Қҧрметті оқырмандар!


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҦЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫ ТІЛДІҢ



Pdf көрінісі
бет12/21
Дата05.02.2017
өлшемі2,03 Mb.
#3468
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҦЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫ ТІЛДІҢ  
ДЫБЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТІНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ 
 
Аннотация 
       Мақалада  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тілдің  дыбыстық 
мәдениетіне  тәрбиелеудің  жолдары  қарастырылады.  Сонымен  бірге  әр 
жастағы  балалардың  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  олардың  артикуляция 
аппаратын дамытуға бағытталған ойын жаттығулары ұсынылады.  
 
        В статье рассматриваются методы воспитания звуковой культуры речи у 
детей  дошкольного  возраста,  а  также  предлагаются  игровые  упражнения, 
направленные  на  развитие  артикуляционного  аппарата  детей  разных 
возрастных групп с учетом их особенностей. 
 
Annotation 
The  article  deals  with  methods  of  bringing  sound  of  speech  in  preschool 
children, and makes playing exercises to develop articulatory apparatus of children 
of different age groups according to their characteristics. 
 
Түйін  сөздер:  мектеп  жасына  дейінгі  бала,  тіл  дамыту,  дыбыстау 
мәдениеті,  «ерте  онтогенез»,  «орташа    онтогенез»,  «кейінгі  онтогенез» 
дыбыстары. 
 
Баланың  тілін  дамыту  отбасынан  бастау  алатыны  белгілі.  Ӛйткені 
баланың  тілі  үлкендермен  қарым-қатынаста  қалыптасатын  болса,  баланың 
үлкендермен  қарым-қатынасы  ата-анадан,  ата-әжеден  басталады.  Мектепке 

125 
 
дейінгі ұйымдар, мектеп оны әрі қарай дамытады. Ғалымдар балабақшадағы 
тіл  дамыту  жұмысын  негізгі  деп  бағалайды.  «Среди  многих  важных  задач 
воспитания и обучения детей дошкольного возраста в детском саду обучение 
родному  языку,  развитие  речи,  речевого  обучения  –  одна  из  главных»  /1/. 
Ӛйткені тіл адамға табиғаттан берілетін, адаммен бірге туған, құдайдың бір 
сыйлығы емес деген К.Ушинский, ол адамдардың бүкіл тарих бойына жиған 
асыл  қазынасы,  зор  байлығы.  Сондықтан  ата-бабадан  жеткен  байлықты, 
қазынаны балаға меңгерту  керек.  Ол  үшін балаға  үлкендердің  кӛмегі  керек, 
ол кӛмек отбасынан басталады, мектепке дейінгі ұйымдарда дамытылады.  
Бала тілінің дамуы мен қалыптасуы баланың ӛз ортасымен, ересектермен 
қарым-қатынасының  нәтижесінде  болатын  баланың  танымдық  деңгейінің 
ӛсуіне  тікелей  байланысты.  Кӛптеген  зерттеулердің  деректеріне  қарағанда 
баланың  алғашқы  іс-әрекеті  нәресте  кезінде  анасымен  тікелей  байланысты 
және ол эмоциялық қарым-қатынас түрінде кӛрінеді де, әрі қарай күн сайын 
бала  ӛмірінде  қарым-қатынас  жасаудың  рӛлі  мен  мәні  арта  береді,  бала 
танымы  ӛсе  береді.  Бала  танымы  мен  қарым-қатынасы  ӛскен  сайын  бала 
ойлауы  дами  бастайды  да,  оның  сӛйлеуге  деген  қажеттігі  арта  түседі. 
Баланың  жас  ерекшелігіне  қарай  қарым-қатынас  күрделене  түседі,  сонымен 
қабат  бала  тілі  шығып,  бірте-бірте  біршама  жӛнделіп,  дамып,  қалыпқа  түсе 
бастайды /2/.  
Мектепке дейінгі кезеңде балалардың ауызша сӛйлеуін дамытуда тілдің 
дыбыстық  мәдениетін  тәрбиелеудің  орны  ерекше.  Тілдің  дыбыстық 
мәдениетін тәрбиелеу – мектепке дейінгі жастағы балалар  тілін дамытудың 
негізгі  міндеттерінің  бірі.  Ол  сӛйлеу  барысында  барлық  тілдік  құралдарды 
(дыбыстарды  дұрыс  айту,  мәнерлеп  сӛйлеу  тәсілдерін,  есту  қабілеттерін 
жетілдіру, дұрыс тыныс алу) орынды пайдалана білуін қамтамасыз етеді. Әр 
тілдің  ӛзінің  дыбыстық  құрамы,  олардың  орфоэпиясы,  интонациясы,  екпіні 
бар.  Бала  оны  меңгеруі  керек.  Сӛйлеудің  мәнерлілігі  де  белгілі  қызмет 
атқарады.  Сондықтан    тәрбиеші  оларды  балада  дұрыс  қалыптастыру  үшін 
барлық  тиімді  әдіс-тәсілдерді  қолдануға  тиісті.  Мектеп  жасына  дейінгі бала 
жеке дыбыстарды, буындарды, сӛздерді дұрыс айтуға үйренеді және сондай-
ақ орфоэпиялық ережелерге сәйкес үндестік заңын сақтап сӛйлеуге, сӛйлеген 
кезде  айтылатын  ойдың  мазмұнына  қарай  сӛз  әуенін,  нақышын,  қарқынын, 
екпінін 
құбылтып 
айтуға 
дағдыланады. 
Дыбыстау 
мәдениетін 
қалыптастыруда  тәрбиешінің  ӛзі  сӛзді  анық,  қатесіз  айтуы  басты  роль 
атқарады. 
Тәрбиешінің  дыбыстарды  дұрыс  айтуына  еліктеу  жаттығудың  негізгі 
әдісі  болып  табылады.  Дыбыстардың  айтылуына  тікелей  еліктеу, 
(дыбыстарды дұрыс айту үдерісінің ӛзі балаларды кызықтырады, олар мұны 
тартымды  ойын  ретінде  түсінеді)  немесе  «бал  арасы»,  «лақ»,  «тышқан» 
сияқты  рольдік  ойындар  ойнау  тәрбиешінің  сӛз  дыбыстарын  айтуын 
имитациялау  (еліктеу)  тәсілдері  бола  алады.  Барлық  артикуляцияларды 

126 
 
пысықтау жұмысы кӛркем шығармаларды оқу және қайта айтып беру, тақпақ 
жаттау оқу іс-әрекетінде жүргізіледі.  
    Cәбилер  тобында  балаларға  ерте  онтогенездік  дауысты  және  дауыссыз 
[м],[н],[п],[т],[г],[х],[с],[й] дыбыстарды дұрыс айта білуге үйрететін  алғашқы 
жаттығулар  кезінде    сәбилік  жастағы  балалар  әлі  де  тіпті  айта  алмайтын 
дыбыстар  да  міндетті  түрде  кездеседі,  тәрбиеші  бұған  олардың  назарын 
аудармауы  тиіс,  ӛйткені  «кейінгі  онтогенез»  дыбыстарды  айтуға  баланың 
артикуляциялық  аппараты  әлі дайын емес.  Бұл кезде балдырғандар  «кейінгі 
онтогенез»  дыбыстарын  ӛздері  айтып  үйренген  дыбыстармен  алмастырады. 
Егер  бала  «қиын  айтылатын»  [ш]  дыбысын  [с]  дыбысымен  алмастырып 
айтатын болса, мысалы, «аш» деудің орнына «ас» десе немесе қатаң және ұяң 
[з]  -[с],  [б]  -[п],  [д]  -[т],  [л]  -  [й]  дыбыстарын  және  т.  с.  с.  шатастыратын 
болса, яғни «папа» деудің орнына «бапа», «паба», ал «алма» деудің орнына 
«айма»  десе,  оны  түзетудің  қажеті  жоқ.  Енді  «ерте  онтогенез»  дыбыстарын 
дұрыс  айтуға  жаттықтыратын  ойын-жаттығуларынаың  жүргізілуіне  мән 
берелік. 
   Бір  жасар  балалармен  эмоциялық  қарым-қатынас  жасай  отырып, 
тәрбиеші  олардың  бойында  дыбыстық  еліктеу  реакциясын  туғызады. 
Жүзіндегі қуаныш белгісін кӛрсете отырып, ол сӛздерін айтпастан: «А-а-а, а-
а-а, а-а-а» — деп ән салады. 
    Дені сау бала сӛзсіз ойынға араласып: «А-а-а»,—деп ән салады. Ойын 1-
1,5 минутқа созылады. 
  Бала  бұл  дыбысты  оңай  айта  алған  дәрежеге  жеткен  кезде  басқаша,  мә-
селен, «И-и-и, и-и-и, и-и-и»,- деп «ән салуға» болады. 
«Ә-ә-ә» және еріннің катысуын қажет ететін, едәуір «қиын» «о-о-о», «у-у-
у» дыбыстары да осылай жекеше қалыптастырылады. 
   Логопедтер бір жастағы балаға бір оқу іс-әрекетінде бір дыбысты айтып 
үйренуден артық жаттығу жүргізбеуді ұсынады, ӛйткені ол тиісті бұлшық ет 
сезінуінің қай дыбысқа сәйкес келетінін есте сақтай алмайды. 
   Дауысты  дыбыстарды  айтып  үйрену  жӛніндегі  жұмыстар  екі  және  үш 
жастағы  балалармен,  кейде  тіпті  бұдан  кейінгі  жылдары  да  жалғастырыла 
береді.  Мектеп  жааына  дейінгі  балаларды  дауысты  дыбыстарды  айтып 
үйренуге  едәуір ұзақ тыныс шығару арқылы машықтандыру керек. Мұндай 
жаттығуларды  тыныс  алу  органдарын  машыктандырумен  байланыстыру 
пайдалы  болады.  Сӛйлеу  кезінде  тыныс  шығару  үдерісін  ұзарту 
мақсатындағы  тыныс  алу  органдары  жаттығуларын  «Гүлдерді  иіскейік», 
«Бӛлме ішінде ұшыру үшін мамықты үрлейік», «Қолымыз тоңса, демімізбен 
жылытайық»,  «Сабын  кӛпіршігін  ұшырайық»  сияқты  карапайым  сюжеттік 
ойындар  ретінде  ӛткізу  ұсынылады.  Сондай-ақ  ерін  мен  тілге  арналған 
жаттығуларды да келтіреміз. 
  Ерін  жаттығулары:  «Екі  ұртты  да  томпитып  алыңдар  да,  бұдан  соң 
алдымен біреуін, кейін екіншісін саусақпен басыңдар; «Еріндеріңді сүйірлеп 

127 
 
алыңдар да, сонынан тістеріңді кӛрсете отырып, бірден тез күлңдер»; «Атты 
тоқтатыңдар: «Дырр-р-р». 
    Тіл  жаттығулары:  «Мысықтың  сүтті  қалай  тілімен  жалап  ішетінін 
кӛрсетіңдер»; 
«Ұрттарыңа 
тілмен 
«ине 
салыңдар»; 
«Тілдеріңді 
тақылдатыңдар». 
    Екі жасар балалармен дауысты дыбыстарды айтып үйрену жаттығулары  
ойын  түрінде  жүргізіледі.  Мысалы,  мынадай  рольдік  ойындарды 
қарастырайық: 
Кішкентай кыз: «А-а-а-аа-аа-а»,– деп жылайды. 
Тышқан: «И-и-ии-иии»,– деп күледі. 
Қой: «Ә-ә-ә-ә-ә-ә» деп  ренжиді. 
Аю: «Э-э-э-э-э-э»,–деп ашуланады. 
Қасқыр екінші қасқырды: «У-у-у-у-у»,– деп шакырады. 
Бұлан: «О-о-о-о-о»,–деп орманды басына кӛтереді. 
Бӛбек: «Уа-уа-уа-уа-уа»,–деп жылайды. 
Балалар тоғайда біріне-бірі: «Ау-ау»,–деп дауыстайды. 
 «Ерте  онтогенездің»  (ерін,  тіс)  дауыссыз  дыбыстарын  айтып  үйрену 
жаттығулары  жаңылтпаштар  мен  сюжеттік  ойындардың  жәрдемімен 
жүргізіледі. Мысалы,  тәрбиеші  балаларды қарсы алдына оларға ӛзінің жүзі 
мен артикуляциясы жаксы кӛрінетіндей етіп отырғызады. 
 Тәрбиеші:  «Келіңдер,  «Кім  жақсы  айтады?»  ойынын  ойнайық»,-деп 
бастайды, – Менің қалай айтатынымды тыңдап алыңдар: Шаш ал, қас алма. 
Ac ал, қасарма! — деген жаңылтпашты ӛте баяу айтады. 
 Балалар  тәрбиешінің  айтқанына  еліктеп,  жаңылтпашты  қайталайды:  [л], 
[ш], [қ] артикуляцияларын есте сақтау үшін олар да баяу айтады; бұдан соң 
айту  қаркыны  тездейді.  Әдетте  балдырғандар  жаңылтпашты  қатарынан  он 
реттен артық қайталаудан жалықпайды.  
   Үш-тӛрт  жастағы  балалармен  рольдік  ойын  тәсілімен  дыбыстардың 
дұрыс  айтылуын  калыптастыру  оқу  іс-әрекетінде  балалар  жәндіктердің, 
аңдар құстардың және т. б. дыбыстарын салады. 
Тәрбиеші: 
–  Құстарға,  аңдарға,  жәндіктер  мен  бақаларға  арналған  мерекеміз 
басталады! Ән шыркалып, би биленеді. 
Мерекеге дыбыстарды дұрыс айтқан балалар жіберіледі. 
Қонактар үй иесі әйелге (тәрбиешіге) жұптарымен келеді; тәрбиеші олардың 
әрбір жұбына қайырылып былай дейді: 
– 
Амансыңдар ма, коңыр каздар дауыстарыңды шығарыңдар 
– 
Ға-ға-ға,— деп қанкылдайды каздар. 
– 
Амансыңдар ма, алтын бал аралары! Дауыстарыңды шығарыңдар! 
– 
З-з-з,— деп ызыңдайды бал аралары. 
– 
Амансыңдар ма, жасыл кӛлбақалар! Дауыстарынды шығарыңдар! 
– 
Бақ-бақ-бақ   

128 
 
Ит: «әу-әу-әу» немесе «ав- ав- ав»,– деп үреді, су жылан: «Ш-ш-ш-ш»,– 
деп ысылдайды; әтеш: «Ку-ка-ре-ку»,– деп шакырады; есек «Ио-ио-ио»,– деп 
ақырады; арыстан: «Р-р-р-р-р»,– деп ырылдайды   т. с. с. 
Үй  иесі  барлык  қонақтармен  амандаскан  соң,  қонақтар  бір-бірімен  аман-
дасады: бәрі бірге алдымен қаздар секілді, содан соң үйректер секілді, содан 
соң арыстан секілді және т. с. с. дауыс шығарады /3/. 
  Жаңылтпаштар  арқылы  «Кім  жақсы  айтады?»  дидактикалық  ойынының 
тәсілімен  дауыссыз  дыбыстардың  дұрыс  айтылуын  қалыптастыру  үшін  үш 
жастағы балалармен жүргізілетін оқу іс-әрекетіне тоқталайық.   
 
  
  Балалар  тәрбиешінің  артикуляциясын  жақсы  кӛретіндей  болып,  оның 
қарсы алдына отырады. Тәрбиеші ойынды бастайды:  
    – Менің жаңылтпашты қалай айтатынымды тыңдап алыңдар. Соңынан мен 
шақырған  бала  оны  дәл  осылай  немесе  бұдан  да  жақсы  етіп  айтып  беретін 
болсын.  Бәрінен  де  жақсы  айтқан  бала  ұтып  шығады.  Ал  тыңдандар: 
«Жұмаш! Кӛзінді жұм, аш!» Енді мұны, Марат, сен айтып бер! Енді, Досбол, 
сен айтып бер... 
  Балалар бұл жаңылтпашты қайталайды. Оларға тәрбиеші жәрдемдеседі. 
 Бұл жұмыс үш рет қайталанады: бірінші ретте жаңылтпаш баяу айтылады, 
екінші  ретте  әдеттегі  қарқынмен,  ал  үшінші  ретте  тез  айтылады.  Мұның 
әрқайсысында да ұтып шыққандар айқындалады. 
 Осы  жастағы 3-4  баладан  құралған келесі  топпен мынадай  жаңылтпашты 
айтып үйренеді: «Кӛк тырна, Тыраулап тек  
                              Кӛп тырна, Кӛп тұрма». 
Тӛрт жасар балалармен мынадай жаңылтпашты айтып үйренеді: 
«Жол бар.   
 
 
 
Op бар, op бар 
Жолда 
 
 
 
 
Ӛзің кӛр, бар» 
     Бес жасар балаларымен мынадай жаңылтпашты айтып үйренеді; 
«Дос!  
 
 
 
 
Бос сӛз. 
Сӛз тос. 
 
 
 
 
Қажетті 
Сӛйлеме   
 
 
 
Сӛз қос». 
  Алты  жасар  балалармен  дыбыстың  дұрыс  айтылуын  қалыптастыру 
кӛрсетілген  ойын  тәсілімен,  бірақ  күрделенген  түрде  ӛткізіледі.  Балаға  әр 
түр-лі  дауыссыз  дыбыстардан  тұратын  бірнеше  жаңылтпашты  бірінен  соң 
бірін  бірден  айтып  беру  жӛнінде  тапсырма  беріледі.  Мысалы:  «Қамаштан 
кӛріп  қалашты,  Қалашқа  Жарас  таласты.  Бӛлінсін  десең  қалаш  тең,  таласпа 
Жарас Қамашпен, «Қақпаға туралап, теп допты, оң аяқ. Қақпаға туралап, теп 
допты, сол аяк. Оң аяқ, Сол аяқ, Жаттығу оңай-ак». 
  Осылайша, мектеп жасына дейінгі балаларды сӛзді дыбыстау мәдениетіне 
тәрбиелеуде әр жас шамасына лайық «ерте онтогенез», «орташа онтогенез», 
«кейінгі  онтогенез»  дыбыстарын  меңгеруі  үшін  ойын  жаттығулары  мен 
жаңылтпаштар пайдалану тиімді.  

129 
 
  Егер  бала  ӛзінің  жасындағы  балалар  әлдеқашан  үйренген  кейбір 
дыбыстардың  артикуляциясын  немесе  интонация  элементтерін  үйренбеген 
болса,  яғни  баланың  сӛйлеу  қабілетінің  дамуы  тежелген  болса,  онда 
балалармен жұмыс жүргізуді оның жасына байланысты емес, қабілетіне сай 
жүргізген дұрыс. Мысалы, тӛрт жасар бала «ерте онтогенез» дыбыстарының 
([а], [и], [м],  [с]...) айтылуын үйренбеген болса, онда тіпті оның құрдастары 
бұл  дыбыстарды  айта  алатын  болса  да,  онымен  «кейінгі  онтогенез» 
дыбыстарының ([р], [л], [ш] ...) айтылуын қалыптастыра бастауға болмайды. 
Мұндай кенже қалған балалармен жеке жұмыс жүргізу керек /3/.  
   Арнайы  дыбыстау  мәдениетін  тәрбиелеу  оқу  іс-әрекеті  айына  1  рет, 
кейде  онан  да  сирек  ұйымдастырылады.  Кӛбінесе  балалардың  сӛз 
дыбыстарын  дұрыс айту  мәдениетін жетілдіру  жаттығулары  тіл дамыту  оқу 
іс-әрекетінің  құрамдас  бӛлігі  ретінде  енеді  де,  сол  оқу  іс-әрекетінің 
мазмұнына  негізделіп  құрылады.  Тәрбиеші  тілі  кенже  дамып  келе  жатқан 
балалармен  күн  сайын  «фонетикалық  минуттар»  (0,5-1  минутқа  созылатын 
жаттығулар)  жүргізгені  дұрыс.  Жаттығулар  бала  уақытысында  меңгере 
алмаған тіл материалы негізінде жүргізіледі.  
     Сонымен,  баланы  тілдің  дыбыстық  мәдениетіне  тәрбиелеу  жұмысы  жас 
және  жеке  дара  ерекшелігіне  қарай  жүйелі  жүргізілгенде  ғана  балаға  тілдің 
фонетика-фонематикалық  жағын  меңгеруіне  кӛмектеседі,  ол  балалардың 
жалпы  мектеп  жағдайында  оқу  мен  жазуды  дұрыс  игеруіне  мүмкіндік 
туғызады.    
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Развитие речи детей дошкольного возраста. – Москва, 1979.   
2.
 
Федоренко Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.Қ. Мектеп жасына дейінгі 
балалар тілін дамыту методикасы. – Алматы, 1981. 
3.
 
Максаков  А.И.  Воспитание  звуковой  культуры  речи  у  дошкольников. 
Пособие  для  педагогов  дошкольных  учреждений.  2-е  изд.  –  Москва, 
2005.    
 
 
Б.А. ЕСЕНБАЕВА  
 
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ МҤМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ 
БАЛАЛАРМЕН ЖҦМЫС ЖҤРГІЗУІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аннотация 
Мақалада  мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  әлеуметтік-педагогикалық 
жұмыстың  кейбір  ерекшеліктері  қарастырылады.  Сонымен  бірге, 

130 
 
Республикалық    «Балбұлақ»    балаларды  оңалту  орталығындағы  әлеуметтік-
педагогының жұмысы жан-жақты сӛз болады. 
 
В  статье  рассматривается  некоторые  особенности  социально-
педагогической работы с детьми с ограниченными возможностями. А так же 
работа  социального  педагога  в  Республиканском  реабилитационном  центре 
«Балбулак».  
 
 
Annotation 
This article discusses some of the features of social and educational work with 
disabled children and also the work of a teacher at the National Rehabilitation 
Centre "Balbulak." 
 
Түйін сөздер: әлеуметтік педагог, инвалид, мүмкіндігі шектеулі балалар, 
әлеуметтік-педагогикалық жұмыс, әлеуметтік орта. 
 
Қазіргі  кезде  бүкіл  дүниежүзінде  болып  жатқан  экономикалық 
дағдарыстар,  экологияның  ластануы,  тұқым  қуалайтын  аурулардың  кӛбеюі, 
адамдардың  ӛзара  қарым-қатынасының  шиеленісуі  т.б.  қоршаған  ортаның 
кӛптеген жағымсыз  факторлары адам психологиясы мен денсаулығына теріс  
әсер  етіп  жатқаны  белгілі.  Әсіресе,  ол  ана  мен  бала  денсаулығының  
нашарлауына  әкеліп  соқты.  Балалар  денсаулығының  нашарлауы  3,5  есе 
мүгедек  балалар  санының  ӛсуіне  алып  келді.  Мүмкіндігі  шектеулі  балалар 
саны  10-12%-ға  дейін  жоғарылай  түседі,  олардың  30%-ы  жүйке  жүйесі 
ауруларымен  науқастанады.  Арнайы  білімдер  жүйесі  мүмкіндігі  шектеулі 
балалар  ағынын  игере  алмай  жатыр.  Білім  алу  құқықтарынан  айрылған, 
оқытуға келмейтін 6585 бала тіркелген. Кӛмек кӛрсетуге мәжбүр болған ата-
ана әлеуметтік ӛмірден шеттетілген /1, 134б/.  
Бүгінде 
олар 
денсаулығына 
байланысты 
қоғамның 
ӛмірінен 
алшақтатылып,  кемтарлықтың  азабын  тартып  жатыр.  Бұл  балалардың 
жағдайы қарапайым халық арасында «мүгедек» деген түсінікпен қалыптасып 
қалған.  Кӛпшілігі бұл сӛздің орнына қазір мүмкіншілігі шектеулі деген ұғым 
алмастырылғанына  қарамастан,  бүгінге  дейін  қолданыстан  алып  тастай 
алмай  келеді.  Аталған  сӛздің  мағынасын  терең  ашып,  мәнін  түсіндіру  үшін 
оның шығу тарихына толығырақ тоқталғанды дұрыс деп санаймыз.   
«Мүгедек»  ұғымының  шығу  тӛркінін  әдетте  латын  сӛзі  invalidus 
аудармасында  әлсіз,  күшсіз  деген  ұғыммен  байланыстырылады.  «Мүгедек» 
ұғымы  алғаш  әскери  іс-шаралардың  нәтижесінен  зардап  шеккен  әскер 
қызметкерлерге  қатысты  қолданған.  Мысалы,  ежелгі  Римде  мүгедек  деп 
ӛзінің  денсаулығы  зақымданғаннан  кейін  қару  пайдалану  мүмкіндігінен 
айырылған  жауынгерді  атаған.  Ал,  ежелгі  Грецияда  соғыста  жараланған 
солдаттарды  қоғамдық  қаражаттың  есебінен  асырайтын  кӛмектің  ӛзіндік 

131 
 
формалары болған. Ортағасырларда «мүгедек» және «мүгедектік» ұғымы тек 
ӛзінің  жарымжандылығынан  және  ауру-сырқатының  салдарынан  ӛз-ӛзін 
асырауға  шамасы  келмегендіктен  оларды  арнайы  қайырымдылық  үйлеріне, 
түрлі  бас  сауғалайтын  орындарға,  шіркеулерге  жіберілетін  бұрынғы  әскери 
қызметкерлерге қатысты айтқан.  
ХІХғ. екінші жартысынан бастап капитализмнің күшті дамуымен жұмыс 
класы сандарының бірден кӛбеюі нәтижесінде «мүгедек» және «мүгедектік» 
ұғымы  жаңа  мазмұнға  ие  болды.  Олар  жұмысшылардың  ӛндірістік  жарақат 
алу  салдарынан  немесе  кәсіби  іс-әрекет  барысында  алған  аурулардың 
нәтижесінде  еңбек  ету  және  еңбекақы  табу  мүмкіншілігінен  толық  немесе 
жарым-жарты  айырылған  және  сол  үшін  ӛтемақы  алатын  адамдардың 
жағдайын атай бастады.  
ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында қоғамдық қауым мүшелері «мүгедек» 
ұғымын  пайдалану  жолдары  туралы  сұрақтар  талқыланды.  Себебі  бұл  сӛз 
адамның беделі мен арын таптайтын қорлау сӛзі деп есептелді. Оның орнына 
«еңбек  ету  қабілеті  шектеулі»,  «еңбекке  жарамсыз»  және  т.б.  түсініктерді 
қолдануды ұсынды /2, 266б/.  
Бірқатар  психологтардың  (Макгайр,  Фестингер  және  т.б.)  зерттеу 
жұмыстарында  кӛрсетілгендей,  мүгедек-балалармен  кӛп  байланысқа 
түспейтін  дені  сау  балаларда  түрлі  психологиялық  кедергілер  қалыптасады 
екен.  Олар  мүгедек-балаларға  қатысты  жағымсыз  қондырғыларды  игереді. 
Ал,  ол  кейін  есейген  шақта  адам  бойында  сақталып  қалады.  Балалар 
қайырымдылық  орден  иегері  Д.Браславскийдің  пікірінше,  мүмкіндігі 
шектеулі бала (мүгедек) мен оның дені сау құрдасының арасындағы кедергіні 
14-16  жаста  жоюға  мүлдем  келмейді,  ал  7-10  жаста  ол  тез  жазылып    кетеді. 
АҚШ-та бала-бақшаларда, мектептің бастауыш сынып оқушыларына дені сау 
балалар  мен  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  арасындағы  жағымсыз 
құрылғыны жою мақсатында қуыршақтармен түрлі қойылымдар қояды екен. 
Ал, ондағы қуыршақтар мүгедектік  арбаларда, балдақпен немесе аяқ-қолсыз 
күйінде  кӛрсетіледі.  Қойылым  барысында  және  одан  кейін  балалар 
қуыршақтармен  сӛйлесіп,  оларға  түрлі  сұрақтар  қоя  алады.  Содан  кейін 
арнайы 
қуыршақтар 
балаларға 
ойнау 
үшін 
қалдырылады. 
Ұйымдастырушылардың бақылауы кӛрсеткендей, мұндай іс-шаралар дені сау 
балалардың мүмкіндігі шектеулі (мүгедек ) балаларға деген қарым-қатынасы 
мен кӛзқарасын түбегейлі ӛзгертеді /2, 267б/.   
Кӛптеген елдерде дені сау балалар мен ерекше күтімге ие балалар бірге 
қарым-қатынас  жасайтын  интегративті  түрдегі  білім  беру  мекемелері 
құрылған. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды ӛмірге бейімдеу, білім 
беру,  қоғамдық  ӛмірге  белсенді  араластыру  мақсатында  кӛптеген  оңалту 
орталықтары  құрылған.  Дәлірек  айтқанда  ҚР  балаларға  арналған  24  оңалту 
орталығы  бар.  Оның  13-і  денсаулық  сақтау  жүйесіне  кірген.  Мүмкіндігі 
шектеулі бала үшін мұндай орталықтар тек кешенді кӛмек беріп қана қоймай, 

132 
 
оның  ӛмір  сүретін  ортасы  отбасына  да  оң  әсерін  тигізері  сӛзсіз.  Бүгінде 
Қазақстан  территориясында  орналасқан  осындай  орталықтардың  бірі 
«Балбұлақ»  Республикалық  балаларды  оңалту  орталығы.  Аталған  орталық  
психикасы  және  жүйке  жүйесі  зақымдалған  балаларды  емдейді.    Оңалту 
орталығы  1995  жылы  Денсаулық  сақтау  министрлігінің  бұйрығының 
негізінде Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызының 
қолдауымен  ашылған.  Ол  орталық  Іле  Алатауының  кӛркем  баурайында 
Горная  кӛшесінде  орналасқан.  Мемлекет  қарамағындағы  балалар  ата-
анасымен  тегін  түрде  ем  алады.  Сонымен  қатар  мұнда  Республиканың 
барлық ӛңірінен 1жастан-15  жасқа дейінгі балалар емделеді. Емдеу мерзімі -
27  күн.    Балбұлақ  орталығын  ұйымдастыру  кезінде  балалардың  қалыпты 
жағдайға  келуіне  үлкен  кӛңіл  бӛлінеді.  Дәлірек  айтқанда,  1998  жылы 
«Балбұлақ»  орталығына  Қазақстан  Республикасының  Бірінші  Ханымы  Сара 
Алпысқызы  Ұлыбританияның  «Хью-Стипер  ЛТД»  фирмасынан  сенсорлық 
бӛлмесін,  оңалту  тренажерларын  (56  мың  долларлық)  сыйға  тартқан.  2003 
жылдың желтоқсан айында тағыда Сара Алпысқызынан (125 мың долларлық) 
қайырымдылық  кӛмегі  кӛрсетіліп,  осы  фирмадан  ортез  шеберханасы 
ашылған.  Қазіргі    әлемде  оңалту  үрдісін  ортезсіз  елестету  мүмкін  емес. 
Оңалту  жұмысының  алға  басуы  дәл  осы  құралға  тікелей  байланысты.  Енді 
міне,  біздің  орталықта  да  балалар  тегін  протез  жасата  алатын  уақыт  жетті.   
Орталық  ұжымының  қызметкерлері  яғни  тәрбиешілер  (еңбектерапиясы, 
арттерапиясы,  әуен  терапиясы),  логопедтер  мен    дефектологтардың, 
психологтардың,  әлеуметтік  педагогтың    кӛмегімен  түрлі  жарыстар  мен 
мерекелік  іс-шаралар  ӛткізіледі.  Сонымен  қатар  олар  табиғи  факторларды 
пайдалана отырып, әртүрлі жаттығулар, психо-физикалық  түзету шаралары, 
физио-рефлексоемдер, стоматологиялық кӛмекті жүзеге асырады. Сондай-ақ 
балаларға  арнайы  ұйымдастырылған  спорттық  олимпиада  да  жүргізіледі. 
1996-2011  жыл  аралығында  орталықта  14399  бала  емделді,  оның  ішінде  56 
пайызы    жүйке  ауруының  ең  ауыр  түрлері.  Емдеу  шараларынан  кейін 
ӛздігінен отыра алмайтын  бала отыра алу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, 
ӛздігінен  жүре  алмайтын  балалар  біреудің  кӛмегімен  жүре  алатын  халге, 
кӛмекпен  жүретіндері  ӛз  бетімен  жүретін    жағдайға  жеткен.  Балалардың 
сӛйлеу қабілеті артып, сӛздік қорлары жақсарған.   
Сонымен  қатар  орталықта  емдік  шаралармен  қатар  үлкен  әлеуметтік-
педагогикалық  жұмыс  жолға  қойылған.  Мүмкіндігі  шектеулі  баламен 
жұмысқа кіріспес бұрын әлеуметтік педагог ең алдымен баланың ем алуына 
отбасының  кӛзқарасы,  танытатын  белсенділігіне  (медициналық  кӛмектің 
жолын қарастыруына, кӛмекті дер кезінде беруіне) назар аударады. Сонымен 
бірге  әлеуметтік  педагог  баланың  ем  алуын  ұйымдастыру  мен  оны  оқыту 
ісінің  арасында  делдалдық  қызмет  атқарады.  Мүмкіндігі  шектеулі  баланың 
әлеуметтік  жағдайы  дені  сау  баладан  бірқатар  айырмашылықтарға  ие. 
Сондықтан  орталықтағы  әлеуметтік  педагог  дені  сау  баланың  (сырқат  түрі 

133 
 
жеңіл)  мүмкіндігі    шектеулі  балалармен  ӛзара  қарым-қатынасқа  түсуіне 
жағдай жасаған. Себебі дені сау бала мүмкіншілігі шектеулі баладан кӛбінесе 
алшақ  жүреді.  Осыған  байланысты  әлеуметтік  педагог  олардың  арасында 
ӛзара  байланыс  орнатып,  ойынға  қосылуын  қадағалайды,  оны  кемсітіп, 
мазақтауға жол бермейді. Орталықтағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың 
басты  мақсаты  мүмкіндігі  шектеулі  баланы  ӛз-ӛзіне  қызмет  кӛрсету 
дағдысын үйрету, оны әлеуметтік ортаға бейімдеу болып табылады. Ӛйткені, 
дамуында  ауытқушылығы  бар  ерте  жастағы  балалар  үшін  ӛз-ӛзіне  қызмет 
кӛрсету  дағдысын  дамыту,  күн  тәртібін  үйрету  ӛте  маңызды.  Себебі 
балалардың  ӛзіне-ӛзі  қызмет  кӛрсетуіне  қажетті  ұсақ  қол  дағдылары 
қиындықпен  қалыптасатындықтан,  оларды  дамыту  үшін  бірнеше  кезеңнен 
тұратын арнайы сабақтарды жүргізу керек. Ал, ол тек әлеуметтік педагогтың 
жұмысының  құзырында.  Сабақтың  алғашқы  кезеңінде  әлеуметтік  педагог 
баланың  қозғалыс мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  заттарды  ерікті  түрде  алу 
және қоюға, бір қолдан екінші қолға беруге, заттардың кӛлемі мен салмағына 
қарай  қозғалыс  күшін  бағыттауға  үйретеді.  Сонымен  қатар  әлеуметтік 
педагог балаларға күнделікті тұрмыстағы қарапайым іс-әрекеттерді дұрыс әрі 
ұқыпты  орындауға  дағдыландырады.  Мәселен,  жарықты  жағу,  сӛндіру, 
тазалық дағдылары (киім киюге, шешуге, қол жууға және т.б.), асхана құрал-
жабдықтарын дұрыс пайдалануға, дәретханаға уақытылы және дұрыс отыру, 
ӛз  ойыншықтары  мен  бӛлмесін,  тӛсегін  жинауға  үйретеді.  Сондай-ақ 
әлеуметтік педагог балада бӛлмедегі топтың тәртіпті ұстануын, ересектердің 
айтқан  тапсырмаларын  орындауын,  ӛз  ойыншықтарын  жинау  ниетін 
тәрбиелеуге  тырысады.  Ұсақ  қол  моторикасын  дамыту  мақсатында 
әлеуметтік  педагог  балаларды  ермексазбен  ойнауға  (дӛңгелету,  бӛлшектеп 
кесу,  жазуға)  оқытады.  Мүмкіндігі  шектеулі  баланың  қоғамға  бейімделуі 
үшін әртүрлі сюжеттік-рӛлдік ойындар жүргізеді. Мысалы, машина жүргізу, 
қуыршақты  киіндіру,  дүкеннен  сатып  алу,  телефонмен  тапсырыс  беру  т.с.с. 
Қоршаған  ортаны  таныстыру  бағытында  әлеуметтік  педагог  балаға  оқу 
жұмысы  барысында  оның  ӛміріне  қажетті  объектілермен  таныстырады. 
Оның басты мақсаты бұл заттарды пайдалану жолдары мен тиісті орындары 
жайлы толық ақпарат беру.    
Ал,  сабақтың  екінші  негізгі  кезеңінде  әлеуметтік  педагог  балаларға  ӛз-
ӛзіне қызмет кӛрсету дағдысын қалыптастырудың мазмұнын тереңірек ашып, 
баланың  әрбір  дағдыны  меңгеруін  қадағалайды.  Дәлірек  айтқанда,  киімді 
киіп-шешуді  арнайы  бірізділікпен  орындауын  бақылап,  киімнің  ішкі  жағы 
мен  сыртын,  бәтеңкелердің  оңы  мен  солын  ажыратуға  үйретеді;  тазалық 
дағдыларына  (тісін  тазалауға,  дәретхана  қағазын  пайдалануға),  сілекейінің 
ағуы мен дұрыс дем алуын қадағалауға, бет орамалын пайдалануға үйретеді. 
Сонымен қатар баланың бойында тұрмыстық-шаруашылық еңбекте (тӛсектің 
жинақы  болуына,  бӛлмеде  тазалық  сақтауға,  асханада  кезекшілік  атқаруға, 
бӛлме  ӛсімдіктерін  күтуге,  дастарқан  жаю  мәзірін  үйренуге)  талпыныс 

134 
 
танытуына  ықпал  етеді.  Балаларды  қағазбен  жұмыс  жасауға,  желімді 
пайдалануға,  қайшыны,  инені  дұрыс  пайдалануды  үйретеді.  Қоғамдық 
қарым-қатынасты  дұрыс  орнату  үшін  «Анасы  мен  қызы»,  «Дүкенде», 
«Ауруханада»  атты  рӛлдік-сюжеттік  ойындарды  жүргізеді.  Қоршаған 
ортамен  таныстыру  мақсатында  балаға  киімді  дұрыс  үтіктеу,  түйме  қадау, 
сырмақ  салуды  оқытады.  Әртүрлі  бӛлмелердегі  жиһаздармен  таныстырып, 
пайдалану  жолдарын  түсіндіреді.  Мәселен,  неде  жату  керек,  неде  отырған 
дұрыс т.с.с. Сонымен қатар осы бағытта әлеуметтік педагог балаға транспорт 
құралдарын,  жол  жүру  ережесін  айтады,  жеміс-жидектер  туралы,  жыл 
мезгілдерін,  жануарлар,  адамдардың  атқаратын  әртүрлі  кәсіп  иелерін 
үйретеді.  
Аталған  сабақтарды  жүргізу  барысында  кӛптеген  кӛрнекі  құралдар 
пайдаланылады.  Олар  балалардың  дамуына  ықпал  ететін  арнайы 
ойыншықтар. Сонымен бірге орталықтағы әлеуметтік педагогтың атқаратын 
тағы  бір  қызметі  ол  –  ата-анамен  жүргізетін  жұмыс.  Әлеуметтік  педагог 
орталықтағы  баланың  ата-анасымен  сӛйлесіп,  олардың  әрқайсысына  жеке-
жеке  кеңес  береді.  Ата-анаға  ӛз  баласының  мүмкіндігіне  басқа  балалардан 
кем  емес,  тек  ерекше  кӛңіл  аударуды  қажет  етенін  бала  ретінде  қабылдап, 
оның  денсаулығын  нығайту  жолында  тӛзімді  болуын  сұрайды.  Ата-ананың 
балаға  беретін  бүгінгі  қамқорлығын,  бала  келешекте  тек  алғыс  пен 
сүйіспеншілікке толтырып қайтаратынын ескертеді. Әлеуметтік педагог ата-
анаға қолдау кӛрсетіп, моральдық-психологиялық кӛмек береді. Әрбір айдың 
соңында  әлеуметтік  педагог  барлық  ата-аналарға  арналған  «Мүмкіндігі 
шектеулі баланы отбасында тәрбиелеу» атты тақырыпта дәріс оқиды. Оларға 
мүмкіндігі шектеулі баланы үйде ӛз-ӛзіне қызмет кӛрсету дағдыларын үйрету 
жӛнінде маман кеңестері жазылған брошюраларды таратады.  
Бүгінгі  Қазақстан  жаңа  шыққан  терек  секілді  ӛсіп  келе  жатқан  жас  ел. 
Оның даму жолы бізден әлі талай тер тӛгуді, аянбай еңбек етуді талап етеді. 
Ата-бабаларымыз  аңсаған  еліміздің  бүгінгі  жағдайын  одан  әрі  кӛркейтіп, 
нығайту жолында әрбір азамат ӛз қол таңбасын қалдыруы керек. Халқымыз: 
«Бӛлінгенді бӛрі жейді» - деп бізді әрдайым татулыққа шақырған.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Айтбаева  А.Б.  «Әлеуметтік  педагогика  негіздері».−  А.,  «Қазақ 
университеті» 2011ж.  
2.
 
Никитина  Н.И.,  Глухова  М.Ф.  Методика  и  технология  социальной 
педагогики.− М., Владос 2007.  
3.
 
Жигорева  М.В.  Дети  с  комплексными  нарушениями  в  развитии: 
педагогическая помощь.− М., 2008.  
  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет