеу жолдарын сипаттап көрсетуге 
ұмтыламыз.
Мағыналық жақтан дамып, екі атауға ие болуын адамзат 
баласының әлемді қабылдауымен байланыстыруға 
болады. Туынды сөздердің мағынасын талдау арқылы 
тілдің сөздік құрамын саралауға барамыз. Осыны 
ескеріп бұл тарауда мынадай ғылыми-теориялық 
мәселелерді қарастырамыз: 


133
– уәжделген сөздердің мағыналық құрылымының 
түзілуіндегі ерекшеліктер мен негізгі көріністер; 
– сөздердің уәжделуіндегі адамзат танымының ролін 
анықтау; 
– сөзжасамдық процестегі семантикалық өзгерістер; 
– сөздердің бір-бірін уәждеудегі түрлі ерекшеліктеріне 
тоқталу. 
Семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің 
мағыналық 
құрылымын 
қарастырғанда 
қайсысы 
уәждеуші, қайсысы уәжделуші тұлға екендігін анықтау 
қызметі ерекше. Екі тілдік бірліктің (туынды сөз және 
сол туынды сөзді жасауға негіз болған бірлік) біреуі 
деривацияның қайнар бұлағы – уәждеуші бірлік болса, 
екіншісі – деривацияның нәтижесі – уәжделген бірлік 
саналады.
Сөздердің уәжделіп, жаңа сөз тудыруға қабілеті жайлы 
көп уақытан бері айтылып келеді. Уәждеме туралы 
түсінік ежелгі философтардан бастау алады. Ежелгі грек 
философы Платон «бейне атауы», «атау идеясы» деген 
ұғымдарды қалыптастырды. Кейінірек бұл ұғымдар 
«сөздің ішкі формасы» деген жалпы атауға ие болып, 
уәждеме теориясының негізгі белгілеріне айналды. 
Фердинанд де Соссюр сөздердің еркін негізделген 
немесе белгілі бір сөздің қасиетіне, қызметіне
сапасына, санына, түріне т.б. байланысты «қатыстық» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет