88
дыбыс жұтатын кожухтармен амортизаторларға электроқозғағыштарды
орнату, діріл жұтатын фундаментке жабдықтарды орнату;
жабдықтың жұмысы барысында шуды көтеретін бұзылуларды уақытылы
жөндеу;
машиналар мен механизмдердің бірігетін бөліктерін тұрақты бақылау;
амортизациялық төсеніштердің күйін, майлауды және т.б. тексеру;
жабдықтарды уақытылы тексеру және жөндеу;
өндіруші-зауыт паспортында көрсетілген тәртіпте жабдықтарды қолдану;
жұмыс орнын, машиналар мен механизмдерді жұмысшыларға шу әсері аз
болатындай орналастыру;
даяшылар, бармендер, буфетшілердің жұмыс орнын жұмыс орнын шу аз
жерге, эстрададан, акустикалық жүйелерден алыс орналастыру:
тұтынушыларға арналған бөлмелерде музыкалық безендіру қуатын
шектеу;
жұмысшылардың қысқа мерзімді демалу орындарын дыбыс оқшаулағыш
және дыбыс жұту құралдарымен жабдықтап ұйымдастыру.
Әрбір жұмыс орны жеткілікті мөлшерде құралдармен, инвентарьмен және
ыдыстармен жабдықталу керек. Өндірістік инвентарьға беріктілік, жұмысқа
сенімділік, эстетикалық және т.б. талаптар қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: