Тауарларын тану


ISBN 978-601-333-086-0 (каз.)



Pdf көрінісі
бет2/73
Дата22.05.2022
өлшемі0,81 Mb.
#35312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
АЗЫҚ-ТҮЛІК тауарларын тану

ISBN 978-601-333-086-0 (каз.)
ISBN 978-5-4468-0970-7 (рус.)


Берілген жұмыс дəптері «Аспаз, кондитер» мамандығы бойынша оқу-
əдістемелік жинақтың бөлігі болып табылады. 
Жаңа буынның оқу-əдістемелік жинақтары жалпы білім беретін жəне жалпы 
кəсіптік пəндер мен кəсіби модульдерді үйретуді қамтамасыз етуге мүмкіндік 
беретін дəстүрлі жəне инновациялық оқу материалдарынан тұрады.
Әрбір жинақтың құрамында жалпы жəне кəсіптік құзіреттерді меңгеру үшін 
қажетті, соның ішінде жұмыс берушінің талаптарын да ескеретін оқулықтар мен 
оқу құралдары, оқыту жəне бақылау құралдары бар.
Оқу құралы электрондық білім беру дерек көздерімен толықтырылады.¬ 
Электрондық дерек көздері интерактивті жаттығулар мен тренажерлардан тұратын
теориялық жəне тəжірибелік модульдерден, мультимедиялық нысандардан, 
интернеттегі қосымша материалдар мен дерек көздеріне нұсқайтын сілтемелерден 
тұрады. Бұларға терминологиялық сөздік жəне оқу үдерісінің негізгі параметрле𳬬: 
жұмыс уақыты, бақылау жəне тəжірибелік тапсырмаларды орындау нəтижесі¬ 
белгіленетін электрондық журнал енгізілген. Электрондық қорлар оқыту үдерісіне 
оңай енгізіліп, түрлі оқу бағдарламаларына бейімделе алады.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!


«Азық-түлік тауарларын тану» пəні бойынша жұмыс дəптерінде: оқулықпен 
жұмыс істеуге арналған тапсырмалар, тест сұрақтары мен күрделілігі əртүрлі 
деңгейдегі тапсырмалар, жауаптары бос сұрақтар,өзін-өзі бақылауға арналған 
сұрақтар мен тапсырмалар, логикалық ойлау қабілетін, талдау жасауға икемділігін 
дамытуға, оқу материалдарын жүйеге келтіру жəне жинақтауға арналған суреттер 
сияқты əртүрлі нұсқадағы тапсырмалар берілген.
Тəжірибе жұмыстары оқушылардың теориялық курсты жақсы меңгеруіне
жəне олардың тəжірибелік дағдыларының қалыптасуына арналған.
Қосымшаларда дəстүрден тыс сабақтарды дайындауға жəне өткізуге 
арналған материалдар ұсынылған.
Жұмыс дəптеріндегі тапсырмалар «Азық-түлік тауарларын тану» пəні 
бойынша оқушыларға оқу материалының мазмұнын қайталауға, зерделеуге жəне
меңгеруге мүмкіндік береді.
Жұмыс дəптері З.П.Матюхинаның «Азық-түлік тауарларын тану» оқулығына 
сəйкес құрастырылған.
Жұмыс дəптері əрбір оқушының сабақтағы жəне үйдегі əрекетін қамтамасыз 
етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оқытушының оқытудың кез - келген кезеңінде
оқушы білімін бақылауды ұйымдастыруы мен оқушылардың өткен материалдар 
бойынша өзін-өзі бақылауы үшін өте пайдалы болады. Қосымшада дəстүрден тыс
сабақтың сценариі берілген.
Жұмыс дəптері «Аспаз, кондитер» мамандығы бойынша оқып жатқан 
бастапқы кəсіптік білім беру оқу орындарының оқушыларына арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет