Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет20/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102

Толық отбасылар:

Толық емес отбасы:

1 баласы бар

Ері мен әйелі

2 балалары бар (бір жынысты)

Жалғыз анасы

2 балалары бар (екі жынысты)

Ата-анасы ажырасқан

3 баласы және одан көп

Жалғыз әкесі тәрбиелейді

Көп балалы (4 балалы және одан көп)

Қамқоршысы тәрбиелейді

Отбасының үлкен адамдарымен бірге тұратын отбасылар 

(әжесі, атасы және т.б.)

Өгей балалар

Асырап алған балалары бар


№ 3 (112) 2016

107


2. Материалдық қамтамасыз ету бойынша:

- материалдық жағдайы өте жоғары;

- материалдық жағдайы жоғары;

- орташа материалдық қамтамасыз етілген;

- материалдық жағдайы төмен;

- материалдық көмекке өте зәру отбасы.



3. Тәрбиелік мүмкіндігі бойынша отбасылар:

- әлеуметтік сау, яғни тәрбиелік мүмкіндігі жоғары, әрі қолайлы; 

- әлеуметсізденген, яғни тәрбиесі тұрақсыз; қолайсыз;

- тәрбиесі әлсіз, яғни дау-дамайлы отбасы; агрессивті-негативті атмосфера жайлаған отбасы; маргиналдық 

(алкогольді, ішімдікке, нашақорлыққа салынған, жыныстық азғындаған) отбасы; құқық-бұзушылыққа бейім 

отбасы; қылмыстық отбасы;

- психикалық ауыр, яғни қиын отбасы.

4. Өзара қарым-қатынас бойынша:

- үйлесімді;

- ымырашыл (компромистік);

- тұрақсыз;

- кикілжіңді;

- өте кикілжіңді;

- тұтынушы.

5. Бағытталуы бойынша:

- іс-әрекетке;

- қарым- қатынасқа;

- өзін-өзі қанағаттандыруға (эгоистік) бағытталған отбасылар.



6. Әлеуметтік – құқықтық бағытталуы бойынша:

- әлеуметтік тұрақты;

- әлеуметтік тұрақсыз;

- әлеуметсізденген;

- криминогенді [5. 55-56].

Қазақ этнопедагогикасында отбасында баланы тәрбиелеудің негізгі қағидалары болған:

1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқой, арлы, өміршең азамат болуын тілеу. Жас нәрестенің дүниеге келуі 

ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшілікке зор қуаныш әкелуімен бірге, борыш та жүктей келеді. Дәлірек айтсақ 

ұрпақты тәрбиелейтін халық мектебінің есігі сәбидің алғаш дүниеге келген күнінен бастап айқара ашылады. 

Ол белгілі мақсат-тілекпен байланысты туындайды.

Отбасы үлкендерінің бәрі жаңа туған жас баланы Отанның, елдің асыл азаматы болуын аңсап армандайды. 

Өнегелі  үлкендерге  ұқсасын  деп,  дарынды,  өнерлі,  ақылды  ақсақалдарға  баланың  аузына  түкіртіп,  азан 

шақыртып,  атын  қойғызады.  «Ақылын,  жасын  берсін»  деп,  жаңа  туған  нәрестені  қарияның  шапанының 

етегіне  орайды.  Ұрпағы  өскен  қадірлі  анаға  кіндігін  кестіреді,  бесікке  салдырады,  қырқынан  шығарту 

ырымдарын  жасатады,  тұсауын  кескізеді.  Үлкендерден  бата  алғызады.  Халықтың  балаға  арналған  ырым, 

бата-тілектеріңде келешектен күткен үлкен үміт, аңсау арман бар. Тәрбиенің алғашқы қағидасы ата-ананың 

аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үңдесіп жатыр.

2. Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Ол бесік жырлары мен тұсау кесер 

жырларынан, бата, тілек, терме өлеңдерден өзекті орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сіңіру 

отбасындағы еңбектің қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан. 

3. Халық педагогикасында «бірінші байлық — денсаулық» деген ұғым өзекті орын алған. «Дені саудың 

жаны сау», «Ас адамның арқауы», «Ауру астан» деп рухани, материалдық байлықтың негізін жеке бастың, 

яғни  тәннің  саулығына  байланысты  қарастырған.  Баланы  туған  күнінен  бастап  тұзды  сумен  шомылдыру, 

маймен сылау, дене күтіміне ерекше мән беріп шынықтыру, мерзімінде жақсы ас беріп тамақтандыру мен 

ұйықтатудың бәрі тән саулығы үшін жасалған әрекеттер.

4.  Халық  педагогикасында  адамгершілік  қасиеттерді  баланың  бойына  дарыту,  ізгілікке,  имандылыққа, 

адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген. «Жаным - арымның садағасы» 

деп, арды адамгершілік қасиетінің үлгісі санаған.

5.  Гуманизм  мен  патриотизм  -  халықтық  тәрбиенің  басты  қағидаларының  бірі.  «Отан  от  басынан 

басталады» деп ұққан ата-бабамыз отбасының, ананың, рудың, Отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, 

кемтарларға көмектесуді, басқа ұлт өкілдерін сыйлауды отбасы тәрбиесінің өзекті қағидасы деп бағалаған. 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

108


«Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы - көпке ортақ», «Ел үшін еңбек ет, халқын сүйген қор 

болмайды» деген өсиет тәрбиеден өзекті орын алған.

6.  Елді,  жерді  қорғайтын,  еңбек  ететін  азамат  болу  үшін  денені  шынықтыру  қажет.  Этнопедагогикада 

«Шынықсаң шымыр боласың» деп ой қорытқан ата-бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету (аударыс, 

күрес, теңге алу, қыз қуу т.б.) арқылы дене тәрбиесіне баса көңіл белген.

7. Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп түсінген халқымыз жастарға «Өнерлі 

өлмейді», «Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады», «Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра» 

дегенді насихаттап, ертегі, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.

8. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғаңдықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен жер 

бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға тәрбиелеп келген. Ол туралы жан-жақты жетілген «толық адам» 

тәрбиелеуді көздеуден туған. 

Өсіп  келе  жатқан  балаларға  тәрбие  беру  үдерісінде  этнопедагогикалық  ықпал  етудің  толып  жатқан 

әдіс-тәсілдері,  амал-жолдары  қолданды.  Балаларға  қайырымды,  ілтипатты  қатынас  жасау,  баланың  адал, 

адамгершілік сезімдерін ояту, жанама ықпал жасау, моральдық қолдау, өзіне деген сенімін нығайту, сенім 

артуға түсіндіру, көрсету, ақыл айту, өнеге беру, өтініш жасау, жаттықтыру, мақтау, мадақтау, тұспалдап айту, 

ескерту, реніш, наразылық білдіру немесе ашулану, айыптау, бұйыру, еркелете кінә арту, жалған енжарлық 

көрсету, алғыс айту, сбата беру, т.б.

Ал  этнопедагогикадағы  тәрбие  құралдарына  санамақ,  жаңылтпаш,  өлең-жыр,  тақпақ,  ертегі-аңыздар, 

жұмбақтар, айтыстар, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, салттар, ырымдар, жол-жоралар, ұлттық ойындар, 

әңгіме кештер, айтыстар, т.б. жатқызуға болады [6].

Әсіресе, балаларды отбасылық өмірге даярлауда мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің алатын орны ерекше  

болған. Мақал – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі. Отабасындағы бала 

тәрбиесіне байланысты қазақ халқында көптеген мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер мен нақыл сөздер жетерлік. 

Мәселен: 

1. Қызға қырық үйден тыйым, 

Ұлға отыз үйден тыйым,

Қала барді қара күңнен тыйым.

2. Жаманды алғанда оңбас, 

Бергенде оңбас. 

Тесік моншақ жылтырап, 

Жерде қалмас.

3. Бақ қонатын адамның,

Қызы – көрікті, ұлы – ақылды болады.

4. Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол. 

Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол.

5. Қызым саған айтамын, 

Келінім сен тыңда.

6. Ақылды он баладан, 

Мейірімді бір бала артық. 

7. Мейірімділікті бала – анадан үйренеді.

Бұдан  шығатын  қорытынды,  ақылдылықтан  гөрі  мейірімділік  қасиет  жоғары  бағаланады,  ал  баланы 

мейірімді етіп өсіру үшін, болашақ ана болатын қыздардың бойында осы қасиет болуы шарт. 

Ал  Жүсіп  Баласағұн  бала  тәрбиесіне  байланысты  ата-аналарға  берген  ақыл-кеңестері  де  бізге  үлгі 

боларлықтай. Мәселен, ғұлама ойшыл ата-ананың басты парызы:

- баланың дұрыс тәрбиеленуі мен білім алуына көңіл бөлу;

- балаға шаңырақ иесі, бабалар ісін жалғастырушы екендігін ұғындыру;

-  баланы  аруақтарды  ардақтауға,  ата-баба  дәстүрін  сақтауға,  құрметтеуге,  ұрпақтан  ұрпаққа  көздің 

қарашығындай жеткізе білуге баулу;

- балаға өзінің мінез-құлық этикасымен үлгі болу;

- балаға әділетті, қайырымды болу;

- өзінен туған балаға тәрбиені өзі беруі («Ай маңдайлы ұл-қыз туса алдыңда, үйіңде өсір, бөтен жерде 

қалдырма»);

- баланы жас кезінен өнерге үйрету, еңбекке араластыру;

- баланы тәрбиелеп, оқыту барысында мінезін қалыптастыруға көңіл бөлу;

- баланың тәні мен жанының жақсы жетілуіне назар аудару;


№ 3 (112) 2016

109


-  балаға өмірдің әрбір сағаты санаулы екенін, сол себепті оны дұрыс өткізу қажеттігін ескерту («Кешкен 

тірлік өте зая берер келгісіз, қалған өмір қанша екені белгісіз. Қалған күнді текке зая кетірме, елімді ғибадат 

қып бекін де»), т.б [4].

Осы  ғұламалар,  ағартушылар  мен  ғалымдардың  зерттеуіне  үңілсек,  қазақ  халқы  отбасындағы  бала 

тәрбиесінде келесідей адамгершілік тәрбиесінің бағыттарын ұсынады: 

Ең алдымен әдептілікке үйреткен, мейірімді, иман жүзді, әрі адамгершілігі мол болуға тәрбиелеген.

Екіншіден тіл алғыш, елгезек болуға үйреткен. 

Үшіншіден, өнегесі көп қариялар сөзін бойына сіңірген. 

Төртіншіден, ата-ананы сыйлауды, құрметтеуді үйреткен. 

Бесіншіден, патриотизмге тәрбиелеген, яғни халық алдында адал қызмет етуге үйреткен.

Жоғарыда көрсетілген бағыттар отбасындағы қарым-қатынасты адамгершілік тұрғыда реттеуге баулиды. 

Қорытындылай келе, бүгінгі студент, ертеңгі отбасының егесі, оларды отбасылық құндылықтардың қыр-

сырымен таныстыруымыз қажет. Ол үшін келесідей іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілсе:

1. «Этнопедагогика» пәні міндетті пән ретінде ЖОО-ның оқыту үдерісіне енгізілсе.

2.  «Отбасылық  тәрбие»  атты  элективті  курс  ЖОО  енгізілсе,  ол  арқылы  студенттеріміз  отбасын  құру, 

өздерінің  мінез-құлық,  дағдыларын  жұбайлық  өмірге  дайындау,  келіннің  атқаратын  міндеттерін  білу,  ана 

болуға дайындалу, отбасы мүшелерімен, туған-туыспен қарым-қатынасқа түсе білу, оларды сыйлау, әртүрлі 

қиыншылықтардан шығу жолдарын білу т.б көптеген мәліметтерді меңгерер еді.

3. Бұқара ақпарат құралдары мен ғаламторлардан берілетін ақпараттарды қатаң бақылаудан өткізу қажет. 

Себебі жастар кез келген жағымсыз ақпаратты бір көргенде таңдана, әрі үреймен қабылдаса, кейіннен мұндай 

ақпаратқа көзі, аз уақыттан кейін бойы үйреніп, бұл жағымсыз қасиеттерді бойына сіңіргенін өзі де байқамай 

қалады.


4. Ұлттық болмысымызды насихаттайтын бағдарламалар телеарналардан көп берілсе.

5. Өсіп келе жатқан жастарға үлгі болатындай, қазақ халқының мерейін көтеріп жүрген отбасылар туралы 

бұқара ақпарат құралдарынан көп таратылса.

6.  Біздің  халқымыз  өте  еліктегіш,  сондықтан  киім  киюде  де  шетелдік  киім  үлгілеріне  еліктеп  «ашық 

киінген сайын өздерін сәнді болып көрінемін» дегендей теріс пікір қалыптасады. Бұл жағдай орын алмас 

үшін,  ұлттық  нақышта  тігілген  киім  үлгілерін  бұқара  ақпарат  құралдары  арқылы  жүйелі  түрде  жариялап 

отырса.

7. Білім беру орындарында ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін іс-шаралар жиі ұйымдастырылып, 



өткізілсе.

8.  Қазақ  қыздарын  (жалпы  білім  беретін  орта  мектептердегі  қазақ  сыныптарына  оқуға  берсе),  себебі 

ана  тілінде  білім  ала  отырып,  бойына  халқымызға  тән  қасиеттерді  (имандылықты,  мейірімділікті,  т.б) 

қалыптастыра аламыз.

9. Студенттердің тәрбиесі өрескел болса, онда оның мінез-құлқына орай тыйым сөздер айтып, ескертулер 

айтып отырған жөн. 



Әдебиеттер

1 Халитова І. Әлеуметтік педагогика: Оқу құралы. - Алматы: Білім, 2007. - 200 б. 

2 Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 

2011. 


3 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050»  стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Лекция курсы. – 

Тараз, 2012. – 34 б.

4 Ботабаева Ә.Е., Ботабаев Н.Е. Этнопедагогика. Оқу-әдістемелік құрал. – Тараз, 2015. – 172 б.

5 Шептенко П.А., Воронина Г.А. Методика и технология работы социального педагога. – Москва: Академия, 2001. – 

208 с.

6 Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. - Алматы:  Білім, 2003.



References

1 Halitova I. Aleumettіk Pedagogy: Ou kuraly. - Almaty: Bilim, 2007. -200 b.

2 Kazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar, ugymdar men ataularynyn dastүrlі guyesі. Encyclopedia. - Almaty: DPS, 2011.

3 Nazarbayev N.Ә. «Kazakhstan - 2050» strategiyasy kalyptashan memlekettіn gana sayasi bagyty. Lecsia cursy. - Taraz, 

2012. - 34 b.

4 Ә.E.Botabaeva, N.E.Botabaev. Etnopedagogica. Oku-adіstemelіk kural. - Taraz, 2015. - 172 b.

5 Sheptenko P.A., Voronina G.A. Metodika i tehnologia raboty socialnogo pedagoga. - Moskva: Academia, 2001. - 208 s.

6 S.Kaliuly. Kazakh etnopedagogikasynyn teoriyalyk negіzderі men tarihy. - Almaty: Bilim, 2003.



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

110


Ботабаева Адеми Еркебаевна. Значимость семейных этнопедагогических ценностей. 

В  статье  говорится  о  необходимых  в  жизни  человека  функциях  семейного  воспитания  (репродуктивной, 

воспитательной, хозяйственно-экономической, социализации, психотерапевтической). В настоящее время происходит 

изменения семейных ценностей, главная причина которой утрата традиций казахской этнопедагогики. В этой связи 

показана и обоснована систематизированная профилактика мероприятий.

Ключевые  слова:  семья,  семейные  ценности,  этнопедагогика,  родитель,  мальчик,  девочка,  ребенок,  воспитание, 

воспитание, нравственность,доброта.

Botabaeva Ademi Erkebaevna. The Importance of Family’s Ethnopedagogical Values.

The article talked about the need in human life functions of family education (reproductive, educational, economic, economy, 

socialization, psychotherapy).

 Presently there is a change in family values, the main reason that the loss of traditions of Kazakh ethnopedagogics. In this 

connection, it is shown and proved systematic prevention activities.

Key words: family, domestic values, ethnopedagogics, parent, boy, girl, child, education, education, morality, kindness.

Редакцияға 18.02.2016 қабылданды.

ӘОЖ 37.013.42

Ә.Е. БОТАБАЕВА

1

, Н.А. ҚАЛЖАН



пед.ғ.к.

1

, магистрант

2

 Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫН ОҚЫТУ 

ҮДЕРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ  

Мақалада Алаш қайраткерлерінің халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, оқу-ағарту ісін жандандыруға, 

қазақ тілінің мәртебесін көтеру мен жастарға ұлттық тәрбие беру бағытында жазылған әлеуметтік-педагогикалық 

мұралары қарастырылады. Алаш қайраткерлерін зерттеп жүрген педагог-ғалымдардың еңбектерін оқыту үдерісіне 

ендірудің маңыздылығы туралы айтылады .Жұмабаев пен А.Байтұрсыновтың әлеуметтік-педагогикалық еңбектеріне 

шолу жасалды. 

Түйін  сөздер:  Алаш  қайраткерлері,  әлеуметтік-педагогикалық  мұралар,  оқыту  үдерісі,  әлеуметтену,  ұлттық, 

педагогика, халықтық тәрбие.

Қазіргі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшеліктерімізді 

айқындайтын  рухани  мәдениетінімізді  жетілдіру  қажеттілігі  туындап  отыр.  Тәуелсіздік  жолына  түсіп, 

өркениетті отыз елдің қатарына қосылу мақсатын жүзеге асыруға кіріскен Қазақстан елі үшін халқымыздың 

ұлттық  сана-сезімі  мен  ұлттың  дүниетанымын  қалыптастыру  бүгінгі  таңда  аса  маңызды  міндеттердің 

бірі.  Сондықтан  елімізде  жасалып  жатқан  шаралардың  барлығы  жастарға  жалпы  адамзаттық  және  жеке 

ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге септігін тигізуде. 

Қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындап, рухани 

мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Бұл туралы «Мәдени мұра» бағдарламасында нақтыланып 

айтылған: «...дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты зерделеудің тұтастай жүйесін құру шеңберінде қазақ халқының 

тарихымен, материалдық және рухани мәдениетімен байланысты негізгі ғылыми проблемаларды зерттеу және 

танымал ету» [1]. Ұлттық-мәдени және әлеуметтік-педагогикалық мұраларымыздың қалыптасуына өз үлесін 

қосқан тұғалар - Алаш қайраткерлері болды. Олардың мұраларындағы ең негізгі мәселелер – халқымыздың 

әлеуметтік жағдайын жақсарту, оқу-ағарту ісін жандандыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қазақ алфавитін 

жасау, жастарға ұлттық тәрбие беру т.б.

Әр  тарихи  кезең  өз  ұландарын  тудырады.  Қоғамның  заңы  бойынша,  уақыттың  талап  етуі  бойында 

қабілеті бар жастардың өмір сахнасына шығуына негіз қалайды. XX ғасырдың басында жарқырап көрінген 

қазақ  халқының  кемеңгер  ұлдары,  яғни  Алаш  қайраткерлері  -  Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов, 

М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, Ә.Ермеков, Ж.Ақбаев, Абылаев 

А., М.Шоқай, Т.Рысқұлов., Арғыншиев С., Арғыншиев Н., Арыстанов Ө., т.б.

Қазіргі  уақытта  Алаш  қайраткерлері  туралы  әр  саладағы  Қазақстанның  көрнекті  ғалым-педагогтар 


№ 3 (112) 2016

111


Е.Сыдықов, Д.Қамзабекұлы, Қ.Сақ., Сайлаубек Е.Е., Т.Ә.Әлсатов, С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, Иманбекова Б.И., 

Қыдыршаев А., Сыздық Р., Айтбайұлы Ө., Камаева С., Әбдіманапов Ө., Ыбыраимжанов Қ.Т., Әбдіқaдыровa 

Т.Р.,  Ж.Сүлейменов  ,  Сеңкібаев  С.Т.,  Қанарбаев  Б.,  Байменова  Б.С.,  Асаубаева  А.К.,  Әбдіқадірова  Т.Р., 

Жұбаниязов  С.,  А.  Кодар,  Ұзақбаева  С.А.  тағы  басқа  тұлғалардың  ғылыми  зерттеулері  мен  жекелеген 

мақалаларында зерттелген.  

Дихан Қамзабекұлы Алаш қайраткерлері туралы ғылыми зерттеуінде «Алаш» ұғымына анықтама береді. 

Алаш ұғымы - қазақ халқының байырғы сөзі. Мағынасы - елдік, тұтастық, бірлік, айбарлық деген бірнеше 

ұғымдарды жинақтайды. Қазақ ішінде «алаш алаш болып, Алаша хан болғанда», «алты алаш», «алты сан 

алаш», «алаш мыңы» секілді тұрақты тіркестер ежелден айтылады. Сондайақ «Керегеміз - ағаш, ұранымыз – 

Алаш» деген нақыл - ұстаным да бар. Бұдан шығатын қорытынды, алаш – қазақ ұлтының өте бір аяулы сөзі. 

Мұны қазақ этнонимінің синонимі десек болады. Жалпы тілдік негізі тұрғысынан келсек, алаштың түбіріндегі 

«ал» - от, қызыл,  арай дегенді білдіретін ежелгі түркі сөзі. Мысалы, Алтай алау, алқызыл, албырт, аластау, 

албар,  аламан,  алөкпе,  алаң,  алқап  т.б.  сөздердің  арғы  түбі  «от»  ұғымына  (қуат,  күш,  жігер,  шапшандық, 

қызбалық, тегеурін, зор деген мағынадағы) барып тіреледі. Отандық зерттеушілер ішінде Шоқан Уәлиханнан 

бастап Алаш ұғымын зерделегенін байқаймыз. Ол қазақ пен алаш ұғымдарын  қатар қоя отырып («начало 

народа казахов или алач...») былай деп жазады: «У киргиз разные роды имеют свою тамгу и уран. Уран у всех 

киргиз есть алач». Бұдан Алаштың – елдік-мемлекеттік рәмізге айналған ұғым екені көрінеді. ХХ ғасырдың 

басында Ә. Бөкейхан бастаған ұлт қайраткерлері Алаш қозғалысы кезеңінде Алаш идеясы - қазақтың ұлттық 

идеясының темірқазығы болды. Зиялылардың Алаш атауын тандауы да жайдан-жай емес еді. «Керегеміз –

ағаш, ұранымыз – Алаш». Кереге – мемлекет құрылысы, Алаш - идеология. Тоқтам осындай болатын. Алаш 

– жаңа түрдегі елдігіміздің, байырғы айбарымыздың рәмізі еді [2]. Сонымен бірге, Алаш қайраткерлерінің 

жүзден астам өкілдерінің тізімін жасап, олардың қалдырған мұраларына тоқталып өткен. 

Педагог ғалымдардың зерттеуі бойынша Алаш қайраткерлері өмір сүрген аймақтарына байланысты батыс 

және шығыс болып бөлінген, олардың тізімі (Сурет 1-де) төменде берілген. Алаш қайраткерлерінің негізгі 

еңбектері халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. 

Әлеуметтену  дегеніміз  тұлғаны  қоғамда  өмір  сүруге  бейімдеп,  даярлау  деген  мағынаны  білдіреді. 

Әлеуметтендірудің әлеуметтік - педагогикалық тетіктері мыналар:

̶    әдеттегі  дәстүрлі  тетіктер    ̶    адамның  отбасында,  жақын  ортасында  жалпы  жүріс-тұрыс  ережелерін, 

қоғамдағы белгілі бір орныққан көзқарасын, әдет және әдеп нормаларын қалыптастыруда. Олар өмір бойы 

сақталып, қанға сіңіп қалған ұлттық түсініктер, қарым-қатынас ережелері болып батылады.

̶  әлеуметтік-институттық тетіктер  ̶  арнайы тәрбиелеу оұыту үшін ұйымдастырылған мекемелерде және 

өндіріс еңбек ұйымдарында, шеберханаларда бұқаралық ақпарат адамдарды қалыптатырып дамытады.

̶    белгілі  бір  стильдегі  әлеуметтік  тетіктер    ̶    белгілі  ұйымдарда,  субмәдениеттерде,  шағын  топтарда 

қалыптасқан ақыл-ой, көзқарас, жүріс-тұрыс.

̶  тұлғалар арасындағы байланыс тетіктері  ̶  ата-ана, бір туған әпке, сіңлі, қарындас, аға, іні, туысқандар, 

жолдастар, ересек адамдар арасындағы қарым-қатынас пен байланыс [3].  

Алаш қайраткерлерінің тұрғылықты 

аймақтары бойынша жіктелуі

 

 

Сурет 1. Алаш қайраткерлерінің тұрғылықты аймақтары бойынша жіктелуі



Батыс:

Абылаев Айтқали

Әлниязұлы Тобанияз

Әлібеков Әлиасқар

Әлібеков Ғұбайдолла

Байтақов Бақытжан

Байтанов Ералыжан

Бейсенов Бақтығали

Бекмұхамедов 

Шафқат Мұхамеджанұлы

Бекімов Молданияз, т.б.

Шығыс:

Әлихан Бөкейханов,

Жақып Ақбаев, 

Отыншы Әлжанов,

Ережеп Итбаев

Биахмет Сарсенов

И. Тарабаев

Б. Сәрсенов

Р. Мәрсеков

Ә. Молдабаев

И. Әлімбеков, т.б.


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

112


Алаш қайраткерлернің әлеуметтендіру бағытында жасаған қызметі бойынша келесідей бағыттарға жіктеп 

көрсетуге болады: 

1. Саяси қоғамдық қызметі бойынша: Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамедов, Тұрар 

Рысқұлов, Міржақып Дулат, Уалитхан Танашев, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Смағұл Садуақасов, 

Имам Әлібеков, Досмұхамедов Жаһанша т.б.

2. Оқу-ағарту қызметі бойынша: Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Жүсіпбек 

Аймауытов, Отыншы Әлжанов, Байтақов Бақытжан, Халел Досмұхамедов т.б.

3.  Денсаулық  сақтау  қызметі  бойынша:    Халел  Досмұхамедов,  Сатылған  Сабатаев,  Иса  Қашқынбаев, 

Нүсіпбек Жақыпбаев, Есенғали Қасаболатов, Досжанова Аққағаз, Бердиев Ғұбайдолла, Бірімжанов Ғазымбек, 

Есенқұлов Ғұмар, Жанқадамов Бижанғали, Күсепқалиев Даулетше т.б.

4. Мәдениет-өнер саласы бойынша: Жантілеуов Шайхы, Бекінов Молданияз, Бөкеев Шәңгерей, Мағжан 

Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулат, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Бейімбет 

Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин т.б.

Осы  жоғарыда  есімі  аталған  Алаш  қайраткерлері–  Мағжан  Жұмабае  пен  Ахмет  Байтұрсыновтардың 

артындағы ұрпаққа қалдырған әлеуметтік-педагогикалық мұраларына тоқталып өтейік. 

Мағжан қазақ мектебіндегі бала тәрбиесі мен білім беру ісін  ғылыми  жолға қою үшін мұғалім даярлау 

ісіне белсене араласып, мұғалімдерге арналған «Педагогика» және басқа да оқулықтар мен оқу-әдістемелік 

құралдарын  жазды.  М.Жұмабаевтың      әдістемелік  бағытта      жазған  еңбегінің  бірі  «Сауатты  бол»  кітабы. 

Кітап,  1926  кейіннен  1929  жылы  50  мың  дана  болып,  Мәскеуде  басып  шығарылған.  Оқулық  негізінен 

ересектерге арналып жазылған болса да, сол кездегі қазақ мектептері үшін таптырмайтын оқу құралы еді. 

Елдегі сауатсыздықты жою науқанына белсене араласқан Мағжан Жұмабаев қазақ еңбекшілерін оқуға, сауат 

ашуға шақырады. Сондықтан да, ол оқулықты қарапайым тілмен, суреттермен әр түрлі сызбаларды қолдана 

отырып жазған. Өзінің айтуы бойынша ол «оңайдан қиынға қарай үйрету» әдісін қолданған.

Шынында, жақсы оқулық оқушының сабаққа деген қызығушылығын тудыра отырып, оны тәрбиелейді 

де.  Тәрбие  мәселесіне  байланысты  М.Жұмабаевтың  жазған  еңбегінің  бірі  «Бала  тәрбиелеу  жолдары»  [4]. 

Бұл әдістемелік еңбектің құндылығы - жасөспірім сәбиден бастап, ер жеткен бала мен бой жеткен қызды 

ұлттық  негізде  тәрбиелей  отырып,  ұлы  адамгершілік  қасиеттерді  бала  бойына  қалай  қалыптастыру  керек 

екендігін көрсетеді. Сонымен қатар бала тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата-ананың, отбасындағы тәрбиегеде 

байланысты. Осы орайда М.Жұмабаев баланың маңайындағы адамдардың да тәртіпті, тәрбиелі болуы, бала 

көзінше  жаман  сөз  айтпау,  сұлу  сезімдерді  көрсете  білуі  керектігін  ескертеді.  Бала  тәрбиелеудің  жолы  әр 

алуан  екендігін  көрсете  отырып,  М.Жұмабаев  халық  педагогикасының  құнды  жақтарын  алуды  қолдайды. 

Баланың  ойыны  -  тілінің  дамуы  үшін  пайдалы  құрал  екендігіне  назар  аударады.  Баланың  түзу,  сау,  ойлау 

қабілетінің жақсы дамуы үшін де оның күн тәртібіне, яғни таза ауада жүруі, ұйқысына, дене-шынықтыру, 

тамақ ішуіне ерекше көңіл бөліп, назар аударып отыру қажет екендігін айтады. Еңбек, ақыл-ой, эстетикалық, 

адамгершілік тағы басқа тәрбие түрлерін терең орынды қолдана білгенде ғана, ұлттың ұлдарын заманына 

сай тәрбиелеуге болатындығын М.Жұмабаев сол кездің өзінде-ақ, айтқан. Мағжанның «баланы заманына сай 

тәрбиелеу керек» - деген ойы бүгінгі күні де өзекті болып отыр.

Мағжан Жұмабаевтың ұлттық мектепті құру, оны қалыптастыру туралы жазған еңбегінің бірі «Жазылашақ 

оқу  құралы  һәм  мектебіміз»  [5].  Ұлы  ұстаздың  ұлт  тағдырына  немқұрайлы  қарай  алмағандығын  осы  бір 

еңбектен анық көруге болады. Ол жөнінде «Бір елдің тағдыры мектебінің кұрылысына байланысты. Қазақтың 

тағдыры,  келешекте  ел  болуына  мектебінің  қандай  негізге  құрылуына  барып  тіреледі.  Мектебімізді  қазақ 

жанына қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» - дейді 

М.Жұмабаев. М.Жұмабаев болашақ мектеп қандай болу керектігін сөз етіп, қазақ мектебі ең алдымен таза 

қазақ тілінде жұмыс істей отырып, оқушыларға жан-жақты білім негіздерін бере алатындай болу керектігін 

қолдайды. Пәндерді оқытуда ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын пайдаланумен бірге тіл, әдебиет, 

мәдениет ұлттық тәлім-тәрбие мәселелерін кейінге қалдырмау туралы ойларын білдіреді. М.Жұмабаевтың 

әдістемелік бағытта жазған еңбегінің бірі «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы» [6]. Оның бұл еңбегі 

1923 ж. Ташкентте жарық көрген. Мұнда ол сол кездегі тарихи жағдайдан туатын міндеттерге негізделген: 

1. Бастауыш мектептің міндеті. 

2. Еңбек мектебінің міндеті. 

3. Төрт жылдық (бастауыш мектептегі ана тілі және ана тілі сабағының сабақтан тыс түрлеріне тоқталады).

Оқулықтың  басты  мақсаты,  бастауыш  мектепте  ана  тілін  оқытудың  әдіс-тәсілін  мұғалімдерге  ұсына 

отырып, ана тілін мектепте, қоғамда мәртебесін жоғары көтеру керек екендігін меңзейді. Оқулық «Мектебіміз» 

деген сөзбен басталады. Мұнда да Мағжан Жұмабаев сол кездегі қазақ мектебінің тағдырын сөз етеді. Осы 

төңірегінде сөз қозғамай, ол сол замандағы тарихи жағдайдан туатын міндеттерді анықтайды.


№ 3 (112) 2016

113


«Нағыз  ғалым  белгілі  бір  жүйемен  ойлайды.  Мағжанның  зерттеушілік  өнеріне  тән  нәрсе-қолға  алған 

тақырыбының тарихи, әрі теориялық бүге-шүгесін барынша терең білетіндігінде. Бұған оның құдай берген 

кемеңгер алғыр ойын, ұшқыр қиялы мен сезімін қосыңыз» [65]. Осы бір еңбектің өзінен ғана Мағжанның 

қазақ  тілінің  жетік,  үлкен  әдіскер,әрі  лингвистика  саласын  терең  білетіндігін  байқауға  болады.  Мағжан 

ана  тілін  бастауыш,  яғни  1  сыныптан  дұрыс  оқыту  керектігі  туралы  сөз  қозғаған.  Тек  жалаң  сөз  арқылы 

емес, әр алуан қосымша әдіс-тәсілдерді төменгі сыныптарда кеңінен қолдану қажеттілігін көрсете отырып, 

сынып сайын қажетті материалдарды сұрыптау ұстанымдарына да мән берген. Ол төрт жылдық бастауыш 

мектепте  ана  тілін  окытуды  жүйелеп,  сыныпта  қалай,  қай  дәрежеде  оқыту  керектігін  көрсеткен.  Бірінші 

жылы баланың тілін дұрыс сөйлеуге, өз ойын айтуға дағдыландыру, «қысылмай сөзбен жарыққа шығаруды» 

айтады. Сондай-ақ, жаттаған өлең, сөз, көрген дүниелерін сурет етіп салып, оны сипаттап жазуға үйрету, 

сахнада ертегі, әңгімелерді жатқа айтып беру керектігін жазады. Екінші жылы, оқушының тілін «өркендете» 

отырып, оның сурет бойынша, оқыған әңгімелерінен «даяр әңгіме» құрып, айтып беру қажеттілігін көрсетеді. 

Үшінші, төртінші жылдары оқушы тілінің әсерлігіне, тазалығына көңіл аудара отырып, талаптарды күшейту, 

әдеби, мәдени тілді қалыптастыру үшін не істеп, не қою керектігін ұсынады. Сонымен қатар балаларға ана 

тілін үйретуде оқулықтың бала психологиясы мен жас ерекшеліктеріне сай жазылуының міндеті зор екендігін 

ескертеді. 

Тілдің ұлттық ерекшелігі, қолданыс мәнері ана тілі оқулықтары арқылы айқын көрініс берумен қатар, 

ол  оқушының  тілін  ұстартып,  ойын  ұштап,  ұлттық  сана-сезімін  қалыптастыруда  үлкен  тәрбиелік  қызмет 

атқарады деп қарайды. Сол замандағы мұғалімдер үшін бұл еңбек таптырмайтын әдістемелік құрал болды. 

Бұрынғы мектептегі білім беруді сынай отырып, қазір әсіресе бастауышта білімді қалай беріп, үйрету керек 

екендігі, оның ішінде ана тілін оқытудың әдістемесін Мағжан мұғалімдерге ұсынады. Оқушыны қалай оқыту 

керек деп айта отырып, Мағжан: «Оқушы жүрегіне, ең алдымен, нақты бейне, сурет орнату керек» -дейді. 

Мұндайда бала біреудің айтқанын сөзбе-сөз қайталап күйіс қайырып тұрмайды, тиісті сөзін өз жүрегінен 

суырып  сөйлейді»  [6].  Сонымен  қатар,  М.  Жұмабаев  барлық  бұрынғы  атауларға  қарсы  шықпайды.  Оның 

прогрессивтік жақтарын айта келе, бүгінгі жетістіктермен байланыстыру керек деген ой айтады. Мәселен, 

«Еңбек мектебінің» баланы өмірге бейімдеуде үлкен маңызын көрсетіп, оның пәнаралық және тұрмыспен 

байланысының маңыздылығы жөнінде: «Мектеп... бірін-біріне басқыш қылу үшін салынған» деген ой айтады.

Тілді дамытуда оқушылар жиналысының да рөлі зор екендігін Мағжан айта келе, «Балалардың жиылысы 

олардың тілін өркендетуге әдемі құрал»деп жиналыстың рөлін көрсетеді. Жалпы, балаға тіл үйретуді оның 

тілі енді шыға бастаған кезден бастап жүргізгенде, бала тілінің қоры бай болады. Ал, адамның тілі «қатайған» 

кезде психологиялық өзгерістер енгеннен кейін оған тіл үйрету қиын болатыны анық [7]. Сол себептен де 

оқушыға мемлекеттік тілді дұрыс үйрету үшін отбасы мен балабақшадан бастаған дұрыс, яғни тіл үйретуде 

мұғалімнің  де,  отбасының  да  үйлесімді  іс-әрекетінің  маңызы  зор.  Жалпы,  қазір  тіл  мәселесінде  айтылып 

жүрген ойлар өте көп. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» 

Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Егер әрбір 

қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер 

еді. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге 

қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен 

қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге 

деген  көзқарас,  шындап  келгенде,  елге  деген  көзқарас  екені  даусыз.  Сондықтан  оған  бей-жай  қарамайық. 

Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз 

елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз», - деп қазақ тілін бала жастан үйрену керектігін анықтап 

айтып отыр [8].

М.Жұмабаевтың  мұғалімдерге  арнап  жазған  «Педагогика»  оқулығының  орны  ерекше.  Мағжан 

«Педагогика» атты тұңғыш оқулығын жазуы арқылы жаңа туып келе жатқан халық педагогика ғылымының 

ірге  тасын  қалаушылардың  бірі  болды.  Себебі  ол  кезде  қазақта  ғылым  тілі  әлі  қалыптаспаған  болатын. 

Мағжан,  біріншіден,  халықтық  тәлім  ғылымына  тыңнан  жол  салумен  ерекшеленсе,  екіншіден,  халықтық 

тәлімді ғылыми педагогикамен ұштастыра білді, үшіншіден, ұлттық педагогика-психологияда ғылыми тілді 

алғашқы қалыптастырушылардың бірі болды. «Педагогика» оқулығында ол: «Шамам келгенше қазақ жанына 

қабыстыруға тырыстым. Алдыма бір кітапты қойып алып желе бергенім жоқ. Тәрбие ғалымдарының пікірлерін 

таңдап алуға ұмтылдым» - деп, өзінің ізденіс жолы мен бағытын анық көрсеткен [9]. «Педагогика» оқулығын 

автор орыс ғалымдарының еңбектерін ой елегінен өткізіп, қазақ халқының тұрмысына жақындатып, ұлттық 

ерекшелігіне байланыстырып жазған. 

М.Жұмабаев «Құлық» тәрбиесін айта келе, оның қоғам мүшелерінің адами қарым-қатынасы арқылы бала 

бойына даритынын пайымдайды. Сондай-ақ, баланың ананы сүюі, оған ізгілік тілеуі, туыстық сезімдерінің 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

114


дамуы, елін, жерін сүюі, ізгілікке ұмтылысы, адамгершілік көзқарасының қалыптасуы т.б. мәселелерін кең 

көлемде  қарастыра  келіп,  ізгілік  гумандылықтың  шарттарына  тоқталады.  М.Жұмабаев:  «Кімде-кім  өзін 

сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, қала берді адам баласын бауырым деп санаса, сол адамды ізгі деп 

атаймыз» - деп, интернационалистік сезімнің қалай, қайдан туатынын айқындап береді. Ол ұлтжандылық 

сезімі туған халқын сүюден тұрады дей келе: «Халқын сүйген адам «жарты жаңқасы» қалғанша халық үшін 

қызмет етуге тиісті. Өз елін сүю дегеннен - адам өз халқынан басқа халықтарды мейлінше жек көрсін, қасқыр 

болып тисін деген сөз шықпайды. Бұлай болса, жер жүзі қанға бөленіп, бұзықтық белең алып, жауыздық 

өрлейді... Адам өз халқының адамдарын сүюінің үстіне басқа халықтардың адамдарын да сүюге міндетті» 

-деп, патриотизм мен интернационализмнің бір-бірімен байланысты туындайтынын айқындап берген [9].

Мағжан дін туралы да сөз қозғаған: «Дін сезімдері күшті адам, яғни тәңірінің барлығына, құдіретіне сеніп, 

оның махаббатын алуға, қаһарына ұшырамауға ұмтылатын адам өмір бойы, ізгілікке ұмтылып, жауыздықтан 

безбек, - дейді [9]. Дін - адамды мейірімділікке тартып, жауыздықтан бездіруге тәрбиелемек. Мағжан діни 

сезімді  бала  тәрбиесі  тұрғысынан,  соған  қажетті  тәрбие  құралының  бірі  болғандықтан  ғана  қарастырып 

отырғаны байқалады.

Сонымен  қатар  ол  адам  жанының  жетілуін  қайрат  тәрбиесін  жоғары  бағалайды.  Баланың  қайратын 

тәрбиелеу жолдарына талдай келе, баланы жақсылықты көре білуге, оған жету тілегін туғызуға, сол тілекке 

ұмтылдыруға және сол жолға тартылып, іс-әрекет етуге баулуға тәрбиелеудің маңызына тоқталады [9]. Қайрат 

адам мінезін қалыптастырады деп атап өтеді. 

Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы  А.Байтұрсынов қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 

1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының 

негізіне  қазақтың  мәдени  дүниесінде  көп  ғасырлық  дәстүрі  бар,  өзге  түркі  халықтарды  да  пайдаланып 

отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, 

ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба 

қосады,  қазақ  тілінің  жуанды-жіңішкелі  үндестік  заңына  сай  жазуға  ыңғайлы  дәйекші  белгі  жасайды. 

Сөйтіп,  24  таңбадан  тұратын  өзі  «қазақ  жазуы»  деп,  өзгелер  «Байтұрсынов  жазуы»  деп  атаған  қазақтың 

ұлттық  графикасын  түзеді.  Одан  осы  жазуды  үйрететін  әліппе  жазады.  Сөйтіп,  оқу-ағарту  идеясына  сол 

кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, 

ол  әрекетті «Әліппе»    құралдарын жазудан  бастауды мақсат  етті. Сол  1911-1912  жылдары жасалып,  Уфа, 

Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы»  

деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 

жылы ғалым «Әліпбидің»  жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілінің табиғатын, құрылымын 

танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады.

Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған 

оқулықтар жазылды. «Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың 

басы  болды,  қазіргі  қазақ  тілі  атты  ғылым  саласының,  іргетасы  болып  қаланды.  Жалпы  қазақ  тіл  білімін 

қалыптастырып,  зерттеп,  танып-білу  тарихымызда  Ахмет  Байтұрсыновтың  «Оқу  құралы»  мен  «Тіл 

құралдарының»  орны  айрықша.  Қазақ  тіл  білімінің  ана  тіліміздегі  іргетас  қалаудағы  Ахметтің  тағы  бір 

зор  еңбегі  -  ғалымның  осы  саласының  терминдерін  жасауы.  Ғалым  қазақ  тілі  грамматикасына  қатысты 

категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды [10]. 

А.Байтұрсыновтың  жалпы  шығармашылығымен  таныса  келе,  оның  барлығы  ана  тілімізді  дамытуға 

арналған. Ал ана тілін қастерлеудің өзі - ұлттық тәрбиеге негізделген. Біз ана тілімізді дамытпай, ұлтымыздың 

мерейін  көтере  алмаймыз.  Ұлт  өзегі  –  ана  тілімізде.  Оның  өмір  жолымен,  шығармашылығымен  таныса 

ортырып, Ахмет Байтұрсынов нағыз қазақ халқының патриоты екенін байқаймыз. 

Алаш  қайраткерлерін  тану  деңгейін  анықтау  мақсатында,  осы  оқу  жылында  біздің  университетіміздің 

«Информатика» және «Қазақ тілі және әдебиеті» мамндықтары бойынша оқитын екінші курс студенттерінен 

«Этнопедагогика»  пәнінен  «Халық  педагогикасындағы  рухани-адамгершілік,  діни  және  азаматтық-

патриоттық тәрбие» тақырыбын өту барысында келесідей анкета сұрақтарын дайындадық. 

Анкета сұрақтары

1. Алаш қайраткерлерінің есімдерін атап беріңіздер.

2. Қазіргі танда алаш қайраткерлері туралы зерттеп жүрген педагог-ғалымдарды атап беріңіздер. Біздің 

университетте бұл тақырып бойынша кімдер айналысуда?

3. Алаш қайраткерлері өз заманында Қазақстанның дамуына, қалыптасуына қандай үлестерін қосты?

4. Алаш қайраткерлерінің әлеуметтік-педагогикалық бағытта жазылған қандай еңбегін білесіз?

5. Жеке тұлғаны әлеуметтендіру дегеніміз не?

6. Алаш қайраткерлерінің оқу-ағарту саласы бойынша атқарған қызметтерін атаныз.


№ 3 (112) 2016

115


7. Алаш қайраткерлерінің денсаулық сақтау ісі бойынша атқарған қызметтерін атаңыз.

8. Алаш қайраткерлерінің мәдени және өнер бағыты бойынша атқарған қызметтерін атаңыз.

9. Алаш қайраткерлерінің саяси - қоғамдық бағыт бойынша атқарған қызметтерін атаңыз.

10. Алаш қайраткерлерінің ішінен өзіңізге қай тұлғаны үлгі тұтасыз? 

Анкета  сұрақтарынан  алынған  жауаптың  қорытындысынан  студенттердің  Алаш  қайраткерлерін  тану 

деңгейі  орта  екендігін  байқадық.  Студенттер  Алаш  қайраткерлерінен  А.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов, 

М.Дулатов,  М.Жұмабаев,  Х.Досмұхамедов,  М.Әуезов,  Ш.Құдайбердиев,  Ж.Аймауытов,  С.Сейфуллин, 

т.б.  секілді  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп  оқулықтарында  жазылған  еңбектерімен  ғана  таныс  екендігі 

анықталды. Ал екінші сұраққа: «Қазіргі танда алаш қайраткерлері туралы зерттеп жүрген педагог-ғалымдарды 

атап  беріңіздер.  Біздің  университетте  бұл  тақырып  бойынша  кімдер  айналысуда?»  ешбір  студент  толық 

жауап  бере  алмады.  Біздің  университетімізде  бұл  тақырып  бойынша  алдыңғы  қатарлы  бірнеше  ғалымдар 

айналысуда, атап айтсақ: Е.Сыдықов, Д.Қамзабекұлы, Қ.Сақ., Сайлаубек Е., т.б.

Қазіргі  таңда  Алаш  қайраткерлерінің  мұралары  жан-жақты  зерттелді  және  әлі  де  зерттелуде,  бірақ, 

студенттер  ол  зерттелген  еңбектер  туралы  аз  біледі.  Сондықтанда  Алаш  қайраткерлеріне  байланысты 

тақырыптар ЖОО –дағы студенттерді оқыту барысында тереңірек оқытылса, элективті курстар енгізілсе, осы 

тақырып бойынша ғылыми жұмыстарын жазған авторлармен кездесулер ұйымдастырылса дұрыс болар еді. 

Себебі, Алаш қайраткерлерінің әлеуметтік - педагогикалық идеялары негізінде студенттер бойында келесі 

ұлттық құндылықтарды қалыптастыра аламыз:

1. Суға салса батпайтын, Отқа салса жанбайтын - Рух береді.

2. Ананың жасымен, Әкенің қанымен келген Тәуелсіздіктің - Қадірін біледі.

3. Отанды сүю парыз, Отан үшін еңбек ету екі есе ауыр парыз іс, яғни патриотизмге тәрбиелейді.

4. Тарихты біліп - болашаққа нық қадам береді.

5. М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» дегеніндей Сенім береді.

6. Әрбір Алаш қайраткерлері - Мәнгілік ел бағытын береді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет