|
Байланысты: кіріспену мәнін берген.
Сонымен бірге, көп сөздер құрамындағы г элизияға ұшыраған.
Қазақ тіліндегі керек, кір (у ) , өзен, үшеу сөздерінің құрамындағы
г-нің элизияға ұшырауы орта ғасыр ескерткіштерінде-ақ кездеседі:
кергек сөзі керек түрінде де айтылған. Бұл процесс те кей ыңғайда
көне түркі тіліндегі омоним сөздерінің сырт құрылысы жағынан
бір-бірінен ажырасуына себеп болған: өгүз сөзі бірде өгіз мәнінде,.
бірде өзен мәнінде жұмсалған, г дыбысының түсіп қалуының нәти-
жесінде қазақ тілінде екі түрлі сыпатта орныққан.
Сөз соңындағы көне түркілік г көбінесе й-ге айналған. Көне
түркілік бег, ег қазақ тілінде бій, ій түрінде дыбысталады. Көне
түркілік г-нің й-ге айналуы, сол арқылы сөздің фонетикалық өзге-
рісі кейде тіл дамуының барысында болған әр түрлі қосымшалар-
дың жалғануы арқылы көмескіленіп кеткен. Қазақ тіліндегі бүйі,
шійкі сөздерінің құрамынан фонетикалық өзгеріске түскен көне
түбірді, кейін жамалған қосымшаны ажыратуға болады. Көне
ж азбалар тілінде бүйі сөзі бег, шійкі сөзі йіг түрінде дыбысталған.
Алдыңғы сөздің қазақ тіліндегі эквивалентін салыстырсақ мына-
дай өзгерісті көреміз: алдымен өг тіркесінің үй-ге айналуы, содан
соң і қосымшасының жалғануы. СоҢғы сөзді салыстырғанда, басқы
й-дің яе-ға, г-нің й-ге айналуы, содан соң -кі (сын есім қосымшасы)
жалғануын көреміз. Сөйтіп алдыңғы фонетикалық ©згеріс жай көз-
ге байқалмайтындай күңгірттеніп кеткен. Бұл ретте де г-нің қатаң-
дауы байқалады. Мысалы бій сөзінің бек варианты бар. Сол
сияқты, тұрақты тіркес құрамында айтылатын кішік сын есімі
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|