тердің түрлері мен кейінгі көріністері мына төмендегідей болып отырады. -ағы — бағы р ~бауы р , ағы з~ ауы з; ағыр ~ ауыр, ағыл ~ ауыл; -ағу — й а ғуқ ~ ж уы қ , қы рағау~қы рау; -оға — йоған ** жуан; -оғу — соғуқ ~ суық, оғул ұл; -ығы — сығыр ~ сиыр, йығын ~ жиын; -ағ — й а ғ л а қ ~ аулақ, б а ғ л а ~ б а й л а ; -оғ — тоғм ақ ~тум ақ , т о ғр у ~ ту р а ; -у ғ — буғдай ~ бидай; -ағ — т а ғ ^ т а у , й а ғ ~ ж а у (май), с а ғ ~ с а у ; -у ғ — т у ғ ~ т у , с у ғ ~ с у ; -ығ — а з ы ғ ~ а з у , а зы ғ ~ а й у . Көне түркілікг дыбысы да осыған ұқсас өзгерістерге ұшыраған. Сөз ортасындағы г көп жағдайда қазақ сөздерінің құрамында й- ге ауысқан. Көне түркі ескерткіштері тілінде егін, егрі, йігне, көг- ле, өгрен; тегі, түгме, түгүн, үгрі, үгір,қазақ тілінде ійін, үйір, ійне, күйле, үйрен, дейі (н), түйме, түйін үйір ( у ) , үйір. Бұларды өзара салыстырғанда, көне түркілік г-нің қазақ тіліндегі й-ге сәйкестігі айқындалады. Алайда көне түркі тілінде г-мен айтылған кей сөздер сол қалпын сақтап қалуы да бар. Қазақ тіліндегі жігіт, үгіт, көгер сөздері сондай (ескерткіштер тілінде йігіт, өгүт, көгер). Көне түр- кілік г-нің й-ге айналуы, сонымен, тіл құрамындағы сөз атаулыны түгел қамтыды дец қарауға болмайды. Бұлардың бәрі фонетика- лық ұқсас сөздердің сыртқы пішін тұрғысынан жіктелуіне себеіт болды. Мысалы, көне түркі тілінде көгле сөзі екі түрлі: бірде эн салу, күй күйлеумағынасын берсе, бірде көк шөпке жайылу, тойы-