Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет3/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102

References

1 Sbornik izbrannyh vystuplenij, interv›ju i statej Glavy gosudarstva.-Astana: iFoliant, 2012.-429 s. 

2  Toffler  Je.  Tret›ja  volna.Jelektronnaja  publikacija:  Royallib.ru-23.11.2015.  URL:http://www.gumer.info/bibliotek_Buks/

Culture/Toffler/_Index.php

3Tugzhanov E.L. Politika mezhjetnicheskoj tolerantnosti i obshhestvennogo soglasija v Respublike Kazahstan: politologicheskij 

analiz.-Dissertacija na soiskanie uchenoj stepeni dokt.polit.n. -Astana, 2010.

4  Nauchnyj  informacionno-analiticheskij  zhurnal  Pavlodarskogo  gosudarstvennogo  pedagogicheskogo  instituta 

«Pedagogicheskij vestnik Kazahstana», №01, 2013.- 101 s.

5 Gajsina G.I. Kul›turologicheskij podhod v pedagogicheskom issledovanii: monografija.- Ufa:Vagant, 2007.- 304 s.

6 Mezhdunarodnyj nauchnyj zhurnal «Nauchnyj mir Kazahstana», №3,6 (49-52), 2013.-427 s.

7 Giddens Je. Sociologija.- M.: Jeditorial URSS, 1999.-704 s.

8 K.Kupzok. Zitatensammlung zu den Begriffen Transkulturalität, transkulturelles Lernen und transkulturelle Kompetenzen.-

Halle/Saale: Friedenskreis Halle e.V., 2010.- 12 s.

9  Tul›chinskij  G.,  JepshtejnM.  Proektivnyj  filosofskij  slovar›.  Novye  terminy  i  ponjatija.-SPb:  Aletejja,  2003.-  512 

s.Jelektronnaja publikacija -24.11.2015.URL: http://www.emory.edu/INTELNET/fs_contents.html

10  Bodrijjar  Zh.  Prozrachnost›  zla.  Perevod  na  russkij  jazyk:  L.  Ljubarskaja,  E.  Markovskaja.-M.:  2000.  Jelektronnaja 

publikacija: Centr gumanitarnyh tehnologij.-10.09.2008. URL: http://gtmarket.ru/laboratory/basis/3413

11 Ermoshin Ju.A. O transkul›turnoj kompetencii specialista v oblasti konferencionnoj diplomatii. - Nauchnyj zhurnal «Vestnik 

rossijskogo universiteta druzhby narodov», №2, 2010.-116 s.

12  Psihoterapevticheskaja  jenciklopedija  pod  red.B.D.Karvasarskogo.  2  izd.-Spb,  2000.  Jelektronnaja  publikacija: 

Nacional›naja  jenciklopedicheskaja  sluzhba.-24.11.2015.URL:http://vocabulary.ru/dictionary/6/word/pozitivnaja-psihoterapija-

po-n-pezeshkianu-i-x-pezeshkianu

13 Kuznecova N.S. Transkul›turnoe obuchenie kak sposob formirovanija tolerantnosti inostrannyh studentov, izuchajushhih 

russkij jazyk.-Nauchnyj zhurnal «Uchenye zapiski Zabajkal›skogo gosudarstvennogo universiteta», №2 (43),2012. Jelektronnaja 

publikacija: 25.11.2015. URL: http://www.uchzap.com/home/archive?id=10&locale=ru

14 Poslanie Prezidenta Respubliki Kazahstan N.Nazarbaeva narodu Kazahstana «Kazahstan v novoj global›noj real›nosti: 



№ 3 (112) 2016

11

rost, reformy, razvitie» (30.11.2015 g.). Jelektronnaja publikacija: 01.12.2015. URL: http://www.akorda.kz/ru/addresses/poslanie-



prezidenta-respubliki-kazahstan-nnazarbaeva-narodu-kazahstana-30-noyabrya-2015-g

Білім беруде «трансмәдениет» феноменінің  пайда болуының теориялық алғышарттары

Мақалада  постиндустриалды  қоғамның  жаһандану  үдерісіне  байланысты    әр  түрлі  әлеуметтік-гуманитарлық 

бағыттардағы  зерттеулерде  «трансмәдениет»  феноменінің  пайда  болуының  теориялық  алғышарттары  қаралды. 

Аталмыш  ұғымның  шетелдік  әртүрлі  авторлық  ғылыми  түсініктемелері  сараланып  көрсетілген.  Авторлар  әлемдік 

деңгейде кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру үшін білім беруде трансмәдениет идеяларын тарату және қажеттілігін 

дамытуды негіздейді.

Түйін сөздер: жаһандану, трансмәдениет, трансмәдени білім, мәдениет диалогы, жалпыадами құндылықтар.

Thetheoretical prerequisites of originin education the «transculture» phenomenon.

In the article the theoretical prerequisites of origin of the «transculture» phenomenon in various social and humanitarian 

areas of research, due to globalization processes of postindustrial society has been considered. The analysis of the different foreign 

authors’ representations of the phenomenon has been represented. The authors substantiate the necessity of the development and 

dissemination of transcultural idea in education to improve the vocational education system in the world.

Keywords: globalization, transculture, transcultural education, dialogue of cultures, universal values

Поступила в редакцию 14.12.2015.

ӘОЖ  378 14788

Ж.Е. АБДЫХАЛЫКОВА 

Рh.D докторы, Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану кафедрасының доценті

Л.Н. Гумилев  атындағы ЕҰУ, Астана

ЖОО-ДА АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ҮДЕРІСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақалада ЖОО-да академиялық кеңес беру үдерісінің ерекшеліктері кредиттік оқыту технологиясы жағдайында 

студенттерге  академиялық  қолдау  көрсетудің  негізгі  компоненті  ретінде  қарастырылған.  Академиялық  кеңес  беру 

мәселесінің негізгі  басым тұстары,  кезеңдері мен бағыттары айқындалған. 

Түйін сөздер: студенттерге академиялық қолдау көрсету,академиялық кеңес беру, эдвайзер.

Әлемдік  білім  беру  үрдісінде  болып  жатқан  өзгерістер  білім  алушының  дербес  құндылықтары  мен 

мүмкіндіктеріне деген қарым-қатынасын түбегейлі өзгертіп, оның жекетұлғалық және кәсіби дамуын мақсат 

етеді. Қазіргі кезде жекетұлға қоғамның, мемлекеттің дамуының негізгі факторына айналып, бұл жағдайда 

ол  өзінің  және  қоғамның  экономикалық  және  рухани  өркендеуіне  жауапты  болады.  Еліміздің  әлемдік 

мемлекеттер арасында бәсекелестігін арттыру үшін қоғамымызға жоғары білімді, өмір бойы кәсіби дамуға, 

білім  алуға  ұмтылыс  жасайтын,  қиын  жағдайларда  дұрыс  шешім  қабылдай  білетін  білікті  мамандардың 

қажеттілігі, жоғары білім беру жүйесіне ерекше талап қояды. Білім берудің «қолдаушы» немесе «ағартушы» 

парадигмасының орнына «өмір бойы білім алу» немесе «үздіксіз білім беру» идеясы маңызды орын алатын 

білім берудің жаңа парадигмасы келді. 

Осыған орай, кредиттік оқыту технологиясы жағдайында университетте студенттің жеке оқу траекториясын 

ұйымдастыруда академиялық кеңесшінің (эдвайзер) белсенді, әрі ойластырылған қолдауынсыз жүзеге асыру 

мүмкін емес.  Сондықтанда, академиялық кеңес беру сияқты жаңа феноменді зерттеу халықаралық білім беру 

кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуға ұмтылған қазақстандық бiлiм беру жүйесі үшiн өте көкейкестi болып 

тұр.

Мәселеге  қатысты,  академиялық  кеңес  беру  ұғымы  әлемдік  білім  беру  жүйесінде  қандай  мағынаны 



білдіреді деген сұрақ туындайды. 

Соған  сәйкес,  университетте  студенттерге  академиялық  кеңес  беру  үдерісін  ғылыми-педагогикалық 

тұрғыдан негіздеуге  атсалысқан бірқатар шетелдік ғалымдар T.O

 Banion (1972), B. Crookston (1972), S. Frost 



(1991), S.C. Ender, R.B. Winston & T.K. Miller (1982), D.S. Crocket (1987) және т.б. еңбектері қарастырылды. 

Мысалы, АҚШ ғалымы B. Crookston академиялық кеңес беру - студенттің жеке немесе кәсіби шешімдеріне 

ғана байланысты емес, ойлау процестерін, тұлғааралық қарым-қатынасын дамытуға, мәселелердің шешімін 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

12

табу және жағдаятты сыни тұрғыдан бағалауға ықпалын тигізетін жеке тұлғаны дамытуға бағытталған білім 



беру жүйесінің ажырамас бөлігі деп тұжырымдайды [1]. 

Ғалым    T.O›  Banion    өз  еңбегінде,  академиялық  кеңес  беру-  студенттердің    академиялық  мәселесіне 

бағытталған,  кеңес  алушы  мен  кеңес  берушінің  әрекеттесу  үдерісі.  Кеңес  беруші  оқытушы,  тең  құқықты 

партнер  ретінде  студенттің  жекетұлғалық  және  кәсіби  әлеуетін  дамытуға  жағдай  жасауы  қажет  деп 

қорытындылайды [2].

D.S. Crocket академиялық кеңес беру- cтуденттің алда қойған, жоспарлаған мақсаттарға жетуге  ықпал 

ететін екі жақты дамытушы үдеріс деп анықтама берген [3].

Ғалым  A.G.  Reinarzакадемиялық  эдвайзерлердің  қызметінің  мәнін  толық  қарастыру  нәтижесінде, 

«академиялық  кеңес  беру  үдерісі  -  студент  пен  эдвайзер  арасындағы  сенімді  қарым-қатынас  негізінде, 

университеттің  ресурстары  мен  академиялық  қолдау  көрсету  орталықтарының  бағдарламаларын  ұтымды 

қолдану арқылы, студенттің академиялық, кәсіби, жекетұлғалық мақсаттарына жетуге көмектесетін үздіксіз, 

жүйелі үдеріс»- деген анықтама берді [4].

1972  жылы  Burnc  B.Crookston  және  Terry  O’  Banion  академиялық  кеңес  беру  үдерісінің  үш  негізгі 

бағытын  белгіледі:  құзырлылықты  дамыту,    автономдықты  және  мақсаткерлікті  дамыту.  Студентті  жеке 

таңдау жасауға қабілетті тұлға ретінде  қабылдау, соған сәйкес, дербес таңдау жасауға,  оған жауапты болуға 

дайындау  қажеттілігін  басып  көрсетті.  Авторлардың  пікірінше,  академиялық  кеңес  беруші  тұлғааралық 

қатынастарды ынталандырады,  шешім қабылдауда сыни тұрғыдан ойлауға ықпал етеді,  студенттің кәсіби 

салаға  бейімделуін  қамтамасыз  етеді,алған  тәжірибесін  бағалауға  жәнеЖОО-ның  мүмкіндігін  мейлінше 

пайдалануға көмектеседі, өзін-өзі танытуға және өзін анықтауға ықпал етеді.

D.S.  Crocket  академиялық  кеңес  берудің  негізгі  мақсаты  –  студенттерге  оқу  үдерісінің  субъектісіне 

айналуына  көмектесу,  өмір  бойы  білім  алу  дағдыларын  қалыптастыру  деп  қорытындылайды.  Ғалым, 

академиялық  эдвайзердің  студенттермен  қарым-қатынас  кезіндегі  жоспарларды  анықтауы,  қысқа  мерзім 

ішінде  тез  шешім  қабылдауы,  оларға  өмірлік  позицияны  айқындауға,  академиялық  тәжірибе  жинауға 

мүмкіндік береді деп академиялық эдвайзердің маңыздылығын атап көрсетті. 

Осы  мәселеге  қатысты,  АҚШ  ғалымы,  Ashсroft  Foreman-Peckакадемиялық  кеңес  беру  -  студенттің 

академиялық  дағдыларын,  тұлғааралық  қарым-қатынас  жасау,  кәсіби  дамуын  қамтамасыз  ететін  үздіксіз, 

мақсатты  іс-әрекет жасау бағдарламасы деп айқындады [5].

Ғалымдардың  берген  анықтамаларын  талдай  келе,  тұлғалық-әрекет  тәсілі  негізіне  сүйене  отырып,  біз 

академиялық кеңес беру - академиялық кеңесші мен студенттің мақсатты бағдарланған, студенттің өмірлік 

/кәсіби  мақсатын  айқындауға,  соның  негізінде  жеке  оқу  траекториясын  саналы  құруға,  және  оны  жүзеге 

асыру барысында туындайтын мәселелерді шешуге бағытталған академиялық қолдау көрсетудің маңызды 

компоненті деп нақтылаймыз.

ЖОО- да академиялық кеңес беру үдерісі университет эдвайзерлері арқылы жүзеге асады. Эдвайзердің 

басты міндеті - академиялық кеңес беру болғандықтан, біздің зертеулеріміздегі «академиялық кеңес беру» 

термині тікелей эдвайзердің іс-әрекетіне қатысты болатынын айтып кету маңызды.

Университет  студенттеріне  академиялық  кеңес  беретін  мамандарға  қатысты    әлемдік  педагогикалық 

-  психологиялық  еңбектерді  зерттеу,  шетел  университтерінде  академиялық  кеңесші  (academic  advising, 

educational  counseling);  жеке  дара  тьютор  (personal  tutoring),  супервизия  (supervision)  ұғымдарының  да 

қолданатынын  анықтадық.  Бірақ,  бұл  зерттеу  жұмысында  Болон  үдерісінің  құжаттарында  халықаралық 

деңгейде қабылданған, «академиялық эдвайзер» ұғымын қолданамыз.

Университет студенттеріне академиялық кеңес берудің мазмұны қандай болмақ? – деген сұрақ туындайды. 

Университет қабырғасын аттаған кешегі оқушылар өмірінің жаңа баспалдағына көтеріледі, университеттегі 

оқу жүйесінің ерекшеліктерімен танысады.Кредиттік оқыту технологиясының талаптары, студенттен жоғары 

ұйымдасқан  деңгейде  дербестік,  өз  уақытын  ұйымдастыру,  дербес  білім  алу  дағдыларының  қажеттілігіне 

жоғары сұраныс туындатады. Осыған орай, академиялық эдвайзерлердің іс-әрекетін отандық университеттерде 

белсендіруді қажет етеді. Себебі,  жеке тұлғаға бағытталған білім беру ортасын қалыптастыруда эдвайзерлердің 

маңызы зор.

Академиялық кеңес беру үдерісінің  нақты мазмұнын анықтау өте күрделі мәселе. Ол әрбір университеттің 

саясаты мен ресурстары, стратегиялық жоспарына, оқу-тәрбие үдерісінің ерекшеліктеріне, әрбір студенттің 

әлеуеті мен қызығушылықтары, өмірлік және кәсіби жоспарларына, жас және дербес ерекшеліктеріне, әрбір 

оқу жылының өзіндік  талаптарына сай жүргізілуі мүмкін. 

Американдық педагог-ғалым, Terry O’ Banion өзінің «Академиялық эдвайзер моделі» (An academic advising 

model) атты классикалық мақаласында эдвайзердің студенттің тұлғасын дамытушы маман ретіндегі  моделін 

теориялық тұрғыдан негіздеп, оның жоғары оқу орындарындағы кәсіби іс-әрекетінің келесі бес өлшемін (the 

dimensions of the process of academic advising): 

1. білім алушылардың өмірлік мақсаттарын зерттеу;



№ 3 (112) 2016

13

2. мамандық бойынша (карьералық) мақсаттарын анықтау;



3. негізгі (major) және қосалқы (minor) мамандандыруды іріктеу;

4. оқу курстарын жоспарлау;

5. студенттің сабақ кестесін құру деп анықтап, ал ЖОО-да академиялық кеңес беру үдерісінің үш бағыты:

1. студенттің құзіреттілігін дамыту (competence);

2. автономиялығын дамыту (autonomy);

3. студенттің мақсаттылығын (purpose) дамытуға арналуы тиіс деп қорытындылады [2, 68]. 

Ондаған жылдар өтсе де,Terry O’ Banion ұсынған академиялық эдвайзердің теориялық моделіне сүйеніп,  

шетелдік    университеттер  академиялық  кеңес  беру  үдерісінің  университеттік  мазмұнын  айқындап,  соған 

сәйкес ұйымдастыратынын айтып кеткен жөн.

Студент  эдвайзермен  қарым-қатынас  жасай  отырып,ақпарат  алмасады,шешім  қабылдайды;бұл  үздіксіз, 

сан  қырлы  процесс,  сондықтан  жауапкершілік  екі  жаққа  да  міндеттелуі  тиіс.  Эдвайзер  білім  алушының 

академиялық  дамуын  қадағалайтын  координатор  іспетті.  Эдвайзер  қарым-қатынас  фасилитатор  ретінде, 

студенттің іс-әрекетін, карьералық өсуін қамтамасыз етеді. Егер мәселені өзі шеше алмаса, басқа мамандарға 

жолдайтын «байланыстырушы» рөлін атқарады.

Психология ғылымында кеңес беру кезеңдерін төмендегідей баяндайды: диагностикалық – проблемаларды 

анықтау,  оны  студенттің  түсінуі,  қиындықтың  маңызын  бағалау;  ізденушілік  –  проблеманың  пайда  болу 

себептерін табу, балама шешімдерді іздеу, проблеманы шешу тәсілдерін талқылау; келісімдік – жоспарды 

жүзеге  асыру  туралы  келісім  жасау;  қызметтік  –  жоспарды  жүзеге  асыруда  студентті  ынталандыру; 

рефлексивті  –  табыстарды  талқылау,  нәтижені,алған  тәжірибені  өзіндік  талдау.Ұсынылған  кезеңдердің 

қысқаша сипаттамасы академиялық эдвайзер мен студенттің жүйелі кездесуі қажет екендігін айқындай түседі.

Ғылыми еңбектерге талдау жасау негізінде, академиялық  кеңес беру мазмұнының бес кезеңін айрықша 

белгілеу керек екенін анықтадық, соның ішінде:

- өмірлік жоспарларды зерттеу; 

- кәсіби жоспарларды зерттеу;

 - бағдарламаны таңдау;

-  бағытты таңдау; 

 - күнтізбелік жоспарлау. 

Алғашқы екі тармақ диагностикалық функцияға, мүмкіндіктерді, ерекшеліктерді және студенттің шынайы 

мақсатын зерттеуге қатысты. Бірлескен қызметтің нәтижесі ретінде білімгердің проблемалық жағдайларды 

шешуі, оқу үрдісінде жауапкершілікті және білімді игеруде белсенділік танытуы, жағдайды сыни тұрғыдан 

бағалау болып табылады. Осының барлығы Л.С.Рубинштейн көрсеткен «кәсіби даму» моделінің шеңберіне 

енеді, кәсіби білімдегі өмірдің екі тәсілін айта отырып, кәсіби даму білім беру ұйымдарынан тысқары жерде 

жалғасатын өзінің динамикалық үрдісіне енеді.

Академиялық  кеңес  беру  студенттердің  кәсіби  тұрғыдағы  маңызды  қасиеттерін  қалыптастыруға  әсер 

етеді, олардың субъектілік ұстанымының өзектілігіне ықпал жасайды, академиялық проблемаларды  шешу 

үрдісінде  білім қызметінің түйінін тарқатуды (рефлекс) ынталандырады. Соған сәйкес, студенттерді кәсіби 

дамытудағы негізгі талаптардың бірі болып табылады. 

О.В.Акулова,  Н.О.Верещагина  академиялық  кеңесшілермен  жұмыс  бағыттарының  негізгі  міндеттеріне 

назар аударады: білім ортасын пайдалану және білім үрдісін нормативтік тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері 

бойынша  кеңес  беру;  студенттердің  жеке  дамуына  бағытталған  ұсыныстар  әзірлеу;  өзіндік  жұмыстарды 

жүзеге асыру барысында қолдау [6]. 

Аталған жіктеу студенттердің өзін-өзі кәсіби тұрғыдан анықтауының қажеттілігін көрсетеді. Талапкерлер 

жоғары оқу орнына өзінің болашақ қызметі, мамандығы туралы айқын көзқараспен келетін  уақыты өтті,  

ендігі  жерде  олар  қай  жерге  түсе  алады,  сонда  білім  алып,  содан  кейін  барып  мамандығының  бағытын 

айқындайды.

Академиялық  эдвайзер  оқу  үлгерімін,  сабаққа  қатысуын  бақылап  отырады,  студенттерге  әртүрлі 

ақпаратты(жоғары  оқу  орнында  өтетін  шаралардан,  оқиғалардан  бастап  таңдау  бойынша  курстар 

аннотациясынан,  оқытушылардың  талаптарына  дейін)  хабарлап  отырады.  Сирек  көрсетілетін  қызметке 

рейтингті  есептеу,  портфолио  жасау,  нұсқау  жатады.    Көбінесе  студенттер  старостоға,  оқу  бөліміне  және 

академиялық  эдвайзердің  көмегіне  жүгінеді.  Сабақ  беретін  оқытушы-эдвайзерлер  студенттермен  жүйелі 

түрде кездеседі. Проблемалардың көпшілігі оқуға қатысты(сессия, үлгерім, емтиханға рұқсат беру,курстық 

жұмыстарды жазу барысындағы қиындықтар, емтиханды ертерек тапсыру мәселелері) болып келеді. Жоғары 

оқу  орнында  аннотациялар  негізінде  студенттердің  өздері  таңдайтын  элективті  курстар  оқытылады.  Сол 

себепті,көптеген  студенттер  академиялық  кеңесшінің  қажет  екендігіне  сенімді,  оларға  кәсіби  тұрғыдан, 

сондай-ақ жеке саладан да көмегіне жүгінетін маман қажет. 

Студенттер,  академиялық  эдвайзерлердің  кеңес  беру  үдерісінің  жеке  оқу  жоспарын,  траекториясын 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

14

қалыптастыруға маңыздылығын түсінеді, олардан жиі академиялық қолдау көрсетуді талап етеді. Дегенмен, 



эдвайзер-оқытушылармен  сұхбаттасу  барысында,уақыт  тапшылығынан,  әрбір  студентпен  жеке-дара 

жұмыс  жүргізуге  мүмкіндігінің  жоқтығын  мойындайды.  Студенттер,  эдвайзерлердің  кредиттік  оқыту 

технологиясының ерекшеліктері, оқу үлгерімін бағалау, таңдаған пәндердің, тіпті мамандықтың мүмкіндіктері 

туралы концептуалды негізделген ақпараттар туралы кеңес бермейтінін, көбіне эдвайзерлер тәртіп, сабаққа 

қатысу,  оқу  үлгерімі,  т.б.  мәселелерді  қадағалап,  студенттерден  «талап  етуші»  позициясын  ұстанатынын 

айқындады. Көптеген студенттердің пікірінше, эдвайзерлер тек қана элективті пәндерді таңдау бойынша ғана 

академиялық кеңес беретін оқытушылар ретінде қабылданады. Бұл мәселелердің алдын алу үшін,  шетелдік 

тәжірибелерді пайдалана отырып, эдвайзерлерге арналған арнайы біліктілігін арттыру курстарын тәжірибеге 

енгізуді  талап  етеді.«Университет  студенттеріне  академиялық  кеңес  беру»атты  оқытушы-профессорлар 

құрамының  біліктілігін  арттырудың  модулдік  бағдарламасын  ұсынып  тәжірибеден  өткізу  үстіндеміз. 

Біліктілікті  арттыру  бағдарламасының  мақсаты,профессор-оқытушы  құрамын  университетте  академиялық 

эдвайзер қызметін мақсатты атқаруға дайындау, студенттің жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға 

ықпал ету.

Осылайша,  жекетұлғалық,    іс-әрекеттік  тұрғысынан  қарастыру  арқылы  академиялық  кеңес  беру,  білім 

алушылардың академиялық қиындықтарын шешуге қолдау көрсетуден тұратын, академиялық эдвайзер мен 

студент арасындағы жүйелі әрекеттестік деп ұйғарымға келеміз. Мұндай әрекеттестік студенттің оқу үдерісін 

нақты, жүйелі ұйымдастыруға көмектесіп, оның білім алуына аса жауапкершілікпен қарауына әсер етеді. 

Кредиттік оқыту технологиясының басты мақсаты, студенттердің дербес оқу траекториясын, дербес оқу іс-

әрекетін белсендіруде академиялық қолдау көрсетудің маңызды компоненті ретінде,  кафедра эдвайзерлерінің 

қосатын үлесін ескере отырып келесі ұсыныстар жасауға болады:

-  қазақстандық  кредиттік  оқыту  технологиясында  эдвайзерлерді  академиялық  қолдау  көрсетудің  бөлігі 

ретінде қарастырып, оның іс- әрекетін дамытуға әсер ететін ғылыми негізделген тұжырымдама жасау;

-  эдвайзерлерді  студенттің  жеке  оқу  және  кәсіби траекториясын  жоспарлауға  мүмкіндік беретін  маман 

ретінде қарастырып, оның біліктілігін үнемі арттырып отыру;

-  эдвайзерлердің  қызметін  жоғарыдан  ұйымдастырып,  іс-әрекетін  жетілдіріп  отыратын  қазақстандық 

эдвайзерлер ассоциациясын құру;

- эдвайзерлерді арнайы оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

Әдебиеттер

1 Crookston B.B. A developmental view of academic advising as teaching //Journal of College Student Personnel.- 1972.-№ 

12.- P. 12-17.

2 O’Banion  T. An academic advising model // Junior college Journal.- 1972.- № 42 (6).- P. 62-69.

3 Сrockett D.S. Academic advising: Increasing student retention: Effective programs for practices for reducing the dropout 

rate.- San Francisco: Jossey-Bass, 1985.- 263 p.

4 ReinarzA.G. Delivering academic advising // In V.N. Gordon & W. R. Habley (Eds.), Academic Advising: A comprehensive 

handbook.-  SanFancisco: Jossey-Bass, 2000.- P. 210-219 

5 Habley W. R. Current practices in academic advising. //In: V. N. Gordon and  Habley W. R. and Associates (Eds.).- Academic 

advising: A comprehensive handbook.- San Francisco: Jossey-Bass.- 2000.-P. 35-43 

6 AbdykhalykovaZh.E. A progress Report of Implementation “Successful Student Learning” Course for First Year Students 

at the Eurasian National University // World Applied Sciences Journal №20 (Special Issue of Pedagogy and Psychology).- 2012.- 

Р.35-38.

Ж.Е. Абдыхалыкова, Доктор Рh.D,  доцент кафедры Социальной педагогики и самопознания ЕНУ имени Л.Н. 

Гумилева, Астана. Особенности  процесса академического консультирования в ВУЗе

В  данной  статье  рассматривается  особенности  процесса  академического  консультирования  как  важнейший 

компонент  академической  поддержки  студентов  в  условиях  кредитной  технологии  обучения.  Изучена  состояние 

проблемы, этапы  и направления академического консультирования в ВУЗе.  

Ключевые слова: академическая поддержка студентов, академическое консультирование, эдвайзер.

Zh.E.Abdykhalykova, Peculiarities of academic counseling at the university Ph.D, associate professor of the department 

of Social pedagogy and self- cognition (L.N. Gumilyov Eurasian National University, Astana)

This article discusses the features of the academic counselling process as an essential component of academic support of 

students in the conditions of credit technology. Studied the state of the problem, stages and direction of the academic counseling 

at the university.

Key words: student academic support, academic counseling, adviser.

Редакцияға 15.03

.2016 қабылданды.


№ 3 (112) 2016

15

УДК 37.014.1:681.3  



Ж.К. АБЕЛЬДИНА, Э.А. НУРБАЕВА, Ж.К. МОЛДУМАРОВА

Казахский агротехнический университет им.С.Сейфуллина, г.Астана



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет