Әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2004.
2 Левитес Д.Г. Практика обучения: современные образовательные технологии. – М.:Изд-во: «Институт практической
психологии»; Воронеж:НПО«МОДЭК»,1998.–288 с.
3 Фрадкин Ф.А. Вопросы формирования и воспитания ребенка в группе. Методическое пособие. -Владимир, 1972.
4 Гальперин П.Я. Умственное действие как основа формирования мысли и образа // Воп Лихачев Б.Т. Педагогика.
Курс лекций: Учебное пособие – М.: Прометей, 1992....- 528 с.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
94
5 Заньков Л.В. Умственное развитие и обучение. - М.: АО «Столетие», 1995. -205 с.
6 Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций: Учебное пособие – М.: Прометей, 1992. - 528 с.
7 Кларин М.В. Развитие педагогической технологии и проблемы теории обучения // Советская педагогика. – 1984. –
С.117-122.
8 Талызина Н.Ф. Управление процессом усвоения знаний. – М.: МГУ, 1975. – 343 с.
9 Караев Ж.А. Педагогическая технология обучения. // Методическое пособие. – Алматы: Респ. изд. комитет, 1999. –
118 c.
References
1 Қazaқstan Respublikasynyң «Bіlіm turaly» Zaңy. – Astana, 2004.
2 Levites D.G. Praktika obuchenija: sovremennye obrazovatel›nye tehnologii. – M.:Izd-vo: «Institut prakticheskoj psihologii»;
Voronezh:NPO«MODJeK»,1998.–288 s.
3 Fradkin F.A. Voprosy formirovanija i vospitanija rebenka v gruppe. Metodicheskoe posobie. -Vladimir, 1972.
4 Gal›perin P.Ja. Umstvennoe dejstvie kak osnova formirovanija mysli i obraza // Vop Lihachev B.T. Pedagogika. Kurs lekcij:
Uchebnoe posobie – M.: Prometej, 1992....- 528 s.
5 Zan›kov L.V. Umstvennoe razvitie i obuchenie. - M.: AO «Stoletie», 1995. -205 s.
6 Lihachev B.T. Pedagogika. Kurs lekcij: Uchebnoe posobie – M.: Prometej, 1992. - 528 s.
7 Klarin M.V. Razvitie pedagogicheskoj tehnologii i problemy teorii obuchenija // Sovetskaja pedagogika. – 1984. – S.117-
122.
8 Talyzina N.F. Upravlenie processom usvoenija znanij. – M.: MGU, 1975. – 343 s.
9 Karaev Zh.A. Pedagogicheskaja tehnologija obuchenija. // Metodicheskoe posobie. – Almaty: Resp. izd. komitet, 1999. –
118 c.
Р.Н.Бегалиева, Г.И.Исаев, Ж.С.Ергубекова, А.И.Исаев. Освоение инновационных модулей обучения будущими
учителями.
В статье раскрывается эффективность и содержание инновационных модулей обучения, раскрывается понятие
«инновация». Также в работе описываются цели и задачи кембриджскоой учебной программы, что умение использовать
новые педагогические инновации с учётом особенностей предмета является одним из путей достижения цели обучения.
Ключевые слова: семь модулей, кембриджская учебная программа, инновация, учитель новой формации.
R.N.Begaliyeva,G.I.Issayev, Zh. S. Yergubekova,A.I.Issayev. Tutoring students on new methods of teaching and
studying.
There is written about the new system of education and new pedagogical technology in this article. There are analyzed the
definitions given to the concept of new pedagogical technology and the advantages of usage of this technology. There are shown
the teachers› main principles in tutoring students. There is said about the influence of the advantage of education and quality to
the methodic competence of teacher and the proficiency of new technology.
Key words: new technology, methods, the process of education, new system of education, methodic skills.
Редакцияға 11.02.2016 қабылданды.
№ 3 (112) 2016
95
ӘОЖ 159.955 37.036
С.Б. БЕГАЛИЕВА
пед.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, s.begalieva@mail.ru
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ДАМЫТУ СЕБЕПТЕРІ
Бұл мақалада шығармашылық ойлаудың теориялық негіздері мен оны дамыту себептері туралы мәселелер
қарастырылады. Мақала қазіргі уақыттағы педагогтарға өте қажет шығармашылық ойлаудың теориялық негіздеріне
тоқтала отырып, Дэвид Клустердің сыни ойлау мен шығармашылықтың кейбір мәселелері назарға алынады. Көптеген
педагогтар мен психологтардың ойлары тұжырымдалып, заманауи білім беру саласындағы шығармашылықты
дамытудың себептері талқыланады. Сонымен қатар бұл мақалада заманауи әлемдегі адамның шығаршылық жолмен
ең алдымен өзін-өзі өзгертуге, өзінің айналасындағы құбылыстарын өзгертуге талпыну дағдыларын үйретуге қажет
білімдер туралы айтылады.
Түйін сөздер: шығармашылық ойлау, сыни ойлау, шығармашылық іс-әрекет.
Еліміздегі зияткерлік және шығармашылық тұлғаны қалыптастыру мәселесі, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін
жоғарылату заманауи қазақ қоғамының өзекті міндеттерінің бірі болып отыр. Ол «Қазақстан-2050»
Стратегиялық даму бағдарламасында [1], «2020 жылға дейінгі Жастар саясатының тұжырымдамасы туралы»
[2] және «ҚР білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы» арқылы жасалған білім беруді
модернизациялаудың қажеттілігін Қазақстан Республикасының жаңа мақсаттары мен міндеттеріне сай
байланыстырып жүзеге асыру керек.
Шығармашылық мәселесімен нақтырақ айналысқан неміс классикалық философиясы өкілдері: ХVІІІ
ғасырда И. Кант шығармашылық іс-әрекетті қиялдың өнімді қабілеті деп атай келе, нақты шығармашылық
тұжырымдамасын жасады. Ол шығармашылық үрдіс сана құрылымының маңызды компоненті болып
табылады және танымдық іс-әрекет негізінде жатады деген қорытынды жасады [3].
Дж. Дьюи шығармашылық ойлауды әлеуметтік іс-әрекеттің интелектуалды көріну формасы ретінде
міндеттерді шешуге әкелетін деп қарастырды және «шешімсіздіктің, ауытқудың, күдіктенудің қалпын» саналы
ойлау жұмысын бастаудың алғышарттары ретінде, өз бейнесінде адамның шығармашылық белсенділігінің
факторын анықтады [4].
Жазба жұмыстарының адамның шығармашылық тұрғыдан дамытуға маңызды әсерін тигізетінін Л.С.
Выготский т.б. психолог ғалымдар айтып кеткен. Жазу арқылы сөйлеуге, алғашқыда Л.С. Выготскийдің
«Ойлау және сөйлеу» еңбегінде психологиялық талдау жасалынып, оны арнайы пән ретінде қарастырған
болатын. Ойлау мен сөйлеудің мәселесін зерттей отырып Л.С. Выготский маңызды талдау жасады [5].
Бұл еңбекте Л.С.Выготский Жан Пиаженің ойлау мен сөйлеудің онтогенетикалық зерттеуін қарастырды.
Жан Пиаже ересек адамдардың ойлауы мен сөйлеуіндегі процесс балалардың ойлау мен сөйлеу процестерінен
принципиалды түрде басқа екенін көрсетті. Пиаже эгоцентрикалық сөйлеу феноменінің бастауы бұл баланың
қоғамнан тысқары жатқандығының себебі деді. Жан Пиаженің пайымдауынша эгоцентрикалық сөйлеу
бұл баланың толық қоғамдану процесінен өтпегендігінінен екенін анықтады. Мұндай проблема баланың
қоғамдану процесіне толық кіріктірелгеннен кейін өзімен өзі басылады деп көрсетті.
Атақты американ психологі, зерттеушісі Дэвид Клустер [6] өзінің мақаласында «Сыни ойлау дегеніміз
не?» атты мақаласында сыни ойлау туралы әр түрлі пікір білдіріп, оны түрлі анықтамалармен айқындауға
тырысты. Дэвид Клустер алдымен сыни ойлау дегеніміз не, деген сияқты сұрақтар қойып, өзінің мақаласын
жалпы сыни ойлауға жатпайтын үрдістерге талдау жасап, нақты дәлелдермен оларды айқындап берді.
Сонымен Дэвид Клустер сыни ойлауға жатпайтын үрдістің бірі – есте сақтау құбылысы екенін айтты. Оның
пікірінше есте сақтау белгілі бір құбылыстарды есімізге сақтап, оны ойлау процесінде қолданатын үрдіс
ретінде түсіндіріп, кейбір мұғалімдердің өз тәжірибесінде есте сақтауды сыни ойлаудан жоғары санап,
балаларға түрлі бақылау жұмыстарының тапсырмаларында ойлауды дамытатын емес, тек есте сақтауға
арналған тапсырмаларға көңіл бөлетінін айтты.
Сыни ойлауға жатпайтын тағы да бір құбылыстыр бұл күрделі идеяларды түсінуді және шығармашылық
немесе интуитивтік ойлау деп қарастырды. Оның ойынша көп мұғалімдер оны сыни ойлаумен шатастырады,
әрине бұл құбылыстардың барлығы мидың күрделі жұмысы екені анық. Бірақ бұл құбылыстарды шынайы
сыни ойлауға жатады деп айтуға болмайды. Дэвид Клустер осы мәселені түрлі аргументтермен, фактілермен
дәлелдеп, айқындап берді. Мысалы, айтсақ спортшылардың интуитивтік ойлауын түсіндергенде, спортшылар
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
96
түрлі спорт түрлерімен айналысқанда әр түрлі іс-қимылдарды жасап, спортшылар әрдайым күрделі ойлау
процестерін қоса бермейді, көбінесе интуицияға сүйеніп, автоматталған жаттығуларын жасайды, олардың
белгілі бір жаттығуға уақыт жұмсап сол мезетте шешімін табатын нәрсені жан-жақты ойластыруға мүмкіндігі
бола бермейді, сондықтан олардың ойлауы интуитивтік түрде жалғасын табатынын көруге болады. Бұл
құбылысты сыни ойлау деп айту қиын деп өзінің ойын осылай қорытындалайды.
Енді Дэвид Клустер шынайы сыни ойлаудың анықтамасы қандай деп сұрақ қойып, соны шешуде
төмендегідей анықтамаларды береді:
Дербес ойлау. Дэвид Клустер өзінің осы көзқарасында мынадай мысал айтады, Словакия университетіндегі
белгілі бір студенттер тобы әдебиет курсын оқып жатқанда, ол топтың американдық Уолт Уитмен туралы
ақпаратты жеткілікті түрде игергендігін көзін жеткізді, әрине бұл өте жақсы жағдаят екенін айтып, Дэвид
Клустер, Уитмен туралы бұл студенттердің өздерінің дербес емес, мұғалімнің ойынан туындаған пікірі
екендігін байқады. Сосын оларға тапсырма беріп, студенттерден Уолт Уитмен туралы мейлінше толығырақ
ақпарат жинап келуін ұсынып, студенттерге Уолт Уитменнің еңбектерін оқып келуін тапсыру арқылы
студенттерде сол жазушы туралы өзіндік пікірін қалыптастыруға итермелейді. Тапсырманы орындап
болған соң олар, өздерінің пікірлерімен бөлісті, көбінесе студенттер алғаш айтқан пікірлерімен және
дербес пікірлерінің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ екенін әңгімеледі. Бұл жағдаят жаман емес
деп шешті Дэвид Клустер, оның ойынша осы жағдаяттан назар аударатын бір құбылыс бұл студенттердің
осы жерде дербес ойлауы орын алып, белгілі бір пікір қалыптастырып, одан кейін алдыңғы біреудің айтқан
пікіріне салыстыра отырып, талдау жасап, белгілі бір келісімге немесе оны жоққа шығару туралы ойларын
қорытындылау екендігін көруге болады. Осыдан келіп Дэвид Клустер мынадай қорытынды шығарады.
Дербес ойлау бұл сыни ойлаудың бір құбылысы деп айтуға болатындығын көрсетті. Сонымен қатар дербес
ойлау міндетті түрде тек басқа пікірді теріске шығару емес, кейде бір пікірге екінші бір пікірдің ұқсас болып
келетіндігін де атап айтты.
Ақпарат сыни ойлаудың ақтық емес, бастапқы нүктесі болып табылады деді. Бұл жайтты Клустер былай
түсіндірді: сыни ойлау белгілі бір күрделі идеяларға, түсініктерге, ақпараттарға сүйене отырып жүзеге
асады. Біз ойлауды есте сақтау процесімен үйлестіріп қана жүргізе аламыз, онда біздің тәжірибеміз, дербес
пікіріміз, аналогиялық түсініктер тағы да көптген ақпарат жатыр, сол ақпарат пен фактілерді есімізге түсіріп
оны жаңғыртқаннан кейін ғана бізде сыни ойлауымыз іске асады. Бұл құбылысты Клустер американдық
студенттерге сабақ беру барысында байқаған болатын, оны былай түсіндірді: студенттерде белгілі бір жаңа ой
тудыру үшін мен оларға ескі білім мен тәжірибеден жаңа білімге қарай бойлайтын ақпарат беретінмін, содан
кейін олардың тәжірибелерінде сыни ойлау дағдылары орын ала бастайды. Клустердің ойын қорытындыласақ,
ол студенттерге қайта-қайта фактілерге сүйене отырып білім беріп, жаңа білімге бойлайтын «көпір» салып,
сосын барып белгілі бір сыни ойлаудың орын алғанын байқауға болады.
Сұрақ қоя білу мен мәселелерді дұрыс айқындау бұл сыни ойлауды іске асыратын бірден бір құбылыс деп
айтты. Адамзат баласы, табиғаттың бөлшегі ретінде түрлі жаңа ақпарат алуға құштар. Жаңа құбылыстарға
бойлау бұл біздің жан-дүниемізге тән нәрсе екенін айтып кетіп, сыни ойлау – нақты белгілі бір мәселелерді
шешу барысында іске асады деп бірнеше мысалдармен көрсетті Клустер. Сонымен қатар американдық
философ пен педагог Джон Дьюидің, бразилиялық Пауло Фрейренің ойларын жан-жақты талдады. Олардың
ойынша, оқушыларға өмірден алынған мәселелермен айналысатын білім керек деп айтты. Дьюидің пікірінше
оқушылардың алдында тұрған мәселелерді айқындау, олардың осы мәселелерді шешу барысында туындаған
құбылыстарды анықтап, тәжірибе жинақтап, осы жағдайда мектептің мүмкіндігін пайдалана отырып білім
берілу керек деп көрсетті. Педагог ғалымдардың ойларын түйіндей келе Дэвид Клустер, мұғалімдер өздерінің
өтіп жүрген сабағының барысында оқушыларды жалықтыратын жұмысты ұйымдастырудан қарағанда
мағыналы да қызықты, нақты бір проблемаларды шешуге бағытталған іс-әрекеттерден тұратын сабақты
ұйымдастыруына итермелейтің дағдылар мен білімдер керек деп айтты.
Сыни ойлау дәйекті дәлелдемелерден тұру керек деген пікірінде Клустер сыни ойлайтын адам нақты
бір проблеманы шешкенде белгілі бір нақты және дәйекті дәлелдемелерді қолдану керек екенін баса назар
аударып айтты. Оның ойынша дәлелдемелер түрлі элементтен тұрады: тұжырым, дәлел, айғақ, негіздеме
деп көрсетті. Әр дәлелдеменің басында тұратын тұжырым болатыны анық. Тұжырым дәлелдерден құрылып,
олар айғақтармен дәлелденеді. Соңында негіздеме көрсетіліп, осылай сыни ойлаудың негізгі бір құбылысы
іске асады деп өз пікірімен бөлісті. Осы аталған элементтердің барлығы ойлау жұмысын атқарған кезінде
орын алатыны белгілі. Қандай да бір ойлау еңбегі болмасын ол белгілі бір тұжырымға негізделіп, одан кейін
дәлелдемелермен айғақталады да соңында негіздеме шығарылып, тұжырым дәлелденетіні анық.
Сыни ойлауды анықтайтын тағы бір маңызды құбылыс бұл әлеуметтік ойлау деп көрсетті Клустер. Ол
№ 3 (112) 2016
97
философ Ханна Арендтың пікірін қолдайды. Тұлға сыни ойлау барысында топтық немесе жұптық формада
жұмыс жасайды. Біз басқа адамдармен ой бөлісіп, оны талқылап, өз пікірімізді дәлелдеу барысында белгілі
бір ортада әрекеттесеміз, сол әрекеттесу барысында өз ойымызды толықтырып, тереңдетеміз. Бұл сыни
ойлауды іске асыратын бірден бір құбылыс. Дэвид Клустер өзінің мақаласының басында айтылған дербес
ойлау мен әлеуметтік ойлау туралы пікірлер арасында ешқандай қарама-қайшылық жоқ екендігін айта келе,
қайта дербес ойлаудың негізінде туындаған құбылыстар ұжымдық байланыста нығая түсетіндігін дәлелдейді.
Сонымен қатар ұжымдық жұмыс барысында ынтамақтастық, бірлестік, бір-бірін тыңдау білу, бір ойдан екінші
ойды қосу сияқты үрдістер үнемі болғандықтан, қайта сыни ойлауды одан ары күшейе түсетіндігін көреміз.
Сонымен қорытындылай келе Дэвид Клустердің сыни ойлау туралы бес анықтамасында негізгі
элементтерге тоқтай келе, жазба жұмыстарының қаншалықты маңызды екенін атап көрсетті. Ол жазба
жұмыстарының сыни ойлауға үйретудің бірден бір тәсілі деп түсіндірді. Ой қозғау мен ой тұжырымдауға
көмек ретінде жазба жұмыстарды қолдану өте тиімді екенін айтуға болады. Өзінің мақаласында Дэвид
Клустер ақпараттанған, өз ойларына бекем, өз пікірлерін түйіндеген, ізгі істерді жасайтын азаматтарды
тәрбиелеуге өз үлесін қосуға талпынатындығын көруге болады. Оның педагогикасы ескі педагогиканы
қолдау емес, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын прогрессивтік педагогиканы қолдайтындығын
көзімізді жеткізе отырып, педагогиканың біздің өмірімізде және тұлғаның дамуында алатын орны ерекше
екенін айтсақ болады, дегенмен қазіргі уақыттағы білім беру жүйесінде осындай шығармашыл тұрғыда
ойлайтын педагогтардың жұмыстарымен мектеп қабырғасында қызмет етіп жатқан мұғалімдердің танысуын
талап етер едік.
Заманауи әлемде адам шығаршылық жолымен ең алдымен өзін-өзі өзгертуге, өзінің айналасындағы
құбылыстарын өзгертуге талпынуы керек. Шығармашылық адамды инерттіктен, пессимист болудан,
күдіктену мен қорқудан алшақтатады. Ол адамдағы эмоция мен ойларын, тәнін жақсы қалыпта ұстауына,
санасын, бейсанасын және жоғары санасын дұрыс ұйымдастырып оларды бақылауға көмек беретіні белгілі.
Әдебиеттер
1 Назарбаев Н.А. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» халыққа Жолдауы
14 Желтоқсан 2012жыл.
2 ҚР Білім және ғылым Министрі Б.Жұмағұловтың «2020 жылға дейінгі Жастар саясатының тұжырымдамасы туралы»
ҚР Өкіметінің отырысында сөйлеген сөзі Астана, 2013 жылғы 26 ақпан.
3 Кант И. Антропология с прагматической точки зрения. – СПб., 1999. - Б. 435.
4 Дьюи Дж. Демократия и образование: пер. с англ. -М.: Педагогика- Пресс, 2000. -200 с
5 Выготский Л.С. Собр. соч.: В 6-ти т. Т. II.С. 241.
6 http://rus.1september.ru/article.php?ID=200202902
References
1 Nazarbaev N.A. Poslanie narodu Kazahstana STRATEGIYa «Kazahstan-2050»: Novyiy politicheskiy kurs sostoyavshegosya
gosudarstva
2 Zhumagulov B. Kontseptsiya gosudarstvennoy molodezhnoy politiki do 2020 goda. Slova Ministra obrazovaniya i nauki
RK v Astane, 26 fevralya 2013 g.
3 Kant I. Antropologiya s pragmaticheskoy tochki zreniya. – SPb., 1999. B. 435
4 Dyui Dzh. Demokratiya i obrazovanie: per. s angl.. -M.: Pedagogika- Press, 2000. -200 s
5 Vyigotskiy L.S. Sobr. soch.: V 6-ti t. T. II.S. 241
6 http://rus.1september.ru/article.php?ID=200202902
Бегалиева Сауле Баязовна.
В этой статье рассмотрены теоретические основы и проблемы развития творческого мышления. Статья
посвящена ключевым проблемам критического и творческого мышления, которые обобщает в своих работах Дэвид
Клустер. Рассмотрены многие мнения и высказывания педагогов и психологов о развитии творчества в современном
образовательном пространстве.Также рассматриваются проблемы личности в современном мире, который должен
выработать навыки и умения для того, чтобы уметь изменить самого себя путем творческого подхода ко всему, что
его окружает, и, в первую очередь, к самому себе.
Ключевые слова: творческое мышление, критическое мышление, творческая деятельность.
Theoretical basis and reasons for the development of creative thinking.
This article discusses the problems of development and theoretical foundations of creative thinking. The article is devoted to
the key issues of critical and creative thinking, which summarizes in his work by David Klooster. We consider many of the views
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
98
and opinions of educational psychologists on creativity development in modern educational space.It also discusses the problem
of man in the modern world, which is to develop the skills and abilities to be able to change itself through a creative approach to
everything that surrounds it, and, above all, to himself. On the creative beginning and approach in education.
Keywords: creative thinking, critical thinking, creative activity.
Редакцияға 22.01.2016 қабылданды.
ӘОЖ 378. 147: 811. 512. 122(574)
Р.Н. БЕГАЛИЕВА
пед.ғ.к., Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы,
Шымкент, Қазақстан
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Мақалада сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқытудың тиімділігі, мазмұны қарастырылады. Сын
тұрғысынан ойлауға үйретудің басты шарттары мен құрылымдық формуласы да беріледі. Сын тұрғысынан ойлау
технологиясының оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын
тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздеуге, қиындықты жеңуге үйретудегі маңыздылығы
түсіндіріледі.
Түйін сөздер: сын тұрғысынан ойлау, өз пікірін ашық білдіру, тез арада дұрыс шешім қабылдау, жаңа қарым-
қатынас, білім сапасын жақсарту.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Қазіргі мектептердің, біріншіден, практикалық
қызметінде жинақталған барлық игіліктердің сақталуы; екіншіден, қоғамның интеллектуалдық қуатын
жетілдіру, еліміздің материалдық-қаржылық ресурстарын әрі қарай дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім
жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары,
әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық
жаңа практика, жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет», – деп атап көрсетілуі мектептегі оқу-тәрбие үдерісіне
жаңа бағыт сілтейді [1].
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап
отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге
толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты рөл атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі
туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай
оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра
отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық.
Солардың бірі – «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы». Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде 1973 жылдан,
Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT
жобасы 29 мемлекетте қолданылады. Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз
Темпл, Джон Дьюи, Мередит [2]. «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы» RWCT
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің
бірлескен еңбегі. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Ж.Пиаже,
Л.С.Выготский, Эльконин, Давыдовтардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып,
біріктірілген.
Сын тұрғысынан ойлау – оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға,
бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге
баулиды [3]. Мектеп жасындағы балалардың ойлауын зерттеу нәтижелері олардың меңгерген теориялық
жалпылауларының маңызды рөлін көрсетті. Дамыта оқыту технологиясының негізін қалаған ғалым В.В.
Давыдов былай деп жазады: «В настоящее время можно считать установленным, что при определенном
содержании и методах обучения уже у младших школьников обнаруживаются такие познавательные
возможности, которые позволяют детям успешно усваивать математические и лингвистические знания
теоретического характера. Это в свою очередь закладывает у них фундамент теоретического мышления,
№ 3 (112) 2016
99
теоретического отношения к действительности» [4]. Ал теориялық ойлау ақыл-ой әрекетінің өз еркімен өзін
реттеуіне жағдай жасайды. Атақты ғалым Л.С. Выготский: өзінің психологиялық үрдістерін түсіну және
игеру «ғылыми ұғымдардың есігі арқылы келеді» деген еді [5]. Ойлау үрдістерін өз бетімен ұйымдастыру ең
алдымен бірлескен оқу әрекетінде пайда болады. Оқушы әрекеттің мақсаттары, құралдары мен шарттарының
арасындағы қатынасты біртіндеп түсіне бастайды. Қазіргі кезде балада ойлаудың ерекшеліктерін жоғары
қарқынмен мақсатты қалыптастыру мүмкін екені дәлелденіп отыр.
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;
6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал оқушылардан осыған байланысты:
– сенімділікпен жұмыс жасау;
– бар ынтасымен оқуға берілу;
– пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
– өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
Тек сонда ғана олар:
– мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
– осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?
– осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?
– маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау – өзіндік ойлау. Сын тұрғысынан ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін
проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Сын тұрғысынан
ойлау – әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Мақсаты – барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға
сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету. Бұл
бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде,
балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін
бірден – бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде,
оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа деген де көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды.
Сын тұрғысынан ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады [6]:
I.Қызығушылығын ояту («көпір жасау», ой қозғау) – Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға
қызығушылықтың оянуы. Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға
жағдай жасайды. Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып,
аршылады. Сабаққа белсенділігі, ынта – жігері артады. Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады.
Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді.Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім
алуға көмектеседі.
ІІ.Мағынаны таныту (мағынаны ажырату) – Реализация – оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.
Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең, сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді.
III. Ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім құрастырылады)- Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау,
жаңа білімді бекіту. Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой
елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады. Өзіне
және сыныптастарына сын көзбен қарайды. Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.
Қорыта айтқанда, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытып, проблемалық мәселелерді
өздігінен шеше алу, тілдік дағдыларды жетілдіру – тек ұстаз ғана емес, оқушыға, қоғам мүшелеріне қойылған
міндет. Ұстаз еңбегінде осы міндеттің дұрыс шешім табуы – оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін күнделікті сабақ
барысында жүйелі түрде қолдану, тапсырмаларды түрлендіре отырып, шығармашылықпен жұмыс жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |