да г-ге айналған: геч, гіт, гөк, т. б. Екі дауысты аралығындағы қ, к дауыссыздары көне түркі тілінде де ұяңдап кеткен. Бірақ сөз со- ңындағы қ, к сол күйінде сақталған: ақ, көк, аиіық, т. б. Дегенмен, ежелгі бір буынды түбірлер күрделеніп ұлғайғанда, сөз соңындағы қ, к екі дауыстының аралығында қалып ұяңдаған: ағыс, көгіс, т. б. Оның бер жағында сөз соңындағы қ, кдауыстыдан басталған қо- сьщціа жалғанғанда да ұяңдайды, бұл — нормалық құбылыс. Сөздің абсолют соңындағы қ, кбірсыпыра тілдерде өзгеріске ұшырады: хақас тілінде х, азербайжан тілінің біраз сөздерінде ғ дыбыстарына айналған (ах, айағ). Щөне түркі тілінде сөздің абсолют басында ғ, г дыбьістары жұм- салмаған. Бірақ сөз соңында жиі айтылған: аңдағ, тег, т. б. Қазақ тглшдегі ғ, г дыбыстарымен салыстырғанда, едәуір айырмашылық байқалады. Ең алдымен, қазақ тіліндегі көп сөздердің абсолют ба- сында ғ, г дыбыстары айтылады: гүл, ғашық, ғурып, ғұмыр, т. б. Төркінін байқасақ, ондай сөздер араб-парсы тілдерінен ауысқан болып отырады. Олай болса, қазақ тіліндегі сөздердің абсолют басындағы ғ, г сыртқы әсерден, басқа тілдерден ауысқан сөздер 1 Щ е р б а к А. М. Сравнительная фонетика тюркских языков, Л., 1970, стр. 190— 191. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. М., 1984, стр. 172— 173. құрамында қалыптасқан дыбыстар. Бұлардың қ, к дыбыстарымен оппозиция құрып, фонемалық мән алуы да сол сөздер құрамында, сол позицияда ғана мүмкін. Қазақ тілі (немесе қыпшақ тобындағы тілдер) бұл жағынан оғыз тобындағы тілдерден бүтіндей өзгеше. Оғыз тілдерінде сөздің абсолют басында болғаи өзгерістердің сал-