Б І р І н ш І б ө л ім тарихи грамматика пәНІ



Pdf көрінісі
бет24/46
Дата18.09.2022
өлшемі2,52 Mb.
#39425
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46
Байланысты:
кіріспе

ойул (ойы л), т. б. Бұлардың басқы позициясында айтылған о қа- 
зақ тілінде де сол күйін сақтаған. Сөйтіп кене түркілік о қ а за қ ті- 
лінде де о дыбысына сәйкес (жиі кездеседі), кейде ү дыбысына 
сәйкес.
Қ а за қ тіліндегі ү дыбысының ж оғары да айтылған ерекшелікте- 
рін ескерсек, мынадай дыбыс сәйкестіктерін көреміз: у ~ ү , у ~ о ,  
о ~ ү .
Сездің абсолют басында не бірінші буынында айтылатын ө, ү 
дыбыстары кене түркі тілінің осындай позицияда қолданылған
1 К и е к б а е в Ғ., Башқорт теленец фонетикаһы. Уфа, 1958, 60—65-беттер.
2 Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков, М.—Л., 1955^ 
ч. I, стр. 86.
49


дыбыстарына сай келеді: ө ч — өш, өкүн — өкін, өл, өлүг — өлік, 
үчүн — үшін, т. б. Сөздің екінші буынында 
байқалатын еріндік 
ъщ пал (ө, ү тәрізді) соның салдары.
Көне түркі тілінің осы дауыстыларының қыпш ақ тобындағы 
тілдердің өз ішінде (басқа топтарды еске алм ағанда) көріністері 
-әр түрлі. Баш қүрт, татар тілдері вокализмінің тарихи даму ерек- 
ш еліктеріне лайы қ ө дауыстысы біршама қысқарып у-ге айналған 
да, керісінше ү дыбысы сәл кеңейіп ө-ге айналған. Сөйтіп қыпшақ 
тобындағы тілдер ішінде көне түркілік ө дыбысы у-ге, керісінше 
көне түркілік ұ дыбысы ө-ге сәйкестігі келіп шығады: көл — күл, 
көз — күз, үч — өч, өс, күн — көн і. Мүндай проңестің кейбір іздері 
қ а за қ тілінің жеке фактілерінен де байқалады. Көне түркі тілінде- 
гі өгір, үгүз сәздері қазақш а үйір (жылқы үйірі), өзен түрінде ор- 
•кыққан. Сол сияқты өгрен, өгүт сөздері де үйрен, үгіт түрінде ай- 
тылады. Бүндай фактілер қазіргі тіл қүрамында да шінара ұшыра- 
сып қалады : өтек — үтек, өкімет — үкімет тәрізді басқа тілдерден 
ауысқан кейбір сөздер осы сәйкестіктің негізінде қалыптасқан.
Көне түркі тілінде ү дыбысы екінші, үшінші буындарда да ай- 
тылған (кейбір көне ж азб ал ар материалдары соны растайды ). 
Кейінгі буындарда айтылған кене түркілік ү қ а за қ тілінде әбден 
қысқарып делабиализацияға ұш ыраған. Мысалы: өкүнүч, түгүнчүк, 
күмүш, үчүн, үгүр, түшүр тәрізді сездер қ азақ тілінде өкініш, түйін- 
ш ек күміс, үшін, үйір, түсір тәрізді дыбысталады. Бұлардың қүрд- 
мында ү әбден қысқарып і-ге айналған. Сонымен, көне түркілік ө, 
ү дыбыстары негізінен бұрынғы сапасында сақталған да, жеке сөз- 
дері_&ұрамында ғана кейбір өзгерістерге ұш ыраған (ө > ү , ү > ө )] 
/Қ а зір гі түркі тілдерінің құрамында а-ның ж уан ы-ға сәйкестігі 
ұш ырасады. Бұл құбылыс кей реттерде осы екі дыбыстың негіз бір- 
лігі жайлы айтылып жүрген пікірлерге дәйеқ болды. Мысалы: тува 
тілінде — тырт, ындығ, ында, хырын, басқа тілдерде — тарт, андағ 
(андай), анда, царын, якут тілінде — сыт, сырдых, ый,ыл, ыт. Бас* 
қ а тілдерде — чат (йат), жат, царых (жарық), йарық, ай, ал, ат 
(ату). Мұндай пікір авторлары түркі негіз тілі құрамында бір тай- 
па тілінде а-ның орнына ы айтылған болу керек дейтін пікірді дұ- 
рыс деп санайды. Тайпа тілдері біртұтас тілге ұласу барысында 
сездің бір позициясында екі түрлі дыбыстың ж ары са қолданылуы 
болды да, кейін сол екеуінің бірі басым қолданылатын болып қа- 
лыптасады. Соның нәтижесінде кепшілік тілдерде а орнықты да, 
азған а тілдерде ы орнықтьі;/ Сонымен қатар, ьі' дыбысы дамуының 
екінші бір жолы да бар: у > ұ > ы . Бұл мына тәрізді фактілермен 
дәлелденеді: турна — тұрна — тырна. Сөйтіп бұл реттегі ы дела- 
биализация (еріндіктердің езулікке айналуының) процесінің нәти- 
жесі болып шығады. Көңіл, аударар фактілер чуваш тілінен кезде- 
седі. Чуваш' тілінде көп сөздердің бірінші буынында ж алпы 
түркілік а орнына у, енді бір топ сөздерде ы дыбысы айтылады: 
сухол — сақал, улм а — алма, у ла п  — алып, уч — аш, тына — тана,
1 К и е к б а е в Ғ., Башқорт теленеқ фонетикаһы. Уфа, 1958, 64-бет.
ылтан — алтын, тымар — тамыр, хы ран — қарын. Қ азақ сөздерінде 
де осындай сәйкестік кездеседі: анда-мұнда — анда-мында, 
т ұмақ- 
тымақ, шүбар-шыбар. Қ азақ тіліндегі бұл сәйкестік екі түрлі 
ыңғайда көрінеді: бірсыпыра сөздер құрамында екінші буында 
кездеседі — сиақты — сиықты, тайаз — тайыз, қы сқаш — қысқыш, 
т. б. Бұлардың кейбірі әдеби тілде айтылса, кейбірі диалектілік 
, ерекшелік, мағыналық айырмашылығы ж оқ дублет сөздер. Енді 
бір топ сөздер құрамында (бұлар және едәуір қомақты топ) бірін- 
ші буын құрамында айтылады: атып шығу — ытып шығу, ағьіп ке- 
ту —- ығып кету, сарылда — сырылда, маңқаю  — мыңқыю, адыраң- 
дау — едіреңдеу, т. б. Бұлар бір-бірінен мағыналық мәнер тұрғы- 
сынан ерекшеленіп тұратын сөздер. Бұл ыңғайда, бұлардың 
(бірінші буын құрамындағы сәйкестіктің) лексикализациялануын 
көреміз.
' Бұл айтылғандардан мына қорытынды шығады: қ а за қ тіліндегі 
ьЬ тарихи ж ағы нан бірде а дыбысының тарихи баламасы болса, 
бірде делабиализация процесінің нәтижесі болып табылады. Қыс- 
қасы, ығу, тыс сөздері мен былай, бұрын сөздері құрамындағы ы 
дауыстысы тарихи тұрғыдан бір негізден таралм аған. Ал үшінші 
буындағы ы алдыңғы буындағы ж уан дауыстының керінісі (ал- 
лаф оны ).
Бұл дыбыстың жіңіш ке варианты —(ф Қ азақ тіліндегі і көп рет- 
терде көне түркілік осындай дыбыстың жалғасы, соның орныққан 
түрі деп қарауға болады. Көне түркі тіліндегі іш, іште, бір сөздері 
құрамындағы і дыбысы қ а за қ тілінде сол сапасында қалған: іс, 
істе, бір түрінде дыбысталады.
V—V III ғасыр ж азб алары тілінде  — Гісәйкестігі болған. Б ір
ғана сөз бірде е, бірде і дауыстысымен айтылған. Мұның өзі әлгі 
екі дыбыстың бір буынды сездер құрамында немесе бірінші буын 
құрамында, тайпа тілдерін бір-бірінен ерекшелейтін белгі болға- 
нын керсетеді. Қазіргі түркі тілдерінің кейбірінде, айталық, баш^ 
құрт тілінде бір кезгі түркілік е дыбысы өзгеріске түсіп, қысаңға 
айналған: басқа тілдерде е-мен келетін сөздер қысаң і-мен ғана 
айтылады. Ал қ азақ тілінде е дыбысы сақталған, қысқармаған. 
Алайда, кейбір сөздер құрамында баш құрт тілін түгел қамтыған 
осы процестің ізі бар: көне түркі тілінде ег, егіл, егү сыпатында 
айтылған сөздер қ а за қ тілінде ій, ійіл, ійгі түрінде айтылады. Мүн- 
да көне түркілік е — қ а за қ тілінде қы саң г-ге сәйкес. Н ақ осындай 
ж ай ійгілік, ійе (көне ж азб аларда едгүлік, едү) сәздерінен де кә- 
рінеді. Б ір ақ ел, екінті, екі, ең, емгек, емчі, ем сөздері қазақш а да 
ел, екінші, екі, ең, еңбек, емші, ем болып дыбысталады да, е дыбы- 
сының алдынан қысқа й көмескі естіледі. Е ~ і  сәйкестігі қ азақ ті- 
лінде де кей сәздер құрамынан байқалады : керпіш —кірпіш, зё- 
рек — зійрек, т. б.
Зерттеуш ілер қ а за қ тілінде ы, і монофтонгтарының дифтонгіге 
айналу фактілерін атайды: отырыйп, келійп, тасыйп, жатыйп, 
кійійп (отырып, келіп, тасып, жатып, кій іп ). Мұндай ерекшелік 
Шымкент, Ташкент облыстары мен Қ арақалпақстан тұрғындары
51




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет