Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Баймуханбетов Б.М. философия докторы (PhD), Анарбаев А.К. п.ғ.к., доцент, Сейдахметов Е.Е. доцент



Pdf көрінісі
бет15/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   102

Баймуханбетов Б.М. философия докторы (PhD), Анарбаев А.К. п.ғ.к., доцент, Сейдахметов Е.Е. доцент

Қ.А.  Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік  университеті.  Балуандардың  жеке  ерекшеліктері  мен 

морфофункционалдық тәуелділігіне байланысты жарыстық әрекеттерінің жіктелуі

Ғылыми  мақалада  көптеген  спорттық  күрестің  көрнекті  мамандары  кілемде  ұтымды  жарыстық  әрекеттің 

шарттары  қажетті  балуанның  жеке  сәйкестендірілген  максималды  жекеленген  ерекшелік  манерасы  жарыста 

енгізіледі, даярлау үдерісі жекеленген технико-тактикалық спецификасын ескеріп құрылады. Тәжірибе көрсеткендей 

спорттың тек бір ғана сапалық ерекшелігіктері байланысқанда көп мән береді. Балуанға қажетті бір сапа басқаларды 

толықтырады, әр спортшының жарыста жеңіске жету мүмкіндігін анықтайтын негіз бола алады.

Жекеленген іс- әрекет стилі спорттық шеберліктің қалыптылық пен жетістікті айқындайды. Бұл мәселе спорттық 

педагогиканың теориясы мен тәжірибесінде аз зерттелген, әсіресе күрес саласында. 

Түйін сөздер: жекеленген ерекшелік, жекеленген стиль, спорттық шеберлік қалыптылығы, сапа комплексі. 

Baimukhanbetov B.M., Anarbaev A.K.,  Seidahmetov E.E. 

International Kazakh-Turkish University by name H.A.Yesevi. Classification of competitive activity, depending on the 

individual characteristic  and morfofunctional fighters.

In a scientific paper the essences of the many leading experts in wrestling is considered a necessary condition for the success 

of competitive activity on the carpet is keeping the fight in Manner max individualized, taking into account their specific technical 

and tactical master.

As practice shows, it is of great importance not just one quality of the athlete and the complex quality relationships. Lack of 

fighters is one compensate others who gives success and I am leading and fundamental to every athlete.

Individual style of activity determines the success and stability of sportsmanship. 

Key words: individual characteristics, individual style, the stability of sportsmanship, individual uniqueness complex quality.

Редакцияға 09.02.2016 қабылданды.



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

76

ӘОЖ 371 



С.С. БАЙСАРИНА

1

, Г.Т. АЮПОВА



пед.ғ.к.,доцент

1

 , PhDдокторанты

2

, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫ – БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

Жоғары  мектеп  оқытушысының  тұлғасы  -  студенттердіңкәсіби  және  жалпы  мәдени  құзіреттілігін 

қалыптастырудың маңызды факторы, оның құндылық жүйесі – кәсіби, жалпы мәдени, педагогикалық құзіреттіліктер 

болып табылады.

Түйін сөздер: тұлға, жоғары мектеп оқытушысы, құзіреттілік, білім сапасы, құндылықтар жүйесі.

Жоғары оқу орнындағы білім беру субъектілерінің негізгілерінің бірі болып оқытушы саналатыны белгілі. 

Ал заманауи педагогтің білім беруді ізгілендіруде, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде олардың 

әлеуметтік рөлінің басымдығы маңызды болып табылады. Осыған байланысты олардың құзыреттілігінен, 

шығармашылығынан және тұлғалық-кәсіби қасиеттерінің дамуынан білім беру сапасын артуы мен нәтижелігі 

талап етеді.

Жоғары  мектеп  оқытушысының  тұлғасы  -  студенттердіңкәсіби  және  жалпы  мәдени  құзіреттілігін 

қалыптастырудың  маңызды  факторы,  оның  құндылық  жүйесі  –  кәсіби,  жалпы  мәдени,  педагогикалық 

құзіреттіліктер болып табылады.

Жоғары мектеп оқытушыларының тұлғалық дамуы туралы мәселе ерте замандарда дашығыс философы 

Конфуцзыдан бастап, ежелгі антикалық философтар (Платон, Аристотель, Сократ), орта ғасыр ойшылдары 

(Әл-Фараби, А.Иүгінеки, Ж.Баласағұни, Қ.Иассауи) қазақтың ағартушылары (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, 

А.Құнанбаев, Т.Тәжібаев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б) еңбектерінде көрініс тапқан [1]. 

Сондай-ақ, ғылыми зерттеулерде ЖОО оқытушыларының жасы ұлғайған сайын пәнді оқыту барысында 

студенттердің  тұлғасын  дамытуға  емес,  пәннің  мазмұнын  меңгертуге  баса  көңіл  бөлінетіндігі  айтылған. 

Қазіргі  жоғары  білім  беру  жүйесіндегі  үздіксіз  туындап  жатқан  көпжоспарлы  өзгерістер,  яғни  көлемді 

жаңалықтарды  қабылдап,  шұғыл  игеру  қажеттілігі,  нақты  бағыттардың  болмауы,  жұмыстың  шамадан 

тыс  жүктелуі  педагогикалық  іс-әрекеттегі  оқытушылардың  сана-сезімінің,  стереотиптерінің,  кәсіби  іс-

әрекетінде және өмір сүру салтында қондырғыларының түбегейлі өзгерісіне, еңбек әрекетін жүзеге асыру 

үшін  жаңа  жағдайларға  бейімделу  т.б  сынды  қиыншылықтарды  тудырып  отыр.  Әсіресе,  бүгінгі  таңдағы 

білім  берудің  мақсатты,  мазмұнды,  процесуалды  қызметтерінің  жаңаруына  сәйкес  педагогикалық  білім 

берудің  технологиясы  мен  мазмұны,  ұйымдастыру  бағытындағы  инновациялар  ЖОО  оқытушыларының 

шығармашылық, стандартты емес шешімдерді қабылдау, студенттермен тиімді өзара қарым-қатынас жасауға 

тұлғалық және кәсіби дайындығын жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейді [2]. 

Бүгінгі  күннің  тәжірибесі  педагогикалық  әрекеттің  объективті  жағы  үнемі  білім  беру  субъектілерімен 

жетілдіріліп, дамытылып отырылғанымен, алайда осы үдерістің тиімділігінің маңызды шарты субъективті, 

яғни тұлғалық-кәсіби қасиеттерін дамыту және түзету мәселесінің маңыздылығы әлі де болса өз деңгейінде 

толыққанды зерттелмегенін байқадық. Аталғандардың әсерінен маман бойында агрессия, агрессивті мінез- 

құлық,  мазасыздану,  кәсіби  стресс,  фрустрация,  ішкі  терең  дағдарыс  қалыптасады,  бұл  қасиеттер  ЖОО 

оқытушыларының психоэмоционалды күйлеріне әсер етіп, бейімделе алмаушылығын арандатып, әлеуметтік-

психологиялық жайсыздық сезімдерді тудыратын кәсіби деформациямен анықталып отыр [3]. Бұл өз кезегінде 

оқытушылардың интеллектуалды-шығармашылық әлеуетін тежеп, маңыздысы - студенттік ортада үйлесімді 

психологиялық жағдайды ұйымдастыруға кедергі келтіреді. 

Кәсіби  іс-әрекетпен  байланысты  жағымсыз  үдерістер  тұлғаның  өзгерісінде  бейнеленетін  кәсіби 

деформация  мәселесі  тұлғаның  кәсіби  тұрақтануында  үлкен  мәнге  ие.  Болашақ  маманның  тұлғасын 

қалыптастыру барысындағы ЖОО оқытушының рөлін жете бағаламауға болмайды, өйткені кәсіби іс-әрекетте 

пайда болатын деформация патологиялық деформацияға ұласып, тұлғаның жекелігін бұзатыны анықталған. 

Осы  айтылып  өткендер,  ЖОО  оқытушыларының  тұлғалық-кәсіби  қасиеттерін  дамытуда  мынадай  қарама-

қайшылықтардың бар екендігін көрсетті: 

–  ЖОО-да  педагогикалық  іс-әрекеттегі  қарым-қатынасты  ізгілендіру  қажеттілігі  мен  оқытушылардың 

басым бөлігінің оны жүзеге асыра алмауы арасында

– ЖОО-ның педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынасты ізгілендіруде оқытушылардың тұлғалық-кәсіби 

қасиеттерін  тұтастық  тұрғыдан  зерттеу  қажеттілігі  мен  оның  ғылыми-практикалық  тұрғыдан  жеткіліксіз 

зерттелгендігі арасында; 



№ 3 (112) 2016

77

–  ЖОО  оқытушыларының  тұлғалық-кәсіби  қасиеттерін  тұтастық  тұрғыдан  қарастыруда  өзін-өзі 



белсендірудің маңыздылығы мен оның ғылыми-әдіснамалық негіздерінің жасалмауы арасында; 

– ЖОО оқытушыларының тұлғалық-кәсіби қасиеттерін дамытуға арналған психотехнологияны қолдану 

қажеттілігі мен олардың жеткілікті өңделмеуі, сонымен қатар мақсатты, жүйелі жүзеге асырылмауы болып 

табылады.  Сондықтан,  жоғарғы  мектеп  -  білім  берудің  және  іс-әрекет  жүйелерінің  қайта  жаңғыруымен 

дамуын қамтамассыз етеді. Бұл қызмет адамдардың бірін-бірі үзіліссіз алмастырып отыратын ұрпақтарымен, 

әлеуметтік  қатынастардың  жаңа  материалдарында  және  өзгеріп  отыратын  тарихи  жағдайлардағы  мәдени 

нормаларды іске асыру арқылы орындалады. 

Білім беру қызметі ретінде адамдар қарым-қатынастарының барлық жүйесіне таралған, бірақ ұйымдасқан 

үрдіс ретінде білім беру арнайы әлеуметтік институттары мен іске асырылады.

Білім берудің басты мақсаты- адамның қорларын дамыту болып табылады. Әрбір ел үшін экономикалық 

және  технологиялық  даму,  қоғамның  жақсы    жағдайы  мен  азаматтарының  жақсы  өмірі  оның  белсенді 

халқының дағдыларының, білімдері мен біліктіліктерінің орташа деңгейіне пропоционал болады.

Жоғары  білікті  адамдардың  жақсы  еңбек  ақы  алуына,  бақталастыққа  қабілеттілікті  жоғарылатуға 

көмектесу мүмкіндіктері бар, олар жұмыс профилінің мүмкін болатын өзгерістеріне жақсы бейімделген, одан 

айрылып қалған жағдайда көп қайғырмайды, өз білімдері мен дағдыларының деңгейін көтеруге және оны 

жаңартуға қабілетті болып келеді.

Адам қорлары  дамуының біртұтас және ұзақ мерзімді жобасы университеттердегі, политехникалық және 

кәсіби мектептердегі білім беруге қол жеткізу үшін қажетті жағдай жасау дегенді білдіреді.  Бұл білім берудің 

үшінші деңгейі. Оған оқытудың кішігірім жалғасымдылығымен кәсіби-ұйғарымдық бағыты кіреді.

Тұлғаның  білімділігі  –  тұлғаның  жүйеленген  білімі  мен  оны  практикалық  және  танымдық  іс-әрекетте 

қолдана  білуді  меңгеру  деңгейін  көрсететін  сипаттама  [4].  Алайда,  барлық  белгілер  мен  қабілеттер 

білімділігін таныта бермейді. Егер білім беруді адамға «бейнең беру нәтижесі ретінде қарастырсақ, онда ол 

жалпыадамзаттық мәдениет білімінен бастау алған болар еді. Ал, мәдениетті адам білім беру процесінде тек 

өзінің адамгершілік бейнесінің қалыптасуы тұрғысында байқалады. Бұл – білім берудің тәрбиелік функциясы. 

Білім  негізінде  табиғат  пен  қоғамның  дамуы  туралы  заңы,  материалдық    өңдеу  сферасы  және  тұлғаның 

рухани мәдениетті белгілі бір көзқарас, өнім, дүниетаным және адамгершілік сапаларды қалыптастырады. 

Демек, білім беру мен тәрбиелеу тығыз байланысты.

Жоғарғы  мектеп  оқытушысының  негізгі  қасиеттерінің  бірі  –  мұғалімнің  ғылыми  дайындығы.  Ол  – 

оқытушының  беретін  пәнін  білу  дәрежесінен,  осы  мамандық  бойынша,  сыбайлас  пәндерден  ғылыми 

дайындығынан, кең көлемді оқымыстылығынан, пән әдістемесін игеру дәрежесінен, жалпы дидактикалық 

тәсілдермен  таныстығынан  құралады.  Сонымен  қатар,  педагогикалық  төзімділіктен,  педагогикалық 

дербестіктен және педагогикалық өнерден тұратын жеке ұстаздық дарынның маңызы зор. 

Арнайы  оқытушылық  қасиеттермен  қатар,  қажетті  жеке  адамгершілік,  жігерлілік  қасиеттерді:  әділдік, 

ұқыптылық,  елгезектік,  табандылық,  ұстамдылық,  байсалдылық  және  тағы  басқа  қасиеттерді  атап  өтуге 

болады.

Педагогикалық  әсер  етудің  негізгі  бағыттары  оқушыларды  оқыту,  білім  беру,  дамыту  және  тәрбиелеу 



болып табылса, ал мұғалімнің ең басты функциясы оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процесстерін 

басқару болып табылады.

Жоғары мектеп мұғалімі оқыту емес, оқу барысын бағыттау, үйрету емес, ізденісті туындату, тәрбиелеу 

емес, тәрбие процессін басқару үшін шақырылған. Қаншалық мұғалім өзінің осы рөлін дұрыс түсіне білсе, 

соншалық  оқушыларына  өз-бетінше  жұмыстануға,  ізденуге,  дамуға,  белсенділік  көрсетуге  мүмкіндік 

туғызады.

Педагогикалық қызметінің субъекті құрылымның төмендегідей компоненттерін ерекшелейді: 

-тұлғаның психофизиологиялық қасиеттері оның субъекті рөлін іске асырудың алғашқы негіздері ретінде; 

-қабілеттілік

-өзіндік қасиеттері, оның ішінде бағыттылық; 

-кәсіпті-педагогикалық, пәндік білімі мен шеберлігі, кәсіптік икемділігі. 

Жалпы  қабілеттілікке  кез  келген  адамға  тән  іс-әрекетте  жететін  жоғарғы  табыстар  жатса,  арнайы 

қабілеттілікке педагогикалық қызметте табысқа жеткізетіндер жатады: 

-Дидактикалық қабілеттілік; 

-Академиялық қабілеттілік; 

-Перцептивті қабілеттілік;  

-Сөз сөйлеу қабілеттілік;  

-Ұйымдастырушылық қабілеттілік; 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

78

-Авторитарлық қабілеттілік ; 



-Коммуникативті  қабілеттілік;  

-Педагогикалық қабілеттер оқытушы кәсібін табысты меңгерудің маңызды шарты болғанымен ол шешуші 

кәсіптік қасиет емес. 

   Олай болса, оқытушының маңызды кәсіптік қасиеті: еңбекқорлық, тәртіп, жауапкершілік, алға мақсат қоя 

білу, оған жету жолдарын таңдай білу, ұқыптылық, мұқияттылық, табандылық, жүйелі және жоспарлы түрде 

өзінің кәсіптік деңгейін жоғарлату, білімін тереңдету, өз еңбегінің сапасын жоғарылатуға тырысу қасиеттері 

және т.б. болып табылады [5]. 

Қорыта келе, оқытушыға тән ең міндетті қасиет – гуманизм болып табылады, яғнигуманды қарым-қатынас 

білім алушының жеке басына деген ықыластан, оған жаны ашудан, оған көмек көрсетуден, оның пікірін, даму 

ерекшілік  жағдайларын  сыйлаудан,  студенттің  білімді  меңгеру  іс-әрекетіне  деген  жоғары  талаптан,  оның 

жеке басының дамуына қамқорлық жасаудан құралады. 

Әдебиеттер

1 Пискунова А.И. История педагогики и образования: от зарождения воспитания в первобытном обществе до конца 

20 века. -Москва:«ТЦ Сфера», 2007. -С.496.

2  Ерментаева  А.Р.  Вопросы  разработки  концепции  инновационной  деятельности  учителя-предметника  в 

системеобразования Республики Казахстан // Высшее образование сегодня. - 2013. -№ 6. - С.44-47.

3 Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. -Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС, 2005. – 600 б.

4 Анисимов В.В. Общие основы педагогики - Москва: «Просвещение», 2006. –С.574.

5 Беркімбаева Ш.К., Құсаинов А.Қ. Педагогика: Қазақша және орысша түсіндірме терминологиялық сөздік. – Алматы: 

«Заман», 2007. –Б.248. 

References

1 Piskunova A.I. The history of pedagogy and education: education from the birth in primitive society to the end of the 20th 

century. -Moscow: «TC Sphere», 2007 -S.496.

2.  Ermentaeva  A.R.  Questions  concept  design  innovation  subject  teachers  in  the  education  system  of  the  Republic  of 

Kazakhstan // Higher education today. - 2013. -№ 6. - S.44-47.

3 Kazakh madenietі. Entsiklopediyalykanyktamalyk. -Almaty: «Aruna Ltd. About enterprise»  ZHSHS, 2005 –В. 600.

4 Anisimov V.V. General principles of pedagogy - Moscow: «Education», 2006. -S.574.

5 Berkіmbaeva Sh.K., Куsainov A.К. Education: Kazakh Russian zhane oryssha tүsіndіrme terminologiyalyк sоzdіk. - Almaty: 

«Zaman», 2007. - B.248.

Важнейшим  фактором  формирования  профессиональных  и  общекультурных  компетенций  студентов  является 

личность  преподавателя,  его  система  ценностей  –  развитые  профессиональные,  общекультурные  и  педагогические 

компетенции.

Ключевые слова: личность, преподаватель высшего учебного заведения, компетенция, качество знания, система 

ценностей.

Baisarina Sandugash - Associate Professor of the ENU named after L.N. Gumilev; АiypovaGulbarshin - PhD students 

of the ENU named after L.N. Gumilev.

The  most  important  factor  in  the  formation  of  professional  and  general  cultural  competence  of  students  is  the  teacher›s 

personality, his system of values - development of professional , educational and general cultural competence.

Key words: personality, teacher of higher educational establishment, competence, quality of knowledge, system of values.

Редакцияға 17.02.2016 қабылданды.



№ 3 (112) 2016

79

ӘОЖ 371 



С.С. БАЙСАРИНА

1

, А.Р. МАНДЫКАЕВА

2

 

пед.ғ.к., доцент

1

; психол.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті

2

ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒА МӘСЕЛЕСІ

Білім  беру  жүйесі  жеке  тұлғаның  іске  асырылған  және  іске  асырылатын  бағдарлары  мен  қызығушылықтарын,  

сұраныстары мен ұмтылыстарын, өмірлік құндылықтары мен пікірлерін қолдайды. Ғылыми өзекті мәселеде білім жеке 

тұлға мен оның тұлғалық қажетсіну,  ұмтылыстары арқылы шешіледі. 

Түйін сөздер: білім беру кеңістігі, жеке тұлға, индивид, өмірлік құндылықтар, даралық.

Адам, жеке тұлға  мәселесі барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттейтін негізгі мәселелерінің 

бірі. Адам мен қоғам өзара қатынастарының нәтижесінде жеке тұлға ұғымы ерекше орынға ие. Адам деген 

ұғыммен қатар индивид, даралық, жеке тұлға ұғымдары жиі қолданылады.

«Индивид» ұғымы адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде, биологиялық тіршілік иесі ретінде 

қарастырғанда  қолданаылады.  Индивид  –  жекелік,  яғни  көп  адамдардың  бірі.  Индивид  деген  терминді 

қолданғанда  адамның  жеке  қасиеттері  ескерілмейді.  Индивид  деп  жаңа  туған  баланы  да,  қарт  адамды  да 

атауға болады. Себебі олардың барлығы адамзат тұқымының өкілдері.

Даралық – адамды басқа адамдардан ерекшелендіріп тұратын айрықша қасиеттері, ешкімге ұқсамастығы, 

оның қайталанбастығы. Адамның даралығы оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан бөлек, әдеттерінен, 

қызығушылықтарынан, танымдық процестерінің сапаларынан (қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиял), 

қабілеттіліктерінен, өзіндік іс-әрекет стильдерінен байқалады. Дүниеде психологиялық ерекшеліктері бірдей 

екі адамды табу мүмкін емес. Адамдардың тіпті физиологиялық жағынан да бірі-бірін қайталамайтындығы 

анық. Мысалы XIX  ғ.  соңында ашылған ғылыми жаңалық  жер бетіндегі адамдардың бас бармақтарының 

үлкейтілген суреттерінің бірдей болмайтындығының өзі әр адамның физиология тұрғысынан да қайталанбас 

жан  екендігінің  дәлелі.  Барлық  адамдардың  саусақтарының  құрылымы  бірдей  болса  да,  барлығы 

капиллярлардан, теріден, клеткалардан, бұлшық еттерден, нерв талшықтарынан құралсада сыртқы терісіндегі 

суреттері әр адамда  әр түрлі болып келеді [1]. 

Адамның қайталанбастығы- оның даралығында. Даралық пен жеке тұлға тең мағыналы ұғымдар емес. 

Даралық ұғымда көбінесе индивидтің табиғи, туа біткен қасиеттері ескеріледі  (темперамент т.б), ал тұлға- 

адамның  әлеуметтік  сипаты.  Жеке  тұлғаның  өзін-өзі  іске  асыра  алуына,  жетістіктерге  қол  жеткізуіне,  іс-

әрекетіне қарап оған баға беріледі. Даралық адамның жеке тұлғасының бір ғана көрінісі, көп қырының бір 

жағы.  Мысалы  адамның  жүйріктігі,  шапшандығы,  оның  даралық  қасиеттеріне  жатады,  бірақ  оның  жеке 

тұлғалық  сипаттамасына  кірмейді,  себебі  ол  қасиет  индивидтің  араласатын  адамдарының  іс-әрекет  және 

қарым-қатынас түрлерінде маңызды роль атқармайды. 

Тәрбиенің негізгі мақсаты- жана-жакты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. 

Психологиялық-педагогиялық  әдебиеттерде  К.К.Платонов,  Л.С.Выготский,  А.Н.Лентев  т.б  ғалымдар 

еңбектерінде жеке тұлға ұғымына түрлі зерттеулер жүргізіліп, анықтамалары берілген. 

Жеке тұлға- қоғамдық өмірдегі күрделі, көп жақты құбылыс, қоғамдық қатынастар жүйесінің бір бөлігі. 

Психология ғылымында жеке тұлға деп белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортамен өзіндік 

қатынасын түсінетін, психологиялық ерекшеліктері бар нақты бір қоғамның, ұлттың, ұжымның өкілін атайды. 

Жеке тұлға- қоғамдық мәні бар адам. Кез келген адам өмірге индивид болып келіп, тек қоғамдық және еңбек 

іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.

Жеке тұлға- индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі, оның әлеуметтік құндылықтарды менгеруі 

және  сол  құндылықтарды  іске  асыра  алу  қабілеттері.  Жеке  тұлға  ретінде  адам  өзінің  санасының  даму 

деңгейімен, өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлғалық қаситтері арқылы 

адам  қоғамдық  қатынастарға  қатысады.  Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде  жеке  тұлға  туралы 

тұрақты пікірлер қалыптасқан: 

-әр адам жеке тұлға бола алады;

-жеке  тұлға  адамды  жануарлардан  ажыратып  тұрады,  жануарларға  қатысты  жеке  тұлға  ұғымы 

қолданылмайды;

-жеке тұлға- тарихи дамудың нәтижесі;

-тұлғалық қасиеттер бір адамды екінші адамнан ерекшелендіріп тұрады.


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

80

.



Жеке тұлғаның өзіндік сипаттамалары бар:

-белсенділік (өзінің іс-әрекет саласын кеңейтуге құлшынысы);

-бағыттылық (ынта, қызығушылықтар, қажеттіліктер, сенімдер жүйесі);

-әлеуметтік топтардың, ұжымдардың өзара әрекеттестігі.

Педагогикалық  сөздіктерде  жеке  тұлға  ұғымы-  әлеуметтік  қатынастардың  және  саналы  іс-әрекеттің 

субъектісі ретінде қарастырылады. Жеке тұлға өзін мынандай үш бағытта көрсете алады:

-іс-әрекетте;

-басқалармен қарым-қатынаста;

-өзіне деген қатынаста.

Белгілі  психолог  К.К.Платонов  жеке  тұлғаның  сапаларын  жүйелеп,  оның  иерархиялық  құрылымын 

қарастырған.  Оның  пайымдауынша  жеке  тұлғаның  кез  келген  сапасында  туа  біткен  (биологиялық,  тұқым 

қуалаушылық) және жүре біткен (әлеуметтік) құрамды бөліктері болады. Солардың қатынастары бойынша 

жеке тұлғаның құрлымында сапалар 4 топқа немесе иерархиялық деңгейге бөлініп қарастырылады: 4-төменгі 

биологиялық  құрлымы,  оған  темперамент,  адамның  жас  және  жыныстық  ерекшеліттері  жатады,  бұнда 

ешқандай әлеуметтік қасиеттері жоқ; 3-құрлымдық деңгейде биологиялық нышандар негізінде жаттығулар 

арқылы  қалыптасқан  психологиялық  процестер  (сезімдер,  қабылдау,  қиял,  зейін,  есте  сақтау,  ойлау,  ерік) 

ерекшеліктері жатады; 2-тәжірибелік деңгейге тұлғаны оқыту арқылы қалыптасқан білім, білік, дағдылары, 

әдеттері жатады; 1-жоғарғы деңгей, тәрбие арқылы қалыптасқан (сенімдері, дүниетанымы, көз қарастары, 

қызығушылықтары,  тілектері,  мақсаттары,  әлеуметтік  ұстанымдары,  құндылық  бағыттары,  моральдық 

принциптері) әлеуметтік бағыттылықтары жатады. Бұл бағыттылықтар адамның қоршаған әлемге қатынасын 

көрсетеді [2]. 

Жеке тұлғаның өзегі - оның  «Мен» - жүйесі. Әрбір тұлға өзін-өзі тәрбиелеу арқылы «Мен» - жүйесін 

дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. Сондықтан болашақ мұғалімдерде балалар тұлғасын дұрыс қалыптастыру 

үшін ең алдымен студенттік жастарынан бастап өздерінің жеке «Мен»-дерімен жұмыс істеп, бағыттылықтарын, 

қабілеттіліктерін  дамытып,  мінездерің  тәрбиелеулері  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар  негізінде 

мәдениеттерін жетілдіріп отыруы маңызды.

Жеке тұлға дүниедегі бар нәрсені сол дайын түрінде қабылдап қана қоймай, өзіндік саналығы, ақылдылығы, 

белсенді іс-әрекеті негізінде қоршаған ортаның өзгеруіне, қоғамның дамуына әсер ете алады.

Қазіргі  ақпараттық  технологиялардың  жедел  дамуына  байланысты  адамдар  жер  шарының  әр 

бұрышындағы кез келген ғылыми, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, медициналық жаңалықтарды 

біліп  отыруларына  мүмкіншіліктері  бар.  Соның  нәтижесінде  адамның  дүние  танымы  да  кеңейе  түсуде.

Әр  жеке  тұлғаның  дүние  танымы  дегеніміз  адамның  дүниеге,  қоғамдық  қатынастарға,  табиғатқа,  өзіне 

деген көз қарастар жүйесі, оның бағыттылықтарының формасы. Ал адамның дүние танымы арқылы оның 

құндылықтары, өмірлік идеалдары мен ұстанымдары байқалады.

Барлық  адамдарға  ортақ  бейбітшілік,  адам  құқықтары,  экология,  ашаршылықтың  болмауына  кепілдік, 

денсаулық т.б. құндылықтардың қажет екендігі сөзсіз.Ал мұндай жалпыадамзаттық құндылықтар өз бетінше 

кездейсоқ қалыптаса алмайды, оны жүйелі тәрбие түрінде ұйымдастыру қажет. Ол үшін жас ұрпақ тәрбиесінде 

мынандай міндеттердің орындалуы маңызды орынға ие:

- дүниежүзілік қарама-қайшылықтар қалай болмасын әр адамға әсерін тигізеді, ондай қайшылықтарды 

шешуге ат салысуда әр адамның үлесін ескеру;

-  жалпы  адамзаттық  мәселелерді  шешуде  ұлтаралық,  халықаралық,  мемлекетаралық  байланыстарды 

нығайтудың қажеттілігін түсінулерін қамтамасыз ету;

-жер  бетіндегі  бейбітшілік  үшін,  қоршаған  табиғатты  сақтау  үшін  ғылым  мен  мәдениеттің,  барлық 

елдердің, адамдардың өзара ынтымақтастықтарын қамтамасыз ету.

Ұлттың  болашағы-  оның  ұрпғы.  Олай  болса  жас  ұрпақтың  тәрбиесіне,  олардың  дүние  танымдарының 

дұрыс  қалыптасуына  әсер  ететін  ұлттық  бағыттағы  іс  шаралар  жүйелі  жүргізілуі  қажет.  Жас  жас  ұрпақа 

ұлттық  тәрбие  беруде  ұлы  адамдардың  құнды  ой  пікірлерінің,  қанатты  сөздерінің  ұлттық  рухтың  күшейе 

түсуіне ықпалы зор.

Әлемдік білім беру кеңістігінде қажетті көпмәдени жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері. Әлемдік білім 

беру кеңістігін не құрайды? Оның құрмына мақсаттары, міндеттері, мәдени салт-дәстүрлері, философиялық 

негіздері бойынша ерекшелінетін ұлттық білім беру жүйелері кіреді. Осындай әр түрлі білім беру жүйелерінің 

өзара  байланыстар,  әркеттестіктері  әр  адамның  дүние  танымының  кеңеюіне,  рухани  тұрғыдан  баюына, 

мәдениетінің қалыптасуына септігін тигізіп, өздерін әлемдік білім беру кеңістігінің бір бөлігі ретінде сезіне 

алуларына мүмкіндік тудырады [3]. 

Бірақ осы жағандану процесінде әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт дәстүрлері, тілі мен дінінің сақталып 

қалуы  басқа  мәдениеттер  тоғысында  өз  орның  жоғалтып  алмауы  өзекті.  Қазақстанның  да  осы  бағытта 



№ 3 (112) 2016

81

дамуындағы,  өзіндік  бет-бейнесін  сақтап  қалудағы  басты  жолдардың  бірі-  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 



ұлттық құндылықтарымызды сақтап және білімді де саналы жас ұрпақ тәрбиелеу. Осыған орай ұлы жазушы 

Мұхтар  Әуезов:  «Қытайлықтар  ұлы  қытай  қорғанымен,  египеттіктер  пирамидаларымен,  итальяндықтар 

сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы ұлттық құндылықтары мен бай тілін мақтан етеді», - деген. 

Жеке  тұлға  тек    тұтас  педагогикалық  процесте  ғана  қалыптасады,  онда  педагогикалық  ықпалдың 

үйлесімділігі қамтамасыз етілуі керек. 

«Мұғалім-оқушы» жүйесінің біртұтастығы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен, педагогикалық процестің 

әртүрлі  деңгейдегі  жүйелерінің  өзара  әрекеттері  арқылы  анықталады.  Демек,  педагогикалық  процестің 

негізгі интегративтік сапасы деп өзара қиылысқан қосалқы жүйелердің оқушылардың қалыптасуына ететін 

ықпалын айтамыз. Ол – процеске қатысушы барлық субъектілердің бірлескен іс-әрекеттерін анықтайды, олар: 

әртүрлі реттегі қосымша жүйенің функциялық арнайы бағытта мамандануы; субъектілердің өзара әрекеттері 

нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қатынастардың қосындысы [4]. 

Педагогикалық  процестің  нәтижелі  болуы,  оның  ішкі  қозғаушы  күшіне  байланысты.  Педагогикалық 

процестің  қозғаушы  күшідеп  –  қойылатын  талаптар  мен  оларды  орындауға  оқушылардың  мүмкіншілігі 

арасындағы қайшылықты айтады. Егер, қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму деңгейіне 

сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.

Жеке тұлға өзінің даму барысында әлеуметтік тәжірибені меңгеруі керек, ал бұл іс-әрекетсіз мүмкін емес. 

Яғни қарама-қайшылық «адам»жүйесінде пайда болады да, «адам-адам» жүйесі арқылы шешіледі. 

Педагогикалық процестіңзаңдылықтары:

1) педагогикалық  процестің  қозғалыста болуы  (оқушының   күнделікті  нәтижесі жоғары  болса,  жалпы 

жетістігі  жоғары  болады);

2) педагогикалық процестегі жеке тұлғаның дамуы (жеке тұлғаның даму темпі – тұқым қуалаушылыққа, 

тәрбиеге және ортаға, педагогикалық процестегі әдіс-тәсілдерге тәуелді болады);

3) оқу-тәрбие процесін басқару (педагогикалық ықпалдың әсерлілігі – мұғалім мен оқушы арасындағы 

кері байланыстың интенсивтілігіне, тәрбиеленушілерге корректировка жасауға, т.б. тәуелді);

4) сыртқы әрекет ету әсерінің (педагогикалық, моральдық, материалдық т.б.)  өз уақытысында болуына 

тәуелді;


5) сезім, логика және практиканың бірлігі  (оқу-тәрбие процесінің әсерлілігі – сезімге, қабылдау сапасына, 

әсерлілігіне, түсінгенді практикада қолдануына тәуелді);

6) ішкі (таным) және сыртқы (педагогикалық) іс-әрекеттердің бірлігі;       

7) педагогикалық процестің  оқу-тәрбие процесінің барысы мен нәтижесі – қоғам және жеке тұлғаның 

қажеттілігімен; қоғамның мүмкіндіктерімен (материалдық, техникалық, экономикалық т.б.); 

8) процестің өту жағдайларымен (моральдық-психологиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық т.б.)  

келістілігі [5].

Сонымен,  жеке  тұлғаның  қазіргі  білім  беру  жүйесінде  құндылық  бағдарының  танымдық  саласы  оның 

қоғамдық болмыс, еңбек пен мәдениет құндылықтары туралы білімдерді саналы түрде ұғынып, меңгеруімен 

анықталады. Ал бұл процесс адамның санасына, зейініне тікелей байланысты болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет