84
6.ӨНДІРІС ҚҰРЫЛЫМЫ
6.1. Өндірістік инфроқұрылым. Өндірістік цехтардың басқа бөлмелер
тобымен байланысы
Өндірісті ұйымдастырудың мәні тағам даярлаудың технологиялық үрдісін
дұрыс жүргізуді қамтамасыз ететін жағдайлар құрудан тұрады.
Әрбір кәсіпорында өнім өндірудің технологиялық үрдісімен сәйкес
өндірістік
инфроқұрылымын
қалыптастыратын
өндірістік
бөлімдер
ұйымдастырылады. Өндірістік инфроқұрылым деп өндірістік бөлімдер құрамы
(учаске, бөлім, цех), оларды құру және орналастыру түрін, өндірістік
байланыстарды айтамыз.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымына әртүрлі факторлар әсер етеді:
өндірілетін өнім сипаты, оны даярлау ерекшелігі, өндіріс масштабы, басқа
кәсіпорындармен өндірістік байланыстар түрі.
Әрбір кәсіпорында екі маңызды құрамдас бөлігін бөліп көрсетеді: дайын
өнім өндірумен байланысты үрдістерді қамтитын
негізгі өндіріс және негізгі
өндірістің материалды және техникалық қызмет көрсету үрдісінен тұратын
қосалқы өндіріс.
Өндірістер – бірнеше біртекті немесе өзара байланысты цехтарды
біріктіру қажетті ірі кәсіпорындарында құрылатын цехқа қарағанда ірірек
бөлімдер.
Өз алдында негізгі және қосымша өндіріс цехқа, бөлімге, өндірістік
учаскеге, жұмыс орнына бөлінеді.
Цех – аяқталатын үрдіс жүретін технологиялық негізделген кәсіпорын
бөлімі. Технологиялық үрдіс сипаты мен жұмыс көлеміне байланысты цехтарда
өндірістік учаскелер, бөлімдер немесе ағымды желілер блуы мүмкін.
Бөлім – ірі цехтарда құрылатын ірі өндірістік бөлім. Мысалы ыстық цехта
көже және соус бөлімдері құрылуы мүмкін.
Өндірістік учаске – өндірістік үрдістің аяқталатын кезеңі жүзеге асатын
цех бөлігі.
Цехтар, бөлімдер, өндірістік учаскелер жұмыс орнына бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: