дарынан байырғы сөздер де осы дыбыстардан басталады.
Осыдан бұрын айтылғандай, сөз ортасында қолданылған ғ, г —
ықпал заңдылығының нәтижесі.
Тегі жағынан көне түркі тіліндегі сөз ортасы мен сөз соңындағы
ғ, г екі басқа дыбыс: сөз ортасындағылар қатаң дыбыстардыц
көрінісі (аллофоны) де, сөз соңындағылары дербес фонемалардың
өзара ықпалдасу заңдылығының нәтижесі емес.
Көне түркі тілінің осы дыбыстарының қазақ тіліндегі көрінісі
мүлде басқаша. Олай екенін көне түркі тілінде қолданылған мына
сөздерді салыстырудан байқаймыз: қағун, сарығ, қайғуқ, қығ, қо-
рығ, тағ, тайақлығ, бузағу, ағуз, бег, белгүлук сөздері қазақ тілін-
де қауын, сары, қайық, қый, қорық, тау, тайақты, бұзау, ауыз, бек,
белгілі түрінде дыбысталады. Көне түркілік осы сөздер біздің ті-
лімізде сол мән-мағынасында сақталған, бірақ бір ғана өзгеріске
ұшыраған. Ол өзгеріс қ, г дыбыстарына байланысты. С. Е. Малов
түркі тілдерінің «ескі», «жаңалығын» айырудың бір критерийі ре-
тінде ғ, г дыбыстарының сақталуы не сақталмауын ұсынуы да қа-
зіргі тілдерде бұлардың көрінісінің әр түрлі болуын еске алудан
болса керек.
Сөз ортасында айтылған ғ дыбысы қазақ тілінде у -ға айналған:
ағыр, ағыз, бағыр, ағна, қазақ тілінде ауыр, ауыз, бауыр, ауна бо-
лып дыбысталады. Мұндағы у, әрине, буын құрайтын дыбыстар
қатарына жатпайды, қолданылған позициясы да сондай. Кейбір
фактілерге қарағанда, осы позициядағы ғ-ның шінара й-ге ауысуы
да болған: бағла — байла, йығыл — жыйыл, йығрыл — жыйырыл,
т. б. Алайда сөз ортасындағы көне түркілік ғ осындай із қалдырды
Достарыңызбен бөлісу: |