бар. Көне түркілік түгсөзі қазақ тілінде қатаңдап, түк түрінде ай- тылады, осыдан: түгін қоймады, түгін қилдырмады. Ал осымен бір сыпаттас түг қазақ тілінде түй: түйін түй.Сөйтіп бұл ретте де ма- ғыналық жіктеліске негіз болған. Кейбір сөздер құрамында г эли- зияға ұшыраған. Сөз соңындағы г-нің элизиясы көбінесе оның алдында қысаң дауыстылардың іргелес айтылуына байланысты болып отырады: сарығ, кічіг, ары ғ сөздері ғ, г дыбыстарынсыз ор- ныққан. Бірақ бақ, бау ( б а ғ ), тақ, тау (тағ), сау, сақ (с а ғ), т. б. Соңғыларда ашық дауыстылар айтылады. Сонымен, көне түркілік г, ғ дыбыстарының өзгерісі де, басқа дыбыстық өзгерістер тәрізді, тіл құрамында ұқсас сөздердің сырт- қы пішін жағынан бір-бірінен ерекшеленуіне алып келді. Осының нәтижесінде омонимдік қатарлардың көп ыңғайда ыдырауы, оның есесіне синонимдер мен дублет сөздердің көбеюі байқалады. 61
Ғ, г дыбыстарының өзгерісі тілдің грамматикалық құрылысына д а әсерін тигізді. Бұл әсіресе қазіргі тілдің қосымшалар жүйесінен байқалады. Бұл ж ерде ең алдымен көзге түсетін -лық және -лы қо* ‘Сымшалары. Көне түркі тіліндегі -лы ғқосымшасының негізінде -лы қалыптасқандығы айқын: бір вариантында ғ-ның элизияға үшырауы, екіншісінде оның сақталып, қатаңдауы (-л ы қ ).Басқа варианттардың қалыптасуы, әрине, кейінгі құбылыс. Көне түркілік тег шылауы бір жағынан қосымшаға айналды, екінші жағынан г > й процесінің нәтижесінде -дайЦ-тей түріне кел- ді. Сөйтіп қимыл есім жасайтын -дақЦ-дек (мысалы, жүрдек сөзі-