5-кесте
Бӛлімі
Сабақ
саны
Сабақтың мазмұны
Уақыты
К
І
Р І
С
П
Е
1-сабақ
1.ХХ ғ. Басындағы әдебиет туралы түсінік
2. С.Торайғыров. «Шілде» ӛлеңі.
3.С.Дӛнентаев. «Кӛркемтай» әңгімесі.
4.ХХ ғасыр әдебиеті туралы.
5.М.Жұмабаев. «Жазғытұры».
6. Н.Т.С. жұмыстары
7. Дәптер-кітаппен жұмыс
13 минут
4 минут
10 минут
3 минут
5 минут
5 минут
5 минут
2-сабақ
1.С.Сейфуллин. «Ақсақ киік» поэмасы.
2. Б.Майлин. «Қанды кек».
3. І.Жансүгіров. «Кӛктемде» ӛлеңі.
«Күй» поэмасы.
4. Кейіптеу, монолог, диалог туралы
5. Н.Т.С. жұмыс.
6. Дәптермен жұмыс
10 минут
10 минут
10 минут
5 минут
5 минут
5 минут
СӚЙ-
ЛЕСУ
БӚЛІМІ
3-сабақ
«Әдебиет лотосы» ойыны
45 минут
4-сабақ
«Мені түсін» ойыны
45 минут
5-сабақ
«Ӛрмекші» ойыны
45 минут
ҚОРЫ-
ТЫН-
ДЫ
6-сабақ
Мазмұндама («Күй» поэмасы бойынша)
45 имнут
7-сабақ
Сынақ
45 минут
Ал, 5-сыныптағы әдебиет пәнінің мақсаты алғашқы әдеби білім беруді
кӛздейді. Шындық болмыс пен кӛркем шығарма арақатысы, кейіпкер ұғымы,
сӛз ӛнері туралы алғашқы түсінік, образды сӛз, т.б. әдебиеттану ғылымының
алғашқы әліппесі басталады десе де болады. Оқу материалын модульдеуде
авторлар мұны ескермеген. Екіншіден, бір сабақ, нақтырақ айтсақ 45 минут
ішінде авторы да, жанры да бір-бірінен ерекшеленетін 7 түрлі оқу
материалына оқушы назарын аударып, алғашқы білім қалыптастыра қою
қаншалықты шеберлікті қажет ететіні беймәлім. 3 минут, 5 минут деп
кӛрсетілген уақыт мӛлшері де сенімді бекіте қоймасы анық.
Білім берудегі басты мақсат қайткенде де оқу технологиясын қолдану
емес, пәнді игеруде ұтқырлық пен ұтымдылықты жүзеге асыру болмақ.
Педагогикалық технологиялар жүйелі ойлау тәсілдерін тәжірибеге ендіруді
кӛздейді. Кез келген педагогикалық технологияны алып ӛз тәжірибеңе ендіру
мүмкін бе? Оқушы мен пәннің ерекшелігі, технологияның ерекшелігінен,
күтілетін нәтижені, үйлестіру мен жүйелеуді жан-жақты кесіп-пішпей, сол
технологияның философиялық негізін анықтап алмай қолдану мүмкін емес.
ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай
ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын ӛнер» деген екен. Ендеше
педагогикалық технологияларды қолдануда да шеберлік қажет.
124
Әдебиет пәнін оқытуда жаңа технологиялардың қайсысы тиімді. Қай
технология әдебиет пәнінің мақсат, мазмұнына сәйкес келеді дегеннің
жауабын іздеу аса маңызды.
Қазіргі технологияларда «миға шабуыл», дебат, модель, жоба жасату,
оны қорғату, оқу, жазу арқылы оқушылардың сыни кӛзқарасын қалыптас-
тыру жиі қолданылып келеді. «Сын тұрғысынан ойлау», «Дамыта оқыту»,
«Саралап деңгейлеп оқытудың педагогикалық технологиясы» т.б. кӛптеген
технологияларды пайдаланып жүр.
Бүгінгі білім беру жүйесінде кез-келген жаңа әдіс-тәсілдер жиынтығы
педагогикалық технология деген статусты ала алмайды. Педагогикалық
технология кӛптеген факторларға қатысты анықталады.
Дайын рецепті ешкім бере алмайды. Ол рецепт пән иесінің тынымсыз
еңбегі мен талғамының, үйлестіре, үндестіре білім шеберлігінің, пәнге деген
ынтасы мен сүйіспеншілігінің ӛтеуінде табылады. Әсіресе әдебиет пәнін
оқыту мақсаты мен міндеттері ерекше. Поэзияны сүйіп, тұшынып оқымай,
сӛз астарын түсінбей, кӛркем шығарма оқуды жанына серік етпей, әдебиетті
тиімді оқыту мүмкін емес. Әр әдіс ӛз тиімділігімен бағалы. Бабалар
тарихында бір ғана баяндау әдісімен-ақ әдебиетке ұрпағын құлшындыру
басым болған. Сӛздің қадір-қасиетін таныта алған. Кейде әдебиет сабағында
мұғалімнің сүйсіне оқыған бір ӛлеңі-ақ кӛп міндетті атқаруы мүмкін.
«Жүректен шыққан сӛз ғана жүрекке жетеді». Әдебиет пәнінің басты мақсаты
жүректегі сезімді жүректерге жеткізе білу амалдарын іздеу.
Әдебиет сабағындағы ән де, жыр да, ойналып тұрған күй де маңызды.
Олардың бәрі оқушы сезіміне, түйсігіне әсер ететін детальдар. Мәселен,
жырдың әуенін тыңдатпай «Батырлар жырын», «лиро-эпостық» жырларды
оқыту мүмкін емес. Егер оқушы жырау мақамын естігенде күлер болса,
жырау шығармасын тұшынып оқуы екіталай. «Ғасырларды кӛктей ӛтіп»
жеткен асыл сӛз маржандарының ішкі астарына үңілту, тілдік қорды
құнарландыру да соншалықты қиынға соғар еді. Тіл – ұлттық құнды-
лықтардың бірі. Тілді тану әдебиеттен тысқары бола алмайды. Тілді білмеу,
бағаламау, әдебиетті оқымауға, ұлтты қадірлемеуге әкеліп соқтырады.
Ендеше әдебиет сабағында ұлттық құндылықтарға аса кӛңіл бӛліп, әнді,
күйді, жырды тыңдату ұсақ-түйек нәрсе деп қабылдау ағаттық болған болар
еді.
Кӛркем шығарманы оқытқанда да ұсақ-түйек нәрсе дейтін ештеңе жоқ.
Әр детальдың ӛз қызметі бар. Кӛркем шығарма авторы қаншалықты маңызды
болса, кейіпкер де соншалықты маңызды. Себебі олар бір тұтастықтықтың
бӛлшектері.
Әдебиетті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды сӛз ӛнерінің
сырымен таныстыру, халық даналығы, халық ӛсиеттерінен нәр алғызу,
кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы - әдебиетін жан-
жақты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа,
талғамға, сұлулыққа, отандық, азаматтық рухта тәрбиелеу.
Мемлекеттік білім стандарты оқыту үрдісінің сапа мен нәтижеге
бағытталғанын талап етеді. Демек, әр сабақ шәкірттің нақты мақсаттарға
125
бағытталған жүйелі танымдық әрекетін ұйымдастыруға құрылады деген сӛз.
Сабақтың әр кезеңінде танымдық әрекетті қалайша іс жүзіне асыруға болады?
Сабақты дамыта оқыту технологиясының ұстанымдарына үйлестіре жүргізу
үшін мұғалім нені білуі керек? Әдебиетті жаңаша оқыту технологиясын
меңгеруде пәннің ішкі мазмұнына сай келетін жақтарына назар аударып,
мына мәселеге кӛңіл бӛлу керек.
Білім мазмұнының ерекшелігіне қарай әдіс-тәсілдердің нәтиже
беретін жүйесін дұрыс таңдау.
Мазмұнға байланысты нақты мақсаттар мен міндеттерді қоя білу.
Оқу технологияларын мазмұнға сәйкес тиімділігіне қарай іріктеп,
синтездеу.
Оқушылардың әрекетін алдын-ала жобалаған нәтижеге бағыттай
ұйымдастыру.
«Оқу» кең мағынада шәкірттің жаңа білімді меншіктеу үдерісі болып
табылады. Бірақ кез келген оқу білімді меңгеру емес. Егер оқушы білім
жинақтаса және ол ӛз бетінше алдына қойған оқу міндетін шешуге
бағытталса әрі ӛзінің әрекетін бақылау, бағалау амалдарын игерсе ғана оқу
әрекеті болып табылады. Оқу белсенді әрекет түрінде ұйымдастырылса ғана
оқушының оған деген қарым-қатынасы, қызығушылығы артады.
Достарыңызбен бөлісу: |