апар (алып бар), әкел (алып кел), боса (болса), т. б. Мүндай рет- терде л дыбысының түсіп қалуы әсіресе оңтүстік қазақтарының тілінде қалыптасқан норма. Башқұрт тілінен Н. К. Дмитриев мы- надай мысал келтіреді; қаған (қ а л ғ а н )1. Осымен байланысты, ауызекі сөйлеу тілінде кездесетін кеген кім тәрізді фактілерді еске .алу қажет. Қазақ тіліндегі отыр етістігі осы күйіне лдыбысының түсіп қалуы арқылы келгені де белгілі. Л, сонымен қатар, бұл, с о а сілтеу есімдіктері мен ол жіктеу есімдігінің құрамынан да түсіріліп айтылады. Түркі негіз тілінде л дыбысы сөз басында айтылмаған (егер біраз еліктеу сөздерді ескермесек), сөз ортасында, әсіресе сөз соңында жиі айтылған. Сондықтан ал, бол, тол, қыл тәрізді сөздер құрамындағы л түркі негіз тілінен келе жатқан құбылыс. 1 Исследование по сравнительной грамматике тюркских языков. М., 1955, ч. I, стр. 279. 62 Р дыбысы түсіріліп айтылатын сөздер қазақ тілінде аса көп емес: беркіт — бекіт. Бірақ тарихи тұрғыдан р түсірілу арқылы қа- лыптасқан фактілер едәуір ұшырасады. Мысалы, түрікмен, азер- байжан тілдерінде аслан, қазақша арыстан. Осы ізбен ала-\-туру> > ал ад үр> ала-\-ды формуласы әбден дәлелденді. Яғни, осы шақ- тық көрсеткіш ал етістігінің көсемше түрі мен тур етістігінің келер шақ тұлғасының қысқарып, кірігуі арқылы жасалған. Р-дің түсігг қалуы қазіргі е етістігінің формасынан да көрінеді. Оның ескі фор- масы ер екені мәлім. Р дыбысы көне түркі тілінде сөз ортасында, әсіресе сөз соңында, қосымшалар құрамында жиі қолданылған, біт1