Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет27/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ТҮРКІ-ТІЛДЕРІНДЕГІ-СӨЗЖАСАМДЫҚ-ҮДЕРІСТЕР

Қыр ~ қыр ~ қыр ~ қыр ~ қыр… сөздерінің 
семантикалық тәсіл арқылы дамуы және олардың 
уәжділігі. 
Көне түркі тілінде Qir – 1. Қазу. 2. Қыру. 3. Тырнау. 4. 
Күреу
Qirča – сыру, қыру 
Qirүaš – қырылысу 
Qiril – 1. Таза болу. 2. Қырылу. 3. Кедей болу. 4. Жоқ 
болу. 
Qirlat – арық қаздыру. 
Qirna – қайралған, өткірленген.
Qirq – қырқу, кесу. 
Qirt – 1. Қысқа. 2. Сараң, ақымақ. 
Qirtis – қыртыс: жер қыртысы, жердің жоғарғы қабаты 
секілді бір түбірден тараған сөздердің мағыналары 
берілген. Осындағы Qir сөзінің қазу, қыру, тырнау, 
күреу секілді мағыналары семантикалық тәсіл арқылы 
дамып, бірін бірі уәждеп тұр. Бұл мағыналардың 
әрқайсысы түрлі қимылдың атауы қызметін атқарып 
тұр. Түрлі қимылдың атауы қызметін атқарғанмен 
олардың арасында мағыналық байланыс үзілмеген. 
Оларға тән ортақ мағына – белгілі бір объектінің 
жоғарғы бетін сылып алып тастау, қыру мағынасы, ал 
жекелей алғанда әрқайсысына тән дара мағыналары бар. 
Мысалы, қыру мағынасында белгілі бір заттың беткі 


122 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
қабатын бір затпен қырып, сылып алып тастау болса, 
тырнау мағынасы адамның мүшесі тырнақ арқылы 
жүзеге асса, күреу мағынасында күрекпен сылып алып 
тастау мағынасы жымдасса, қазу мағынасы белгілі бір 
затты - жерді қазу мағыналары жинақталған. Осы ұқсас 
мағыналарына қарап бұл сөзді семантикалық тәсіл 
арқылы дамыған сөздер тануымызға негіз бар. Ал 
қалған Qirtis, Qirt, Qirq, Qirna, Qirlat, Qiril, Qirүaš, Qirča 
сөздері синтетикалық тәсіл арқылы жасалып, туынды 
мағыналарға ие болған. Көне түркі тіліндегі 
мағыналары мен қазіргі қазақ тіліндегі мағыналары 
арасында алшақтық білінбейді. Ұзақ уақыт тілдің дамуы 
барысында қазіргі тіліміздегі қыр сөзінің мағыналық 
кеңеюі пайда болған. Бүгінгі тіліміздегі  қыр сөзі көне 
түркі 
тіліндегі 
мағыналарымен 
салыстырғанда 
әлдеқайда кеңірек. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде 
бұл сөздің төмендегідей мағыналары көрсетілген: 
Қыр І. 1. Созылып жатқан биік жер. 2. Ауылдан сырт 
жер. 3. Бір нәрсенің сырт жақ шеті. 4. Киімге үтік 
басқанда пайда болатын қатпар. 5. Ауыс. Адамның жеке 
басының жай көзге байқала бермейтін жасырын сыры
қалтарысы. 6. Ауыс. Жағымсыз қылық, мінез, сес.
Қыр ІІ. ет. Жаппай өлтіру, қырғынға ұшырату, құртып 
жіберу. 
Қыр. ІІІ. ет. 1. Сақал-мұртты, шашты ұстарамен 
сыпыру. 2. Бір нәрсені өткір құралмен қырғыштау, 
қирату [ҚТТС].
Көне түркі тілінде созылып жатқан биік жер мағынасы, 
ауылдан сырт жер мағынасы, бір нәрсенің сырт жақ 
шеті, Киімге үтік басқанда пайда болатын қатпар, 
адамның жай көзге байқала бермейтін жасырын сыры, 
қалтарысы, жағымсыз қылық, мінез, сес мағыналары 


123
көрініс таппағанмен бұл мағыналардың сол заман 
тілінде болмағанына кепіл бола алмаймыз. Себебі 
қазіргі қазақ тіліндегі он томдық сөздіктің өзіне кейбір 
сөздер мен мағыналар толық енбегенін ескерсек, бар-
жоғы бір ғана кітаптың көлемінде ғана берілген сөздікте 
кейбір мағыналарды қамти алмайтыны белгілі. 
Семантикалық тәсіл арқылы дамыған қыр сөзінен өзге 
синтетикалық тәсіл негізінде мағыналық дамуға түскен 
мынадай сөздерді көрсетуімізге болады: 
Қырғы. Ағаш өңдейтін темір құрал.
Қырғын. 1. Қиян-кескі ұрыс. 2. Ауыс. Көп адам 
қатысқан дау-дамай, тартыс. 
Қырғыш. Бір нәрсені қыру үшін темірден жасалған 
құрал [ҚТТС]. 
Көне түркі және қазіргі қазақ тіліндегі мағыналарды 
жинақтап, топтап бере отырып, мынадай түйін жасауға 
болады: 
– екі тілдегі сөз мағыналары бірін-бірі толықтырып 
отырады; 
– бір мағыналық өрісте жатады; 
– бір-бірімен парадигматикалық қатынаста болады. 
Сонымен, туынды сөздер буын санына қарай 
қарастырылғанда, негізінен, бір буынды сөздер 
мағыналық дамуға көбірек түсіп, төрт, бес, кем дегенде 
үш мағынаға ие болады екен. Ал екі, үш, төрт буынды 
сөздер мағыналық дамуда белсенділік таныта алмайды. 
Себебі 
олардың 
құрамы 
күрделі 
және 
түрлі 
қосымшалармен толыққан. Ал бір буынды сөздердің 
мағыналық дамуға тез түсуінің себебі, біріншіден, 


124 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
олардың құрамы күрделі емес, мағыналық дамуға түсуі 
жеңіл. Екіншіден, тілімізде, әсіресе, түркі тілдерінде 
үнемдеу заңы көбірек іске қосылады. Бұған адам 
санасы, миы да табиғи тұрғыдан дайын процесс 
саналады. Сөйтіп бір буынды сөздердің мағыналық 
дамуы жиі ұшырасады. Осындай ерекшеліктерімен 
тіліміздегі сөздердің мағыналық дамуы ғасырлар 
қойнауында, уақыт шеңберінде орындалған процесс деп 
ұғынуымызға болады. 
Сонымен, бірінші бөлімде сөзжасамның семантикалық 
тәсілінің жалпы тіл білімі, сонымен қатар түркі тілдер 
аясында қаншалықты зерттелгені сөз болды. Зерттелу 
жайын баяндай отырып, біз сөзжасамның синтетикалық 
және аналитикалық тәсілінің туынды сөз жасаудағы 
ролі көбірек қарастырылғанын анықтадық. Ал 
фонетика-семантикалық тәсілі мен семантикалық тәсілі 
аз сараланғаны айқын болды. Бұл жұмысымыздың тіл 
біліміндегі 
өзекті 
мәселелер 
қтарынан 
орын 
алатындығына 
дау 
туғызбады. 
Ең 
бірінші, 
семантикалық тәсілдің аталуының өзінде бірізділіктің 
жоқтығы 
байқалады. 
Мысалы, 
сөзжасамның 
семантикалық 
тәсілі, 
сөзжасамның 
лексика-
семантикалық тәсілі, лексика-грамматикалық тәсіл, 
конверсиялық тәсіл деп аталынып, кей жағдайда зерттеу 
проблемасының 
ауқымдылығына 
қарай 
транспозициямен қатар өрби сараланып жүргені 
анықталды.
Зерттеудегі 
сөзжасамның 
семантикалық 
тәсіліне 
берілген анықтамаларды жинақтай отырып, мынадай 
тұжырым жасауға болады: сөзжасамның семантикалық 
тәсілі – сөздің дайын тұлғасының мағыналық дамуы 
арқылы сөздердің жаңа туынды сөз жасау тәсілі. Осыған 


125
қарап, тек аффикссіз (түбір) тұлғалар ғана емес, аффикс 
жалғанған, яғни сөз тудырушы тұлғалар жалғанып 
барып, олар тілімізде тұрақты қолданысқа түскеннен 
кейін дайын компонент ретінде мағыналық жақтан 
дамып, жаңа туынды сөз жасалады және өзге туынды 
сөз жасау мүмкіндігіне ие болады.
Сөздерді 
мағыналарының 
ерекшеліктеріне 
сай, 
мағыналық топтарына сәйкес дәстүрлі грамматикада 
түрлі сөз таптарына бөлу үрдісі бар. Тілдік бірліктердің 
сөз таптарына бөліну үрдісі транспозицияның жемісі 
деп танимыз. Олардың жасалу жолдары, мағыналық 
дамуға түсіп тілдің сөздік қорын байытуы, негізінен, 
сөзжасамдық деңгейде қарастырылады. Осы себепті 
туынды сөздердің жасалуындағы бірінші процесс 
сөзжасамға тән де, екіншілік сипат сөз таптарына бөліну 
үрдісі деп қарастырамыз. Ендеше, ең алғаш сөздің 
жасалу процесі іске асады да, кейін сөздердің белгілі бір 
сөз топтарына, таптарына бөлінеді. 
Семантикалық 
тәсіл 
арқылы 
дамыған 
сөздер 
транспозицияланып, үнемі бір категориядан екінші 
категорияға ауыса бермейді. Қандай мағыналық дамуға 
түскеніне байланысты кейде өзге категорияға, ал кейде 
сол сөз табының құрамында қалады. Мысалы, жел – 
табиғи құбылыс, жел – суықтан болатын ауру, жел – 
желдің жылдамдығына байланысты пайда болған қимыл 
атауы семантикалық тәсіл арқылы дамыған. Бірақ осы 
сөздердің барлығы бір сөз табына қатысты емес. 
Алғашқы екі сөз мағынасына сәйкес зат есім сөз табына 
құрамында, ал соңғы сөз етістік сөз табының иелігінде. 
Алғашқы екі сөздің біріншісі екіншісін уәждегенде, 
екінші мағынасы сөз табына қатысты өзгермеген, яғни 
табиғи құбылыс және суықтан болатын ауру мәнінде 


126 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
жұмсалып зат есім сөз табында қалады. Осы бөліну сөз 
таптарына ажыраудың өзі сөздердің жасалуымен 
тікелей байланысты екенін көрсетеді. Сөздердің 
транспозициялануында қазіргі тілімізде қолданылып 
жүрген түрлі мағыналы сөздер, мысалы, атау, қимыл, 
сындық, сапалық, сандық мәндегі сөздер, мағыналық 
дамуға түсіп, есімденеді, сын-сапаланады, санданады, 
етістіктенеді, үстеуленеді.
Семантикалық тәсіл арқылы дамыған сөздердің буын 
санына байланысты мағыналық даму өрісі айқындалды. 
Бір, екі, үш, төрт буынды сөздердің мағыналық дамуына 
статистикалық талдау жасалынып, олардың ішінде бір 
буынды сөздердің мағынасы төрт, бес мағынаға дейін 
дами алса, қалған көп буынды сөздердің мағыналық 
дамуы екеуден аспайтындығы анықталды. Үш мағынаға 
ие болғандары өте сирек.
Семантикалық тәсіл негізінде жасалған туынды 
сөздердің 
болмысты 
атайтын 
тіл 
бірліктерін 
(номинацияны) жасаудағы қызметі ерекше екендігі 
байқалды. 
Номинацияның 
туындауында 
адам 
факторының алатын орны ерекше. Себебі номинация 
деп отырғанымыз – сөз. Ал сөз – адам танымы негізінде 
пайда болатын тілдік бірлік. Осыны негізге алып, атау 
туғызуда адам баласының ролі ерекше деп танимыз. 
Жаңа атау туындауда өмірдің философиялық негізіне 
сүйене отырып, көбею сипатына сай көпмағыналы 
сөздердің, қарама-қарсылықтар заңдылығы нәтижесінде 
антонимдік сипаттағы сөздердің, ұқсас мәндеріне 
сәйкес синоним сөздердің мағыналық дамуы үлкен 
ерекшелікке ие. Қорыта келгенде, адам танымының 
кеңеюі нәтижесінде макросемалы сөз конверсия 
негізінде микросемаларға жіктеледі: жіктелген 


127
микросемалар генетикалық-семантикалық кодты сақтап, 
мағыналық байланыста болады, семантикалық тәсіл 
арқылы жасалған сөздер парадигмалық шеп құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет