К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова



Pdf көрінісі
бет54/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

6.3. Жұмыс орнын ұйымдастыру 
Жұмыс орны деп жұмысшы сәйкес жабдықтарды, ыдыстарды, құрал 
саймандарды қолданып, жеке операцияларды орындайтын өндірістік аудан 
бөлігін айтады. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпоорындарында жұмыс орнының 
кәсіпорын типіне, оның қуатына, орындалатын операциялар сипатына, 
өндірілетін өнім ассортиментіне байланысты ерекшеліктері бар.
Жұмыс орнының ауданы жабдықтарды рационалды орналастыруын, 
қауіпсіз еңбек жағдайларын құруды, сонымен қатар құрал саймандардың 
ыңғайлы орналасуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кең болу керек. 
Цехта жұмыс орындарын технологиялық үрдістің жүруі бойынша 
орналастырады. 
Жұмыс орындары маманданған және әмбебап болуы мүмкін. Маманданған 
жұмыс орындарын ірі кәсіпорындарда жұмысшы күні бойы бір немесе бірнеше 
біртекті операцияларды орындау кезінде ұйымдастырады. Орта және кіші 
кәсіпорындарда әмбебап жұмыс орындары басым, онда бірнеше біртексіз 
операциялар орындалады.
Жұмыс орындарын ұйымдастыру адам денесінің антропометриялық 
мәліметтерін ескереді, яғни адам бойы негізінде жұмыс орнының тереңдігі, 
биіктігі және бір жұмысшы үшін жұмыс фронты анықталады (6.1-кесте).
Секциялық модульді жабдықтарды құрастыру кезінде жоғарыда айтылған 
факторлар ескерілу керек. Өндірістік жабдық өлшемдері жұмысшы корпусы 
мен қолы ең ыңғайлы жағдайда орналасатындай күйде болу керек.


89 
6.1-кесте 
Өндірістік үстелдер мен жабдықтардың жұмысшы бетінің 
ұсынылатын биіктігі 
Өндірістік үстелдер, жабдық және 
жұмыс күйі 
Биіктігі, мм, адам бойы ..... болғанда 
төмен 
орташа 
биік 
Өндірістік үстелдер 
отырып жұмыс істегенде 
700 
725 
750 
жабдықтардың жұмысшы беті: 
отырып жұмыс істегенде 
тұрып жұмыс істегенде
800 
100 
825 
1050 
850 
1100 
Аспаздың жұмыс орнынұйымдастыру тәжірибесі көрсеткендей, еденнен 
ыдыстар қорын орналастыратын үстелдің жоғарғы сөрелеріне дейін қашықтық 
1750 мм аспау керек (6.1-сурет). Еденнен ортаңғы сөреге дейінгі қашықтық – 
1500 мм. Бұл аймақ аспаз үшін аса ыңғайлы болып табылады. Үстелдерде құрал 
саймандарды салуға арналған жылжымалы жәшіктердің болуы да аса ыңғайлы. 
Үстелдің төменгі бөлігінде ыдыстарға, тақтайларға арналған сөрелер болу 
керек.
6.1-сурет. Аспаздың жұмыс орны. 


90 
Шағын механикаландыруға арналған тоңазытылатын горкамен және 
шкафпен секциялық модульді үстелдер қолдану керек. Өндірістік үстелдер мен 
науалар қасында аяқ асты ағаш сөрелер орналастырылады. Жұмыс 
ыңғайлылығы үшн үстел биіктігі жұмысшы шынтағы мен үстел беті 
арасындағы қашықтық 200-250 мм аспау керек. 
Затты бірден көру бұрышы 18º құрайды. Бұл көру секторында 
жұмысшының бірден көреті заттары орналасады. Тиімді көру бұрышы 30º 
аспау керек. Орта есеппен адам үшін көру бұрышы 120º, сондықтан өндірістік 
үстел ұзындығы 1,5 м аспау керек. 
Жұмс орны аймағында жеткілікті аудан өндірістік жарақаттың 
ықтималдылығын жояды, жабдықты қолдану және жөндеу кезінде оған 
жақындауды қамтамасыз етеді. Жабдықты орналастыру кезінде келесі рұқсат 
етілген қашықтықтарды қадағалаған жөн (м есебімен): 
Жұмыс орындарының екі жақты орналасуында механикалық
емес жабдықтардың екі желісі арасында және желі ұзындығы
3 м дейін ....................................................................................... 
..........1,2 
3 м жоғары ................................................................................... ..........1,5 
Қабырға мен механикалық емес жабдықтардың желісі арасында ............ ...0,1-0,2 
Қабырға мен механикалық жабдық арасында ............................................ ...0,2-0,4 
Қабырға мен жылулық жабдық арасында ................................................... ..........0,4 
Жылулық жабдық желісі мен тарату желісі арасында ............................... ..........1,5 
Жылулық және механикалық емес жабдықтардың жұмысшы 
фронттары арасында...................................................................................... 
..........1,5 
Пісіру қазандары секцияларының жұмысшы фронттары арасында......... ..........2,0 
Желіге орнатылатын электр қазандары арасында ...................................... ........0,75 
Жылу бөлетін жабдықтардың технологиялық желісі арасында ............... ..........1,5 
Көкөніс цехында қабырға мен көкөніс тазалаушының жұмыс орны 
арасында ......................................................................................................... 
..........0,8 
 
Әрбір 
жұмыс 
орны 
жеткілікті 
мөлшерде 
құрал-саймандармен, 
инвентарьмен, ыдыстармен қамтамасыз етілу тиіс. Ыдыстар мен құрал-
саймандарды кәсіпорын қуаты мен типіне байланысты Жабдықтау 
нормаларына сәйкес таңдайды. Өндірістік инвентарьға: беріктілік, жұмыста 
сенімділі, эстетикалық және т.б. талаптары қойылады.
Инвентарьға, құрал-саймандарға, ыдыстарға қойылатын санитарлы-
гигиеналық талаптар СП және Сан ЕменН сәйкес анықталған, оған сәйкес олар 
адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз және зиянды емес 
материалдардан жасалу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет