тілінде к ездесед і1. Мұндай құбылыстың, яғни ы, і дыбыстарына й дауыссызының қабаттасуы дифтонг дыбыстар сыпатын байқатады. Сонымен қатар, бірсыпыра тілдерде көне түркі тіліндегі і ды- бысына е-нің сәйкестігі де кездеседі. Мысалы, алтай, хақас, шор тілдерінде кім есімдігі кем болып айтылады. Хакас диалектілерін- д е иб-е (үй-і), т. б. Бұл фактілер Н. К. Дмитриевтің қазіргі түркі тілдеріндегі і бір кезгі и-дің (монофтонгтың) редукцияға ұшыра- ған, қысаңдаған түрі дейтін пікіріне дәлел болды 2. Түркологияда әр кез еске алынатын бір пікірге қарағанда да к азақ тіліндегі і қысаң дауысты дыбыстың этимологиялық жағы- нан е ашық дауыстымен байланысы барлығы айқын. Мұндай қо- рытындыға тіл дамуының барысында фонетикалық өзгеріске ұшы- раған байырғы түбірлер де дәлел болады. Көне түркі тіліндегі кед, ейгү, ег, егрі, егрім сөздері қазақ тілінде дифтонгілер арқылы қалыптасқаны мәлім. Бүгінгі қолданыста кій, ійгі, ій, ійір, ійірім түрінде дыбысталып, әлсіз і дыбысы айтылады. Екінші жағынан, сөзд ің бірінші буынында айтылған е дыбысынан да осындай ерек- шелік байқалады. Көне түркілік йеген, қазақ тілінде жиен, көне түркілік йегрен қазақ тілінде жійрен, т. б. Мұнда бір кезгі бірінші йуындағы в-нің біздің тілімізде і-ге сәйкестігін байқауға болады. Сөйтіп осылардың нәтижесінде қазіргі түркі тілдерінің арасын- д а и-е-і (ким-кем-кім) сәйкестігі қалыптасты. Соныміен, тарихи тұрғыдан бұл дыбыстың үш түрлі ізін көреміз. Ійгі, ійе сөздерінің басқы буынында айтылатын і көне түркілік е- г е барып тіреледі, ал іс, істе сөздерінің құрамындағы і көне түркі-